Дина аманжолова



жүктеу 86.4 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі86.4 Kb.

ДИНА АМАНЖОЛОВА: 

Кітапхана - ақын-жазушы мен оқырман арасын жалғап 

тұрған алтын көпір. Кітапхана - Абай, Мағжан,  Қасымдардың 

отаны. Кітапханашы ақын-жазушы мен оқырман арасында 

тұрған шырақшы іспеттес. Абаймен емделіп, Мағжанмен 

рухтанып, Қасыммен қасқайып жүргендердің бірі һәм бірегейі 

облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры - Дина 

Аманжолова. Сұхбаттасудың реті келіп, кітапхана төңірегінде 

әңгіме қозғаған едік. «Кітап оқымаған адам тұл», - дейді Дина 

Базарбайқызы. Жауабын сұхбаттан білесіз. 

МӘДЕНИЕТІ ТӨМЕН АДАМНЫҢ 

БОЛАШАҒЫ ДА БҰЛЫҢҒЫР 

- Кітапхана - мәдениет ошағы. 

Өз сөзіңізде: «Кітапхана - тек кітап 

алмасатын орын ғана емес, сонымен 

қ

атар әдеби, мәдени орта. Руханият 

ордасы», - деген болатынсыз. Сол 

бағыттағы жасалып жатқан іс-шаралар 

оқырманды тартудың бір амалы деп 

білеміз. Кітапханада мұнан бөлек 

қ

андай іс-шара, жұмыстар атқарылып 

келеді? Әңгімемізді осыдан бастасақ... 

- Үш-төрт жыл бұрынғы оқырман 

қ

атарымен салыстырғанда, биыл 



әлдеқайда өскен. Оқырман  қарасы көп. 

Мұны ауыз толтырып айта аламыз. 

Және оқырман  қатарынан жастарды жиі 

кездестіреміз. Жастардың көзқарасы 

өзгеріп,  құштарлығы оянған. Олар мүлде 

кітап оқымайды деуге де болмайды. 

Себебі оқу орнындағы оқытушылар 

студенттерге мәліметті кітапханадан алуға 

кеңес береді. Ғаламтордан ада  қылуға 

тырысады. Бұл сөзімнің дәлелі ретінде 

Қ

арағанды «Болашақ» университетін 



келтірер едім. Бұл университетпен бүгінгі 

күні екіжақты келісімшартқа отырғанбыз. 

Аталмыш университеттің студенттері 

оқу-тәжірибесінен өту үшін күнделік 

толтырады. Ал ол күнделікке оқыған 

кітаптардың тізімі, кітапханада жасаған 

жұмыс түрі жазылуы керек. Сондықтан 

олар біздің кітапханаға ат басын бұрады. 

Және олардың кітапханада жұмыс жасап, 

кітаптарды  қолданып, оқығанының дәлелі 

ретінде кітапхананың мөрі  қойылады. 

Сондықтан барлық университет осы 

тәжірибені  қолданса, жастардың кітапқа 

деген  қызығушылығы арта түспек. 

Иә, рас, кітапхана тек кітап беретін 

орын ғана емес. Өкінішке орай, кітапхана 

ғимаратының тарлығы көптеген мүмкіндікті 

шектеп отыр. Біраз дүние жасауға болатын 

еді. Ал біздің алға  қойған мақсатымыз 

көп. Дегенмен сол мақсаттарды жүзеге 

асыруға тырысып жатырмыз. Кітапхана 

қ

абырғасында бірнеше клуб ашылды. 



Олар: он жылға  қарап  қалған «Жыр-

Жауһар» поэзия клубы, он бес жылдан 

бері жұмыс атқарып келе жатқан 

«Литературная гостиная» клубы. 

Қ

олөнермен айналысатын адамдарға 



арналған клуб та өз жұмысын атқарып 

келеді.  Қазір селфи деген сәнге айналып 

кетті ғой. Сол тәсілді біздің оқырман мен 

қ

ызметкерлер де  қолданып, кітапханада 



болып жатқан іс-шараларды әлеуметтік 

желі арқылы жариялап жүр. Сондықтан 

кітапханада арнайы «Фотоүйірмесі» 

ашылып, Илья атты волонтер оқырман 

мен  қызметкерлерге суретке дұрыс түсу 

мен түсіру әдістерін үйретіп келеді. Жастар 

тарапынан  қызығушылық арта түсуде. 

Сонымен  қатар  қазақ, ағылшын, француз 

тілдерін үйрететін тегін курстар жұмыс 

жасайды. Гитара үйрену курсы да жұмыс 

атқарады. Алдағы уақытта, шертпе күйдің 

шебері Тәттімбет  Қазанғапұлының 200 

жылдық мерейтойы  қарсаңында, жергілікті 

домбырашылармен домбыра тартуға 

әуес оқырмандарымыз үшін шеберлік 

сыныбын өткізу ойымызда бар. Бұның бәрі 

оң нәтиже береріне сенімдімін. Оқырман 

тек кітапты оқып  қана  қоймай, одан алған 

дүниелерді өмірлік кезеңінде  қолданғаны 

дұрыс деп ойлаймын. Сонда адам рухани 

жағынан байи түседі. Мәдениеті төмен 

адамның болашағы да бұлыңғыр. 



- Осыдан бір сұрақ туындайды: 

салалық әдебиеттерге сұраныс көп 

пе, әлде көркем әдебиетке деген 

қ

ызығушылық басым ба? 

- Кітапханаға ең көп келетіндердің 

бірі - зейнеткерлер. Олар, әрине, 

көркем әдебиетті таңдайды. Тоқу өнері, 

компьютерге байланысты әдебиеттерге 

де сұраныс көп. Ал студенттер, шыны 

керек, кітапты берілген тапсырма бойынша 

таңдайды. Сондықтан мен біржақты 

таңдау ғана бар деп айта алмаймын. 

Оқырманды салалық әдебиетпен  қамту 

қ

иындау болып отыр. Өйткені  қазақ 



тіліндегі әдебиеттер жетіспей жатады. 

Медицина мамандығында оқып жатқан 

студенттерге арналған  қазақша кітап 

жоқтың қасы. Космонавтикаға байланысты 

әдебиет аз. Оны да сұрайтындар бар. 

Сондықтан  қазақ тіліндегі кітаптың саны 

мен сапасы көбейе түссе екен. 

ЖАҢА ҒИМАРАТ КЕРЕК-АҚ 

- Жаңа бір сөзіңізде кітапхана 

ғимараты туралы айтып  қалдыңыз. 

Өткен бір жылдары облыс әкімдігінде 

мәдениетке байланысты үлкен 

мәселе  қозғалып, кітапхананың жаңа 

ғимараты салынады деген  қуанышты 

хабар естіген болатынбыз. Дегенмен 

арада біршама уақыт өткенде әкімшілік 

ауысып, бұл мәселе жабулы күйінде 

қ

алды. Содан бері бұл шаруаны 

көтердіңіздер ме? 

- Тарихқа үңілетін болсақ, біздің 

ғимаратты 1969 жылы  қолданысқа берген. 

Бұл, негізінен, сән үйіне шақталып салынған 

ғимарат болатын. Бірақ сол жылдары 

кітапханамыздың кітап  қорын сыйғызатын 

жер таппағандықтан, осы ғимаратқа 

қ

оныс аударған еді. 1980 жылдары 



Оңтүстік-Шығыс ауданынан жаңа 

ғимарат салынады, жоспарға ілінеді деген 

сыңайдағы мақала «Индустриальная 

Караганда» газетіне жарияланған-тын. 

Міне, содан бері  қанша жыл өтсе де, осы 

мәселе өзінің оңтайлы шешімін табар емес. 

Әрине, бұл мәселені әр уақытта котереміз. 

Бұл мәселе мәдениет басқармасының 

да басты назарында. Бүгінгі оқырманның 

талғамына сай заманауи, кең, ыңғайлы 

ғимарат өте  қажет-ақ. 

- Ал мына аудан, ауыл 

кітапханаларының хал-ахуалы  қалай? 

Қ

андай  қиындықтарға тіреліп отыр? 

- Біз Қарағанды облысы бойынша басты 

әдістемелік орталық болып табыламыз. 

Бүгінгі таңда  Қарағанды облысы бойынша 

328 кітапхана бар. Оның төртеуі -

облыстық кітапхана.  Қалғаны -  қалалық, 

аудандық, ауылдық кітапханалар. 

Әрине, әрбір кітапхананың шешілмей 

жатқан өзіндік мәселелері бар. Көп ауыл-

аймаққа ғаламтор жеткізілмей жатыр. 

Телефон орнатылмаған кітапханалар да 

баршылық. Дегенмен  Қарағанды облысы 

кітапханалары компьютермен жабдықталу 

және телефондандырылу жағынан 

алғашқы  қатарда. Техника заманында 

компьютердің тез ескіретінін ескерсек, осы 

бағытта жаңалауға көп қаржы қажет екенін 

атап айтамын. Сонымен  қатар шешілмей 

жүрген мәселелердің бірі - кітапхана  қоры. 

Кітапхана қорын жаңарту мен толықтыруға 

қ

аржы бөлінбейтіні -  қиын мәселе. Нақты 



айтатын болсақ, биыл біздің облыстық 

әмбебап ғылыми кітапханамыздың кітап 

қ

орын толықтыруға 



қ

аржы бөлінген 

жоқ. Бір ғана  қуантатыны - кітапхана 

қ

орын мемлекеттік тапсырыспен шыққан 



кітаптармен толтыра аламыз. 

- Кітапхана қорында қанша кітап бар? 

- Біздің кітапхана  қорында 400 мыңнан 

астам кітап бар. Әрине, оларды сақтау -

үлкен мәселе. Өкінішке орай, жертөлемізде 

кітап сақтайтын орын жетпейді. 

- Кітапханаларыңыздың кітап 

сақтайтын орнында өте сирек кітаптар 

бар. Сол кітаптарға оқырман қолы жете 

ме? Әлде сақтаулы күйі  қала ма? 

- Иә, біздің кітапханамыздың кітап 

сақтайтын  қорында сирек әрі  құнды 

кітаптар бар. Бұл кітаптарға баса назар 

аударамыз.  Ұрпақтан  ұрпаққа жететін 

кітаптар - бұл. Бірақ бұл кітаптарды 

кез келген оқырманның  қолына бере 

алмаймыз. Дегенмен жылына екі рет Ашық 

есік күнін  ұйымдастырып, бұл кітаптарды 

оқырманға таныстырамыз. Сирек және 

құ

нды әдебиеттер арасында Х\/І-Х\/ІІ 



ғасырдағы әдебиеттер бар, Абайдың 

кітаптары бар,  Қасым Аманжоловтың 

алғашқы кітаптары бар. 

ОҚЫРМАН ОНЛАЙН ТҮРДЕ 

ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАДЬІ 

- Кітапхананың каrІіb.кz атты сайты 

бар. Оның атқарып жатқан жұмысы 

төңірегінде әңгіме қозғап кетсеңіз. Рөлі 

қ

ызметі  қандай? 

- Сайтымыз үш тілде -  қазақ, орыс, 

ағылшын тілдерінде - жұмыс жасайды. 

Сайтпен жұмыс жасайтын арнайы 

мамандарымыз бар. Бірақ мұндай 

мамандардың саны кем. Дегенмен бұл 

сайт оқырманның барлық талабына 

жауап бере алады.  Қаралымы өте көп. 

Бұл сайтты  Қазақстан тұрмақ, Африка 

елдері, АҚШ, Нидерланды, Малайзия, 

Австралия елінің оқырмандары  қарап 

отырады. Бұл сайтты дамыту, жетілдіру 

- басты мақсатымыз. Сайт күнделікті 

жаңартылып отырады. Оқырман 

игілігіне жарайтындай дүниелерді жасап 

жатырмыз. Менің ойымша, барлығы 

ыңғайлы жасалған. Біріншіден, мемлекеттік 

маңызды бағдарламалар мен мерекелерге 

көңіл бөлеміз. ЕХРО - 2017, Президент 

Жолдауы, Жеңістің 70 жылдығы,  Қазақ 

хандығының 550 жылдығы, Ассамблеяның 

20 жылдығына арналған баннерлер 

берілген. Сонымен  қатар әдістемелік 

орталықтың міндеттерін естен шығармай, 

кітапхана  қызметкерлерінің де біліктілігін 

арттыруға бағытталған «Әдіскер кабинеті» 

бар. Әрбір кітапхананың мақтанышы -

өлкетану ресурстары. Өлкетану бөлімінде 

жергілікті авторлардың жарық көрген 

дүниелері сандық нұсқаға ауыстырылып, 

сайтымыз арқылы оқырманға жол 

тартады. Яғни оқырман бұл әдебиеттерді 

кітапханадан ғана емес, сайттан онлайн 

түрде де ала алады. Және оқырман алған 

кітабының мерзімін сайт арқылы  ұзарта 

алады. Сонымен  қатар кітапханадағы 

кітаптарды «Ирбис» бағдарламасы 

арқылы тауып, онлайн түрде тапсырыс 

бере алады. Электрондық  құжаттарды 

жіберу жұмыстары да атқарылады. 

Оқырманға керек дүниенің электронды 

көшірмесін жасап, жібере аламыз. Тек 

оқырман билетін көрсетсе болғаны. 

Оқырман билетін алу үдерісі де 

жеңілдетілген. Жеке 

құ

жатын әкелсе 



болды. Суретке кітапханада түсе алады. 

Тағы бір айта кететін дүние - кітапхана 

блогі. Блог жасауға үлкен мән береміз. 

Сайтымызда «Гоголевка» блогі жұмыс 

жасайды. Кітапханаларда блог жұмысын 

дамыту мақсатында жаңа іс-шаралар 

қ

олданып жатырмыз. Нақты айтар болсам, 



биыл Абайдың 170 жылдығына арналған 

«Дананың сөзі - ақылдың көзі» атты 

үздік кітапхана блогі байқауын жариялап 

отырмыз. Байқауға Қарағанды облысының 



кітапханалары мен кітапханашылары 

қ

атыса алады. Басты талабы - блог өзегі 



Абайдың өмірі мен шығармашылығымен 

байланысты болуы тиіс. 



КІТАПХАНА — ТІРІ АҒЗА 

- Шетелдік кітапханалармен тәжірибе 

алмасасыздар ма?  Қандай амалдар 

қ

олданылып жатыр? 

- Кітапхананы тірі ағза деп есептеймін. 

Әрқашан оны жаңартып отыруымыз 

қ

ажет. Дамытып отыру керек. Міне, менің 



көкейімде жүрген мәселелер - осы. Біз 

көбінесе ресейлік әріптестермен тығыз 

қ

арым-қатынас жасаймыз. Мәселен, 



Н.Асеев атындағы Курск ғылыми 

кітапханасымен әріптестік 

қ

арым-


қ

атынас орнатқанбыз. Олармен шеберлік 

сыныптарын өткізіп, тәжірибе алмасып 

келеміз. 

Ұ

л ы Жеңістің 70 жылдығы 



қ

арсаңында аталмыш кітапханамен 

онлайн-конференция өткізбекпіз. 

Курск шайқасы болған жер ғой. Олар 

өз ардагерлерін шақырады. Біз Курск 

шайқасына 

қ

атысқан ардагерімізді 



таптық. Бұл 16 сәуірге жоспарланып 

отыр. Ерекше форматтағы кездесу ғана 

емес, сонымен  қатар жастарға деген 

тәрбиелік мәні бар шара. Әрине, біздің 

ардагеріміз  қуанып, келісім берді. 2014 

жылы «Майданнан хат келді» акциясын 

бастаған болатынбыз. Бұл туралы 

сайтымызда жарияланған. Осы тұста 

Алматы  қаласының Орталық мемлекеттік 

мұрағатына, 

Қ

азақстан Республикасы 



мемлекеттік орталық мұражайына, 

Қ

арағанды облыстық тарихи-өлкетану 



мұражайына және  Қарағанды облысының 

кітапханаларына алғыс білдіреміз. 

Өйткені Нүркен Әбдіровтің өз  қолымен 

жазған хатына  қолымыз жетті. Сондықтан 

алғысым шексіз. Біз мұнымен тоқтаған 

емеспіз. Майданнан келген хаттарды іздеу 

үстіндеміз. Мұны жастарға отансүйгіштік 

тәрбие беретін акция деп есептеймін. 

Тіпті, бұл акция барысында араб қарпімен 

жазылған хаттарға да  ұшырастық. 

Жалпы алғанда, ресейлік біраз 

кітапханамен әріптестік  қатынастамыз. 

Мысалы, Екатеринбург және Новосібір 

облыстық кітапханаларымен келісімшарт 

жасалған. Жуырда 

қ

ызметкеріміз 



Екатеринбург  қаласында өткен шеберлік 

сыныбынан тәжірибе жинап  қайтты. 



ОЛАРДА КІТАПХАНАШЫҒА ДЕГЕН 

КӨЗҚАРАС МҮЛДЕ БӨЛЕК 

- Осы жерде Ресей кітапханасы 

жүйесінің ерекшелігіне тоқтала 

кетсеңіз... 

- Оларда кітапханаға деген көзқарас 

мүлде бөлек.  Қырымға барған кезде 

де байқаған болатынмын. Және оларға 

қ

олдау көбірек жасалады. Бірақ олардың 



ауылдық кітапханаларының жай-күйі біздің 

ауылдық кітапханаларымызға  қарағанда 

біршама төмендеу көрінді. Ал облыстық, 

ұ

лттық кітапханалары басты назарға 



алынған. Бірақ ауылдық кітапханаларға 

тіпті  қарамайды демеймін. 



- Жеке кітапханаңыз  қалай? Бай ма? 

- Әрине, бар. Бірақ сонша бай деп 

айта алмаймын. Көбінесе поэзия оқимын. 

Мұхтар Мағауинді сүйіп оқимын Әбіш 

Кекілбаевты оқып жатырмын. Ги де 

Мопассанның шығармаларын оқып 

жатырмын. Әрине, Абай, Мағжан,  Қасым, 

Мұқағалидың кітаптары бар. «Жыр-

Жауһар» поэзия клубы мүшелерінің жарық 

көрген кітаптары жеке кітапханамның 

төрінен орын алып отыр. Бірақ үлкен 

кітапханам бар деп айта алмаспын. 



- Биыл  Қазақ хандығына - 550 жыл. 

Айтулы мерейтой аясында кітапхана 

қ

андай іс-шара өткізейін деп жатыр? 

Қ



азақ хандығының 550 жылдық 

мерейтойын бастап кеттік. Осы жылдың 

ақпан айында Ілияс Есенберлиннің 

100 жылдығын аталған мерейтоймен 

байланыстырып, үлкен кеш өткіздік. 

Қ

ыркүйек айына  қарай  Қазақ хандығына 



байланысты облыстық кітапханашылар 

арасында конференция өткізсек деген ой 

болғанмен,  қаржы жағы  қарастырылмады. 

Тоқтата тұруға тура келіп отыр. Алайда 

мерейтойға орай жыл бойы іс-шара 

өткіземіз. 



НАҚТЫ ДЕРЕК - КІТАПТА 

- Соңғы үш-төрт жылдан бері 

көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі 

- кітапхана атауы.  Қазақтың дауылпаз 

ақыны  Қасым Аманжолов атына берілу 

м ә с е л е с і көтерілген еді ақынның 100 

жылдығында. Шешімін таппаған бұл 

мәселе  қайта көтерілді ме? 

- Иә, 


Қ

асым Аманжоловтың 100 

жылдығына орай кітапханамызға аты 

берілсе деген  ұсыныс болды. 

Қ

ызу 


талқыланды. Өкінішке орай, бүгінгі күнге 

дейін бұл мәселенің жауабы табылған жоқ. 

Негізі, бұл кітапханаға Н.В.Гогольдың есімі 

классиктің  қайтыс болғанына 100 жыл 

толуына орай берілген болатын. Яғни 1952 

жылы. Адуынды ақын Серік Ақсұңқарұлы 

бастап,  Қасымның есімін беру туралы 

мәселе көотерген еді. Бірақ сол кездегі 

мораторийге байланысты іс жүзеге аспай 

қ

алды. Бұл мәселе нақты жауабын тапқан 



жоқ. Бұл жөнінде жиналыс та өткізген едік. 

Барлық  қызметкер жүз пайыз  қолдаған 

еді. Әрине, кітапхананың атауын өзгерту 

оңай жұмыс емес.  Қаржыны талап етеді. 

Қ

аншама  құжат ауыстыру керек дегендей... 



Мүмкін, жаңа ғимарат салынып, соған 

көшкен жағдайда бірден ауыстырылса, 

нұр үстіне нұр болар еді. Бұл - әзірше 

арман ғана. 



- Ж ы л сайын өтіп тұратын «Кітапхана 

түнінің» оқырмандарға  қандай тосын 

сыйы бар? Не күтпек? 

- Әрине, биыл міндетті түрде 

өтеді. Бұл - негізінен, акция. Шетел 

кітапханаларының тәжірибесі. Біз мұны 

осыдан 3 жыл бұрын бастаған едік. 

Қ

азақстанда алғашқы болып бастаған -



біз. Басты идеясы - жастарды кітап оқуға 

тарту. Кітаптың маңызын түсіндіру. Кез 

келген ақпаратты ғаламтордан алғанмен, 

оның дұрыс-бұрысын білмейді. Ал нақты 

д е р е к - кітапта. «Кітапхана түнін» өткізудің 

басты мақсаты - кітапхананы ерекше ғып 

көрсету. Кітапхананы кітап алмасатын 

орын ғана емес, жан-жақты бағытта 

жұмыс жасайтын мекеме ретінде де 

таныту. «Кітапхана түнін» 21 сәуірде, яғни 

дүниежүзілік кітап және авторлық  құқық 

күні өткізіп келдік. Биыл мамыр айына 

қ

алдырып отырмыз. Биылғы «Кітапхана 



түні» 

Ұ

лы Жеңістің 70 жылдығына 



арналмақ. 

- Мынадай бір  қызық сұрақ туындап 

отыр: библиоклептоман деген бар, 

кітап  ұрлайтын адам. Кітап  ұрлайтын 

оқырман бар ма? Ондай оқиғалар орын 

ала ма? 

- Мен алғаш  қызметке келген жылдары 

оқырмандар кітапқа кезекке тұратын. Бұл 

- 90 жылдар. Кітап  ұрлайтын адамдар сол 

кезде болатын. Ал бүгінгі күні ол арманға 

айналды. Біреу кітап  ұрласа ғой деп 

армандаймын. Ал кітап  ұрлайтын адам 

жоқ. Мұның себебі, мүмкін, бүгінгі күні 

кітапханада кітап санының жеткіліктігінде 

болар. Оның үстіне, оқырман талабына 

қ

арай кез келген кітап үйге беріледі. 



- Мансап - мансабымен,  қызмет -

қ

ызметімен. Одан бұрын адамның бір 

керемет кезі, періште шағы - балалық 

шақ  қой. Сіздің балалық шағыңыз 

қ

алай өтті? Несімен  қызық болды? 

- Осакаровка ауданының Маржанкөл 

ауылында (қазір Уызбай деп аталады) 

дүниеге келдім. Балалық шағым сонда 

өтті. Шыны керек, бала кезімнен кітап 

оқуды  ұнаттым. Менің кітапқа деген 

алғашқы сүйіспеншілігімді ағам оятты. Ол 

күні бойы кітап оқып отыра беретін. Бір күні 

ағам маған Ханс Кристиан Андерсеннің 

ертегілерін әкеп берді. Кітап орысша. 

Түсінбесем де оқып шықтым. Одан кейін 

қ

азақ тіліне аударылған кітабын тауып 



алып оқыдым. Содан бері кітапқа деген 

құ

штарлығым арта түсті. Кітапты мектеп 



кітапханасынан аламын «Библиотека 

мировой литературы» деген жасыл кітап 

болатын. Бірақ бұл кітапты барлығына 

бере бермейтін. Жалынып, анама айтып 

алған едім сол кітапты.  Қалың кітап өзі. 

Бізде былай болатын кітапханашы алған 

кітабыңды жазып алады. Оқып болғаннан 

соң, міндетті түрде не оқығаныңды, 

не түйгеніңді сұрайтын. Осыдан кейін 

оқымай көр... Бүгінгі кітапханашылар да 

балалармен осылай жұмыс жасаса екен 

деген тілек бар. 



- Риясыз әңгімеңізге рахмет! • 

- Бақыттысыз ба? 

- Бақыттымын. 



- Неден  қорқасыз? 

- Бір Алладан. 



- Неден  қорықпайсыз? 

-  Қорықпауға бола ма? 



- Осы уақытқа дейін өмірден не 

түйдіңіз? 

- Әр минут, әр уақыт, әр күніңді 

бағалау керек екенін түсіндім. 

- Дос көп пе, дұшпан көп пе? 

- Досым көп. Мені дұшпан көретіндер 

бар шығар. Ал мен үшін дұшпан жоқ. 

Сұхбаттасқан: Ерболат ЕРБОЛҰЛЫ 

Арқа ақшамы. - 2015. - 9 сәуір ( №14 ). - 10, 11 б . 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал