Дипломдық жобада «110/35/10 кВ 2х63 мва №211»



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/4
Дата14.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4

 
 
5 Өмір тіршілік  қауіпсіздігі  бөлімі 
 
Дипломдық    жобаның    осы    бөлімінде    адамның    ағзасына    электр  
тогының  алып  келетін  зиянды  электромагниттік өріс, электр доғасы және  
электростатикалық  разрядтардың  қаншалықты  әсер  ететіні  және  де  электр  
тогынан  қорғану, қауіпсіздік  ережелері  жайлы ақпараттар  беріледі. «Өмір 
тіршілік    қауіпсіздігі»    бөлімінде    электр    қауіпсіздігінен    басқа    адамға  
шудың  қаншалықты  әсер  ететіні  жайлы  қарастырамыз. Соған  байланысты  
110/35/10  кВ    қосалқы    станциямыздың    шу    көздерінің    қаншалықты    әсер  
етуіне    байланысты    есептер    шешіп,  одан    қорғану    шараларын  
қарастырамыз.  Шу    көздерінен    шыққан    дыбыс    жиілігі    қандай    деңгейден  
басталып  адамға  жағымсыз  әсер  тудыратындығы  жайлы  және  де  шуды  
қалай  оқшаулауға  болатындығы  жайлы  мәліметтер  жазамыз. 
 
5.1 Электр  тогының  адам организіміне  әсері 
Электр    қауіпсіздігі    дегеніміз  –  электромагниттік    өрістің, 
статистикалық  электрленудің, электрлік  доға  мен  электр  тогының  зиянды  
және    қауіпті    әсерінен    адамдарды    қорғауды    қамтамассыз    ететін  
ұйымдастырылған  және  техникалық  жұмыстар  мен  шаралардың  жүйесін  
айтады. 
Дене    арқылы    жүретін    электр    тогы    адамға    жылулық,  биологиялық  
және  электролиттік  әсер  етеді. Оларға  толығырақ  мәлімет  беретін  болсақ: 
а)  Токтың    жылулық    әсері    электр  энергиясының    жылуға      айналу  
барасында    сезілетін    процесс.  Бұл    кезде    тері,  бұлшық    ет    және    қан  
тамырларының  қызуын  тудырады.  
б)  Токтың    биологиялық    әсерінде    тоқтың    бұлшық    еттері    арқылы  
жүру  кезінде  бұлшық  еттердің  тартылып  қысқаруын тудырады. 
в)  Токтың    электролиттік    әсері    адам    ағзасындағы    қан    құрамының  
өзгеруіне  алып  келеді [12]. 
Электр    тогына    түсіп    қалғанда    келесідей    зақымданулар    болуы  
мүмкін:  күйік    шалу,  терінің    металдануы,  электроофтальмия,  электр  
соққысы,  механикалық    зақымданулар.  Бұл    зақымданулар    адам  
денсаулығына    үлкен    зиянын    тигізеді.  Олар    жайлы    толығырақ    мәлімет 
беретін  болсақ: 
а) Электр  күйігі  электр  тогының  жылулық  әсерінен  пайда  болады. 
Тұйықталу  кезінде  пайда  болған  электр  доғасының  әсерінен  адам  күйік  

96 
 
алуы  қаупі  болады, өйткені  оның  температурысы  3000-6000˚С  аралығынды  
жүреді. 
б)  Терінің    металдануы    электр    тогының    әсерінен    металдың    майда  
бөлшектері    теріге    сіңуі    нәтижесінде    іске    асады.  Соның    салдарынан  
терінің    электр    өтімділігі    жоғарылайды,  демек    терінің    кедергісі    күрт  
төмендейді. 
в)  Электроофтальмия    деп    тұйықталу    кезінде    пайда    болған    электр  
доғасының   ультрафиолеттік  сәулесі  көздің  сыртқы  қабатын  зақымдауын   
айтамыз.  
г) Электр  соққысы, адам  ток  өтіп  тұрған  сымды  екі  немес  одан көп  
жерімен    жанасқанда    пайда    болады,  ол    кезде    адам    ағзасы    жалпы  
зақымдалынады,  жүйке    жүйесі  және    жүрек    тамырларының    бұзылуы, 
бұлшық  еттерінің  тырысуын  пайда  қылады.  
е) Механикалық  зақымданулар, адамның  электр  соққысы  салдарынан  
төбеден құлау  нәтижесінде  сүйектердің  сынуы салдарынан  болады. 
Өндірістік    жиіліктегі    (50  Гц)    кернеуі    500  В    дейінгі    айнымалы    токтағы  
электр  қондырғылары  тұрақты  токқа  қарағанда  өте  қауіпті  болып  келеді. 
Бұл    адам    ағзасындағы    клеткалардың    күрделі    биологиялық    процестеріне  
байланысты  болады. Ток  жиілігі  өскен  сайын, зақымдалу  қаупі  азаяды. 
Адамға  айнымалы  токтағы, жиілігі  50 Гц әсер  етуі  0,5-1,5 мА  аралығында  
сезінеді, ал  тұрақты  токта  5-7 мА дейін. Бұл  жағдайда  адамның  саусақтары  
қалтырап, дірілдейді,  ал  тұрақты  токта  тері  қыза  бастайды. Бұл  токтарды  
бастапқы  сезіну  токтары  деп  атайды. 
Жіберілмейтін  токтарда  қолдың  бұлшық  еттерінің  тырысуы  болады, 
яғни  адам  өз  еркімен  қолын  ток  жүретін  бөліктерден  ала  алмайды. Оның  
мәндері  айнымалы  тоқ  үшін  10-15 мА,   ал  тұрақты  ток  үшін  50-80 мА. 
Токтың  ары  қарай  өсуі  жүрек  қан  тамырларының  зақымдалуына  алып  
келеді. Адамның  дем  алуы  қиындайды, жүрек  жұмысы  өзгереді. 
Фибрилляциялық    ток    жүрек    фибрилляциясын,  яғни    жүрек  
тамырларының    әлсізденуін,  түршігуін    және    тырысуын    пайда    етеді. 
Фибрилляция    нәтижесінде    жүректен    бүркелетін    қан    қажетті    өмір    сүру  
органдарына    бармайды.  Қан    бармаған    адам    миы    ары    кетсе    5-8    минут  
аралығында  өмір  сүреді. Сондықтан  бұл  жағдайда  зақымдалған  адамға  тез  
және  өз  уақытында  алғашқы  көмек  көрсету  керек. Фибрилляция  тогының  
мәндері  80-5000 мА  аралығында  болады. 
Адам  организімі  арқылы  өтетін  токтың  мәні  берілген  кернеуге  және  
дене  кедергісіне  байланысты  болады. Кернеу  қаншалықты  жоғары  болса, 
адам  денесінен  өтетін  ток  көлемі  де  соншалықты  көп  болады [12]. 
Адам    денесінің    кедергісі    сондай-ақ    токтың    жиілігіне    байланысты  
өзгеріп    отырады.  Ток    жиілігі    артқан    сайын    адам    денесінің    кедергісі  
төмендеп, ағатын  ток  көлемі  арта  бастайды. Адам  денесінің  кедергісі  әр  
дене    бөлігінің    терілерінің    аймақтарына    байланысты    және    тері  
ылғалдылығына    байланысты    өзгереді.  Орташа    шамамен    кедергі  1  кОм  
шамасында  алынған. 

97 
 
5.1  кестеде    адам    денесі    арқылы    өтетін    электр    тогының    мәні    мен  
тегіне  байланысты  зақымдалу  дәрежелері  беріледі. 
 
5.1 кесте – Адам  денесі  арқылы  өтетін  электр  тогының  мәніне және  тегіне  
байланысты  зақымдалу  сипаттамасы [12] 
I, мА 
50 Гц айнымалы  токта 
Тұрақты  токта 
0,6-1,5  Сезіну 
 
пайда 
болады, 
қол  
саусақтарының  дірілі 
Сезілмейді 
5-7  Қолдың  қалтырауы 
Сезіну    пайда    болады, 
терінің  қызуы 
8-10  Қолды    электродтан    әрең    алуға  
болады, бірақ  сүйектер  қатты  ауырады 
Қызудың  көтерілуі 
20-25  Қолды    электродтан    тартып    алу  
мүмкін  емес, тыныс  алу  қиындайды 
Бұлшыұ    еттің    кішкене  
қысқаруы 
50-80  Тыныс 
  алу    тоқтайды,  жүрек  
фибрилляциясы  басталады 
Қатты    қызу,  қолдағы  
бұлшық 
 
еттің  
қысқаруы,  тыныс    алу  
қиындайды 
90-100  Жүрек  соғуы (әсер  ету  уақыты 3с көп) 
және  тыныс  алу  тоқтайды 
Тыныс  алу  тоқтайды 
 
Электр  қауіпсіздігі  бойынша  нұсқаудың  түрлері: 
Электр    қондырғыларға    қызмет    көрсетуге    жіберілетін    тұлғалар  
дендері    сау    және    жұмысты    қауіпсіз    істеуге    кедергі    келтірмейтіндей  
зақымдары  болмауы  керек. 
Электр    қондырғыларға    қызмет    көрсетуге    денсаулық    тұрғысынан  
жарамдылығы  жұмысқа  қабылданған  кезде  құжаттау  жолымен  аныталады.  
Электр    қондырғыларға    немесе    оларды    жөндеу-жинау    жұмыстарына  
қызмет  көрсетуге  жіберілетін  тұлғалар  тиісті  техникалық  дайындағы  және  
орындайтын    жұмысы      мен    қызметіне    сәйкес    квалификациялық    тобы  
болуы  керек. 
Электр    қондырғыларға    қызмет    көрсетуге    жіберілетін    тұлғалар  
кернеуге    түсіп    қалғандарды    босату    тәсілдеріне,  жасанды    дем    алдыру, 
алғашқы  дәрігерлік  көмек  көрсету  ережелеріне  үйретілуі   керек.   
Кәсіпорынның  бас энергетигі  электр  жабдыққа  дер  кезінде  тексеруді, 
ағымдық    және    жоспарлық    жөндеуді,  жарықтағыш    аппаратураны    және  
жарық    шағлыстыратын    беттерді    тазалауды,  дер    кезінде    электр  
жабдықтардыңң    тозуынан    және    ақаулығынан    электр    жарақаттарды    дер  
кезінде  алдын  алуды; электр  жабдықтарға  қызмет  көрсететін  тұлғалардың  
білімін    тексеруді;  қызметкерлерді    нұсқаумен    қамтамассыз    етуді,  электр  
қауіпсіздігі    бойынша    арнайы    іс-шаралар    өткізуді;  жерлендіру    жағдайын  
тексеруді;  дер    кезінде    паркті    электр    қондырғыға    керекті    қосымша  
бөлшектермен  толықтыруға; электр  қондырғылардың  тиімді  және  қауіпсіз  
жұмыс  істеуіне  себеп  болатын  жаңа  техниканы  енгізуге  міндетті [11]. 

98 
 
Дабыл  түстері  және  электр  қауіпсіздігі  белгілері: 
Дабылды    жарыпен    немесе    дыбыспен    орындайды.  Жарық    дабылы  
үшін  МЕСТ 12.2.007-75  сәйкес  түстер  пайдаланылады. 
Қызыл – тыйым  салатын  және  авариялық  дабылдар  үшін, сонымен  
бірге  артық  күшті, дұрыс  емес  іс-әрекетті, қауіпті, берілген  бөліктің  электр  
қондырғыларына  және т.б. қауіпті кернеу  берілгені  туралы  ескерту  үшін. 
Сары  –  көңілді    аудару    үшін  (дұрыс    жұмыс    режимі,  істі    бастауға  
рұқсат, электр  қондырғының  кернеуін  алу  туралы және т.б.) 
Ақ – ажыратқыштың  қосулы  жағдайын  белгілеу  үшін. 
Көк – арнайы  жағдайларда, басқа  түстер  қолдануға  мүмкін  болмаған  
жағдайда. 
Дабыл  шамдары  және  басқа  да  жарық  дабылды  апаттар  белгілер  
немесе  дабылдардың  мағынасын  көрсететін  жазулар  болуы  керек (мысалы, 
«ҚОСУЛЫ» , «АЖЫРАТУЛЫ»). 
Қоңырау    немесе    шырыл    және    қызыл    шам  әдетте    электр  
қондырғыларды  қауіпті  кернеудің  пайда  болуы  туралы  ескертеді. 
Сонымен    бірге    сымдардың    оқшаулағыштарының    айырықша    бояуы  
қолданылады. 
Қара (күңгірт қоңыр) – күштік  тізбектер. 
Қызыл  (қызғылт-сары,  қызғылт)  –  басқару,  дабыл,  жергілікті  
жарықтандыру, ауыспалы  тоқ  тізбектері. 
Жасыл-сары (жасыл) – жерлендіру  тізбегі. 
Электр    қондырғыларды    қосуды    орындайтын    басқару    органдары  
(қара,  сұр    немесе  ақ).  Бұл    кезде  электр    қондырғылардың    басқару  
органдарында  жазу  болуы  керек (қосу, ажырату, тежеу  және т.б.). 
Электр    жарақатынан    сақтандыру    үшін    қауіпсіздік    белгілерін, 
сонымен  бірге  ескертетін  плакаттарын  қолданады.  
Сипаттамасы  бойынша  плакаттар  тұрақты  және  алып  жүретін  болуы  
мүмкін. 
Тұрақты  плакаттар  жұқа  маталармен  жасалады. 
Алып    жүретін,  әдетте    құрылыс    жұмыстарын    жүргізгенде  
пайдаланылатын    плакаттардыоқшаулағыш    немесе    нашар    өткізгіш  
материалдардан    (пластиккалық    материалдар,  фанера,  қалың    картон    және 
т.б.). 
Плакаттардың  негізгі  мәнісі: 
- кернеуде  болатын  бөліктерге  жақындаған  кезде  қауіпті  ескерту
-  жұмыс    үшін    бөлінген    жерге    кернеу    беруі    мүмкін    аспаптармен  
жұмыс  істеуге  тыйым  салу; 
- жұмыс  істейтін  жерді  көрсету; 
- қауіпсіздік  шараларын  қолданғаны  туралы  ескерту. 
«Электр    қондырғыларды    пайдаланылатын    қорғаныс    құралдарын  
қолдану  және  сынау  ережелеріне» сәйкес  белгілер  мен  плакаттар, сонымен  
бірге  тыйым  салатын, рұқсат  ететін  және  құлағдар  ететін  плакаттар.  

99 
 
Плакаттар  мен  жазулар – кернеуде  болатын  ток  жүретін  бөліктерге  
абайсызда    жанасу    ескерту    ғана    емес,  қызметкердің    қате    іс-әрекетінің  
алдын  алу, жұмысқа  дайындалған  орындары  жұмыс  істеушілерге  көрсету, 
қондырғының  кернеудегі  берілген  бөлігін  қосуға  қолданылған  қауіпсіздік  
шаралары  мен  тыйым  салу  үшін  де  ең  бір  керекті  құрал. 
Дабыл  түстерін  және  электр  қауіпсіздігі  белгілерін  пайдалану  мен  
олардың    талаптарын    орындау    көліктегі    және    құрылыстағы    элекр  
жарақаттарын  азайтуға  мүмкіндік  береді [11]. 
Оқшауланған  және  жерленген  бейтарапты  желілерде  ток  жүретін  
бөліктерге  жанасудың  қауіптілігі. Кернеу  қадамының  қауіптілігі 
Адамды    токпен    соғу    қаупі    бірнеше    факторларға    тәуелді:  адамның  
тізбекке    қосылуы,  желі    кернеуі,  желінің    өзінің    сұлбасы,  оның  
бейтарабының    режиміне,  жердің    ток    жүретін    бөліктерін    оқшаулау  
дәрежесіне, сонымен  бірге  жерге  салыстырмалы  ток  жүретін  бөліктердің  
көлеміне  тәуелді. 
Адамның екі фазаға қосылуы сирек болады, көбінесе бір фазаға қосылу 
жиі кездеседі. 
 
 
 
5.1 сурет – Адамның екі фазалық электр желісіне  
қосылу сызбасы 
 
Кернеуде  болатын  электр  қондырғының  бір  фазасына  қосылу  кезінде, 
зақымдану  дәрежесі  қондырғы  бейтарбы  жерленген  бе  немесе  жоқпа  соған 
тәуелді. 
 
 
 
а - тұйық жерленген сызбада;       б - оқшауланған бейтарабымен. 
5.2 сурет - Бірполюсті жанасу сызбасы 

100 
 
Электр қондырғының ток жүретін бөліктеріне адамның жанасуының үш 
түрінің талдауы көрсеткендей өте қауіптісі қондырғының әртүрлі екі фазасына 
жанасу  болып  табылады.  Бұл  кезде  адам  толық  сызықтық  кернеу  әсеріне 
ұшырайды, ал ток жүретін бөліктің оқшаулағышы қорғаныс шарасын көрсете 
алмайды. Нөлдеу кезінде аз қауіпті болып бір фазалық есептеледі. Адам бұл 
кезде  толық кернеуден 1,73  есе  аз  фазалық  кернеулі  электр  тогының  әсеріне 
ұшырайды. 
Адам  үшін  аз  қауіпті  болып  оқшауланған  бейтарапты  қондырғыда  бір 
фазаға  қосылу  табылады,  өйткені  бұл  жағдайда  жабдықтың  ток  жүретін 
бөлігінің оқшаулағышы қорғаныс шарасын көрсетеді. 
Қадам  кернеуінің  қауіптілігі.  Жерде  болатын  кез  келген  өткізгіштің 
айналасында  Токтың  таралу  аймағы  пайда  болады.  Мұндай  аймақ  жерге  ток 
жүретін  сымдарды  оқшаулаған  кезде  де  пайда  болады.  Токтың  таралу 
аймағына  болып  қалған  адам  «қадам  кернеуі»  деп  аталатын  токқа,  ол 
өткізгішке жанаспаса да түседі. 
Қадамдық  кернеу  –  бұл  жер  бетінде  екі  нүкте  арасында  бір  бірінен 
қадам қашықтығында (80 см) пайда болатын кернеу және оларда бір мезгілде 
адам тұрады. 
Бұл жерден қашықтаған сайын ток потенциалы азаяды және шамамен 20 
м  тең  қашықтықта  нөлге  тең  болуы  мүмкін.  Электр  өткізгішті  жермен  қосу 
жерінен адамның қауіпсіз болатын қашықтығы 20 м тең [11]. 
 
5.2 Өндірістегі шу  және  шудың  адам  организіміне  әсер  етуі 
Шу – адамның естуіне  жағымсыз  әсер  ететін  және  демалуына, жұмыс  
істеуіне    кедергі    жасайтын    дыбыстар    жиынтығы.  Дыбыс    жиілікпен  
(қарқындылық) және  дыбыстық  қысыммен  (Р)  сипатталады [12]. 
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр 
жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, 
шу  жағдайындағы  жұмыс  ету  стажына,  жұмыс  уақытындағы  шудың 
ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты. 
Шумен  байланысты  еңбек  процесі  кезінде,  адам  денесі  мәжбүрлі 
қалыпта  болатынын,  белгілі  бір  бұлшық  еттер  тобының  кернелікте  болуын, 
нервтік-эмоционалдық  кернеулікті  және  осыған  қоса  дірілдің,  шаңның,  улы 
заттардың,  қолайсыз  метеорологиялық  жағдайлардың  әсерін  ұмытпау  керек. 
Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады. 
Патогенезі.  шудың  адам  ағзасына  әсерінің  механизмі  күрделі  және 
толығымен  зерттелмеген.  Шу  туралы  пікірлер  айтылған  жағдайларда,  ең 
алдымен  есту  мүшесіне  аса  көңіл  аударылады.  Сонымен  қатар    шу  есту 
мүшелерінен  бөлек  терідегі  сезімьал  рецепторлар  арқылы  да  қабылдануы 
мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс 
сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған. 
Ішкі  құлақтың  есту  анализаторларының  шеткі  бөлімдерінің  шудың 
әсерінен  жарақаттануына байланысты,  бірқатар  зерттеушілердің    тексерулері 
бойынша,  ету  ағзасындағы  өзгерістердің  пайда  болуымен  түсіндіріледі. 

101 
 
Осымен  ішкі  спирал  және  спиралды  ағзадағы  (кортиев)  зақымдалған 
клеткалардың  алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың 
айтуы  бойынша ұзақ  шудың  әсері ішкі  құлақтағы    тұрақты  қан  айналымның 
бұзылыстарына  әкеледі,  ол  лабиринттегі  сұйықтықтардың  өзгерістерінің 
себептері  болып  табылады  және  спиралды  ағзаның  сезімтел  элементтерінің 
дегенеративті процестерін тудырады. 
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу 
керек.  Қарқынды  түрдегі  ұзақ  шудың  әсерінен  ұлудың  нервтік  аппаратында 
дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп 
күш түсумен негізделген. 
Естудің  төмендеуі  кейбір  биохимиялық  процестерге  негізделген. 
Жануарлардың  спиралды  ағзасын  гистохимиялық  тексерулер  кезінде, 
гликогенннің  құрамындағы  нуклеин  қышқылдарын,  сілтілі  және  қышқылды 
фосфатазаны,  янтарлы  дегидрогеназа  және  холинэстеразалық  өзгерістер 
анықталған. 
Адекватты  емес  өзгерістердің  пайда  болуы  мен  шудың  әсерлеріне 
жауаптары    есту  анализаторларының    анатомиялық  физиологиялық 
байламдарындағы  нерв  жүйесінің  әртүрлі  бөліктерінде  орналасуға 
байланысты.  Есту  анализаторларының  рецепторлық  аппараты  арқылы  әсер 
ететін, акустикалық тітіркендіргіштер,  тек қана қыртысты бөлімде ғана емес 
сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды 
шақырады [6]. 
Адамның    құлағы    16  Гц  –  20  кГц  диапозондық    жиілікте    естілетін  
дыбысты    қабылдай    алады.  16  Гц    жиіліктен    төмен    тербелісті  
инфродыбыстар  деп, ал 20 кГц-тен жоғары  ультрадыбыстар  деп  атайды. 
Дыбыстық    толқынның    таралуы    кеңістікте    тербелісті    энергиямен    бірге  
жүреді.  Оның    1  м
2
    ауданынан    өтетін,  перпендикуляр    бағытта    таралатын  
дыбыстық    толқында    орналасқан    саны    дыбыс    күшіне    I,  Вт/м
2
    немесе  
қарқындылық  қызмет  етеді 
 
S
E
I


 
 
 
 
    (5.1) 
 
мұндағы  Е – дыбыс  энергиясының  ағыны, Вт;  
                 S – аудан, м
2

Адамның    есту    мүшесі    қарқындылыққа    емес,  ал    дыбыс    толқыны  
беретін    қысымға    Р,  Па  сезімтал    болады    және    ол    мына    формуламен  
анықталады 
 
S
F
P


 
 
 
 
(5.2) 
 
мұнда F – дыбыстық  толқынның  жазықтыққа  әсер  ететін  күш, Н;  

102 
 
           S – дыбыс  толқынына  түсетін  жазықтықтың  ауданы, м
2

Тәжірибеде    қолданатын    қарқындылықтың    өлшемі    және    дыбыстың  
қысымы  кең  аралықта  өзгереді. 1000 Гц жиілікте  есту  қабілетіне  10
12
 Вт/м
2
 
қарқындылықты    дыбыс   және   2·10
5
  Па    дыбыстық    қысым    сәйкес    келеді. 
10
12
 Вт/м
2
 қарқындылықты  дыбыс  және  2·10
2
 Па  дыбыстық  қысым  кезінде  
құлаққа  ауыртпалы  сезім  туады. Бұл  деңгейлер  ауырып  сезілудің  босағасы  
деп    аталады    және    сәйкесінше    10
14
    және    10
7
    рет    есту    босағасын  
жоғарылатады.  Сондықтан    шуылды    бағалау    үшін    қарқындылықтың    
абсольюттік    мәні    мен    қысымы    емес,  естудің    бастапқы    кезеңіне    сәйкес  
келетін  дәлел  арқылы  құрылған  қарқындылық  пен  қысым  шамаларының  
қатынасын  сипаттайтын  алгоритімдік  бірліктегі  деңгейін  өлшеу  ыңғайлы. 
Логарифмдік  бірлікте    қарқындылық    және    дыбыс    қысымының    10    есеге  
өсуі  бел (Б)  деп  аталатын  1  бірлікке  сәйкес  келеді. 
 
0
0
lg
2
lg
P
P
I
I
L

.   
 
 
 
(5.3) 
 
мұндағы    I
0
    және    Р
0
  –  дыбыстық    қысым    мен    қарқындылықтың  
берілген  мәндері. 
Дыбыс  ретінде    қабылдайтын    энергияның    бүкіл    диапозоны    13-14  Б  
шартында  қабылданады. Ыңғайлы  болу  үшін  10  есе  кіші  децибел   (дБ)  
пайдаланылады,  ол    құлақпен    ажырататын    дыбыс    күшінің    минималды  
өсуіне  сәйкес  келеді. 
Қазіргі  кезде  шудың  қарқындылығын  дыбыстық  қысым  деңгейінде  
сипаттайды. Ол  келесі  формуламен  анықталады 
 
0
lg
20
P
P
L

.  
 
 
 
    (5.4) 
 
мұндағы Р – дыбыстық  қысымның  орташа  квадраттық  мәні, Па;  
Р
0
  –  дыбыстық    қысымның    берілген    мәні    (ауада  Р
0
  =  2·10
5
 
Па). 
Дыбыстың    үшінші    қажетті    сипаттамасы    болып    оның    биіктігін  
анықтайын,  1  с  (Гц)    өтетін    тербеліспен    өлшенетін    тербеліс    жиілігі  
анықтайды.  Тербелістің    естілетін    диапазоны    октавты    тіліктерге  
үлестірілген.  Олардағы    жоғары    шекарасы    екі    есе    төменгі    жиілікке    тең. 
Әрбір    октав    тіліктері    орташа    геометриялық    жиілікпен    сипатталады,  ол  
келесі  формуламен  анықталады. 
 
1
2
1
2
1
4
.
1
2
f
f
f
f
L





 
 
 
(5.5) 
 
мұндағы  f
1
 – төменгі  шекаралық  жиілік, Гц;  
       f
2
 – жоғары  шекаралық  жиілік, Гц [12]. 

103 
 
Адамға  әсер  ететін  шудың  жіктелімі 
Спектр    сипаты    бойынша:  үздіксіз    спектрлі    кеңістікті    шу;  спектрда  
лебізді  рең  беретін  тональды  шу. 
Уақыттық    сипаттамасы    бойынша  –  тұрақсыз    шу.  Тұрақсыз    шулар  
уақыт  аралығында  тербеліс  және  импульсті  тербеліс  болып  бөлінеді [12]. 
Ультрадыбыстың  гигиеналық  жіктелімі 
Таралу  тәсілі  бойынша  түйіспелі  және  ауалық  болып  бөлінеді. 
Ультрадыбыс      тербеліс    көзінің    түрі    бойынша    қолдық    және  
стационарлы  болып  сипатталады. 
Ультрадыбыстық    тербелістің    спектрлік    сипаты    бойынша:  төменгі  
жиілікті  ультрадыбыс – 16-63 кГц; орташа  жиілікті  ультрадыбыс – 125-250 
кГц; жоғары  жиілікті  ультрадыбыс – 1-31,5 МГц. 
Ультрадыбыстық  тербелістің  өндіру  тәртібі  бойынша: тұрақты  және  
импульсті  ультрадыбыс. 
Ультрадыбыстық    тербелістің    сәулелену    тәсілі    бойынша  
магнитстрикционды    генераторы    бар    ультрадыбыстың    көздері    және  
пльезоэлектрлі  генераторы  бар  ультрадыбыстың  көздері. 
Қорғаныс  әдістері:   
а) шу  көздеріндегі  шуды  азайту
б) арақашықтықпен  қорғану, процесті  алыстан  басқару; 
в) құрылғылар  мен  цехтарды  дұрыс  орналастыру; 
г)  дыбысты    өзіне    сіңдіретін    және    оқшаулайтын    материалды    
қолдану [12]. 
 
5.3 Қосалқы  станциямыздың 110/35/10 кВ шу  деңгейін  есептеу 
Қосалқы  станциямыздың  шуға  тексеру  себебім,  кейін  орналасу  орны  
бойынша, оның  жанында  мектеп, университет  немесе  тұрғын  үйлер  болуы  
мүмкін. Егер  шу  мәнін  есептесем, кейін  қосалқы  станциямыздың  орналасу  
аймағын    дұрыс    таңдауыма    себепкер    болады.  Себебі    оқып    жүрген  
оқушылар  мен  студенттерге  шу  деңгейі  оның  білім  деңгейінің  нашарлап, 
сабақ  оқуына  кедергі  жасайды. Трансформаторым  өлшемдері  17 x 18 x 7 м 
ғимаратта орналасқан. Трансформатор  қуаты  63 МВА-ге  тең. Келесі  кестеде  
5.2    трансформатордың    қуатының    шу    деңгейіне    қатысты    сипаттамалары  
беріледі [14]. 
 
5.2 кесте – Трансформатордың  шуылдық  сипаттамасы [15] 
Қуаты (кВА) 
Қуатқа  байланысты  дәлдікпен  алынған  
дыбыс  деңгейі L
pa
, дБА 
250 
65 
400 
68 
630 
70 
1000 
74 
 

104 
 
Дыбыс    қысымын    акустикалық    шамалау,  бірнеше    шу    көздерінің  
орналасуымен  орындалады L, дБ: 
 
















m
i
т
ш
Lwi
i
i
i
Lwi
кВ
r
Ф
L
1
1
1
.
0
2
1
.
0
10
4
10
lg
10

.  
 
(5.6) 
 
мұндағы L
w
 – дыбыс  қуатының  октавалық  деңгейі, дБ;  
                χ – жақын  аймаққа  әсер  ету  коэффициенті;  
Ф – шу  көзінің  бағытталған  факторы;  
r  –  шу    көзінің    акустикалық    орталығынан    есептік    нүктеге  
дейінгі  ара  қашықтығы, м;  
k  –  ғимараттағы    дыбыстың    диффузиялық    бұзылуын  
ескеретін  коэффициент;  
В – ғимараттың  акустикалық  тұрақтысы, м
2

Ғимаратты  акустикалы  тұрақтысы: 
 
ср
A
B



1
.  
 
 
 
  (5.7) 
 
мұндағы  α
ср
 – орташа  дыбыс  жұтылу  коэффициенті;  
      А – дыбыс  жұтылудың  эквиваленттік  ауданы, м
2

Дыбыс  жұтылудың  эквиваленттік  ауданы: 
 
i
i
S
A



.   
 
 
 
(5.8) 
 
мұндағы α
i
 – i-ші  беттегі  дыбыс  жұту  коэффициенті;  
      S
i
 – i-ші  беттегі  аудан, м
2

 
5.3 кесте – Бастапқы  берілгендері 
Параметрлері 
Жақын  аймаққа  әсер  ету  коэффициенті 
χ = 2; 
Трансформатор  қуаты 
63МВА 
Шу  көзінің  бағытталған  факторы 
Ф = 1; 
Кеңістіктегі  көздің  шағылу  бұрышы 
Ω = 2π рад; 
Шу    көзінің    акустикалық    орталығынан  
есептік  нүктеге  дейінгі  ара  қашықтығы 
r
1
 = 10 м; 
r
2
 = 12 м; 
Ғимараттағы    дыбыстың    диффузиялық  
бұзылуын  ескеретін  коэффициент 
k = 1.25; 
Орташа  дыбыс  жұтылу  коэффициенті 
α
ср
 = 0.15; 
i-ші  беттегі  аудан 
S = 37 м
2
 
Дыбыс  жұтылудың  эквиваленттік  ауданы 
А = 5.55 м
2
 
Ғимаратты  акустикалы  тұрақтысы 
В = 6.53 м
2
 

105 
 
Қосалқы    станциядағы    трансформатор  бірдей    типтегі  екі  ТДТН-
630000/110 трансформаторы  болып  табылады.  
Бұл  трансформатордың  өлшемдері 7.2 x 5.2 x 6.6 м. 
Трансформатор    қуатына    сәйкес    дыбыс    деңгейі:  L
pa
  =  70  дБА        
болды [14]. 
 
Қосалқы    станцияда  Т1  Т2  екі    күштік    трансформатор    параллель  
жұмыс  істеп  тұр. Олардың  қуаттары, типтері  және  параметрлері  бірдей. 
Демек  жаңағы    таңдалған    қуат    деңгейін    екінші    трансформаторға    да  
теңестіре    аламыз.  Есептік    нүктеден    трансформаторларға    дейінгі  
арақашықтық  суретте 5.3 көрсетілген. 
Дыбыс  қысымын  есептеймін: 
 


937
.
69
2
10
53
.
6
25
.
1
4
12
2
1
2
10
10
2
1
2
10
lg
10
70
1
.
0
2
70
1
.
0
2
70
1
.
0































L
дБА. 
 
Қоршалған  аймақтан  өтіп, таралған шу  дыбысының  қуаты  
пр
w
L

 
R
S
k
В
L
Ш
n
i
L
пр
w
wi







lg
lg
10
lg
10
10
lg
10
1
1
.
0

 
мұндағы 
пр
w
L
 –  i-ші  көзден  шыққан  дыбыс  қуаты, дБА;  
В
ш
  –  шу    көзімен    бірге    ғимараттағы    акустикалық    тұрақты, 
м
2
;  
S – қоршаманың  ауданы, м
2
;  
R – қоршаудағы  дыбыс  оқшаулағыш, дБА. 
Ғимараттағы    шу    көздерінің    орналасу    сұлбасы    А    қосымшасы  А.14  
суретте  көрсетілген. 
Есептеу    үшін    келесідей    мәндерді    аламыз.  Оның    мәндері  кесте  5.4 
берілген: 
 
5.4 кесте – Бастапқы  берілгендері 
Параметрлері 
i-ші  көзден  шыққан  дыбыс  қуаты 
69.937≈70 дБА 
Шу 
көзімен 
бірге 
 
ғимараттағы  
акустикалық  тұрақты 
В
ш
 = 6.53 м
2
 
Қоршаманың  ауданы 
S = 400 м
2
 
Қоршаудағы  дыбыс  оқшаулағыш 
R = 47дБ 
 
Қоршау  жарты  кірпішпен  қаланған  және  сыртында  сылағы  бар  деп  
ескереміз. Жалпы  қалыңдығы 15 см. 
Қоршалған  аймақтағы  дыбыс  қысымын  есептейміз: 

106 
 
28
.
11
47
400
lg
25
.
1
lg
10
53
.
6
lg
10
10
lg
10
70
1
.
0








пр
w
L
дБА. 
 
Санитарлық    нормаларға    сәйкес  СН  2.2.4/2.1.8.562-96  жұмыс  
орындары,  тұрғын    үйлер,  қоғамдық    орындарда,  университет    пен    мектеп  
аймақтарында    мүмкін    болатын    шу    дыбысының    деңгейі  55  дБА    аспауы  
қажет.  
Демек    есептеген  бойынша    осы    жұмыста    шу    дыбысының    деңгейі  
11.28 дБА < 55 дБА болды. Яғни  шарт  толық  қанағаттандырылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

107 
 
Қорытынды 
 
 
Мен    бұл    дипломдық    жобада    қосалқы    стансаның    релелік  
қорғанысының  қалай  жобалау  керектігімен  таныстым. Қысқа  тұйықталулар  
жасап, әр  түрлі  тұйықталу  түрлеріне  байланысты  қорғанысты  таңдап, оның  
қойылымдарын    терминалда    қалай    орнатылатынын    білдім.  «Schnider 
Elektric»    компаниясының    Micom    терминалдарымен    жұмыс    жасауды  
үйрендім.  Оны    қойылымдарын  Easergy    Studio    бағдарламасында    қалай  
өзгертуді  білдім. Трансформатор  қорғаныстары: дифференциалдық, газдық, 
МТҚ; желі  қорғаныстары: дистанциондық қорғаныс, НРТҚ  есептедім де, сол  
қорғаныс    бар    Micom    терминалдарын    таңдадым.  Қорғаныс    түріне  
байланысты  оның  сипаттамасын  тұрғыздым.  
Дипломдық  жобаның  арнайы  бөлімінде  жарықты  сканерлейтін  және  
жарық  бағыты  бойынша  бұрылатын  трекердің  эксперименталдық  макетін  
жасадым. Оның  ерекшелігі  мен  тиімділігі  жайында  ақпараттар  бердім. 
Дипломның  өмір  тіршілік  қауіпсіздігі  бөлімінде  электр  қауіпсіздігі  
жайлы    ақпараттармен    таныс    болдым.  Және    де    қосалқы    стансаның    шу  
деңгейін    қалай    есептейтінін    білдім.  Шудың    адам    ағзасына    қаншалықты  
зияндығымен  таныс  болдым. 
Экономикалық    бөлімінде    қосалқы    стансаның    инвестициялық  
жоспары  қалай  құрылатындығы  жайында  білдім. Стансаның  жабдықтары  
мен    шығындарына    кететін    қаражатты    есептеуді    үйрендім.  Жобаланған  
қосалқы  стансаның  қанша  жылда  пайда  түсіретіндігінің  анықтау  жолын  
білдім. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

108 
 
Пайдаланылған  әдебиеттер 
 
1.  Чернобровов  Н.В.,  Семенов  В.А.  Релейная    защита    энергетических  
систем:  Учеб.  пособие  для    техникумов.  Часть  –  1.  –М.:  Энергоатомиздат, 
1998. – 800с.: ил. 
2.  Чернобровов  Н.В.,  Семенов  В.А.  Релейная    защита    энергетических  
систем:  Учеб.  пособие  для    техникумов.  Часть  –  2.  –М.:  Энергоатомиздат, 
1998. – 800с.: ил. 
3.  Рожкова  Л.Д.,  Козулин  В.С.  Электрооборудование    станций  и 
подстанций:  Учебник    для    техникумов.  –  3-е  изд.,  перераб.  и  доп.  –  М.: 
Энергоатомиздат, 1987. – 648 с.: ил. 
4. Неклепаев Б. Н., Крючков И. П. Электрическая часть электростанций 
и  подстанций:  Справочные  материалы  для  курсового  и  дипломного 
проектирования:  Учеб.  пособие  для  вузов.  –  4-е  изд.,  перераб.  и  доп.  –  М.: 
Энергоатомиздат, 1989. – 608 с. 
5. Manual Micom P116, 20.02.2010 г. 
6.  Методические  указания  по  выбору  параметров  срабатывания 
устройств  РЗА  подстанционного  оборудования  производства  ЗАО  «АРЕВА 
Передача и Распределение». ОАО «ФСК ЕЭС» 2011 г. 
7. Manual Micom P435, 20.02.2012 г. 
8.  MiCOM  P631/P632/P633/P634    Устройства  дифференциальной  
защиты трансформаторов, 02.2013 г. 
 
9. 
Шабад  М.  А.  Расчеты  релейной  защиты  и  автоматики 
распределительных  сетей.  –  3-е  изд.,  перераб.  и  доп.  –  Л.:  Энергоатомиздат. 
Ленингр. Отд-ние, 1985. – 296 с. 
10. Справочник по электроснабжению и электрооборудованию: В 2 т. Т. 
1.  Элетроснабжение/Под  общ.  ред.  А.  А.  Федорова.  –  М.:  Энергоатомиздат, 
1986. – 568 с. 
11.  Торғаев  Ә.Ә.  Электр    қауіпсіздігі    негіздері.  Дәрістер    жинағы 
(5В073100  –  Қоршаған    ортаны    қорғау    және    өмір    қауіпсіздігі  
мамандығының  студенттері  үшін) Алматы: -АЭжБУ, 2013.  
12. Абдимуратов Ж.С., Дюсебаев М.К., Санатова Т.С., Хакимжанов Т.Е.  
Еңбекті  қорғау.  Дәрістер  жинағы  (050718-  Электр  энергетика  мамандығы 
бойынша барлық түрде оқитын студенттер үшін)    Алматы: -АЭжБИ, 2006. - 
36 б. 
13.  Қауіпсіздік  техникасы:  оқу  құралы  /  А.  М.  Әбдіров,  Ғ.  Қ. 
Сейфуллина. - 2-басылым. - Астана : Фолиант, 2010. - 120 с. 
14.   
http://www.nntu.ru/
    Р.Е.Алексеева    атындағы  «Нижегородской  
Государственный  технический  университет»  сайты. 
15.  Соснина  Е.  Н.,  Маслеева  О.  В.,  Пачурин  Г.  В.  Оценка    шумового  
воздействия    силовых    трансформаторов    на    окружающую    среду  // 
Современные проблемы науки и образования. – 2012. – № 6. 
16. 
https://www.tarbie.kz/26669
 Қазақстандық  отбасылық  тәрбие  сайты. 

109 
 
17. Жакупов А.А., Валиева Л.Ш. Сала  экономикасы. 5В071800 – Электр  
энергетикасы  мамандығының  студенттеріне  арналған  дәрістер  жинағы.  – 
Алматы: АЭжБУ; 2014. – 53б. 
18.  Жакупов    А.А.,  Валиева  Л.Ш.  Экономика,  өндірісті    ұйымдастыру  
және    басқару.  5В071800  –  Электр    энергетикасы    мамандығының  
студенттеріне дәрістер  жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2016. – 67б. 
19. Тукенов А.А. Рынок  электроэнергии: от монополии к  конструкции. 
– М.: Энергоатомиздат, 2005. – 416 с. 
20.  А.А.Жакупов,  Л.Ш.  Валиева,  С.К.  Тулегенова.  Экономика    и  
организация    производства.  Методические    указания    к    выполнению  
лаброторных    работ    для    студентов    специальности    5В071800  – 
Электроэнергетика. – Алматы: АУЭС, 2016. – 51с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал