Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы



жүктеу 81.97 Kb.
бет16/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
til bilimine kirispe. darister
Фразеологиялық сөздіктер
Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.
«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (ред. бас. І.Кеңесбаев) 1977 жылы жарық көрді. Бұл сөздікте қазақ тіліндегі он мыңнан астам фразеологиялық оралымдар қамтылып, олардың мағыналары талданған және айқындайтындай әдебиеттен мысал берілген.
Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады.
Сонымен, әр түрлі фразеологиялық сөздіктер мен жинақтарда фразеологиялық оралымдар мен олардың түрлері талданып түсіндіріледі.


Энциклопедиялық сөздіктер
Энциклопедия лингвистикалық сөздіктер тобына жатпайды. Тілімізде, мәдени өмірімізде, энциклопедиялық сөздіктің шығуы халқымыздың білімінің, мәдениетінің өскендігін көрсетеді.
Қазақ халқының тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 1972 жылдан бастап шыға бастады.
Қазақ Совет Энциклопедиясы - барлық өмір салаларынан білім беретін сан алуан ғылымның анықтама жиынтығы. Онда республикамыздың халық шаруашылығы, ғылымы, мәдениеті т. б. саладағы бүгінгі табыстары, ертеңгі келешегі, сонымен бірге республиканың табиғат байлығынан, ұлттық ерекшеліктерінен, халықаралық жетістіктерінен мағлұмат береді.

Синонимдік сөздік
1962 жылы Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі» тұңғыш жарық көрді. Онда 4 мыңнан астам сөз кірді. 1400 синонимдік қатар бар.
1975 ж. 2 рет басылып, толықтырылды. 5 мыңнан астам синоим бар.
Мысалы, бірінші басылымында өлу сөзінің синонимдік қатары 5 сөзбен берілсе, екінші басылымында өлу сөзінің синонимдік қатары 28 сөзбен берілген.
Абай тілі сөздігі
1968 жылы жарық көрген. Шығармаларында қазақ тілі сөдік қорының 6 мыңдай сөзі қолданылған. Мысалы, ал етістігін – 614 рет, көр етістігін – 328 рет, де етістігін – 1037 рет, да шылауын – 796 рет қолданған.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет