ДӘріс сәкен Сейфуллин (1894-1938)



жүктеу 137.02 Kb.

Дата20.05.2017
өлшемі137.02 Kb.

 

115 

 

14-ДӘРІС 

 

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) 

 

1. Шығармашылығы 

2. Қоғамдық қызметі 

    1)  Ақын,  жазушы,  қоғам,  мемлекет  қайраткері  Сәкен 

Сейфуллин  1905-08  ж.ж.  Нілдідегі  орыс-қазақ  мектебінде, 

1908-10  ж.ж.  Ақмоладағы  бастауыш  приход  мектебінде, 

1910-13  ж.ж.  қалалық  училищеде,  1913-16  ж.ж  Омбы 

мұғалімдер  семинариясында  білім  алады.  Тырнақ  алды 

ӛлең,  мақалалары  «Айқап»  («Манап»  драмасы  туралы» 

(1914),  «Жайлауда  қымыз  ішу»  (1915),  «Туған  жерім-ӛз 

елім»  (1914),  «Қазақ»  («Қу.  Ішкі  хабарлар»  (1915) 

басылымдарында  жарық  кӛрді.  «Туған  жерім-ӛз  елім» 

ӛлеңіне  отаршылдық  қысымдағы  халық  мұңы,  әлеуметтік 

ӛмір  шындығы  суреттеледі.  «Сен  ойлап  күні-түні  туған 

жер,  Қаны  қашты  һәм  сарғайды  ет  пен  тер.  Сені  ойласам 

ішім  күйер, қапа  боп, Жүрегімде  түйіншіктей  қайғы-шер» 

дей  келіп:  «Сӛйткен  жерге  хохол  келіп  орнады,  Арманда 

боп, жылай-жылай қалғаным» деп шемен шерін ақтарады. 

Сәкеннің  алғашқы  ӛлең  жинағы  «Ӛткен  күндер»  (1914). 

Жинақта  қазақ  қоғамының  әлеуметтік  мәселелері,  туған 

жерге деген перзенттік сезім күйлері арқау болған ӛлеңдері 

берілді.  «Кім  басшы  -  аға  халыққа?»  деп  білген  Сәкен 

«Ақын»  ӛлеңін  сӛз  зергері  Абайға  арнай  отырып,  «Қазақ 

сабағын»  кӛркемдік  танымда  жаңғыртты,  «Надан  бай», 

«Оқымаған  қазақ»  кейпін  сомдағанда  да  ел  қамын  ойлау 

адастырмас 

арман 


жолы  екенін 

ұқтырды. 

«Сӛз 

патшасынан»  қоғамдық  мән-мағына  тауып,  ӛз  пікірін 



сабақтауға  бел  буды.  «Сӛзімнің  жылдан-жылға  қадыры 

артты,  Оқуға  құмар  қылды  талай  жасты.  Құмар  болған 

кеудесі – сәулелі ар, Айтпаймын ауылдағы шыбай масты» 


 

116 

 

деуінің  де  сыры  айқын.  «Сәулелі  ары»  барлар  ғана  ел 

қамын  мұрат  тұтқан  Абай  діттеген  адамгершілік  биігінен 

табылмақ.  «Саналы кӛзі ашыққа сӛзің алтын, Санасызға  – 

жел  сӛз  –  соққан  салқын.  Ойында  санасыздың  еш  нәрсе 

жоқ,  Ілгері  бассын  деген  қазақ  халқын»  деген  қомақты 

пікірді  түйгенде  С.Сейфуллиннің  Абайды  қалай  түсінгені 

ӛзінен ӛзі айқындала бермек.  



2)1914  ж.  бастап  қоғамдық  істерге  араласып, 

Омбыда  қазақ  жастарының  мәдени-ағарту  бағытындағы 

«Бірлік»  қоғамы  жетекшілерінің  бірі  болды.  1916  ж. 

маусым айында Ақмола  уезінің 12 болысына мал санағын 

алуға  шыққан  комиссиясының  мүшесі  бола  жүріп, 

отаршылдық  қысымдағы  халық  тұрмысымен  етене 

танысады.  1916  ж.  ұлт-азаттық  кӛтерілісіне  арналған 

«Толқын»  ӛлеңін  жазады.  Ағартушылық  жолын  ұстанған 

Сәкен  1916  ж.  қыркүйек  айында  Бұғылы  мектебін 

ұйымдастырып, сабақ береді Ресей империясын күйреткен 

1917  ж.  Ақпан  тӛңкерісін  үлкен  үмітпен  қабыл  алып, 

азаттық  аңсарындағы  әлеумет  кӛңіл-күйін  «Асығып  тез 

аттандық»  ӛлеңімен  әдіптейді.  1917  ж.  сәуір  айының  бас 

кезінде  қоғамдық-саяси,  мәдени  мақсатын  кӛздеген  «Жас 

қазақ»  қауымын  ұйымдастырып,  басшылық  етеді.  1917  ж. 

шілде  айынан  шыға  бастаған  «Тіршілік»  газетінде 

шығармашылық қызмет атқарады. Осы басылымнан бастау 

алған  баспасӛз  арнасындағы  қалам  қайратындағы 

шығармашылық  қызметі  «Жыл  құсы»  (1927)  альманахын 

ұйымдастыруға  ұласып,  «Еңбекші  қазақ»  (1922)  (қазіргі 

«Егемен  Қазақстан»),  «Әдебиет  майданы»  (1932)  (қазіргі 

«Жұлдыз») 

газет-журналдарында 

бас 


редакторлық 

қызметтерін  аброймен  атқарды.  1917  ж.  21-26  шілдеде 

болып  ӛткен  қазақ  съезінің  әр  облыстан  сайланатын 

депутаттар  және  олардың  кандидаттар  қарастырылған 

қаулыда  Ақмола  облысынан  кӛрсетілген  12  адамдық 

тізімде  С.Сейфуллин  де  аталды.  1917  ж.  қыркүйекте 



 

117 

 

Ақмолада  жаңадан  ашылған  орыс-қазақ  мектебі  мен  үш 

айлық педагогикалық курс ұйымдастырылып, Сәкен сабақ 

береді. «Еріктің таңы келерін, Зұлматты жеңіп, хақтың біз, 

Қуаныстық  сезініп,  Ӛтерін  құлдық  шақтың  біз»  деп 

жырлаған ол 1917 ж. Қазан тӛңкерісін халыққа келген шын 

мәніндегі  азаттық  деп  қабылдады.  Тарихи  оқиғаның 

қоғамдық  маңызына  «Кел,  жігіттер»  ӛлеңін  арнады.  1917 

ж. 27 желтоқсанда кеңес ӛкіметі орнаған Ақмолада Совдеп 

президиумының мүшесі және Оқу-ағарту халық комиссары 

болып  сайланады.  1918  ж.  ақпанда  большевиктер 

партиясының  мүшелігіне  қабылданады.  1918  ж.  3-4 

маусымда  Ақмолада  ақ  гвардияшылар  тӛңкерісі  болып, 

ақын  тұтқындалады.  1919  ж.  5  қаңтарда  Ақмола 

түрмесінен  Қызылжарға  жаяу  жӛнелтіледі.    1919  ж.  24 

қаңтар-12 наурыз аралығында атаман Анненковтың  «ажал 

вагонында»  47  тәулік  бойы  жәбір-жапа  шегеді.  1919  ж.3 

сәуір Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан ол 

1920  ж.  7  мамырда  Ақмолаға  қайтып  оралып,  кеңес 

ӛкіметін  орнатудағы  қоғамдық  істерге  белсене  араласады. 

1922  ж.  желтоқсанда  Қазақ  АКСР  Халық  Комиссарлары 

Кеңесінің тӛрағасы болып сайланады. Ақындық, азаматтық 

тұлғасына  тән  ақиқат  пен  әділдік  қағидаларын  ту  еткен 

С.Сейфуллин  қоғамдық  қызметінде  тӛңкеріс  мұратына  ақ 

адал сенімін сақтай отырып, ұлт мүддесіне деген ар-ождан 

тазалығын  да  кіршіксіз  ұстанды.  Қоғам  қайраткері 

отаршылдықтың  шектен  шыққан  шовинистік  саясатынан 

қазақ  ұлтының  бұрмаланған  тарихи  атауын  қалпына 

келтіру 

сынды 


мемлекеттік 

маңызды 


мәселені 

отаншылдық  рухта  қолға  алды.  «Қазақты  қазақ  дейік, 

қатені  түзетейік»  атты  ұлт  намысын  қайрайтын,  рух 

дарытатын  тарихи  мәні  зор  мақаласында  («Еңбекші 

қазақ».1923.15.ІІ):  «Бүгінге  шейін  қазақты  орыстар 

«киргиз» деп келді. Не себепті қазақты орыс «киргиз» деп 

кеткенін  тексермей-ақ,  ол  «киргиз»  деген  аттың  қалайша 


 

118 

 

қазаққа  жапсырылып  кеткенін  баяндамай-ақ,  енді  бұл 

тарихи  қатенің  түзетілуі  керек  екенін  жұртқа  айтқым 

келеді.  Орыстың  патшасы  қазақты  қаратып  алып,  жалпы 

қазаққа  «киргиз»  деген  ат  жапсырған  соң,  қазақ  халқын 

оңай  қаратып  алған  соң  орыс  патшасының  тӛрелері, 

жасауылдары қазақты біртүрлі мүгедек, мақау жануар деп 

санап,  «киргиз»  дегенде  бір  түрлі  менмендік  қиянатпен, 

қорлаған  мазақпен  айтатын  болды.  Ақ  патшаның 

«шарапатына»  мәз  болған  мырзалар  қазаққа  жоғарыдан 

тӛмен  қарап,  тұмсығын  кекірейтіп,  пысқырып,  «киргиз» 

дейтін болды. Тӛрелердің қатындары итіне ұрысқанда: «ах, 

ты  Палқан,  киргиздан  да  жамансың!»  дейтін  болды»  деп 

отаршылдық  саясаттың  еттен  ӛтіп,  сүйекке  сіңген  барша 

қасіретті  болмысына  үңілдірді.  Ұлы  орыстық  астамшыл 

пиғылдың  астарында  қазақ  ұлтын  тұқырту  ғана  емес, 

түпкілікті  құрту  мақсаты  жатқанын  да  жан  сырын  ақтара 

отырып  жеткізді.  «...Келе-келе  тұрмыстың  игілігін 

ӛзгелермен  бірдей  қазақтың  кӛруге  еш  уақытта  лайығы 

жоқ  деп  ойлайтын  болып,  қала  тұрмысына  түсіп,  оқып, 

тазарақ  тұра  бастаған  қазақты  кӛрсе  таңырқап:  «қарашы, 

тіпті  ӛзін  киргиз  дейтін  емес»  деп  тамсанып  жүретін 

болды.  Қазақтың  бір  қылығын  жақтырмаса:  «белгілі  енді, 

киргиз  болған  соң  қайтушы  еді!»  дейтін  болды.  Қырға 

шыққан  шабармандары,  жасауылдары  қазаққа  зорлық 

қылғанда,  қазақты  қорқытқанда  кӛзін  алартып,  тісін 

қайрап:  «у,у,у!  Киргиз-з!!!»  дейтін  болды.  «Киргиз» 

дегенді  әлгі  мырзалар  біртүрлі  ызбарланып,  тістеніп 

айтатын  болды».  Ғасырлар  бойы  үстемдік  етіп  келген 

қорлық  пен  зорлықтың,  кемсіту  мен  басынудың  күні 

ӛткенін айта келіп: «Біздің әр қазақ жігіті «киргиз» дегенді 

тастап  қоймай  –  «қазақ,  қазақ»  деген  сӛзді  жұмсап,  басқа 

жұрттың  құлағына  сіңдіріп  үйрету  керек.  Қазақстанның 

орталық  үкіметі  «киргиз»  дегенді  қойып,  «қазақ»  деген 

есімді қолдануға жарлық (декрет)  шығару керек. Қазақты 


 

119 

 

«қазақ» дейік, тарихи қатені түзетейік!» деп жазды. Ӛршіл 

де  қайсар  Сәкеннің  діттеген  мұрат  -  мақсаты  тек  1925  ж. 

Кеңестердің  Ү  съезінде  ғана  жүзеге  асты.  Сәкен  қазақ 

тіліне  мемлекеттік  мәртебе  беру  сынды  кемел  істің 

кӛшбасында  тұрған  дара  қайраткер.  Қазақтың  арғы-бергі 

тарихында  тіл  мәселесін  мемлекеттік  деңгейде  қойған 

С.Сейфуллиндей  қайраткер  болған  емес.  Елдіктің  басты 

күретамырын құрайтын тіл мәселесі  ұлы А.Байтұрсынұлы 

кӛкейінде  болғанымен,  мәселені  1923  ж.  сәуірінде  Халық 

Комиссарлар Советі кеңесінде бастап, 9 маусымда  «Кеңсе 

істерін қазақ тілінде жүргізу керек» деп жиын - жиналыста 

сӛйлеп,  сегіз  сұхбат,  мақала,  ашық  хат  жазған 

С.Сейфуллиндей  тұлға  кем  де  кем.  1923  ж.  22  қарашада 

декрет  қабылдату  үшін  қаншама  күш-жігер  жұмсап, 

пәрменді әрекет жасаған Сәкен ғана. Оған дауыс қосқандар 

болды,  бірақ  Сәкендей  отқа  түскені  жоқ.  «Кеңсе  істерін 

қазақ  тілінде  жүргізу  керек»  (1923.9.ҮІ),  «Кеңселерде  істі 

қазақ  тілінде  жүргізуге  кірісу»  (1923.25.ҮІ)  мақалаларын 

жазды.  Осы  жолда  ерекше  қажыр-қайрат  танытты. 

КирЦИК-тің  1923  ж.  22  қарашадағы  мәжілісінде  әңгіме 

басталғаннан  алты  ай  ӛткен  соң  ғана  кеңсе  істерін  қазақ 

тілінде  жүргізу  туралы  декрет  қабылданды  (Қазақстан 

Орталық  мемлекеттік  мұрағаты.  30-қор,1-жазба,  25-іс,  19 

бет).  1924  ж.  6  наурызында  КирЦИК  Президиумының 

мәжілісінде  кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу  жӛніндегі 

комиссия  жұмысы  талқыланған  мәжілісте  1923  ж. 

декреттің  орындалмай  жатқанын  батыл  кӛтеріп,  қайтадан 

қаулы  қабылдатты.  «Не  қылдыңдар»,  «Қазақстанның  Заң 

комиссариятына  теңеліңдер»  деп  мақала  жазған  қоғам 

қайраткері  КирЦИК  мәжілісінен  кейін  Қазақстанның 

губерниялық  һәм  уездік  комитеттерінің  тӛрағаларына 

«Ашық  хат»  жолдады.  Онда  «Қазақстанда әрбір мекемеде 

қызмет  қылып  жүрген  азаматтар  һәм  қызметтен  тыс 

адамдар  жалпы  жұмыла  бұл  іске  кіріссе,  бұрынғы 


 

120 

 

патшалардың  замандарынан  бері  жұмылған  ауызда 

буылып  келген  қазақ  тілі  кеңес  мекемесіне  кіруі  хақ. 

Жалпы жігер, жалпы ынта керек. Коммунис партиясы һәм 

Кеңес  үкіметі  азаматтарды  осыған  шақырып  отыр.  Біздің 

қазақ  коммунистерінің  кейбіреуі  қазақ  тілі  туралы  қатты 

кірісуге:  «біреу  ұлтшыл  деп  айтады...»  деп  бой  тартады. 

Бірақ  ол  –  қулық,  бұл  –  коммунистік  қылық  емес,  ол 

жарамсақтық,  жағымпаздық  Кейбір  сасық,  жалмауыз 

демагог  ӛзін  «жақсы  коммунист  екен...»  деп  айтсын  деп, 

қазақ тілін кіргіземін деп жүрген белсенді адамдары «анау 

ұлтшыл,  мынау  ұлтшыл»  дер.  Бірақ  ондай  сасық 

демагогтар коммунистер партиясының Орталық Комитетін 

«ұлтшыл»  деп  айта  алмас»  (243)  деп  кемел  істе  парасат 

биігінен табылуға шақырды. КирЦИК  - тің Сырдария мен 

Жетісу  облыстарын  Қазақстанға  қосу  жайлы  мәселе 

қаралғанда да Сәкен ұлттық мүддені басты орынға қойды. 

Ақынның 1960-64 жылдар кӛп томдығын шығарған кездері 

цензура  тарапынан  баспаға  жіберілмей  қалған  әдеби 

мұрасының  бір  бӛлігі  түркішілдік  ұстанымдағы  саяси 

астары  терең    мақала,  ӛлеңдері-тін.  Ол  мұра  кезінде 

Сәкенді  «пантүркішіл»  деген  саяси  айыптауларға  негіз  де 

болды.  «Азия  (Европаға)»  (1922)  ӛлеңінен  ақын 

түркішілдігінің  арғы  бастауын  айқын  байқағандай 

боламыз.  Жер  жаһанды  жалмап  бара  жатқан  Еуропа 

империалистерінің  зұлымдығын  әшкерелеуге  кӛшкенде 

ақын:  «Мен  жібердім  Семит  пенен  Мұсаны,  Ыбырайым, 

Дәуіт  пен  Исаны,  Жіберер  ем  кӛп  пайғамбар  мен  саған, 

Ақырында  Мұхаметті  жұмсағам»  немесе  «Тазартуға 

дүниенің  ластығын  Жібітуге  жүрегінің  тастығын  – 

Семитімнің  кӛп  ұрпағын  тағы  да  Жұмсадым  мен  Маркс 

қылып  бастығын»  деп  жер  жаһанға  билік  жүргізуді 

діттеген 

ӛктем 


саясаткерлерді 

ақылға 


шақырды, 

мейірімділікке  үндеді.  Бірақ  империалистер  ӛзінің 

тойымсыз  пиғылынан  айнымайтынын  кӛрген  соң 


 

121 

 

«Тыңдамаса  бұл  жалынған  сӛзімді,  Теңсіңбесең,  паң  ғып 

ұстап  ӛзіңді,  «Күшпен  үйрет  мынаны!»  деп  жұмсармын 

Моңғолымды – қиғаш садақ кӛзімді» деп тарихтың кешегі 

айбары  мен  айбынымен  сес  те  кӛрсетеді.  Ақын  ӛлеңінің 

идеясы  марксизм-ленинизм  қағидасына  үйлеспейтінін 

Е.Ярославский 

1923 


ж. 

17-22 


наурызда 

ӛткен 


партконференцияда 

кӛтеріп, 

С.С.ұлтшылдығының 

негізінде  «панктюркистік»  пиғыл  жатыр  деп  айыптауға 

дәлел  тапқан-ды.  «Қара  бүркіт»  (1922)  ӛлеңін  Арыстан 

(Лев)  Дәуітұлына  (Давыдович)  Троцкийге  арнағаны  үшін 

С.С.  кӛрмегені  мен  естімегені  аз.  «Сәкен  ескі 

жазушылардың  ішінде  Октябрь  тӛңкерісін  ең  алдымен 

құттықтаған  адамның  бірі.  Бірақ  бұл  жерде  ақын  Сәкен 

мен  саясатшыл  Сәкенді  айыру  керек.  Сәкеннің  тӛңкеріс 

туралы  жазған  ӛлеңдерінің  ішінде  ең  күштісі  –  «Азия». 

«Азияда»  Сәкен  коммунист  емес.  ...«Азия»  пікір  жағынан 

да,  әдемілік  ретінен  де  «Күншығыстың»  туысқан  інісі» 

(С.Садуақасұлы. Таңдамалы. ІІ том. 1993. 43-б). С.С.  «Сұм 

Еуропа! Арам, залым тас болдың, Бүліншілік, жауыздыққа 

бас  болдың.  Адамзатқа  жол  кӛрсеткен  ерлерге,  Мұнша 

неге,  уа  Еуропа,  қас  болдың?  Зина,  сату,  арамдыққа 

шіріген,  Жан-тәніңді  мерез  болып  іріген  Орап  кӛркем 

перделермен жасырдың, Сұмдығыңды дүниеден асырдың! 

...Талай  сені  адамдыққа  шақырдым,  Кӛбін  саған  мен 

жұмсадым  ақылдың.  Кӛнбеген  соң  туысқандық  сӛзіме, 

Талай  саған  қылыш  алып  ақырдым.  Мен  жібергем,  қару-

сайман  жарақпен,  Гун,  мадияр,  бұлғар,  мавр,  арабпен 

Түрік, татар, маңғолымды кӛргенсің, Олар сені ұшықтаған 

садақпен».      «Қара  бүркіт»  ӛлеңнің  идеялық  арқауы 

«Азияға»  ӛте  ұқсас,  тіпті  бірін-бірі  толықтырып  жатады. 

Тұтқындағы  пенде-қара  бүркіт  тӛңкерістер  заманында 

шарықтап  аспанға  шығады  да  дүниеге  кӛз  салады.  «Ол 

кӛрді  Азияны  мұнар  басқан,  Ол  кӛрді  Еуропаны  сұмдығы 

асқан.  Борсықтай  дүниені  сор  бермек,  Бұл    күнде  Еуропа 



 

122 

 

жанталасқан. Ол кӛрді  тең ортадан атқан таңды, Ол кӛрді 

Жапон,  Қытай,  Үндістанды,  Ол  кӛрді  Еуропа  мен 

Американы,  Қасқырдай  қамалған  әлсіз  жанды.  Ол  кӛрді 

Стамбол  мен  Лозаннаны,  Ол  кӛрді  Генуя  мен  Гааганы. 

Кӛрінді оған тағы Азия да, Нақақтан сансыз жанның аққан 

қаны»  деген  шумақтар  ӛзінің  мән-мағынасы  жағынан 

айдан  анық  саясат  екендігін  танытқанның  үстіне  С.С. 

«Гаага,  Лозанна  деген  қалаларда  биыл  Еуропаның  қазіргі 

жалмауыз  сұм  сұғанақ  үкіметтері  Азия  -  Күншығыс 

халықтарын  сыпайылап,  тірідей  қалай  жұтып  қоямыз  деп 

кеңескен»  деген  түсіндірме  беріп,  онан  әрі  тұздықтай 

түседі.  Бұл  ой  Түркия  жайында  жазған  кӛсемсӛздерінен 

айқын  танылып,  езілген  елдердің,  оның  ішінде  Азия  мен 

Түріктің  жоғын  жоқтаушы  болғанын  жасырмай  айтады. 

1923  ж.  13  қазанда  астана  Анкараға  кӛшіп,  29  қазанда 

Түркия Республикасы ресми түрде жарияланғанда ҚАКСР 

Халық  комиссарлары  кеңесінің  тӛрағасы  С.С.  алдымен 

«Еңбекші  қазақ»  газетінде  кейінірек  толықтырып  «Қызыл 

Қазақстан»  журналында  «Түркияның  жайы»  дейтін 

публицистикасын  шығарды.  «Алтай»  (1923)  ӛлеңінде  де 

С.С.  Азия  халықтарының  әлемдік  отаршылдық  бұғауынан 

арылып, азаттық жолымен дамуын жырлады («...Қара жер 

қайыстырып,  қанат  жазсақ,  Алтайдан  Европаға  қарай 

ассақ.  Борсықтай  қанға  семіз  мырзалардың  Құтырған 

семіздіктен  жынын  бассақ»).    Ұлт  мүддесін  басты  орынға 

қойған  арлы  С.Сейфуллин  кеңес  ӛкіметін  орнатудағы 

асыра  сілтеушіліктерден  ӛрістеген  аштық  алапатына  бей-

жай қарай алмады. Қазақ тарихындағы қасірет «Аш қазақ», 

«Азия  (Европаға)»,  «НЭП»,  «Қысқы  күнгі  дала»,  «Ауыл 

байғұс,  мінеки»,  «Отарбаның  жұмсақ  вагонында» 

ӛлеңдерінде, 

аяқталмай 

қалған 


«Біздің 

тұрмыс» 


романында,  «Қызыл  ат»  поэмасында  суреттелді.  «Жас 

қазақ»  (1922)  ӛлеңінде  «Біраз  жүрді,  біраз  тұрды...Аш-

әруақ  жол  аузына  құлады!  Біраз  жатты...ышқынып  қатты. 


 

123 

 

Әлін  жинап  кӛтерілді,  сұлады.  Тіреп  жерді,  бас  кӛтерді, 

Сорлы аш қазақ қалған күшін жинады. Тәңір ісі, міне аш! 

Жазасыздың 

шыбын 

жанын 


қинады...Қалды 

жылап!...Жатыр  сұлап...Кімге  міндет  оның  болу  панасы? 

Қалмас  текке...Келешекке  Кім  жауапкер,  ойлап  соны 

қарашы!?»  деп  аштық  алапатынан  қынадай  қырылған 

ұлтының қасіретіне егілді. 1922 ж. Орталық Қазақстандағы 

ашыққан  қандастарына  кӛмек  сұрай  Түркістанға  барған 

қайраткер  «Кіші  Қазан»  орнатуымен  қазақ  халқын 

геноцидке  ұшыратқан  Сталиннің  қанды  балақ  серігі 

Ф.И.Голощекин  саясатын  ашық  айыптады.  1925-32  ж.ж. 

Қазақстан    К(б)П  ӛлкелік  комитетінің  хатшысы  болған 

Ф.И.Голощекиннің кеңес саясатын бұрмалау, асыра  

сілтеудегі  ӛрескел  қателіктерімен  келісе  алмай,  оның 

парықсыз  басшылығын  принципті  түрде  сынға  алып 

отырды.  «Голощекиннің  қазақ  коммунистері  арасындағы 

жікшілдікпен  сӛз  жүзінде  күрескен  болып,  іс  жүзінде 

оларды  бір-біріне  айдап  салып,  жікті  ӛзі  қоздырушы 

болған  принципсіз  әрекеттерін,  осының  салдарынан 

кадрларды іріктеуде лениндік принцип бұрмаланғандығын 

ӛз  кезінде  ашық  айтып,  сынап  отырған»  (Е.Ысмайылов) 

Оған  қарсы  Ф.И.Голощекин  саяси  астары  мен  қатпары 

қалың  мақалалар  ұйымдастырумен  қатар  «партиялық 

тазалаудан»  да  ӛткізді.  «Сейфуллиншілдік»  деген 

жікшілдік 

топты 


басқарды, 

солшылдық 

ӛмірінде 

оңшылдық  қателер  жіберді,  пессимистік  ӛлеңдер  жазды 

деп  пәле  жапты,  теріс  қоғамдық  пікір  қалыптастырды» 

(А.Кәкен).  Ақынның  аяқталмай  қалған  «Біздің  тұрмыс» 

(«Әдебиет  майданы».1932.№8)  романында  «жүні  түскен 

қияли  қарт  бура!»  Голощекиннің  парықсыз  басшылығын 

әжуалады,  адами  қасиеттен  ада  мінезін  сынады.  Кеңестік 

биліктің  асыра  сілтеу  саясатына  қарсы  бағытталған 

Қарақұм 

кӛтерілісіне 

(1930) 

барған 


ол 

үкімет 


комиссиясының  құрамында  болып,  келіссӛз  жүргізді. 

 

124 

 

«Бірнеше  күнге  созылған  келіссӛзден  кейін,  олар  қаруы 

бар  кӛтерілісшілердің  қаруын  тапсыруға  кӛндірді. 

Кӛтерілісшілер 

жағынан 

келіссӛзге 

Қармақшылық 

Бәйімбетов,  т.б.  қатысты.  Олар  үкімет  алдына  7  шарт 

қойды.  Мемл.  Комиссияның  шешіміне  қарамастан, 

Қазақстан 

К 

(б)П» 


Ӛлкелік 

к-тінің 


1-хатшысы 

Голощекиннің  тапсырмасымен  келіссӛзге  қатынасқан 

Бәйімбетов, 

Ы.Әлмағанбетов, 

Б.Байбахтин, 

М.Қыпшақбаев, 

С.Қуандықбаев, 

Ӛ.Ӛмірбаев, 

Б.Талқанбаев,  Т.Ахметов  Алматыға  әкелініп,  абақтыға 

жабылды.  1930  ж.  15  шілдеде  Қазақстандағы  Біріккен 

Саяси  Бас  басқармасының  үштігімен  олар  түгелдей  ату 

жазасына  кесілді  (Т.Омарбеков).  С.С.  қазақтың  ұлы 

тұлғаларының  тарихи  қызметін  бағалауда,  құрметтеуге  де 

ар  биігінен  келді.  1923  ж.  28  қаңтарда  Орынборда 

Алаштың  рухани  және  саяси  кӛсемі  А.Байтұрсынұлының 

50  жылдығы  аталды.  Қазақтың  біртуар  перзентіне  деген 

құрметін, шын ниетін танытқан ол Крайкомнан, КирЦИК-

тен  тіпті  ӛзі  басқарып  отырған  Совнаркомнан  да  ұлықсат 

алмай, ешкіммен сӛйлеспей ӛтейін деп жатқан мерекені ӛзі 

басқарып, сӛз сӛйледі. Ол сӛзін  «Еңбекші қазақ» газетінің 

1923  ж.  30  қаңтарындағы  санында  жариялады.  «Ахмет 

Байтұрсынұлы  қарапайым  кісі  емес,  оқыған  кісі, 

оқығандардың  арасынан  ӛз  заманында  патшаның  апан 

құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына 

түскен  халықтың  намысын  жыртып,  даусын  шығарған 

кісі...Қазақ халқын байға, кедейге бӛлмей намысын бірдей 

жыртып,  арын  бірге  жоқтады.  Ӛзге  оқыған  мырзалар  шен 

іздеп  жүргенде,  қорлыққа  шыдап,  құлдыққа  кӛніп,  ұйқы 

басқан қазақтың намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған 

патша  заманында  жалғыз-ақ  Ахмет  еді»  деп  сан  қырлы 

қайталанбас  тұлғаның  ұлты  үшін  «халықтың  арын  іздеп, 

ӛзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен Ахмет 

Байтұрсынұлы  ұлтын  шын  сүйетін  ұлтшыл»  деп  тарихи 


 

125 

 

бағасын  берді.  Ел  үшін  атқарылған  еңбекті  қадірлеу  ол 

кезде  де,  бүгінде  де  есеппен  болып  жатқанын  білетін  ол 

ұлт  үшін  күресуге  дайын  екенін  кӛрсетті.  Алаш  кӛсемін 

жақтағаны үшін С.Сейфуллин партияның пәрменді үні               

 «Степная  правда»  газетінен,  ӛзінің  қарамағындағы 

Ә.Әйтиевтен, 

ӛз 


үйінде 

жатып 


тәрбиеленуші 

С.Мұқановтан  «Қара  тақтаға  жазылып  қалмаңдар, 

шешендер!»  деген  ескерту  де  естіген  болатын.  Сәкен 

«Тағы  да  Ахмет  туралы»  (Әйтиевке  жауап)  мақаласында 

«Шын  ұлтшылдық,  шын  коммунистік  кӛрінген  адамның 

қолынан 


келмейді» 

деп 


«...Ахметтің 

коммунист 

партиясына ере алмай шығып қалуына үлкен себеп - ӛзінің 

шын нәзік жанды ұлтшылдығы. Міне, Әйтиевтің түзетемін 

деген  жерлері  осы  сӛздері  ғана,  ӛзге  сӛздер  әшейін 

домбыраның  құлақ  күйі»  деп  жауап  берді.  1925  ж.  оқу-

ағарту  Комиссариаты  жанындағы  Ғылым  комиссиясының 

тӛрағасы 

болып 

тағайындалған 



С.С. 

1927 


ж. 

Қызылордадағы  Халық  ағарту  институтының  ректоры, 

1928  ж.  Ташкенттегі  Қазақ  педагогика  институтының 

ректоры  және  Ташкентте  оқып  жатқан  қазақ  жастарының 

әдеби  бірлестігінің  жетекшісі  болды.  1929  ж.  Қазақтың 

Абай атындағы педагогика институтының (КазПИ) әдебиет 

кафедрасының  меңгерушісі  қызметін  атқарған  Сәкен 

халық мұрасын жинау, зерттеу, бастыру сынды кемел істер 

кӛш  басынан  табылған  әдебиетші.  «Халық  тарихын, 

әдебиет  тарихын  тәптіштеп  жазып  шығуға  әдебиет 

тарихының  деректері  керек»  деген  талап  ұстанып,  «Қазақ 

әдебиеті  туралы  хатында»  («Еңбекші  қазақ».1929.26.ХІІ) 

әдебиет  тарихын  жасау  үшін  әдеби  мұраны  жинауға 

шақырды.  Онда  ХҮ  ғ.  Асан  Қайғыдан  бастап  ХХ  ғ. 

басындағы 

Ғұмар 


Қарашқа 

дейінгі 


әдеби 

және 


классикалық  мұраны,  халық  күйлерін  жинау  мәселесі 

кӛтерілді.  Оның  құрастырумен  «Қазақтың  ескі  әдебиет 

нұсқалары»  (1930),  «Батырлар  жырының»  бірінші  томы 


 

126 

 

(1931),  екінші  томы  (1933)  шықты.  «Қазақ  әдебиеті.  1-

бӛлім.  Билер  дәуірінің әдебиеті»  (1932)  атты  кітабын  «әрі 

оқулық,  әрі  хрестоматия  ретінде  ұсына  отырып,  ауыз 

әдебиеті  материалдарын  ғылымдық  жүйегі  салды.  Оның 

тарихи  негіздерін  зерттеді»  (С.Қирабаев).  Ақмолла 

ӛлеңдерін  құрастырып,  1935  ж.  жеке  кітап  етіп  шығарған 

С.С. Ақан сері жинағын да жариялады (1935). Ал «Кӛркем 

әдебиет» (Ӛ.Тұрманжановпен бірге жазылған) (1935) атты 

үш  бӛлімнен  тұратын  еңбектің  «ХІХ  ғасырдың 

ақырындағы  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  ақындары» 

деген  үшінші  тарауында  аталған  ғасырлар  әдебиетінің 

басты  ӛкілдерінің  шығармашылығы  кеңінен  талданды. 

«Ӛткендегі  әдебиет  мастерлері,  кӛркем  сӛздің  кӛрнекті 

шебер ұсталары классиктеріміз Абай, Ақмолда, Қарашұлы 

Омар,  Мәшһүр  Жүсіп,  Торайғырұлы  Сұлтанмахмұт»  деп 

әрқайсысына  жеке-жеке  бӛлім  арнаулары,  әрине  беті  оңға 

бұрылған,  яғни  әдеби  мұраны  бағалаудағы  тұрпайы 

социологизм  салқынынан  арылтудағы  әдебиеттанудың 

алғашқы 


қарлығашы 

болатын. 

С.Сейфуллин 

Ш.Құдайбердіұлы  мұрасын  жариялау  ісіне  де  айрықша 

үлес  қосты.  «С.Сейфуллин  35-жылы  «Ләйлі-Мәжнүнді» 

қайта  бастырғанда  Шәкәрімнің  мирасқоры  бар  деп 

қудалағандар  болған.  Сәкен  маған  хат  жазып,  мен 

жолығып,  ризалық  қолхат  бергем.  Сәкен  де,  Бейімбет  те, 

Ілияс та – Шәкәрім ешуақытта ӛлмейді, біз кетерміз, бірақ 

кейінгі  келешек  тірілтуінде  сӛз  жоқ  дейтін.  Мен  1936 

жылы  Сәкеннің  ақылы  бойынша  Гоголь  атындағы 

библиотекаға 

Шәкәрімнің 

шығармаларының 

бір 

кӛшірмесін  ӛткізген  болатынмын»  деп  жазады  Ахат 



Шәкәрімұлы. Міне, Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы 

«Шолпан» журналының 1922 жылғы 2,3 және 1923 жылғы 

4,5,6,7,8,  сандарында  басылған  болса,  ақын  1935  ж. 

поэмаға алға сӛз жазып, жеке кітап етіп шығарды. Сәкенге 

ақынның  «Ләйлі-Мәжнүн»  поэмасын  жариялау  оңайға 


 

127 

 

түспеген. 

«Ләйлі-Мәжнүн»  ӛткен  замандағы  араб 

әдебиетінің  дәуірлеп  тұрған  кезінде  шыққан  белгілі  бір 

сұлу  дастаны  саналады.  Бұл  дастан  дүние    жүзіндегі 

мәдениетті  елдердің  кӛбінің  тілдеріне  аударылған  атақты 

жыр»  деп  бағалаған  ол  «Қазақ  арасында  да  «Ләйлі-

Мәжнүннің» аты кӛп жайылғанын» ескертеді де «біз дүние 

жүзіндегі 

мәдениетті 

елдердің 

белгілі 


әдебиет 

шығармаларының  бәрімен  танысуымыз  керек»  деп 

айрықша  екпін түсіріп,  әлем  мәдениетінің  дамуынан  сырт 

қалмайық  деген  талапты  алға  тартады.  «Белгілі  бір 

дәуірдің қиялын, нанымын, тілегін, ой-ӛрісін, жан-сезімін, 

тұрмысын  суреттейтін  нәрсе  үлкен  дерек  болады»  деп 

негізгі  ойын  орағыта,  бұлғындата  келіп:  «Сондықтан  да 

«Ләйлі-Мәжнүннің» 

қазақшасының 

кітап 


болып 

шыққанын дұрыс кӛрдік» деп ӛзі жасап отырған қоғамның 

оңы мен солын, дұрысы мен бұрысын оқушыға түсіндіріп, 

тіпті  шолақ  белсенділер  қанша  жетесіз  болса  да  жабар 

жала,  айтар  сӛз  қалдырмайды.  Негізгі  мақсатын  осылай 

дӛңгелетіп алған соң «Дастанды қазақша  ӛлеңге аударған 

белгілі  ақын  Шәкәрім  Құдайбердіұлы»  деп  аспаннан 

түскендей  қысқа  қайрады.  Сол  кездегі  идеологиялық 

қысымшылық  қаншама  батыр,  ержүрек,  тарпаң,  асау 

Сәкеннің  ӛзін  әр  адымын  санап  басуға  мәжбүр  еткенін 

анық  аңғарамыз.  Әйтпесе  Ш.Қ.  кім,  қандай  шығармасы 

қайда  басылған,  қазақ  әдебиетіне  қосқан  үлесінің  қандай 

екенін  айтуға  оның  шамасы  жетпей  отыр  дер  кім  айтар? 

С.Сейфуллин  1936  ж.  Сібірдегі  айдаудан  елге  оралған 

М.Жұмабайұлына  қамқорлық  кӛрсетті.  1937  ж.  18 

наурызда  Мағжан  Сәкен  шақыртуымен  Қызылжардан 

Алматыға  келеді.  С.Мұқанов,  С.Сейфуллин  шапағатымен 

баспа 


директоры 

Х.Жүсіпбековке 

ертіп 

барып, 


«Оппенгейм  семьясын»  аудартуға  шартқа  отырғызады. 

Алдын-ала  берілетін  қаламақының  25  пайызын  ӛзінің 

сенімхатымен сол жерде алып береді. 


 

128 

 

С.С. 


қазақ 

поэзиясының, 

прозасының, 

драматургиясының  қалыптасуына  айрықша  үлес  қосқан 

сӛз зергері.  «Кӛкшетау», «Аққудың айрылысуы» поэмасы, 

«Ақсақ  киік»  балладасы,  лирикалық  ӛлеңдері  С.С.-нің 

суреткерлік  шеберлігін  ерекшелеуімен  қатар  қазақ  сӛз 

ӛнеріне  қосқан  биік  тұғырын  да  айқындайды.  «Ақсақ 

киік»,  «Тау  ішінде»,  «Біздің  жақта»,  «Кӛкшетау»  әндері 

композиторлық  дарынын  даралайды.  «Тар  жол,  тайғақ 

кешу»  (1927)  мемуарлық  романы  «Екінші  бір  адам  «Тар 

жол,  тайғақ  кешуді»  қайта  жазып  шыға  алмайды.  Бұл  бір 

дәуірдің  таңба  басатын  жеріне  таңба  басып,  мӛр  басатын 

жеріне  мӛр  басқан  шығарма»  (Ғ.Мүсірепов).  Жазушы 

аталған  романның  алғашқы  басылымының  кіріспесінде 

«Алаш»  туралы  әңгімелер  айтылғанда  сол  Алашордада 

болғандарды  айыптамақ  ниетімен  айтылып  отырған  жоқ. 

Тек  тарихи  мағлұмат  ретінде  ғана  баспа  жүзіне  шықсын 

деген оймен айтылды» деп жазды. Алайда романның 1936 

ж.  кеңестік  идеология  тарапынан  барынша  тұздықталған 

басылымы  редакцияланып,  Алашқа  қатысты  кейбір 

жерлері  әсіре  саясаттандырылып  «түзелді»,  «күзелді». 

(Қараңыз:  К.Ахмет.,  Т.Кәкішұлы.  «Тар  жол,  тайғақ 

кешудің»  тағдыры.  А.,1997).  Сәкеннің  «ұлтшылдығын» 

айыптау 

«пантүркішілдігіне», 

«панисламшылдығына» 

қатысты  ӛріс  алған  болса,    1930  жылдар  ойранында  ол 

ӛзінің  шырқау  биігіне  шықты.    1932  ж.  10  қаңтарды  ВКП 

(б)  Қазақ  ӛлкелік  комитетінің  мәдениет  және  насихат 

бӛлімі  мен  қазақстандық  марксизм-ленинизм  институты 

қабылдаған  «Сталин  жолдастың  хатына  байланысты 

Қазақстанның  теориялық  майдандағы  күрестің  міндеттері 

туралы»  қаулысында  ақынның  «Кӛкшетау»  поэмасын 

сыналып,  қазақтың  ескі  феодалдық-рулық  мәдениетін 

мадақтайды  деген  айып  тағылды.  Алаш  қайраткерлерін 

атамағанда  «Алашордашыл»,  «ұлтшылдардың»  қатарында 

негізгі 


соққы 

«ұлтшыл-фашист» 

С.Сейфуллин, 


 

129 

 

І.Жансүгіров,  Б.Майлин,  М.Әуезов,  С.Мұқанов  сияқты 

жазушыларға  бағытталды.  С.С.  «халық  жаулары» 

Т.Рұсқыловты,  Н.Нұрмақовты,  А.Асылбековтерді  «Тар 

жол,  тайғақ  кешуде»  тӛңкеріс  үшін  күрескен  адем  деп 

кӛрсеткендігі, 

Троцкийдің, 

Зиновьевтің 

аттарын 

атағандығы  үшін  («Әдебиет  майданы».1937.  №7), 

А.Байтұрсынұлы  елуге  толғанда  соған  арнап  мақала 

жазғандығы, 

пантюркистік 

бағыттың 

басшысы 

болғандығы  үшін  («Каз.Правда».  1937.9.ҮІІ),  ұлтшыл 

антипартиялық  топ  құрып,  Кеңес  үкіметіне  қарсы 

жүргізген  «бүлдіргі»  іс-әрекеттер  үшін,  Қарағандыда 

ашылған  «жасырын  ұйымға»  нұсқаулар  беріп  тұрғандығы 

үшін,  жас  жазушыларды  ӛсірмегендігі  үшін  айыпталды.  

Осы  сипаттағы  саяси  науқанның  салдарына  қоғам 

қайраткері «халық жауы» атанып, 24 қыркүйекте қамалды. 

1937 ж. 25 ақпанда атылды.  

 

     Дәріс бойынша сұрақтар: 

1)

 



С.Сейфуллиннің ӛмір жолы. 

2)

 



Қоғамдық қызметі. 

3)

 



С.Сефуллин -  зерттеуші. 

4)

 



С.Сейфуллинқазақпоэзиясының,прозасының,драмат

ургиясының  қалыптасуына  айрықша  үлес  қосқан 

сӛз зергері. 

5)

 



Поэмасы,балладасы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

130 

 

Негізгі әдебиеттер тізімі: 

1. Кәкішев Т. Сәкен Сейфуллин. – Алматы, 1997. 

2. Кәкішеы Т. Мағжан-Сәкен. – Алматы, 1999. 

3. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. – Алматы, 1975. 

4. Ысмайылов Е. Ақын және революция. – Алматы, 1964. 

Қосымша әдебиеттер тізімі: 

5.  Қаратаев  М.  Нұртазин  Т.  Қирабаев  С.  Қазақ  совет 

әдебиеті. – Алматы, 1967. 

6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 т. 1 кітап. – Алматы, 1967. 

7.  Сейфуллин  С.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  – 

Алматы, 1986-1988. 



8. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы, 1997. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал