Дәріс тезистері Антика дәуірі және табиғи орта. Грек қоғамы мен мәдениетінің, өндірісі мен өнерінің қалыптасу кезеңдері


Галлия мәдениеті және романизация



жүктеу 36.92 Kb.
бет9/11
Дата13.11.2022
өлшемі36.92 Kb.
#23794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Текст лекциялар
Галлия мәдениеті және романизация

Б.з.д. VІІ-VІ ғ. Этрурия шеберлері Жерорта теңізінің барлық елдеріне танымал өзгеше керамика жасауды мңгерді және асыл металдарды өңдеу тәсілдерін жетік меңгерудің арқасында өте нәзік зергерлік бұйымдар жасауды жолға қойды. Этрурия мәдениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. VІІ-V ғ. Бірақ үздіксіз соғыстар мен әлеуметтік қақтығыстардың салдарыныа саяси қуатынан айрылған Этрурияның мәдениеті де V ғ. басынан бастап құлдырай бастайды. Б.з.д. 474 ж. Оңтүстік итальян қалаларының біріккен флоты этрустарға күйрете соққы берді, сөйтіп құлиеленушілік Рим біртіндеп бүкіл Этрурияны өз қол астына бағындырып тынды. Саяси дербестіктен айрылған соң Этрус өнерінің өзіне тән ерекшеліктері кеми бастады. Алайда, Этрурия өнері Эллин мәдениетінің ықпалымен біржола жоғалып кеткен жоқ, өз кезегінде бұл ежелгі мәдениет көршілес итальян халықтарына, оның ішінде, әсіресе, римдіктерге орасан зор ықпал жасады.

  1. Қолданбалы өнер және құрылыс көріністері

Август заманы- мәдениеттің гүлдену заманы болды. Римнің ұлылығын мадақтау идеясы- І-ІУ ғасырлардағы империя дәуірінде салынған сәулет өнерінің алып ескерткіштеріне аса айқын көрініс тапты.Август болса ғасыр бастауында “Әлем әміршісі” атанған халықтың талғамына сай қоғамдық ғимараттарды өте көп салдырды. Аполлон ғибадатханасы салынып, Юпитерге айналып храм тұрғызылды.Бүкіл қаланы округтер мен кварталдарға бөлді. Су тасқынын болдырмау үшін Тибрдің арнасын тазартып, кеңейттірді, ол орасан зор тоғыз акведук императорлық Римді сумен қамтамасыз етіп тұрды. Империя заманында императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан амфитеатрлар салғызды. Солардың ішіндегі ең ірісі Римде б.ғ-дың 75-80 ж. және орта ғасырларда салынған Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы сирек тас блоктарынан қаланған.Колизей 50 мың адам сиятындай етіп салынды. Рим ақыны Марциал оны әлемнің ғаламаты деп санады. Ғалымдардың пікірінше, Римнің сәулет өнерінің екнші бір көрнекті үлгісі –120-125 ж. Император Андрианның (б.з.д. ІІ ғ.басы) тұсында салынған таңғажайып ғимарат Пантеон болып саналады. Бұл ғимараттың аты грек тілінен аударғанда “барлық құдайлардың храмы!” деген мағына береді. Пантеон- көлемі жағынан алып қарағанда ең ірі римдік күмбезді храм. Шығыс рим империясы, Византия империясы деген атпен 1453 жылға дейін сүрді, бұл христиандық бағыттағы грек мәдениетінің заңды жалғасы болды. Ал Батыс Рим империясы германдықтардың соққысынан 476 ж. құлады. Бұл ежелгі дүниенің соңғы, ал орта ғасыр деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің бастамасы болды.

жүктеу 36.92 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет