Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Дәріс №15 ТІЛДЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ (ТИПТІК) КЛАССИФИКАЦИЯСЫ



жүктеу 81.97 Kb.
бет27/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
til bilimine kirispe. darister
Дәріс №15


ТІЛДЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ (ТИПТІК) КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыру типологиялық немесе морфологиялық классификация деп атайды. Тілдерді бұлайша таптастыруда басшылыққа алынатын негізгі белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің қалай құрылғандығы, белгілі бір тілдерде грамматикалық тәсілдердің қайсысы басымдық ететіні, сол тілдегі сөздердің өзгеру-түрлену жолдары, ерекшеліктері белгілі бір тілдердің құрылымы мен құрылысы.
Сөйтіп, тіл туралы ғылымның тілдердің құрылымы мен құрылысын зерттейтін саласы типологиялық тіл білімі деп аталады.
Типологиялық тіл білімі туыстас тілдердің де, бір-бірімен туыс емес тілдердің де сәйкестіктері мен ұқсастықтары, сондай-ақ, қарама-қарсы өзгешеліктері деген сияқты мәселелерге де бөледі. Типологиялық тіл білімінің мұндай мәселелерді қарастыратын саласын лингвистикалық типология деп те атайды.
Лингвистикалық типология фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық т.б. белгілерге негізделеді. Осыған орай, тіл фактілеріне фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік типология жасалады. Лингвистика осы типологиялық ерекшеліктерді ескере отырып әлем тілдерін, негізінен, төрт типке – түбір, полисинтетикалық, агглютинативті, флективті тілдерге бөледі.
Даралаушы (аморфты) тип. Түбір тілдерді аморф (гректің
морфемасыз деген сөзі), формасыз, даралаушы, позициялы деп атайды. Даралаушы типке қытай, ветнам, бирма, тай, тибет, малайя-полинезей тілдері жатады.
Бұл тілдерге тән қасиеттер: 1) жоғарыда аталғандай түбірге қосымшалар қосылмайды (яғни сөздер түрлене бермейді); 2) сондықтан ол тілдерде омоним сөздер көп болады; 3) олар бір-бірінен музыкалық екпін арқылы ажыратылады; 4) синтаксистік жағынан негізгі тәсіл – қабысу (қой қора, көк терек, мың қой, ана кісі, тез келді); 5) синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы беріледі; 6) сөз тудырудың ең басты тәсілі – біріктіру.
Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип. (Полисинтетика
гректің «көп біріктіру», инкорпорация латынның «құрамына қосып алу») Бұған полеозият (чукот, коряк, нивх, ительмен, юкагир) тілдері мен америка индеецтерінің (кечуа, аймара, ацтек, дакота т.б. тілдері жатады.
Бұлардың ерекшелігі сөйлем арқылы белгілі болатын
синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөзбен беріле алады.
Мысалы: «мен семіз бұғаларды ғана өлтіремін» деген сөйлемді чукот тілінде ты+ата+каа+нмы+ркын деген жалғыз сөзбен береді. Мұндағы ты – бірінші жақтың көрсеткіші, ркынетістіктің жұрнағы, ал басқалары есім түбірлер.
Бұл құрылымдық тип бойынша, бір сөз (негіз) екінші бір сөздің
негізі мен қосымшасының (немесе префикс пен негіздің) арасына сыналанып, қыстырылып кіреді де, синтаксистік топ құрайды. Мақсаты – әлгі бірліктердің арасындағы синтаксистік қатынастарды білдіру. Мұндайда аффикстік морфема өзінің негізінен бөлініп қалса да, бұрынғы қызметін атқара береді.

жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет