Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Сұрақтар: 1.Синтаксис дегеніміз не? 2. Сөз тіркесі ұғымы? 3. Сөйлем ұғымы, түрлері қандай? Әдебиеттер



жүктеу 81.97 Kb.
бет23/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
til bilimine kirispe. darister
Сұрақтар:
1.Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөз тіркесі ұғымы?
3. Сөйлем ұғымы, түрлері қандай?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.


Дәріс №13


Тілдердің өзара қарым-қатынасы
Лингвистер тілдер қарым-қатынасының, негізінен, үш түрлі болатынына көңіл бөледі: тілдердің қатар өмір сүруі (сосуществование языков); тілдердің араласуы (смещение языков); тілдердің тоғысуы (скрещение языков).
Тілдердің қатар сүруі дегеніміз – аралас, көршілес жақын жатқан тілдердің ұзақ замандар бойы бір-біріне үнемі, тұрақты түрде әсер етуі, ықпал етуі. Сондай қарым-қатынас нәтижесінде ондай тілдердің дамуында, олардың жалпы құрылымында ортақ жайлар пайда болады. Мұндай жағдайда белгілі бір лингвистикалық бірліктер пайда болады. Ондай тілдер «туысқан тілдер» немесе «тілдер одағ» сияқты болып кетеді.
Тілдердің араласуы дегеніміз – белгілі бір тарихи кезеңде екі тілдің қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне әсер етуі де, кейіннен бір-бірінен қайта ажырасып, әрқайсысының өз даму жолдарына түсуі. Тілдердің араласу қарым-қатынасы, әсіресе, олардың лексикасынан айқын көрінеді.
Тілдердің тоғысуы дегеніміз – екі тілдің қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде бір-бірімен әбден сіңісіп кетуі. Тілдердің тоғысуы этникалық топтардың, тайпалардың араласып-құраласып кетуіне, сондай-ақ, бір халықтың екінші бір халықты жеңіп, бағындырып, өзіне қаратып алуына байланысты болады. тілдердің тоғысуы туыстас халықтар тілдері арасында да, туыстығы жоқ, тілдері о бастан-ақ бөлек-бөлек халықтар арасында да болуы мүмкін; саны жағынан көп халық аз халықты өзіне қаратып, қосып алуы да мүмкін. Тілдердің тоғысуы – ұзақ және күрделі процесс. Екі тіл тоғысқанда. Ол тілдердің құрылымы тоғысады; бірінің құрылымы бірте-бірте жойылып, жоғала бастайды. Бірақ соның өзінде жойылған тіл өзін жойған тілдге азды-көпті дәрежеде із қалдырады. Тілдер тоғысқанда, көп уақыт бойы оларды қолданған халықтарда екітілділік қалып сақталынуы мүмкін.
Қысқасы, екі тіл тоғысқанда, бірі жеңіп. Бірі жеңіліп, яғни жеңген тіл, жеңілген тіл пайда болады. осыған орай, лингвистикада үш түрлі термин қолданылады: адстрат, субстрат, суперстрат.
Адстрат деген термин екі мағынада қолданылады: бірі – бір территорияда ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүре отырып қолданылған екітілділік (Мысалы, араб халифаты тұсындағы қатар қолданылған араб, парсы тілдері); екіншісі – бөтен жерге келіп қоныстанып, жергілікті аборигендер тіліне әсер етіп, біршама уақыт көрші тіл ретінде жарыса қолданылған жаулаушылар тілі.
Субстрат – лат. «астында», «қабат» екі тіл тоғысқанда, жеңілген тілдің жеңген халық тіліне қалдырған іздері. Жеңілген халық тілінің жеңген тілге қалдыратын әсерлері лексика, фонетика, грамматика салаларының бәрінде де көрінеді.
Суперстрат – лат. «үстінде», «жоғарыда» екі тіл тоғысқанда, шамамен уақыттар кезінде «жеңген» тілдің жеңілген тілде қалдырған ізі деген мағынаны білдіреді.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет