Дәріс №1. Кіріспе. Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/7
Дата03.04.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Дәріс  №1.  Кіріспе.  Қазақстанның  биоресурстары  жөнінде    жалпы 

сипаттама.  

Қазақстан  биоресурстары  табиғи  ресурстарға  өте  бай.  Себебі  ол  кең  байтақ 

дала және  түрлі географиялық аймақтарға бөлінгендігі. Табиғи ресурстарын 

тиімді  пайдалану  мемлекеттің  дамуына  үлкен  ықпалын  тигізеді.  Табиғи 

байлықтардың ішіндегі ең бай биоресурстар болып табылады.. 

Биоресурстар дегеніміз - биологиялық тірі жанды заттар қорын айиамыз. 

Оларды екі топқа бөлеміз: 

1.Жануарлар ресурстары. 

2.Өсімдіктер ресурстары (микроорганизмдер). 

Өсімдіктер  биоресурстары  ежелден  адамзат  игілігіне  пайдаланып  келеді. 

Өсімдіктер ресурстарының көпшілігін ормандарды құрайды. 

Ормандар пайдалануына, көлеміне қарай үш топқа бөлінеді: 

1.Судан  және  желден  қорғаушы  ормандар.  Бұлар  өзен,  көл,  авто,  темір  жол 

бойларында егіледі. Бұл ормандарды біз өндірісте пайдаланбаймыз. 

2.Көп тұрғындар жасайтын орталық орындарда қорғаныс және денсаулықты 

тіктеу  үшін  отырғызылатын  ормандар.  Бұл  ормандар  шектелген  түрде 

пайдаланылады. 

3.Бұл  ормандар  көп  аудандарды  кездеседі.  Оларды  өндірісте  және  ағаш 

материалдарын даярлауда кең пайдаланамыз. 

Өсімдіктер ресурстарынан жартылай бұта шөптесін өсімдіктер қоры да үлкен 

маңызға  ие.  Олар  медицинада  биологиялық  белсенді  заттар  жасауда  кең 

пайдаланады.Өсімдіктер 

ресурстарының 

тағы 


бір 

пайдасы 


ауыл 

шаруашылығы  өсімдіктер  есептелді.  Ауыл  шаруашылық  өсімдіктерінен 

адамзат  өздеріне  қажетті  киім  кешек,  азық  түлік  жасауда  кең  пайдаланады. 

Біздің  Қазақстанда  жоғары  сатылы  өсімдіктердің  570  түрі  өседі.  Төменгі 

сатыдағылардың 

500 


ге 

жуығы 


өседі.  

Жануарлар 

дүниесі 

туралы 

түсінік. Жануарлар 

дүниесі 


тарихи 

өзгерістермен  пайда  болған  өз  ареалына  ие  болған  жануарлар  түрлері 

жиынтығы болып есептеледі. Жануарлар қоректену, жасау жағдайы, әрекеті, 

жасау  ортасымен  түрлі  топтарға  бөлінеді.  Жануарлар  классификациясынан 

басқа  бір  түрге  кіргенмен  олардың  таралуына  қарап  та  оларды  бірнеше 

топтарға бөлінеді (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік). 

Қазақстанда  жануарлар  ресурстарын  пайдалануына  қарай  бірнеше  топқа 

бөлінеді: жабайы жануарлар, үй жануарлары, суда жасайтын жануарлар. 

Жабайы  жануарлардың  біздің  елімізде  аңдардың  150,  құстардың  480, 

бауырымен  жорғалаушылардың  150,  қос  мекнділердің  12,  балықтардың  8 

түрі  бар.  Биоресурстарда  ежелден  келе  жатқан  түрі  аңшылық  болып 

есептеледі. 

Аңшылық  жануарлардың  терісі,  еті  үшін  ауланады.  Қазақстанда  кеңес 

өкіметі кезеңінде ауланған аңдардың 34%-і, терісі бағалы аңдар болса, соның 

ішінде  суырдың  40%-і  ауланады.Орта  Азия  мемлекеттерінде  ауланған  аң 

түрлері  дүние  жүзі  бойынша  алғашқы  орында  тұрады.  Қазіргі  күндері 

«жұмсақ алтын» деген ат қойылып отыр. Ауыл шаруашылығында әсіресе, ет 

өнімдерін  жетістіруде  тұяқты  аңдарды  кең  пайдаланады.  Кеңес  үкіметі 



кезеңінде  олардың  саны  6  -7  млн  болса,  қазіргі  уақытқа  500  -600  мың 

шамасында қалып отыр. 

1970  жылы  тұяқты  аңдар  есебінен  жылына  6,5  мың  тонна  ет  дайындаған. 

Қазақстанда  балықшылықта  өркендеген  кәсіптің  бірі  болып  есептеледі. 

Балық  кәсібі  Балқаш,  Каспий  теңіздерінде  өндіреді.  Одан  басқа  да  11мыңға 

жуық  кішігірім  өзендер,7000  жуық  көлдерде  бар.  Қазақстанда  жылына  490 

мың центнер балық өндіріледі.  

 

Дәріс №2. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері 

Мал  бағумен  ақылым  заманнан  айналысқан  қазақ  халқы  шөптерің, 

жалпы  өсімдіктердің  емдік,  дәрілік  қасиеттерін  ертеден  білген.  Сөйтіп  ел 

арасында  ауруға  шалдыққан  адамдарды  дәрілік  өсімдіктермен  емдеу 

ілгеріден-ақ 

аеңінен 

таралған.  

Ертеде  өмір  сүрген  әл-Фараби,  Әбу  Әли  Ибн  Сина,  Баруни  әл-Джуржани 

және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ 

халық  медицинасының  дамуына  әсіресе  дәрілік  өсімдіктерді  танып 

пайдалануына 

еткен 

ықпалдары 



зор 

болды.  


Әр  обылыстың,  аймақтың,  халық  дәрілік  өсімдіктердің  әр  түрлі  қасиеттерін 

өздерінше 

пайдалануы 

да 


мүмкін. 

Оның  да  жөні  бар.  өйткені  кейбір  өсімдіктердің  бірнеше  түрлі  дәрілік 

қасеттері 

бар.  


Аюбұлақ  –  биіктігі  0,4-1,2  см,  қалын  қабығы  түктеніп  тұратын  екі  жылдық 

өсімдік.  Жапырағы  ұзынша,  кезектесіп  орналасқан.  Гүлі  ашық  асры  түсті, 

өсімдік  сабағының  басында  масақ  тәріздене  орналасқан,  маусым-тамыз 

айларында 

гүлдейді.  

Еліміздің  Европалық  бөлігінде  орталық  және  Оңтүстік  аудандарында, 

көбінесе 

шабындық, 

тоғайлы 

құмды 


жеррлерде 

өседі 


Алтын  тамыр-  ірі  әрі  жуан  тамыры  бар,  көп  жылдық,  шөп  тектес  өсімдік. 

Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын 

түстес  сары  да,  ішкі  жағы  ақ  түсті  кепкен  кезде  тамырының  

сынған  жері  ашық  қызыл  түстес  болады.  Сары  түсті  гүлдері  өсімдіктердің 

жоғары  жағында  шоғырланып  тұрады.  Маусым-шілде  айларында  гүлдейді.  

Шашыратқы  –  биіктігі  1,5  метірге  дейін  жететін,  шөп  тектес  өсімдік. 

Тамыры-жуан,  ұзындығы  1метрден  асады.  Гүлдері  көгілдір  түсті, 

жапырақтарының  арасында  2-3  тен  орналасқан.  Шілде-қыркүйек  айларында 

гүлдейді. 

Қазақстанның 

Оңтүстік 

Батысында 

көптеп 


тараған.  

Жалбыз-  биіктігі  20-60сантиметрдей,  тік  өсетін  төрт  қырлы  сабағы  бар 

көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері 

уақ,  қызыл  жасыл  түсті,  бәрі  жиналып  масақ  тәрізді  сабақ  барысында 

орналасқан. 

Маусым 


айында 

қыркүйекке 

дейін 

гүлдейді.  



Елімізде  Украйна,  Малдова,  Краснадар  өлкеінде  Қйыр  Шығыс,  Беларуссия, 

Прибалтика, 

Қазақстанда 

өседі.  


Жантақ 

– 

тікенекті 



көпжылдық 

дәрілік 


шшөп 

өсімдігі.  

Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде 

кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр 



айында 

және 


тамызда 

гүлдейді.  

Еліміздің  барлық  Оңтүстік  аудандарында,  Орта  Азия,  Кавказ.  Негізінен 

далада, 


құрғақшылық 

аймақта 


өседі. 

Жантақтың  жас  шөбінде,  әсіресе  С  витамині  өте  көп  болады.  Дәрілікке 

жантақтың 

шөбі 


және 

тамыры 


пайдалы.  

Тасшөп-  биіктігі  3-10  сантиметр  дәрілік  шөп.  Сабағы  қысқа  түктер  басқан, 

жер  бетінде  жабыса  өседі.  Жапырақтары  қарама  –қарсы  орналасқан  

уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы 

гүл 

шоғын 


құрайды. 

Мамыр 


қыркүйек 

айларында 

гүлдейді. 

Еліміздің  барлық  жерінде  таралған.  Құмды,  қарағай,  тоғайлы  жерлерде 

өседі.  

Дәрілікке  шөбін  пайдаланады.  Онда  эфир  майы  ,  С  витамині  емдік  заттары 

бар.  

Бүлдірген  –  тамырланып  жайыла  өсетін  көпжылдық  өсімдік.  Гүлдері  ірі,  ақ 



түсті.  Жемісі  ашық  қызыл  түсті,  әдеммі  иісті  болады.  Мамыр  –шілде 

айларында  гүлдейді.  Жемістері  маусым  –  шілде  айларында  піседі.  

Еліміздің  барлық  жерлерінде  таралған  ылғал  жеткілікті  тоғайлы  жерлерде 

өседі.  


Дәрілік 

мақсатта 

бүлдіргеннің 

жапырағы 

жемісі 

пайдаланады.  



Бақбақ  –  биіктігі  5  сантиметр  сындырғанда  сүт  сияқты  ақ  түсті.  Латек  сөлі 

шығатын 


көпжылдық 

шөп.  


Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында 

гүлдейді.  

Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, 

тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі. 



Айдаршөп - биіктігі 3 метрге жуық көп жылдық өсімдік. Тамыры ұзын 

әрі тармақ-тармақ. Сабағы түзу, сонымен бірге түк басқан. Жапырақтары 

жүреке ұқсайды, бес-жеті салалы, жоғарлаған сайын кішірейе береді. Гүлдері 

ірі, ашық қызыл, кейде қара не сары түсті болып келеді.  

Айдаршөп-шток роза. 


 

 

 



Гүл  тостағаншасының  қалақшалары  да  ,  гүл  жапырақшаларыда  бес-бестен, 

июль-август  айларында  гүлдейді.  Әсемдік  үшін  қлдан  егіледі.  Дәрі  жасау 

үшін оның гүлдерін гүл тостағаншаларымен бірге жинап алады. Құрамында 

кілегей, илік заттар, бояулар, алтеин бар. Өсімдіктің өзін және гүлдері қақрақ 

түсіруге  ,  сондай-ақ  бронхтардың  қабынуын  емдеу  үшін  қолданады.  Дәріні 

дайындау және қодану тәсілі. Айдаршөп гүлдерінің 10 грамын 100 мл суға 15 

минут қайнатады да, суытып алып 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. 

Ақ-тауқалақай 

– 

крапива 



глухая 

или 


яснотка 

белая.


  

 


  

 

 



Ақ - Тауқалақай – биіктегі жарты мерірге дейін жететін , көп жылдық , шөп 

тектес өсімдік . Сабақтары төртқырлы , ұзын, түзу, іші қуыс, ұшжағы сүйір, 

жұмыртқа  тәрізді  ,  шеттері  ара  түсті.  Оның  жапырақтары  қарама-қарсы 

орналасқан,  күйдіргіш  қалақайдың  жапрақтарына  ұқсайды  ,  бірақ  олардай 

күйдіргіш емес. Гүлдері екі ерінді , ақ немесе ақ сары түсті . 8-9 дан топталып 

жапырақтарының  арасындағы  қуыстарға  орналасқан.  Гүл  тостағаншасы  бес 

қалақшадан  тұрады  ,  олар  гүл  жапрақшаларынан  ұзындау  болып  келеді. 

Жемісі  кішкене  4  жаңғақшадан  тұрады.  Май  айынан  бастап  күзге  дейін 

гүлдейді  .  Өзен  жағаларында  ,  бұталар  арасында,  далалы  аймақтардағы 

шабындықтарда, орман ішінде, үйлердің маңайында өседі.

 

Дәрі  жасау  үшін  өсімдіктің  тек  лудерін  ғана  жиып  алады  да  ,  көленкеде 



кептіреді. 

Кейде  жапрағын  да  жинайды.  Құрамында  эфир  майлары  ,  флаводар, 

алкалойдтар,  гистминдер,  холин  және  илік,  қоймалжынң  заттар  бар.  Халық 

медицинасында  ақ  тақалақай  қан  толқтататын  күшті  дәрі  ретінде  қоданады. 

Гүлдерінің сөлін алып 

пайдаланса,  аса  тимді  болады.  Әйелдердердің  ақ  етеккірі  келген  кезде  ақ 

тауқала- 

қай  шөбінен  жасайтын  тұмбамен  емдейді.  Жоғарғы  тыныс  жолдары 

қабынғанда  гүдерінен  тұмбалар  өте  жақсы  жәрдем  береді.  Үш  түсті  шегір 

гүлдің шөбін , бүлдір- 

геннің  жапрағын,  ақ  тауқалақайдың  гүлін  теңдей  алып  ,  тұнба  жасап  қан 

азайған- 

дықты, бүрек және тамақ ауруларын емдейді. 


Қолдану  тәсілі.  Тұнбаны  былай  жасайды.  өсімдіктің  60  грамм  гүлін  немесе 

шөбін  3  стакан  қайнап  тұрған  суға  салып  20  минут  тұндырады  да,  1 

стаканнан 3 рет ішеді. 

 

Алтын  тамыр  : Алтын  тамыр-ірі  әрі  жуан  тамырыбар.  Көп  жылдық 

,шөптесін  өсімдік.  Кейбір  тамырының  салмағы  900грамға  дейін  жетеді. 

Тамырының  сырт  жағы  алтын  түстес  сары  да,  ішкі  жағы  ақ  түсті,  кепкен 

кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырдың сыртқы 

қабығының пышақпен ептеп аршып байқасаңыз мұрныңызға аңқиған хош иіс 

келеді,  ал  сыртқы  қабатын  кейінгі  қабықтың  лимон  сияқты  сары  түсті 

екендігін көреміз.Бұл- тек алтын тамырға ғана тән қасиет. 

Тамырдан  биіктігі  50  см-ге  дейін  жететін  бірнеше  түзу  сабақтар  өсіп 

шығады,бірақ  бұтақтары  болмайды,  оның  есесіне  өте  тығыз  әрі  кезектесіп 

қалың  орналасқан  етті,сопақша  жапырақтары  бар.  Кейде  жапырақтарының 

шеттерінде  майда  әрі  сирек  тістері  болады.  Сары  түсті  гүлдері  өсімдіктің 

жоғары  жағында  шоғырланып  тұрады.Июнь-июль  айларында  гүлдейді. 

Алтын тамыр таулардың және төбелердің тастақты 

беткейлерінде,  биіктегі  шалғынды  жерлерде,  тау  өзендері  мен  көлдерінің 

жағаларында  



Алтын  тамыр  (Золотой  корень)  

кездеседі.Қазақстанның  Жоңғар Алатауларында,  Алтай  жағында өседі.Алын 

тамырдың  басқа  жерлерде  өсетін  10-нан  астам  түрінің  бірде-бірінің  дәрілік 

қасиеті  жоқ.  Алтын  тамырдың  құрамында  родиолозид  деген  гликозид,  илік 

заттар,  флавонидтер,  крахмал,  органикалық  қышқылдар,эфир  майлары  бар. 

Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырын жасалған дәрілерді адамның 

еңбек  ету  қабілетін  күшейтетін,  шаршағандықты  басатын  дәрі  ретінде 

пайдаланылады.  Оны  асқазан  мен  нерв  аураларын  емдеуде  де,  жатырдан 



кеткен  қанды  тоқтату  үшін  де  емдейді.Фариокологиялық  зерттеулер  бұл 

өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиеті толық анықатлды.Әсіресе ой 

еңбегімен  айналысаты,  шаршаған  адамдардың  еңбек  ету  қабілетін  едәуір 

арттыратыны 

белгілі 

болды.  


 

Дәріні  дайындау  тәсілі:  ұнтақталған  алытн  тамырмен  арақты  бірдей 

мөлшерде алып, араластырады сонан соң 10-күн тұндырады да тамақ ішерден 

жарты 

сағат 


бұрын 

10тамшыдан 

күніне 



рет 



ішеді.  

 

Ашық 



құндызшөп 

(Прострел 

раскрытый)  

 

Ашық  құндызшөп -  ерте  көктемде  жапырықтары  жайылғанға  дейін  гүлдеп 

үлгіретін,  көп  жылдық,  щөп  текетес  өсімдік.Тамыры  қоңыр  түсті  тік  өседі. 

Сабағы  45-см-ге  дейін  жетеді,өн  бойында  жібек  сықылды  жұмсақ  түктері, 

сабағының ортасына таман сабақты қоршай ораналасқан бір топ тілімделген 

жапрақтары  бар.  Түп  жағында  жапырақтарының  сағатары  ұзын,  саусақ 

сықылды  2-3  салалы.Гүлдері  жеке-жеке  орнасқан,ірі,  ақшыл  көк  немесе 

ақшыл 


қызыл 

түсті.Апрельмай 

айларында 

гүлдейді. 

Ормандардың,бұталардың  арасында,ашық  жерлерде  өседі.Дәрілік  мақсатқа 

өсімдіктің жерге түскен бөлігін пайдаланамыз. 

Ашық  құндызшөпті  орыс  тілінде  “сон  трава”  (ұйқы  шөп)  деп  те  атайды,ол 

халық  арасында  :ашық  құндызшөптің  тамырын  жалаған  жануарлар  ұйқыға 

кетеді  мыс  деген  ұғымға  байланысты  болса  керек.  Кейде  мұны  срытқы 

ұқсастығына қарап “жабайы қызғалдақ” деп те атайды. Өсімдіктің құрамына 

протоанемин, анемонин, антониндер бар. 

Ашық құндызшөптің тұнабсы микробтарды, грибоктарды жояды. Сондықтан 

оны  іріңді  жараларды  және  терінің  грибоктармен  зақаымданған  жерлерін 

емдеу  үшін  пайдаланады.Өсімдіктің  тұнбасы  туберкулез,  жөтелді,бронх 

қабынуын,әйелдердің  жыныстық  ауруларын  емдеу  үшін  қолданылады. 

Халық  медицинасында  ашық  құндызшөпті  ұйықтататын  және  жүйкені 

тыныштандыратын  дәрі  ретінде  пайдаланылады.  Ревматизмге  ұшырағанда 

буындары 

осы 

өсімдіктің 



спиртті 

ерітінділері 

жағып 

емдейді.  



 

Дәріні  дайындау  және  қолдану  тәсілі:  Өсімдіктің  1  шай  қасығын  1стакан 

салқын  суға  салып,  1  тәулік  қояды  да  сүзіп  салады.Осы  тұнбаны  тері  тері 

ауруларын  емдеу  үшін  дене  сыртына  жағады.  Өсімдікті  өте  аз  мөлшермен 

ішеді, себебі ашық құндызшөп улы, сондықтан оны дәрігердің бақылауынсыз 

пайдалануға болмайды.  

Дәрілік  түймедақтар -  биіктігі  35  сантиметрге  дейін  жететін  бір  жылдық  , 

шөп  тектес  өсімдік.  Тамаыр  тік,  жіңішке  ,  ашық  қоңыр  түсті.  Сабағы  түзу, 

бұтақтары  көп.  Жапырақтары  кезектесіп  жарыса  орналасқан,  отырмалы, 

қауырсын тәрізденіп жіңішке жапырақшаларға тілімделген. Гүл сабағы ұзын, 

тостағаншасының шеті ақ түсті, ортасындағыларыда түтік тәрізді, сары түсті. 

Гүл  тәжі  5  жапырақшадан  тұрады.  Жемісі-  қоңыр  түсті  тұқымдар.  Май 

айынан октябрь акйына дейін гүлдейді. 

Дәрілік түймедақ шабындықтарда, далалы аймақтарда, егістік араларындағы 

бос  жерлерде  өседі.  Дәрі  үшін  өсімдіктің  гүлдерін  сабағынан  үзіп,  жинап 

алды.  Құрамында  эфир  майлары,  гликозидтер,  никотин  қышқылы, 

қоймалжың , ащы заттар, каротин және С витамині бар. Түймедақтың гүлінен 

жасалған  дәрілердің  жел  шығаратын,  қабынуға  қарсы  әсер  ететін,  тер 

шығаратын  ,  ауырған  жерлерді  тыныштандыратын  ,  денедегі  бұлшық 

еттердің  тырысуына  қарсы  әсер  ететін  қасиеттері  бар.  Сонымен  қатар 

түймедақты қан тоқтатын, микробты жоятын , өт айдайтын, етеккірдің келуін 

реттейтін  дәрі  ретінде  де  қолданады.Халық  медицинасында  өсімдік 

гүлдерінің  тұнбасынан  жасалған  дәрілерді  асқазанның,  тоқ  ішектің 

қабынуын,  бауырдың,  бүйректің  ,  қуықтың  ауруларын  емдеу  үшін 

пайдаланады.  Дене  сыртындағы  іріңді  жараларды,  ванна  жасау  арқылы 

подаграны,ревматизм  ауруына  байланысты  буындардың  сыңқырағанын 

емдейді.тамқ  бездері  мен  тістің  түбіндегі  еттер  қабынғанда  ауызды  және 

тамақты  шаяды.Түймедақты  шаштың  қайызғағын  кетіру  үшын  де 

пайдаланады.  Ол  үшін  гүлдерінің  4  ас  қасығын  1,5  л  суға  салып  5  минут 

қайнатып, сүзіп алады. Әуелі шашты жақсылап сабындап жуады да, артынша 

әлігі тұнбамен шаяды. Содан кейін шаштың әрі қайызғағы кетеді, әрі алтын 

түстес сары түске боялады. 

 

Орман бүлдіргені - биіктігі 5  –20 сантиметірге дейін жететін, көп жылдық, 

шөптесін  өсімдік.  Тамыры  қысқа,  белбеу  өседі.  Одан  көптеген  жіңішке, 

көптеген 

қосымша 


тамырлартарайды. 

Түк 


басқан 

сабақтарының 

кейбіреуілері жатаған, жіңішке, тамырланғыш, гүлдері бар. Орман бүлдіргені 

жапырақтары  мен  гүлдеп  тұрған  1  –  2  ғана  жапырақтары  бар  жіңішке 

сабақтан тұрады. Тамырдан шыққан жапырақтар үш бөлімді, сағақтары ұзын, 

шеттері  ара  түсті.  Гүлдері  ақ,  сабақтары  ұзын.  Май  июнь  айларында 

гүлдейді,  ал  жемісі  июнь  айының  аяғы  мен  июль  айының  басында  пісіп 

жетіледі,Орнма 

н 

арасындағы 



алаңдарда, 

шалғынды 

жерлерде, 

шабындықтарда, бұталардың арасында өседі. 

Дәрілік  мақсат  үшін  өсімдіктің  жемісін  жинап,  көлеңкеде  жеңіл  екпіні  бар 

жерде  кептіріп  алады.  Бірақ  жемістерінің  бір  –  біріне  жабысып  қалмауы  н 



қадағалау керек, себебі мұндай жағдайда жеміс дұрыс кеппейді. Құрамында 

С витамині, қант , лимон алма,салицил қышқылдары, иілік заттар бар. Орман 

бүлді  ргені  ас  қорыту  жұмысын  жақсартып,  тамаққа  тәбет  шаптыратын, 

қабынуға  қарсы  әсер  ететін,  дененің  ау  ырған  жерін  ты  ныштандыратын, 

жарахаттардың  жазылуын  жылдамдататын,  подагра,  жүрек,  бауыр  және 

бүйрек  ауруларына,  әсіресе  бүйрекке  бауырға  тас  байлағанда  өте  жақсы 

шипалық  әсчері  бар  өсімдік  болып  табы  лады.  Халық  медицинасына  көп 

жағдайда бұл өсімдікті әл сіреген дененің қуатын қалпына келтіріп, ішектің 

жұмысын  жақсартуүшін,  асказан  және  өт  жолда  рыны  ң  қабынуын  емдеу 

үшінкеңінен  қолданылады.  Геморой  ауруын  емдеп  ішек  құртарын  жою  де 

орман бүлдіргенінің емдік қасиеті мол. Ал қантты диябет ауру ы бар адамдар 

қантты  пайдалана  алмайтындықтан,  орман  бүлдіргенін  пайдаланса  да 

болады.  Туберкулездіде  ежелден  осы  өсімдікпен  емдеп  келеді.  Егер  мұның 

жемісін күніне 3 килограмнан тамақ орнына пайдаланып, артынша пияз бен 

тұздалған  ащы  балық  жесе,  онда  тіпті  солитер  сияқты  ішек  құрттарында 

айдап  шығарады.  Орман  бүлдіргенінің  ұнтақталған  жемістерінен  майдәрі 

жасап,  есек  жемдіде  емдеуге  болады.  Оның  шөбінен  жасалған  тұнбаны 

асқазан,  ішек,  тоқ  ішек  қабынғанда  және  осыған  байланыстыіш  жүрмей 

қалғанда  немесе  керсінше  іш  өткенде  пайдалануға  болады.  Орман 

бүлдіргенін  қапелімде  ленеге  ауа  жетпей  қалғанда,  жатырдан  көп  кеткенде, 

асқазанға  жара  түскенде,  қан  азайғанда,  қан  қысымы  көтерлгенде, 

атеросклерозауруына  қарсы,  жүрек  ауруларын  емдеуүшін  пайдалануға 

болады. 

 

Дәріні  дайындау  және  қолдану  тәсілі.  20  грамм  өсімдік  жемісін  қайнап 



тұрған  бір  стакан  суға  салып  20  минут  тұндырады  да,  шай  ретінде  ішеді.  

 

Орман құлқайыры - биіктігі 1 метірге дейін жететін, тамыры тұтас әрі түзу, 

көптеген  қосымша  тамырлары  бар,  бір  немесе  екі  жылдық,  шөп  тектес 

өсімдік.  Бұтақтары  көп,  сабақтарын  түк  басқан,  тік  көтеріле  өседі.Ұзын 

сағақты, 5 – 7 салалы жапырақтары кезектесіп орналасқа, шеттері ара тісті. Ж 

астау  жапырақтарының  екі  жақтарында  да  түктері  болады.  Гүлдері  ірі  ақ 

немесе  ақшық  –  қызыл  түсті,  2  –3  тен  жапырыақтарыны  ң  қуысына 

орналасқан.  Гүл  тотағаншасы  бес  қалақшадан,  гүл  тәжі  бес  гүл 

жапырақшасынан тұрады. Гүл жапырақшаларының бетінде қою қызыл түсті 

ұзынша жола қтары және терең ойықтарыбар, ұш жағы түп жағына қарағанда 

жалпақтау  болып  келеді.  Гүл  жапырақтары  гүл  тостағаншасының 

қалақшаларынан 

3 – 4 есе ұзын. Жемісі жалпақтау әрі ортасы ойыстау келген ішінде көпбеген 

ұрықтары бар. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Орман құлқайыры бос жатқан 

жерлерде, жолдар мен бюақшаларды ң маңайында, бұталардың және сиреген 

ормандардың арасында кездеседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлдері мен 

жапырағы  пайдаланылады  да  алып  кептіреді.  Жапырақтарын  жаз  бойы 

жинауға болады. 



Орман  құлқайырының  гүлдерімен  жапырақтарының  құрамында  каротин,  С 

витамині, қоймалжың бояулы заттар, крахмал бар. Одан жасалған дәрілердің 

қақырық  түсіреті  н,  адамды  әлдендіретін,  жүйкені  тыныштандыратын, 

қабынуға  қарсы  әсер  ететін  қасиеттері  бар.  Осыған  байланысты  орман 

құлқайырының жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, жөтел пайда болғанда, 

дауыс  қарлыққанда,  тамақ  бездері  қабынғанда  пайдаланады.  Дене  сыртына 

іріңді  бөртпелер  шыққанда  және  ауыз  уылып,  сілекей  бездері  мен  тамақ 

қабынғанда бұл өсімдіктің емдік қасиеті мол деп есептеледі. 

Дауыс  қарлыққанда,  не  месе  күшті  жөте  л  пайда  бол  ғанда  егіс  тік 

қарамықты,  өгейшөпті,  апиы  н  –  көкнәрді,  балшытыр  шөбін  орман 

құлқайырын  теңдей  етіп  алып,  осы  қоспаның  50  грамы  н  қайнап  тұрған  5 

стакан суға 1 сағат тұндырып, 1 стаканнан күніне 5 рет ішеді. 

Талақ ісініп, ұлғайғандаорман құлқайыры гүлдерінің және жапырақтарының 

200  грамын,  қара  ж  усанның,  түймедақтың,  сұлының  әр  қайсысынан  150 

грамнан  алы  п  араластырып,  үстіне  25  стакан  қайнаған  су  құйып  1  тәулік 

тұндырадыда,  кешке  қайнатып,  сонан  соң  су  араластырып  булау  жасап 

пайдаланады.  Сонымен  қатар  орм  ан  құлқайырын  асқазан  ауруы  қабынып 

ауырған  жағдайдада  пайдалануға  болады.  Бұл  өсімдіктің  бір  ас  қасық 

ұнтағын  1  стакан  қайнап  тұрған  суға  салып  1  сағат  тұндырады  да,  1  күн 

ішінде 


ішіп 

тауысады.  




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал