Дипломдық жұмыс электрондық оқу кешені арқылы дистанциондық



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/6
Дата15.06.2017
өлшемі0.72 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6

 


 


 


 


 

Аңдатпа 

Дипломдық  жұмыс  электрондық  оқу  кешені  арқылы  дистанциондық 

оқыту  –  оқу  ақпаратын  арақашықтықтан  алмасу  әдісіне  негізделген 

(спутниктік  теледидар,  радио,  компьютерлік  байланыс)  арнайы  ақпараттық 

білім  жағдайының  көмегімен  елімізде  және  шет  елдерде  қалың  бұқара 

топтарына  білім  алу  мүмкіншілігін  тудыратын  оқу  кешені  мәселесіне 

арналған.  Қолданушыға  нұсқау  көрнекті  және  түсінікті  түрде  жазылған,  осы 

нұсқау  көмегімен  кез-келген  адам  электрондық  оқулық  пен  оның 

программалық пакетін іске қосуын жасалды. Ұсынылып отырған «Macromedia 

Flash»  ортасында  электрондық  оқулығы  арналған  орта  оқу  орындарының 

мемлекеттік  тілде  тілінде  білім  алатын  мектеп  оқушыларына  және  күндізгі, 

сырттай  оқу  бөлімінің  студенттеріне  арналған  программа  құрылды. 

Ұсынылып  отырған  электрондық  оқулық  сыртай  оқу  бөлімінде  оқыту 

процестерін  енгізу  барысында  арнайы спутниктік  байланысы  арқылы  немесе 

Интернет  арқылы  пәнді  оқыту  үйрету,  білім  деңгейін  тексеру  процессі 

жүргізілді. 

 

Аннотация 



 

Дипломная  работа  посвящена  проблеме  учебного  комплекса,  который 

дает  возможность  большинству  людей  обучаться  в  Казахстане  и  других 

странах  с  помощью  таких  средств  как  спутниковое  телевидение,  радио, 

компьютерная  связь.  Руководство  пользователя  написано  ясным  языком,  с 

помощью  этого  руководства  любой  пользователь  может  воспользоваться 

программным  обеспечением  и  электронным  учебником.  Предлагаемый 

учебник,  созданный  в  среде«Macromedia  Flash»  предназначен  для  средних 

образовательных учреждений преподающим на казахском языке.   

В  процессе  введения  предлагаемый  электронный  учебник  для  обучения 

использует  спутниковую  связь  или  интернет,  также  производится  проверка 

знаний учащихся. 

 

Annotation 

 

Thesis is devoted to the educational complex, which allows most people to be 

trained in Kazakhstan and other countries by means such as satellite TV, radio and 

computer communications. User's Guide is written in clear language, with the help 

of  this  guide,  any  user  can  use  the  software  and  the  electronic  textbook.  The 

proposed tutorial created among the «Macromedia Flash» for secondary educational 

institutions are taught in the Kazakh language. 

In  the  process  of  introducing  the  proposed  electronic  textbook  for  learning 

using satellite communications or internet, and a check of students' knowledge. 


 

Мазмұны 



 

Кіріспе 


Аналитикалық бөлім 



10 

1.1 


Жобаның өзектілігі 

10 


1.2 

Эем тарихы 

15 

1.3 


Бағдарламалау тіліне сипаттама 

19 


Жобалау бөлімі 

42 

2.1 


Жобаның жалпы қойылымы 

42 


2.2 

Проблемалық есептің сипаттамасы 

44 

2.3 


Проблемалық бағдарламаның алгоритмдік блок-схемасы 

48 


Өндірісті ұйымдастыру 

50 

3.1 


Оператордың жетекшілігі 

50 


3.2 

Бағдарламаның орындалуы 

50 



Экономикалық бөлім 



56 

4.1 


Жұмыстың экономикалық сипаттамасы мен мақсаты 

56 


4.2 

Бағдарламалық өнім үшін еңбек сыйымдылықты анықтау 

56 

4.3 


Бағдарламалық өнімнің шығындарын есептеу 

57 


Еңбекті қорғау 

67 

5.1 


Қазақстан республикасының еңбекті қорғау туралы заңды актілері  67 

5.2 


Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы. Жұмыс орнын 

ұйымдастыру 

70 

5.3 


Электрқауіпсіздік 

71 


5.4 

Техника қауіпсіздігі 

74 

5.5 


Өрт қауіпсіздігі 

76 


Қорытынды 

83 


Әдебиеттер тізімі 

84 


 

Кіріспе 



 

Есептеу қажеттілігі адамзатта әлде қашан болды. Ал, өркениет дамыған 

сайын есептеу қажеттілігі арта түсіп, есептеудің механикаландыру жолдарын 

іздеуге  мәжбүр  етті.  Қарапайым  есепшоты  немесе  абақтың  арифметикалық 

машинаның  ерекшелігі,  белгілі  бір  осьте  тұрған  орны  мен  орналасуына 

тәуелді болды.  

Осындай  алғашқы  машинаның  бірін  1642  жылы  француз  ғалымы  Блез 

Паскаль  жасаған  болатын.  Арифметикалық  операцияларды  орындау  үшін 

Паскаль  бірі  –  бірімен  байланысқан  дөңгелектердің  айналуын  пайдаланды. 

Дөңгелектердк  0  ден  9  –  ға  дейінгі  сандар  жазылады,  әр  дөңгелек  толық 

айналады. Екінші дөңгелек 1 санға жылжитын болды. Машина қосып шегере 

алды. 


Паскаль  машинасы  жаңа  принципте  жасалған  алғашқылардың  бірі 

болды. Паскаль еңбектері есептеуіш техниканың дамуына ықпалын жасап осы 

формасы «PDP - 8» атты көлемі тоңазытқыштай  – ақ, бағасы 20 мың доллар 

тұратын алғашқы миникомпьютерін шығарды. 

Жаңа  ЭЕМ  –  дердің  шығаруы  микроэлектроникалық  жетістіктерімен 

тығыз  байланысты.  Микроэлектрониканың  даму  бағытының  бірі  болып 

электрондық схемалардың элементтерінің бірігуі (интеграциясы) болып келді. 

1959  жылы  Роберт  Нойс  бір  пластиканың  ішіне  бірнеше  транзисторларды 

жинап интегралдық схема немесе чип шығарды.  

Жартылай  өзгерткіш  кристалдың  бірнеше  квадрат  милиметрінде  бірігу 

схемасымен  байланысқан  бірнеше  транзистор  мен  диодтар  орналастырыла 

бастады.  Машиналардың  көлемі  кішірейіп,  бұның  жұмыс  істеу  жиілігін 

әрдайым үлкейтуге мүмкіншілік туды, осыдан кейін машина тез жұмыс істей 

бастады. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты «Macromedia Flash» ортасында әмбебап 

электрондық  оқу  әдістемелік  кешенін  құру.  Электрондық  оқу  -  әдістемелік 

кешені  студенттерге  «Macromedia  Flash»  ортасында  қажетті  ақпараттарды 

іздеуде  оқытушының  жұмысын  жеңілдетеді.  Қазіргі  таңдағы  есептеу 

техникаларының  және  программалық  қамсыздандырудың  дамуы  оқу 

процесінде  оқыту  процесін  жеңілдететін,  әр  түрлі  пәндерді  оқытатын  түрлі 

программалық өнімдерді құруға зор мүмкіндіктер ашты.  

Қазіргі  таңда  осындай  тиімді  құралдар  мысалы,  әр  түрлі  электрондық 

практикумдар  немесе  электрондық  оқулықтар,  электрондық  практикумдар 

немесе  электрондық  оқу  -  әдістемелік  кешені  оқу  жылының  басында 

бекітілетін пәннің күнтізбектік – тақырыптық жоспарына сәйкес орындалған, 

бұл  әрбір  студенттің  өз  бетінше  пәннің  негізгі  бөлімдерін,  тақырыптарын 

меңгеруге мүмкіндік береді. 

 

Бұл  оқу  -  әдістемелік  кешенде  өте  қарапайым  интерфейс,  дизайн,  бұл 



әрине  оны  оңай  қолдануға  және  жаңа  оқу  материалдарымен,  қосымша 

материалдармен толықтыруға мүмкіндік береді. 



 

1 Аналитикалық бөлім 



 

 

1.1 Жобаның өзектілігі  

 

Дистанциондық оқыту – оқу ақпаратын арақашықтықтан алмасу әдісіне 



негізделген  (спутниктік  теледидар,  радио,  компьютерлік  байланыс)  арнайы 

ақпараттық  білім  жағдайының  көмегімен  елімізде  және  шет  елдерде  қалың 

бұқара  топтарына  білім  алу  мүмкіншілігін  тудыратын  оқу  кешені  болып 

табылады.  Дистанциондық  оқытудың  ақпараттық  –  білім  жүйесі  мәліметтер 

беру  құралдарының,  атап  айтсақ,  ақпараттық  ресурстардың  ,  өз  ара  әсер  ету 

хаттамасының, қолданушының білімдік мұқтаждықтарын қанағаттандыратын 

аппаратты-бағдарламалық және ұйымдастыру-әдістемелікті қамтамасыз ететін 

жүйенің жиынтығынан тұрады. Дистанциондық оқыту үздіксіз білім алу мен 

ақпарат  алудың  бірден-бір  формасы  болып  табылады.  Оқытудың  бұл  түрі 

азаматтарға  білім  алу  құқығын  және  ақпараттармен  танысуға  мүмкіншілік 

береді.  

Уақыт  пен  тұрып  жатқан  мекеніне  байланысты  оқытушы  мен  оқушы 

арасында  қарым-қатынас  үзілген  жағдайда  берілетін  білімнің  барлық  түрі 

дистанциондық  оқыту    деп  аталады.  Ал  енді  осындай  түсінік  бұрын-соңды 

болды  ма  десек,  әрине,  тек  индивидуалды  жұмыс  істеудің  мүмкіншілігінің 

болмауы демесек, өзімізге өте жақын- оқудың сырттай оқу деп аталатын түрі. 

Сол 

жеке-дара, 



индивидуалды 

түрде 


жұмыс 

істеу 


элементтерін 

дистанциондық оқытуға қалай енгізуге болады? 

Қазіргі  заманғы  компьютерлер  осы  уақытқа  дейінгі  белгілі  барлық 

ақпараттарды  тарату  мүмкіндігіне  ие  болып  отыр.  Бүгінгі  күнгі  қуатты 

компьютерлер  ғана  оқытудың  адаптивті  алгоритмдерін  іске  асыра  алады. 

Сонымен  қатар  оқытушы  мен  білім  алушы  арасында  кері  байланысты 

қамтамасыз  ете  алады.  Бүгінгі  күні  дистанциондық  оқытудың  өзімізге  мәлім 

сырттай  оқытудан  өзгешелігі  «қағаз  бен  қаламды»  компьютер  ауыстырып 

қана  қоймайды,  сонымен  қатар  «көгершін  почтасын»  Интернет  деген 

ұғымның  алмастырып  отыруы.  Мультимедиялық  компьютер-  бұл  тек 

ақпараттардың  интегралды  таратушысы  емес,  бұл  «fase  to  fase»  моделін 

барынша  толық  және  теңбе-тең  бейнелейтін  құрылғы.  Бұған  қосымша 

гипермедиялық  сілтемелерге  негізделген  ақпараттық-  анықтамалар  тек 

компьютер арқылы ғана беріледі.  

«Электрондық оқулық»  дегеніміз не  және  оның  жай  оқулықтан  қандай 

айырмашылығы бар? Электрондық оқулық оқу пәнінің барлық негізгі ғылыми 

мазмұны баяндалған магнитті таратушыларда (қатты немесе иілгіш дскілерде) 

оқытатын,  бақылайтын,  модельдеуші  және  тағы  да  басқа  бағдарламалардан 

тұрады.  Жай  оқулықтарды  толықтырып  отырады,  сонымен  қатар  мына 

төмендегі жағдайларда өте тиімді: 

 

кері байланысты дереу орната алады



 



 

жай  оқулықтардан  қажетті  материалды  табуда  қиыншылықтар 

болса, электрондық оқулықтарда қажетті ақпаратты тез табуға мүмкіндік бар; 

 



гипермәтіндік  түсініктерге  бірнеше  мәрте  қайта  оралғанда 

уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді; 

 

қысқаша  мағлұматтар  беріп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар 



көрсетеліп,  түсіндіріледі,  модельдейді  (мультимедиялық  технологияның 

мүмкіндіктері мен артықшылығы осы жерде байқалады) 

Электрондық  оқулықтың  кемшіліктеріне  ақпаратты  қабылдау  құралы 

болып  табылатын  дисплейдің  нашар  физиологиясы  (мәтіндік  ақпаратты 

қабылдау  кітапты  оқумен  салыстырғанда  жайсыз  әрі  тиімсіз  )  мен  кітаппен 

салыстырғанда бағасының жоғары болатындығы. 

Электрондық 

оқулық 


жасау 

әдістерінің 

классификациясы. 

Функцияларды  тағайындау  мен  орындау  көрсеткіштерінен  және  техникалық 

қамтамасыз етуге қойылатын талаптардан тұратын кешенді белгілерді ескере 

отырып,  электрондық  оқулықтар  жасау  құралдарын  топтарға  бөліп  қарауға 

болады. Жоғарыда айтылған белгілерге сай мынадай классификация болады: 

 



дәстүрлі алгоритмдік тілдер; 

 



жалпы тағайындаудың құралдық тәсілдері

 



мультимедиа тәсілі; 

 



гипермәтіндік және гипермедиа тәсілдері. 

Бұдан  ары  қарай  осы  көрсетілген  әр  топтың  ерекшеліктері  туралы 

түсініктеме  беріліп,  қысқаша  мағлұмат  беріледі.  Техникалық  база  негізі 

ретінде  елімізде  кеңінен  тараған  және  университеттің  қарауындағы  IBM 

компьютерлері. 

Тікелей  бағдарламалар  арқылы  жасалған  электрондық  оқулықтардың 

сипаттамасы: 

 



тарату  стильдерінің  әр  түрлілігі  (  түсті  палитра,  интерфейс,  ЭО-

дың құрылысы, материалдарды беру тәсілдері); 

 

модификацияның күрделілігі және сүйемелдеу; 



 

уақытты зая кетіру және көп еңбек сіңіру; 



 

аппараттық  шектеушіліктердің  болмауы,  бар  техникалық  базаға 



негізделген, яғни ЭО жасаудың мүмкіндігі. 

Жалпы  белгілеу,  тағайындаудың  сұрыптау  құралдары  білікті 

программист  болып  табылмайтын  пайдаланушылардың  ЭО  жасаулары  үшін 

қажет.  ЖБАҚ  электрондық  оқулықтарды  жобалау  кезінде,ереже  бойынша, 

мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді: 

 



электрондық оқулықтардың құрылысын қалыптастыру; 

 



ену, редакторлеу, мәтінді қалыптастыру (мәтіндік редактор) 

 



орныққан  иллюстрациялық  бөлімін  дайындау  (графикалық 

редактор) 

 

қозғалысты  иллюстрациялық  бөлімін  дайындау  (дыбыстық  және 



анимациялық фрагменттер) 

 



жете  зерттелген  басқа  да  құралдарды  пайдаланып  орындалатын, 

іске асатын модульдерге кіру



10 

 



 

Жалпы  белгілеудің  ыңғайлау  немесе  сұрыптау  құралдарының 

жетістіктері деп мыналарды айтуға болады: 

 



білікті  программист  болмаса  да  кез  келген  адам  электрондық 

оқулық құра алады

 

еңбек ету мен дайындау уақытын біршама азайтады; 



 

компьютер мен бағдарламасына қойылатын талаптың аздығы



 

Сонымен  қатар  жалпы  белгілеу,  тағайындау,  сұрыптау 



құралдарының бірқатар кемшіліктері де бар: 

 



интерфейстің соншалықты жақын еместігі; 

 



мультимедиа  мен  гипермедиа  жүйелерімен  салыстырғанда, 

мүмкіндігінің аз болуы; 

 

дистанциондық  оқудың  бағдарламаларын  жасау  мүмкіндігінің 



жоқтығы.  

 Біздің  елімізде  көптеген  отандық  жалпы  белгілеу,  тағайындаудың 

сұрыптау құралдары бар: Адонис, АосМикро, Сценарий, Тес Сис,  

Мультимедиа әдістері. Жаңа ақпараттық технологияның пайда болуына 

дейін көптеген тәжірибелер жүргізе отырып эксперттер материалды игеру мен 

біраз  уақыт  өткен  соң  сол  білімді  еске  түсіру  қабілеттілігі  арасында 

байланыстың  бар  екендігін  анықтады.  Егер  сол  игерілген  білім  дыбыстық 

болса, сол оқылған, игерілген білімнің 1\4, ал егер материал визуальды, яғни 

көзбен  көру  арқылы  берілсе-  1\3  көлемінде  есте  сақталады.  Әсер  етудің  екі 

түрін де пайдалансақ (көзбен көру, құлақпен есту), есте сақтау көтерілетін еді, 

ал егер адам игеру кезінде белсенді іс шараларға ұмтылатын болса, онда есте 

сақтау 75 –ға көтеріледі.  

Сонымен  мультимедиа  ақпарат  берудің  бірнеше  әдістерін  – 

интерактивті  өнімдер  -мәтін,  қозғалмайтын  бейнелеулер  (суреттер  мен 

фотографиялар),  қозғалмалы  бейнелеулер  (мультипликация,  видео)  және 

дыбыс (сандық және МІДІ) біріктірілуін білдіреді. 

Аудиоақпаратқа  сөйлесу,  музыка,  дыбыстық  әсер  жатады.  Бұл  орайда 

таратушының  ақпарат  көлемі  аса  маңызды.  Аудиоақпаратпен  салыстырғанда 

бейнеақпарат  пайдаланылатын  элементтер  санының  жоғары  болуымен 

ерекшеленеді.  Орныққан бейне қатарды  екіге бөліп  қарауға  болады:  графика 

(салынған  бейнелеулер)  және  сурет.  Бірінші  топқа  әр  түрлі  суреттер, 

интерьерлер,  графиктік  тұрғыдағы  символдар,  ал  екіншіге  фотографиялар 

және бейнелерді сканирлеу жатады.  

Қозғалыс  үстіндегі  бейнеқатар  кадрлардың  тізбектеліп  берілуінен 

тұрады.  Осыдан  үш  түрлі  элементті  бөліп  қарауға  болады:  жай  бейне 

(секундына  24  сурет),  квазибейне  (секундына  6-12  сурет),  анимация. 

Бейнеқатарды  пайдалану  мультиорта  құрамында  аудиомен  салыстырғанда 

бірқатар  проблемаларды  шешуге  мүмкіндік  береді.  Соның  ішнде  экранның 

ықпалы, түстердің көп болуы және ақпарат көлемі аса маңызды.  

Мультимедиа  басқа  да  ақпараттар  ресурстарымен  салыстырғанда 

көлемінің  өте  кеңдігімен  ерекшеленеді.  Сол  себептен  де  бүгінгі  күні  осыны 

таратушы  компакт  дискісі  болып  табылады.  Қалыпты  сыйымдылығы-



11 

 

640Мбайт.  Ал  енді  нағыз  кәсіби  түрде  қолдануға  басқа  құрылғылар  бар, 



алайда бұлар өте қымбат.  

Гипермәтіндік,  гипермедиалық  әдістер.  Гипермәтін  –  мәтіндік 

материалдардың  линиямен  берілмеуі.  Сонымен  қатар  мәтінде  белгілі  бір 

мәтіндерге  қатысты  қандай  да  бір  жеке  бөлініп  көрсетілген  сөздер 

бар.Пайдаланушы бет бойынша тек парақьарды ашып қана қоймайды, қандай 

да бір сілтеме, нұсқау бойынша жолдық сипаттамадан ауытқып кетуі мүмкін, 

яғни  ақпаратты  беру  үрдісін  өзі  басқаруы  мүмкін.  Гипермедиялық  жүйеде 

фрагменттер  түрінде  бейнелеулер,  ал  ақпарат  мәтіннен,  графиктен, 

бейнефрагменттен, дыбыстан тұруы мүмкін.  

Гипермәтіндік технологияны пайдалану технологиясы оқулықтырға жиі 

қойылатын  құрылымдық,  пайдалануға  ыңғайлылық  сияқты  талаптарды 

қанағаттандырады.  Қажет  болса,  мұндай  оқулықтарды  кез  келген  жағдайда 

«ақтаруға»  және  түзетулер  енгізуге  болады.  Ереже  бойынша  бұларға  онша 

сәтті  емес  дизайн,  компоновка  (тұтастық),  құрылысы  және  т.б.  тән  болып 

келеді.  

Қазіргі уақытта әр түрлі гипермәтіндік форматтар бар ( HTML, DHTML, 

PHP және т.б. ) 

Әдістерді,  амалдарды  таңдау  белгілері.  Әдістерді,  амалдарды  таңдауда 

мыналар аса маңызды: 

 



белгілі бір конфигурацияның аппараттық амалдары; 

 



сертификацияланған бағдарламалық жүйе; 

 



қажетті деңгейде талап етілетін мамандар

Бұдан  басқа  дайындалып  жатқан  электрондық  оқулықтың  не  үшін 

қажеттілігін, 

жаңа 


мәліметтермен 

толықтыру 

модификациясының 

қажеттілігін, есте сақтау көлеміне шек қоюды анықтап алу керек. 

Технологияның  қарқынды  дамуымен  мультимедиа  және  гипермедиа 

жүйелерін  көптеген  жеке  компьютерлерге  енгізу  барынша  арзандап  келеді. 

Сонымен  қатар  аппараттық  құралдардың  күштілігі  мен  тез  әсер  ету 

жағдайларына  байланысты  жоғарыда  көрсетілген  әдістерді  қолдануға 

мүмкіндік береді.  

Электрондық  оқулықтардың  құрылымын  ұйымдастыру.  Компьютерлік 

өнімдер нарқында  әр  түрлі  бағдарламалар,  электрондық  оқулықтар  саны  күн 

өткен  сайын  өсіп  келеді.  Осымен  қоса  «электрондық  оқулық»  қандай  болу 

керек,  оның  басты  міндеті  болып  қандай  функциялар  енеді  деген  сауал 

төңірегіндегі  айтыс  та  да тоқтамай  келеді.  Электрондық оқулықтың дәстүрлі 

құрылысы:  оқу  материалымен  қамтамасыз  ету,  практика,  жаттығулар, 

тестілеу. 

Қазіргі уақытта оқулықтарға мынадай талаптар қойылуда: 

1.

 



Таңдап  алынған  курс  бойынша  ақпарат  барынша  дұрыс  құрылған 

және  курстың  аяқталған  фрагменттері  жаңа  ұғымдар  мен  түсініктердің 

шектеулі мөлшерімен берілуі керек. 

2.

 



Мәтінлерге қоса берілетін әрбір фрагмент аудио және бейне («жанды 

лекциялар») түрінде берілуі қажет. 



12 

 

3.



 

Мәтіндік  ақпарат  жанды  лекциялардың  қандай  да  бір  бөлімін 

қайталауы керек. 

4.

 



Күрделі  модельдар  мен  құрылғылар  берілетін  суреттерге  қосымша 

әр  сурет  (карта,  жоспар,  сызбалар,  затты  жинау  чертежі,  обьектіні  басқару 

пульті)  элементіне  курсордың  үйлесімді  түрде  қозғалып  отыруымен  пайда 

болып,  жойылып  кететін  немесе  бір  сәттік  есте  сақтаулар,  ойға  салулар, 

түсініктемелер берілуі керек. 

5.

 



Мәтіндік бөлім ақпараттарды іздеуде уақытты неғұрлым үнемдейтін 

алуан  түрлі  сілтемелер,  сонымен  қатар  өте  күшті  іздеу  орталығымен  қоса 

бірілп орыруы керек. Келешекте әр пән бойынша арнайы түсіндірме сөздіктің 

қосылуы мүмкін. 

6.

 

Жай  ғана  мәлімдеуде  мағынасын  түсінуду  қиыншылықтар  болатын 



болса, оған қоса бейне ақпараттар немесе анимациялар берілуі керек. Дәстүрлі 

оқулықтармен  салыстырғанда  пайдаланушы  уақытты  5-10  есе  аз  үнемдейді. 

Мысалы  адамның  бұрын-соңды  көрмеген  жайттарын  (сарқырама,  от)  сөзбен 

сипаттап  айту  мүмкін  емес.  Бейнетаспалар  уақыт  масштабын  өзгертуге, 

құбылысты, оқиғаны тез, жай немесе таңдау арқылы көруге мүмкіндік береді.  

7.

 



Негізінен  аудиоақпараттың  болуы  оқулықтың  аса  маңызды  бөлігі 

болып табылады.  

Электрондық  оқулықтың  жұмыс  тәртібі.  Электрондық  оқулықтың  3 

жұмыс тәртібін бөліп алуға болады: 

 

тексеруді қажет етпейтін оқу; 



 

тексеруді қажет ететін оқу, яғни әр тараудың соңында материалдың 



қаншалықты деңгейде игерілгендігін тексеріп бақылайтын бақылау сұрақтары 

беріледі; 

 

алған білімнің тестік бақылау арқылы бағаланып, тексерілуі. 



Қазіргі  уақытта  оқулықтарға  мынадай  талаптар  қойылып  отыр: 

оқулықтың  құрылысы,  пайдалануда  ыңғайлы  болуы,  берілетін  материалдың 

көрнекі  құралдармен  қоса  берілуі.  Міне  осы  талаптарды  толық 

қанағаттандыру үшін гипермәтіндік технологияныи пайдалану керек.  

Оқулықтың  электрондық  үлгіде  оқытуда  ең  басты  проблема  болып 

табылатын  бақылау  тәсілдерін  қарастырған.  Отандық  білім  жүйесінде  көп 

уақыт  бойы  білімді  тексеру  ауызша  түрде  жүргізілген  еді.  Ал  енді  қазіргі 

оқыту  жағдайында  алуан  түрлі  тестілеу  әдістері  қолданылады.  Жасыратыны 

жоқ  кейбір  топ  тестілеу  жүйесіне  қарсылықтар  да  білдіреді.  Себебі  олардың 

түсінігінше  тестілеу  сараптама  жасау  мен  салыстыру  сияқты  дағдыларды 

қанағаттандырмайды  деп  санайды.  Ал  енді  жаңа  дистанциондық  оқыту 

технологиясын  қолдану  бұл  проблеманы  жаңа  қырынан  шешуге  мүмкіндік 

береді.  Жаңа  ақпараттық  технологияны  қолдану  оқудың  нәтижделі  ьлуына 

ықпал етеді деп үміттенуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім алушының 

өз бетімен білімін көтеруге жағдай туғызады.  

Нақты  пәндік  білім  алуда  тек  теорияларды  ған  жаттап  қоймай, 

тапсырмаларды  орындауда  оны  пайдалана  білуді  де  қажет  етеді.  Сондықтан 

да игерілген үрдістер мен құбылыстардың математикалық моделін құра біліп, 



13 

 

есептің шешімін табуда алгоритмдерді жобалап, бағдарлама ретінде оны іске 



асыру, тарату қажет. Мұның барлығы электрондық оқулыққа енгізілген. Осы 

айтылғандардың  іске  асуы  үшін  электрондық  оқулықтың  құрамына 

құрылымның графикалық суреттері мен студенттің тек білімді игеруімен ғана 

емес,  сонымен  қатар  оның  интуициялық  және  образды  түрде  ойлай  білу 

қабілетін  қалыптастыратын  жұмыстар  алгоритмі  берілген  модельді 

бағдарламаның бірнеше сериясы енгізілген.  

Студенттің  өзіндік  жұмысының  сапасын  арттыру  және  пән  бойынша 

терең  білімді  қадағалау  үшін  «Macromedia  Flash»  ортасында  электронды 

оқулық»  бағдарлама  кешенін  құру  қажет.  Оқулық  «Macromedia  Flash» 

ортасында  жүзеге  асқан  және  орта  арнайы  білім  беру  саласындағы  немесе 

колледждің  студенттеріне  арналған.  Бағдарлама  кешені  төмендегі  шарттарға 

сәйкес болуы қажет: 

 

мәліметтер   қоры  календарлы-тақырып  планына  сәйкес,  теория 



мәліметтерін,  зертеу  жұмыстары,  тәжірибелік  жұмыстар  және  студенттердің 

білімін тексеретін тест файлдарын қамту керек

 

тест  сұрақтарына  жауап  алу  және  тестілеу  нәтіжесін  экранда  және 



құжатта көрсету; 

 



интерфейс түсін өзгерту; 

 



студенттердің жаңа тақырыптарды өзалдына меңгеруі үшін қосымша 

тараулар және оқытушыға көмек. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал