Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы



жүктеу 150.63 Kb.
бет22/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Дәріс жоспары:

1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.

2. Егемендік кезеңіндегі халық санағы және оның қорытындылары. Халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. 

3. Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. ҚР заңдары.



4. Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% - Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% - Қытайдан, 9,2% - Моңғолиядан, 6,8% - Түрікменстаннан, 4,6% - Ресейден және 3,6% - өзге елдерден оралған қандастарымыз. Олардың 21,2% - Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маңғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Елге оралған қандастарымыздың 55,6% - еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері - 39,9%, зейнеткерлер - 4,5% құрайды. Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,6%-ында орта арнаулы білім бар, 60,8% - жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 9,8%-нің білімі жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.

1999 жылғы ақпан-наурыз айларында Қазақстанда 1989 жылдан кейінгі ұлттық тұрғындар санағы өткізілді. Санақтың БҰҰ-ның статистикалық комиссиясының нұсқауларына сай, халықаралық тәжірибеде қабылданған әдістемемен өткізілгені жарияланды. Санақ қорытындысы бойынша, Қазақстанда 14952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1999 жылғы санақ қорытындылары республика тұрғындарының арасындағы қалалы елді мекендерде тұратындары – 56 %, ауыл халқы - 44 %, еркектер – 48,2 %, әйелдер – 51,8 %, қазақ ұлты өкілдерінің арасындағы үлесі – 53,4% болғанын көрсетті.
Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстан Республикасы Конституциясы. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы. Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы. «Қазақстандық халықтың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.

Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы. Нақты өнімді еңбек, бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын құру – ҚР әлеуметтік жаңарту саясатының негізі. Мемлекеттік жаңғыртудағы Тұңғыш Президенттің бастамалары. Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. «Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.

ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі.


жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет