Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы



жүктеу 81.97 Kb.
бет20/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
til bilimine kirispe. darister
5.Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сөздердің, орын тәртібінің мәні айрықша.
6.Екпін тәсілі. Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсілретінде қызмет атқарады. Екпін бір басқа буынға жылжыса, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: окна - жекеше, ілік септік (им.пад.), көпше, атау тұлғада; руки, ноги - руки, ноги дегендер де сондай.
Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация — фразаға, сөйлемге қатысты болады. Интонациясына қарап, фраза сөйлем сұрау мәнінде ме, жоқ, байымдау, хабарлау немесе көтеріңкі (лепті) мәнінде ме? - дегенді білуге болады.
Сонымен, грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі екен. Олар екі топқа бөлінеді: 1) синтетикалық тәсілдер (аффиксация, ішкі флексия, екпін, қосарлану), 2) аналитикалық тәсілдер (көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация).
Синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады, ал аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады.
Синтетикалық тәсілдер жиі қолданылатын тілдерді – синтетикалық тілдер, аналитикалық тәсілдер жиі қолданылатын – аналитикалық тілдер деп айтады. Синтетикалық тілдердің қатарына үндіеуропа, славян, түркі, моңғол тілдері жатады. Ал аналитикалық тілдерге ағылшын, болгар, дат, грек, француз тілдері енеді. Дегенмен, бұлардың көпшілігіне бұл екі тәсілдің екеуі де жат емес.


Сұрақтар:
1.Грамматика дегеніміз не?
2. Грамматика салалары қандай ?
3. Грамматикалық мағына, берілу тәсілдері?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.




жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет