Дипломнан бас тарту қаншалықты дұрыс? Ж ақында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әрбір жоғары оқу орны



жүктеу 0.62 Mb.

бет1/7
Дата23.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7

ҚҰПИЯНЫ САҚТАУ МА

ӘЛДЕ  ҚОҒАМНАН САҚТАНУ МА?!

Ақпарат

Бүгінгінің бас тақырыбы



Ойталқы

АҢДАТПА

4-бет

3-бет

(Соңы 3-бетте)

№37 (2815) 6 сәуір 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 3-бетте)

ҚАДАҒАЛАУ АЗ БОЛСА, ҚАРАЖАТ 

БӨЛІНГЕННЕН ҚАЙЫР ЖОҚ

ИНВЕСТОРЛАР ЗАҢЫ МЫҚТЫ ЕЛГЕ 

ҚАРЖЫ САЛУДАН ҚОРЫҚПАЙДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМНАН БАС ТАРТУ 

ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС?

Ж

ақында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әрбір жоғары оқу орны 

өзіндік үлгідегі диплом беретінін айтты. «Жоғары оқу орындарының өзіндік 

үлгідегі диплом беруі, білім сапасын арттырады. Бұл норма 2021 жылдан 

бастап енгізіледі, демек жаңа нұсқадағы дипломдарды 2017 жылдың абитуриенттері 

алатын болады» деді жаңа ұсынысты түсіндірген Бас мұғалім. ЖОО-лардың мемле-

кеттік үлгідегі дипломнан бас тартуы қаншалықты дұрыс шешім? 

Нұрлан ЖАМАДІЛОВ, 

Алматы қалалық Құрылыс және 

бағалау колледжінің директоры, 

ҚР білім беру ісінің үздігі:

– Әрине, кез келген ұсыныстың 

артықшылығымен қоса, кемшілігі де 

болады. 


Белгібай ШАХМЕТОВ, 

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық 

медицина университеті психиатрия, 

психотерапия және наркология кафедрасының 

профессоры:

– Әр ЖОО-ның өзіндік үлгідегі диплом 

беруін қолдамаймын. 

УНИВЕРСИАДАҒА ҚАТЫСУҒА 

64 МЕМЕЛКЕТ ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

2017  жылы  Алматыда  өтетін  28-ші  Бү-

кіләлемдік қысқы универсиадаға 64 мемлекет 

қатысуға  өтініш  білдірген.  Олардың  ішінде 

Еуропа,  Азия,  Америка,  Африка,  Океания 

елдері бар. Бұған дейін шет мемлекеттерде 

өткен  бірде-бір  Универсиадаға  мұндай  көп 

өтініш  түспеген.  Бұл  тұрғыда  2017  жылғы 

Қысқы универсиаданы ұйымдастыру және өт-

кізу бойынша дирекциясының директоры Әсет 

Әбуалиев: «Алматыдағы Универсиадаға дай-

ындық қарқынды жүріп жатыр. Барлық функ-

циялар алдын ала тестілік шараларда сынала-

ды. Біздің мақсатымыз – Алматыдағы Қысқы 

универсиаданы жаңаша әрі тиімді өткізу. Бұл 

ойындар  Қазақстан  мен  әлемде  студенттік 

спорттың дамуына септігін тигізеді», – деді. 

Т.СМАҒҰЛ 

ӘЛІМБЕТОВ ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ

Бас  прокуратураның  қызметкерлері  Бі-

ріккен  Араб  Әмірліктеріндегі  Қазақстан  ел-

ші лігінің  қолдауымен  үлескерлер  ақшасын 

заңсыз иемденіп, елден қашқан 45 жас тағы 

Мирхат  Әлімбетовті  Біріккен  Араб  Әмір-

ліктерінен  Астанаға  жеткізді.  Әлімбетов 

«Какаду» ЖШС-нің негізін қалаушысы және 

директоры бола отырып, Астанада 2005-2008 

жылдар  аралығында  «Қыпшақ»  тұрғын-үй 

кешенін салу барысында 397 043 330 теңге 

сомасында  салымшылардың  ақшасын  және 

434 541 991 теңге сомасында мемлекеттік қа-

ражатты заңсыз иемденгені үшін айыпталуда.

Қазіргі  уақытта  Әлімбетов  Астана  қала-

сының тергеу изоляторына қамауға алынды, 

тергеуді Астана қаласының ІІД жүргізуде.

Бас прокуратура қылмыс жасағаны үшін 

шетелде жасырынып жүрген Қазақстан аза-

маттарын  экстрадициялауға  бағытталған 

жұмыстарды қарқынды жүргізуде. Шет мем-

лекеттердің құзырлы органдарымен жасыры-

нып  жүрген  қылмыскерлерді  қайтару  және 

жасалған қылмыстары үшін жазаның бұлтарт-

пастығын қамтамасыз ету бойынша белсенді 

ынтымақтастық орнатылған.

Бас прокуратураның 

баспасөз қызметі

ҚЫЛМЫС КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ

Ақтөбе  облысының  әкімі  Б.Сапарбаев 

Ақтөбеде қылмыс картасы әзірленетінін айт-

ты. Құқықбұзушылық туралы ақпарат Бірегей 

сотқа дейінгі тергеу реестріне енгізілген соң 

3-4  минуттың  ішінде  картада  көрініс  тап-

пақшы.  Алдағы  уақытта  облыстың  барлық 

аудандары аталған картаға енгізіледі. 

К.ӘКІМБЕК

Сәуірдің алғашқы дүйсенбісінен бастап астана-

лық шенеуніктер мен түрлі ведомство қызметкерлері 

телефон-смартфоннан жаппай «бас тартты». Әрине, 

біржолата емес. Тек жұмыс уақытында қолданбай-

тын болды. Алайда, олар заманауи смартфондардың 

денсаулыққа зиян екенін жете түсінгендіктен мұн-

дай қадамға барып отырған жоқ. Мәжбүрлі түрде. 

Оған мәжбүр еткен Парламентпен бекітілген мемле-

Өркениеттің өркешіне жармасқан сайын өмір сүру жеңілдей түспек. Дегенмен, 

сол өркениетіңіздің бір (бәлкім негізгі) өлшемі саналатын технологияның жетістік-

тері тұйыққа тіремей тұрмайтыны тағы бар. Теледидарды айтпағанда, компьютер 

мен ұялы телефонға шамадан тыс телмірудің денсаулыққа қауіпті екені айтылып 

та, жазылып та келеді. 

Дөңгелек үстел 



(Соңы 5-бетте)

(Соңы 8-бетте)

Мәселе


ТӘРБИЕ 

ТАҒЫЛЫМДЫ 

БОЛМАЙ, ҰРПАҚ 

ҰЛАҒАТТЫ 

БОЛМАЙДЫ

Әйелдердің 60 пайызы миома және басқа да түрлі 

ісіктерге шалдыққан, қалған 40 пайызы түрлі қабыну 

процестерінің салдарынан гормондық ауытқулар-

дан зардап шегіп отыр. Ал, олардың басым бөлігі 

жастар. Бұл мамандарымыздың ұсынып отырған 

статистикасы. 

Өңірлердегі статистикалық көрсеткіштер де про-

фессор Сәдуақас Мұстафаевтың мәліметін толық-

тырғандай. Мәселен, былтыр Павлодар облысында 

бедеулік дертімен 1 454 жұп тіркелген. Облыстың 

бас дәрігері Нұрлан Қасымовтың мәліметінше, олар-

дың ішінде 729 әйел бірде-бір рет бала  сүю бақыты-

на кенеле алмаған. Ал, 316 әйел жүкті болған, алайда 

белгілі бір себептерге байланысты жүктілік жағдайы 

соңғы кезеңіне жетпеген. Яғни, бала сүйе алмаған. 

Сонымен қатар, 202 ер адамға бедеулік диагнозы 

қойылған. Сондай-ақ, 207 ерлі-зайыптының бала 

сүю арманы мүлде орындалмайтыны белгілі болған. 

«Балалы бола алмауға ағзадағы физиологиялық және 

гормоналдық өзгерістер себеп болып отыр», – дейді 

облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшы-

сы Нұрлан Қасымов.

Ал, акушер-гинеколог мамандардың пайымда-

уынша, бедеулік пен белсіздік дертіне шалдықпас 

үшін бала кезден денсаулыққа аса мән берген абзал. 

Жастардың жаман әдетке әуестенуі, дұрыс тамақтан-

бауы, дұрыс киінбеуі бедеулік пен белсіздік дертінің 

дендеуіне ықпал етіп отыр. Бүгінде қыздар арасында 

арақ пен темекіге әуестенгендер, есірткіге еліткен-

дер көбейіп барады. 

ҰЛЫМЫЗ  БЕЛСІЗ, ҚЫЗЫМЫЗ  БЕДЕУ 

БОЛМАСЫН ДЕСЕК...

Жақында медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәдуақас Мұстафаев 

Қазақстанда бедеулік көрсеткіші жылдан-жылға артып бара жатқанын айтып, алаң дау-

шылық білдірді. Маманның мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде бала тууға қабілетті 4 

млн 600 мың әйел болса, соның 18-20 пайызы бедеулікке шалдыққан көрінеді. Яғни, бір 

миллионға жуық әйел бала туу мүмкіндігінен айырылған. Сондай-ақ, ерлер арасында да 

белсіздік дерті белең алған.

кеттік мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақытында 

смартфон немесе басқа да ғаламторға қосылу мүм-

кіндігі бар гаджеттер пайдалануына тыйым салу ту-

ралы ереже. Кешегі дүйсенбіде Астанадағы бірқатар 

министрлік пен ведомство қызметкерлерінің күнде 

емін-еркін кіріп-шығып жүрген жұмыс орындарына 

жете алмай, таңертең ғимарат алдында топырлап 

тұрғаны сондықтан. 

Баспасөз — 2016

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


Зорлық-зомбылық күннен-күн-

ге етек алып, бүгінгі күннің өзекті 

мәселесіне айналды. Таяуда «Тал-

дықорған аймақтық әйелдерді 

қолдау» орталығының төрайымы 

Жанар Нұрмұханова, әйелдерді зор-

лық-зомбылықтан қорғау бөлімінің 

аға инспекторы, полиция подполков-

нигі Толқын Кемелова, Ішкі істер 

департаменті ювеналды по лиция 

бөлімінің ерекше тапсырмалар 

жөніндегі аға инспекторы, полиция 

подполковнигі Дүлбар Төлегенова-

лардың қатысуымен өткен дөңгелек 

үстелде осы мәселе талқыға са-

лынған еді.

2

№37 (2815) 

6 сәуір 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Қабылдау 



Ашық есік күні

Дөңгелек үстел 

Басқосу

«Қазақстан заңгерлер 

одағы» РҚБ-ның 

бастамасымен «Нұр Отан» 

партиясының Астана 

қалалық филиалында 

азаматтарды қабылдау 

ұйымдастырылды. 

Әділет  департаментінің 

бас  маманы  әрі  іс-шараның 

модераторы З.Жақиянованың 

сөзіне қарағанда, департамент 

ғимаратынан тыс жердегі кеңес 

берулер  ведомствода  тұрақ-

ты  ұйымдастырылып  жүр. 

Мұндай шаралардың мақсатты 

аудиториясы әртүрлі және ол 

кеңейіп келеді. Бұл жолы ақысыз 

негіздегі заңгерлік көмек беруге 

департамент  қызметкерлері, 

адвокаттар, нотариустар, АХАТ 

және құрылымдық бөлімшілер, 

Жұмыспен қамту, еңбек және 

әлеуметтік қорғау, Атқарушылық 

өндірісті қамтамасыз ету, Жер 

қатынастары басқармаларының, 

Жылжымайтын мүлік орталығы 

мен Көші-қон полициясы, ІІД 

қызметкерлері атсалысып, «Нұр 

Отан» партиясының АҚФ-на 

келген астаналықтар мен қала 

қонақтарына заң аясында кеңес 

берді. 


Келушілердің  мәселелері 

әртүрлі болды, дегенмен, басты 

мақсат – соларды заң негізінде 

шешу. Мәселен, Б. деген аза-

маттың  отбасы  2002  жылы 

Тұрғын үй басқармасы арқылы 

жеңілдік негізінде пәтер алған. 

Ерлі-зайыптылар  жақында 

ғана олардың баспанасы тұт-

АЗАМАТТАР ТЕГІН ЗАҢДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

қында екендігін біліпті. Депар-

тамент қызметкерлері мәселені 

тексеру барысында бұрын бұл 

пәтерді Пәтер бюросы сатып 

алғанын, дегенмен, оны соңына 

дейін рәсімдемегенін анықтады. 

Пәтер бюросы арқылы алынған 

пәтерлердің біраз бөлігі қазіргі 

таңда тұтқында тұр. Бұл мәсе-

ле  шағымданушыларды  да 

айналып өтпеген. Заңгерлердің 

айтуынша, бұл мәселені шешуге 

болады, себебі, олардың қолын-

да үй-жайды жалға алу туралы 

келісімшарт бар. Оларға шараға 

қатысқан  Тұрғын  үй  бас қар-

масының қызметкерімен жіті 

ақылдасуға кеңес беріліп, сол 

арқылы мәселені оңтайлы шешуге 

болатындығы түсін дірілді. 

Ал, К. мызаның сөзіне қара-

ғанда,  ол  жеке  үйде  тұрады 

және  үйдің  иесі  екендігін 

растайтын барлық құжаттары 

бар. Алайда, соңғы екі жылда 

бұл  нысан  орналасқан  көше 

атауы  екі  рет  ауыстырылып, 

тиісінше  үйлердің  нөмірлері 

де өзгерген. Солардың ішінде 

өтініш  білдірушінің  де  үйі 

бар. Яғни, ХҚКО-ға барғанда 

оған мұндай үйдің жоқ екен-

дігі  хабарланған.  Шамасы, 

электронды тізімде мекенжай 

мәліметтері қайта реттелмеген. 

Бұл азаматқа мамандар нақты 

мекенжайды  анықтау  үшін 

«Астанагорархитектура» ЖШС-

на өтініш жазуға кеңес берді. 

Өзбекстан азаматы Б.деген 

азаматтың отбасы көрші елдің 

төлқұжатын жоғалтып алуына 

байланысты құжаттарын қайта 

қалпына келтіруге көмектесуді 

сұрады. Оларға Қазақстандағы 

Өзбекстанның елшілігіне бару 

керектігі, одан басқа амалдың 

жоқтығы түсіндірілді. 

Тағы бір отбасы жұбайына 

Астананың тұрғыны екендігін 

растайтын  құжат  ала  алмай 

әлек. Себебі, күйеуі – Қазақстан 

азаматы, ал әйелі – Ресей азамат-

шасы. Неке тіркелген, екеуінің 

тегі де бір. Мәселе жұбайы на 

Ресейдегі тұрғылықты жерінен 

шыққанын  растайтын  құжат 

бермей жатқандығында. Оларға 

төлқұжат  қызметінің  техни-

калық мамандарының көме гіне 

жүгіну керектігі айтыл ды. 

Келгендердің көпшілігі сот-

тың  алиментті  төлеу  тура лы 

шешімінің  орындал май  жат-

қандығына және осы мәсе леге 

қатысты сот орын дау шы лары-

ның  әрекет сіздігіне  шағым-

дан ды.  Әрине,  сот  орын дау-

шыларына артыл ған жүк ауыр. 

Дегенмен, олар дың жауап сыз 

әкелерді мін дет теуге құқығы бар. 

Сондық тан, шағым данушыларға 

Атқару шылық өндіріс басқар-

масы басшысының қабылдауына 

жазылып,  әрбір  жайтты  нақ-

тылап баяндау керектігі түсін-

дірілді. 

Кездесуде азаматтардан 20-

дан  астам  сұрақ  келіп  түсті. 

Астаналықтар мен қала қонақ-

тарын  жылжымайтын  мүлік 

пен  жер  телімдерін  заң дас-

тыру,  оларға  құқық  алу,  сот 

шешімдерін  орындау,  сот 

шешім деріне шағым түсірудің 

тәртібі, азаматтық алу мен одан 

бас тарту секілді көптеген сұрақ-

тар қызықтырды. 

Мәселелердің кейбірін заң-

гер лер  жеке  бақылауларына 

алып, оларды шешуге көмек-

тесуге ұсыныс білдірді. 



Астана қалалық Әділет 

департаментінің 

баспасөз қызметі

Мұнайлы  аймақта  көп  жылдан  бері 

жұмыс жасап келе жатқан «Каспий табиғаты» 

үкіметтік емес ұйымы жақында өз жұмысын 

тоқтатқандығын мәлімдеп, оған олардың 

қызметіне байланысты ақылға сыйымсыз 

заңдардың қабылданғаны себепші болғанын 

жеткізген еді. Осы жайдан кейін көп ұзамай 

өңірлік  коммуникациялар  орталығында 

өткен баспасөз конференциясында Атырау 

облыстық ішкі саясат басқармасының бас-

шысы Әсия Қыстаубаева үкіметтік емес 

ұйымдардың ел заңнамасына енгізілген 

жаңалыққа орай, ҚР мәдениет және спорт 

министрлігіне жыл сайынғы есеп беруі 

қажеттігін түсіндірді. Нақтылай кетсек, 2016 

жылдың 31 наурызына дейін саяси партиялар, 

кәсіподақ ұйымдары, діни бірлестіктер, 

коммерциялық  ұйымдарды  қоспағанда, 

мәдениет  және  спорт  министрлігіне  өз 

қызметі туралы есеп беруге тиіс. Үкіметтік 

емес ұйымдар енді осы көрсетілген мер-

зім  ішінде  алдағы  жыл  үшін  де  есеп 

бермек. Тараптардың арасында түсінбестік 

туғызғаны – заңның осы тармағы болатын. 

ҮЕҰ өкілдері алдағы мерзімге есеп-қисап 

талап ету олардың жұмысына бақылауды 

күшейтіп, қысым көрсетуге бағытталған 

шара деп бағалауда. 

Атырау облыстық ішкі саясат басқар-

масының басшысы Әсия Қыстаубаеваның 

айтуынша,  жаңа  заңдық  өзгерістерден 

қорқатын ештеңе жоқ. Ол Қазақстанның 

үкіметтік  емес  ұйымдарының  бірыңғай 

дерекқорын  құру  мақсатында  жасалып 

отырған  дүние.  Белгілі  болғандай,  бұл 

базада  ҮЕҰ  құрылтайшылары,  оның 

қызметкерлері, жүзеге асырылып жатқан 

жобалар, қаржыландыру көздері, сондай-

ақ,  ұйымдардың  реквизиттері  туралы 

мәліметтер  жинақталып,  ол  интернет-

ресурста ашық және қолжетімді болмақ. 

Кез келген адам дерекқорға кіру арқылы 

Қазақстанда қандай ҮЕҰ жұмыс жасап, 

олардың  немен  айналысатындығымен 

таныса алады. Мұндай ашық ақпаратқа грант 

берушілерді тартуға да мүмкіндік бар. 

Қазір Қазақстанда 30 мыңдай үкіметтік 

емес ұйым бар. Атырау облысының өзінде 

500-ден астам ҮЕҰ тіркелген. Олардың 

көпшілігі жұмыс істемейді. Дерекқордың 

болуы жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды тазар-

татындығы анық, саннан гөрі сапа алдыңғы 

орында болады.

Сонымен қатар, Қыстаубаева уақытында 

қажетті есепті тапсырмайтын ҮЕҰ-ға қатысты 

қолданыстағы Әкімшілік құқықбұзушылық 

туралы  кодекс  нормалары  ескерту  мен 

25 АЕК мөлшерінде айыппұл және ҮЕҰ 

қызметін тоқтатуды қарастыратынын атап 

өтті:

– Биыл бұл есептілік пилотты режимде 



қабылданады. Сондықтан, есеп бермеген 

қоғамдық  ұйымдар  жазаланбайды.  Ең 

бастысы, есепті 31 наурызға дейін жолдап 

үлгеру керек. Содан кейін толықтырулар 

мен түзетулер енгізуге болады. Егер биыл 

кімде-кім мерзімінде есеп беріп үлгермесе, 

ол мұны қазір жасай алады, – деді.

Құралай ҚУАТОВА,

«Заң газеті»

АТЫРАУ


Тергеу судьясының құзыреті кеңіді

Ұлт жоспарының 22-қадамы адамның және азаматтардың 

конституциялық  құқығын  шектейтін  барлық  тергеу 

қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп 

беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және 

қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуді көздеп 

отыр. 2015 жылдың басынан бастап елімізде тергеу судьясы 

деген жаңа лауазым соттарда қызмет етіп жатыр.

Осыған  орай  Атырау  қаласының  №2  сотында  облыс 

соттарының қылмыстық істер қарауға мамандандырылған 

судьялары  мен басқа да құқық қорғау органдары өкілдерінің 

қатысуымен 2016 жылдан бастап тергеу судьялары өкілеттік-

терінің артуына байланысты жаңа өзгерістерді талқылауға 

арналған «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын 

мәселелер»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өтті.  Шараны 

ашқан Атырау қаласы №2 сотының төрағасы А.Ташенова 

тергеу судьясы институтының 2016 жылдан бастап өкілеттігі 

күшейтілгенін айтты.

Дөңгелек үстел барысында осы соттың тергеу судьясы 

Г.Ибрашева баяндама жасап,  жаңа жылдан бастап тергеу 

судьясына қосымша қарап-тексеру, тінту, алу, жеке басын 

тінтуді жүргізуге санкция беру мәселесін тергеу судьясы 

қарап жатырғанын түсіндірді. Атап айтқанда, бұрын аталған 

санкцияларды беру прокуратура органдарының құзыретінде 

болған еді. Қазір тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын 

кәмелетке  толған  адамдардың  келiсуiмен  немесе  тергеу 

судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi.

– Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса 

немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан 

зардап шегетiнi көрінеу белгiлi болса немесе олар қарап-

тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге 

асыратын  адам  мәжбүрлеп  қарап-тексеру  туралы  қаулы 

шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиiс. 

Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру 

жүргiзiлмейдi, – деп атап көрсетті Гаухар Ибрашева.

Деректерге сүйенсек, 2015 жылдан бері Атырау облысы 

бойынша тергеу судьяларымен бұлтартпау шараларын қолдану 

туралы жалпы 585 өтініш қаралған.  2016 жылдың қаңтар-

ақпан айлары бойынша өткен жылдағы өтініштер қатарына 

лауазымынан уақытша шеттету туралы 2 өтініш, тінту – 24, алу – 

114, жеке басын тінту – 8, санкцияланбаған тінтудің заңдылығын 

тексеру бойынша 19 өтініш қаралған.

Дөңгелек үстел барысында тергеу судьясының мүлікке 

тыйым салу, тергеушілерге қатысты шағымдарды қарау сияқты 

т.б. өкілеттіктері туралы сөз қозғалды.



Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Студенттерге көмек



Жақында Қазақстан инновациялық университеті мен 

Семей қаласынынң №2 соты ғылым және білім саласында 

ынтымастық орнату жөніндегі меморандумға қол қойды.

Заңтану кафедрасының филиалы Семей қаласы №2 сотының 

негізінде құрылған. Ол студенттердің оқу методикалық және 

ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға көмектесетін оқу орнының 

құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Сонымен қатар, 

филиал студенттерге кәсіби және таныстыру практикаларын 

ұйымдастырады.

Ынтымастық меморандумына сәйкес, әр дүйсенбі сайын 

Қазақ инновациялық университетінің студенттері Семей 

қалалық №2 сотында тәжірибелік дәріс алмақ. Бұл жүйе 

жастарды жауапкершілікке үйретіп, өмірге орнығуға және 

жұмысқа тұруына жақсы мүмкіндік береді.



Семей қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі

Есірткімен күреске елді 

жұмылдыра білген жөн

Қылмыс санының көбеюіне де, отбасылық мәселелерге де, 

некенің бұзылуына да нашақорлықтың тигізер залалы орасан. 

Сатистикалық деректерді сөйлетсек, елімізде нашақорлар 

санының жылдан-жылға артып бара жатқаны байқалады. 

Өкініштісі сол, бұл кеселге жастар жағы үйір. Ата-анасы 

қаржыны қадағалаусыз беретіндіктен қиыс жолға түсіп 

кететін балалар да баршылық. Өйткені, наша тартушылардың 

көздегені жағдайы жақсы отбасынан шыққан балалар. Оларға 

өз бизнесінің жүргені тиімді. Есірткі саудалаушылардың 

ақша  үшін  қаншама  жасөспірімнің  болашағына  балта 

шауып, қаншама шаңырақтың ортасына түсуіне себеп болып 

жатқанын тап басып айту қиын. Осындай келеңсіз жағдайдың 

орын алуына құзырлы мекемелердің қарымды жұмысы да 

кедергі келтіре алмай отырғаны өкінішті. 

Десек те, солай екен деп қол қусырып отыруға тағы 

болмайды. «Нашақорлық және есірткі бизнесімен күрестің 

2012-2016 жылға арналған бағдарламасы» елдегі нашақор-

лықтың алдын алу үшін жасалған қадамдардың бірі.  Ішкі 

істер министрлігінің мұрындық болуымен жасалған бұл 

бағдарламаның міндеті нашақорлықтың алдын алу, емдеу 

жүйесін жетілдіру және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту 

жүйесін дамытуға негізделген. Сондай-ақ, есірткі құрал-

дарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз 

айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту арқылы есірткі 

құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу шарт. Ең 

бастысы, осы бағдарламада көзделген мақсатқа жету үшін 

халықты есірткімен күрес жұмысына жұмылдыра білу қажет.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал