Дипломдық жұмыста Ақтау қаласының «Актау-сити»



жүктеу 331.23 Kb.

бет1/9
Дата04.05.2017
өлшемі331.23 Kb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

7
 

8
 

9
 

10
 
 

11
 
 
Аңдатпа 
 
 
Бұл  дипломдық  жұмыста  Ақтау  қаласының  «Актау-сити»  бөлігіне  GPON 
байланыс  арнасын  ұйымдастыруына  зерттеу  жүргізілген.  GPON  байланыс 
желісін  ұйымдастырудағы  негізгі  артықшылықтар,  оптикалық  талшықтың 
маңызды  үнемділігі,  қызмет  көрсетудің  жоғары  сапасы.  Таңдалған  желіде 
сенімділікті қамтамасыз ету үшін пассивті оптикалық талшықтың параметрлері 
анализден өтіп, орнатылатын бөлікке сәйкестілігі анықталды. Алынған мәндерге 
байланысты  жобаға  сәйкес  зерттеу  жүргізіліп,  байланыстың  тиімді  жолы 
таңдалды.  Сонымен қоса, қауіпсіздік техникасы мен экономикалық тиімділігі де 
қарастырылған. 
 
 
Аннотация 
 
 
В  данной  дипломной  работе  проводилось  исследование  канала  связи 
GPON  в  районе  «Актау-сити»  в  городе  Актау.  Основные  преимущества,  при 
построении  сетей  GPON,  важная  экономичность оптического  волокна,  высокая 
качества обслуживания. Для надежности в выбранной сети были анализированы 
параметры  оптического  волокна  и  определялась  совместимость  с  выбранным 
участком.  С  полученными  значениями  были  проведены  исследования  и  был 
выбран  оптимальный  путь  связи.  А  так  же,  были  рассмотрены  техника 
безопасности и экономическая эффективность. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

12
 
 
Мазмұны 
 
Кіріспе  .......................................................................................................................... 8 
1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне шолу  ................................... 9 
 
1.1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне анализ  ................... 9 
 
1.2 Мыс сымды желідегі дәстүрлі технология проблемалары  .................. 13 
 
1.3 АҚЖ  қазіргі заманғы принципі  ............................................................. 16 
 
1.4 Ақтау ситиге қатынау желілерін жетілдірудің қажеттілігі ................... 20 
 
1.5 FTTx технологиясы ................................................................................... 21 
 
1.6 PON пассивті оптикалық желілер ............................................................ 22 
2 Ақтау сити бөлігінде GPON технологиясын енгізуді зерттеу  .......................... 25 
 
2.1 GPON технологиясы  ................................................................................ 27 
 
2.2 Жобаланатын желі топологиясы  ............................................................ 30 
 
2.3 GPON сипаттамасы және техникалық мәліметтері  .............................. 32 
 
2.4 GPON құрылғысының негізгі мінездемесі ............................................. 35 
 
2.5 Таңдалған коммутаторға анализ  ............................................................. 38 
 
2.6 Оптикалық кәбіл түрін таңдау  ................................................................ 43 
3 Есептеу техникалық бөлім  ................................................................................... 50 
 
3.1 Арналар санын есептеу  ............................................................................ 50 
 
3.2 Оптикалық кабельдің шығындары .......................................................... 53 
 
3.3 Дисперсия мен өшулікті кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы .. 55 
 
3.4 Оптикалық кабельдің параметрлерін есептеу ........................................ 56 
 
3.5 Дисперсия мен өшулікті есептеу ............................................................. 62 
4 Тіршілік қауіпсіздігі ................................................................................................ 67 
 
4.1 Операторлық бөлме жағдайынының талдауы ........................................ 67 
 
4.2 Қоршаған ортаны қорғау .......................................................................... 76 
 
4.3 Техника қауіпсіздігі ................................................................................. 79 
5. Экономикалық  бөлім ............................................................................................ 86 
 
5.1 Компания және сала .................................................................................. 87 
 
5.2 Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы ........................................................... 87 
 
5.3 Өтім нарығын талдау және қызметтер нарығын зерттеу ...................... 88 
 
5.4 Менеджмент және маркетинг .................................................................. 88 
 
5.5 Қаржы жоспары ......................................................................................... 89 
 
5.6  Жобаның кірістік және тиімділік есептеулері ...................................... 93 
Қортынды ................................................................................................................... 98 
Қысқартылған сөздер тізімі ...................................................................................... 99 
Әдебиеттер тізімі ..................................................................................................... 100 
А Қосымша  .............................................................................................................. 102 
Б Қосымша  .............................................................................................................. 105 
В Қосымша  .............................................................................................................. 107 
 
 
 

13
 
 
 
Кіріспе 
 
 
 
Ақпаратты  желiлер,  олардың  өткiзгiштiк  қабiлетiнің  көбею,  операторды 
осы  мақсатқа  жету  үшін  жаңа  тәсiлдер  тапқыза  бастады.  Бұл  мәселенің 
бастамасы:  абоненттердің  қажеттілігін  қанағаттандыру,  қаражатты  үнемдеудің 
қажеттiлiгі,  желiнiң  дамуына  әлеуеттiң  әсері.  Мәселе  PON  пассивті  оптикалық 
желi  туралы  сөз  болады.  Баланыстың  PON  түйiндерде  пассивті  оптикалық 
тармақтаушылары бар ағаш тәрiздi талшықты кабель архитектурасын пайдалану, 
тармақталған  желi  үшін  ең  үнемдi  және  кеңжолақты  желіні  қамтамасыз  етуге 
қабілеті  бар.  PON  архитектурасының  басты  артықшылықтарын  айта  кетсем: 
белсендi  (активті)  аралық  түйiндердiң  жоқтығы,  кәбiл  талшықтарының  және 
оптикалық  қабылдаушы  таратушыларды  орталық  түйiнде  елеулi  үнемдеуi, 
қызмет  етудiң  жеңiлдiгi,  жаңа  клиенттердi  қосуда  қыйындық  болмауы.  Бiр 
немесе  бірнеше  абоненттiк  түйiндердің    қосылуы  немесе  айырылуы,  басқа 
элементтердiң жұмысына ешқандай әсер ертпейді.  
 
PON  желiсінің  жанұясы  көп,  бірақ  APON,  BPON  және  EPON  секілді 
ескіріп  қалды.  Сол  себептен  мен,  қазіргі  заманның  талабына  сай  оптикалық 
желілерді  құрудың  оптималды  технологиясы  –  GPON  таңдадым.  GPON 
технологиясында бизнестiң мiндеттерi үшiн оны тартымды iстеген сервистер бар 
және  түпкi  қолданушыда  «соңғы  миля»  мәселесі  шешiледі.    Ол  жоғары 
жылдамдықты  Ethernet,  жоғары  сапалы  теледидарлық  арналарды  жiберу, 
цифрлана телефон соғу,  және т.б. қамтамасыз етеді.  
Бұл  дипломдық  жұмыста  Ақтау  қаласының  Ақтау-сити  бөлігінде  GPON 
байланыс арнасын енгізуді зерттеуді қарастырамын.  
Қазіргі  байланыс  телекммуникациясының  жағдайы  осы  аймақтың 
экономикалық дамуының келеңсіз жағдайларының бірі. Қазіргі жұмыс жасайтын 
желінің  сапасы  өте  төмен.  Осы  аймақтағы  желінің  негізгі  кемшіліктерінің  бірі 
ол:  төмен  өткізу  қабілеттігі,  бөгеуілдерден  қорғанушылығының    төмендігі, 
техника қауіпсіздігінің нашарлығы. 
Бұл  дипломдық  жобамның  мақсаты  Ақтау  қаласының  Ақтау-сити 
бөлігінде  GPON  байланыс  арнасын  енгізуді  зерттеу  және  бұл  жобада  негізгі 
шешілген міндеттер орнатылған жүйелерді оптикаға ауыстыру, қаржы жағынан 
тиімді  жолын есептеу  болып  табылады.  Жобада еңбек  қауіпсіздік  шаралары да 
қарастырылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 

14
 
 
1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне шолу 
 
 
 
1.1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне анализ  
 
 
Ақтау  –  Қазақстанның оңтүстік-батысындағы  қала, Мағыстау  облысының 
орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады. 
1964 жылдан 1991 жылға  дейін  украин  ақыны  Тарас  Шевченконың 
құрметіне Шевченко аталған болатын. Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында 
орналасқан.  Қаланың  оңтүстік  шығысында  40  шақырым  жерде  әйгілі Қарақия 
ойысы жатыр.  Жер  бедері  тегіс,  ол  негізінен  коррозиялық  және  дефляциялық 
әрекеттерден түзелген. 
Кеңестік  ғылымға  сәйкес  Еуропа  мен  Азияның  шекарасы  Мұғалжардан 
басталып,  Ембі  өзенінің  бастауына  дейін,  одан  Ембі  бойымен Каспий 
теңізіне дейін  жүргізілетін.  1950  жылдарға  дейін  Қазақстан  аймағындағы 
Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін. 
2010  жылдың  сәуір-мамыр  айларында  Орыс  географиялық  қоғамының 
экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты 
(Шығыс  Еуропалық  жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің  батыс  бөлігі  өтетін  жер) 
арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы 
қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. 
Ақтау  қаласы Ленинград қаласының  үлгісі  бойынша  қалана  бастады. 
Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің 
атауы  бар.  Бірі  Бірінші  Президент  көшесі,  екіншісі  Тәуелсіздік  даңғылы.  Қала 
ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді 
табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-
72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей 
үй  бар,  әр  үйде  орташа  есеппен  алғанда  60  пәтер  бар.  Қазіргі  уақытта  Ақтау 
қаласының  солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының  құрылысы  жүріп  жатыр.  Бұл 
жоба Біріккен  Араб  Әмірліктерінің қолдауының  арқасында  2007  жылы  іске 
асырыла бастады. 
Кешендегі  кәсіпорындар  желісі  химиялық  реагент  өндіріп  (азот-тук  және 
күкірт  қышқылы  зауыты),  жылу  және  электр  энергиясымен,  сумен  (ТЭЦ, БН-
350) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым 
пайда  болып,  адамдардың  қалада  өмір  сүруге  жағдай  жасалды.  Кеңес  Одағы 
ыдырағаннан 
кейін 
Ақтау 
XX 
ғасырда 
ашылған 
және 
жаңадан 
барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, 
Атамбай-Сарытөбе, 
Оймаша, 
Комсомольское,  Солтүстік  Бозашы,  Қарақұдық,  Толқын,  Арман  және  Дұңған 
сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды. 
Ақтау  қаласы  ірі  өнеркәсіп  орталығы  болып  табылады,  өңдеу  және  кен 
өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсіптің, 
машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсіптің). Қаланың негізгі 

15
 
өндірушілері:  «МАЭК–Қазатомпром»  ЖШС,  «ҚазАзот»  ЖШС,  «Ақтау  құю 
зауыты»  ЖШС,  «Каспий  машина  құрастыру  комбинаты»  ЖШС,  «Кеппел 
Қазақстан» ЖШС және тб. 
2000  га.  құрайтын  «Ақтау  теңіз  порты»  арнайы  экономикалық  аумағын 
пайдалануда.  
2013  жылдың  қаңтар  айында  өнеркәсіп   өнімдерінің     көлемі  11,5  млрд. 
тенге. Нақты көлем индексі (әрі қарай НКИ – 120,9 %). 
Кен  өндіру  өнеркәсібінде  бөлшектенген  тас  өндірісі  3,6%-ға  төмендегені 
анықталуда.  Өңдеу  өнеркәсібінде  тері  және  оған  қатысты  өнімдер  өндірісі 
71,0%-ға,  өзге  де  металл  емес  минералды  өнімдер  өндіру  10,9%-ға,  жеңіл 
өнеркәсіпте 68,6%-ға және т.б. Солайша төмендегі белгілі болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1-сурет. Өнеркәсіптің  даму серпіні, млрд. теңге 
 
Қала бойынша пайдалануға берілген  тұрғын үйдің көлемі  10,9 мың.ш.м., 
немесе 2013 жылдың қаңтарынан 2,9 есе жоғары (1.2 суретте көрсетілген).  
 
 
 
1.2-сурет. Қала бойынша пайдалануға берілген  тұрғын үйдің көлемі 
 
2013  жылдың  тиісті  деңгейімен  салыстырғанда  негізгі  капиталға 
инвестиция  46,8%-ға жоғарылады және 2786,8 млн. теңгені құрады.  
 
1.1-к е с т е .   Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар 
Уақыты 
Шағын кәсіпкерліктің  
субьект саны, бірлік. 
Олардың жұмыспен 
қамтылғандар саны, 
адамдар  (жеке есебімен) 
қаңтар-ақпан 2013 ж. 
29 900 
62 136 
қаңтар-ақпан 2014 ж. 
32 379 
67 480 
қаңтар 2013 ж. 
қаңтар 2014 ж. 
3,8 
10,9 
қаңтар 2013 ж. 
қаңтар 2014 ж. 
млрд.… 
9,4 
11,5 

16
 
 
 
 
 
1.3-сурет. Негізгі капитал инвестициясы 
 
2014  жылдың  1  ақпанына  субъектілер  саны  шағын  кәсіпкерлікте  32379 
бірлікті құрады немесе алдыңғы жылғы үйлесімді кезеңмен салыстырғанда 7,6%  
көп.  Шағын  кәсіпкерлік  саласындағы  жұмыспен  қамтылғандар  саны  есепті 
кезеңге  7,9% өсті және  67,5 мың адамды құрады. 
 
 
 
1.4-сурет. Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар 
 
Климаты  –  шұғыл  континенттік,  жазы  ыстық,  шөлді,  орташа 
температурасы:  қаңтарда  -4  °C  (минус  15  градус  температура  мен  күшті  жел 
кезінде  мектептегі  сабақтар  тоқтатылатын),  шілдеде  +30  °C.  Жазда  ауа 
температурасы  +45  °C  (түнде  плюс  38)  дейін  жетеді.  Жердің  беті  күн  түскен 
кезде  +70°  дейін  қызады.  Қала  Каспий  теңізінің  жағасында  орналасқан.  Сумен 
қамтамасыз  ету  үшін МАЭК су  тұщыландыратын  станция  жұмыс  істейді.  Онда 
теңіз  суының  өндірістік  дистилляты  мен  «Құйлыс»  көзінен  келетін  қатты 
минералданған  жерасты  суы  дайындалып,  араластырылады.  Қала  маңында 
табиғи ауыз су көзі жоқ. 
1157 пәтері бар 19 көпэтажды үйлер салынуға енгізілген, оның ішінде 259 
пәтері бар аяғына дейін салынбаған 6 көпэтажды үйлер салынды және 898 пәтері 
бар 13 үй өңделді. Кәсіби белсенділік үшін қалада жасалынған қолайлы ауа райы 
шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  172  пайызға  өсуіне  әкелді.  2008  жылдың  1 
қаңтар  мәліметтері  бойынша  2007  басқарушы  субъектері  (заңды  тұлғалардың), 
оның ішінде жұмыс істеуде – 1653, соның ішінде шағын заңды тұлғалар-1494. 
Ақтау  инвестициялық  танымалдықты  одан  сайын  алып  жатыр. 
Инвестициялар  ауданы  өсіп  жатыр.  Осы  уақытта  барлығы  16,8  млрд.  теңге 
игерілді.  Оның  үлкен  бөлігі  құрылыс  секторына  кіреді.  Белсенді,  әрі  жаңа 
құрылудағы облыстық орталық үшін бұл өте көкейтесті. Арнайы түрде құры-лыс 
қаңтар-ақпан 2013 ж. 
қаңтар-ақпан 2014 ж. 
2013 ж. 
қаңтар-ақпан 
2013 ж. 
қаңтар-ақпан 
2014 ж. 
Негізгі 
29 900 
32 379 
62 136 
67 480 
Шағын кәсіпкерліктің  субьект 
саны, бірлік. 
Олардың жұмыспен 
қамтылғандар саны, адамдар  
(жеке есебімен) 

17
 
секторына    отандық  және  шетелдік  инвесторлардың  көңілін  тарту  үшін  қалада 
тұрғын үйді сатып алу мен кредиттік құрылыс системасымен облыстық центрді 
салудың  басты  жобасы  қабылданды.  Құрылысты  Қазақстан  және  Түркия 
компаниялары жүргізуде. Халық саны 135 мыңға дейін жетті, ал 2001 жылы ол 
117 мыңға тең болды.  
  
1.2-к е с т е. Ақтау желісі бойынша мәліметтер 
Жұмыс 
істеудегі АТС 
Монтаждалған 
сыйымд. 
Әрекеттелген 
сыйымдылық 
Бос 
сыйымд. 
Әрекеттену дәрежесі 
DRX-75 
528 
525 

99% 
HOST 
11008 
10 937 
71 
99% 
RS-22 
4064 
4 037 
27 
99% 
RSE-23 
1504 
1 498 

100% 
RSE-25 
6 080 
6 069 
11 
100% 
RSE-229 
992 
970 
22 
98% 
RSE-26 
3 008 
2 733 
275 
91% 
DMS-27 
4900 
4038 
862 
83% 
Барлығы 
32084 
31426 
658 
97% 
 
Қала  желісінде  алты  таңбалы  нумерация  пайдаланады.  Абоненттерді 
телефондық  станцияға  қосу  таратқыш  қорап  (ТҚ)  немесе  таратқыш  шкаф 
арқылы  іске  асады.  Шкафтардың  сыйымдылығы  аз  кәбілдер  (100-50  жұп) 
шығып,  сыйымдылығы  10х2  тең  қораптарға  қосылады.  Мұндай  кәбілдер  және 
оларға  байланысты  сызықты  құралдар  таратқыш  желіні  құрайды.  Қораптардан 
абоненттердің телефондық аппараттарына біржұпты кәбілдер салынады. 
Абоненттік  қатынау  жүйесі  Ақтау  қаласының  АТС–27-де  жобаланып 
жатыр.  АТС–27  қаланың  орталығында  орналасқан  және  ол  пәтердік  пен  іскер 
сеторының абоненттеріне қызмет етеді.  Ақтау қаласындағы қалалық желі сегіз 
ЭАТС-тан  тұрады.  STM-1  жүйесінің  негізінде  SDH  сақинасына  біріктірілген 
барлық  станциялардың  жалпы  сыйымдылығы  32084  нөмірлерді  құрады.  31426 
нөмір  іске асуда. 
Әрекеттелген сыйымдылық  4038 абонент. Құралдар түрі DMS – 100/200. 
Интернеттің  кеңтүрде  дамуына  және  ақпаратты  жіберу  қызметіне  үлкен 
сұраныстың болуы желінің өткізу қабілетінің өсуіне әкелді. Осыған байланысты 
ескірген  мыс  кабелін  отикоталшықты  кәбілге  ауыстырып,  абоненттік  қатынау 
желісін құру дұрыс болады.  
Ақтауның қаласының САБ ұйымдастыру сұлбасы 1.5-суретте көрсетілген. 
Таратқыш  қораптар  АТС-ке  жөндеуді  талап  етіліп  тұрған  мысты  кәбіл 
көмегімен  қосылған.  Қалада  броньдалмаған  кәбілдер  құбырлар  мен  кәбілді 
құдықтардан құралған арнайы кәбілді канализацияда салынады.  
АҚЖ дегеніміз АТС-ке тура немесе шығарылмалы модуль (концентратор, 
мультиплексор)  арқылы  қосылған  линиялар  мен  құрылғылар  жиынтығы.  Оның 
құрылымы  1.5  суретте  көрсетілгендей  абоненттік  және  магистральды 
линиялардан, тура қоректену зонасынан, үлестіргіш учаскісінен тұрады. 

18
 
 
 
1.5-сурет. Ақтау қаласының САБ ұйымдастырылу  сұлбасы 
 
 
1.2 Мыс сымды желідегі дәстүрлі технологиялардың проблемалары 
 
 
Бұрынғы Совет Одағының республикаларында сияқты Казақстанда да 90-
ға  дейін  телефондық  желі  тек  АТС-тың  аналогты  құрылғыларымен  және  мыс 
сымды  байланыс  линияларымен  құрылды.  Пәтерлік  абонент  желісімен 
жасалынатын  линияға  келетін  орташа  жүктеме  бізде  100  мЭрл  тең  деп 
есептелінеді,  яғни  бір сағат  ішінде  линия 6  мин  бойы бос болмайды деген сөз. 
Корпоративті клиенттер үшін бұл көрсеткіш жоғарырақ-250 мЭрл, яғни бір сағат 
ішінде  линия  15  мин  бойы  бос  болмайды.  Интернетті  қолданушыға  бұл  шама 
сәйкес келмейді. Интеренет үшін телефондық линияның сағат бойы бос болмауы 
әдеттегідей  болып  саналады.  Себебі  кәбілді  құрылғылардың  жаман  қалпы 
кесірінен коммутацияланатын телефондық линиялар бойынша ақпаратты жіберу 
жылдамдығы  төмен  болады.  Максимум  56  Кбит/с  есептелген  V.90  жаңа 
модедерді пайдаланса да төменжылдамдықты телефондық арналарда артық жүк 
пайда болады 
Жалпықатынаулы  арналар  байланысының  жүкті  болуын  түсіру  шешімі 
ретінде  байланыс  операторлары  мен  үлкен  корпоративті  қолданушыларының 
xDSL  (Digital  Subscriber  Line)  халықаралық  терминімен  белгіленетін  және 
қарапайым  мысты  жұпта  ақпаратты  бірнеше  Мбит/с-қа  жететін  жоғары 
жылдамдықпен  жіберуге  мүмкіндік  беретін  жаңа  өткізгіш  қатынау 
технологияларына  өту  болып  келеді.  Starcom,  Lucent,  ADCTeledata,  Fujitsu, 
Siemens,  Alcatel,  HuaWei,  Zhongxing  және  сол  сияқты  т.б.  фирмалар  АТС 
құрылғыларынсыз  тасымалдау  трафигінен  Интеренет  сигналдарын  бөлетін 
арнайы  құрылғыны  шығарды.  Ол  АТС  құрылғыларына  жүктемені  төмендетіп, 
барлық  ақпараттық  сигналдардың  жиынтығын  тура  түрде  провайдерге 
бағыттайды.  
Дәстүрлі жағдайда телефондық аппараттар Z – интерфейсі (интерфейс ab) 

19
 
бойынша  мысты  жұппен  телефондық  станцияның  (АТС)  аналогты  порттарына 
қосылады.  Телефондық  желінің  әрбір  абонентіне  өзінің  абоненттік  линиясы 
керек.  
 
 
 
1.6-сурет. ТА-ның АТС-тың аналогты портына қосылуы 
 
Әрбіреуінде  өзінің  абоненттік  нөмірі  бар  қосылу  кезіндегі  екі  жақын 
орналасқан  телефондық  аппарат  (ТА)  бір  АЛ-ға  қосылған.  Бөлгіш  диодтық 
тізбек қосылған мұндай абоненттер корпустары бар қосарланған  аппараттардың 
жинақталымының  АТС-ке  қосылуы  арнайы  бір  вызов  келгенде  ТА-ны 
ауыстыруға  мүмкіншілік  береді.  Бір  ТА-мен  сөйлесу  кезінде,  екіншісі  жабық 
диодтар  арқылы  жалпы  линиядан  бөлінеді  (1.6  сурет).  Есептеулер  бойынша, 
АТС-тен  0,3-0,5 км аралығынан бастап қосарланған қосылу өте маңызды болып 
келеді.  Мұндай  әдіс  кәбілдің  шығынын  азайтады,  бірақ  абоненттер  үшін 
қолайсыз болып келеді. 
Жоғары жиілікті тығыздау жүйесі (ЖТЖ) бір АЛ-дан жиілігі 0,3 – 3,4 кГц 
тең  модуляцияланбаған  сигналдан  (эффективті  сөйлеу  спектрі)  басқа,  тағы  бір 
жоғары  жиілікті  арнаны  алуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  арна  модуляторлар  және 
тасушы  жиіліктер  арқылы  бастапқы  сигналдың  бірретті  түрлендіруімен  пайда 
болады. Жоғары жиілікті арна арқылы ТА-дан АТС-ке тасымалдау үшін  28 кГц 
жиілікпен, ал АТС-тен ТА-ға 64 кГц-пен жүргізіледі.  
АТС-ке қосылған мысты  кәбілдің үлкен бөлігін ауыстыру қажеттілгі бар, 
өйткені  оларда  оңашалау  кедергісінің  параметрлері  төмендетілген,  кәбілде 
көптеген зақымдар бар және де олар жөндеуді талап етеді, ақпаратты жіберудің 
жоғарыжылдамдығын қолдамайды.  
Сол сияқты Интернетті пайдалану кезінде телефондық линиялар көп уақыт 
бойы  босатылмайды.  Себебі  кәбілді  құрылғылардың  жаман  қалпы  кесірінен 
коммутацияланатын  телефондық  линиялар  бойынша  ақпаратты  жіберу 
жылдамдығы төмен болады. Өте көп 56 Кбит/с есептелген V.90 жаңа модемдерді 
пайдаланса  да  төменжылдамдықты  телефондық  арналарда  артық  жүк  пайда 
болады. Ал жіберудің төмен жылдамдығы арнаның бос болмауын үлкейтеді, ол 
да артық жүкке әкеледі. 
Абоненттік  линиялардың  бос  болмауы,  ескі  мыс  кәбілдерін  ауыстыр-уға 
кететін шығынды төмендету, абоненттік шкаф пен АТС арасында са-лынған мыс 
кабелін  жөндеуге  кететін  шығынды  азайту  үшін  эксплуатация  мерзімі  мыс 
кабеліне  қарағанда  үш  есе  жоғары  болатын  оптикоталшықты  кәбіл 

20
 
қолданылатын 
болады. 
АТС 
құрылғыларын 
қолданылмай 
Интернет 
провайдеріне барлық ақпараттық сигналдарды бағыттап, тасымалдау трафигінен 
Интеренет сигналдарын бөлетін құрылғыларды пайдалану АТС құрылғыларына 
келетін жүктемені азайтады.  
Жобамда шкафты ауданымен ескерілген сыйымдылыққа байланысты жаңа 
құрылғыларды  орнату  мен  төмен  шығындармен  бар  канализацияда  оптикалық 
кәбілді салу қарастырылған.  
Бар абоненттік линияларын (АЛ) тығыздау. ЦСПАЛ жүйелері телефондық 
сөйлеуді кодтайтын цифрлық ағындарының уақытты мультиплексиялау арқылы 
құрылады.  Абоненттік  станция  жинақталымның  аналогты  сигналы  ИКМ  мен 
АДИКМ модуляциялары көмегімен ЦСПАЛ станциялық жартыжинақталымның 
модулінде цифрлық ағынға түрленеді. Содан кейін индивидуалды цифрлық ағын 
бір  группалық  ағынға  жиналып,    xDSL(  IDSL,  HDSL,  SDSL)  технологияларын 
қолданумен 
абоненттік 
линиялар 
арқылы 
жіберіледі. 
Абоненттік 
жартыжинақталымда  кері  түрлендіру  жүріп,  оның  шығысына  қарапайым 
телефондық 
аппараттар 
қосылады. 
Динамикалық 
концентрацияны 
пайдаланғанда, ЦСПАЛ бір линияда 90..120 арнаның жұмыс істеуін қамтамасыз 
етеді. ЦСПАЛ-дың жұмыс істеу принципі 1.7- суретте көрсетілген. 
 
 
 
1.7-сурет.  Абоненттік линияларды тығыздаудың  төртарналы 
аппаратураның жұмыс істеу принципі 
 
Тығыздалатын  линиялардың  рұқсат  етілген  ұзындығы  6  км  ден  кем  емес 
(диаметрі  0.4..0.5мм  кәбіл  үшін),  бірақ  тығыздалатын  линиялардың  рұқсат 
етілген ұзындығын үлкейтуді қамтамасыз ететін және құрамына регенераторлар 
кіретін бірнеше жүйелер бар. 
Тәжірибеде  көрсеткендей,  Қазақстандағы  операторлардың  көбісі  дәстүрлі 
мыс кәбілді  шешімді  таңдайды.  Осы кезде  шетелдегі  жағдай  мүлдем  керісінше 
ОТБЛ көп қолданады. Сондықтан Қазақстанда да  ОТБЛ-ге көшу мүмкіндігі бар. 
АТС-пен  алыстатылған  бірліктерді  біріктіру  үшін  көліктік  орта  ретінде 
талшықты  оптикалық  кәбілді  пайдаланатын  абоненттік  қатынау  жүйе-лерінде 
мұндай кемшіліктер жоқ. 
 
 

21
 
1.3- к е с т е .  Абоненттік қатынау технологияларының сапалы салыстыруы  
Параметрі 
МАЛ 
ОТБЛ 
қолдану 
Радиоқатынау 
Мыс сым 
Бағасы 
Төмен 
Орташа 
Жоғары 
Орташа 
Жаю 
жылдамдығы 
Жоғары (1 күн) 
Төмен (2..12 ай) 
Орташа (2..4 ай) 
Төмен (2..12 ай) 
Қызметке 
кететін шығын 
Төмен 
Төмен 
Төмен 
Жоғары 
Иілгіштік 
(өткізу жолағы) 
Орташа (2Мбит/с 
дейін) 
Жоғары (155 
Мбит/с дейін және 
одан жоғ.) 
Төмен (әдетте32 
кбит/с дейін) 
Төмен(аналогты 
тасымал) 
 
Қайта  құру  желілері  эксплуатация  шығын-дарын  төмендетіп,  істелінген 
салуларды сақтайды.  
Абоненттік қатынау жүйелерін дұрыс таңдау үшін  арнайы құрылғыларды 
таңдау керек. Осы кезде келесі принциптерді сақтау керек: 

 
архитектура  иілгіштігі.  Әр  түрлі  климат  және  географиялық 
қызметтерге  жеңіл  адаптацияны,  қосымша  қызметтерді  енгізу  мен  жүйе 
сыйымдылығын үлкейту үшін жүйені кеңейтуді көздейді; 

 
байланыстың  сенімділігі.  Цифрлық  технологиялар  мен  арнайы  қорғау 
шаралары қатынаудың үзіліп кету мүмкіндігін шығарады, сигналдың кедергісіз 
өтуін сенімді етеді;  

 
ақпарат  пен  дауысты  жіберу  сапасы.  Мысты  кәбілге  қарағанда 
оптикалық кәбілді қолдану жіберу сапасын жақсартады. 
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал