Денсаулық сақтау министрлігі жалған дәрі-дәрмек сатушыларға қылмыстық жаза



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/6
Дата18.01.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Денсаулық  сақтау  министрлігі  жалған 

дәрі-дәрмек сатушыларға қылмыстық жаза 

тағайындауды ұсынып отыр. Кеше Астанада 

өткен баспасөз мәслихатында Фармацевти-

калық  бақылау  комитетінің  төрағасы  Сыз-

дық Баймұқанов бұл ұсыныстың депутаттар 

тара пынан  қолдау  да  тауып  отырғанын 

мәлім  етті.  «Бұл  ең  алдымен  адамдардың 

ден саулығын  сақтаудағы  қауіпсіздікті  қам-

та масыз  етеді»,  –  дейді  комитет  төрағасы. 

Оның айтуынша, заңдарға тиісті өзгерістер 

мен  толықтырулар  жылдың  соңына  дейін 

енгізіледі. 

Фармацевтикалық 

бақылау 

комитеті  төрағасының  айтуынша,  жалған 

дәрілік заттардың саудасы ғаламдық мәсе-

леге айналып отыр. «Мұндай жалған препа-

раттар  Қазақстанға  да  тоқтаусыз  ағылып 

келіп  жатыр.  Әсіресе  Ресейден  көп  келеді. 

2004 жылдан бері жалған дәрі сатудың 30-

дан  астам  оқиғасы  тіркелді.  Негізінен,  өте 

танымал және жоғары сұранысқа ие дәрілік 

заттар қолдан көп жасалады», – дейді ол.



Жалғасы 2-бетте

иә

– Әрине, керек! Иә, ПИК-тердің атына 

шағым  айтушылар  жетерлік.  Алайда 

олардың кейбіреулері түймедейді түйедей 

етіп,  жоқ  жерден  жік  шығарып  жатады. 

ПИК-тер  арасында  көп  ісін  көмескілеп, 

нәтижелі  жұ мыс  атқарып  жатқандардың 

атақ-абы рой ларына  нұқсан  келтіріп  жүр-

ген дердің баршылық екендігін де мойын-

даймын.  Он дайларды  біз  орнынан  боса-

тып,  дер  кезінде  тиісті  шара  қолданамыз. 

Осы тұста айта кетейін, ПИК жұмысына кө-

ңі лі толмай жүргендер болса, ПИК қауым-

дастығына келсін, көрген-білгендерін жа-

сыр масын. Оның еш айыбы жоқ. Әйтпесе, 

өздеріңіз де білесіздер, көпшілік тұрғындар 

«аш  бә леден  қаш  бәле»  деп,  даулы  істен 

аулақ жү руді қалайды. Осындайдан кейін 

ғой, қауесет әңгіме шыққан жерінде бық-

сып қала береді. 

Ал  тиісті  органдарға  түскен  шағым-

арыз дар  міндетті  түрде  қаралып,  заңды 

белден  басқандар  «қолымен  істегенді 

мойнымен көтереді». 



Жоқ 

–  ПИК-тер  жұмыстарына  «екі»  деген  баға 

бе рер  едім.  Бұл  –  тек  менің  ғана  қояр  бағам 

емес, қа зір көшеге шығып, кез келген тұрғыннан 

сұра ңызшы,  қалай  ағытылар  екен!  ПИК-терге 

рен жу лі жұрт өте көп. Ондай болса, ПИК-тердің 

кере гі не? Олардың дұрыс жұмыс істеп жатқан-

дары,  менің  есебім  бойынша,  барлық  ПИК-

тердің бар-жоғы 5-10 пайызын ғана құрайтын 

шы ғар. Бұл жүйе, өкінішке қарай, сенімді ақтай 

алмады.  Көпшілік  үйлердің  жертөлелерін  су 

басқан. Соның салдарынан шыбын-шіркей, ма-

са дейсіз бе қаптап жүр. Айта берсе, жөндеуді 

қа жет  ететін  жерлер  жетерлік.  Ал  тұрғындар 

ПИК-ке қалтасын қағып беріп отыр. 

Қазір кондоминиумды енгізе бастады. Оның 

да аяғынан тік тұрып, қатарға қосылып кететініне 

күмәнім  бар.  Өйткені  қаладағы  барлық  дерлік 

тұрғын үйлер апатты жағдайда тұр. Үйлерді сол 

қалпында қабылдап алған тұрғындар ПИК-тер 

қаусатып кеткен шаруаны жөнге келтіре алар ма 

екен?  Менің  ойымша,  кондоминиумға  өтпес 

бұрын Үкімет ПИК-тер аяқсыз қалдырған қыр у-

ар шаруаны реттеп беруі тиіс. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Михаил Саакашвили, 

Гүржістан Президенті:

(Оңтүстік  Осетияда  іссапармен 

жүрген Ресей Президенті Дмитрий 

Медведев туралы)

Ол  –  ең  намыссыз  президент. 

На мыссыз  болатыны,  кішкентай 

ғана  Гүржістанның  мемлекет  бас-

шысы өз елінен тысқарыда әлемдік 

деңгейдегі көшбасшылармен бірі-

гіп,  ғаламдық  мәселелерді  шешіп 

жүр. Ал алып Ресейдің Президенті 

еп теп қана Гүржістанның бір бұры-

шы на кіріп алыпты, қасында пара-

қор  жаналғышы  (танылмаған 

мем  ле кеттің  президенті  Эдуард 

Ко койтаны айтып отыр) бар. 

(www.newsru.com сайтынан)

№116 (116) 

15 шілде

сәрсенбі


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

артық СЕЙІТқалиЕва, 

«Адал» тұтынушылар құқығын 

қорғау қоғамының президенті: 

Болат ДІНІСТаНов, 

Алматы қалалық ПИК 

қауымдастығының төрағасы:

 

О

ҚИ



ғА

2-бет

4-бет

7-бет

Ой-КӨКПАР 

Жалғызсыраған 

жеңіс 


Дағдарыс демалысқа 

кедергі бола алмады

Иран билігі неден 

қорқады?


www.аlashainasy.kz

150,44

209,73

4,55

22,02

232,67

8331,68

866,02

1014,93

61,98

924

У сатып  ұсталсаң  да,  сотталмайсың

 Тұрғын үй қатынастарын реттеу үшін Пик керек пе?

Тұрғын үй қатынастарын реттеу мақсатында 

заңға кондоминиум басқару жүйесі туралы бап 

енгізілгені баршаға аян. «Тойдың болғанынан 

боладысы қызық» демекші, кондоминиум 

қолданысқа толықтай енгізілмесе де, оның 

төңірегіндегі әңгіме желдей есуде. Жұртты 

мазалап жүргені – «тұрғын үй секторында 

қордаланып қалған қыруар мәселені шешуге 

кондоминиумның қауқары жетер ме екен» деген 

сауал. Бұл – бір. Екіншіден, кондоминиум қалай 

дегенде де Пик-ке тәуелді болмақ. қазіргі кезде 

алматы қаласында 719 Пик жұмыс істейді. 1,5 

миллионға жуық тұрғыны бар шаһар үшін бұл 

соншалықты көп те емес. ал танымалдығы 

дардай дерсіз. айтса айтқандай, қала 

тұрғындары алдындағы «борышын» өтей алмай

пүшәйман болған Пик істі дөңгелетіп әкетеді 

дегенге сенімнен күдік басым. осы орайда 

«Тұрғын үй қатынастарын реттеу үшін Пик керек 

пе» деген сауалды ортаға тастаған едік.

Д

еНСА



улы

Қ

Жарылыстан жапа шеккен кәсіпкер қаза тапты

«Ішек  инфекциясымен  ауруханаға  жеткізілгендер 

саны бізде көп емес. Гастроэнтероколит пен гастроэнте-

рит диагнозымен ауырып түскендер кешеден бері 29-

ға жетті», – деді ол бізге. Оның айтуынша, бұл аурулар 

ананың  баланы  дұрыс  тамақтандырмауынан  болады. 

Жеміс-жидекті  жумай  ұстата  салғаннан  да  аталмыш 

ауруларға тап болып жатады. Ал жоғарыда атап өтке-

німіздей, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік ха-

барлаған  бес  адамның  бүлінген  ет  өнімдерін  пай-

даланудан уланғаны жөнінде болжам бар. Қазіргі кез-

де олар дәрігерлік тексеруден өтуде. Болжамның анық-

қанығы  осы  тексеруден  кейін  ғана  белгілі  бо лады.  ет 

тағамдарының  нарыққа  қандай  жолмен  тү сетінін  де 

алдыңғы сандағы материалымызда жазған болатынбыз 

(Мөрі жоқ еттің соры көп. 9 шілде. 2009 жыл. №112). 

енді соның сорын «тартып» жатқандаймыз.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік таратқан 

«төтенше»  ақпараттан  соң  Астана  қалалық  балалар 

инфекциялық  ауруханасының  қабылдау  бөліміне  де 

хабарластық. Өзін Камиль Бизуллаевич деп таныстыр-

ған  жан:  «Гастроэнтероколит  диагнозымен  бес  адам 

ау руханаға түскені рас. Бірақ бұл сонша көп емес», – 

деді. Яғни мұндай аурумен күніне бірнеше адам ауру-

ха наға жеткізілетін тәрізді. Бірақ онда тиісті министр-

ліктің  «төтенше  ақпарат»  таратуына  не  себеп  болды 

екен?  Өткен  аптада  айналасы  үш  күннің  ішінде  дәл 

осындай  диагнозбен  Павлодар  облысына  қарасты 

екібастұз  қаласында  30  адам  ауруханаға  түскен.  Ал 

кеше сол санның 43-ке жеткенін тағы хабарлады. Тө-

тен ше жағдайлар жөніндегі министрлік олардың нау-

қасына кондитерлік тағамдар «кінәлі» деп отыр. 

Салтан СәкЕН, Астана

Владимир  Семеновтың  хабар-

ла уын ша, жарақаттары жеңіл деген 

тағы  үш  адам  күйік  шалғандарды 

ем дейтін бөлімде қаралуда. «Алай-

да  олардың  да  жағдайы  мәз 

емес»,– дейді бас дәрігердің орын-

басары.  естеріңізге  сала  кетейік, 

мау  сымның  22-сі  күні  Ауғанстан 

Ислам  Республикасының  Хайратон 

қаласының  маңында  май  құюшы 

қос көлік өртеніп, алты отандасымыз 

(С.Нұрысбеков, В.Бойменов, З.Бой-

менов, З.Бойменов, Р.Друзин, А.Шес-

таков)  күйіп  қалған  еді.  Мұ най 

қоймасы  аумағында  тұрған  екі  ав-

то цистернаның  қалай  өртке  оран-

ғаны  әлі  күнге  дейін  белгісіз.  «Жұ-

мыс шылар техникалық қауіпсіздікті 

сақтамаған»  деген  болжам  бар. 

Аяқ асты  апаттан  зардап  шеккен 

отан  дас тарымыз  әуелі  Өзбекстан-

ның  республикалық  шұғыл  меди-

ци на лық  көмек  орталығының  Тер-

мез  қа ласындағы  Сурхандария  об-

лыстық  филиалына  жеткізілді.  Дәрі-

гер лер олардың үшеуінің денесі – 80-

100, қал ғандары 30-50 пайыз дең ге-

йін де  күйіп  қалғанын  анықтаған. 

Мау  сымның  26-сы  күні  қазақстан-

дық тар  арнайы  ұшақпен  Алматыға 

әкелінді. еліміздің Төтенше жағдайлар 

ми нис трлігінің өкілдері сол кезде күйік 

алған  алты  адамның  бесеуінің  ауыр 

жағ дай да екенін айтқан еді. Кейін №4 

қалалық ауруханада олардың екеуінің 

жарақаты біршама жақсар ды. Деген-

мен жалын қуырып тас та ған үш адам-

ның беті бері қарай қой мады. Ақыры 

біреуі қайтыс бо лып отыр. 

Сыртқы істер министрлігі маман-

да ры ның айтуынша, қазақстандық-

тар  елге  жеткізілсе  де,  ведомство 

олар дың  жағдайына  әлі  де  алаң-

даулы. Шетелдердегі Қазақстан ел-

ші лігі  өз  азаматтарымыздың  құқы-

ғын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз 

етуге  мүдделі.  Алайда  мына  жағ-

дайда  гәп  төтенше  оқиғадан  зардап 

шеккендер  қызмет  ететін  кәсіпо рын-

ның  жауапкершілігіне  тіреледі.  Ма-

ман дардың  айтуынша,  ауған  же-

ріндегі  болған  осы  оқиғаның  се беп-

салдары  әлі  анықталады.  Отан дас-

тарымыз  еңбек  еткен  кәсіпорын 

тарапынан  олардың  жеке  бастары 

қауіпсіздігінің  қаншалықты  қорғал-

ғаны,  оларға  қандай  материалдық 

жәр дем көрсетілгені де нақты ланбақ.

астаналықтар астан 

уланып жатыр

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік 

кеше астанада гастроэнтероколит ауруы 

бойынша бес адамның ауруханаға 

жатқызылғаны жөнінде ақпарат таратты. оның 

ішінде ересектермен қоса, 11 жастағы қыз бала 

да бар екен. Мамандардың айтуынша, бұл ауру

негізінен, тағамнан уланған кезде немесе дұрыс 

жуылмаған көкөніс, жеміс-жидектерден болады. 

Сапасыз тағамдар да осындай инфекциялық 

ауруларға ұшыратады. осы ақпараттан кейін 

біз астана қалалық балалар инфекциялық 

ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары 

Татьяна Цечоеваға телефон шалдық. 

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, біздің елімізде 

жалған дәрі жасап сатушыларға лайықты жаза 

жоқ екен. Ең үлкен жаза – 150 айлық есептік 

көрсеткіш көлемінде айыппұл салу ғана. қазіргі 

кезде бір айлық есептік көрсеткіш 1296 теңгені 

құрайды. Яғни 194 мың 400 теңгені төлейді 

де, сайран салып кете барады. ал оның сатқан 

жалған дәрі-дәрмегінің кесірінен сырқатының 

үстіне сырқат жамап, өміріне қауіп төнген

тіпті мүгедек болып қалған жандар сұраусыз 

қала береді. Тіпті оның жалған дәрі-дәрмек 

сатудан қанша арам пайда тапқаны да есепке 

алынбайды...

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  индекс – 64259. 

«қазпошта» ақ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

2009 жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу басталды 

«Алаш айнасына» 

жазылу жалғасады

ДАТ!

6-б

етте

Дариға ТҰРаНқҰлова:

КӘСІБИ ДАйыНДығы 

БОлМАСА ДА, ЭФИРГе 

ұМТылуШылАР КӨП



ауғанстанда жанармай көліктерінің өртенуі кезінде зардап 

шеккен қазақстандықтардың біреуі көз жұмды. Тағы екеуі жан 

сақтау бөлімінде әлі ауыр халде жатыр. Бұл туралы кеше науқастар 

ем алып жатқан алматыдағы № 4 қалалық аурухананың бас 

дәрігерінің орынбасары владимир Семенов мәлімдеді. 

А

бай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Бүркіт НҰРаСЫл



Жансая СЕРҒаЗЫқЫЗЫ

2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№116 (116) 

15.07.2009 жыл, сәрсенбі

www.alashainasy.kz

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Қай елде қандай сайлау болады?



Жақын күндері Қырғызстанда президенттік сайлау өтетіндігін 

білеміз. Бұдан бөлек, биыл әлемде қандай сайлаулар болады?

Ерасыл БАЛАБАЕВ, Алматы облысы

Президенттер ұшағы қонақ үйден кем емес



Президенттердің ұшақтарының сыртқы құрылысы кәдімгі жо­

лаушылар ұшағынан айырмасы жоқ. Дегенмен президент ұшақ­

тарының  ішкі  салондары  өзгеше  болады  деп  естимін.  Қандай 

айыр машылықтар бар екенін жазсаңыздар?

Қуат МұрАтБЕкұЛы, Алматы

Мемлекет

Сайлау түрі

Мерзімі

Қырғыз Республикасы  Президенттік

23.07.2009

Молдова


Парламенттік 

29.07.2009

Ауғанстан 

Президенттік

20.08.2009

Норвегия


Парламенттік

14.09.2009

Германия

Парламенттік

27.09.2009

Португалия

Парламенттік

27.09.2009

Чехия Республикасы

Парламенттік

09.10.2009

Эстония


Муниципалдық 18.10.2009

Уругвай


Жалпы 

25.10.2009

СаяСи  бюро

түйткіл


У сатып ұсталсаң да, сотталмайсың

ҮріМшіМЕн УАтты

Билік қазір елдегі қоғамдық пікір ауа­

нын  аулау  үшін  Қытайдағы  қақтығыстар 

жайын көбірек қаузап жатыр. Бір топ мұ­

сыл мандар бірлігін ұран қылып Қытайды 

ұйғырларды  басып­жаншығаны  үшін 

айып тау  керек  десе,  енді  бір  топ  стра те­

гиялық серіктес болғаны үшін ресми Бей­

жіңді  жақауратқандай  кейіп  танытады. 

Ал ғашқысы Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік ке­

ңесі мүшесі бола тұрып, Иранға қарсы жа­

рияланған соңғы төрт қарарға қарсы вето 

қоя  алмағанын  мін  көреді.  Екіншісі,  Қы­

тай дың  да  Иран  сияқты  АҚШ­қа  қарсы 

сая сат ұстанатынын айтып, мәселенің сая­

си жағын қоюлатуға тырысып жатыр. Осы 

екі топтың бірі Иран билігін сынаған сияқ­

ты  түр  көрсеткенімен,  оның  екеуі  де  жо­

ғарғы  жақтың  «арнайы»  тапсырмасымен 

жұмыс істеп жатқаны аңғарылады. Өйткені 

дәл қазір Иран билігі үшін өткен бір айда­

ғы  арпалысқа  қатысты  әңгіменің  ауанын 

бұ ратын  айла­амал  ауадай  қажет.  Сон­

дық тан  биліктегілер  үшін  ішкі  жағдайды 

сырттағы  жағдайдың  тасасына  «тығып» 

қойған тиімді. 



Иран билігі неден қорқады?

ҚырҚын БЕрСЕ ДЕ 

ҚАрСыЛыҚ 

Иранда  қала  көшелерінде  қазір  адам 

жи налуға жарайтын жиынның бәрі билік­

тің әрекетіне қарсы үн қату шарасына ұла­

сып  кетіп  жатыр.  Айталық,  өткен  аптада 

тегерандағы студенттер толқуына он жыл 

толды. Соған орай жастар жиналып, өзде­

рінің диктатураға қарсы екендіктерін көр­

сетіп, тағы да тегеран төрелерін састырды. 

Ал алда сайлау нәтижесіне қарсылық біл­

діріп,  қаза  тапқан,  қазір  мифтік  тұлғаға 

айналып бара жатқан Неда Ағасұлтанның 

қырқы келе жатыр. Ирандықтар сол рәсім 

кезінде  де  жиналып,  тағы  да  наразылық 

әрекетін ұйымдастырмақ. 

«шоЛАҚ өрт» СоҚыр ЕкЕн 

1999 жылы студенттер реформаторлық 

бағыттағы  «Салам»  газетінің  жабылуына 

қарсы наразылық білдіріп, шеру ұйым дас­

 тырғанда,  полиция  елдегі  бірден­бір  оқу 

орыны тегеран университеті қала шы ғына 

басып кірген болатын. Қосақ ара сын да бір 

қазақ  студенті  де  тұтқындалып,  ар тынан 

босатылып,  Иран  жағы  өтемақы  тө леген 

еді.  1979  жылғы  Ислам  төңке рі сінен  ке­

йін гі  студенттердің  тұңғыш  рет  би лікке 

қар сы  әрекетін  танытқан  сол  толқу  бір 

аптаға созылған еді. Сонда билік жа ма   ғат 

қалың жиналатын жұма намазынан кейін 

көше дегі  реформаторлар  жақтау шы     ла­

рына қар сы намазға келген консер ватор­

ларды  алып  шыққан  болатын.  Қыс қасы, 

шеруге  қарсы  шеру  ұйым            дас    тырылып, 

сонда Иран билігі үшін «шолақ өрт» тәсілі 

тиімді кө рінген. 

Содан  беріде  ирандықтар  жазғы  сес­

сияны студенттер көтерілген шілденің 10­

ынан (иранша тирдің 18­і) бұрын бітіруге 

тырысатын.  Ал  биылғы  сессияның  мүлде 

берекесі  болмады.  Бұл  алдағы  уақытта 

Иран конституциясына енгізілетін ықтимал 

өзгерістен де хабар берсе керек. Өйткені 

ирандықтар  ендігіде  өлсе  де  студенттік 

сессия кезінде сайлау өткізбеуге тырысары 

хақ... 


Бұл  ретте  билік  сайлаудан  кейінгі  на­

разылыққа  қарсы,  он  жыл  бұрын  тиімді 

кө рінген «шолақ өрт» тәсілін неге қолдана 

алмады  деген  заңды  сауал  туындайды. 

Айталық,  сайлауда  жеңіліп,  толқуға  се­

беп ші болған Мирхусейн Мусавидің жақ­



Айнұр СЕйДАЛИЕВА, 

Фармацевтикалық бақылау комитеті Фармацевтика 

қызметі және дәрілік заттар сапасы мен пайдалануын бақылау 

басқармасының сарапшысы:

– Бүгінде сұранысы жоғары препараттарды қолдан 

жасау көбейіп барады. Қатардағы тұтынушылар 

мынаны үнемі назарда ұстауы тиіс: еліміздің 

заңнамасына сәйкес, дәріханаларда сатылатын барлық 

дәрілік препараттардың нұсқаулығы мемлекеттік 

тілде жазылуы тиіс. Егер қандай да бір дәрінің 

жапсырмасында тек бір тілде ғана жазу болса, бұл оның 

жалғандығының алғашқы белгісі деп білген жөн.

МАМАн кЕҢЕСі

СА

яСА

тты

Ң  

АЛ

ты  

АУ

ызы

кьель Магне Бондевик, 

Норвегияның бұрынғы 

премьер-министрі:

«Саясаткер болу үшін адам этика 

не гіздерін бойына сіңіруі керек. 

Этикалық стандарттарды меңгер­

меген саясаткер ше шім қабылда­

ғанда қателіктерге бой ал дырады. 

Негізі, қоғамның сапасы оның бас­

шысының сапасымен өлшенеді». 



( www.express-k.kz сайтынан)

таушыларына  қарсы  Махмұд  Ахмади не­

жадтың  жақтаушыларын  алып  шығуға 

болатын еді ғой. Ондайда сөз жоқ, жағдай 

ішкі  соғысқа  сұранып  тұр  еді.  Ахмади не­

жадқа  дауыс  бергендердің  өзі  биліктің 

тол қуды басып­жаншығанын көрген соң, 

оған  жақтас  болудан  бас  тартуы  мүмкін 

еді.  Сондықтан  Иран  билігі  азамат  соғы­

сынан  сақтанып,  «шолақ  өртке»  бар­

мады.

ЕЛіктЕУДЕн нЕЛіктЕн 

БАС тАртты?

Өткен айдағы толқу кезінде Иран мә­

жілісінің  төрағасы  Әли  ларижани  тәртіп 

сақ шыларының тағы да студенттер қала­

шығына  басып  кіруін  айыптап,  жоғарғы 

жаққа сұрау салған еді. Оның әкесі мем­

лекет  басшысы  аятолла  Әли  Хомейнидің 

ұстазы болатын. Сондықтан қаншама қат­

қан консерватор болғанмен Ә. ларижани 

әрекетсіз отыра алмады. Одан кейін мем­

лекет басшысының үстінен қарайтын экс­

перттер мәжілісінің төрағасы ирандықтар 

«қу  түлкі»  атап  жіберген  Хашеми  Раф­

санжани  ларижаниден  де  әрмен  кетіп, 

өзінің Мусавиге бүйрегі бұратынын ашық 

көрсетті.  Дегенмен  оның  ықпалы  қайта 

сайлау  өткізуге  жетпей  қалды.  Алайда 

осының өзі бұрын біртұтас деп есептелетін 

елдегі «еліктеу нысанасы» (мәржай­е тәқ­

лид) діни институтының шатқаяқтай бас­

тағанын  көрсетті.  Аятолла  Мунтазери, 

аятол ла Сәнаи, аятолла Ардабили, аятол­

ла  Мусави  тәбризи,  төңкерісшіл  имам 

Хо мейнидің немересі Хасан Хомейни тә­

різді ел еліктеуге тиісті тұлғалар Ахма ди­

нежадтың  қарсыласы  М.Мусавиді  қол­

дады. 

Сондықтан Иран халқының президент 



сайлауы  нәтижесіне  наразылығы  бірін­

шіден, халықаралық қауымдастықтың на­

зарын  аудара  алды.  Қазіргі  әлемдік  бас­

қосулардың  Иран  мәселесінсіз  өт пейтіні 

– соның нышаны. Екіншіден, толқу билік 

басындағылардың  «көзін  ашып»,  саяси 

жүйеге  ірі  реформа  мен  жаңғырудың 

уақыты  жеткенін  көрсетті.  Ендігіде  иран­

дықтар еліктеумен жүре алмаса керек. Бі­

рақ желікпемен де күн өткізуге болмас.



Иран саяси дағдарысқа 

ұрынғалы бір ай өтті. 

Маусымның 12­сінде 

Иранда өткен президент 

сайлауынан кейінгі толқу 

соңғы аптада саябырлай 

бастады. Әрине билік 

тізеге салған соң. Сайлау 

нәтижесіне наразылық 

білдірген ауқымды шеру 

кезінде 40 қаралы адам қосақ 

арасында қаза тапса, 200­дей 

адам жараланды. 500­ден 

1000­ға дейінгі адамның 

қамауға түскені хабарланып 

отыр. нақты мәліметтердің 

көмескі болуының өзі елдегі 

жағдайдың әлі де тұрақты 

емес екендігін аңдатады. 

ПА

йы



МДАМА

Қуанышбек ҚАрИ

Аталмыш кітаптың тұсаукесері алдын да 

Джонатан Айткен Қазақстанға келіп, Пре­

зидентке  кітабының  алғашқы  данасын 

тар ту  етті.  Қазақ  елі  бұрыннан  шетел­

діктердің назарын аударып, қызығушы лы­

ғын  тудырып  келетіні  белгілі.  күні  ке ше 

шетелдіктер бізді батыр бабаларымыз дың 

қуат­күші,  мәдениеті  арқылы  таныса,  бү­

гінде өзімізді басқаларға еліміздегі сая  сат 

пен экономика арқылы танытқымыз келе­

ді.  Белгілі  тұлғалардың  өмірін  зерттеген 

атақты биограф британдық жазушы Джо­

натан Айткен бұл жолы Қазақстанның өр­

кениетін  паш  етіп,  Елбасы  тұлғасын  сом­

дапты.  Автордың  айтуынша,  кеңес 

ода      ғы ның құрамынан шығып, жаңа биік­

тер ге қол жеткізген Қазақстан мен ел Пре­

зиденті  туралы  деректер  батыста  үлкен 

қызығушылық тудырған. кейіпкердің шы­

найы  бейнесін  жасау  үшін  жазушы  Нұр­

сұлтан  Назарбаевпен  28  сағат  сұхбатта­

сып,  Михаил  Горбачев,  Маргарет  тэтчер 

сынды  әлемдік  деңгейдегі  қайраткер лер­

мен пікір алысқан. Жан­жақты, то лық қан­

ды ақпарат жинақтау үшін ол, оппо зиция 

өкіл дерімен де тілдескен. кітапта Ел басы­

ның балалық шағы, теміртау зауы тындағы 

еңбек жолы мен коммунистік жастық шағы 

ел  өміріндегі  деректермен,  оқи ғалармен 

сабақтастырыла  суреттеліпті.  Бұл  туынды 

–  Қазақстан  басшысы  туралы  Батыста 

жазылған  алғашқы  шығарма.  Аталмыш 

кітап  Ұлыбритания  және  Еуро пада,  кейін 

Америка Құрама Штаттарының нарығында 

жарық көреді деп күтілуде. Сондай­ақ бү­

гінде  Ресейде  кітаптың  орыс  тіліндегі  ба­

сылымын шығару туралы ке ліс сөздер жүр­

гізіліп жатқан көрінеді. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал