Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Сұрақтар: 1.Тілдің табтғатын қалай түсінесіз? 2. Тілдің мәні неде? 3. Тілдің негізгі қызметі, түрлері қандай? Әдебиеттер



жүктеу 81.97 Kb.
бет4/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
til bilimine kirispe. darister
Сұрақтар:
1.Тілдің табтғатын қалай түсінесіз?
2. Тілдің мәні неде?
3. Тілдің негізгі қызметі, түрлері қандай?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.



Дәріс №3
ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ, ӨЗАРА ӘСЕРЛЕРІ
ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК
Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі тұрлі мәселені бір-бірімен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат баласы тілінің шығуы, екіншісі – жеке, нақтылы ұлт тілдерінің (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің) шығуы. Бұл екі түрлі мәселе.
Адамзат тілінің шығуы алғашқы адамдардың пайда болу заманымен байланысты, жеке ұлт тілдерінің шығуы кейінгі дәуірлерде болған құбылыс.
Тілдің шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын ертеден өзіне аударған. Олар бұл мәселе төңірегінде түрлі пікірлер мен пайымдаулар жасады.
Сол пайымдаудың бірі – дыбысқа еліктеу теориясы. Бұл теория ежелгі грек философиясынан басталады. Ол әсіресе 17-18 ғасырда кең өріс алды. Мұның өкілі – неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716). Аталған теория бойынша :
Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын, судын сылдырын, желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған. Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды, - дейді.
Түрлі тілдерде қарк-қарк, мияу-мияу, шиқ-шиқ, гу-гу, тарс-тарс тәрізді еліктеуіш сөздер бар екені рас. Бірақ бұған қарап тіл тек кана дыбысқа еліктеуден шықты деуге болмайды. Өйткені табиғатта дыбыс шығармайтын заттар да көп екені, олардың да атаулары бар екендігі даусыз.
Бұл теория тілдің пайда болуының әлеуметтік себебін ескермеді. Дыбысқа еліктеу теориясын жақтаушылар тілді "табиғат сыйы" деп қарайды. Ал шындығында тіл қоғам құбылысы. Ол қатынас жасау қажеттілігінен туған.
Тілдің шығуы туралы екінші теория – эмоциональдық теория. Бүл теория 18-19 ғасырларда кең тараған. Оның жақтаушысы - Ж.Ж.Руссо (1712-1778). Ол "бір нәрсеге кұштарлық алғашқы сөздерді шығарды", - деп жазды. Бұл да қате теория болатын.
Ж.Ж.Руссоның "эмоциональдық теориясы" одағай теориясына (19-20 ғасырларда) келіп ұласты. Одағай теориясы бойынша, алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда өздерінің алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар арқылы, яғни одағайлар арқылы білдірген. Сол эмоцияны білдіретін әр түрлі "еріксіз шығарылған дыбыстар" әлгі заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған.
Одағай теориясын жақтаушылардың бірі – орыс лингвисі Д. Н. Кудрявский (1887-1920). Ол: "Одағайлар адамның ең алғашқы сөздері еді. Алғашқы сөздерде дыбыс пен мағына бір-бірінен бөлінбеген, біртұтас болатын. Кейіннен олар бір-бірінен ажырасты", - дейді. Бұл теория да қате. Оның қателігі мынада: Тілдердегі одағайлар әр түрлі эмоцияны білдіреді. Бірақ тіл-тілде эмоцияны білдіретін сөздерге қарағанда, эмоцияны білдірмейтін сөздер әлдеқайда көп. Мұның өзі түсінікті де. Өйткені, тіл эмоцияны ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, ең бастысы, қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқарады. Тіл пайда болғанда қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде пайда болған. Бұл теорияның иелері тілдің қоғамдық табиғатына мән бермеген.
Тілдің шығуы туралы теориялардың тағы бірі – қоғамдық шарттасу теориясы. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өзара келісіп жасаған. Осыдан келіп тіл пайда болған дейді. Тіл туралы келісу, шарттасу үшін, ол адамдардың бұрыннан тілі болуы керек қой. Олай болса, бұл теория да ешбір дәлелсіз екені түсінікті.
Тіл ғылымы тарихындағы тілдің шығуы туралы келесі теория – еңбек айқайы теориясы деп аталады. Ол 19 ғ. шықты. Оны ұсынушы – философ Людвиг Нуаре. Аталған теория тілдің алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болған деген тұжырым. Бұл теория да қате. Өйткені, тіл – қатынас кұралы ретінде ғана жасалады.
Адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады. Олар: "Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен туды",- дейді ("Неміс идеологиясы", Шығ., 3 т., 29 б.). Яғни мұнда, біріншіден, тіл мен сананың (ойлаудың) бір-бірімен тығыз байланыстылығы және олардың бір мезетте шыққандығы, екіншіден, тілдің адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттілігінен келіп пайда болғандығы айтылған.
Тілдің шығуы туралы мәселе Ф.Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі", "Семьяның, жеке меншіктің шығуы" деген еңбектерінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты қолданьш, бұл мәселе жайында материалистік теория әрі қарай дамытыла түсті. Ол еңбектерде тілдің шығуы жалпы адам баласының пайда болу мәселесімен тығыз байланыста қарастырылады.
Әуелі еңбек, онан соң тіл, екеуі екі жақтан адам баласы миының дамуына күшті әсер етті. Ал мидың дамуы ойлаудың дамуына әсер етті. Ойлаудың (сананың) дамуы өз тарапынан еңбек пен тілге, олардың дамуына әсерін тигізеді. Еңбек процесінде адам баласы қоғамының тууы — бұл үшеуінің (еңбек, тіл, сана) әрі қарай дами беруіне мүмкіндіктер мен жағдайлар жасады.
Қорыта келгенде, ұжымда бірлесе еңбек ету әрекеті өзара қатынас жасау қажеттілігін тудырды. Осыдан біртіндеп алғашқы сөздер туады, тіл мен ой пайда болады. Тіл мен ойлаудың шығуын алғашқы адамдар ұжымынан бөліп қарауға болмайды. Тіл еңбекпен бірге ұжымда туды. Тілдің пайда болуы ойлаудың пайда болуымен, тілдің дамуы ойлаудың дамуымен тығыз байланыста болады.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет