Дәріс мәтіндері дәріс №1 тіл білімі және оның зерттеу нысаны, салалары, басқА Ғылымдармен байланысы



жүктеу 81.97 Kb.
бет1/28
Дата13.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#23795
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
til bilimine kirispe. darister

ДӘРІС МӘТІНДЕРІ
Дәріс №1
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, САЛАЛАРЫ, БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ


1.1 Тіл білімі және оның салалары
Тіл білімі – дербес ғылымның бірі. Оны әдетте, тіл ғылымы деп те, лингвистика деп те атайды. Демек, тіл білімі, тіл ғылымы, лингвистика дегендер бір ұғым. Лингвистика – латын тілінің «лингуа» (тіл) сөзінен жасалған термин.
Тіл білімінің немесе лингвистиканың зерттейтіні, яғни объектісі – тіл, адамдар арасындағы пікір алысу, өзара түсінісу құралы. Кез-келген тіл адамдар үшін, өзінің ортасы үшін, яғни қоғам үшін қызмет етеді. Ешбір қоғам тілсіз өмір сүре алмайды, керісінше, тіл қоғамсыз болмайды.
Дүние жүзінде қанша халық болса, сонша тіл бар. 1980 жылы Герман федерациялық Республикасының ғалымдары жариялаған мағлұматына қарағанда, дүние жүзінде 5661 тіл бар. Сол 5661 тілдің 4200 жеке, дербес тіл. Соның ішінде – 500-дейі ғана зерттелген.
Лингвистикада қазіргі кезде күнделікті өмірде қолданылып жүрген, сөйлеуші халқы (адамдары) бар тілдер – нағыз қарым-қатынас құралы болады. Ондай тілдер тірі тілдер деп аталады. М: қазақ тілі және ағылшын және т.б. Ал сөйлеуші халқы жоқ тіл - өлі тіл деп аталады. М: латын тілі.
Лингвистиканың зерттейтіні – күнделікті өмір қажетін атқарып жүрген тірі тілдер. Ондай тіл адамзатқа өз ойын білдіру, ол ойды екінші біреуге жеткізу, басқалармен қарым-қатынас жасау, түсінісу үшін қажет.
Тіл дегеніміз, жоғарыда айтылғандай, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралы болса, ал сөйлеу дегенімізсол тілде қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралын пайдалана білудің әртүрлі амалдары мен жолдары, тәсілдері.
Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асады. Ішкі сөйлеу формасы – сөйлеу процесі үшін аса қажет нәрсе (монолог), ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізу, белгілі бір информация береді. Сыртқы сөйлеу формасының өзі екі түрлі жолмен – ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады.
Сөйлеу ауызша түрде жүзеге асырылғанда, оны айтумен, екінші біреудің қабылдауы бір мезетте болады, ал жазбаша түрде сөйлеудің ғұмыры ұзақ болады.
Тіл белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып тіл білімін 2 бөлеміз:
1. Сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика. Тілдің қазіргі қалпын зерттейді. М: сіздер мен біздің оқып отырған қазақ тілі және ағылшын тілі.
2. Тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика. Бұл тілдің тарихын зерттейді.
Сонымен лингвистиканы жеке тіл білімі және жалпы тіл білімі деп екіге бөледі.
Жеке тіл білімі – бір ғана тіл туралы ілім. Жеке тіл ғылымы нақты бір тілдің жүйесін, құрылымын ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын зерттейді. Мұндай нақты бір тілді зерттейтін ғылымның бәрі де жеке тіл білімі деп аталады. М: қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі және т.б.
Бұл айтылғандармен қатар, белгілі бір тілмен туыстас, төркіндес болуы мүмкін. М: қазақ тілі, қырғыз тілі, қарақалпақ, тува, хақас т.б. туыстас. Бұл тілдерді линвистикада түркі тілдері деп атайды. Түркі тілдерінің ерекшелігін зерттейтін ғылымды түркология деп атайды. Бұл да жеке тіл білімі – туыстас тілдер заңдылықтары, шығуы, дамуы туралы ілім.
Орыс тілі, украин, белерус, чел, поляк және т.б. туыс тілдерін зерттейтінді славяноведение, ағылшын, неміс, дат, голланд туыстас тілдерін зерттейтінді германистика, француз, испан, португал, итальян, молдова т.б. туыстас тілдерді зерттейтінді – роман тіл білімі деп аталады. Бұларда жеке тіл білімі қатарына жатады.
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың теориялық негізі. Тілдің жалпы теориясы туралы ілім. М: тілдің мәні, қызметі, шығуы және т.б. мәселелерді қарайды.
Тіл білімі (лингвистика) - тіл және оның даму зандары туралы ғылым. Тіл - қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөйлесу құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады.
Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында (деңгейлерінде) қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі.
Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше тармақтарға бөлінеді. Мысалы, фонетика саласы 1) сипаттама фонетика, 2) салыстырмалы-тарихи фонетика, 3) эксперименттік фонетика және тағы басқа болып сараланады. Лексикология, грамматика да дәл осындай.
Тіл және оның жоғарыда аталған әр түрлі салалары (деңгейлері) ылғи дамуда болады. Ол даму қалай болса солай емес, тілдің ішкі даму зандары бойынша дамиды.
Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі (фонетика), сөздік құрамы (лексикология), грамматикалық құрылысы (грамматика) бір- бірімен тығыз байланыста болады және бір-бірімен тығыз бірлікте сөз етіледі. Өйткені, тіл білімі тілдің, жоғарыда айттық, әр түрлі салалары мен оның тармақтарын, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі зандылықтарын зерттейді.

жүктеу 81.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет