Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


«Абай жолы» романының жиілік сөздігі



жүктеу 81.97 Kb.
бет17/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
til bilimine kirispe. darister
«Абай жолы» романының жиілік сөздігі
1979 жылы жарық көрді. Барлығы қазақ тілі сөздік қорының 16 983 лексикалық бірлігі қолданылғаны анықталған.

Сұрақтар:
1.Лексикография дегеніміз не?
2. Сөздік, реестр сөз, сөздік мақала ұғымы ?
3. Сөздікті топтастыру, түрлері қандай?
Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.

  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.

  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.

  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.

  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.



Дәріс №9
СӨЗЖАСАМ. ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Сөзжасам – атау жасау процесі. Процесс нәтижесі – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды.
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, даму жылдарында сөзжасамның кей мәселелері морфологияның аясында қарастырылды да, негізінен сөз жасалу үрдісінің синтетикалық жолмен яғни жұрнақтар арқылы туынды сөз жасалуы зерттелді.
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан қазақ тілінің сөзжасам саласы туралы әртүрлі деңгейде ғылыми еңбектер жазыла бастады. Алғашқы іргелі еңбек “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” (1989) атты монографиялық зерттеу болды. Мұнда сөзжасам жеке ғылыми сала ретінде танылып, оның негізгі теориялық мәселелері зерделенді. Осы кезден бастап, қазақ сөзжасамы ғылыми-теориялық бағытта сараланып, талданып, әртүрлі ғылыми аспектіде жүйелі түрде қарастырылып келеді.
Қазақ тілінің сөзжасамы – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, тіл білімінің бір жүйелі саласы.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір саласы.
Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу жолын, қалпы, тәсілін, мағыналық құрылымын, атаудың қалыптасуын, уәжділігін, т.б. зерттеуді мақсат етеді.
Сөзжасамның негізгі нысаны – туынды сөздің мағыналық құрылымын талдау, оның жасалуын, негізделуін, атау сөз ретінде қалыптасу сипатын айқындау. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қалып, сөзжасамдық белгі, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тәсіл – туынды сөздің негізгі белгілерін айқындайтын теориялық мәселелер. Бұлар да сөзжасам саласының негізгі зерттеу нысаны болып саналады.
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Өйткені тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен байланысты, себебі олардың бәрі тілді зерттейді, сондықтан оларда байланыс болмауы мүмкін емес.
Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет