Дәрістік сабақ конспектілері Дәріс Тақырыбы: Электрондық үкімет ақпараттық қоғамдағы мемлекеттік басқарудың тұжырымдамасы ретінде



жүктеу 0.49 Mb.

бет1/5
Дата15.03.2017
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4   5

Дәрістік сабақ конспектілері 

 

Дәріс-1.  Тақырыбы:  Электрондық үкімет ақпараттық қоғамдағы 

мемлекеттік басқарудың тұжырымдамасы ретінде. 

 

Ақпараттық қоғам және электрондық үкімет. 

Электрондық  үкімет  -  ағылшынша  «e-  goverment»  тіркесінің  кӛп 

аудармасының бірі.  

Электрондық  Үкімет  жүйесі  ең  алғаш  1991-  жылы  АҚШ-та  құрылды. 

Ал Еуропада сол ӛткен ғасырдың соңында пайда болды. 

Электрондық  үкімет  жобасын  Ресейде  енгізген  сарапшылардың 

пікірінше,  бұл  идея  биліктің  негізгі  үш  проблемасын  шешеді.  Біріншіден, 

электронды  құжат  айналымын  енгізу  арқылы  бюрократиялық  кедергілерді 

жояды, шешім қабылдауды тездетеді. Екіншіден, қарапайым азаматтар және 

бизнес  ӛкілдерінің  билікпен  арақатынасын  жақындастырады.  Үшіншіден, 

мемлекеттік  және    муниципиалдық  басқаруға  неғұрлым  ашықтық, 

жариялылық  енгізеді.  Ал,  ақпараттық-технологияның  кӛшбасына  айналған 

елдерде  бұл  ұғым  басқаша  түсіндіріледі,  мысалы  АҚШ-та  электрондық 

үкімет  тұтас  мемлекет  ісінің  тиімділігін  кӛтеруге  бағытталған  концепция 

түрінде қарастырылады.   

Қазақстан  Республикасында  «электрондық  үкімет»  қалыптастырудың 

2005-2007  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (бұдан  әрі  - 

Бағдарлама)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Бәсекеге  қабілетті 

Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық 

үшін»  атты  2004  жылғы  19  наурыздағы  Қазақстан  халқына  Жолдауына 

сәйкес  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004  жылғы  8  маусымдағы 

отырысында    № 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы 

“электрондық  үкімет”  тұжырымдамасының  ережелері  ескеріле  отырып 

әзірленді. 

Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына 

кіру стратегиясын жария еткен Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мәселесі 

де кӛп жағдайда еліміздің ақпараттық кеңістігін, телекоммуникация нарығын 

дамыту ісіне байланысты болып отыр.  

Осы  Бағдарламаның  негізіне  «электрондық  үкімет»  арқылы  - 

прогрессивті ақпаратты Қазақстанға»  қол жеткізу идеясы алынды.  

Қазақстанда  «электрондық  үкіметті»  қолданысқа  енгізу  мемлекеттік 

органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет кӛрсетулер сапасын 

жақсартуға  және    мерзімін  қысқартуға,  мемлекеттік  органдар  қызметінің 

ақпараттық базасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, болашақта әкімшілік 

жүйені  жетілдіруді  ескере  отырып,  құрамы  жағынан  тиімді  әрі  оңтайлы 

мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.   

«Электрондық  үкімет»  құрудың  басты  басымдықтары  Интернет-

байланысқа  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету,  ақпараттық-коммуникациялық 



технологиялар  саласында  білім  деңгейін  кӛтеру,  сондай-ақ  мемлекеттік 

басқару жүйесіне жаңғырту жүргізу болып табылады.  

Электрондық  мемлекеттік  қызмет  кӛрсетуді  қалыптастыру  кезінде 

әкімшілік  процестерге  технологиялық  қайта  жабдықтау  жүргізу  кӛзделетін 

болғандықтан,  “электрондық  үкімет”  құру  сонымен  қатар  мемлекеттік 

басқару жүйесін ұдайы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.  

Әлемдік 

тәжірибені 

талдауды 

ескере 


отырып, 

Қазақстанда 

«электрондық  үкімет»  құрудың  ұзақ  мерзімді  болашағы  бар  және  ол  үш 

кезеңде іске асырылатын болады. 

Бірінші  кезең  «электрондық  үкіметтің»  инфрақұрылымын  құру. 

Аталған  кезең  шеңберінде  осы  Бағдарламаны  іске  асыру  «электрондық 

үкіметтің» шлюзі мен порталы, банк жүйесімен ӛзара іс-қимыл үшін «тӛлем 

шлюзі»,  ұлттық  бірегейлендіру  жүйесі,  мемлекеттік  органдардың  бірыңғай 

кӛліктік  ортасы,  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың 

ведомствоаралық  және  үлгілік  жүйесін  құру  мен  дамыту,  сондай-ақ 

электрондық қызмет кӛрсетулерге қолжетімділікті қамтамасыз ету  

жӛніндегі іс-шаралар жүргізу, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-

коммуникациялық технологиялар саласында білім кӛтеру жӛнінде жұмыстар 

ұйымдастыру  сияқты  базалық  құрамдас  бӛліктерді  құруға  бағытталатын 

болады. 

Осы  кезеңде  Бағдарламаны  іске  асыру  шеңберінде    ақпараттық  және 

интерактивтік қызмет кӛрсетулер  жоспарлануда. 

Екінші кезең - «электрондық үкіметтің» сервисін дамыту азаматтардың 

тіршілік-тынысы  мен  мемлекеттік  органдардың  жұмыс  істеуінің  барлық 

саласын  қамтитын  сан  алуан  сервистерді  дамытуға,  сондай-ақ  әкімшілік 

процесстерге  кең  ауқымды  технологиялық  қайта  жабдықтау  жүргізуге 

бағытталатын  болады.  Осы  кезеңде  транзакционды  қызмет  кӛрсетулер  іске 

асырылатын болады. 

Үшінші кезең - ақпараттық қоғам құру е-медицина, е-білім, е-мәдениет,    

е-демократия және басқалары сияқты жобаларды іске асыруды қоса алғанда, 

мемлекеттік 

органдар 

мен 


ұйымдардың 

қызмет 


кӛрсетулерін 

трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды кӛздейді. 

Осы  Бағдарламаны  іске  асырудың  бірінші  кезеңінің  аяқталу 

қортындысы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  республикада 

«электрондық  үкіметті»  дамыту  жӛніндегі  бағдарламалық  құжатты  одан  әрі 

әзірлеу туралы шешім қабылдайтын болады. 

  

Осы  Бағдарламада  жағдайлар  жасауға  және  «электрондық  үкіметтің» 



мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалануға  бағытталған  шаралар  кӛзделеді,  олар 

мынадай шешуші сәттерге шоғырландырылатын болады: 

«электрондық  үкімет»  пен  оны  пайдаланушылардың  жұмыс  істеуін 

реттейтін нормативтік құқықтық базаны дамыту

    Бұл  тұрғыда  «электрондық  үкімет»  құру  мемлекеттік  қызмет  кӛрсетулер 

регламенттерін  талдауды  кӛздейді,  мұның  ӛзі  әкімшілік  рәсімдерге 



технологиялық  қайта  жабдықтау  жүргізу  мен  мемлекеттік  басқару  жүйесін 

жаңғырту тетіктерінің бірі болып табылады. 

халықты  «электрондық  үкімет»  мүмкіндіктеріне  тарту,  яғни  білім  алу 

және ақпарат теңсіздігін еңсеруге, электрондық іс-қимыл рәсімдерін орындау 

мен халықтың қалың жігі үшін «электрондық үкімет» қызмет кӛрсетулеріне 

қолжетімділікті  ұйымдастыру  үшін  қоғамды  қажетті  білімділік  деңгейімен 

қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру қажеттілігі

мемлекеттік  басқарудың  барлық  деңгейлерінде  әкімшілік  процестерді 

стандарттау  мен  нысандандыруды,  сондай-ақ  мемлекеттік  органдарды 

ақпараттандыру мен басқарудың біріңғай саясатын әзірлеу мен іске асыруды 

білдіретін мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.     

  

“Электрондық  үкіметтің”  инфрақұрылымын  қалыптастыру  екі  ӛзара 



байланысты, бірақ функциялық  дербес  контурларды іске асыру  жағдайында 

мүмкін болады. 

 

Ішкі  контур  «үкімет  -  үкімет»  үлгісіндегі  ӛзара  қарым-қатынастарды 



қамтиды    және  ведомствоаралық  әкімшілік  рәсімдерге  қызмет  кӛрсететін 

ақпараттық жүйелерді құрайды.  

 

Сыртқы  контур  «үкімет  -  азаматтар»  және  «үкімет  -  ұйымдар» 



үлгісіндегі  ӛзара  қарым-қатынастарды  қамтиды  және  мемлекеттің 

азаматтармен және ұйымдармен ӛзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. 

 

Бағдарламада  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2001  жылғы              



16  наурыздағы  №  573  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  ақпараттық  инфрақұрылымын  қалыптастырудың  және  дамытудың 

мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері ескеріледі  және  салааралық 

сипатта болады. 

 

Енді  еліміздегі  «Электрондық  үкімет»  бағдарламасы  бойынша 



жасалынған  жұмыстарға  тоқталатын  болсақ,  ақпараттандыру  саласында 

«Электрондық үкімет» құрудың бірінші сатысы аяқталды. Оның нормативтік 

құқықтық  базасы  қалыптастырылды.  Орталық  және  жергілікті  атқарушы 

органдардың 95 пайызы ӛздерінің веб-сайттары арқылы халыққа ақпараттар 

ұсына бастады.  

 

Мұның  сыртында  кейбір  қалаларда  салық  тӛлеушілер  қазіргі  күні 



ӛздерінің  есептік  жұмыстарын  салық  органдарына  электрондық  пошта 

арқылы жӛнелтетін болып жүр. 

 

Сӛйтіп,  Қазақстан  аталған  мерзімде  ақпараттық-коммуникациялық 



саласы  бойынша  әлемнің  бәсекелестікке  барынша  қабілетті  50  елінің 

қатарынан берік орын алады деп күтілуде. 

 

   



Негізгі әдебиеттер: 5 нег. [14-20] 

7 нег. [33-37] 

2 нег. [7-15] 

Бақылау сұрақтары:  

1. Ақпараттық қоғам және электрондық үкімет. 


Дәріс-2.  Тақырыбы:   Қоғамды ақпараттандыру ауқымды процесс 

ретінде 

“Ақпараттандыру” 

ұғымының 

анықтамасы. 

Қоғамды 

ақпараттандырудың объективті сипаттамасы. 

Ақпараттандырудың  ауқымды  процесс  ретіндегі  дамуының  негізгі 

бағыттары. 

 

Қaзipri      уакытта      қоғамда      ақпаратпен      жұмыс      icтeyre   

қажеттіліктің  барлығын  жэне  адамзаттың  ғылыми    ақпаратпен  ӛмір  

сүруіне  қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Сонымен катар 

қоғамдағы  барлық  ӛндіріс  салалары  мен  басқармаларда  және  барлық 

басқару  орталықтарында  қызмет  кӛрсету  автоматтандырылып  жылдам 

дамып жатыр. Акпараттық саланың    және    қызметтің   кең    ӛркендеуіне    

байланысты    әлеуметтік құрылымдарда  да  түбегейлі   ӛзгерістер   орын   

алуда.      Әлеуметтің    және  ғылыми-технологияның  үнемі  қарқынды 

ӛркендеуіне  қажетті  мӛлшерде  қолдау  кӛрсететін,  ұлттық  ақпараттық 

қорларды  жасауға  арналған  орталық  құрылымдар          құрылып            жатыр.      

Яғни            қоғамның          ақпараттануы,  компьютерленуі        бip-бipiмен    

ақпараттық    жүйеде    байланысуы    деген ұғымдарға катысты түсініктерді 

жетілдіруге  және  оларды  сэйкестендіріп  жаңа    жүйелер      жасауға   

мумкіндіктер    туып      отыр.      Электронды-ғылыми  зерттеулерде      және   

ӛндірістегі      болып      жатқан      инженерлік-техникалық  жұмыстарды     

жасауда     (интегралды     сызба,     микропроцессор     т.б.), компьютерлік 

технологияларды  пайдаланатын  жаңа  әдістер  мен  олардың  негізінде    әр 

түрлі  электрондық  құрылғыларды   құрастыруды   ұсынады. Электрондау 

жүйесі қоғамды түбегейлі ӛзгерте алмағанымен, экономика мен ӛндірістік 

ӛнеркәсіп  саласына  едәуір  маңызды    ӛзгерістер  жасауды  талап      етеді. 

Электронды   компьютерлік   байланысу  жұмысы,   ол   жеке тұлғалар мен 

топтанған  тұлғалардың  бір-бірімен  байланысуының  жаңа  жүйелерімен 

қарым-қатынас  жасауын,  сонымен  бipгe  кез  келген  тұлғаның  кез      келген   

ақпаратты   алуына   мүмкіндік   береді. Ӛндірістік   орындарда ақпаратты 

қайта  ӛңдеу,  әсіресеe  ақпаратты  тарату  жэне  сақтау  жолдары  үшін 

ақпараттық  компьютерлі-электрондық  құралдарды  колдану  кеңінен 

пайдаланылып, соның нәтижесінде ақпараттық қоғамның  пайда болуынан 

экономикалық  және  әлеуметтік  салаларда,  сондай-ақ  ӛндірістік 

құрылымдар  мен  жаңа  ғылыми  мекемеде  түбегейлі  қайта  жаңарту 

жұмыстарын туғызып отыр. 

 

 



Ақпараттандыру  дегеніміз  –  жалпы  ұлттық  және  аймақтық  білімнің 

үлестірілген жүйесін құру және оның стратегиялық үлесін құру, даму ретінде 

пайдалану  кӛптеген  проблемаларды  шешуге  мүмкіндік  береді.  Атап 

айтқанда,  экономикалық,  экологиялық,  халықты  жұмыспен  қамтамасыз  ету, 

білім беруді, мәдениетті дамыту, қоғамды демократияландыру. 

 

Қазіргі уақытта біздің елімізде қоғамды автоматтандыру процесі ӛтуде. 



Бұл  ӛзінің  дамуының,  яғни  жаңа  сапалы  кезеңіне  кӛшетін,  цивилизация 

дамуының заңды процесі болып табылады.  



 

Адамның  іскерлік  белсенділігінің  барлық  сферасы  ӛте  жоғары 

дәрежедегі ақпарат пен ғылыми жұмысты пайдалану дәрежесі.  

 

Ақпараттандыру  термині  ХХ  ғасырдың  80  –  жылдарының  басында 



Отандық  ғылыми  әдебиеттер  пайда  болды.  Оның  пайда  болуы  әлеуметтік 

маңызы  бар  ақпараттың  барлық  түрлерін  қалыптастыру,  сақтау  және 

пайдалану  үшін  информатика  құралдарын  кеңінен  пайдалануға  қоғамдағы 

әлеуметтік қажеттіліктің шығуы себеп болды. 

 

 2003  жылы  Қазақстан  Республикасында  қабылданған  ақпараттық 



туралы заңда ақпараттандыру терминіне мына анықтама берілген. 

Ақпараттандыру – азаматтық, жеке тұлғалардың ақпараттық қажеттілігін 

қанағаттандыру  мақсатында  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

негізінде,  ақпараттық  ресурстармен  ақпараттық  жүйелерді  қалыптастырып, 

дамытуға  бағытталған,  ұйымдастырылған  әлеуметтік,  экономикалық  және 

ғылыми  техникалық  процесс.  Бұл  заңда  ақпараттық  ресурстар  ақпараттық 

жүйелерде 

сақталатын 

сәйкес 

программалық 



қамтамасыз 

етумен 


біріктірілген  ақпаратқа  деген  пайдаланушылардың  қызығушылығын 

туғызатын электронды жүйеленген ақпарат ретінде анықталған. 

 

А.П.Ершовтың анықтамасы:  

Ақпараттандыру  дегеніміз  –  бұл  адамзат  қызметінің  қоғамдық  мәні  бар 

барлық  түрлерінде  сенімді,  қазіргі  білімді  толық  қамтамасыз  етуге 

бағытталған 

кешенді 

шаралар. 

Академик 

А.П.Ершов 

қоғамды 

ақпараттандыру  процесін  тек  социо  технология  революция  деп  қана  емес 

сонымен  қатар  табиғи  және  әлеуметтік  процестердегі  ақпараттық  рӛлінің 

философиялық  және  нақты  ғылыми  түсіндіруден  жүретін  оның 

интеллектуалды  дамуының  маңызды  кезеңі  деп  қарастырады.  Сонымен 

ақпараттандыру  бұл  жалпы  және  адамзат  цивилизациясының  дамуының 

кезек  күттірмейтін  периоды.  Әлемнің  ақпараттық  бейнесін    меңгеру  кезеңі 

табиғаттағы  және  қоғамдағы  ақпаратты  басқару  заңының  бірлігін  оның 

практикалық қолдануын түсіну, ӛндіріс және ақпаратты ӛңдеу индустриясын 

құру  болып  табылады.  Қоғамды  ақпараттандыру  процесі  цивилизация 

дамуының  ауқымды  процесі  болып  табылады.  Ол  бүтін  да  объективті 

факторлармен түсіндіріледі. Олардың маңыздылары: 

Адамның  ӛзі  құрған  ӛмір  сүру  ортасының  жылдам  ӛспелі  күрделілігі  яғни 

салмағы  оның  сенімділігі  мен  тұрақтылығын  барынша  тӛмендететін 

техносфера. 

Планетаның  табиғи  ресурстарының  жоғалуы  және  билік  құрып  тұрған 

цивилизацияның экстенсивті даму парадигмасын кері қайтару. 

Экологиялық  қауіптің  ӛсуі  және  қазіргі  уақытта  ӛзекті  де  күрдеоі 

проблемалардың  бірі  биологиялық  түр  ретіндегі  адамзаттың  ӛмір  сүру 

проблемасын шешуді іздеудің қажеттілігі. 



Ақпараттандырудың ауқымды процесс ретіндегі дамуының негізгі 

бағыттары 

 

Қоғамды  ақпараттандыру  цивилизация  дамуының  стратегиялық 



факторы  болып  табылады.  Ол  кезегінде  ақпараттың  ерекше  қасиетімен 

адамзатқа  жоғарыда  аталған  ауқымды  мәселелерді  шешуде  қауіпсіз  даму 



парадигмасына  ӛтуге  мүмкіндік  береді.  Соңғы  жылдары  ауқымды 

ақпараттық  байланыс  желілерімен  ақпараттық  қарым-қатынас  айтарлықтай 

дамып келеді.  

 

Қоғамды  ауқымды  ақпараттандыру  жаңа  геосаяси  процестердің 



дамуына белсенді ықпал етуде олардың ішіндегі маңыздылары тӛмендегідей: 

Транс  ұлттық  корпорацияны  құруда  халықаралық  еңбек  бӛлінісімен, 

халықаралық  тұрмыстық  ӛнімдер  саудасында  кӛрінетін  экономиканы 

ауқымдыландыру. 

Жалпы  ғылыми  жобалармен  жұмыс  істейтін  ғылыми  ақпарат  алмасу 

халықаралық  конференциялар  жүргізу,  процестерін  интенсивтендірумен 

жұмыс  істейтін  үлестірілген  халықаралық  ғалымдардың  шығармашылық 

тобын құруда байқалатын ғылымды ауқымдыландыру. 

Қашықтықтан  білім  беру  жүйесін  дамытуда  ашық  территориялық 

үлестірілген  университеттер  мен  колледждер,  кәсіптік  білімді  жоғарылату 

орталықтарын құруда байқалатын білім беруді ауқымдыландыру. 

Электронды  кітапханалар  мен  кӛркем  сурет  галереялары  мен  электронды 

нұсқаларын  кӛркемдік  және  музей  экспозицияларын  аса  құнды  құрылыс 

және 


архитектура 

объектілерін 

құру 

тән 


болатын 

мәдениетті 

ауқымдыландыру. 

Осы  процестің  бәрінің  даму  нәтижесі  бүгінгі  таңда  барынша  айқындалып 

отырған адамзат қоғамын ауқымдыландыру болады.  

 

Қоғамды  ақпараттандыру  процесінің  ауқымды  сипатын  және 



цивилизацияның  әрі  қарай  дамуы  үшін  оның  стратегиялық  мәнін  атап  ӛту 

қажет.  Қазіргі  саясаткерлер  мен  мемлекет  басшыларының  айтарлықтай  

бӛлігі  осы  процестің  технократтық  жағын  яғни  оның  ӛндірістің  және  жаңа 

технологияның дамуына әсерін қабылдап келді. 

 

Ақпарат дамудың жойылмайтын ресурсы екенін кӛрсетеді.  



Академиялық  және  жоғарғы  оқу  орындарындағы  ғылым  бӛліміндегі 

ғалымдардың  назарын  аударатын  аса  маңызды  және  ӛзекті  мәселе  тек 

қоғамды ақпараттандыру процесінің әр түрлі аспектілеріне ғана емес сондай - 

ақ  ақпарат  феноменінің  ӛзіне  оның  қасиеттерімен  дамушы  ресурс  ретіндегі 

ерекшелігіне  аудару  керек.  Электрондық  үкіметті  анықтауды  мамандар  әр 

түрлі  принципке  сай  құрады.  Олар  электрондық  үкіметті  енгізу  арқылы 

қоғамды және оның жеке құрылымдарында қандай ӛзгерістер ӛтіп жатқанын 

атап  кӛрсетеді.  Екінші  бір  авторлар  электрондық  үкіметтің  қолданбалы 

жағын кӛрсетеді де оның жеке құралдарының түрліше бағытта қолданылуын 

кӛрсетеді.  Сонымен  қатар  пайдаланылатын  технологиялық  шешідермен 

арнайы  программаға  сенетін  тек  техникалық  анықтамасы  бар.  Сондай  ақ 

мемлекетті тиімді басқаруға бағытталған экономикалық анықтамасы бар. 

Электронды үкімет: 

Электронды құралдардың негізінде ақпаратты ӛңдеу, тарату, қабылдау, 

азаматтық  барлық  категорияларынан  мемлекеттік  органдардың  барлық 

үкіметтік  тармағынан  қызмет  кӛрсету  мемлекетті  басқаруды  ұйымдастыру 

арқылы сипатталады. 

Негізгі әдебиеттер:  


       5 нег. [20-21],          4 нег. [127-134],  2 нег. [56-63] 

Бақылау сұрақтары: 

1. 

Қоғамды 

ақпараттандыру 

ауқымды 

процесс 

ретінде. 

“Ақпараттандыру” ұғымының анықтамасы.  

2. 

Қоғамды 

ақпараттандырудың 

объективті 

сипаттамасы. 

Ақпараттандырудың  ауқымды  процесс  ретіндегі  дамуының  негізгі 

бағыттары.  

Дәріс-3.  Тақырыбы:  Ақпараттық қоғамның белгілері 

 

Ақпаратық  қоғам  қалыптастыру  процесінің  әлеуметтік  экономикалық 

аспектілері.  

Ақпараттық экономика. 

 

 



Ақпараттық 

қоғамға 


кӛшу 

кезінде 


компьютерлік 

және 


телекоммуникациялық  ақпараттық  технологиялар  негізінде  ақпаратты 

ӛңдеудің  жаңа индустриясы пайда болды. 

 

Бірқатар ғалымдар ақпараттық қоғамның айырымдық белгілерін бӛліп 



кӛрсетеді: 

1.

 



Ақпараттың  дағдарыс  мәселесі  шешіледі  (ақпараттық  сұраныс  пен 

ұсыныс арасындағы қарама – қайшылық). 

2.

 

Басқа  ресурстармен  салыстырғандағы  ақпараттың  басымдылығы 



қамтамасыз етіледі. 

3.

 



Дамудың басты формасы ақпараттық экономика болады.  

4.

 



Қоғамның  негізіне  ақпараттық  техникалар  мен  технологиялардың 

кӛмегімен  білімді  сақтау,  ӛңдеу,  пайдалану  және  автоматты  түрде 

пайдалану алынады. 

5.

 



Ақпараттық  технология  адамның  әлеуметтік  іс  әрекетінің  барлық 

саласын толық қамтитын ауқымды сипат алады.  

6.

 

Барлық адамзат цивилизациясының ақпараттық бірлігі қалыптасады. 



7.

 

Информатика  құралдарының  кӛмегімен  әрбір  адамның  барлық 



цивилизациясының  ақпараттық  ресурсына  еркін  кіру,  мүмкіндігі 

жүзеге асырылады.  



 

Қауіпті тенденциялары.   

Ақпараттық  технология  ұйымдар  мен  адамдардың  жеке  ӛмірін  бұзуы 

мүмкін. Кӛптеген адамдардың ақпараттық қоғамдық ортаға бейімделуі қиын 

болады.  Ақпараттық  элита  мен  тұтынушылар  арасында  ажырау  қиындығы 

бар.  

 

Ақпараттық қоғам қалыптастыру процесінің әлеуметтік экономикалық 



аспектілері 

Қоғамдық  ақпарат  кӛлемінің  шамадан  тыс  ӛсуі  ХХ  ғасырдың  екінші 

жартысында айқындала түсті. Ол ақпараттық қопарыс деген атауға ие болды. 

Бұл  біздің  цивилизацияның  ӛзінің  дамуындағы  жаңа  кезеңге  адамзат 

дамуының    ақпараттық  эрасына  кӛшуінің  басты  белгісі  болды.  Сол  және 


басқа  да  елдердің  бүкіл  әлемдік  қауымдастығының  ӛндіріске  білімді 

пайдалану мен қорландыру жағдайына қабілеттігін ескеретін болса оның әрі 

қарай  даму  мүмкіндігі  мен  болашағын  бағалауды  анықтаушы  болып 

табылады. Осындай елдердің тӛрт негізгісін кӛрсетуге болады: 

8.

 

Шетелдік лицензия бойынша тек шикізат, ӛндіріс пен халық тұтынатын 



товарларды ӛндіретін елдер. 

9.

 



Шетелдік  лицензия  бойынша  техникалық  ӛнім  ӛндіретін  тікелей 

алғанда ӛздерінің тӛл технологиясы бойынша ӛндіретін елдер. 

10.

 

Тек тӛл технологияны ӛндіретін елдер (Жапония, Оңтүстік Корея). 



11.

 

Тек жаңа технологияны ғана емес сонымен бірге жаңа білім ӛндіретін 



елдер. 

Сонымен  кең  кӛлемді  ғылыми  біліммен  ақпараттық  технологияға 

негізделген  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  дүниежүзінде  бірқалыпты 

іске  асып  жатқан  жоқ.  Ол  барлық    елдердің  жалпы  даму  деңгейімен 

анықталады.  

 

Қоғамды  ақпараттандыру  процесі  жинақталған  әлеуметтік  іс  әрекет 



жүйесінің  интенсивтілігін  жүзеге  асыра  отырып,  оның  ішіне  екеуі  қажет. 

Сондықтан  қоғамды  ақпараттандыру  процесін  ӛзара  байланысқан  үш 

процестердің жиынтығы ретінде қарастыру ұсынылады. Олар: 

Ақпаратты  жинақтау,  сақтау  және  үлестіру  әдістері  мен  құралдарын 

жетілдіруге бағытталған қоғамды медитациялау процесі. 

Ақпаратты  ӛңдеу  мен  іздеу  құралдарын  жетілдіру  мақсатындағы 

қоғамды компьютерлендіру процесі.  

Ақпараттың  қабылдануы  мен  дүниеге  келуіне  адамдардың  қабілеттігін 

дамыту.  Жаңа  білім  қалыптастыру,  оның  ішінде  жасанды  интеллект 

құрадарының  мүмкіндіктерін  пайдалану  болып  табылатын  қоғамды 

инеллектуалдандыру  процесі. 

Қоғамды  ақпараттандыру  процесінің  үш  құраушысы  инструментальдық 

технолгиялық  бӛліктерді  ғана  емес  сонымен  бірге  адамдық  компоненттерді 

де қамтиды. 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал