Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы


Профессор К.Аханов сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарастырады



жүктеу 81.97 Kb.
бет13/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
til bilimine kirispe. darister
Профессор К.Аханов сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарастырады:
I. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік
II. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.
III. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
IV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.
Профессор Ә.Хасенов «Тіл білімі» оқулығында сөздіктерді ірі-ірі 2 топқа бөледі:
І. Энциклопедиялық сөздіктер
ІІ. Лингвистикалық сөздіктер. Оны 2 типке бөледі:
1) Жалпы: біртілділік, қостілділік, көптілділік.
2) Арнаулы.
Енді лингвистикалық сөздіктердің әрқайсысына арнайы тоқталайық.


Түсіндірме сөздік
Түсіндірме сөздік қазіргі әдеби тілдегі жиі және жалпылама қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағынасын талдап, түсіндіруді мақсат етеді.
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі.
“Қазақ тілінде түсіндірме сөздіктің” І томы 1959 жылы, ал ІІ томы 1961 жылы жарыққа шықты. Сөздіктің жалпы редакциясын басқарған І. Кеңесбаев “Кіріспе” мақаласында былай дейді: “Сөздік қазіргі қазақ әдеби тілінің сөздігі қорындағы барлық сөзді, сөздік құрамындағы жиі қолданылатын сөздің денін қамтып, жеке сөздердің мәнін, сырын, сипатын ашу, мағынасына түсініктеме беруді мақсат етеді. ”
Онда 18 135 сөз, 3371 фразеологиялық тіркес, барлығы 21 506 лексикалық бірлік қамтылған.
Ал 1974-1986 жылдар аралығында жарық көрген 10 томдық түсіндірме сөздікте 66 994 атау сөз, 24 502 фразеологиялық тіркес, барлығы 94 502 лексикалық бірлік қамтылды. Анықтама саны – 103 мыңнан асады. Мысал-цитата саны - 250 мыңнан астам.
2011 жылғы «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» 15 том болып жарық көрді. Онда 92 300 сөз бен 57 856 сөз тіркесі – барлығы 150 156 лексикалық бірлік қамтылған. Сөздікте 166 612 сөздің мағынасы ашып көрсетілген. 600 мыңға жуық дәйексөз берілген.

Жарық көрген жылдар

Атау сөздер

Фразеологиялық тіркестер

Анықтама саны

Дәйексөздер саны

Барлық лексикалық бірлік

Екі томдық (1959-1961 жылдар)

18 135

3371







21 506

10 томдық (1974-1986 жылдар)

66 994

24 502

103 мыңнан астам

250 мыңнан астам

94 502

15 томдық (2011 жыл)

92 300

57 856

166 612

600 мыңға жуық

150 156




жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет