Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы



жүктеу 81.97 Kb.
бет28/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
til bilimine kirispe. darister
Жалғамалы (агглютинативті) тип. (агглютинация латын
тілінен «желімдеу»). Бұлардың қатарына түркі тілдері, монғол тілдері, угоро-фин, жапон, корей тілдері жатады. Бұл тілдерге тән негізгі қасиеттер: 1) Грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың жалғануы арқылы беріледі; 2) Қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді; 3) Ол қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана береді; 4) Қанша қосымша қосылғанмен сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермейді (сол күйінде қалады). Мысалы: қанағат+тан+дыр+ыл+ма+ған+дық+тар+ымыз+дан
Қопарылмалы (флективті) тип. Бұған орыс, неміс, араб, грек тілдері енеді. Бұл тілдерге тән қасиеттер: 1) Грамматикалық мағыналар негізінен ішкі флексия (флексия латын тілінен «майыстыру, қайыру») арқылы беріледі. Мысалы: Он шел – она шла; Я ем – ты ешь, он ест. Я бегу, ты бежишь, он бежит. 2) Сонымен бірге, грамматикалық мағыналар сыртқы флексия арқылы да беріледі. 3) жалғаулы тілдерде қосымшалар көбінесе дара мағыналы болып, бір ғана қызмет атқарса, қопарылмалы тілдерде бір қосымша бірнеше грамматикалық мағына білдіріп, әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы: книг+и дегендегі и жалғауы атау септікті, әрі көптікті, әрі родительный падеж (нет чего?) бен единственное числоны, әрі винительный падеж (вижу что?) бен множественное числоны білдіреді; 4) флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне сіңісіп кетеді де, олар аффикссіз дербес қолданыла алмайды. Мысалы: пис+ать, пись+мо, пис+ание; дет+и, дет+ство, дет+ский; 5) флективті тілдерде аффикстер префикс, суффикс, инфикс болып бөлінуне қарай олар сөз құрамында әр түрлі орынға (басында, ортасында, аяғында) ие болады.


Сұрақтар:
1. Лингвистикалық типология ұғымы?
2. Тілдерді типологиялық топтастыру дегеніміз не, негізгі ұстанымдар қандай?
3. Типологиялық топтастыру түрлері?


Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет