Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы



жүктеу 81.97 Kb.
бет14/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
til bilimine kirispe. darister
    Навигация по данной странице:
  • Далан.
Диалектологиялық сөздік
Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, олардың сөздігін құрастырудың және оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әр түрлі ерекшеліктерді салыстыру тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі.
Қазақ тілінде «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика)» деген атпен 1955 жылы жергілікті диалект сөздердің жинағы шықты. Онда 1521 сөз берілген.
1959 жылы С.Аманжоловтың редакторлығымен «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» шықты. Төрт мыңнан астам диалектілер қамтылды.
«Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» 1969 ж. шықты. Онда 6 мыңға жуық дмалект сөз қамтылған.
Ж. Досқараевтің диалектологиялық сөздік түрінде жазылған жоғарыда аталған еңбегінен бінеше мысал:
«Далан. Сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме: балалар даланда отыр (балалар сенекте отыр). Далан кішкене болғандықтан кейбір нәрсе үйде тұрады (Кег. АЛОМ). Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан ауыз үй, алдыңғы бөлме (Киргизско - русский словарь, 1940); түрікменше далан - үй алды (веранда, баллон) (Туркменско - русский словарь, 1940) және т. б.»
«Мият. Болысу, біреудің сөзін сөйлеу, жақтау; сен оған мият болма; миятшылық істеме. «Мият, мияттың түбі ұят» (Шу ШҚОМ). Мият сөзі қырғыз тілінде де көрсетілген мағынада қолданылады (Киргизско - русский словарь, 1940). Бұл сөз (мият) оңтүстіктегі халықтың сөйлеу тілінде бірнеше сөз тіркесінде қолданылады: мият болу, мият болып бірігу, миятка шақыру т. б.»
Сөздіктегі шартты түрде қысқартылып алынған сөздерге түсінік:
Кег. АЛОМ. - Кеген, Алматы отрядінің материалы.
Шу. ШҚОМ. - Шу, Шу - Қараал отрядінің материалы.



жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет