Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Сұрақтар: 1.Морфология дегеніміз не? 2. Морфема ұғымы, түрлері ? 3. Сөз табы ұғымы, белгілері қандай? Әдебиеттер



жүктеу 81.97 Kb.
бет22/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
til bilimine kirispe. darister
Сұрақтар:
1.Морфология дегеніміз не?
2. Морфема ұғымы, түрлері ?
3. Сөз табы ұғымы, белгілері қандай?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.


Дәріс №12
СИНТАКСИС. ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Синтаксис – гректің құрастыру, түзу сөздерінен алынған. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис – сөйлеудің негізгі единицаларын, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. өзінің осы объектісіне сай синтаксис өз ішінен негізгі 2 салаға бөлінеді: бірі – сөз тіркестері синтаксисі, екінішісі – сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисі өз ішінен жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып 2 салаға бөлінеді:
Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз.
Сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан пайда болады. Сөз тіркесі жасалу үшін, оның кұрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жағынан байланысты айтылуы шарт. Бір - бірімен байланысты десек, ол байланыс екі түрлі болады. Бірі – мағыналық жағынан, екіншісі – грамматикалық жағынан байланысты болады. Мағыналық жағынан байланыс деп – сөздердің сөз табы ретіндегі жалпы категориялық мағынасын, ал грамматикалық жағынан байланыс деп - бір сөздің басқа бір сөзге грамматикалық жағынан бағыныштылығын айтамыз. Яғни сөз тіркесіндегі сөздер белгілі бір грамматикалық формада тұрып, олардың бірі – бағыныңқы (тәуелді), екіншісі – басыңқы (ұйтқы) жағдайда байланысады.
Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа түседі екен. Ол синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Сөз тіркесі – кемінде екі не одан да көп дербес сөздің бағыныңқы - басыңқы байланыстың негізінде жасалған синтаксистік бірлік. Синтаксистік сөз тіркесінің күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де сырттай ұқсастығы болғанымен, олардың бір- бірінен айырмашылықтары бар.
Сөйлем – ең басты тілдік бірліктердің бірі. Ол – коммуникативтік қызметі бар синтаксистік бірлік. Мұндағы коммуникативтік деген сөз - "бір нәрсе жайында хабар беру" дегенді білдіреді.
Сөйлемдер өзін құрастырушы сыңарлардың (компоненттердің) сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі топка бөлінеді. Жай сөйлем 2-3 сөз тіркестерінен жасалса, құрмалас сөйлем екі не үш жай сөйлемнен жасалады.
Құрмалас сөйлем сыңарларының арасындағы байланыс салалас байланыс және сабақтас байланыс түрінде болуы мүмкін. Осыған орай құрмалас сейлемдер 1) салалас құрмалас сөйлем, 2) сабақтас құрмалас сөйлем және 3) аралас құрмалас сөйлем болып, үш топка бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем деп – құрастырушы сыңарлары байланысқан сөйлемді айтамыз. Сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы сыңарларының бірі екіншісіне бағына байланысқан сөйлемді айтамыз. Ал аралас кұрмалас сөйлем деп – құрмаластың құрамындағы үш (не төрт) сөйлемнің бірі екіншісімен , ал екіншісі үшіншісімен сабақтаса байланысқан кұрмалас сөйлемді айтамыз.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет