Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»



жүктеу 36.43 Mb.
бет6/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
Дипломның құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспе, әдебиеттерге шолу, зерттеу әдістері мен нысандары, жасалынған жұмыстардың нәтижелерінен құралған 3 бөлімнен, қорытынды және 58 әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом 61 беттен, оның ішінде 5 – кесте, 18 – суретпен көркемделген.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Тянь - Шаньның әр бөліктерінде көптеген ғалымдар, атап айтсақ географ А.В Буняковский, геологтар И.В Мушкетов және Д. Л Иванов, ботаниктер А.Э Регель, Г. Капю, И.С Коржинский, Д.И Литвинов және т,б зерттеулер жүргізді. Сол сияқты Батыс Тянь – Шань флорасын танып білу мақсатында 1908 жылы О.Э Кнорринг, З. А Мингвиц Сырдария облысының Шымкент уезін зерттеді, сонымен қатар, Б.А Федченко, Н. В Павлов үлкен үлестерін қосты [2, 3].

Б.А Федченко өзі жинаған өсімдіктері мен көптеген ғалымдардың материалдарын толықтыру негізінде «Флора Западного Тянь – Шаня» (1941 – 1961) деп аталатын еңбегін бастаған болатын, бірақ сол еңбек аяқталмай қалды [2].

Батыс Тянь – Шаньның флорасын зерттеуге И. М Культиасов [4], Богданова Н.М [5], Б.А Быков [6], В.Н Павлов [7,8,9] және т.б көптеген ғалымдар ат салысты. Флораға қосымша мәліметтерді «Флора Казахстана» [10] және «Определитель растений Средней Азий» [11] көп томдық әдебиеттерден пайдаландық.

Орта Азия университетінің ботаниктері Батыс Тянь – Шань флорасын комплексті түрде зерттеді.

1921 жылы Өгем өзенінің бассейінінде Орта Азия мемлекеттік университетінің Өгем ботаникалық экспедициясы жұмыстар жүргізді. Олар жыл сайын Батыс Тянь – Шаньның әр түрлі аудандарында экспедициялар ұйымдастырды. 1920 жылдың басынан бастап Батыс Тянь - Шань флорасын зерттеуге А.И Введенский[12] қомақты үлес қосты.

1926 жылы Талас Алатауының батыс бөлігіндегі орман заказнигі Ақсу - Жабағылы қорығы болып қайта құрылды. Бұл қорық көптеген ботаниктердің Батыс Тянь – Шаньда жұмыс істеуіне база ретінде үлкен қызмет атқарды. Ал 1939 жылы СССР ҒА – ның Қазақстан филиалының ботанигі В.У Макарчук Қаржантау жотасының биік таулы аймақтарын зерттеді[13].

Н.В Павлов Батыс Тянь – Шаньдағы зерттеулерін 1949 жылдың жазында ҚазССР ҒА Ботаника институтының экспедициясымен бірге бастады. 1953 – 1954 жылдары Қаржантау жотасының таулы бөліктері зерттелді[14].

Евразия құрлығының түкпірінде, Жердің қоңыржай белдеуінің шөлді аймағында, мұхиттар мен теңіздерден жырақта жатқан Батыс Тянь - Шаньның орны, табиғат жағдайларының қарама - қайшылығы (биік, мұз бен қар басқан тау жоталарының құрғақ әрі ыстық тауаралық аңғарлармен алмасуы, жер бедерінің күшті тілімденуі), осы аймақтың өсімдік жамылғысының алуандығын, бірегейлігі мен өзгешелігін анықтайды.

Батыс Тянь - Шань өсімдік түрлерінің шоғырлануының жоғары дәрежесімен, сондай-ақ табиғи экожүйелердің сақталуымен ерекшеленеді. Өңір флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің бірнеше мың түрінен құралған, оның ішінде Батыс Тянь - Шаньның 484 эндемигі, 193 оқшау эндемиктер (тек бір жотада кездесетін өсімдіктер), мәдени - жеміс өсімдіктерінің арғы тектері бар. Аудан дәрілік өсімдіктерге бай. Батыс Тянь -Шань аумағында тяньшань шыршасы, грек жаңғағы, соғды қара өрігі қатар өседі.

Батыс Тянь - Шань аумағында өсімдіктердің өзіндік ортаазиялық типтері ландшафттық маңызға ие - саваннойдтар: бұталы - сирек орманды (Rosa, Amygdalus, Pistacia, Cerasus шиесі және т.б.), шөптесін өсімдіктер (Inula macrophulla, Hordeum bulbosum, Elytrigia trichophora, Ferula, Prangos түрлері т.б.); умбеллялар - крифиттік саваннойдтар; арша ормандары - Juniperus туысының түрлері, криофиттік субальпілік шалғындар Cyeranium, Allium түрлері т.б.

Батыс Тянь - Шань флорасы мен өсімдіктер жабынының сипаты жағынан Тянь - Шаньның өзге аймақтарына қарағанда айтарлықтай ерекшеленеді және Памир - Алтаймен терең байланысы, ортақ белгілері бар (Коровин, 1961,1962); [15], Павлов [8] (1980). Бұл Орта Азияның «оңтүстік тауларының» типті бөлігі болып саналады (Попов 1992) [16].

Батыс Тянь - Шань осы өңірдегі табиғаты мен әлеуметтік - экономикалық жағдайы күрделі болып саналатын Орта Азия бөлігінің экологиялық жағдайын тұрақтандыруда айрықша роль атқарады.

Жаңа мың жылдықтың қарсаңында дербес даму жолына түскен өңір мемлекеттері экономиканың құлдырауын және бұрынғы әлеуметтік -экономикалық қатынастарды қайта құруға байланысты дағдарысты кезеңді бастан кешірді. Бұл жағдай табиғатты қорғауға мемлекеттік қолдау жасауға теріс әсер етті, ал халықтың өзі табиғат ресурстарын шамадан тыс пайдалану есебінен күн көруге мәжбүр болды (Атлас биоразнообразия ЗТШ, 2005) [17].

Табиғаттың бұзылу қаупі халықаралық қауымдастықты биологиялық алуандықты сақтау жөніндегі ұзақ мерзімді іс-шаралар жүйесін жасап, жүзеге асыру қажеттігіне көз жеткізді.

Өсімдік жамылғысын қорғау - бүгінгі таңның ғаламдық ауқымдағы аса ірі проблемасы. Табиғи топтар мен бірегей табиғи ландшафттарды қорғау жөніндегі неғұрлым тиімді іс - шара ретінде бүкіл табиғат кешені мен оны құрайтын экожүйелер қорғалатын үлкен аумақты табиғат учаскелерін қорықтандыруды айтуға болады. Қорықтар мен өзге де ерекше қорғалатын обьектілер.

Флораның табиғи генофонды, тау экожүйелерінің өсімдіктер типтерінің фитоценоздық және экологиялық көптүрлілігін қалпына келтіру үшін табиғатты ұтымды пайдалануды сақтау, әртүрлі дәрежедегі айрықша қорғалатын табиғи аумақтар (қорықтар, ұлттық саябақтар, заказниктер) желісін кеңейту, биологиялық мониторинг қызметін ұйымдастыру, сирек және жойылып кету алдында тұрған өсімдіктерге байланысты әр Республиканың Қызыл кітабын тұрақты шығарып тұру қажеттігі туындайды.

Батыс Тянь - Шань біркелкі тұтас емес. Оның бөліктері өсімдік типтерінің, өсімдік түрлерінің, оның ішінде сирек және эндемик түрлердің әртүрлі жиынтығымен сипатталатын түрлі ботаникалық - географиялық аудандарда жатыр. Батыс Тянь - Шаньның әртүрлі аудандарындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Орталық Азиялық Трансшекаралық Жобаның экспедициялары ұсынған қорықтық жерлер өңірдің бірегей өсімдік жамылғысын толығырақ сақтауға көмектесетін жүйе құруы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда Батыс Тянь - Шаньның табиғи қорғалатын аумақтардан тұратын біртұтас экологиялық жүйесін құру өте өзекті мәселе, бұл неғұрлым маңызды учаскелерді, туыстар мен түрлерді сенімді түрде қорғауға мүмкіндік берді[1].

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ желісі мен экологиялық желі табиғат кешендерін, сондай - ақ сирек және жойылып кету алдында тұрған түрлерді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Орталық Азия климатының құрғай түсуі және таулы рельеф биологиялық алуандыққа елеулі ықпал жасайды, өсімдік тұқымдастығын төтенше өміршеңдік жағдайына қояды. Аридтену шөлге айналуға, фитомасса өнімінің, төмендеуіне алып келеді.

Антропогендік фактор (ағаштар мен бұталарды кесу, дәрілік және сәндік түрлерін ысыраптап жинау, мал жаю, пішен дайындау, т.б.) табиғаттың теріс факторларын ушықтыра түседі.

Қоршаған ортаның ластануы мен бұзылуы нәтижесінде (жер жырту, жолдар, елді мекендер, өнеркәсіп кәсіпорындары, су қоймалары, т.б.) ареалдар бөлшектеніп, қысқарады, өсімдік түрлерінің саны азаяды. Олардың көпшілігі жойылып кету алдында тұр.

Тянь - Шаньда, оның ішінде Батыс Тянь - Шаньда байырғы өсімдік қауымдастықтары сақталмаған. Өсімдік жамылғысы негізінен ұзақ туынды фитоценоздан және әртүрлі дәрежеде бұзылған қауымдастықтардан тұрады. Антропогендік әсердің салдарынан өңір аумағының аридтенуінің жалпы тенденциясы мезофильдік өсімдіктердің біртіндеп ксерофильдікке ауысуына

алып келеді. Бұрын басым болған құнды - дәнді компоненттердің түрлі сабақтығы қосжарнақты өсімдіктермен алмасуы, түрлік құрамның кедейленуі, топтардың құрылымдық - функциональдық ұйымдасуының өзгеруі, олардың тұрақтылығы мен өнімділігінің төмендеуі байқалады.

Батыс Тянь - Шаньның флорасы Орталық Азиядағы ең бай флораның бірі. Оның аумағының 1% - не де жетпейтін жерді ала отырып, ол Орталық Азиядағы белгілі 9000 түрлі түтікті өсімдіктердің 3500-ге жуығын шоғырландырып отыр. Батыс Тянь - Шаньның флорасында жоғары споралылар мен жалаңаш тұқымдылар салыстырмалы түрде аз, алайда соңғыларының өкілдері (Juniperus) өсімдік жамылғысының түзілуінде елеулі роль атқарады[18].

Флораның негізін жабық тұқымдылар құрайды (90 % астам).Олардың ішінде 20% жуығы даражарнақтылар және 80% қосжарнақтылар. Asteraceae, Poacear, Fabaceae флорасының аса ірі үш тұқымдасы, бұл Ежелгі Жерорта флорасынына тән белгі. Laminaceae, Apiaceae, Brassicaceae, Liliaceae, Caryophyllaceae сияқты тұқымдастардың флораның қалыптасуындағы ролі зор. Scorophulariaceae тұқымдасында түрлердің көп болуы Veronica туысының бір жылдық түрлерінің молдығымен түсіндіріледі, керісінше Boraginaceae тұқымдасы монотипті тұқымдардың алуандығының арқасында көп. Rosaceae және Ranunculaceae үлкен өкілдігі әдеттен өзгеше деп айтуға болады. Бұл осы тұқымдастардың Potentilla, Rosa, Ranunculus сияқты аса ірі туыстарының полиморфизмімен түсіндіріледі.

Тұтас алғанда, ең ірі тұқымдастардың спектірін Ежелгі Жерортаның шығыс бөлігінің таулы флорасы үшін үйреншікті деуге болады, дегенмен Батыс Тянь - Шаньның шетте орналасуына байланысты өзіне тән белгілерге де ие. Бұл ерекшеліктерді туыстардың түрлік байлығын талдау растайды, оның ішінде төмендегілер неғұрлым кең тараған; Salіx, Rosa, Cotonea, Rotentilla, Ranunculus туыстарының полиморфизмі эндемиктердің есебінен көрінеді және Батыс Тянь - Шаньның экологиялық жағдайларының алуандығын көрсетеді. Salix, Oxytropus туыстарының елеулі полиморфизмі осы өңір флорасының баюының әртүрлі жолын көрсетті.

Батыс Тянь - Шаньнің флорасы – Ежелгі Жерортаның шығыс бөлігінің үйреншікті флорасы, ол өзінің шетте орналасуының арқасында Голарктиканың қоңыржай белдеуіне тән кейбір белгілерге ие, атап айтқанда раушангүлділердің, сарғалдақтар мен қияқтардың түрлері көп. Түрлердің көпшілігі орта тау белдеуінде (2000 - 2500м) шоғырланған. Осы белдеуден жоғары және төмен қарай түрлер саны күрт азаяды. Тау етегінде түр алуандығы арам шөптер мен бір жылдық өсімдіктердің есебінен артады. Сан жағынан көп жылдық шөптер басым, бір жылдық өсімдіктер де жеткілікті бай. Ағаштар мен бұталардың ішінен жалаңаш тұқымдылар тек осы формалар түрінде берілген, ал жабық тұқымдылардың ішінен оларға раушангүлділердің, талдардың, барбаристердің, жиделердің, өкілдері жатады. Дара жарнақтыларда ағаш формалары жоқ[19].

Өңірдің жоғары сатыдағы өсімдіктерінің флорасының күйі тұтас алғанда қанағаттандырарлық дәрежеде. Антропогендік фактордың әсері әсіресе таудың төменгі және орта белдеуіндегі мал көп жайылған жерлерде айқын байқалады, мұнда арам шөптердің үлесі артып (әсіресе мал тұратын тұрақтарда) сәндік және шаруашылық тұрғыдан құнды түрлердің саны кемиді, ал кейбір жерлерде мүлде жойылып кетеді.



Батыс Тянь - Шаньнің флорасы негізінен ареалы Ежелгі Жерортамен шектелетін (шамамен 70%) түрлерден құралған. Ареалы шағын түрлер салыстырмалы басым келеді (негізінен Орта Азиямен шектелген және оның шегінен аздап шығады). Мұндай түрлердің көптігі флора құрамындағы автохтонды элементтердің айтарлықтай рольі туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Соңғы бес топ ұштасып, Батыс Тянь - Шаньның флоралық құрамының өзгешелігін түзеді, ал соңғы екеуде көптеген эндемик және субъэндемик түрлер мен туыстар бар. Батыс Тянь-Шаньдағы белдеулердің схемасы бойынша өсімдік жамылғысында ағаш бұталы орта белдеулерде, әсіресе көп кездесетіндігі өсімдіктер үшін орын алады. Батыс Тянь-Шань белдеулерінің бақылау жұмыстарынан кейін Батыс Тянь-Шань белдеулеріндегі типтердің схемасы құрылды.

  1. Аласа таулы белдеулердегі эфимерлік өсімдік және (орманның ұсақ жерді белдеулерде) жусан, дәнді жусандық шөлдалалық (ұсақ тасты, тасты жазықтықтарда) гипсофильдік бұталылар және жартылай бұталылар 500-800 (1300) метр шамасында теңіз деңгейінен жоғары өсімдік жамылғысындағы белдеулерде кездеседі. Кейбір түрлердің ығысып кетіп отыруына эфимерлік типтің Батыс Тянь-Шаньның оңтүстік Шымкентке қарай созылу жоталарымен аяқталады. Солтүстік тауға жақын жерге көптілік шөлді жерлерін дәнді жусадар қаптап өсіп жатыр және гипсофиттік бірлестікте эфимерлік өсімдіктер кезектесіп өсіп отырады. Солтүстік ферган ернеуі оңтүстік шығыс жазықтықтардағы жоталарды, тау бөктеріндегі оңтүстік экспанированның нәтижесінде өте аз жауын – шашынның болуы ұсақ тасты және жердің сорлануы, субстраттық иілуі шөлдік жусанның гипсофитті, галофитті типтердің осындай жерлерде басымдық қасиет көрсетуі жақсы бейімделгендігін көрсетеді.

  2. Орта таулы белдеулердегі тұрандық дәнді әртүрлі шөпті далалы таудың 800 (1300) – 2000 (2500) метр шамасында теңіз деңгейінен жоғары болуы. Батыс Тянь-Шаньның барлық көрсетілген бөліктерінде далалы тұран типі басымдылық қасиет көрсетеді. Фитоценотикалық белдеу әртүрлі және өте бай. Осы жерде өсімдіктер типтерінің көпшілігі бай және Батыс Тянь-Шаньға бейімделген. Далалықтармен қатар белдеулер өсімдіктер типті өсімдік жамылғысының күрлделенуі гумидтік топ сияқты бірлестіктер, субариттік т.б. типтер петрофильдік топтар жатады. Туыстық бірлестіктер Батыс Тянь-Шаньның барлық спецификалық өзгерулері қайта қайталанбайды. Оларға мезофилдік жаңғақ тұқымды, аралас қарағайлы жаңғақты және шыршалы қарағайлы орманы, “Батыс бұрышы” ылғалды жоталары кіреді. Осы жерде мезофилдік бұталылар кездеседі, ортатаулы шабындықтар және шабындық далалылар ұсақ тасты және тасты жазықтықтарда аршалар , ксерофилдік ағаштар, бұталылар бірлестігі, тікенек жапырақтылар және тікенек бастылар, дәнді жусандар,петрофильдік ценоздар кездеседі.

  3. Субальпілік белдеулер шабындық далалылар және шабындықтар, аршалылар және таулы ксерофиттер 2000 (2500) –2800 (3200) метр шамасында теңіз деңгейінен жоғары жерлерде кездеседі. Оңтүстік жазықтықтардағы бұрыштарда (Prangs padularia, Ferula tenuisecta) осылардың бірлестігі басымдылық қасиет көрсетеді. Қопада арша түрлерінің (Juniperus turkestanica) оңтүстік баурайларында өзгерген түрлері кездеседі.

  4. Альпілік өсімдік белдеулері 2800 –13200 м теңіз деңгейінен жоғары . Биік таулы жерлерде ксерофиттер өседі.

Түркістандық Батыс Тянь-Шань типін кең көлемде тараған деуге болмайды. Ол жаңғақты тұқымды ормандарда көп тараған ортатаулы белдеулерде шығыс шатқал жоталарында кездеседі. Бұған кіші алаңның территориясы да әсер етеді. Жаңғақты, алмалы орманда және қопалардағы бұталылардың екі пайыз шамасындағы алаңды алып жатады.

Қазіргі флораның құрамы жөніндегі палеоботаникалық материалдар мен мәліметтерді талдай отырып, Р.В. Камелин [19] құрамына Батыс Тянь -Шаньның да флорасы кіретін таулы Орта Азияның флорасы түрлер кешенінің белгілі бір жиынтығы ретінде интенсивті орогенезге байланысты неогенде (миоценде) қалыптасты деген қорытындыға келді. Орта Азия флорасының шыққан орны туралы мәселені зерттеушілердің көпшілігі (Краснов [20]; Попов [21,22] Культиасов [4] және т.б.) бірдей қарастырады - флора ортоселекциялы, яғни негізінен үштік палеарктикалық флораның климаттық өсе түскен құрғақшылығының әсерінен қазіргі түрге айналуы арқылы қалыптасқан .

Жоғарыдағыларды қортындылай келе Батыс Тянь–Шань аумағындағы өсімдіктер дүниесін біршама ботаникалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Алайда Қасқасу шатқалы флорасын оның ішінде талдар тұқымдасына (Salicaceae Mirb.) қарасты өсімдіктерге жүргізілген зерттеулердің әлі де толық еместігін көрсетеді.


жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет