Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Сұрақтар: 1.Сөзжасам дегеніміз не? 2. Туынды сөздер ұғымы ? 3. Сөзжасамның сөз тудыру тәсілдері қандай? Әдебиеттер



жүктеу 81.97 Kb.
бет18/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
til bilimine kirispe. darister
Сұрақтар:
1.Сөзжасам дегеніміз не?
2. Туынды сөздер ұғымы ?
3. Сөзжасамның сөз тудыру тәсілдері қандай?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.



Дәріс №10


ГРАММАТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Грамматика – о баста грек тілінің gramma – жазу, жазу өнері деген сөз. Келе-келе сөздің бастапқы мағынасы мүлдем кеңейген. Қазір грамматика – лингвистиканың негізгі терминдерінң бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес ілім. Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері – сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, ілдің негізгі коммуникативтік функциясы сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы жүзеге асады. М: қазақ тілінде оқы, кітап, студент деген жеке сөздер жеке лексикалық единица. Номинативті мағынада тұр.
Ал осы сөздер арқылы ойды білдірмек болсақ, қазақ тілінің ғасырлар бойғы қалыптасқан грамматиклық құрылысында қарастырамыз. Сонда осы сөздер арқылы: Студент, кітап оқы! – кітапты оқы, студент! Кітапты студент оқыды. Осындай құрылымдар арқылы лепті, хабарлы, бұйрықты сөйлем құрастырып ойды әр қилы жеткізуге болады.
Жалпы алғанда грамматиканың негізгі объектісі – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі, оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың беру тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері. Осыған орай грамматика үлкен 2 салаға бөлінеді: морфология және синтаксис.
Сөзде лексикалық және грамматикалық мағына болады дегенді айттық. Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі.

жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет