Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Ноғатық (Чина, Hathyrus satіvus). Шаруашылық маңызы және таралуы



жүктеу 0.52 Mb.
бет60/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Ноғатық (Чина, Hathyrus satіvus). Шаруашылық маңызы және таралуы. Егістік ноғатық біржылдық дәнді бұршақ тұқымдас өсімдік. Оны негізінен мал азығы ретінде және тамақтық өнім алу үшін өсіреді. Ноғатықтың отаны Оңтүстік-Батыс Азия (ұсақ тұқымды түрлері) және Жерорта теңізі жағалауындағы (ірі тұқымды түрлері) елдер болып есептеледі. Бұрынғы Одақ көлемінде ноғатықты Россияның орталық облыстарында, Алтай өңірінде, Украинада өсірді. Ноғатықтың егістігі Закавказьеде және Орталық Азия республикаларында орналастырылды (4- сурет). Дүние жүзінде ноғатықтың 100 шақты түрлері кездеседі. Олардың көпшілігі көпжылдық өсімдіктер. Ал мәденилендіріліп егістікте өсірілетіні тек бір жылдық өсімдік түрлері. Ноғатықтың дәнінде 25-35% дейін белоктік зат кездеседі. Оның дәнінен өте құнарлы малазығы дайындалады. Ноғатықтың 1 кг дәнінде 280-300 г протеин, 20,4 г лизин, 1,6 г метионин, 2,5 г триптофан, 34 г аргинин кездеседі. Ноғатықтан сапалы шөп дайындалады. Оның шөбі малға өте жұғымды, құрамында 18% протеин болады. Мал азығы ретінде ноғатықтың сабанын да пайдаланады. Ноғаттықтың 100 кг дәнінде 106 а.ө. және 22,3 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде-52 а.ө. және 14,5 кг қорытылатын протеин болады. Ноғатық өсімдігі өндіріске де пайдаланылады. Одан пластмасса, фанера дайындалады. Ноғатық көптеген астық дақылдарына жақсы алғы дақыл. Және оны жасыл тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет