Діннің асыл мақсатын орыс тілінде жеткізгеніміз дұрыс болады. Себебі өзіміз



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/5
Дата15.03.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5

ИӘ

– Діннің асыл мақсатын орыс тілінде 

жеткізгеніміз дұрыс болады. Себебі өзіміз 

өмір сүріп жатқан нақты қоғаммен санасу 

керек. Бізде қазір мектептер орысша, 

балабақшалар орысша оқытады. Өзге ұлт 

өкілдерін былай қойғанда, тіпті өзіміздің 

қазақтардың да көбі орыстілді. Балабақша 

кезінен орысша тәрбие алған адамдарына 

дінді қазақтың әдеби тілінде ұғынуы 

қиынға түсетіні анық. Сондықтан өзге ұлт 

өкілдері түгіл, өзіміздің қазақтарға діннің 

кейбір тұстарын орысша баяндасақ, олар 

әлдеқайда оңай ұғынып жатады. Оның 

үстіне, мұсылманшылық дегеніміз тек қа-

заққа ғана тән сенім емес қой. Орыс ті-

лінде де діннің асыл мақсаттары орындала 

береді. Ислам діні, жалпы, әлемге, 

адамзатқа түскен ортақ дін болғандықтан, 

оның қағидаларын барлық ұлттарға жет-

кізуіміз керек. 

ЖОҚ

– Қазір біздің мешіттер де орыстан-

дыры лып жатыр. Меніңше, бұл жақсы лық-

тың нышаны емес. Құдайға шынайы бет 

бұрғысы келген адам оған барудың жолын 

табады. Оған тап қазақ тілі кедергі бола 

қояды деген пікірмен өз басым келісе 

алмаймын. Мысалы, қазір барлық мешіттер 

орыс 

тілді молдалармен жарақтана бас-



тасын делік. Оған қанша қаржы құйылады? 

Орыстілділердің мешітке бас сұғуының өзі 

– сирек құбылыс. Сол анда-санда мешітке 

бас сұғатын саусақпен санарлық өзге ұлт 

өкілдеріне орыстілді молда жалдау үшін де 

ақша төгетіндей мешіттер бай емес қой. 

Ортағасырдан бергі қазақтың дін ғұла-

маларының еңбектері шаң басып архив-

терде жатыр. Егер бай болса, сол ақшаны 

соған неге жұмсамасқа? Өткенде Қожа Ах-

мет Ясауидің кітабын іздеп, ешбір дүкеннен 

та ба  алмадым. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Дмитрий МЕДВЕДЕВ, 

Ресей Президенті: 

– Мен әріптесіме (Барак 

Обамаға) жақсы бір демалыс 

тілеймін. Мен кеше өзіне де 

айттым «демал Барак» деп.

(www.rbcdaily.ru)

№225 (451) 

25 желтоқсан

сенбі


2010 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

3-бетте

Кенесары ҚАПТАҒАЕВ, 

«Ұлт дабылы» қоғамдық 

қозғалысының жетекшісі:

Ершат ОҢҒАРОВ, Қазақстан 

мұсылмандары діни 

басқармасының сараптама және 

талдау бөлімінің меңгерушісі:

2-бет

2-бет

4-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Байбатшаев қалай 

кредит алды?

Аралдың қаяз 

балығына қамқорлық 

жетіспей жүр

Идеядан өндіріске 

жеткен жаңалық

Православ шіркеулері қазақша 

үйреніп жатқанда қазақстандық 

мешіттер де орыстілді қауымның қамын 

ойлап, дін үйренуде олардың мүмкіндігі 

шектеулі болып жатқанын сөз етуде. 

Қазақстан мұсылмандар діни 

басқармасы орыс тілінде уағыз жүргізе 

алатын имамдарға сұраныс бар екенін 

және бұл мәселенің шешіліп жатқанын 

жиі айтады. Алайда сол орыстілді 

имамдарға сұраныс бар екеніне 

күмәнмен қарайтын азаматтар да бар. 

Олардың ойынша, салыстырмалы түрде 

азшылықты құрайтын орыстілді 

мұсылмандар үшін қаржы төгіп, арнайы 

мамандар дайындауға қажеттілік жоқ. 

Әрбір жер-су атауында өзіндік сыр бар. 

Қазақ оны белгілі дүниелерге орайлас 

қояды. Астарына үңілсеңіз, көптеген 

деректі кезіктіре алатының ақиқат. Олар 

жұртты еріксіз өзіне қызықтыра түседі. 

Ұлан-байтақ даламызда мұндай қастерлі 

орындар көп. Қашаннан да қазақылық 

қалпын сақтап келе жатқан Сыр бойында 

осындай жер-су атаулары жетерлік. 

Олардың кейбірінің атауы жайлы бірнеше 

болжам жасауға болады. Өйткені сол 

атаудың өзінен халқымыздың бай тілінің 

қоры мол екенін аңғару қиынға соға 

қоймас. Қызылорда облысында Қазалы 

атты жер бар. Кішкене ғана елді мекен 

емес. Ауданның атын иеленіп отыр. 

Облыстың солтүстік бөлігінде қоныс 

тепкен. Қазалының атын естіген жан 

елеңдеп қалады. Ол жайын да түрліше 

болжам жасауы кәдік. Біз де құйма құлақ 

қарттардан естіген әңгімені елдің есіне тағы 

бір мәрте салуды қолай көріп отырмыз. 

ДАТ!

6-б

етте

Хабиба ЕЛЕБЕКОВА:

Н

ағыз әнші анадан 



әнші болып туады

Б

А



С

ТАМА


www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,14

192,76

4,80

22,15

1,31

-

11573,49

1770,71

1698,44

94,56

1380

Ұлы Жібек жолы қайта 

жаңғыратын күн жақын

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 

Түркияның Ыстамбұл шаһарында өтіп жатқан 

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 

елдер мемлекет және үкімет басшыларының 

11-саммитіне қатысып, сонымен қатар Үкімет 

басшысы Түркия Президенті Абдулла Гүлмен 

келіссөз өткізді. «Мүмкіндікті пайдалана отырып, 

Қазақстанды Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің 

табысты өтуімен құттықтаймын», – деді Түркия 

басшысы К.Мәсімовпен болған кездесуде. 

Тараптар экономика саласындағы өзара 

байланыстарды тереңдету, өзара инвестициялар 

мен тауар айналымын арттыру, сондай-

ақ Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 

аясындағы көпжақты қарым-қатынастарды 

дамыту мәселелерін талқылады. 

ҚА

ЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕ



ТТЕРІ

Мешіттерде орысша уағыз жүргізетін имамдарды ұстау керек пе? 

Жалғасы 3-бетте

Бірінші болжам. Аудан дарияның жағасында 

қоныс тепкен. Өзеннің оң жағасында кішкене 

өзекшелер бар екен. Ондағы ел-жұрт балық ау лауды 

кәсіп етеді. Ертеде қазіргі дей балық аулайтын құрал-

жабдық халықтың қолында қайдан болсын? Қолдағы 

бармен тіршілік жасайды. Жазда шанышқы, қыста 

қазамен әрекет етеді. Ертеректе қаза деген балық аулау 

құралы болған екен. 



Қазалы атауы 

қайдан шыққан?

Саммитке қатысушыларға өзінің құт тықтау 

сөзінде Түркия басшысы Абдулла Гүл жер 

көлемі 7 миллион шаршы шақырым, 400 

миллионға жуық халқы бар ЭЫҰ-ның орасан 

зор әлеуетін атап өтті. «Сонау 2005 жылы 

Астанада сыртқы істер министрлерінің кеңесі 

өткізілді. Онда 2015 жылға дейінгі тұжы ры-

мдама қабылданды. Маңызды қадам 

жасалды, бірақ жүріп өткен қашықтық 

мардымсыз. Біз инвестиция, көлік, ком-

муникация және өнеркәсіп салаларындағы 

ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз, өйткені 

Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Жалғасы 2-бетте

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының 

мәліметінше, желтоқсанның 23-і күні 22.04 сағатта 

байқалған жерасты дүмпуі Іле Алатауы жоталарынан 

оянған. Сілкіністің эпицентрі Алматы қаласынан 104 

шақырым қашықтықта. Сейсмикалық құбылыс Саты 

елді мекенінде байқалған. Министрлік мамандары 

жер сілкінісінің айтарлықтай қуатты болмағанын, 

зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы 

деректер жоқ екенін хабарлады. Естеріңізде болса, 

осыдан екі апта бұрын да Алматы облысында қуаты 

MSK-64 шкаласы бойынша үш балл болатын жер 

сілкінісі тіркелген еді. Дүмпудің ошағы Алматыдан 45 

шақырымда анықталған болатын. ҚР Білім және 

ғылым министрлігі Сейсмология институты маман-

дарының деректеріне қарағанда, дүниежүзінде күніне 

орташа есеппен 7000-нан астам жер сілкінісі болып 

жатады екен. Оның ондаған дерегі Қазақстанның 

аумағында тіркеледі. Мамандардың соңғы болжамына 

қарағанда, енді желтоқсанның 29-ына дейінгі 

аралықта сейсмикалық ахуалы тұрақсыз Алматы 

облысы аумағында MSK-64 шкаласы бойынша жеті 

баллға жететін жер сілкінісі болмайды.

Болатбек МҰХТАРОВ

ЗІЛЗ


А

ЛА

Түнгі мезгілде 



жер сілкінді

Алматы облысында тағы жер сілкінді. 

Оның қуаты MSK-64 шкаласы бойынша екі балл 

болған.

Бұл туралы Астана қалалық бас-

тамашыл тобының жетекшісі, қала лық 

мәслихат депутаты Владимир Редко-

кашин мәлімдеді. «Бүгін біз өз өтіні-

шімізді орталық сайлау комис сиясына 



Референдум тағдыры 

27 желтоқсан күні шешіледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін ұзарту 

жөнінде референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топ 

орталық сайлау комиссиясына тіркеу туралы өтініш білдірді. 

біз өзіміздің алдымызға жоспарлап қойған 

онжылдықтың тең жартысын өткердік. Жаңа 

ұсыныстарды біз алдағы жылдың бірінші 

жартысында дайындауымыз керек және 

онымен мемлекетаралық комиссия жұмыс 

жасауы тиіс», – деп санайды Түркия Пре-

зиденті. Сондай-ақ Абдулла Гүл ЭЫҰ бойынша 

әріптестеріне қаржы саласындағы ынты-

мақтастықты кеңейте түсіп, ЭЫҰ Сауда және 

даму банкінің капиталына кіруге ұсыныс 

жасады. «ЭЫҰ Сауда және даму банкі, Ислам 

және Азияның даму банктері әріптестік 

ауқымында біздің аймақтағы маңызды 

жобаларды бірлесе жүзеге асыра алады», – 

деп мәлімдеді А.Гүл Ыстамбұлда өтіп жатқан 

ЭЫҰ 11-саммитінде сөйлеген сөзінде.

тапсырдық. Өтінішті бір аптаның 

ішінде қарайды деп ой 

лаймын. 


2011 жылдың алғашқы он күндігінде 

өтініш тіркеліп, ре ферен думға ке-

ректі сауалнама парақтары әзірлене 

бастайды деп үміттенемін», – деді 

шаһар қа лаулысы. Оның ай туынша, 

ре 


ферендум өткізуді ха 

лықтың 


басым көпшілігі қолдайтын көрінеді. 

Елордадағы бастамашыл топтың 

жетекшісі науқан алдағы жылдың 

наурыз айында өтеді деп топшылап 

отыр. Орталық сайлау комиссия-

сында жалпыұлттық рефор 

ма өт-

кізетін қаржы жоқтығын алға тарқан 



белсенділер басшысы: «Ре 

ферен-


думға мемлекет қаржы 

сын жұм-


сауға болмайды, сондықтан бұл 

мәселені қор құру арқылы шешетін 

шығар 

мыз», – деді. Референдум 



өткізу үшін 200 мың қол жинау аса 

қиын шаруа еместігін алға тартқан 

Вла 

димир Редкокашин кезекті 



науқан қазіргі Президенттің 

өкілеттілігін 2020 жыл 

ға дейін 

ұзартуды мақсат ететінін тілге тиек 

етті. 

Бастамашыл топтың өтінішін ОСК 



өкілдері 27 желтоқсан күні қа-

райтыны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, дәл 

осын дай бастамашыл топ бейсенбі 

күні Өскеменде құрылып, Мемлекет 

бас шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

өкілеттілік мерзімін 2020 жылдың 6 

желтоқсанына дейін ұзарту туралы 

ұсыныс айтқан болатын.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№225 (451) 25.12.2010 жыл, сенбі                



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

МӘСЕЛЕ


Аралдың қаяз балығына 

қамқорлық жетіспей жүр

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

– Біздің мекемеде жұмыс істейтін қызметкердің әлеуметтік 

сақтандыру шотына артық ақша аударылып кетті. Бұл жөнінде біз 

Қостанай облыстық Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына бүкіл 

құжаттарды жинап, үш-төрт ай бұрын жібердік. Енді артық ақшаны 

қайтаруы үшін тағы не істеуіміз керек? 

Айдос, Қостанай облысы, 

Амангелді аудандық ауруханасының есепшісі

Қостанай облыстық Зейнетақы 

төлеу мемлекеттік орталығы маман да-

рының айтуынша, Төлеушінің (жұмыс 

бе рушінің) артық төлеген әлеуметтік 

ау 


дарымдар сомасын «Мемлекеттік 

әлеу меттік сақтандыру қоры» АҚ (бұ-

дан әрі – Қор) жұмыс берушінің өтініші 

не гізінде қайтарады екен. Артық тө-

лен ген әлеуметтік аударымды қайтару 

үшін өтінішті зейнетақы төлеу жөніндегі 

мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі – 

ЗТМО) жіберуіңіз керек. ЗТМО үш 

Артық ақша қалай қайтарылады?

– Менің білгім келгені, егер сәби шетінеп немесе басқа 

жағдайда қайтыс болса, оның басына тас қоюға бола ма? Үші, 

жетісі беріле ме?

Берік ӘЛІМБЕТОВ,Оңтүстік Қазақстан облысы

Сәби қабіріне тас қоюға бола ма? 



Идеядан өндіріске жеткен жаңалық

ИННОВАЦИЯ

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ

Балық шаруашылығының қыр-сырына 

қанық мамандар олардың кеміп кету сал-

дарын былайша болжайды. Қаяз уылды-

рық ты өрістеп барып шашатын көрінеді. 

Яғни оған біраз аумақ қажет етіледі. Таби-

ғат тың құндылығына қол сұғудан тартына 

қоймаған кезең болды. Дария бойынан 

қан шама тоспа мен бөгет салынды. Айна-

лып келгенде, бұл жағдай қоршаған ортаға 

орасан зор апат алып келді емес пе? Ай на-

дай жалтыраған Аралдың аңқасы кепті. 

Оның су астындағы тіршілік иелеріне де 

зия ны аз болған жоқ. Осының салдарынан 

қаяз балығы мүлдем азайды. Оған теңіз 

суы ның тұзды болғаны да залал келтірді. 

Атал мыш «су маржанының» кеміп кетуі 

ғалымдарды да алаңдатқан. Қазір еліміздің 

«Қызыл кітабында» қаяз қорғауға алынған 

балықтың бірі болып отыр. 

Дария жағасындағы ел қаяздың дәм-

ді лігін әлі күнге дейін жыр етеді. Аузыңнан 

ақ май ағызған балық дастарқанның төрі-

нен орын алатын. Оған қоса, ол өте ірі ба-

лық есебінде де бағаланады. Ұзындығы 1 

метрге жуық. Салмағы 22-25 келіні шама-

лай ды. Ең майдасы 4-5 келіден кем емес. 

Әрине, бұл балықшы қауымға мол табыс 

алып келері даусыз. Саны азайған қаяздың 

орнына камбала деген балық түрін өсіруге 

де көңіл бөлінген. Камбала Даниядан 

жеткізілген еді. Сол елдің балықшылары да 

аралдық ағайынға оны өсірудің қыр-

сырын үйретуге тырысқан. 

Негізінен, ащы суды мекен 

ететін камбала қаяздың ор-

нын баса алған жоқ. Таң-

дайыңа татырлық дәмі бар 

қаязға қайдан жете қойсын? 

Айдыны тарыла бастаған 

жаралы Арал дың тамырына 

қайта қан жүгірте бас таған 

алып жобаның алғашқы 

кезеңі  аяқ тал ғаннан  кейін 

қаязды көбейту жолдары 

қарастырыла бастады. 

Дегенмен бас-аяғы төрт-бес 

жылдың ішінде оның санын 

бұрынғы деңгейіне жеткізуге 

мүмкіндік кем. Ауқымды істі 

атқаруға жергілікті бас 

шы-


лықтың шамасы қаншалықты 

жетеді? Оны алдағы уақытта 

көре жатармыз. Атал 

мыш 


балық тек бір өңірдің ғана 

байлығы емес қой. Өз 

деңгейінде жұмыс жасалса, 

елі міздің де беделін биіктете 

түседі. 

Өкі ніш ке 

қарай, 

Қазақстандағы құзырлы 



орын дар тарапынан мұндай 

жылы ықылас білі 

нер түрі 

жоқ. 


Кезінде балық шаруа-

шылығы министрі болған Құдайберген 

Саржанов ағамыз кезекті жиынның бірінде 

осы тұрғыда өз қын жылысын білдірген еді. 

Құзырлы орын 

дар тарапынан қаяз 

балығына әлі күнге дейін дұрыс көңіл 

бөлінбей отыр 

ға 

нын тілге тиек етті. Бір 



қызығы, еліміздің ба 

лық шар 


уа 

шылығы 


бойынша қолданы 

ла 


тын түрлі заң-

дылықтарында оны қор ғауға байла ныс ты 

ешқандай ескертпе жоқ екен. 

Қазіргі күні Қазақстанда бекіре балы-

ғын қорғауға баса назар аударылып отыр. 

Кәрі Каспийдің басты байлығы көздің қа-

ра шығындай қорғалады. Өте дұрыс іс. Де-

ген мен осындай ерекше мәнге ие өзге де 

балық түрлеріне неге нем кетті көзқараста 

бола мыз? Осы жағы түсініксіз. Қазақ же-

рін дегі өзен-көлдің бар байлығы барша 

жұрт  қа ортақ емес пе? Ендеше, осыған 

орай тағы да бір мәрте ой талқыға салу қа-

жет екені айдан анық. 



Оразбай ҚОСАНОВ, 

биолог, Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі: 

– Қаяз – Аралдағы бұрыннан келе 

жатқан балық түрі. Ол маңызы жөнінен те-

ңізде пілмай (шип) деген балық түрінен 

ке йінгі екінші орынды алады. Жалпы, қаяз-

дың бірнеше түрі болғанмен, Арал қаязы-

ның олардан ерекшелігі аз емес. Аталмыш 

балық Сырдария және Әмудария қаязы 

деп екіге бөлінеді. Табиғаттың бұзылуы 

сал  дарынан оның биологиялық түрі сар-

қы ла бастады. Қазір олардың саны бұрын-

ғыдан өте аз. Кезінде ол еліміздің бірқатар 

өңір леріндегі суқоймаларға жеткізілген. 

Атап айтқанда, Қапшағай суқоймасы мен 

Іле өзендеріне жерсіндірілді. Дегенмен қа-

зір ондағы қаязды өсіру жөнінде тап басып 

ай та алмаймыз. Әйтеуір аталмыш балық-

тың мүлдем құрып кетпегеніне шүкірлік 

ет кеннен басқа амал жоқ. 

Задында бізде табиғат тартуына жана-

шыр лық жетіспейді. Өйткені елімізде қор-

шаған ортаны тілге тиек еткенде еріксіз 

кү мі лжіп қаламыз. Әрбір іске жауапты қа-

ра сақ, ондай олқы тірліктің алдын алар 

едік. Қысқасы, балық та аялы алақанды, 

қам қор пейілді қажет етеді. 



Қызылорда облысы 

Уақыт өте келе бұл кәсіпті меңгерген 

жұрттың қарасы көбейе береді. Оларды 

қаза басушылар деп атай ды. Сырттағы ел 

қаза басқан жерді «Қазалы» деп атап 

кетеді. Негізінде, бұл жер кім-кімге де 

қолайлы бол ған екен.  Тіпті осы маңайға 

Бұқара мен Хиуадан, Орынбор мен Қар-

қара лыдан саудагерлер мен көпес тер келе 

бастайды. Дарияның жа 

ғасында бау-

бақша өсірушілер де толайым табысқа 

кенеліп жата 

ды. Осының арқасында 

аталмыш қоныс маңында жиналған жұрт-

тың  қа  расы  жылдан-жылға  арта  бе  реді.



Екінші болжам. Қашаннан да халық 

қара қылды қақ жарған қазылар көмегіне 

жүгініп келген. Елдің арасында турасын 

айта білетін адамдар аз болмаған. 

Осындай төрелігін айтып, төрге озған 

адамдарды ел ерекше құрмет тұтқан. 

Қазіргі Қазалы жерінде жұрттың алғысына 

бөленген бір кісі болған екен. Жергілікті 

жұрт оны сыйлап, бастарына қиын-қыстау 

шақ туғанда оған жүгінгенге ұқсайды. Ол 

да ешкімнің бет-жүзіне қарамаған. 

Әрдайым әділдік іздеген әлеуметтің сөзін 

сөйлеген. Қарапайым халыққа тізе 

батырған төрелер оның алдынан сөзден 

жеңіліп шыққан дейді көнекөздер. 

Осындай қазыны ардақ еткен бұл аумақ 

қазының қарауындағы жер деген дейді. 

Ол бертін келе өзгеріске ұшыраған. Одан 

Қазалы деген атау шыққан деген болжам 

айтушылар да бар.



Үшінші болжам. Елдің аузында әлі 

күнге дейін сақталған тағы да бір ескі 

әңгіме бар. Қазалы қонысының маңайында 

бұрындары айдыны шалқыған көл болған 

деседі. Онда көптеген көл құстары мекен 

еткен. Көлдің беті аққу мен қаздан көрін-

беген екен. Осындай табиғат байлығына 

сүйсінген ел-жұрт аз болмаған. Қаздың 

көптігіне байланысты «Қаз елі» деген атау 

шыққан көрінеді. Бертін келе ол елдің 

аузында Қазалы аталып кеткен екен. 

Төртінші болжам. Қазалы ауданынан 

жақын жерде Жанкент деген көне шаһар 

бар. Аталмыш қаланың тарихы жайлы 

айтылар әпсана аз емес. Солардың бірі – 

Бегім сұлу оқиғасына байланысты. Көрікті 

жарын қызғанған Санжар оның бір қолы 

мен бұрымын қырқып тастайды. Өзінің 

ақтығын дәлелдеген Бегімнің қолы мен 

бұрымы бұрынғы қалпына қайта келген 

екен. Қызының жазықсыз зәбір көргеніне 

көзі жеткен Қарабура әулие күйеу баласына 

ренішін білдіреді. Осы наланың салдары-

нан Санжар хан билеген Жанкент қаласына 

жыландар шабуыл жасайды. Қайғылы 

оқиға салдарынан қаза болғандар көп 

болған екен. Сондықтан бұл аймақ Қазалы 

аталып кеткен деседі тағы бір дәлел 

айтушылар. 

Қазалы – өңірдегі іргелі ауданның бірі. 

Ауданда 80 мыңнан астам халық тұрады. 

Ондағы ағайындар егін өсіріп, төрт түлікті 

түлетіп отыр. Сондай-ақ дария бойындағы 

елдің тағы бір кәсібі – балық аулауға көңіл 

бөлген көпшілік те бар. 

Бұл болжамның қайсысы шындыққа 

жанасады? Қай-қайсысына да назар 

аударуға болатын секілді. Дегенмен толық 

қорытынды жасауға нақты дерек жоқтың 

қасы. Әйтсе де қазақтың қай жері де осын-

дай бағзы заманның қатпарлы құпиясын 

қойнауына жасырып жатыр. 

Әділжан ҮМБЕТ,

Қызылорда облысы 

Қазалы атауы 

қайдан шыққан?

Келесі жыл – келелі мерекелер жылы, 

бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған 

тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге – жиырма 

жыл. Семей ядролық полигонында сынақ 

тоқтатылғанына – жиырма жыл. Бір кезде-

рі тұрмысы түзу, тынысы алымды Қазақстан 

картасында жоқ қалалардың күйі қашып, 

өңі кете бастаған-ды. Осы кезде егемен-

дігіне қол жеткен Қазақ елі жаңа серпілістің 

қуат ты күшін қайта оятып, Курчатов сияқты 

қа лаға жан бітірді. Осыдан бес жыл бұрын 

Кур чатовта Қазақстан Үкіметінің қаулы сы-

мен «Ядролық технологиялар паркі» ак-

цио нерлік қоғамы құрылды. Міне, аталған 

парк кезең-кезеңімен іске кірісіп, иннова-

ция лық дамудың жаңа жобаларын біртін-

деп жүзеге асыра бастады. Курчатовтағы 

бұ рынғы атом полигонының ғылыми әлеу-

етін енді бейбіт мақсатта пайдалану үшін 

ядролық технопарк жұмыс істей бастады. 

Ал міндет жеделдетіліп жүзеге асырылып 

жатқан шақта енді сол ғылым жетістіктерін 

іс жүзінде пайдалану қажеттілігі туындады. 

Мәселе алғаш рет Елбасының 2003 жылғы 

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 

көтерілді. Елбасының осыдан үш жыл 

бұрынғы кезекті Жолдауында алдағы он 

жылдың басты отыз бағыты белгіленіп, 

соның он екінші бағытында электр энер-

гети  ка лық ресурстарды дамыту және атом 

энер ге тикасының негіздерін жасау нақты-

лан ды. Яғни Жолдауда атом энергетикасын 

дамыту, елімізде атом электр стансысы 

құрылысының негіздемесін жасау қажеттігі 

ай тылды. Курчатовта шоғырланған ғылы-

ми әлеуеттің салмағы өте зор. Бүгінде мем-

лекетіміз әлемдегі бәсекеге барынша қабі-

лет ті 50 елдің қатарына кіруге талпыныс 

жа са ған шақта, ядролық технопарк жетіс-

тік терін оның мүмкіндіктерін заман ағымы-

на сай пайдалану іскерлігімізді танытса 

кер ек. Елімізде үш негізгі және өңірлік үш 

тех нопарк құрылысы қатар қолға алынды. 

Кур чатовтағы ядролық технопарк – солар-

дың ең бастысы. Оның негізін алғашқы 

сәтінен бастап, техника ғылымының кан-

ди даты Абзал Құсайынов ұйымдастырып, 

өріс ті өркендету үстінде. Ұтымды істердің 

ұйт 


қысы бола білген басшы заманауи 

идеяларды нақты өндіріске айналдыруда 

білікті де іскер маман екендігін таныта 

алды. Оның дәлелін ядролық технопарктегі 

қысқа мерзімдегі жаңалық-өзгерістерден 

көруге болады. Осыдан тура екі жыл бұрын 

радиациялық технологиялар кешені және 

биыл қолдануға берілген әкімшілік-

өндірістік ғимараты қосылды. Жер-жерден 

мұнда келіп түсіп жатқан инновациялық 

ұсыныстар саны уақыт өткен сайын артуда. 

Бүгінде аумағы 7 мың шаршы метр жерді 

алып жатқан кәсіпорында бизнес-орталық 

пен бизнес-инкубатор ұйымдастырылды. 

Соның нәтижесінде өндірілген өнімді 

сырт қа шығаруға мүмкіндік молайды. Тех-

нопарк қызметкерлері үшін 50 пәтерлік үй 

және 4 пәтерлік екі үй пайдалануға берілді. 

Курчатов қаласының өсуі мен өркендеуіне 

ядролық технопарктің қосар рөлі ерекше. 

Қазақстанның бәсекеге қабілетті әлеуетін 

арттыруға «Қазақстанда жасалған» деген 

белгімен өндірілетін заманауи тауарды 

осы ядро лық технопаркте өндіру басталып 

та кетті. Қазіргі таңда Радиациялық техно-

ло  гия  лар  кешенінде  ЭЛВ-4  электронды 

өнді ріс тік жеделдеткішінің көмегімен ма-

те риал дардың  физикалық  көрсеткіштері 

мен молекулярлық деңгейде құрамын 

өзгертуге атом талшықтарын пайдалану 

өнім нің сапасын арттыру үшін қолданылып 

ке леді. Ал 2012 жылы радиациялық та-

зарт қыш корпусының іске қосылатындығын 

ескерер болсақ, елімізде медициналық 

бұйым дар мен дәрі-дәрмектерді өңдеуде 

іргелі жолдардың бірі ашылмақ.

Технопарк құрылып, іске кіріскеннен 

ке йін мұнда инновациялық жаңалықтарға 

негізделген бірнеше бірлескен кәсіпорын 

пайда болды. Мысалы, қазақстандық-

кореялық Kaz-Kor Nu Tech Companу бірік-

кен ком паниясы «Казкор» суоқшау лағыш 

жа бын материалын шығарып жатыр. Оның 

да беріктігі мен пайдалану ұзақтығы қа-

сиет тері ерекше. Мұндай материал, негіз-

і 

нен, ғимараттардың төбесін жабу мен 



бас сейн  құрылысында  пайдаланылады. 

2008 жылы құрылған қазақстандық-

ресейлік Xsen on компаниясы радиация-

лық-тігін дел ген  фармпрепараттар  мен 

емдік-ас 

хана 


лық минералдық су шы-

ғарады. 2009 жылдан бастап «Ядролық 

технологиялар паркі» АҚ украиндық «Дем-

пург» әріптес компаниямен «Демпург-

PNT» ЖШС-ның бірге теміржол құрамалары 

үшін тежегіш жабдықтар өндірісіне кірісті. 

Бүгінгі таңда «Демпург-PNT» ЖШС-мен 

шығарылатын өнім мол сұранысқа ие. 

Өнімге басты тапсырыс берушілердің 

ішінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық 

компаниясын атап кету ге болады. Бірлескен 

қазақстандық-ресейлік Kazfoam кәсіпорны 

ЭКОИЗОЛ кө піршік полиэтилен шығарумен 

айна лы суда. Бұл өнімнің артықшылығы – 

жылу оқ шау лағыш, шулы дыбыстар мен су 

өткіз беу, оны пайдаланудағы қолайлылық 

пен қа 

уіп 


сіздікті, пайдалану мерзімінің 

ұзақты ғын атап айтуға болады. Материал-

ды аза маттық және өнеркәсіптік құрылыста

жылу жү йесінде, автомобиль және кеме 

жасау ісін 

де, халық тұтыну тауарлары 

өндірісінде жә 

не басқа толып жатқан 

шаруада кеңінен пай далануға болады.

Ядролық технопарктің тікелей қатысуы-

мен ғылыми жаңалықтың өндіріске ара ла-

суы негізінде бірер жылдан соң технопарк 

кәсіпорындарында шамамен 1200 жұмыс 

орны ашылады деп жоспарланып отыр.

2006 жылдан бері «Ядролық техно ло-

гия лар паркі» АҚ британдық жабық ядро-

лық орталықтар бойынша бағдарламасы-

мен тығыз байланыста екендігін айта 

кет кен жөн. Негізінен, аталмыш бағдар-

лама инновациялық белсенділікті дамыту-

ға және ғалымдардың жасалымдарын 

ком  мерцияландыруға  бағытталған.  Ол 

ядро лық зерттеулермен айналысатын Қа-

зақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, 

Гру зия, Украина сияқты елдердің басын 

бірік тіру де. Осы ынтымақтастықтың жемісі 

ретін де «Ядролық технологиялар паркі» 

АҚ даму стратегиясы мен жұмыс бағдар-

ла масын, британдық бағдарламаның қа-

зақ 


стандық «ИнТехнос» ЖШС құрудағы 

қар жы лық үлесін атап айтуға болады.

Уақыт өте келе, Ядролық технопарк қа-

на тын кеңге жайып, күллі әлемге белсенді 

жо баларды коммерцияландырушы ком-

пания болып танылған шақта, Курчатов 

қа ласының келбеті тұтасымен өзгеріп, тү-

леп, жайнап сала беретіндігіне еш күмән 

бол майды.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал