Дениет негіздері



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет41/92
Дата12.02.2022
өлшемі1.52 Mb.
#17179
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Delphi, Информатика кітап, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика, 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, СӨЖ3, instrukciya portal rus

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
8)  кәсіпкерлік  субъектілерінің  заңды  мүдделерін  қорғаумен 
байланысты  құқық  қорғау  қызметін  реттейтін  құқықтық  нормаларды 
жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
9)  мүдделі  мемлекеттік  органдармен,  үкіметтік  емес  ұйымдармен 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу және халыққа көрсетілетін 
мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша  бірлескен 
іс-шаралар жүргізу, 
10)  мемлекеттік  органдар  басшыларының,  жауапты  лауазымдық 
тұлғаларының  сыбайлас  жемқорлық  деңгейін  төмендету  және  мемле-
кеттік  қызметтер  ұсыну  сапасын  жақсарту  бойынша  қабылдаған 
шаралары туралы ақпаратын тыңдау
11)  мемлекеттік  органдардың  лауазымдық  тұлғаларын  мпемлекеттік 
қызметтер  туралы  заңнама  талаптарын  сақтамағаны,  қоғамдық 
мониторинг нәтижелері бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік 
жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар әзірлеу. 
Уәкілетті  орган  2014  жылы  азаматтық  қоғам  институтымен,  
«Нұр  Отан»  партиясымен  және  жергілікті  атқарушы  органдармен  
бірлесіп 28 меморандумға қол қойды, 35 кеңейтілген «дөңгелек үстелдер», 
32  семинар,  5  форум,  37  ағартушылық  және  мынадай  тақырыптарда 
басқа да іс-шаралар өткізді: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-
тың  алдын  алу 

  Профилактика  коррупционных  правонарушений», 
«Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды қалыптастыру 
максатында азаматтардың құқықты ұғыну деңгейін арттыру 

 Повышение 
правосознания  граждан  в  целях  формирования  антикоррупционного 
мировоззрения»,  «Жастар  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

  Молодежь 
против  коррупции»  және  «Сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің  жаңа 
белестері 

  Новые  ступени  в  борьбе  с  коррупцией».  Осы  іс-шаралар 
жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. 
Бұдан басқа «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдарында сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты түрде 
жүргізілуде,  азаматтық  қоғамның  әртүрлі  топтарымен  (жастар  және 
студенттік  ұйымдар,  этномәдени  бірлестіктер,  кәсіпкерлердің  өңірлік 
палаталары,  бизнес-қауымдастықтар)  кездесулер  ұйымдастырылуда. 
Осындай  кездесулерге    жергілікті  атқарушы  органдардың,  сондай-ақ 
құқық қорғау және сот жүйелерінің өкілдері қатысады.  
Қазақстан  Республикасы  Бас  прокуратурасының  жанынан  консуль-
тативтік-кеңесші  орган  мәртебесі  берілген  Заңдылықты  қамтамасыз 
ету жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес қызметінің мақсаттары: 
елдегі заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттік құқықтық саясатын 
жүргізуге  жәрдемдесу,  прокуратураның  үкіметтік  емес  ұйымдармен 
және халықпен өзара қарым-қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру 
болып  табылады.  Осыған  ұқсас  кеңестер  аумақтық  прокуратураларда 
да  құрылған.  Кеңестер  құрамына  «Нұр  Отан»  партиясының  өкілдері, 
депутаттар, белгілі ғалым-заңгерлер, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес 
ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, прокуратура 
органдарының ардагерлері мен басқа адамдар кірген. 
Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігі  жанынан  ішкі  істер 
органдары  қызметінің  белгіленген  саласына  жататын  мәселелер, 
51


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
полиция  қызметінің  жариялығы  мен  ашықтығы  қағидатын  өмірде  
ұстану,  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  құқықтары  мен 
бостандықтарын  қорғау  бойынша  қоғаммен  өзара  іс-қимыл  жасасу 
мақсатында  Полиция  қызметін  бақылау  жөніндегі  қоғамдық  кеңес 
құрылды,  осындай  кеңестер  Астана,  Алматы  қалаларындағы  және 
облыстардағы барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде құрылған. 
ҚР  Ішкі  істер  министрлігі  жанынан  Қоғамдық  кеңес  2007  жылы 
құрылған.  Қоғамдық  кеңес  құрамына  белгілі  қоғам  қайраткерлері,  
ҚР Парламенті депутаттары, журналистер, үкіметтік емес және ғылыми 
ұйымдар  өкілдері  кіреді.  Ішкі  істер  министрлігі  қызметтің  әртүрлі 
бағыттары  бойынша  200-ден  астам  үкіметтік  емес  ұйымдармен  (ҮЕҰ) 
ынтымақтастықты жүзеге асырады. 
Әкімшілік полиция комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты 
жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде отбасылық-
тұрмыстық қарым-қатынастар саласында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету; ІІБ арнайы мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша 
50-ден  астам  ҮЕҰ-мен  («Қорғау»,  «Құқық»,  «Үміт»;  «Забота»,  «Подруги» 
ҮО; «Надежда» ӘҮО; «Дамыту және бейімдеу орталығы» БҰ, «ГИАЦ» БҰ, 
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған 
дағдарыс орталығы» БҰ, «Әйелдерді қолдау орталығы» БҰ; «Сана Сезiм» 
БҰ және басқалары) өзара іс-қимылды жүзеге асырады
Қылмыстық-атқарушы  жүйе  комитеті  меморандумдар  мен  ауызша 
келісімдерді  жасасу  шеңберінде  64  ҮЕҰ-мен  өзара  іс-қимыл  жасасады,  
түзету мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға 
кездесулер,  әңгімелесулер,  «дөңгелек  үстелдер»,  мониторингтер  және 
т.б. арқылы құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда жәрдем 
көрсетеді.
2014  жылғы  18  ақпанда  Төтенше  жағдайлар  комитеті  ҚР  Ұлттық 
палаталар  кәсіпкерлерімен  бірлесіп  кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғау 
мәселелері  бойынша  өзара  ынтымақтастық  туралы  меморандумға  қол 
қойды [11]. Қол қойылған меморандум осы мәселедегі ынтымақтастықты 
сапалы жаңа деңгейге көшіру үшін құқықтық негізді қалайды. Бұл мүдделер 
мен ұстанымдар толығымен сәйкес келетін саладағы мемлекеттік орган 
мен  кәсіпкерлер  бірлестіктерінің  өзара  іс-қимылының  айқын  мысалы. 
2014  жылғы  ақпанда  Мемлекет  басшысы  алға  қойған  кәсіпкерлік 
субъектілерінің  мүдделерін  қорғау  бойынша    міндеттерді  іске  асыру 
мақсатында,  сондай-ақ    Өзара  ынтымақтастық  туралы  меморандумды 
іске  асыру  бойынша  бірлескен  іс-шаралар  жоспарының  1-тармағын 
орындау  үшін  кәсіпкерлердің  жүйелік  проблемаларын  олардың 
өтініштері бойынша шешу үшін бірыңғай тәсіл әзірлеу жөніндегі жұмыс 
тобы құрылды. 
Жергілікті атқарушы органдардың сайттарында мобильдік топтардың 
жұмысы  туралы  хабарландыру  сенім  телефоны  мен  прокуратураның 
электронды  адресі  көрсетіліп  жарияланады,  халық  көп  шоғырланатын 
орындарда  бильбордтарда    мобильдік  топтардың  сенім  телефондары 
туралы мәліметті қамтитын ақпарат орналастырылады. 
Адамдар  көп  шоғырланатын  орындарда  жеке  кәсіпкерлік 
субъектілерінің  анағұрлым  шоғырланған  санын  ақпараттық  қамту 
52


жүктеу 1.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет