Де бір саясаттанушы ғалыммен



жүктеу 489.08 Kb.

бет1/6
Дата13.02.2017
өлшемі489.08 Kb.
  1   2   3   4   5   6

Өт 

кен 


де бір саясаттанушы ғалыммен 

әңгімелескенімде, ол: «Қазақ халқында үнсіздік келіскендікті 

білдірмейді, біздің халық сабырлы бола біледі және қарсы жақты тыңдай 

алады», – деді.

Бұл азаматтың айтқаны айна-қатесіз 

дұрыс! Рас, біздің халқымыздың күші – 

даналықта, көрегендікте, сабырлылықта 

ғана емес, өмірге деген философиялық қарым-

қатынасында, жауының алдында тізе бүкпейтінінде, 

ауыртпалық, қасірет алдында мойымайтынында, 

әрдайым еңсесін көтеріп алға жүретінінде, кең 

кешірімділіктен бақыт табатынында, қайғысы 

бар адамға, әл-ауқаты төмен жанға қол ұшын бере 

білетінінде, жолаушыларға есік ашатынында, әмбебап 

ережелермен өмір сүретінінде, қысқасын айтқанда, 

адами қоғам тұрмысының заңы бойынша өмір сүре 

алатындығында.

Қазақ мемлекеттілігінің мыңжылдық кезеңіндегі 

қалыптасу барысын да біздің халық ғаламдық 

категориямен болжады. Бүгінгі таңда ұлтымыздың 

бір балама аты бар, ол – төзімділік. Бұл – парасат 

пен сенімнен туған төзімділік.

Бағзы заманда «Елім-ай» әні халықтың 

қайғысын жеңілдету үшін айтылса, бүгінде 

«ел» сөзі мен ұғымы мәңгіліктің әрі 

бастауын, әрі бағытын көрсетеді. 

Бізде осы сөздің бір нұсқасы 

– халық. Қазақ «қара жер 

мен халық қартаймайды» деп бекер 

айтпаса керек.



№ 20-21 (177-178),  

қараша, 2014 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Құрметті қазақстандықтар!



НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы

ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ 

ЖЕРҰЙЫҒЫ

(Жалғасы 8-9  бетте)

Ерлан СЫДЫҚОВ,

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университетінің 

ректоры

Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен 

бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық 

қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған 

жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен 

жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси 

дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты 

әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер 

туындатуда.

Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, 

таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. 

Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы 

күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек 

мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар 

ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың 

бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей 

жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс 

ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз 

көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және 

тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.

(Жалғасы 4-5-бетте)

«ЕЛІМ- АЙ»  ЖӘ НЕ   ХАЛЫҚ

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (177-178), 

қараша, 2014 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

Технологияларды 

коммерцияландыру жөніндегі  форум

Халықаралық 

сертификатқа ие болды

Есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Аталмыш жобаларды көрсету мақсатында әрі тәжірибе алмасуға пікір алаңын 

құру, өзара тиімді келісім-шарттарды орнату, технологияны алға жылжыту мен 

енгізуге атсалысу аясында «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» 

ЖШС ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Технологияларды 

коммерцияландыру» жөнінде І халықаралық форумын өткізді. Аталмыш форумға 

Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары қатысты: 

Форумды сол кездегі ҚР премьер-министрдің орынбасары Г.Н. 

Әбдіхалықова ашты. Сонымен қатар форумда ҚР БҒМ министрі А.Сәрінжіпов, 

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы аймақтық менеджері Л.Бутенко, Ғылым 

мен коммерцияландыру бойынша Халықаралық кеңестің төрағасы Г.Швайцер, 

Американдық «CRDF Global» азаматтық зерттеулер мен даму қорының бірінші 

вице-президенті Д.Херли болды. 

Аталмыш форум аясында «Технологиялық аудит: Ғылымның нарықпен 

байланыс тетігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұр Отан» 

партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалының VI есеп беру-сайлау 

конференциясы өтті. 

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Аcтана қалалық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары Сапар Ахметов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Нұр Отан» партиясы Астана 

қаласындағы «Нұр» филиалының төрайымы Жәмилә Нұрманбетова, 

төрайымының бірінші орынбасары Асхат Оралов және факультет декандары 

қатысты. 

Жиында «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалының 

2013-2014 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары бойынша саяси кеңестің 

және саяси кеңес бюросының есебі тыңдалды. 

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы 

Астана қаласындағы «Нұр» филиалының саяси кеңесіне 18 адам, «Нұр Отан» 

партиясы Алматы аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 50 

делегат сайланды. 



2011 жылдан бастап ЕҰУ-де ҒЗТҚЖ гранттық бағдарламалар 

(33 жоба) және технологияларды коммерцияландыру (16 жоба) жүзеге 

асырылып келеді. 

Университетіміздің 30-ға жуық оқытушысы «Білім берудегі заманауи  

әдістер» тақырыбындағы дәріс курсын аяқтау жөніндегі халықаралық 

сертификатқа ие болды. 

Уақыттың жаңа талабы жаңа ережелерді талап етеді. Білім беру қызметінің 

сапасын көтеру – стратегиялық маңызы бар мәселе: ол еліміздің экономикалық, 

саяси, қоғамдық қауіпсіздігінің тірегі. 

Еуразия ұлттық университеті мен Бельгияның EduCouncil атты халықаралық 

білім беру орталығының бірлескен пилоттық жобасы өз нәтижесін берді: ЕҰУ-дің 

профессор-оқытушылар және әкімшілік құрамының 30-дан аса өкілдері халықаралық 

тәжірибе мен сапа стандарттарына сәйкес білім беру үдерісіндегі оқыту мен 

менеджменттің заманауи тәсілдерін меңгеріп шықты. Еуразиялықтарға жаңа кәсіби 

байланыстарды орнату мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік 

берілді. 

Ағымдағы жылдың 25 қазан мен 4 қараша аралығында Еуразия ұлттық 

университетінде жоғары білім беру үдерісіндегі оқыту мен менеджменттің заманауи 

тәсілдері жөнінде Бельгия, Венгрия, Испания елдерінің жетекші профессорлары 

дәріс оқыды.

Сертификаттарды табыстау рәсімі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Бельгия 

Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі, EduCouncil халықаралық білім беру орталығы, 

Левен және Гранада университеттерінің өкілдерінің қатысуымен жүзеге асты. 

Салтанатты рәсімде ЕҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры Еркін Оңғарбаев, 

EduCouncil халықаралық білім беру орталығы тарапынан компания директоры 

Оксана Позднякова құттықтау сөз сөйледі. Екі жақ та халықаралық деңгейде ЖОО-

ның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда және халықаралық белсенділікті жоғарылату 

есебінен QS World University рейтінгісінде университеттің беделін көтеруде 

осындай жобалардың маңыздығы мен қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, Бельгия 

Корольдігінің елшісі Мануэл Ларочча Парада атынан оның саяси және экономикалық 

мәселелер жөніндегі көмекшісі Эльжабета Хорошко сөз сөйлеп, оқытушылар құрамы 

ұйымдастырушыларға осы жобада берілген мүмкіндіктер мен алған білімдері үшін 

алғыс білдірді. 



Еуразия ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, 

Еуразия ұлттық университеті және Мемлекет тарихы институты 

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

«Мәңгілік Ел» идеясы тұғырында Қазақстан тарихы ғылымы және 

білім ұйымдарында оқытудың негізгі мәселелері жөнінде» атты дөңгелек 

үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламентінің Сенаты және Мәжіліс депутаттары, 

қоғам және мемлекет қайраткерлері, Астана қаласы жоғары оқу орындарының 

ректорлары мен ғалымдары, Астана қаласы мектептерінің және арнаулы оқу 

орындарының тарих пәні ұстаздары, оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосуда Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Қазақстан 

Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Ұлытауда берген сұхбаты тұғырында 

қазақ халқы тарихына байланысты және білім ұйымдарында оқытудың негізгі 

мәселелері төңірегінде әңгімелеп, дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен 

бөлісті.


Дөңгелек үстел басындағы әңгімені Мемлекет тарихы институтының 

директоры Бүркітбай Аяған жүргізіп отырды.



Дөңгелек  үстел  өтті

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (177-178), 

қараша, 2014 жыл

Гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

«Нұрлы жол» – баянды жол

«Баймаханов оқулары»

Заң факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, 

конституциялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ 

заң ғылымының іргетасын қалаушы ғылым қайраткерлерінің 

көрнекті өкілдерінің бірі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының 

академигі Мұрат Тәжімұратұлы Баймахановтың құрметіне 

арналған «Баймаханов оқулары» атты дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысы «Жаһандану дәуірінде мемлекет және 

құқық» деген тақырыпта өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысына з.ғ.д., профессор С.Ф. Ударцев, 

з.ғ.д., профессор Е.А. Оңғарбаев, з.ғ.д., профессор С.К. 

Амандықова, з.ғ.д., профессор Ж.Д. Бусурманов, з.ғ.д., 

профессор А.Д. Жүсіпов сынды еліміздің белгілі ғалымдары 

қатысып, өз ойларын талқыға салды. 

Дөңгелек үстел жұмысы нәтижесінде мемлекеттіліктің аса 

маңызды мәселелері қарастырылып, өзекті және өте қызықты 

ғылыми пікірталас өрбіді. 

Семинардың дәріскерлері ретінде ҒЗЖ 

есебін рәсімдеу мен тіркеу бойынша ғылыми 

жобалардың жетекшілерін таныстыру мақсатында 

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» 

АҚ, Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру 

департаментінің директоры Қ.А. Елеукенова мен 

бағдарламалар мен ғылыми-зерттеулер жобаларын 

тіркеу бөлімінің бастығы Г.Ф. Жаркова сөз сөйледі. 

Ғылыми жобалардың жетекшілері есеп пен 

ережелерді рәсімдеуге қойылатын талаптарды 

реттеуші МЕМСТ 7.32 – 2001 мемлекетаралық 

стандартпен танысты. 

Бүгінде университеттің оқытушы-профессорлар 

қауымымен Жоғары ғылыми-техникалық 

комиссияның хаттама шешімімен анықталған 

ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 

1,3 миллиард теңгеден астам сомаға 180-ге жуық 

ғылыми жоба орындалуда: энергетика, шикізат пен 

өнімдерді терең жасап шығару, ақпараттық және 

телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы 

ғылым, мемлекеттік зияткерлік әлеуеті.

2012-2014 және 2013-2015 жылдарға арналған 

ғылыми-зерттеулерді гранттық қаржыландыру 

бағдарламасы бойынша 157 жоба жүзеге асырылып 

жатыр.


Университеттің ғылыми мектептері тарапынан 

«Инновациялық нәтижеге бағытталған университет 

ғылымын мақсатты дамыту», «Халықаралық 

ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар», 

«Ғылыми Қазына» пәнаралық бағдарлама, «Түркі 

геосаяси ерекшелігі: қайнар көздері, мирасқорлық», 

«Мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми 

зерттеулер» бағдарламалық-мақсатты қаржылан-

дыру бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеулер 

жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар білім 

ордамыздың ғалымдары тарапынан әр түрлі 

компаниялардың тапсырысы бойынша жобалар 

атқарылуда. 

Қаржыландыратын ғылыми жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық және 

қорытынды есебін тапсыру  қарсаңында Ғылым және инновациялар департаменті «Ұлттық 

ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен оқыту семинарын 

ұйымдастырды. 

Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихи 

құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық 

маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты 

міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз 

етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы 

тұрғыдан сипатталған: бәрімізді «Нұрлы жолға» 

жұмылдырып отыр. Міне, жасампаздыққа жетелеген 

осы «Нұрлы жол» табыстарымызға ұйтқы болып, 

еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет 

өрісіне шығармақ. Ұлт көшбасшысы: қайнаған 

тіршіліктің бәрі елдің күре жолына қатысты 

екенін баса айтты. Өйткені, жолдардың дамуы 

тіршілікпен тығыз, тікелей байланысты: 

бәсекелестік кеңістікте жолдары дамыған ел 

ғана алдыңғы орынға шығатынына көзіміз 

жетті. 

«Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, 



бақуатты тірліктің қайнар көзі,  –  деді Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев. – Барлық аймақтар темір 

жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз 

байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз 

жолдың торабы елорданың жасампаздық 

рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. 

Аймақтардың өзара байланысын жақсарту 

елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың 

бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық 

байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың 

нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету 

- бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ».

Елбасы Н.Ә Назарбаев өзінің «Тарих 

толқынында» атты еңбегінде «Егер біз мемлекет 

болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ 

уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық 

руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған 

барар жол халық даналығының негізінде жатыр» 

деген еді. Былтырғы Қазақстан халқына бағыттаған 

Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыздың – 

түркілердің Мәңгілік ел идеясын – Қазақ елінің 

ұлттық идеясы ретінде жариялады. Енді міне 

Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол» атты 

дәстүрлі Жолдауын жолдап отыр. 

«Нұрлы жол» – барша қазақстандықтардың 

өміріне, болашағына қатысты құжат. Ертеңгі 

бағытын, жүретін жолын, өсу жолындағы мұратын 

анық білген елдердің қандай жеңістерге жеткенін 

тарихтан білеміз. Біздің еліміз тәуелсіздігіне енді 

қол жеткізіп жатқанда алдағы 30 жылын ойласа, енді 

жүрісін дұрыстап, тынысын жөндеп алғанда «Нұрлы 

жол» деген мұратты алға қойды. Нұрлы жол деген 

халықтың жағдайы, Нұрлы жол деген елдің өрлеуі, 

Нұрлы жол деген Нұрлы жарқын өмір.

Елбасымыз халыққа Жолдауында: «Біз 

Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты 

бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы 

Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет 

ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді 

бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - 

елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. 

Ол «Қазақстан 2050» Стратегиясының ғана емес

XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас 

идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм 

дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан 

қоғамының осындай ұлы құндылығы» деген 

тұжырым жасады.

Мәңгілік Ел болу мәселесі және Нұрлы жолда 

атқарылуға тиісті іс-шаралардың бәрі де ең әуелі 

халқымыздың санасына терең сіңірілуі керек. Сонда 

әркімнің мемлекет алдындағы, өз ұлтының алдындағы 

жауапкершілігі де арта түседі. Елбасы «2015 

жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі 

биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер 

жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан 

халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 

жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. 

Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық 

Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге 

ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы 

жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, 

татулығы мен тыныштығы ең басты назарда» 

деді.

Осы орайда айта кеткен жөн, 2013 жылы 



28 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-

де Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 

ашылды. Басты міндеті – Қазақстан халқы 

ассамблеясының тәжірибесі мен елдегі 

ұлтаралық татулық негізін сараптамалық 

бірлестіктер мен ғылыми құрылымдарды 

қалыптастыру арқылы іргелі зерттеуді 

жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық, 

саяси және мәдени үдерістер тұрғысында 

этносаясат мәселелеріне байланысты 

жүйелі зерттелген тұжырым қалыптастыру, 

этносаяси зерттеулерді әлемдік тәжірибемен 

салыстыра отырып зерделеу,  дамыту. 

Әлемді мойындатқан ұлтаралық татулық пен 

дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі 

жетекші жоғары оқу орнында ғылыми-

сараптамалық тұрғыда зерттеле бастады. 

Кафедраға Парламент Сенатының депутаты 

Анатолий Башмаков жетекшілік етеді. 

Университетіміздегі толеранттылық пен 

этносаралық үйлесімділік жөніндегі ЮНЕСКО 

кафедрасы да (меңгерушісі «Мир» телеарнасының 

бастауында тұрған қайраткер, журналист Ғаділбек 

Шалахметов) «Нұрлы жол» бағдарын салаландыруға 

қызмет етеді деп ойлаймыз.

Халық «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. 

Елбасымыздың елімізді жауапкершілікке шақыра 

отырып, жаңа бастама – нұрлы жолымызды 

қуаттандырғаны мемлекетімізді баянды белестерге 

бастайды деп сенеміз.



Ерлан СЫДЫҚОВ,

 Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры

4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 20-21 (177-178), 

қараша, 2014 жыл

Халықаралық валюта қоры мен 

Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 

және одан кейінгі екі жылда әлемдік 

экономиканың дамуында болжам 

төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны 

белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды 

жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы 

кезеңдердің жоспарларына түзетулер 

енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға 

уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге 

асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын 

алу үшін барлық ықтимал шараларды 

жедел қабылдауға тиіспіз.

Бүгін менің тапсырмам бойынша 

Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. 

Біз 2015 жылға арналған республикалық 

бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. 

Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық 

шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы 

бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін 

төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған 

қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, 

алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік 

міндеттемелерді толық көлемінде 

қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.

Дағдарыс жағдайларында, әлемдік 

тәжірибе көрсетіп отырғанындай, 

экономикалық саясатты қайта 

бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды 

экономикалық өсім мен жұмыспен 

қамтуда аса үлкен мультипликативті 

тиімділік беретін салалар алуы 

тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған 

дейін болған. Біздің 2007-2009 

жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты 

шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. 

Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің 

жоспарларымызға түзетулер енгізуде. 

Және біз партияның тұғырнамасын 

бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай 

отырып, жаңа мазмұнмен толықтыруға 

тиіспіз.


Менің тапсырмам бойынша Үкімет 

дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын 

жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда 

тұрған сын-қатерлерге жауап бере 

отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы 

жол» жаңа экономикалық саясаты туралы 

жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған 

халыққа жаңа Жолдауымды осыған 

арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие 

болады және біздің экономикамыздағы 

құрылымдық реформаларды жалғастыруға 

бағытталады. Бұл нені білдіреді?

Сыртқы нарықтардағы жағдай 

оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай 

мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға 

айтарлықтай жоғары деңгейде болған 

жылдары біз шикізат экспортынан түскен 

табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. 

Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі 

біздің экономикамыздың сыртқы естен 

тандырулар алдындағы орнықтылығын

оның ішінде, табиғи ресурстарға баға 

төмендеген жағдайда да, жоғарылату 

болып табылады.

Осы жылдардың бәрінде шикізат 

өндіру мен одан түскен табыстарды біз 

осы Қорға салып келдік. 10 миллиард 

долларды біз 2007-2009 жылдардағы 

дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. 

Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап 

қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. 

Қазір біз осы резервтерді пайдалануға 

тиіс болатын кезең туындап келеді. 

Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, 

экономикамыздың өсімін ынталандыруға 

көмектесетін болады. Бұл ресурстар 

қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. 

Олар экономиканы әрі қарай қайта 

құрылымдауға бағытталатын болады. 

Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, 

индустриялық және әлеуметтік 

инфрақұрылымдарды, шағын және орта 

бизнесті дамытуға бағытталады.

Ақпан айында Ұлттық қордан 

экономикалық өсім мен жұмыспен 

қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 

500 миллиард теңгеден екі транш 

бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы 

шешім қабылданған болатын. Басталған 

жобаларды аяқтау және аса өткір 

мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық 

қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі 

екінші транш қаржысын мына мақсаттарға 

бағыттауды тапсырамын.

Бірінші. Шағын және орта 

бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті 

жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 

миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ 

және химия өнеркәсібіндегі, машина 

жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер 

саласындағы жобаларды жүзеге асыруды 

қамтамасыз етеді.

Екінші. Банк секторын сауықтыру 

және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 

2015 жылы Проблемалы несиелер қорын 

қосымша 250 миллиард теңге көлемінде 

капиталдандыруды қамтамасыз етуді 

тапсырамын.

Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту 

үшін тиісті жағдайларды жақсарту 

қажет. Осы мақсатта 2015 жылы 

«құрғақ порттың» бірінші кешені 

құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс 

қақпасы» және Атырау мен Тараздағы 

«Ұлттық индустриялық мұнай химиясы 

технопаркі» арнаулы экономикалық 

аймақтары инфрақұрылымдарына 81 

миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.

Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 

миллиардқа «ЭКСПО-2017»  кешені 

құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 

2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге 

бөлуді тапсырамын.

Бесінші. «ЭКСПО-2017» 

қарсаңында бізге Астананың көліктік 

инфрақұрылымын дамыту туралы 

ойластыру қажет. Астана аэропорты осы 

жылдың өзінде-ақ өзінің максималды 

өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. 

Сондықтан, оның әлеуетін ұлғайту үшін 

2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен 

ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 

29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. 

Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай 

жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін 

ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал