Дипломдық жобаның басты мақсаты студенттер мен талапкерлерге



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріДиплом
  1   2   3   4

 
 

АҢДАТПА 
 
«Алматы энергетика және байланыс университетіне арналған мобильді 
қосымша құру» дипломдық жұмысында көптеген зерттеулер жасалды.  
Дипломдық  жобаның  басты  мақсаты  –  студенттер  мен  талапкерлерге  
қолжетімді  және  қолайлы  түрде  ақпаратпен  қамтамасыз  ете  алатын 
анықтамалық қосымша құру. Дипломдық жобаны орындау кезінде PHP және 
Java тілі және мобильді құрылғылардың Android SDK құралы қолданылды. 
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жұмыс бөлмесіндегі жасанды және 
табиғи жарықтанудың  есептері келтірілген. 
Экономикалық  бөлімде  енгізілген  жүйеден  алынған  экономикалық 
пайданы есептеу жүргізілген. 
 
АННОТАЦИЯ 
 
В  дипломной  работе  «Разработка  мобильного  приложения  для 
Алматинского  университета  энергетики  и  связи»  проводились  множество 
исследовании. 
Целью дипломной работы является разработка доступного и удобного  
информационного мобильного приложения для студентов и абитуриентов .  
В  ходе  выполнения  дипломной  работы  были    использованы  PHP, 
объектно-ориентированный язык программирование Java и Android SDK. 
В  части  по  безопасности  жизнедеятельности  представлены  расчеты 
исскуственного и естественного освещения  в рабочем помещении. 
В экономической части произведен расчет полученной экономической 
выгоды от внедряемой системы. 
 
ABSTRACT 
 
In  degree  work  "Developing  mobile  application  for  Almaty  university  of 
power engineering and telecommunications" conducted great number research. 
The  main  purpose  of  the  degree  project  is  the  creation  of  application  for 
students and entrants to give information more comfortable and available .  
In  the  course  of  the  degree  project  used  PHP,  object-oriented  programming 
language Java, a tool for mobile application development Android SDK. 
As part of Health and Safety presents calculations of artificial and natural 
lighting  in the operating room.  
In the economic part of a calculation of economic benefits derived from the 
system being implemented. 
 
 
 
 
 
Мазмұны 

 
Кіріспе .......................................................................................................................... 8 
1 Мобильді құрылғыларға қосымшалар құрудың негіздеріОшибка! Закладка не определена.
1.1 Мобильді құрылғылар платформалары мен құру жабдықтарына анализОшибка! Закладка не определена. 
1.2 Eclipse IDE платформасы туралы .................................................................. 11 
1.3 Java Eclipse IDE платформасында мобильді құрылғыларға қосымшалар 
құру мүмкіндіктері ................................................................................................ 11 
1.4 Android платформасы туралы ........................................................................ 12 
1.5 Android SDK құралы туралы ................ Ошибка! Закладка не определена. 
1.6 Java бағдарламалау тілі туралы ..................................................................... 12 
1.7 Git файл нұсқаларын басқарудың таратылған жүйесі туралы ................... 12 
1.8 GitHub жобалар хостингы веб сервисі туралыОшибка! Закладка не определена.
2 Арнайы бөлім .............................................. Ошибка! Закладка не определена.
2.1 АЭжБУ мобильді қосымшасының жалпы сипаттамасыОшибка! Закладка не определена.
2.2 Қажетті құралдарды дайындау ...................................................................... 19 
2.3 Қосымшаның Java Eclipse IDE платформасында жүзеге асырылу ............ 21 
3 Тіршілік қауіпсіздігі ............................................................................................... 32 
3.1 Оператордың жұмыс жағдайын талдау ........................................................ 32 
3.2 Жұмыс орнының микроклимат жағдайы, өрт қауіпсіздігі ......................... 32 
3.3 Жұмыс орнының табиғи және жасанды жарықталуы,электр қауіпсіздігі  32 
3.4 Бөлме жоспары ................................................................................................ 32 
3.5 Жасанды жарықтандыруды есептеу .............................................................. 33 
3.6 Табиғи жарықты есептеу ................................................................................ 34 
4 Техникалық экономикалық негізделуі ................................................................. 56 
4.1 Жоба сипаттамасы........................................................................................... 56 
4.2 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі .... 60 
4.3 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығынның есептелуі ............ 61 
4.4 Қосымша шығындар статьясы ....................................................................... 66 
4.5 Өзіндік құн нәтижесінің кестесі .................................................................... 66 
4.6 Бағдарламаның бағасын есептеу ................................................................... 66 
4.7 Минималды бағаны, кірісті және пайданы есептеу .................................... 72 
4.8  Бағдарламалық  өнімді  иемденудегі  кәсіпорындардың  бірмезгілдегі 
шығындарын есептеу ............................................................................................ 73 
4.9 Қолдану аясындағы жылдық бірмезгілдегі шығындарды есептеу ............ 74 
4.10 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған табысты есептеу .......................... 75 
4.11 Пайда мен шығындарды есептеу ................................................................. 76 
4.12 Ақшалай құралдардың қозғалысы ............................................................... 74 
4.13 Экономикалық тиімділікті есептеу ............................................................. 75 
4.13.1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу ....................................................... 76 
4.13.2 Пайда индексін есептеу ............................................................................. 76 
4.13.3 Табыстың ішкі нормасын есептеу ............................................................ 76 
4.13.4 Өтімділік периодын есептеу ..................................................................... 76 
Қорытынды ................................................................................................................ 77 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................................ 78 
А қосымшасы ............................................................................................................. 79 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кіріспе 
 
 
«Алматы  энергетика  және  байланыс  университетіне  мобильді  қосымша 
құру».  Осы  дипломдық  жұмысты  орындау  кезінде  жасаушы  құралдардың 
жаңашыл  тәсілі  Android  платформасы,  Java  обьектіге  бағытталған 
программалау  тілі  және  мобильді  құрылғылардың  Android  SDK  құралы 
қолданылды. 
Бүгінде  мобильді  құрылғылар  нарығында  үш  компанияның  басымдылығын 
байқауға  болады.  Оларды  қолданушылар  арасындағы  танымалдылығы 
бойынша  бөлетін  болсақ,  бірінші  орында  Apple,  iOS  платформасы 
(iTunesAppStore),  екінші  Google,  Android  платформасы  (AndroidMarket), 
үшінші 
Microsoft, 
Windows 
Phone 
платформасы 
(Windows 
marketplace).Олармен  қатарSymbian,  BlackBerry  OS  и  HP  webOS 
платформалары да бар. 
Шет  ел  мамандары  мобильді  құрылғыларға  арналған  мобильді 
қосымшалардың  қарқынды  дамып  кетуін  алдынан  болжаған  болатын.  2009 
жылдың өзінде IDC маркетингтік–аналитикалық агенттігі 2013 жылға қарай 
әлем бойынша 1,19 миллиардтан астам маман (жалпы жұмыс күшінің 34,9%–
ы) мобильді технологияларды қолданатынын айтқан болатын. 
Қазақстанда мобильді технологиялардың дамуы жоғарыда айтылған әлемдік 
даму  қарқынынан  төмен.  Қазақстанда  мобильді  қосымшаларды  жасау  және 

ендірумен айналысатын компаниялар көп емес. Көптеген мобильді қосымша 
жасаушылар  өздері  жұмыс  жасауда.  Бұған  себеп  –  сұраныстың  болмауы. 
Мобильді  қосымшалар  бағасының  жоғары  болу  себебінен  аз  сұанысқа  ие 
болып отыр. 
Қазірге  Қазақстанда  мобильді  қосымшаларға  тек  бірнеше  үлкен  банктер, 
интернет алаңдар және БАҚ ие. 
Қазнет  мониторингі  нәтижесінде  танымал  мобильді  қосымшалар  тізімі 
жасалды. 
Мысалға, MobileCreators командасы iOS және Android үшін «People o'Clock», 
«DialerOne», «Кинозавр» және «GQ BarLab» қосымшаларын жасады. 
«Глатис» студиясы өзінің iDrive.kz сайтына Android платформасында «iDrive: 
ПДД  и  штрафы  РК»  қосымшасын  жасап  шағарды.  Және  де  Homebank.kz 
iPhone  қосымшасының  және  Альянс–Банктың  iOS  қосымшасының  дизайын 
құрды. 
Kaznetmedia  командасымен  iOS  және  Android  үшін  «NewsBox»  және  Apple 
компаниясының  құрылғылары  үшін  «Bnews.kz»,  «7  канал  (Казахстан)», 
«Фокус», «Вести» және «PM.kz» қосымшалары жасалды. 
Android қосымшаларынның арасынан қазақ тілінде жазылған шығармаларды 
табуға  болады.  Бірақ  бұл  қосымшалар  бір  немесе  бірнеше  автордың 
шығармалар  жинағы  болып  табылады  және  басқа  шығармаларды  оқуға 
мүмкіндік бермейді. 
 
1.
 
Мобильді құрылғыларға қосымшалар құрудың негіздері 
 
 
1.1  Мобильді  құрылғылар  платформалары  мен  құру  жабдықтарына 
анализ 
 
Мобильді құрылғыларға қосымша түсінігі. 
Мобильді  қосымша  –  мобильді  телефон,  коммуникатор,  смартфон  және  т.б. 
мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық жабдық. 
Мобильді  қосымшалар  бастамада  жалпы  құрылғының  тиімділігін  арттыру 
және ақпарат беру мақсатында жасалған болатын. Мысалға: электронды хат 
жолдау, күнтізбе, контактілер, фондтық биржа және ауа райы қосымшалары. 
Дегенмен  көпшілік  сұраныс  пен  қосымша  жасау  құралдарының  дамуы 
мобильді  ойындар,  GPS  және  оның  негізіндегі  сервистер,  банкинг,  ұсыныс 
қабылдау, билет сату секілді қосымшалардың пайда болуына әкелді. 
Android  операциялық  жүйелердің  арасында  жаңалық  болып  табылады.  Бұл 
операциялық  жүйе  мобильді  құрылғылардың  кең  шеңберіне  арналған. 
Android 
операциялық 
жүйесi 
коммуникаторларға, 
планшеттi 
компьютерлерге, смартфондарға және нэтбуктерге орнатылады. 
Бұл  жүйенi  жасап  шығарған  –  "Android  Inc."  компаниясы.Бұл  компанияны 
кейін  "Гугл"  (Google)  компаниясы  сатып  алған  болатын.  Қазiргi  уақытта 
Android  негізіндегі  жүйелерді  даму  және  өндіруді  "OpenHandsetAlliance" 
компаниясы  қолға  алған.  "OpenHandsetAlliance"  Гугл  ғана  емес,  сонымен 

қатар  Моторола,  HTC,  Интэл,  Самсунг  және  көптеген  басқа  да  техникалық 
өндiрiс алыптарын біріктіреді. 
Android  операциялық  жүйесi  Linux  операциялық  жүйесi  негiзінде  жасалған. 
Бiрақ  Linux–тің  барлық  ерекшеліктерін  қамтымайды.  Бұл  "Дэлвик" 
виртуалды  машинасын  пайдаланумен  байланысты.  Барлық  программалық 
жабдықтың жұмысы осы виртуалды машинада атқарылады. 
Өндірушілер  бір  орында  тұрмайды.  Android  жүйесi  үнемi  жетiлдiріліп  және 
техниканың жаңа түрлерiне ендiрілуде. 
Android  операциялық  жүйесi  2008  жылдың  қыркүйегінде  пайда  болды. 
Бастапқыда  ол  Т–Мобайл  Г1  (T–MobileG1)  коммуникаторы  үшiн  жасалды. 
Жарты жылдан кейiн жаңа, жетiлдiрiлген әрі өте ыңғайлы 1.0 нұсқасы пайда 
болды. 
2009  жылы  операциялық  жүйенің  төрт  жаңартуы  таныстырылған  болатын. 
Осылай,  ақпанда  әр  түрлi  қателердi  түзетумен  1.1  нұсқасы  шықты.  Сәуiрде 
және қыркүйекте тағы екi жаңарту жарыққа шықты – 1.5 «Cupcake» және 1.6 
«Donut».  «Cupcake»  жаңартуы  маңызды  өзгерiстердi  алып  келдi:  виртуалды 
пернетақта, видео жазу және ойнату, браузер және т.б. «Donut» жаңартуында 
алғаш  рет  әр  түрлi  экранның  тығыздығы  мен  кеңейтілімдерін  және  CDMA 
желiлерiн қолдау пайда болды. Сол жылдың қазанында Google–дың бiрнеше 
аккаунттарын  қолдануға  мүмкіндік  беретін,  HTML5  тiлін  және  басқа  да 
жаңалықтарды  қолдайтын  браузерi  бар  Android  2.0  «Eclair»  операциялық 
жүйесi жасап шығарылды. 
2010 жылдың ортасында Google «Froyo» атауымен Android 2.2 нұсқасын, ал 
2010 жылдыдың соңында – Android 2.3 «Gingerbread» нұсқасын таныстырды. 
«Froyo»  жаңартуынан  кейiн  смартфонды  қолжетімділік  нүктесі  ретiнде 
пайдаланып,  смартфонда  дәстүрлi  цифрлық  немесе  әрiптiк  –  цифрлы 
кілттерді 
қолдануға 
мүмкіндік 
пайда 
болды, 
ал 
«Gingerbread» 
жаңартуы   «көшiру  және  қою»  функцияларына  толық  бақылау  жүргізуге, 
қоректi  басқару  және  қосымшаларды  бақылауды  жақсартға,  бір  құрылғыда 
бiрнеше камераларды пайдалануға және т.б. мүмкіндік берді. 
2011  жылдың  22  ақпанында  планшеттарға  бағытталған  Android  3.0 
«Honeycomb» нұсқасы ресми таныстырылған болатын. 
2011  жылдың  19  қазанында  шыққан  Android  4.0  «IceCreamSandwich»  – 
планшеттерде  және  смартфондарда  қолдануға  арналаған  алғаш  әмбебап 
нұсқа. 
2012  жыл  операциялық  жүйенiң  «JellyBean»  нұсқасына  дейін  жаңартуын 
әкелді. Ол  маусым айында 4.1–шi нұсқа ретінде таныстырылды, ал қазанның 
соңында шағын жаңартудан кейiн өз нөмiр 4.2–ге ауыстырды. 
2008 жылдың 22 қазанында GoogleAndroid операциялық жүйесі үшiн онлайн 
қосымшалар  дүкенi  –  AndroidMarket–тің  ашылуы  туралы  жариялады. 
Келiсiмге бойынша өңдірушiлер – 70 %, мобильді байланыс операторлары 30 
%  пайдаға  ие  болады.  2009  жылдың  ақпанда  АҚШ  және  Ұлыбритания 
өңдірушiлері AndroidMarket–гі өз қосымшалары үшiн төлем алу мүмкiндiгiн 
алды.  SonyEricsson  –  AndroidMarket  қосымшалар  дүкенiнде  өз  онлайн 
арнасын  iске  қосқан  бірінші  компания.  Арнада  компания  қолдануға  кеңес 

беретін  ойындар  және  қосымшалар  таныстырылған.  2011  жылдың 
желтоқсанына  дейін  AndroidMarket–тен  10  миллиард  қосымша  жүктеп 
алынған болатын. 
Google  компаниясы  2012  жылдың  наурызында  «Кiтап»,  «Android  Market», 
«Музыка» және т.б. мультимедиа сервистерiн Google Play бiртұтас сервисіне 
топтастыды.  Google  Play  интернет  дүкені  190  елде  жұмыс  iстейдi,  700 
мыңнан  астам  қосымшаны  қамтиды,  ал  сервистiң  жұмыс  уақытында  25 
миллиард  шамасында  жүктеу  жасалған.Windows  Phone  –  2010  жылдың  11 
қазанында жарық көрген Microsoft компаниясымен құрастырылған мобильді 
операциялық  жүйе.21  қазаннан  бастап жаңа платформаға құралған  алғашқы 
құрылғылар  сатылуға  түсе  бастады.  Windows  Phone  сәйкес  болмаса  да 
Windows Mobile операциялық жүйесінің толығымен жаңартылған интерфейсі 
бар  және  алғашқы  рет  Microsoft–тың  Xbox  Live  және  Zune  медиаплеері 
қызметі  интеграцияланған  ізбасары  саналады.  Жүйенің  тұсаукесері 
Барселонада өткен Mobile World Congress 2010 шарасына байланыстырылды. 
 
1.2 Eclipse IDE платформасы туралы 
 
Eclipse IDE. Eclipse IDE – Java бағдарламалау тілінде қосымшаларды өңдеуге 
арналған  біріктірілген  өңдеу  ортасы  және  есептеу  техникасы  платформасы 
фреймворкі. Өзге бағдарламалау тілдері JavaScript, PHP, Python (Eclipse IDE 
7–нұсқасында  қосылмаған),  Groovy,  C,  C++,  Scala  ,  Clojure  және  өзгелері. 
Eclipse  IDE  IDE  7.0  нұсқасында  Ruby  және  Ruby  on  Rails  бағдарламалау 
тілдері  алынып  тасталды,  дегенімен  қосымша  plug–in  ретінде  орнатуға 
болады. 
Eclipse  IDE    жобасының  демеушiсі  Oracle  компаниясы  болып  табылады, 
дегенмен  Eclipse  IDE  ортасын  жасауды  бағдарламашылардың  тәуелсiз 
бiрлестiгі  (Eclipse  IDE  Community)  және  Eclipse  IDE  Org  компаниясы 
жүргiзедi. 
Сапа және мүмкiндiктері бойыша Eclipse IDE  соңғы нұсқалары Java тілінде 
бағдарламалауға  арналған  IntelliJ  IDEA  секілді  коммерциялық  біріктірілген 
өңдеу орталарынан кем түспейді. Eclipse  IDE рефакторинг, ортаның жұмыс 
мiнездемелерiн  жинақтау,  синтаксистiк  құрылымдарды  түспен  ерекшелеу, 
енгізіліп  жатқан  құрылымдарды  автоматты  түрде  толықтыру,  алдын  ала 
анықталған код үлгiлерi және т.б. мүмкіндіктерді қолдайды. 
 
Eclipse  IDE  ортасында  бағдарлама  жазу  үшiн,  ортаны  орнатуы  үшiн  және 
оның  жұмысына  алдын  ала  орнатылған  Sun  JDK  немесе  J2EE  SDK–тың 
қажетті  нұсқасы  болуы  керек.  Eclipse  IDE  ортасында  J2SE  және  J2EE 
платформаларына  арнап  бағдарламалау  қамтамасыз  етілген.  Eclipse  IDE  6.0 
нұсқасынан  бастап  жүйеде  қосымша  құрамдас  бөлiктердi  орнатпай  J2ME, 
C++  мобильді  платформаларына  және  PHP  платформасына  арнап 
бағдарламалау мүмкіндігі бар. 
Eclipse IDE Java тілінде жазылған, ол Windows, OS X, Linux, Solaris ОС және 
өзге JVM бар платформаларда істеледі. 

Eclipse  IDE  мүмкiндiктері.  Eclipse  IDE  6.1  нұсқасы  UML,  SOA,  мобильді 
телефондарға  қосымшалар  жасау  үшiн  арналғын  J2ME  құралдарын,  Ruby 
бағдарламалау тілін (Ruby on Rails – ты қоса) қолдайды. 6.5 нұсқасында PHP 
тiлін  қолдау  қосылған.  Және  де  тестілеуді  қолдау  үшiн  Python  модулі 
қосылған. 
Eclipse IDE бағдарламашыларға ортаның мүмкiндiктерін кеңейтуге мүмкіндік 
беретін  плагиндерді  қолдайды.  Танымал  плагиндердің  бiрi  –  iReport 
(JasperReports кiтапханасына негiзделген) қуатты есептер дизайнерi. 
Eclipse IDE Microsoft Windows, Linux, FreeBSD, Mac OS X, OpenSolaris және 
Solaris  (SPARC  үшiн  де,  сол  сияқты  x86  –  Intel  және  AMD  үшiн  де) 
платформалары  үшiн  дайын  дистрибутивтер  түрiнде  таратылады.  Барлық 
қалған  платформал  үшiн  Eclipse  IDE–ты  түпнұсқалардан  компиляция  жасау 
арқылы алу мүмкiндiгi бар. 
Eclipse  IDE  6.7  нұсқасында  Project  Kenai,  Groovy  тiлін  және  Grails  веб–
фреймворкін  қолдау  қосылған.  6.8  нұсқасында  Symfony  PHP–фреймворкін 
қолдау, ал 6.9 нұсқасында Zend Framework–ты қолдау мүмкіндігі бар. 
Eclipse  IDE  7  нұсқасында  өндiрушi  Ruby  және  Ruby  on  Rails  тiлдерін 
қолдаудан  бас  тарытты  (Ruby  and  Rails  құрамдас  бөлiктерін  дамытуды 
бiрлестiк  өз  қолына  алды).  Қорыта  келгенде,  соңғы  Eclipse  IDE  нұсқалары 
«қораптан»  Java  (Java  FX,  Java  ME,  Java  EE–ды  қоса),  C/C++,  Groovy,  PHP, 
HTML, JavaScript, CSS–ты ғана қолдайды және де Eclipse IDE 7 нұсқасында 
UML–моделдеу құралдары қарастырылмаған. 
Eclipse  IDE  тарихы.  Eclipse  IDE  ортасын  жасау  1996  жылы  Xelfi  атауымен 
Прага  Карлов  университеттiң  математика  және  физика  факультінiң 
басшылығымен студенттердің Java IDE жасау жобасы ретiнде басталды. 1997 
жылы Станек Роман жоба негізінде компания құрып, 1999 жылы Eclipse IDE 
IDE  құқықтарын  Sun  Microsystems–ке  беруге  дейiн  ортаның  коммерциялық 
нұсқаларын шығарумен айналысты. Sun келесi жылдың маусымында Eclipse 
IDE IDE ортасының бастапқы кодтарын жариялады. 
Соңғы  нұсқалар.  Алдыңғы  5.5.1  нұсқа  негiзде  жасалған  Eclipse  IDE  6.0 
нұсқасы  IDE  модульдарын  және  Eclipse  IDE  платформасына  негізделген 
интернет  қосымшаларды  жасауды,  интерфейстердiң  жаңа  дизайнерiн 
(«Matisse  жобасы»  атауымен  белгiлi),    CVS  нұсқаларды  басқару  жүйесін 
қолдаудың жаңа нұсқасын, Weblogic 9 және JBoss 4 серверлерін қолдау және 
жетілдірілген  редакторын  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Eclipse  IDE  6.0 
Ubuntu 8.04 және Debian дистрибутивтерiнің құрамына қосылған. 
2008  жылды  қараша  айында  шығарылған  Eclipse  IDE  6.5  (Java  Persistence, 
EJB  3  және  JAX–WS–ты  қолдауды  қоса  алғанда)  Java  EE  мүмкiндiктерін 
кеңейтеді. Бұған қосымша ретiнде, Eclipse IDE Enterprise Pack SOA визуалды 
құралдарын,  XML  схемамен  жұмыс  құралдарын,  веб–сервиспен  жұмыс 
құралдыран  (BPEL  үшiн),  UML  тiлiнде  моделдеу  мүмкіндіктерін  қосады. 
Eclipse  IDE  IDE  Bundle  for  C/C++  жиыны  C/C++  тiлдеріндегi  жобаларды 
қолдайды. 
Eclipse  IDE  7.2.  нұсқасында  қолданылатын  тiлдер  тiзiмінен  Ruby  алып 
тасталынды. 

 
1.3  Java  Eclipse  IDE  платформасында  мобильді  құрылғыларға 
қосымшалар құру мүмкіндіктері 
 
Java  ME,  Java  Card  мобильді    және  кірістірілген  қосымшаларын  жасауды 
қолдау.  Eclipse  IDE  платформасында  келесі  технологияларға  толық  қолдау 
қарастырылған: 

 
MIDP 1.0, 2.0 және 2.1профилі; 

 
CLDC 1.0 және 1.1 конфигурациясы; 

 
CDC конфигурациясы; 

 
Java ME SDK 3.0.5 пакетімен бірге жеткізіледі; 

 
Java–карталары; 

 
Apache Ant 1.8 сценарийі; 

 
мәліметтерді  оқшаулауды  және  жалғастыруды  қолдайтын    GUI 
Visual Mobile Designer көзбен шолу жобалаушысы

 
мобильді қосымшаларға арналған экран жобалаушысы

 
API MIDP 2.0 Game интерфейсіне арналған Mobile Game Builder

 
SVG  (JSR  226)  графикалық  элементтерін  қолдаушы  пайдаланушы 
интерфейсінің  SVG  құрамдастары  бар  SVG  Composer  құралы,  SVG  сипат 
редакторы; 

 
құрамдастар 
палитрасы, 
пайдаланушылардың 
құрамдастарын 
жасаушы; 

 
JMUnit 1.1.0 тестілеу; 

 
мидлет сертификаттары мен қолтаңбаларын басқару; 

 
Over–the–Air (OTA) біріктірілген эмуляциясы

 
Push–registry эмуляциясы; 

 
SMS  және  CBS  хабарламалары  үшін  WMA  эмуляциясының 
функциялары; 

 
хабарламаларды  сымсыз  жіберуге  арналған  API    интерфейсттері 
және  API  мультимедиялық интерфейсттері

 
ProGuard 4.2 көмегімен кодты шатастыру; 

 
бірнеше жобалары бар ортаны күйге келтіру;  

 
құрылғыда тестілеу және ретке келтіру; 

 
Java ME (JSR 172) мобильді веб–қызметі; 

 
ОС Mac арналған SDK MpowerPlayer платформасын қолдау (орнату). 
Мобильді  қосымшалардың  көбісінде  Java  Micro  Edition  (Java  ME) 
платформасы қолданылады. Бұл платформа мобильді телефон сияқты шағын 
құрылғыларға арналған, бірақ алуан түрлі құрылғыларда қолданылып келеді. 
Java  ME  платформасында  Java  SE  құрамдастарының,  виртуалды 
машиналардың және  API  интерфейстерінің қысқартылған ішкі  көпмүшелері 
қолданылады.  Оған  қоса  платформада  мақсатты  түрде  мобильді  және 
кіріктірме  құрылғыларға  арналған  API    интерфейстері  анықталған.  Eclipse 

IDE    Java  ME–мен  бірге    Java  ME  платформасының  екі  базалық  күйін  және 
екі қосымша мобильді мен кіріктірме платформаларын қолдайды: 


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал