ДӘрістер кешені дәріс №1. Тақырыбы: Әлемдік ақпараттық кеңістік



жүктеу 0.58 Mb.

бет1/5
Дата15.03.2017
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4   5

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ 

 

Дәріс №1. Тақырыбы:   Әлемдік ақпараттық кеңістік 

 

Еліміз  серпінді  дамуы  барысында  ӛркендеудің  жаңа  сатысы-ақпараттық  кезеңге 

аяқ  басуда.  Интернет,  жедел  байланыс  сияқты  коммуникацияның  жаңа  құралдары  

әлемдегі  дерек  кӛздері  мен  базаларын  жаппай  пайдалануға  мүмкіндік  беріп  отыр. 

Ақпарат  ӛндірістік  фактор  ғана  емес,  қоғамды  демократияландырудың,  билік 

құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда. 

Қазіргі  кезде  әлемдік  қауымдастықта  біртұтас  ақпараттық  кеңістік  терминінің 

ортақ  түсінігі  қалыптасты.  Біртұтас  ақпараттық  кеңістік  деректер  базалары  мен 

банктерінің,  оларды  енгізу  және  пайдалану  технологияларының,  азаматтар  мен 

ұйымдардың  ақпараттық  ӛзара  байланысын  және  олардың  ақпараттық  сұраныстарын 

қамтамасыз  ететін  біртұтас  қағидаттар  мен  жалпы  ережелер  негізінде  жұмыс  істейтін 

ақпараттық-телекоммуникациялық  жүйелер  мен  желілердің  жиынтығы  болып 

табылады. Біртұтас ақпараттық: 

-       тиісті  ақпарат  тасушыларда  бекітілген  деректер,  мәліметтер  мен  білімдер 

жинақталган ақпараттык ресурстар; 

-       біртұтас  ақпараттық  кеңістіктің  жұмыс  істеуі  мен  дамуын,  атап  айтқанда 

ақпаратты  жинауды,  ӛңдеуді,  сақтауды,  таратуды,  іздестіру  мен  беруді  қамтамасыз 

ететін ұйымдық құрылымдар; 

-       азаматтар  мен  ұйымдардың  ақпараттық  ӛзара  байланыс  құралдары,  атап 

айтқанда  тиісті  технологиялар  негізінде  ақпараттық  ресурстарға  қол  жеткізуді 

қамтамасыз  ететін  бағдарламалық-техникалық  құралдар  және  ұйымдық-нормативтік 

құжаттар сияқты негізгі компоненттерден тұрады. 

Технологиялық даму нәтижесінде дүниежүзілік біртұтас ақпарат кеңістігі ақиқатқа 

айналды.  Қазіргі  таңда  әлемнің  дамыған  елдерінің  барлығы  дерлік  ақпараттық  қоғам 

құру  және  оны  дамыту  жӛніндегі  ӛз  саясатын  айқындаған.  Мәселен,  1993  жылы 

қабылданған «АҚШ әкімшілігінің Ұлттық ақпараттық  инфрақұрылым саласындағы іс-

жоспары»  Б.Клинтон-А.Гор  әкімшілігінің  маңызды  бастамасы  болды.  1994  жылғы 

шілдеде  Еуропалық  қауымдастық  комиссиясы  «Ақпараттық  қоғамға  апаратын 

Еуропалық  жол»  жоспарын  қабылдады.  1995  жылы  Финляндия  ӛзінің  «Ақпараттық 

қоғамға апаратын фин жолы» бағдарламасын, 1997 ГФР үкіметі «Ақпараттық қоғамға 

апаратын Германия жолы» бағдарламасын қабылдады. 

2000 жылдан бері қарай     мемлекеттердің     кӛпшілігінде осындай 

бағдарламалардың үшінші, тіпті, тӛртінші буыны жүзеге асырыла бастады. Ақпараттық 

қоғам  құруға  жәрдемдесетін  бірқатар  халықаралық  ұйымдар  құрылды.  2000  жылдың 

маусымында «Үлкен сегіздіктің» кездесуінде ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинава 

хартиясы қабылданып, онда ақпараттық  технологиялардың әлеуметтік-экономикалық, 

саяси және мәдени қосымшаларын дамытуға жоғары саяси деңгейде басымдық берілді. 

Ресейде  1999  жылы  «Ресейде  ақпараттық  қоғам  құру  тұжырымдамасы»  жасалды, 

кейіннен  ақпараттық  қоғам  құру  бағдарламасы   қабылданды.  2002  жылы  РФ  Үкіметі 

«Электронды  Ресей»  мақсатты  бағдарламасын  бекітті,  ол  елді  ақпараттандыру 

жӛніндегі бірқатар жобаларды жүзеге асыруды, атап айтқанда, демократияны дамытуға 

жағдай  жасауды,  экономиканың,  мемлекеттік  басқару  мен  жергілікті  ӛзін-ӛзі 

басқарудың тиімділігін арттыруды кӛздейді. 

Қазақстан  Республикасының  жаңа  ғасырдағы  әлеуметтік-экономикалық  дамуы 

ақпараттық  саясатты  ұтымды  ұйымдастырумен,  жаңа  үрдістер  мен  тәжірибелерді 

ӛмірге батыл енгізумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамды 

қалыптастыру  және  дамыту  жолдары  нормативтік-құқықтық  тұрғыда  белгіленген. 

Қазақстан  ғаламдық  ақпараттық  қоғамға  кірігуге  және  ғаламдық  ақпараттық 

инфрақұрылымға  қосылуға  ұмтылыс  танытуда.  Мұның  ӛзі  республиканың 

технологиялық және экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің ат тӛбеліндей тобына 

саяси  тәуелсіздікті,  ұлттық  ерекшеліктер  мен  мәдени  дәстүрлерді  сақтай  отыра 


қосылуына,  дамыған  азаматтық  қоғамы  бар  құқықтық  мемлекет  ретінде  әлемдік 

ӛркениеттік дамуға үлес қосуына мүмкіндік бермек. 

Осы 

мақсатпен 



1997 

жылғы 


желтоқсанда 

«Қазақстан 

Республикасының 

біртұтас 

ақпараттық 

кеңістігін 

қалыптастыру 

туралы» 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

Жарлығы 

шықты. 


Мемлекеттік 

басқаруда,  экономикада,  мәдениет  пен  әлеуметтік  салада  келешегі  бар 

ақпараттық                   технологияларды,                   компьютер                техникасы мен 

телекоммуникация  құралдарын  пайдалануға  негізделетін  жаңа  технологиялық 

үрдістерді қалыптастыру, ақпарат пен білім нарығын жасау, жеке адамның, қоғам мен 

мемлекеттің  ақпараттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етіп,  қоғамдық  ӛндірістегі 

ақпараттық  құрылымның  рӛлін  арттыру  мақсатында  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2001  жылғы  16  наурыздағы  №573  Жарлығымен  «Қазақстан 

Республикасының  ұлттық  ақпараттық  құрылымын  қалыптастыру  мен  дамытудың 

мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. 

Ақпарат алу еркіндігі және оны тарату бостандығы ақпараттық қоғамның ерекше 

белгісі  болып  табылады.  Бұл  демократиялық  процедураларды  жетілдіруге,  іскерлік 

белсенділікті арттыруға, адал бәсекені дамытуға, тұтынушылардың құқығын қорғауға 

жәрдемдесіп,  экономиканың  «олигархтануына»,  бюрократияның  тиімділігі  тӛмен 

монополистік  құрылымдармен  біте  қайнасуына,  сыбайлас  жемқорлық  пен 

шаруашылықтың  құлдырауына  тосқауыл  қояды.  Толық  және  дәл  ақпаратқа  сүйене 

отырып,  саясатта,  экономикада,  ғылымда,  практикалық  қызметте  дұрыс  та  сарабдал 

шешімдер  қабылдауға  болады.  Ақпараттық  қоғам  мемлекетті  басқаруды  жетілдіру 

және  жергілікті  жағдайлар  мен  ресурстарды  ұтымды  пайдалану,  ӛндіріс  тиімділігін 

елеулі  түрде  арттыру,  білім  беруді  дамыту,  табиғат  ресурстарын  үнемдеу,  қоршаған 

ортаны  қорғау  үшін  кең  мүмкіндіктер  ашады.  Электронды  коммуникацияларды 

пайдалану  білім  беру  жүйесін  түбегейлі  ӛзгертіп,  денсаулық  сақтау  жүйесін 

жақсартады. Ақпараттық қоғам - барлық алдыңғы қатарлы елдердегі негізгі қоғамдық 

қабат саналатын «орта тапты» дамыту үшін оңтайлы орта болып табылады. 

Ақпараттық  қоғамның  барлық  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып,  сонымен  бірге 

ол  әкелетін  проблемаларды  да  естен  шығармау  керек.  Ең  басты  қауіп  ӛндіріс 

ғаламдануының  күшеюі  мен  әлемдік  корпорациялардың  әбжілдігі  айналадағы  ортаны 

қорғау  саясатына  және  еңбек  пен  әлеуметтік  қорғау  құқығына  жағымсыз  әсер  етіп 

отыр.  Ғаламдық  желілерді  жиі  пайдалану  жағдайында  мәдени  агрессияның  жаңа 

формалары  пайда  болып,  тұтас  бір  қауымдастықтардың  ӛзіндік  мәдени,  ұлттық 

ерекшеліктерін,  соның  ішінде  тілін  жоғалтуына  әкеліп  соғуы  мүмкін.  Ақпараттық 

ғасырдың  осы  және  басқа  қауіп-қатерлеріне  қарсы  тұрудың  тиімді  әдістері  ғаламдық 

ақпараттық  кеңістіктен  іргені  аулақ  салуда  емес,  осы  кеңістікті  қалыптастыруға  ӛз 

тарапынан  толыққанды  ат  салысуда  жатыр.  Ұмсынғанның  қолы  жететін  ашық 

ақпараттық  желілер  жағдайында  әлеуметтік  және  экономикалық  тұрғыдан  алғанда 

қауіпті  болып  табылатын  ақпаратты  шектеу,  дербес  деректерді  электронды  жолмен 

тарату, халықтың бір бӛлігі ғана жаңа технологиялар мен ақпараттық ресурстарға кіре 

алатын  ақпараттық  элитаризм,  авторлық  құқық  және  электронды  ақпаратты 

ӛндірушілер құқығы проблемалары туындап отыр. 

Ақпараттық қоғам орнатудың негізгі шарттарына:  

-    біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру

-     келешегі  мол  ақпараттық  технологияларды,  есептеу  техникасы  және 

телекоммуникация  құралдарын  жаппай  қолдануға  негізделетін  жаңа  технологиялық 

үрдістердің экономикада қалыптасып, кейіннен басымдықта болуы

-    ақпарат және білім нарығын құру

  байланыс, кӛлік, ақпарат инфрақұрылымын жасау

-       

жеке  адамның,  қоғам  мен  мемлекеттің  ақпараттық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету; 

  білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени даму деңгейін арттыру



-     азаматтар  мен  әлеуметтік  институттардың  ақпаратты  еркін  алу  мен  таратуға 

деген  құқығын  қамтамасыз  етудің  тиімді  жүйесін  жасау  сияқты  міндеттерді  шешу 

қажеттігі жатқызылады. 

Мемлекеттердің  біртұтас  ақпараттық  кеңістігін  және  планетаның  ғаламдық 

ақпараттық  кеңістігін  қалыптастыратын  негіз  ретінде  телекоммуникация  және 

телерадиохабарын  тарату  технологияларына  деген  мемлекеттер  мен  қоғамдық 

ұйымдардың ынтасы күннен -күнге ӛсіп отыр. 

Қазақстан  Республикасы  біртұтас  ақпараттық  кеңістігінің  техникалық  негізі 

телерадиохабар  және  телекоммуникация  кешендерінен,  баспаханалардан,  пошта 

байланысы  мен  алуан  түрлі  ақпараттық  жабдықтани  -  ақпараттық  кешеннен  тұратын 

инфрақұрылым  болып  табылады.  Кӛрсетілетін  инфокоммуникациялық  қызметтердің 

саны  мен  сапасының  артуына  байланысты  телекоммуникациялық  және  ақпараттық 

кешендердің біртұтас ақпараттық-коммуникациялық кешенге кірігуі жүзеге асады.  

Мемлекеттік  ақпараттық  саясаттың  ұзақ  мерзімдік  стратегиялық  мақсаты  -  елдің 

біртұтас  ақпараттық  кеңістігін  дамыту  негізінде  ашық  ақпараттық  қоғамды 

қалыптастыру,  ұлттық  ерекшеліктер  мен  мүдделерді  ескере  отырып,  әлемдік 

ақпараттық кеңістікке кірігу, қоғамдық, мемлекетішілік және халықаралық деңгейлерде 

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.  

Ақпараттық  саладағы  құқықтық  реттеу  мәселелеріне  арналған  нормативтік-

құқықтық  актілер  және  осы  пән  бойынша  ӛзге  құқықтық-нормативтік  актілердегі 

жекелеген 

нормалар, 

сонымен 

бірге 


мемлекеттік 

ақпараттық 

саясатты 

қалыптастырудың негізгі салаларының бірі саналады. 

Қазіргі  таңда  ―Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы‖,  ―Байланыс  туралы‖  және 

басқа негізгі ақпараттық заңдар қабылданды. Сӛз бостандығының, ақпаратты еркін алу 

мен  таратудың,  цензураға  тыйым  салудың  заңдық  кепілдіктері  бар,  олар  ел 

Конституциясында,  қолданымдағы  ―Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы‖  Заңда 

бекітілген. Міне, осының арқасында отандық медиа-кеңістік қауырт дамып келеді  

Ақпараттың  экономикалық  категорияға  айналуына  байланысты  бүгінде  мемлекет 

ақпараттық ресурстар саласындағы саясатты заңдық тұрғыдан белгілейді, яғни ақпарат 

тасқыны реттеліп отырады. Алайда, технологиялық дамудың нәтижесінде қазіргі таңда 

әлемде біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптасып келе жатқандықтан, адамзат қоғамын 

техникалық  құралдар  арқылы  таратылатын  бұқаралық  ақпаратпен  кедергісіз 

қамтамасыз ету мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда біз ӛркениеттік дамудың 

ақпараттық сатысына кӛтерілдік деп нық сеніммен айта аламыз. 

Демократиялық  құндылықтарға  негізделген  дамудың  жаңа  деңгейіне,  азаматтық 

және  құқықтық  қоғамға,  саяси  әралуандыққа  кӛшу  ақпаратқа  деген  орасан  зор 

сұранысты  туғызып  отыр.  Осы  сұранысты  қанағаттандыру  қажеттігі  ақпараттық 

процестерді,  яғни   саяси-әлеуметтік,  экономикалық  құрылымдар  мен  жұртшылық 

арасындағы хабар алмасуды тиімді басқару мәселесін күн тәртібіне қоюда. Бағдарлау, 

белсенді  іс-әрекет,  басқару,  яғни  жүйенің  сапалық  ерекшелігін  сақтау,  оны  жетілдіру 

мен  дамыту  үшін  қолданылатын  білім  бӛлігі  ақпаратты  құрайды.  Болмыстың  адам 

санасында  бейнеленуі  болып  табылатын  таным  процесінің  мәні  де  «ақпарат» 

ұғымымен тығыз байланысты.  

«Ақпарат»  ұғымына  қандай  да  болмасын  дерек,  мәліметтер  мен  білімдер 

жиынтығы  кіреді.  Шығу  тегіне  байланысты  ақпаратты  биологиялық  (генетикалық) 

ақпарат,  техникалық  ақпарат,  геологиялық  ақпарат,  т.б.  деп  жіктеуге  де  болады. 

Ақпарат  теориясында  бұл  түсінік  сақтау,  жеткізу,  түрлендіру  объектісі  саналатын 

деректер  жиыны  ретінде  пайымдалады,  ал  информатика  ғылымы  болса,  ақпараттың 

құрылымы мен қасиеттерін, сондай-ақ оны жинақтауға, сақтауға, іздестіруге, ӛңдеуге, 

түрлендіруге,  бӛлуге  және  қызметтің  түрлі  салаларында  пайдалануға  қатысты 

мәселелерді зерттейтін пән ретінде кӛрінеді. 

Әлеуметтік болмыс құбылыстары мен процестерін еркін ақпарат алмасу негізінде 

жетік  білу  қоғамның  ӛз  элементтерін  ішкі  және  сыртқы  ортаның  ӛзгерістеріне  орай 

мақсатты түрде қайта құруына мүмкіндік береді, сӛйтіп, оның тұрақты да нық қызметі 



үшін  негіз  қалайды.  Саяси  және  экономикалық  ӛмірдің  мәселелері  бойынша  басқару 

шешімдерін  талдау  мен  қабылдау  процесі  жӛніндегі  адамдардың  жан-жақты 

хабардарлығын,  басқару  органдары  ӛкілдерінің  тұрақты  есептілігін  қамтамасыз 

етпейінше, демократиялық қоғам орнату мүмкін еместігін тоталитаризм тарихы тайға 

таңба басқандай кӛрсетіп берді. 

Қоғамның  ӛмір  сүруінің  айырықша  қырын  бейнелейтін  ақпарат  түрлерінің  бірі  – 

әлеуметтік ақпарат. Ол қоғамдық  ӛмірдің әлеуметтік құбылыстары  мен процестерінің 

сан алуан түрін сипаттайтын ақпарттың неғұрлым күрделі де мазмұнды саласы болып 

табылады.  Ақпараттың  кез  келген  түрі  сияқты  әлеуметтік  ақпараттың  да  бірқатар 

ӛзіндік  ерекшеліктері  бар.  Оның  айқындаушы  ерекшеліктерінің  қатарына  мазмұн 

жатады. Ӛйткені әлеуметтік танымның басты объектісі – адам. Қоғамдық қатынастарда 

адамның  алатын  орны,  атқаратын  қызметі  әлеуметтік  ақпараттың  негізгі  мәнін 

білдіреді. Басқару субъектісі жӛнінде сӛз қозғайтын болсақ, оның іс-әрекет негізі білім 

болып  табылады,  ал  білім  дегеніміз  -  әлеуметтік  болмысты  танып-білудің  тәжірибеде 

тексерілген  нәтижесі,  нақтылап  айтқанда,  оның  адам  санасында  бейнеленуі.  Басқару 

құрылымына  енгізілген  білім  әлеуметтік  ақпаратқа  айналады,  ал,  жүйелендіріліп, 

қорытылған  ақпарат  әлеуметтік  білімді  құрайды.  Білімге  негізделетін  ақпараттық 

қоғамның негізгі «құрылыс материалы» әлеуметтік ақпарат болып табылады. 

Әлеуметтік  ақпараттың  қоғамымызда  алатын  орны  дамудың  жаңа  белесі-

ақпараттық   экономика  қыр  астынан  қол  бұлғаған  қазіргі  кезеңде  ерекше  артып  отыр. 

Ӛйткені  шикізатқа  емес,  ғылым-білімге,  ақпараттық  технологияларға  негізделетін 

экономикалық  даму  үрдісі  қалыптасып  келеді.  Басты  міндеттердің  бірі  –  елдің 

ақпараттық  ресурстарын  молайту.  Себебі,  ақпараттық  ресурстар  қоғам  дамуы 

барысында  ортаймайтын  (табиғи,  қазба  байлықтар  сияқты),  қайта  уақыт  ӛте  ұлғайып 

отыратын,  сапалық  тұрғыдан  жақсарып,  ӛзге  ресурстарды  тиімді  пайдалануға 

жәрдемдесетін  бірден-бір  ресурс  түрі  болып  табылады.  Ақпараттық  саясат  түптеп 

келгенде, нақ осы ақпараттық ресурстарды ұтымды пайдалануға және оның тиімділігін 

арттыруға бағытталады. 

Нақ  осы  ақпаратты  ӛңдеу  және  тарату  саласындағы  түбірлі  ӛзгерістер  қоғамдық 

қатынастарды  да  түбегейлі,  революциялық  жолмен  жаңартып  отырды.  Алғашқы 

тӛңкерісті  бетбұрыс  жазу-сызудың  ойлап  табылуы  нәтижесінде  жүзеге  асты,  сӛйтіп 

ілім-білімді  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу  мүмкіндігі  туындады.  Ал,  1450  жылы  кітап 

басудың  ӛмірге  енуі  арқылы  болашақ  индустриялық  қоғамның  іргетасы  қаланды. 

Үшінші  революция  электрдің  ойлап  табылуымен  тұспа-тұс  келіп,  телеграф,  телефон, 

радио  арқылы  ақпаратты  қашыққа  беру,  сондай-ақ  оны  орасан  зор  кӛлемде  жинақтау 

ақиқатқа  айналды.  Ал,  жуырда  ғана,  ӛткен  ғасырдың  70-жылдары  ойлап  табылған 

микропроцессорлық  технология  және  жеке  компьютерлер  тӛртінші  тӛңкеріске  негіз 

қалады.  Микропроцессорлық  және  интегралдық  схемаларды  қолдана  отырып, 

ғалымдар  мен  ӛнертапқыштар  компьютер  және  ақпарат  тарату  жүйелерін  жасап 

шығарды,  ғаламтор  желісі-интернет  құрылды.  Мұның  ӛзі  жеке  және  заңды 

тұлғалардың  кезкелген  ақпаратты  уақыт  пен  кеңістік  шарттылығына  бағынбай,  ӛз 

қалауынша жӛнелтіп, қабылдап отыруына мүмкіндік берді. 

Ақпарат  және  ақпараттық  процестер  («процесс»  терминіне  балама  ретінде  бұдан 

былай  «үдеріс»  ұғымын да қолданатын боламыз. авт.) бұқаралық  сананың идеология, 

қоғамдық  пікір  сияқты  ерекше  түрлерінің  ӛзегін  түзеді.  Қазақстандық  патриотизмді 

қалыптастыруда  идеология  саласындағы   ақпараттық  байланыстарды  тиімді  басқару 

маңызды  орын  алып  отыр.  Жұртшылықпен  байланыс  саласында  ғылыми  зерттеулер 

мен  әдістемелік  жұмыстар  жүргізіліп  жатыр.  Атап  айтқанда,  «Қазақстандағы  PR  мен 

БАҚ»  атты  мақалалар  жинағының  бесінші  шығарылымы  жарық  кӛрді,  әдістемелік 

құралдар  жасалды.  2002  жылы  ҚР  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  қызмет 

академиясында «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жұртшылықпен байланыс: әдістеме, 

актуалды  проблемалар  мен  қазақстандық  тәжірибе»  атты  ғылыми-практикалық 

конференция  ӛтті.  2006  жылы  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің 

бастамасымен және қаржылық қолдауымен Астанадағы Қазақ экономика, қаржы және 



халықаралық  сауда  университетінде  «Қазақстан  қоғамындағы  ақпараттық  процестер: 

менеджмент және маркетинг» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция 

болып  ӛтті.  Осы  оқу  орынында  2009  жылғы  сәуір  айында  Қазақ  ұлттық 

университетінің  журналистика  факультетінің  әдістемелік  жәрдемімен  ӛткен 

«Қазақстандағы  жұртшылықпен  байланыс:  теория  және  практика»  атты  халықаралық 

ғылыми-практикалық  конференция  еліміздегі  PR  нарығын  дамыту  және  білім  беруді 

жетілдіру  мәселелеріне  арналды.  «Қазақ  газеттері»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігінің  құрылғанына 10 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің  журналистика  факультетінде  2010  жылдың  11  наурызында  ӛткен 

«Қазақстан  қоғамындағы  ақпараттық  процестер:  PR,  БАҚ  менеджменті  және 

маркетингі»  атты  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  жоғарыда  аталған 

ғылыми  мәжілістердің  заңды  жалғасы  болып  табылады.  Халықаралық  ғылыми-

практикалық 

конференция 

материалдарында 

Қазақстандағы 

жұртшылықпен 

байланыстың,  БАҚ  менеджменті  мен  маркетингінің  қалыптасуы  мен  дамуының 

актуалды теориялық-әдіснамалық мәселелері қарастырылды. 

Бүгінгі  таңда  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде,  Т.Рысқұлов 

атындағы  Қазақ  экономикалық  университетінде,  Абылай  хан  атындағы  Қазақ 

халықаралық  қатынастар  және  әлем  тілдері  университетінде,  Халықаралық  бизнес 

университетінде  жұртшылықпен  байланыс  мамандығы  бойынша  сапалы  білім  беруге 

қажетті  материалдық-техникалық  база  мен  кәсіби  оқытушылар  құрамы  бар. 

Қазақстанда  жұртшылықпен  байланыс  бойынша  мамандар  даярлау  жӛніндегі  білім 

беру  бағдарламасы  сыннан  ӛткен  жүйеге  сүйенеді,  оған  жоғары  университеттік  білім 

ауқымындағы  іргелі  жалпы  білімдік  пәндер,  сондай-ақ  үш  негізгі  бӛліктен  – 

жалпыгуманитарлық  пәндерден,  журналистік  және  мамандық  пәндерінен  тұратын, 

мамандықтың білім кешенін түзуге бағытталған пәндердің қомақты тізімі кіреді. 

Оқуды  «жұртшылықпен  байланыс»  мамандығы  бойынша  тамамдаған  түлектер 

мемлекеттік  мекемелерде,  әралуан  меншік  түріндегі  кәсіпорындар  мен  қоғамдық 

ұйымдарда  баспасӛз  хатшысы,  жұртшылықпен  байланыс  жӛніндегі  кеңесші  болып 

жұмыс  істей  алады.  Осы  мамандық  бойынша  білімін  тереңдеткен  түлектер  еліміздің 

жағымды  инновациялық  бет-бейнесін  қалыптастыру  саласында  жұмыс  істеу 

мүмкіндігіне  ие  болады.  Бұл,  әсіресе,  еліміздің  экономикалық  әлеуетінің  артуымен 

тікелей  байланысты.  Елбасы  жоғары  дамыған  50  ел  қатарына  қосылу  міндетін  алға 

қойып  отырған  қазіргі  таңда  еліміздің  бәсекелестік  артықшылықтарын  әлемдік 

деңгейде насихаттай білудің маңызы арта түсуде. 

Алайда,  қазіргі  ақпараттық  техника  мен  технологияның  сипаты  мен  түрінің  сан 

алуандығына қарамастан хабар-ошар алу мен жеткізудің ең дамыған арнасы бұқаралық 

ақпарат  құралдары  болып  қалуда.  Қалыптасқан  кӛзқарасқа  сәйкес  бұқаралық  ақпарат 

құралдарына  баспасӛз,  теледидар,  радиохабар,  баспалар  мен  кітап  саудасы,   ақпарат 

және  жарнама  агенттіктері,  Интернет  желісі,  сондай-ақ  жұртшылықпен  байланыс 

қызметтері жатады. Кейбір зерттеушілер пошта байланысы мен телефонды, анықтама 

қызметтерін  де  БАҚ  түрлеріне  жатқызып  жүр.  Ал,  хабар  жеткізетін  техникалық 

құралдардың ерекшеліктеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары (масс-медиа деп те 

аталады) баспасӛз, электронды және Интернет-БАҚ болып бӛлінеді. Мұндай бӛліністі 

ТМД елдері зерттеушілерінің кӛбісі мақұлдайды. Жоғарыда атап ӛткеніміздей, ақпарат 

агенттіктерін  жеке  БАҚ  түрі  ретінде  қарастыратын  ғалымдар  бар,  алайда,  қазіргі 

агенттіктер  ӛздерінің  жаңалық  таспаларын  Интернетке  шығарып,  нақты  уақыт 

режимінде  жаңғыртып  отыратынына  байланысты  оларды  интернет-медиа  қатарына 

жатқызуға әбден болады.  

Бұқаралық 

ақпарат 


негізінен 

алғанда, 

журналистика 

және 


оның 

инфрақұрылымдары,  атап  айтқанда  БАҚ,  жұртшылықпен  байланыс  қызметтері, 

жарнама  және  ақпарат  агенттіктері  арқылы  таратылады.  Сонымен,  журналистика 

дегеніміз,  біріншіден,  газет-журнал  редакцияларынан,  кітап  баспаларынан, 

телерадиокомпаниялар жиынтығынан тұратын қоғамның ерекше әлеуметтік институты 

болып  табылады.  Бұл  институттың  қызметі,  яғни  басылымдарды,  теледидар  және 



радио  хабарларын  кӛпшілік  аудиторияға  дайындап,  тарату  журналистиканың 

техникалық, 

ақпараттық, 

ұйымдастырушылық-басқарушылық 

инфрақұрылымы 

арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  инфрақұрылымға  сондай-ақ  журналистикалық  білім 

ордалары  және  ғылыми   орталықтар  да  кіреді.    Екіншіден,  журналистика  -  осы 

қоғамдық  институттың  тіршілік  етуіне  қажетті  маңызды  әлеуметтік  ақпаратты 

жинақтап,  ӛңдеуге  және  таратуға  мүмкіндік  беретін  қызмет  түрі  болып  табылады. 

Үшіншіден,  ол-журналистік  қызметті  жүзеге  асыратын,  редактордан  корректорға, 

телережиссерден  видеоинженерге  дейінгі  мамандықтар  жиынтығы.  Тӛртіншіден,  ол  - 

журналистер  ӛмірге  әкелетін  туындылар  жүйесі.  Бесіншіден  -  бұқаралақ  ақпаратты 

тарататын  арналар  кешені,  яғни  баспасӛз,  радио,  теледидар,  Интернет.  Журналистика 

туралы  сӛз  қозғағанда,  БАҚ  (бұқаралық  ақпарат  құралдары),  БКК  (бұқаралық 

коммуникация құралдары), баспасӛз, пресса, масс-медиа деген ұғымдар қолданылады.  

Бұқаралық  аудиторияға  үн  қатуы,  алдына  танымдық-тәрбиелік  мақсаттар  қойып, 

бір  мезетте  жедел  таралуы,  белгілі  мерзімде  шығып  тұруы  арқылы  журналистика 

қоғамда  аса  маңызды  рӛл  атқарады.  Оны  тӛртінші  билік  (атқарушы,  заң  шығарушы 

және  сот  билігінен  кейінгі)  деп  бекер  айтып  жүрген  жоқ.  Себебі  журналистика  ӛз 

жарияланымдары  арқылы  ӛзге  әлеуметтік  институттарға  ғана  емес,  сондай-ақ 

электораттың кӛңіл күйіне де әсер ете алады, сӛйтіп, биліктің  алғашқы екі тармағының 

сайланбалы органдарының құрамын жасақтауға ықпал жасайды. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1. Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі дегеніміз не? 

2. Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы 

3. Қазіргі ақпараттық техника мен технологияның сипаты 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал