Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі Басқарма төрағасының үндеуі Негізгі қаржылық жəне операциялық көрсеткіштері



жүктеу 210.28 Kb.

бет1/23
Дата19.04.2017
өлшемі210.28 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


 
Мазмұны
 
 
Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі 
Басқарма төрағасының үндеуі 
Негізгі қаржылық жəне операциялық көрсеткіштері 
 
1. Компания туралы 
1.1. Құрылу тарихы 
1.2. Компания бүгінгі таңда 
1.3. 2014 жылғы атаулы уақиғалар 
1.4. Бизнес үлгісі 
1.5. Ұйымдық құрылымы 
1.6. Еншілес жəне бірлескен түрде бақыланатын ұйымдар 
1.7. Саланы мемлекеттік реттеу жəне тарифтер 
1.8. Нарыққа шолу  
1.9. Даму стратегиясы 
1.10. Бағалы қағаздар туралы ақпарат 
2. Операциялық қызмет 
2.1. Мұнай тасымалдау жəне су беру  
2.2.  Сырт  ұйымдарға  тиесілі  магистральдық  мұнай  құбырларын 
пайдалану жөніндегі қызмет 
2.3. Инвестициялық қызметрр 
2.4. Инновациялық қызмет 
2.5. Активтердің қауіпсіздігі 
2.6. Ақпаратты қорғау 
2.7. Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті 
қамту бойынша ақпарат 
3. Тұрақты даму 
3.1. Мүдделі тұлғалармен өзара əрекеттесу 
3.2. Қоршаған ортаны қорғау 
3.3. Атмосфералық ауаға əсер ету 
3.4. Су ресурстары 
3.5. Жер ресурстары жəне биоəралуандығы 
3.6. Энергия тұтыну 
3.7. Энергия үнемдеу 
3.8. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбек қорғау 
3.9. Өрт қауіпсіздігі 
3.10. Өнеркəсіптік қауіпсіздік 
3.11. Қызметкерлер 
 
3.11.1. Қызметкерлердің саны жəне құрамы 
 
3.11.2. Оқыту жəне біліктілікті арттыру 
3.12. Əлеуметтік саясат  
 
3.12.1. Қызеткерлерге салынатын инвестициялар 
 
3.12.2. Қайырымдылық 


 
 
4. Корпоративтік басқару 
4.1. Акционерлердің жалпы жиналысы 
4.2. Директорлар кеңесінің 2014 жылғы қызметі туралы ақпарат 
4.2.1. Директорлар кеңесінің мүшелерін іріктеу критерийлері 
4.2.2. Директорлар кеңесінің құрамы 
4.2.3. Директорлар кеңесінің құзыреті 
4.2.4. Директорлар кеңесінің жауапкершілігі 
4.2.5. Директорлар кеңесінің мəжілістері туралы ақпарат 
4.2.6. Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау 
4.2.7. Директорлар кеңесінің мəжілістеріне қатысушылық 
 
4.3. Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысы туралы ақпарат 
 
 
4.3.1. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет 
 
 
4.3.2. Кадрлар мен сыйақылар жөніндегі комитет 
 
 
4.3.3. Ішкі аудит жөніндегі комитет 
 
4.4. Акционерлермен өзара қатынастар 
 
 
4.4.1. Ірі акционермен өзара қатынастар 
 
4.5. Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы 
 
4.6. Ішкі аудит қызметі  
 
4.7. Басқарманың 2014 жылғы қызметі туралы есеп 
4.7.1. Басқарма төрағасы мен мүшелерін тағайындау 
4.7.2. Басқарма мен бас директордың (Басқарма төрағасының) 
құзыреті 
 
 
4.7.3. Басқарманың жауапкершілігі 
 
 
4.7.4. Басқарманың құрамы 
 
 
4.7.5. Басқарманың 2014 жылғы мəжілістері туралы ақпарат 
 
4.7.6.  Басқарманың жанындағы  Тəуекелдер  жөніндегі комитеттің 
жұмысы туралы есеп 
 
4.8. Корпоративтік этика 
 
4.9. Корпоративтік жанжалдарды жəне мүдделер жанжалдарын реттеу 
4.10. 
«ҚазТрансОйл» 
АҚ  2014  жылы  жасаған,  жасалуында 
«ҚазТрансОйл» АҚ мүдделілігі бар мəмілелердің тізімі 
 
4.11.  Тəуекелдерді  корпоративтік  басқару  жүйесі  жəне  ішкі  бақылау 
жүйесі 
4.11.1.  Компанияның  негізгі  тəуекелдері  жəне  оларды  барынша 
азайту шаралары 
 
4.12. Ықпалдандырылған менеджмент жүйесі 
5.  Қаржы-шаруашылық  қызметтің  нəтижелері  туралы  басшылықтың 
есебі 
6. Қосымшалар 
6.1. Есеп туралы 
6.2. Байланыс ақпараты 
6.3. GRI стандартты элементтері кестесі 
6.4. Шоғырландырма қаржы есептемесі  
 


 
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ 
 
Құрметті «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері мен қызметкерлері! 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2014 жылғы қызметінің қорытындысын жасай 
отырып,  бірқатар  түбегейлі  жетістіктер  мен  көрсеткіштерге  басты  назарды 
аударғым келеді.  
Бүгінгі  таңда  «ҚазТрансОйл»  АҚ  Қазақстан  Республикасының 
магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. 
Біздің компания еліміздегі мұнай өндірудің жалпы көлемінің шамамен 53%-
ның тасымалын қамтамасыз етеді. Компанияның қызметтерін жыл сайын 84-
тен астам мұнай компаниялары пайдаланады.  
«ҚазТрансОйл»  АҚ  энергия  ресурстарын  тасымалдау  барысында 
көпбағыттылық  қағидатын  ұстанады.  2014  жылдың  аса  елеулі  уақиғасы  – 
Ресей  мұнайының  Қытай  Халық  Республикасына  транзитінің  басталуы 
болды.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Ресей  Федерациясының 
Үкіметі арасында 2013 жылдың желтоқсан айында жасалған, Ресей мұнайын 
Қазақстан  Республикасының  аумағы  арқылы  Қытай  Халық  Республикасына 
тасымалдау  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  Келісім  –  осының 
негіздемесі болып табылатындығын Сіздер білерсіздер.  
Бұл  Келісім жылына  7-10  млн.  тонна  мұнайды  жеткізуді  қарастырады 
жəне бес жыл мерзімге жасалған, оны кейіннен оны осындай мерзімге ұзарту 
мүмкіндігі  қарастырылған.  Орта  мерзімді  келешекте,  қол  жеткізілген 
уағдаластықтар  мұнайды  Қытайға  тасымалдаудың  кепілдікті  көлемдерін 
қамтамасыз етеді. 
Жұмыстың маңызды бағыты – Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау жəне Өзен-
Жетібай-Ақтау  магистральдық  мұнай  құбырларының  телімдерін  қайта 
жаңғырту  болды.  Бұл  –  Бұзашы  мұнайын  Атырау  бағытына  тасымалдауға 
арналған өткізу қуаттылықтарын ұлғайтуға мүмкіндік бере отырып, Атырау-
Самара,  ҚҚК  жəне  келешекте  Қазақстан-Қытай  экспорттық  мұнай 
құбырларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.  
Сондай-ақ  2014  жылы  Туймазы-Омбы-Новосибирск-2  қазақстандық 
теліміндегі  мұнай  құбырының  40  шақырымын  күрделі  жөндеу  жүргізілді. 
Орындалған  жұмыстардың  нəтижесінде,  осы  телімнің  сенімділігі 
арттырылды  жəне  келешекте  мұнай  тасымалдау  көлемдерін  арттыру 
мүмкіндігі қамтамасыз етілді. 
Компания жыл сайын акционерлерге дивиденд төлеудің тұрақтылығын 
көрсетуде. 2014 жылы Компания акцияларының дивидендтік табыстылығы – 
акцияның жыл басындағы орташа сараланған құнының 12%-ын құрады.  
2014  жылы  «ҚазТрансОйл»  АҚ  акциялары  KASE  биржасындағы  аса 
өтімді  құнды  қағаз  болып  қалды.  Компанияның  бір  акциясының  орташа 
сараланған  бағасы  2014  жылы  1 080  теңге  деңгейін  құрады.  2014  жылдың 
екінші  жарты  жылдығындағы  Компания  акцияларының  бағаламасының 


 
төмендеуі  жəне  KASE  индексінің  жалпы  құлдырауы  –  Қазақстанның  қор 
нарығына сыртқы факторлардың əсер етуінің салдарынан орын алды.  
 Компания тұрақты дамуға бағытталған іс-шараларға көп көңіл бөледі, 
осындай 
іс-шаралардың 
барысында 
жұмыскерлердің 
өмірі 
мен 
денсаулығының  қауіпсіздігіне,  қоршаған  ортаны  қорғауға,  жұмыскерлер 
үшін  қажетті  жұмыс  жағдайын  жасауға  бағытталған  шаралар  кешенін  іске 
асырды.   
«ҚазТрансОйл»  АҚ  əлеуметтік  тұрғыда  жауапты  компания  ретіндегі 
беделін растап келеді. Осылайша, 2014 жылы Компания демеушілік көмекке 
2  млрд.  теңге  бөлді.  Бұл  қаражат  Құлсары  қаласындағы  орта  мектептің, 
Павлодар  қаласындағы  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Созақ  ауданы 
Шолаққорған ауылындағы балабақшалардың құрылысын салуға жұмсалды. 
Компания 
қол 
жеткізген 
жетістіктерімен 
тоқтап 
қалмайды, 
«ҚазТрансОйл»  АҚ-тың  2022  жылға  дейінгі  бекітілген  Даму  стратегясына 
сəйкес таяу уақытта көптеген істерді атқару жоспарлануда. 
 Директорлар кеңесі мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерінің 
қорғалуын назарға ала отырып, Компанияның əрі қарай дамуы мен құнының 
өсуі  үшін  бүкіл  күшін  жұмсайтындығына  өз  акционерлерімізді  сендіргім 
келеді. 
Біздің  ортақ  табысымызға  қол  жеткізуге  бағытталған  күн  сайынғы 
еңбегі  мен  күш-жігері  үшін  «ҚазТрансОйл»  АҚ  менеджменті  мен  барлық 
жұмыскерлеріне өз алғысымды білдіремін. 
 
Ардақ Қасымбек
 
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы 
 
 
 
 
 
 


 
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ 
 
 
Құрметті акционерлер, серіктестер жəне əріптестер! 
 
2014  жылы  «ҚазТрансОйл»  АҚ  өз  қызметінің  оң  өндірістік  жəне 
қаржылық  нəтижелеріне  қол  жеткізді.  Өткен  жылдың  қорытындысы 
бойынша мұнай тасымалының шоғырландырма көлемі 64 миллион тоннаны 
құрады, бұл – жоспардан 1% жоғары, ал шоғырландырма жүк айналымы 44,2 
миллиард    тонна-шақырым  көлемін  құрады,  бұл  –  жоспарлық  көрсеткіштен 
1% жоғары.  
Алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  мұнай  тасымалының  көлемдері 
біршама  төмендеді,  ал  бұл  –  мұнай  жеткізуді  экспорттық  бағыттардан  ішкі 
нарыққа қайта бағдарлаумен байланысты орын алды.  
«Астрахань-Маңғышлақ»  су  ағызғысы  арқылы  Волга  суын  жеткізу 
көлемі  2014  жыл  бойынша  24,8  миллион  текше  метрді  құрады,  бұл  – 
жоспардан 1% жоғары жəне 2013 жылғы деңгейден 6% жоғары. 
2014  жылдың  қорытындылары  бойынша  жеке  «ҚазТрансОйл»  АҚ 
бойынша таза пайда 57,7 млрд теңгені құрады, бұл – жоспарлы көрсеткіштен 
1%  жоғары  жəне  2013  жылғы  нəтижеден  11%  жоғары.  Бұл  көрсеткіштің 
өсуіне негізінен мұнай тасымалдау тарифтерінің өсуі əсерін тигізді.  
Компанияның шоғырландырма пайдасы 46,4 млрд теңгені құрады, бұл 
– жоспарлы көрсеткіштен 17% жоғары. Бұл ретте, өткен жылғы көрсеткішпен 
салыстырғанда  Кампанияның  шоғырландырма  пайдасының  төмендеуі  орын 
алды.  Мұндай  төмендеудің    негізі  факторы  –  ұлттық  валютаның 
құнсыздануынан  кейін  Компанияның  бірлескен  түрде  бақылайтын 
ұйымдарының  доллар  түріндегі  қарыздары  бойынша  орын  алған  бағамдық 
айырмадан туындаған шығын болды. 
Соңғы  жылдарда  біз  шығындарды  басқарудың  тиімді  жүйесін  құруға 
бағытталған  шығындарды  басқару  бағдарламасын  бірізділікпен  жүзеге 
асырып  келеміз.  2014  жылдың  қорытындысы  бойынша,  бағдарламаның 
жалпы  экономикалық  тиімділігі  1  млрд 448  млн  теңгені  құрады.  Негізінен 
өндірістік емес шығындарды қысқарту, мұнай тасымалының технологиялық 
тəртіптемелерін  оңтайландыру  жəне  өндіріске  энергия  үнемдейтін 
технологияларды енгізу есебінен үнемділікке қол жеткізу мүмкін болды. 
«Қазақстан-Қытай  мұнай  құбыры  құрылысының  екінші  кезеңінің 
екінші  кезегі.  Мұнай  өнімділігін  жылына  20  млн.  тоннаға  дейін  арттыру» 
атты инвестициялық жобаның шеңберінде елеулі жұмыс атқарылды:  
-  Құмкөл-Қарақойын  мұнай  құбырының  үшінші  тармағы  (Б. 
Жұмағалиев  атындағы  БМАС)  жəне  Атасу  БМАС-тағы  тірек  сорғы 
станциясы секілді ірі нысандар пайдалануға қосылды; 


 
   
- Мұнайды экспортқа тасымалдауға арналған Бірыңғай тарифті есептеу 
жəне  тарифтік  түсімді  Қазақстан-Қытай  мұнай  құбыры  телімдерінің 
меншіктенушілері арасында бөлу əдістемесі бекітілді; 
- Қытай тарапымен арадағы келіссөздердің нəтижелері бойынша, заңды 
тұлғаны  құрмастан  «ҚазТрансОйл»  АҚ,  «Қазақстан-Қытай  Құбыры»  ЖШС 
жəне  «МұнайТас»  СБҚК  арасында  консорциум  құру  жолымен  Қазақстан-
Қытай мұнай құбырын кеңейту жобасын іске асыру тəсімі тыңғылықталды. 
Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесінің құрылысын салу жобасы 
–  мұнай  тасымалының  бағыттарын  əртараптандыру  мақсатында,  Батыс 
Қазақстан мұнайын Павлодар мұнай-химия зауытына жəне «ПетроҚазақстан 
Ойл  Продактс»  ЖШС  мұнай  өңдеу  зауытына  жеткізу  мүмкіндігін 
қамтамасыз  ету  мақсатында,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 
транзиттік əлеуетін дамыту мақсатында іске асырылуда. 
Осылайша,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Ресей 
Федерациясының 
Үкіметі 
арасындағы 
Ресей 
мұнайын 
Қазақстан 
Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау 
саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімнің шеңберінде 2014 жылдың 1 
қаңтарынан  бастап  біздің  мұнай  құбырымыздың  жүйесі  арқылы  Ресей 
мұнайын  Қытай  Халық  республикасына  тасымалдау  –  транзит  жүзеге 
асырыла бастады.  
Компания  Өзен  –  Жетібай  –  Ақтау  жəне  Қаламқас  –  Қаражанбас  – 
Ақтау  магистральдық  мұнай  құбырлары  телімдерін  жаңғырту  жөніндегі 
жұмыстарды  жүргізді.  Сондай-ақ  2014  жылы  Туймазы  –  Омбы  – 
Новосибирск-2    мұнай  құбырының  қазақстандық  теліміндегі  40  шақырым 
бөлігіне күрделі жұмыс жүргізілді.  
Жүргізілген жұмыстар өндірістік жəне қаржы көрсеткіштерін ұлғайтуға 
бағытталған  жəне  жеткізілетін  қызметтердің  сенімділігі  мен  сапасына  оң 
əсерін тигізеді. 
Компанияның еңбекті қорғау саласындағы қызметін атап өткім келеді, 
өйткені  жұмыскерлердің  өмірі  мен  денсаулығының  қауіпсіздігі  біз  үшін 
сөзсіз басымдық болып табылады. Біз өндірістік жарақаттанушылық деңгейін 
төмендету бойынша жүйелі жұмысты жүргізіп отырмыз. Жүргізіліп отырған 
жұмыстың нəтижесінде 2014 жылы жазатайым уақиғалардың орын алмауына 
қол жеткізілді.  
Компания  экологиялық  менеджмент  жүйесін  жетілдіру  бойынша, 
экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  саласындағы  корпоративтік 
регламенттерді көкейтесті ету бойынша, Компанияның Кешенді экологиялық 
бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар тұрақты негізде атқаруда. 
Ағымдағы  жылы  SAP  AG  компаниясы  біздің  Компаниямызға  аудит 
жүргізді, оның нəтижелері бойынша, Қазақстан Республикасындағы алғашқы 
Customer  Center  of  Expertise  (COE)  Primary  certificate  сертификаты  берілді, 
бұл  сертификат  SAP  AG  Клиентті  сараптау  орталығы  (КСО)  талаптарына 
пайдаланушыларды қолдаудың сəйкестігін растайды.  


 
«ҚазТрансОйл»  АҚ-тың  2014  жылдағы  қаржы  нəтижелері  Компания 
қызметінің  экономикалық  тиімділігін  көрсетеді  жəне  келешекке  сеніммен 
қарауға мүмкіндік береді. 
Қорыта  келе  мен  өз  əріптестеріме  табысты  жұмысы  үшін,  өндірістік 
жəне  қаржылық  қызметтің  нəтижелеріне  қосқан  əрқайсысының  үлесі  үшін 
алғысымды  білдіргім  келеді.  Алдымызға  жаңа  мақсаттар  мен  тапсырмалар 
қойылды,  бізде  Компанияны  əрі  қарай  дамыту  үшін  жəне  табыстылығын 
ұлғайту үшін қажетті барлық ресурстар мен жеткілікті əлеует бар.  
 
Құрметпен, 
 
Қайыргелді
 Қабылдин 
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖƏНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
 
Мұнай тасымалдау жəне су беру 
Шоғырландырма көрсеткіштер 
2014 
2013 
Өзгеруі, % 
Тасымал көлемі, мың тонна 
64 005 
67 220 
-5% 
Жүк айналымы, млн. тонна-шақырым 
44 206 
45 493 
-3% 
Су беру көлемі, мың.текше.м. 
24 815 
23 390 
+6% 
 
Қаржы көрсеткіштері 
Шоғырландырма көрсеткіштер 
2014 
2013 
Өзгеруі, % 
Ақшалай түсім, млн. теңге. 
206 637  196 367 
+5% 
EBITDA*, млн. теңге 
105 431  104 573 
+1% 
Сатудың өзіндік құны, млн. теңге 
121 309  110 969 
+9% 
Есепті  кезеңдегі  қорытынды  пайда, 
млн. теңге 
46 431 
63 544 
-27% 
Жыл  соңындағы  ақшалай  қаражат 
жəне  олардың  эквиваленттері,  млн. 
теңге 
42 175 
25 645 
+64% 
* - «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының Даму жоспарларын жетілдіру, келісу, бекіту, түзету, 
орындау жəне мониторинг жасау Ережелеріне сəйкес. 
 
Қызметінің бейқаржылық көрсеткіштері 
Жеке Компания бойынша 
көрсеткіштер 
2014 
2013 
Өзгеруі, % 
Қызметкерлердің саны 
8183 
8291 
-1% 
Қызметкерлердің тартылу индексі,% 
83 
66 
+26% 
Жазатайым уақиғалардың жалпы саны 
(өндіріспен байланысты) 


n/a 
Əлеуметтік салық жəне əлеуметтік 
аударымдар, млн. теңге 
3 866 
3 532 
+9% 
Ластағыш заттардың шығарындылары, 
тонна 
25 687 
27 924 
-8% 
Экологиялық төлемдер, мың теңге 
63 406 
71 836 
-12% 
Тауарларды, жұмыстар мен 
көрсетілетін қызметтерді сатып 
алудың жалпы көлеміндегі жергілікті 
қамтудың үлесі, % 
68,5 
67 
+2% 
 
 
 

10 
 
1. КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ 
1.1. Құрылу тарихы 
Мұнай  тасымалдау,  мұнай  жəне  мұнай  өнімдерінің  экспорты  мен 
импорты  мəселелеріндегі  Қазақстан  Республикасы  мүдделерінің  сақталу 
деңгейін  арттыру  мақсатында  1997  жылғы  2  сəуірдегі  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің №461 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет 
100  пайыз  қатысатын  «ҚазТрансОйл»  мұнай  тасымалдау  жөніндегі  Ұлттық 
компаниясы»  («ҚазТрансОйл»  МТҰК  ЖАҚ)  жабық  акционерлік  қоғамы 
құрылды. 
2001  жылы  «ҚазТрансОйл»  МТҰК»  ЖАҚ  («ҚазТрансОйл»  ЖАҚ 
болып  атауын  өзгерткен)  акцияларының  мемлекеттік  пакеті  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына сəйкес 
құрылған «Мұнай жəне Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік 
қоғамының жарғылық қорына берілді. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2002  жылғы  20  ақпандағы 
№811 Жарлығымен «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай 
жəне  Газ  көлігі»  ұлттық  компаниясы»  жабық  акционерлік  қоғамдарының 
бірігу  жолымен  қайта  құрылуы  негізінде  «ҚазМұнайГаз»  ұлттық 
компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды, ол «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-
тың бірден-бір акционері болды.  
«ҚазТрансОйл»  ЖАҚ  2004  жылғы  31  мамырда  «ҚазТрансОйл»  АҚ 
болып қайта аталды. 
2012 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Қор биржасының қайталама 
нарығында  «ҚазТрансОйл»  АҚ  жай  акцияларының  саудалануы  басталды 
жəне  бұл  компания  «Халықтық  IPO»  бағдарламасы  шеңберінде  өз 
акцияларын орналастырған алғашқы компания болды. 
 
1.2. Компания бүгінгі таңда   
«ҚазТрансОйл»  АҚ  (əрі  қарай  –  Компания)  ішкі  нарыққа  жəне 
экспортқа  мұнай  өнімдерін  тасымалдау  қызметін  көрсететін,  сондай-ақ 
шеттегі  ұйымдарға  тиесілі  магистральдық  мұнай  құбырларын  пайдалану 
жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыратын  Қазақстан  Республикасындағы  аса  ірі 
мұнай  құбыры  компаниясы  болып  табылады.  Сонымен  қатар  Компанияның 
негізгі  қызметтерінің  бірі  магистральдық  құбыр  бойынша  су  жеткізу 
қызметін көрсету болып табылады. 
Компания  елімізде жалпы өндірілетін мұнай  көлемінің  шамамен 53%-
ның  тасымалын  қамтамасыз  ететін  Қазақстан  Республикасындағы  ең  ұзын 
жəне  тармақталған  магистральдық  құбырлар  жүйесінің  меншік  иесі  болып 
табылады. 
2014  жылы  Компанияға  50  млн.  тонна  мұнай    тасымалын  (Жеке 
«ҚазТрансОйл» 
АҚ  бойынша)  қамтамасыз  етуге  жағдай  жасаған 
магистральдық  мұнай  құбырларының  жиынтық  ұзындығы  5,7  мың 
шақырымды құрады. 

11 
 
Компания  Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  аса  ірі  Астрахань  – 
Маңғышлақ  магистральдық  су  таратқышы  бойынша  су  беру  қызметін 
көрсетеді.  Компанияның  магистральдық  су  таратқыштарының  жиынтық 
ұзындығы 1 975 шақырымды құрайды. Компания 2014 жылы 24 млн. текше 
метр судың жеткізілуін қамтамасыз етті. 
Компанияның  өндірістік  қызметі  8 183  адамды  жұмыспен  қамтамасыз 
ете отырып,  Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін қамтиды. 
«ҚазТрансОйл»  АҚ  ішкі  нарыққа  жəне  экспортқа  қажетті  мұнайды 
тасымалдап  жеткізуді  қамтамасыз  ете  отырып,  Қазақстан  Республикасы 
мұнай саласының дамуындағы маңызды элемент болып табылады. 
2012  жылдың  қазан  айында  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
«ҚазТрансОйл»  АҚ-ын  магистральдық  мұнай  құбыры  бойынша  ұлттық 
оператор ретінде белгіледі. 
 
 
1.3. 2014 жылдағы атаулы уақиғалар 
 
Қаңтар 2014 жыл 
«ҚазТранОйл»  АҚ  жылына  7  млн.  тонна    Ресей  мұнайын  Қазақстан 
Республикасының  аумағы  арқылы  Қытай  Халық  Республикасына 
тасымалдауды бастады. 
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Табиғи 
монополияларды  реттеу  агенттігі  (əр  қарай  –  ТМРА)  бекіткен,  келесілерге 
арналған тарифтер қолданысқа енгізілді:  
-  ішкі  нарық  үшін  ҚҚС-сыз  2  931,8 теңге/1000  тн.  шақырым 
мөлшерінде  жəне  экспорт  үшін  ҚҚС-сыз  4 850,6  теңге/1000  тн.  шақырым 
мөлшерінде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлары жүйесі бойынша 
мұнайды  қайта  айдау  жөніндегі  реттелетін  реттелетін  қызметке  арналған  
тарифтер; 
- төтенше реттеу шарасы ретінде «Ертіс-Атасу» үшін тоннасына 117,31 
теңге,    ал  «Атасу-Алашанькоу»  үшін  тоннасына  1 097,42  теңге  көлемінде, 
«Ертіс-Атасу-Алашанькоу» 
магистральдық  құбыры  телімі  бойынша 
транзиттік мұнай айдау жөніндегі реттелетін қызметке арналған тарифтер. 
 
Сəуір 2014 жыл 
2014  жылғы  1  сəуірден  бастап  ҚҚС-сыз  1000  тн.  шақырым/5  817,2 
теңге  көлемінде  экспортқа  жəне  ҚҚС-сыз  1000  тн.  шақырым/2  931,8  теңге 
көлемінде  төтенше  реттелетін  шара  ретінде  «ҚазТрансОйл»  АҚ 
магистральдық  құбырлар  жүйесі  арқылы  мұнайды  қайта  айдау  жөніндегі 
реттеліп  көрсетілетін  қызметіне  ТМРА  бекіткен  тарифтер  қолданысқа 
енгізілді.  Тарифтің  өсуінің  негізгі  себебі  –  теңгенің  құнсыздануының 
салдарынан Компанияның шығындарының өсуі болды. 
 
«ҚазТрансОйл»  АҚ  Қазақстанда  бірінші  болып,  «ҚазТрансОйл»  АҚ  
SAP пайдаланушыларын қолдау бөлімінің – Клиентті сараптау  орталығының 

12 
 
талаптарына  сəйкестігі  бойынша  аудиттен  өтті,  бұл  – 
Customer  Center  of 
Expertise  (COE)  Primary  certificate
    сертификатымен  расталды.  Аудитті  SAP 
AG компаниясы жүргізді. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал