Дипломдарға ие болды. Белсенді студенттермен кездесті



жүктеу 54.22 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі54.22 Kb.
түріДиплом

 

«ҚазАТУ бейнесі» фотобайқауының қорытындысы       

 

2014  жылы 23 желтоқсан  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 



университеті  Студенттер  Альянсы  ұйымының  ұйымдастыруымен  факультетаралық 

«ҚазАТУ бейнесі» атты фотобайқауы өтті. 

 

 

 



 

 

Студенттердің жаңа жылдық балы  

2014  жылы 19 желтоқсан  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университеті  студенттерінің  жаңа  жылдық  балы  өтті.  Салтанатты  жиында  жастардың 

2014  оқу  жылындағы  табыстары  қорытындыланып,  ең  белсенді  студенттік  ұйымдар 

дипломдарға ие болды. 

 

           



 

 

 



Белсенді студенттермен кездесті 

2014  жылы 19 желтоқсан  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде  Басқарма  Төрағасы,  профессор  А.Қ.Күрішбаев  университеттің  белсенді 

студенттерімен кездесті. 

 

 

 



 

«Тəуелсіздік - тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты форум 

           16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тəуелсіздік күніне орай Сəкен Сейфуллин

атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінде  Астана  қаласы  жоғары  оқу

орындарының белсенді студенттерінің қатысуымен «Тəуелсіздік - тірегім, елім деп соққан

жүрегім!» атты қалалық Студенттер форумы өтті. 

Форумға Астана қаласы жоғары оқу орындарының белсенді студенттері де қатысты. Атап 

өтетін  болсақ,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  студенті  -

Аманжолов  Бекарыстан  Нұрланұлы, «Астана  медициналық  университеті"  АҚ-ның 

белсенді студенті - Оразалы Ернар Мауленұлы, Еуразия Гуманитарлық институты Жастар 

ісі  жөніндегі  комитетінің  төрайымы - Тырнахан  Нұргүл  жəне  «Тұран  Астана» 

университетінің студенті - Ибрагим Мөлдір.  

 

 



 

 

 

Ұлттық ойындар жарысы 

 

 

2014  жылы 28 қарашада  Гуманитарлық  факультет  жанынан  құрылған  «Достық» 

клубы  мен  дене  тəрбиесі  кафедрасы  оқытушыларының  ұйымдастыруымен  жатақхана 

студенттерінің арасында «Ұлттық ойындар» атты спорттық жарыс өтті.  

 

 

«Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өтті 



 

2014  жылдың 27 қарашасы  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде «Көшбасшы» танымдық клубының ұйымдастыруымен кезекті факультет 

аралық «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өтті. 

 

 

 



 

«Stand Up» ҚазАТУ-да 

 

Астана  қаласында  алғаш  рет  С.Сейфуллин  атындағы  ҚазАТУ-да «Stand Up» 

өткізілді.  Іс-шараға  мұрындық  болған - аталмыш  университеттің  баспасөз  орталығы 

жанынан құрылған «[K]live» креатив тобы. 

Кеш  соңында  музыкалық «November» студенттік  тобы  өз  əндерімен  қуантып, 

барлық  қатысушылар  арнайы  сыйлықтармен  марапатталды. Шараға  демеушілік  болған 

«LEVEL UP» playstation club. Алдағы  уақытта «[K]live» резиденттері «Stand Up Show» 

қалалық деңгейде өткізуді жоспарлауда. 

 

 

 



Қыздарға əсемдік жарасады 

 

         2014  жылдың 26 қарашасы  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде  «Сымбат»  қыздар  клубының  ұйымдастыруымен  шаш  күтімі  туралы 

кезекті  шеберлік  сабағы  өтті. Іс-шараның  мақсаты - қыздардың  танымдық  жəне 

шығармашылық  қабілетін,  эстетикалық  талғамын,  шеберлігін  дамыту,  əдептілікке, 

мейірімділікке,  сұлулыққа  тəрбиелеу;  қыздарға  заманауи  талаптарға  сай  сұлу  болу,  шаш 

күтімі туралы кеңес беру. 

 

 



Қажығали Мұханбетқалиұлымен кездесу 

          2014 жылдың 20 қарашасы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық 

университетінде  Студенттік  Парламенттің  ұйымдастыруымен  Агрономиялық 

факультеттің концерт залында жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 

қайраткері,  Құрмет  орденінің  иегері  Қажығали  Мұханбетқалиұлымен  кездесу  кеші 

өтті.


 

 

 



 

 

 



 

ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ АШЫҚ ПАРЛАМЕНТТІК ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ 

 

Қараша  айының 14-16 күндері  университетімізде  факультетаралық  пікірсайыс 



турнирі  өтті.  Сайысты  оқу  орнымыздағы  Тəрбие  жұмысы  жөніндегі  департамент  жəне 

«Аманат» 

пікірсайыс 

клубы 


ұйымдастырды. 

Екі 


күнге 

созылған 

сайысқа 

университетіміздің 8 факультетінен 50-ге жуық студент қатысқан болатын. 

 

 

 



 

«Кеш жарық, ҚазАТУ!» кездесу кеші 

 

Студенттер  күніне  орай  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде  Жастар  ісі  жөніндегі  комитеттің  ұйымдастыруымен  «Кеш  жарық, 

ҚазАТУ!»  кеші  өткізілді. Студенттік  кештің  мақсаты – жастардың  белсенділігін  көтеру, 

ауызбіршілігін, ынтымақтастығын арттыру. Кештің қадірменді қонақтары ретінде ҚазУТБ 

университетінің  ЖІЖК  төрайымы  Бекназар  Ақнұр,  ЕГИ-ң  ЖІЖК  төрайымы  Нүргүл 

Тырнахан қатысты. 

 

 



Жаһандану жəне қазақ жастарының мəдениеті 

 

2014  жылдың 13 қарашасы  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде  «Жас  толқын»  танымдық  клубының  ұйымдастыруымен  «Жаһандану 

жəне қазақ жастарының мəдениеті» тақырыбында ток-шоу өткізілді. 

 


 

 

 



 

 

Оқу орнымызда студент - жастардың ұйымдастыруымен  



қайырымдылық күні өтті 

 

2014  жылдың 6 қарашасы  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде  Студенттік  кəсіподақ  ұйымы  мен  Жастар  ісі  жөніндегі  комитеттің 

ұйымдастыруымен қайырымдылық жəрмеңкесі өтті. 

Жəрмеңкеге  университетіміздің  əр  факультетінің  шебер  студенттері  мен 

оқытушылары  дайындаған  қолөнер  бұйымдары,  яғни  тоқылған  шұлықтар,  қолғаптар, 

суреттер,  ұлттық  нақыштағы  түрлі  білезіктер,  моншақтан  жасалған  алқа,  тағы  басқа  да 

көптеген заттар шығарылып нарық бағасынан төменгі бағамен сатылды. Қайырымдылық 

жəрмеңкесінің бірінші күні қайырымдылық қорына 23500 теңге түсті. 

Жəрмеңкенің  қорытындысы 7 қараша  күні  сағат 18.00-де  Агрономиялық  факультетінің 

ғимаратындағы  Концерт  залында  қазақ  эстрада  жұлдыздарының  қайырымдылық 

концертімен аяқталды. 

 

 

КТК ойынының финалдық байқауы өтті 



 

2014  жылдың 4 қарашасы  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінің  Концерт  залында  факультетаралық  «Қазақша  КВН»  фестивалінің 

финалдық сайысы ұйымдастырылды. 

 

 

«Брэйн Ринг» интеллектуалды ойыны өтті 


 

2014  жылдың 5 қарашасы  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде «Брейн Ринг» интеллектуалды ойыны өтті. 

Жалпы  ойында 7 команда  қатысты.  Əрбір  студент  ойынның  шарттарына  қызығушылық 

танытып, белсенділік көрсетті. 

 

 



 

 

 



«Қыздарға əсемдік жарасады» атты шеберлік сабағы 

2014  жылдың 6 қарашасы  күні  С.Сейфулин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде  «Сымбат»  қыздар  клубының  ұйымдастыруымен  «Қыздарға  əсемдік 

жарасады»  атты  шеберлік  сабағы  өтті.  Шеберлік  сағатында  қазақ  қыздарының  сыртқы 

келбеті, өз - өзін ұстауы, ұлттық мінез - əдеп мəселесі сөз болды.   

 

 



 

ҚазАТУ көшбасшылары 

 

2014  жылдың 29 қазаны  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университетінде дəстүрге айналған "ҚазАТУ көшбасшылары" күні аталып өтілді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Студенттік қатарға қабылдау рəсімі 

 

2014  жылдың 9 қазанында  «Қазақстан»  орталық  концерт  залында  С.Сейфуллин 

атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінің 1-курс  білімгерлерін  «Студенттер 

қатарына  қабылдау»  салтанатты  кеші  өтті.  Салтанатты  кеште 1-курс  студенттеріне 

студенттік  билеттер  табысталып,  өткен  оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  ҚазАТУ 

студенттерінің  арасында  өткізілген  «Жаңа  ұрпақ»  конкурсының  жеңімпазы  атанған 

Ғ.Ембергеновқа естелік сыйлық табыс етілді. 

Бірінші  курс  студенттерінің  көтеріңкі  көңіл - күйін  студенттік  шақтың  есте  қалар 

салтанатымен  құттықтау  үшін  арнайы  келген  қазақ  эстрадасының  танымал  əншілері 

М.Арапбаева  мен  Ф.Ескенеев,  университет  түлектері - «Трио Z» орындауындағы  əндер 

көтерді. 

 

 

Сəкен Сейфуллиннің 120 жылдығы атап өтілді 



 

2014  жылғы 10 қазаны  күні  Қазақ  агротехникалық  университетінде  сұңқар  ақын, 

мемлекет  қайраткері  Сəкен  Сейфуллиннің  туғанына 120 жыл  толуына  орай  бірқатар 

кешенді шаралар өткізілді. 

Байқау барысында Алматы, Атырау, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қостанай, Астана 

сынды қалалардан келген жас ақындар бақ сынасты.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алғашқы студенттік күз 



 

 

2014  жылдың 29-30 қыркүйек  аралығында  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ 

агротехникалық  университетінің  Концерт  залында  биылғы 1-курсқа  түскен  студенттер 

арасында  өнерлі  жастарды  қолдау  мақсатында  дəстүрлі «Алғашқы  студенттік күз- 2014» 

фестивалінің көркемөнерпаздар байқауы өтті.  

 

 

 



 

 

 



Жатақхана студенттерінің шығармашылығы 

 

С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінде  Жастар  ісі 

жөніндегі  комитеттің  ұйымдастыруымен  жатақхана  студенттерінің  арасында  флешмоб 

сайысы өтті. 

Флэшмоб  мақсаты – университет  студенттерінің  белсенділіктерін  жəне  өзіндік 

шығармашылықтарының көркемдік деңгейін көтеру, өз ұжымының беделін арттыру жəне 

студенттердің  бос  уақытын  тиімді  пайдалануға  жұмылдыру  болып  табылады.  Сайыс 

бағдарламасы  бойынша  флешмоб  «Менің  ҚазАТУым 



– 

менің  мақтанышым!» 

тақырыбында ұйымдастырылды. 

 

 



 

Белсенді жастардың басқарма төрағасы, 

 профессор А.Қ. Күрішбаевпен кездесуі 

 

           2014  жылдың 25 қыркүйегі  күні  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ

агротехникалық  университетінің  Басқарма  төрағасы,  профессор  А.Қ.Күрішбаев

белсенді студенттермен кездесу өткізді. 

            Кездесу  барысында  оқу  орнымыздың  білім  беру  саясатындағы  басты

өзгерістері,  ғылыми - зерттеу  университеті  мəртебесін  алуға  жасалып  жатқан

қадамдары  жəне  дамыған  мемлекеттердегі  жоғары  оқу  орындарының  автономдық

басқару  жүйесіндегі  ерекшеліктері  сөз  болды.  Басқарма  төрағасы  жастарға: 

«Инновациялық  жобалар  арқылы  мемлекеттің  экономикасын  дамыту – бүгінгі

жоғары  оқу  орындарының  алдындағы  басты  міндет» - деп,  шетелдік  оқу

орындарының  əдіс-тəсілдерін  ортаға  салды.  Кездесуде  жастар  арасындағы  бірлік, 

ұжымдық  рух,  адамгершілік  қасиеттер,  ұлтаралық  достық  мəселесі  жəне

жемқорлықтың алдын алуға бағытталған міндеттер талқыланды. 

 


 

 

  



 

 

 

БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН 

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН 

 

2014  жылдың 1 қыркүйегінде  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университеті Білім күніне орай салтанатты жиын өткізді. 

Шара барысында университет ректоры, профессор А.Қ.Күрішбаев сөз сөйлеп, оқу 

орнының  бүгінгі  жетістіктері  жəне  алдағы  мақсаттарын  айқындап,  жастарға  білім 

жолында сəттіліктер тіледі. 

Осы орайда айтып өтер жайт, ҚазАТУ-ға биылғы оқу жылында 2 364 студент қабылданса, 

оның 1 238-і мемлекеттік грант иегерлері болып табылады. 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал