Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы



жүктеу 81.97 Kb.
бет3/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
til bilimine kirispe. darister
Сұрақтар:
1.Тіл дегеніміз не?
2. Лингвистика қандай ғылым, салалары қандай?
3. Лингвистика қандай ғылымдар тобына жатады, байланысы қандай?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.



Дәріс №2
Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні мен қызметі

Тілдің табиғаты, қоғамдық, әлеуметтік мәні және қызметі деген мәселелер – лингвистиканың үлкен проблемаларының бірі. Тілдің қоғамдық табиғаты туралы мәселе жөнінде әр кезде-ақ айтыстар, пікірталастар туған. Мәселен, тіл – биологиялық құбылыс па, жоқ, әлде әлеуметтік жағдаймен байланысты ма деген мәселе зерттеушілерді ертеден-ақ ойландырған. Неміс ғалымы Франц Бопп: тіл – биологиялық организм деп топшылаған. Бұл пікірді әсіресе Август Шлейхер қолдап, «Дарвин теориясы және тіл туралы ғылым» атты еңбегінде табиғат даму заңдылығын, тілдің даму заңдылығымен қатар қояды. Яғни, тіл организм сияқты туады, өседі, өшеді деген қағида ұстанады.


Әрине, бұл дұрыс емес, тіл – атадан балаға үйретілген құрал. Жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған жас бала өзі өскен ортаның тілінде сөйлейді.
Лингвистердің енді бір тобы тілді психикалық құбылыс деп түсіндіреді. Мұның мәнісі: тіл – құдай тағаланың жаратқан нәрсесі. Бұл да қате. Егерде тіл рухтың көрінісі болса, әр адамның жеке-жеке тілі болған болар еді. Тіл – жалпы халықтық құбылыс, сөйлеу – сол құралды пайдалану.
Кеңес лингвистикасында Николай Яковлевич Марр тілге таптық сипат берді. Революция тілде де болады деген қате пікірлер айтты. Осы айтылған пікірлерді саралай келе тіл, шын мәнінде, қоғамдық құбылыс. Тіл мен қоғамның өзара байланысы екі жақты. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өмірді ұйымдастыруы мүмкін емес. Қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет.
Тіл – адам қоғамы дамуының шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, ұжымнан тыс тіл жоқ.
Тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі негізге алынады. Лингвистикада тілдің мұндай қызметі коммуникативтік (латынша «қатынас», «байланыс») функциясы, қызметі деп аталынады.
Тілдің екінші қызметі – адам ойын қалыптастыру және сол ойды жеткізу құралы болу. А.А.Реформацкий тілдің мұндай қызметін экспрессивті функциясы деп те атайды.
Үшінші қызметі эмотивті (латынша «алаңдату», «қызықтыру») функциясы. Мұны тілдің аффективті, эмоционалды қызметі деп те атай береді. Өйткені тіл адамның еркі, ішкі күйініш – сүйініш, сезімін білдіре алады. Ол үшін одағайлар, еліктеуіш, кішірейту, еркелету қосымшалары, бұйрық етістік формалары, интонация мен сөздердің орын тәртібі тәсілдері қолданады.
Төртінші тілдегі толық мағыналы дербес сөздер заттар мен құбылыстарды білдіріп номинативті (латынша «атауыш») қызмет атқарады.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет