Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Сұрақтар: 1.Тілдердің қарым-қатынасы дегеніміз не? 2. Тілдер қарым-қатынасының түрлері ? 3. Тілдер тоғысуы түрлері? Әдебиеттер



жүктеу 81.97 Kb.
бет24/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
til bilimine kirispe. darister
Сұрақтар:
1.Тілдердің қарым-қатынасы дегеніміз не?
2. Тілдер қарым-қатынасының түрлері ?
3. Тілдер тоғысуы түрлері?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.



Дәріс №14
ТІЛДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
ТІЛДЕРДІҢ ГЕНЕОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Дүние жүзінде неміс ғалымдарының зерттеуі бойынша 5661 тіл, 2000 жылғы ЮНЕСКО-ның әлем тілдері туралы баяндамасында шамамен 6800 тіл бар деп көрсетілген. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, француз, испан, орыс, қытай, араб тілдері.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады: біріншісі – тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан; екіншісі – шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. Топтастырудың бірінші түрі – тілдердің генеалогиялық классификациясы, екінші түрі – типологиялық (немесе морфологиялық) классификациясы деп аталынады.


Генеалогиялық классификация
Дүние жүзіндегі тілдер өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай әр түрлі тілдік семьяларға, топтарға бөлінеді.
Тілдік семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Ал тілдік топ деген термин – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдірді. Мысалы, түркі тілдері өзара туыстас тілдер. Олар жалпы түркілік бір негізден шыққан. Сондықтан оларды түркі тілдер семьясы деп атаймыз. Ал роман тілдері үндіеуропа тілдер семьясына жатады. Оның ішінде өздері бір негізден, яғни латын тілінен шыққандықтан олар роман тілдері тобын құрайды.
Тілдердің туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі болады.
Туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өте жақын болуы мүмкін, кейбіреулері алғашырақ болуы мүмкін. Мысалы, бір ғана үндіеуропа тілдер семьясына жататын тілдердің бәрі де туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақындық дәредесі біркелкі емес. Сондықтан да, олар өз ішінде 1. славян тілдері, 2. роман тілдері, 3. герман тілдері, 4. үнді тілдері, 5. иран тілдері деп аталатын топтарға бөлінеді.
Осы топтардың әрқайсысына енетін тілдердің де өзара жақындық
дәрежесі әр түрлі болады. Мысалы, бір ғана славян тобына жататын орыс тілі мен чех тілінің жақындық, ұқсастық жақтарына қарағанда, орыс, украин, белорус тілдерінің өзара жақындық, ұқсастық жақтары әлдеқайда мол. Осындай белгілеріне қарап жоғарыда аталған топтардың әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше кіші топтарға бөлінеді. Мысалы, славян тілдер тобы өз ішінде 1. шығыс славян, 2. оңтүстік славян, 3. батыс славян тілдері болып үш топқа бөлінеді. Түркі тілдер семьясына жататын тілдер де өз ішінде осылай үлкен мен кіші топтарға жіктеліне алады.
Сөйтіп, туыстас тілдерінің бір-бірімен жақындығы, ұқсастығы бірдей бола бермейді екен. Олардың ішінде сөздік қоры мен фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы жағынан, ортақ белгілері көп тілдер де болады, керісінше, айырым жақтары молырақ, демек ортақ белгілері аз тілдер де болады.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет