Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы



жүктеу 81.97 Kb.
бет19/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
til bilimine kirispe. darister
1. Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі - аффиксация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады
Үндіевропа тіліндегі түбір мен аффикстердің жымдаса, кіріге қосылуы – фузия (лат. балқу, еру) деп аталса, түркі тілдеріндегі жалғаса қосылу – агглютинация деп, фузия үнді, еуропа тілдеріне тән, агглютинация түркі, монғол, угоро-фин тілдеріне тән.
2. Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл. Мысалы, араб тіліндегі "жазу" деген сөз - ktb деген дауыссыз дыбыстардан құралады . Осы түбірді ktb деп өзгертсек, ол "жазып отырушы", кітап", kutub - "кітаптар", каtава — "жазды", aktub — "мен жаздым ", uktub — "сен жаз". Бұл мысалдан араб тілінде түбірдің құрамындағы дауыссыздардың аралығына дауыстылардың енуі және өзгеруі аффикстердің қызметімен пара-пар екенін көреміз.
Ішкі флексия - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы - жалғау қосылу. Ішкі флексия неміс (mutter - шеше, mutter— шешелер), ағылшын (foot — аяқ, feet - аяқтар), орыс называть - назвать) тілдерінде де кездеседі. Мысалы, орыс тіліңдегі убирать (сов.) — убрать (несов.), посылать - послать деген сөздерде видтік мағына, жекешелік мағына, етістік мағына бар. Алайда аталған тілдерге сыртқы флексия да жат емес. Яғни бұл түбір сөздерге аффикстер де жалғана береді деген сөз. Дегенмен оларда флексия айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да, бұл тілдер флективті тілдердің қатарына жатады.
3.Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз).
4.Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.
Көмекші сөздердің түрлері: жалғаулықтар (сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады), септеуліктер, демеуліктер.
Көмекші сөздердің тағы бір түрі – көмекші етістіктер, көмекші есімдер.

жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет