Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Дәріс №11 МОРФОЛОГИЯ. ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 81.97 Kb.
бет21/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
til bilimine kirispe. darister
Дәріс №11
МОРФОЛОГИЯ. ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, аффикстік морфема, сөз табы.
Морфема дегеніміз – сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфема түбір морфема, аффикстік морфема болып екіге бөлінеді.
Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар – аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады.
Түбір морфемадан сөз тудыратын аффикстерді - сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық мағына деп аталады. Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер – сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналары реляциялық мағына деп аталады.
Сөйтіп, аффикстер (аффикстік морфемалар) екі үлкен топқа бөлінеді екен. Олар: жұрнақ пен жалғау. Жұрнақ (суффикс) – сөз тудырады, ал жалғау (окончание немесе флексия) – сөз түрлендіреді. Ескерте кететін нәрсе – жұрнақтардың ішінде де жаңа сөз тудырмай, сөз формасын өзгертетін, сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын жүрнақтар болады. Мәселен, қазақ тіліндегі көсемше, есімше жұрнақтары сондай жұрнақтар. Мысалы: кел+іп кетті, жүр+гелі отыр, т.б.
Әрбір жеке тілде олардың грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай жұрнақ үш түрге жіктелінеді. Олар: 1)приставка, 2) инфикс, З) суффикс (постфикс). Префикс түбірдің алдына қосылады. Инфикс түбірдің ішіне қыстырылады. Бұл латын тілінде бар, орыс тілінде жоқ. Ал суффикс түбірден соң жалғанады.
Жалғаулардың жұрнактардан айырмашылығы – жұрнақгар сөз тудырса, жалғаулар форма тудырады. Су деген түбірге жалғау жалғасақ, су+ға, су+ым, су+лар деген сөз формалары жасалады. Бұл соңғы сөздердің лексикалық мағыналары – біреу ғана, ал формалары – әр түрлі. Ол жалғаулар тек грамматикалық мағыналар туғызады. Айталық, су+ға дегенде – септік мағына, су+ым дегенде –тәуелділік мағына, ал су+лар дегенде – көптік мағына бар.
Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, акад. И.И Мещанинов өзінің "Сөйлем мүшелері мен сөз таптары" (М., 1945) деген кітабында былай деп жазды: "Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер – пысықтауыш, етістіктер – баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сөз таптары сөйлем мүшелері болу арқылы бөлініп шықты", - дейді (203б.).
Сөз таптарын лексика-грамматикалык категория деп қарайтын ғалымдардың пікірлері дұрыс. Өйткені сөз таптары, шындығында да, бір-бірінен тек грамматикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге, олар лексикалық мағынасы жағынан да ажыратылады. Мәселен, зат есімдерге тән мағына – заттылық мағына, сын есімдерге тән мағына – атрибутивтік мағына, етістіктерге тән мағына – процессуальдық мағына. Бұлар – олардың сөз табы ретіндегі мағыналары. Бұл мағыналар әр сөз табына енетін күллі сөздердің бәріне ортақ.
Сөз таптарына тән категориялды (жалпылама ортақ) мағынаны сөздің лексикалық мағынасымен де, оның грамматикалық мағынасымен де шатастыруға болмайды. Сондықтан да, бұл мағына, сөз таптарына тән жалпылама ортақ мағына тіл білімінде – жалпы категориалды мағына деп аталынады (ол сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының жалпылану арқылы бірігуінен жасалады).
Сонымен, сөз таптары бір-бірінен, біріншіден, жалпы категориялды мағыналары жағынан ажыратылады, екіншіден, олар өздеріне тән грамматикалық белгілері арқылы (көптелу, жіктелу деген сияқты) ажыратылады. Грамматикалық белгілердің өзі екі түрлі. Оның бірі – морфологиялық белгі, екіншісі – синтаксистік белгі.
Морфологиялық белгі дегеніміз – бір сөз табындағы сөзді басқа бір сөз табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың белгілі бір жүйесі.
Ал синтаксистік белгі дегеніміз – белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі, яғни сөйлем мүшесі болу қызметі мен олардың басқа сөздермен тіркесу қабілеті. Айталық, зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, бастауыш немесе толықтауыш қызметін атқарады. Бұл – оның жалпы категориялды мағынасы; олар – заттық, ұғымдық мағыналармен тығыз байланысты.
Қорыта айтқанда: сөз таптары дегеніміз – бір-бірінен 1) жалпы грамматикалық мағынасы, 2) морфологиялық 3) синтаксистік белгілері арқылы ажыратылатын, лексика-грамматикалық (дұрысы семантика-грамматикалық) сипатқа ие сөздер тобы.

жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет