деп. Атап кеттік баланы «Қоңыраулы сағат»



жүктеу 29.48 Kb.

Дата21.05.2017
өлшемі29.48 Kb.
түріСабақ

Қ

оныраулы сағат 

Әдөт қалып бұрынғы, 

Сапар ерте тұрады. 

Оның осы қылығы, 

Бәрімізге ұнады. 

Көңілде көп алаңы, 

Ойлайды ылғи «Сабақ» деп. 

Атап кеттік баланы 

«Қоңыраулы сағат» деп. 

Мектепке өзім барамын, 

Мыж-мыж етіп тастаған 

Киімімді өтектеп, 

Әжем бұрын бақшаға 

Апаратын жетектеп. 

Ерсілігім аз енді, 

Бүгінде есті баламын. 

Мазаламай әжемді, 

Мектепке өзім барамын. 



Жылқышы 

Жұрт: 


- Шәлкес, - деп - мінезі 

Тайсақтаса жылқыдан, 

Жылқышы атай 

Асауға 


Қ

арғып мінді бұлқынған. 

Әнеки ол даланы 

Дүбірлетіп барады, 

Ер емес деп көр енді 

Бұл жылқышы ағаны. 



Торғай 

Ұ

стап алдым, 



Торға салдым 

Жараланған торғайды. 

- Жем же, - дедім, 

Су да бердім. 

Шоқып, іше алмайды. 

- Мені өзің 

Дос деп сезін, 

Үрпиіп сен тұрмашы. 

Әсем үнің, 

Қ

айда бүгін? 



Досың үшін жырлашы. 

Күнбағыс 

Күнбағысқа қызығам, 

Ешбір мақтау жетпейді. 

Күн ыстығы шыжыған 

Оған әсер етпейді. 

Тал шарбақтан асыла 

Шолып тұрған маңайды, 

Қ

алпақ киген басына, 



Елестетер ағайды. 

Дихан атам 

Күндіз-түні жатпайды, 

Еш тыным таппайды. 

Кетпен ап егінді 

Суарып баптайды. 

«Мол астық, асылы -

Дейді, - елдің нәсібі». 

Орылып біткенше, 

Осы оның кәсібі. 

Санамақ 

Бір дегенім - белдік, 

Екі дегенім - ерлік. 

Үш дегенім - үміт, 

Төрт дегенім - түбіт. 

Бес дегенім - балта, 

Алты дегенім - алқа. 

Жеті дегенім - жалбыз, 

Сегіз дегенім - сағыз. 

Тоғыз дегенім - тоқу, 

Он дегенім - оқу. 

Жел диірмен 

Ескекке ұқсас қалағы, 

Желмен зырыл қағады. 

Диірмен тасы айналып, 

Еңбек әнін салады. 

Жай айналып тұрмайды, 

Ұ

нтақтайды бидайды. 



Сауылдатып ақ ұнды, 

Наубайшыға сыйлайды. 



Бонсай 

Табиғат та тым ұста, 

Жібермейді есесін. 

Бонсай үйде ыдыста 

Ағаш гүлдей өсетін. 

Емен емес пір тұтар, 

Мақтап қағар таңдайды. 

Өспей қалған бір тұтам 

Ергежейден аумайды. 

Бөртегүл 

Күлгін, аппақ бөртегүл 

Жарушы еді ерте гүл, 

Апам қиып алатын 

Таңдап әсем көркемін. 

Сағыңдырып жеткендей, 

Мезгіл жақсы көктемдей. 

Бақтар жұпар аңқиды, 

Әтір сеуіп кеткендей. 

Пілдің аты - Батыр 

Хайуанаттар паркінде 

Тамаша көп әркімге. 

«Батыр» деген Пілі бар, 

Кәдімгідей тілі бар. 

Иесіне жақын кеп: 

«Су іш-е-ді Ба-тыр» деп. 

Ақырын тіл қатады, 

Жұрт таң қалып жатады. 

Азамат 

Тұрғанда ол ән салып, 

Жұрт тыңдайды тамсанып. 

Азамат 


Ғажап-ақ! 

Домбыра да шертеді, 

Тыңдағандар елтеді. 

Азамат 


Ғажап-ақ! 

Талабын айт, талабын, 

Жақсы оқиды сабағын. 

Азамат -


Азамат! 

Кітап 

Жақсы әңгіме, өлеңді 

Әр бетінен табамын, 

Ертегіні көлемді 

Оқи алар баламын. 

Мол қызыққа батамын, 

«Кітап - білім бұлағы» 

Деген сөзі атамның 

Есімде ылғи тұрады. 

Инелік 

Инелік-ау, инелік, 

Ұ

шпа қорқып именіп. 



Біз де саған тимелік, 

Кел, ойналық, билелік. 

Секілдісің вертолет, 

Бізді бірге ерте кет. 

Ұ

шқан кезде қанатың 



Болмасын тек талатын. 

Теңіз 

Көбікті толқынын 

Көкке атар қолға алып, 

Таппайды бір тыным 

Көк теңіз долданып. 

Күн ашық момын-ақ, 

Өксігі тараған, 

Шаршаған көп жылап 

Аумайды баладан. 

Үкі 

Үкі, үкі, үкі, 

Шолар қырды жіті. 

Түнде інінен шыққан 

Құ

тылмайды тышқан. 



Қ

ос жанары талмай, 

Жарқырайды шамдай. 

Түнде торып маңды, 

Күндіз демін алды. 

Неге жылады? 

Қ

оймайды бірауық, 



Қ

ыңырбай жылауық. 

Ешкімге көнбеді, 

Тәттіні көп жеді. 

Ас берсе, ішпеді, 

Қ

ақсады тістері. 



Сондықтан жылауық, 

Тынбайды бірауық. 



Екі бұлбұл 

Екі бұлбұл бақтағы 

Сайрап тыным таппады, 

Біреуі әнге салады, 

Екінші үнсіз қалады. 

Екінші әнге салады, 

Бірінші үнсіз қалады. 

Үшып кетпей алысқа, 

Түседі әнмен жарысқа. 

Бүлкілдетіп көмейді, 

Бақты әнге бөлейді. 

Биші 

Биші бар ма тап мұндай, 

Биі баурап барады. 

Қ

ос қанатын аққудай 



Қ

ағып-қағып алады. 

Енді бір сәт шүйілген 

Аумай қалар қыраннан, 

Дауыл тұрып үйірген, 

Талшыбықтай бұралған. 



Боксшы 

Шатақ болды ағаның 

Қ

атысқаны бокске 



- Бері кел, - деп, - қарағым, 

Жалп еткізді оқыста. 

Не демекпін ағаға, 

Қ

алай деймін бұл ісін. 



Жұрт бокске бара ма 

Ұ

ру үшін інісін? 



Ауылда 

Аңсап күткен бауырға, 

Майдан келді ауылға. 

Болды жасыл жайлауда, 

Тойды қаймақ, айранға. 

Күйсеп жатқан сиырды, 

Көріп, мұрын шүйірді. 

- Сиыр сағыз шайнайды, -

Деп көздері жайнайды. 

Орталық Қазақстан. - 2003. - 18 желтоқсан. - 5 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал