Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет126/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Жүрек жапырақты қатыран

(Катран сердцелистный, Сrатbе соrdifоlіа)


  1. Қатыран түршелерінің халық шаруашылығында маңызы

  2. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.

Қатыран түршелерінің халық шаруашылығында маңызы әрқилы. Ол мал азығына, көкөніске, техника дақылдары ретінде, сәндік өсімдік ретінде пайдаланылады. Мысалы Стевен қатыранын, ақжелек орнына пайдаланады. Оның тамырын мемлекетгік дайындау орындары қадбылдайды. Кочи қатыранында қант пен крахмалдың көп болуына байланысты ол техникалық дақылдар есебінде пайдаланылады. Абиссиним қатыранында майдың мөлшері жоғары (36% дейін) болғандықтан оны өсімдік майын алу үшін пайдаланады.

Алайда қатыран негізінен мал азықтық қасиеті жағынан өте маңызды өсімдік болып есептеледі. Оның жабайы түрлерімен көпшілік малдар сүйсініп қоректенеді. Кейбір табиғи жайылымдарда малдың түяғымен оның күрып кетуі мүмкін. Сондықтан қатыран өскен шалғындарда мал бағуды дүрыс жүйеге көшіру бүгінгі күннің талабы болуға тиісті (1-сурет).

Жүрекжапырақты қатыран қырыққабат түқымдасына жататын көпжылдық, қүрғақшылыққа төзімді мал азықтық өсімдік. Табиғатта Жерорта теңізі аймағында кездеседі. Бүрынғы Одақ көлемінде Солтүстік Кавказда өседі. Бүл өсімдіктің мал азығына пайдаланыла бастағанына көп болған жоқ. Алғаш рет қатыран Украинаның, Краснодар, Коми республикасының күрғақ аудандарында өсіріле бастады. Қатыранның көк балаусасының мал азыктық маңызы мал азықтық қырыққабатқа жақын. Оны барлық маддар сүйсініп жейді. Көбінесе оны қой-ешкіге береді. Қатыраннан шөп ұнын дайындайды, басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салады. Ерте көктемде қар кете салысымен көгеріп шығып тез өсе бастайтын биологиялық ерекшелігі оны көк конвейер ретінде пайдалануға болатынын көрсетті.



1-сурет. Жүрек жапырақты қатыран. 1,2-өсімдіктің өскіні және гүлдеген кезеңі; 3-гүлшоғыры; 4 жөне 5-жемісі мен тұқымы (сол жақта үлкейтілген).
Жүрек жапырақты қатыранның орташа өнімі гектарына 400-500 ц-ге тең. Ең жоғары өнімі 900-1000 ц/га көк балауса болды. Катыранда кездесетін қоректік заттар мөлшері жағынан ол жүгеріден, жоңышқадан кем түспейді. Онда көбінесе протеин мөлшері көптеп кездеседі. Катыранньң алғашқы даму фазаларында протеин мөлшері 33-36% (қүрғақ затында) дейін кездеседі. Соңғы даму фазаларында протеин мөлшері төмендейді. Қатыранның әр гектарынан 15-20 ц-ге дейін протеин жинауға болады (мысалы Украинада). Мүндай өнімді бұрыннан өсіріліп келе жатқан дақылдар бере алмайды.

Катыранның белогі аминқышқылдарына бай келеді. Онда 17 аминқышқьшдары кездеседі. Олардың ішінде көп кездесетіндері: лизин, аргинин, гястидин жөне трипрофан. Және де қатыранның басты ерекшелігі оның өсімдігіндегі аминқышқылдарының өсіп-дамуыкың ақырғы фазаларына дейін сақталуында. Сол ерекшелігіне байланысты оның түқымын жинап алғаннан кейін де сүрлемге салуға болады.

Қатыранның көк балаусасында клетчатка мөлшері көп болмайды –12-16% Оның шанақтанып гүлдене бастағанда клетсатка мөлшнрі 12-16% шамасында ғанаа болады. Керісінше, онда күл заттарының мөлшері көп кездеседі (14-18%дейін)де олардың төрттен бірін кальций құрайды.

Қатарын өсімдіктеріне каротин оның шанақтанған фазасында көптеп кездеседі 60-90 мг (1 кг құрғақ затында). Әсіресе каротин алшынында көп болады. Өсімдікте ең жоғарғы аскорбин қышқылы салқын айларда байқалады, яғни көктемде және жаздың екінші жартысынан әрі қарай.

Қатыранның көк балаусасында жапырақ мөлшері 60-70% құрайды. Онымен қой ешкі, шошқа жақсы қоректенеді.Қара мал үйренгенше онша жемейді де, үйреніп алғасын жақсы жейді. Олар тәулігіне 25-30 кг\ға дейін қатырынның көк балаусасын жейді.

Қатырынның 100 кг көк балаусасында 13азықтық бірлік ж\е 1,9 кг қорытылатын протеин кездеседі. Өзінің малазықтық қоректілігі жағынан қатыран малазықтық қырыққабатпен қатар. Қатыранның ерте фазасында шабылып алынған көк балаусасынан шөп ұнын дайындайды. Оны барлық малдар сүйсініп жейді. Оңын құрамында протеин мөлшері 130-140 мг\кг дейін кездеседі. Қатыранның ерте даиу фазаларында өсімдіктегі қант мөлшері 10-15 дейін болады (құрғақ затында).Сондықтан ол жақсы сүрленеді. Бірақ гүлдегенде тұқымднған кезенінде қанттың мөлшері төмендейді. Сол себептен осы кезенінде оны басқа сүрлемдік дақылдармен (жүгері,аю балдырғаны т.б) араластырап сүрлемге салған тиімді. Бұл үшін көбінесе қатыранның алшынын ( екінші орымын) пайдаланады. Бірінші жинау көбінесе көк азық немесе шөп ұнын дайындауға пайдаланады.

Қорыта келгенде қатыранды ерте көктемнен күздің аяғына дейін мал азығын пайдалануға болады. Оны әртүрлі аймақтарда зерттеудің нәтижесінде оның әртүрлі ауа- райына бейімделгіш екені анықталады. Қатыранды Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріп, пайдалануға болады.




жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет