Дені саудың жаны сау. Тақырыбы: Дені саудың жаны сау



жүктеу 24.05 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі24.05 Kb.

Дені саудың – жаны сау.  

Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау  

 Мақсаты: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, 

таза да әдемі болуға  тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан 

бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. 

 Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, денсаулық туралы кітапшалар көрмесі. 

 

Жүрісі: І. Ұйымдастыру барысы 



 ІІ.Кіріспе 

 Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу 

жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан 

құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың 

келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдырыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – 

салауатты өмір салтын сақтау. 

 Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл 

гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-

жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? 

 Оқушылар: Денсаулық. 

 Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек? 

 Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек. 

 Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз «дені саудың – жаны сау» деп аталады. 

 1-жүргізуші: Денсаулық –зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі 

шат, өмірі бақытты. 

 2-жүргізуші: Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың – жаны сау. 

 1-оқушы: Денсаулық ол шыныққын 

 Барлық денең мүшесі. 

 Денсаулық ол – тыныққан 

 Жүйке тамыр жүйесі. 

 2- оқушы: Денсаулық ол –күлуің 

 Көңіл-күйің жадырай, 

 Денсаулық ол –жүруің 

 Ешбір жерің ауырмай. 

 1-жүргізуші: Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан 

микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға 



белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай 

екенін естен шығармаған дұрыс. 

 Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. 

Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигиеналық талапқа сай 

болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн 

сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек. 

 2-жүргізуші: Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар 

туралы не айтамыз? 

 3-оқушы: Күнде бетін жумайды, 

 «Жу» десең-ақ тулайды. 

 Өз-өзінен өкпелеп, 

 Жатып алып тұрмайды. 

 Дейді ақырып «Жолама», 

 Сондай бала бола ма? 

 4-оқушы: Беті қандай кір еді, 

 Айниды адам жүрегі. 

 Көрсе осы бір кескінін, 

 Күледі-ау жұрт, күледі. 

 Сондай бала бола ма? 

 Сендер оған жолама. 

 1-жүргізуші: Ал тазалықты сақтайтын, жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз? 

 5-оқушы: Жақсы бала құлақ сап

 Айтқаныңды ұғады. 

 Төсегінен тұра сап, 

 Таза ауаға шығады. 

 Жақсы бала ол анық, 

 Істемейді шалалық, 

 Тап-таза боп жуынып, 

 Алады өзі таранып. 

 Барлығы: Тазалық – денсаулық кепілі. 

 6-оқушы: Парызды бірі – пәк тұтпақ 

 Тазалықпен тәніңді. 



 Тазалығың тасытар 

 Көңілің мен санаңды. 

 Мұғалім: Балалар, салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер? Салауатты өмір салты деген не? 

 7-оқушы: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман 

қылықтардан аулақ болу, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу. 

 Мұғалім: Сонымен ішімдіктің, темекінің, нашақорлықтың денсаулыққа зиян екенін білдік. Тағы 

нелерге зиян? 

 8-оқушы: Еңбек етуге,қоғамға, ұрпаққа, отбасына зиян. 

 Мұғалім: Олай болса қазір денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер орнын тауып көрейікші. 

 9-оқушы: 1. … көп, денсаулық біреу. 

 2. Ауруын жасырған … 

 3. Дені сауға бәрі … 

 

10-оқушы: 1. … қайда, сұлулық сонда. 



 2. Бірінші … денсаулық. 

 3. … аяқ астында 

 11-оқушы: 1. … адам кіршіл. 

 2.Көзің ауырса,қолыңды … 

 3. … түбі – дерт. 

 Ән: «Анашым» 

 12-оқушы: Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін, 

 Біз тілейміз ұрпақты амандығын. 

 Ей болашақ саулығың өз қолыңда, 

 Уламасын тәніңді у, санаңды мұң. 

 13- оқушы: Нашақорлық жайлаған індет білем, 

 Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем. 

 Күресуге ғасырдың тағдыры үшін 

 Оған сен де міндетті, міндетті мен. 

 Хор: «Жалқаулықты сүймейміз». 

 2-жүргізуші: Балалар денсаулыққа зиян жаман әдеттерден аулақ болу үшін өзіміз білетін нақыл 

сөздер мен мақалдар айтып берейікші. 


15-оқушы: Болар бала кісілікке үйір 

 Тозар бала ішімдікке үйір. 

17- оқушы: Аурудың жақсысы жоқ, 

 Дәрінің тәттісі жоқ. 

 18-оқушы: Денің сау болса, 

 Жарлымын деме. 

 Жолдасың көп болса

 Жалғызбын деме. 

 19- оқушы: Тәні саудың – жаны сау. 

 20-оқушы: Ауырып ем іздегенше, 

 Ауырмайтын жол ізде. 

 21-оқушы: Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. 

 22-оқушы: Көзің ауырса, қолыңды тый, 

 Ішің ауырса, аузыңды тый. 

  

 1-жүргізуші: Ата-анамыз, ұстазымыз, 



 Бір тілек айтарымыз: 

 Берекелі заман болсын, 

 Балаларың аман болсын. 

 2-жүргізуші: Жиырма бірінші ғасырда

 Ашық аспан астында, 

 Денсаулықтарыңыз мықты болсын, 

 Жанұяларыңыз қуанышқа толсын, 

 1-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағаты 

 Денсаулық жайлы сөз еткен. 

 Көп нәрсені ұғып алдық 

 Кетпейтұғын мәңгі естен. 

 2-жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ұстаздар.ата-аналар! Көңіл қойып, тәрбие сағатымызды 

тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет. Қош, сау болыңыздар! 

 Әнұран орындалады 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал