Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет14/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Өсіру агротехникасы. Тритикаленің өсіру агротехникасы топырақ-климат жағдайына қарай қалыптасады. Дәндік тритикале, көк шөптік түріне қарағанда жақсы алғы дақылды сүйеді. Оларға жақсы алғы дақыл болып таза пар және екпе пар, бұршақ дақылы және көпжылдық шөптер. Алғы дақыл ретінде ерте жиналатын сүрлемдік жүгері де жақсы.

Тритикалені астықты дәнді дақылдардан кейін себуге тиімсіз, өйткені астық өсірілген танап қатты құрғап қалады да, тритикаленің өскіні күзде нашар қалыптасып, баяу дамиды. Соның әсерінен келешекте оның өнімі мен сапасы төмендейді.

Тритикаленің мал азықтық сортына жақсы алғы дақыл дәнді бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері және жаздық астық дақылдары.

Танапта топырақ өңдеу жұмыстары жақсы өтуі тиісті. Мұның ең негізгі міндеті топырақта ылғал жинау және арамшөптермен күресу.

Тритикалені екпе пардан кейін сепкенде танапты ауыр дискілі тырмамен 2-3 рет өңдейді, содан кейін барып 22-25 см тереңдікке аударып жыртады. Себер алдында арамшөптермен ластануына қарай 1-2 рет культивация жүргізеді.

Танапқа гектарына 20-30 тн органикалық тыңайтқыш (көң) берген тиімді, немесе толық минералды тыңайтқыш беріледі (N90-120P60K45).

Тыңайтқыштарды күзде зябь жыртқан кезде береді, содан кейін көктемде азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіреді (N40-60). Осылай болған жағдайда тритикаленің дәнінде белок мөлшері 1,0-2,5% өседі және көк балауса өнімі 15-35% жоғарылайды.

Тритикаленің өнімі оның оңтайлы себу мерзімінде өткізілгеніне байланысты. Солтүстік, орталық облыстарда оны 30 тамызға дейін сеуіп бітіру керек. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс облыстарында қыркүйектің аяғына дейін себіледі.

Себу мөлшері гектарына 3 млн. өнгіш тұқымнан 7,0 млн. данаға дейін ауытқиды. Тұқымдық тритикаленің себу мөлшері 3,0-4,5 млн. өнгіш тұқым.

Тұқым себу тереңдігі 5-6 см. Күзгі құрғақшылық жылдары себу тереңдігі 7-8 см.

Тритикаленің көк балаусасының мал азықтық сапасын көтеру үшін оны күздік сиыр жоңышқасымен қосып себеді. Қоспада тритикаленің себу мөлшері гектарына 120 кг, сиыр жоңышқаның себу мөлшері 60 кг болып алынады. Осылай себілген шөп қоспасы суармалы танаптардан 550-600 ц/га дейін көк балауса алынып 10 ц/га дейін протеин жиналады.

Тритикалені дәнге бөлектеп жинайды (15-20 см биіктікте) немесе тікелей жинайды. Бөлектеп жинау дәннің қамырланып піскен кезеңінде жүргізіледі (дәннің ылғалдылығы 30-40%). Бөлектеп шабу мен оны дестеден жинау аралығы 2-4 күннен артық болмау керек. Өйткені дестеде жатып қалған тритикале масағындағы дән оның құрамында - амилазының белсенділігінің жоғары болуына байланысты тез көктеп кетеді.

Мал азықтық тритикалені көк шөпке, пішенге және басқа да мал азықтық түрлерін алу үшін түтіктенгеннен бастап толық масақтанғанға дейін шабады. Осы кезеңде шапқанда оның өнімінің сапасы ең жоғары болады.

Қазақстанда тритикаленің мал азығы өндірісін дамыту үшін келешегі зор. Оны республиканың барлық аймақтарында өсіруге болады. Оңтүстіктің суармалы жерлерінде оны мәдени жайылымдарға қолдану және одан мал азықтарын дайындау өте пайдалы.




жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет