Дарынды балаларды тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері



жүктеу 97.45 Kb.

Дата14.04.2017
өлшемі97.45 Kb.

Қадысқызы Айгүл, 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  

Ұлттық Университетінің  

Халықаралық қатынастар  

факультеті шетел тілдері  

кафедрасының аға оқытушысы

1

 

 



ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

«ДАРЫНДЫ  БАЛАЛАРДЫ  ТӘРБИЕЛЕУДІҢ  КЕЙБІР  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» 



атты мақалада автор ҚХР Бейжің қаласындағы № 8 дарынды балаларды тәрбиелеу 

сыныбын  қысқаша  таныстыру  арқылы  дарынды  балаларды  қалай  талдау,  қалай 

оқыту  мен  тәрбилеу  мәселесіне  тоқтала  келе  осы  сынытағы  тиімді  оқыту 

методикасын  баяндады,  және  басқа  да  мемлекеттер  арасындағы  дарындыларды 

тәрбиелеу дегі жақсы тәжірибелерін қолдануды ұсынады.   

Кілт сөздер: дарынды балалар, тәрбие, оқыту. 

 

Әлемдік экономиканың жаханданумен қатар ғылым мен техниканың бірлестігі 



күн санап күшейіп, болашақта, қоғамдағы бәсекелестік дарындылардың бәсекелесі 

болмақ.    Дүние  жүзінде  дарынды  балаларды  зерттеу  жұмысының  басталғанына 

біраз жылдар болды. Ал Қытайда дарынды балаларды зерттеу ісі XX-ғасырдың 80-

жылдарынан  бастап  қолға  алынған.  Осы  30  жылға  жуық  уақыт  ішінде,  Қытай 

ғалымдары ұтымды еңбек етіп, дарынды балалардың рухани, ақыл-ой, дене-тәрбие 

жақтарын  зерттеу  және  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  жақтарында  осы  мәселеге 

қатысты халықаралық ғылым саласын елең еткізерлік табыстарға қол жеткізді. 

Дарынды  тәрбиелеу  дегеніміз  –    оқытудың  өзіндік    ерекше  тәсілі,  онда 

жалпылама    оқыту  үдерістерімен  қатар,  ерекше  оқыту  тәсілі  қолданылады.  Бір 

жағынан  оқыту  принциптері  мен  әдісі  қолданылса,  енді  бір  жағынан  ерекше 

талаптар  да  қойылады.  Яғни,  дарындыларды  тәрбиелеу  ақыл-ойы  артып  туған 

балаларды әдеттен тыс тәрбиелеу. Қытайда мұны – «Киелі бала» тәрбиесі делінсе, 

Еуропада  мұны  –  «Дарындыларды  тәрбиелеу»  деп  атайды.  Қытай  мемлекеттік 

дарындыларды  зерттеу  қоғамы  ерен  дарындылар  кәсіптік  комитетінің  төрағасы, 

профессоры  Хы  Шуман  –  ақыл-ойы  орта  дәрежеден  жоғары  балаларды  айрықша 

тәрбиелеуге болады, айрықша тәрбиелеу баланың әр кезеңдегі дамуына сай, оның 

қоғамдық  қабілетін  жетілдіріп,  оның  ерекшеліктері  мен  қаблетін  ашып,  сапалы 

тәрбие жүргізу деп қарайды. 

Ғалымдардың зерттеуінше: дарынды бала деген ұғымның кең және тар екі түрлі 

мәні  бар.  Кең  мағынасы  –  ақыл-ойы,  қабілеті  және  ақыл-ой  қабілетіне  жатпайтын 

жеке қасиеті әдеттегі балалардан артық ерекшеліктері бар балалар. Мәселен, кейбір 

бала  әсем-өнер  және  музыканы  қабылдау  қасиеті  ерекше  болады.  Мұндай 

балалардың  салыстырмалы  саны  шамамен  10%-15%-ды  қамтиды.  Тар  мағынасы 

балалардың  ақыл-ой  өрісімен  дараланады.  Яғни,  ақыл-ойы  әдеттегі  балалардан 

                                                

1

 



e-mail: kadys_a@mail.ru 

 


жоғары,  математикасы,  ойлау  қабілеті,  тіл  қабілеті  жақсы  балалар.  Мұндай 

дарынды балалар әдетте 3%-ды құрайды. Соңғы кездерде ғалымдардың зерттеулері 

бұл  ұғымға  жаңа  кең  көлемді  толықтыруларды  енгізді.  Олар  күшті  жасампаздық 

қабілеті, басшылық ету қабілеті, ұйымдастыру, басқару қабілеті болып табылады[1].  

Қытайдағы бесінші реткі халық санағына сүйенсек, дарынды балалардың саны 

3%-ық  салыстырмамен  есептегенде  оларда  6  миллион  дарынды  балалар  болуы 

керек екен. 1977 жылдың соңынан бастап ҚХР орталық комитеті мен министрлер 

кабинеті  елде  жоғары  оқу  орындарына  талапкерлер  қабылдауға  емтихан  тәртібін 

қалпына  келтіру  туралы  ережені  бекітті.  Ел  бойынша  дарындыларды  ертерек 

табуға,  олардың  игілігін  ертерек  көруге  үндеді.  Нәтижесінде  елде  ғылымға  деген 

құлшыныс  күшейді.  Оқу  әдістемесінде  шетелдік  озық  тәжірибелер  де  молынан 

қолданылды.    Балабақша,  бастауыш  мектеп  сатысындағы  ұрпақ  тәрбиесіне  көп 

көңіл  бөлінді.  Көптеген  жоғары  оқу  орындарының  жанынан  дарынды  балаларға 

арналған сыныптар ашылып, орта мектептер құрылды. Атап айтқанда, 1986 жылы 

26-қаңтардағы ҚХР Білім министрлігінің арнайы қаулысымен Бейжің университеті, 

Синхуа  университеті,  Бейжің  педагогикалық  университеті,  Шанхай  Цзяо  Тун 

университеті,  Нан  Цзинь  университеті,  және  т.б.  12  университеттерде  дарынды 

балаларға  арналған  топтар,  сыныптар  жұмыс  істей  бастады  [2].

 

Бұл  Қытайдағы 



университет  деңгейіндегі  дарындыларды  тәрбиелеу  саласының  дами  түскендігін, 

осы  саланың  жоғары  оқу  орындары  аясында  даму  болашағына  ие  болғандығын 

көрсетеді.  Осылайша    дарынды  балаларды  тәрбиелеу  жоғары  оқу-ағарту 

құрамының бөлігіне айналды [3]. 

Жаратылыстану пәндері бойынша дарындылардың орта мектеп сатысында өсіп-

жетілу ерекшеліктеріне сәйкес, оларды орта мектептен жоғары оқу орындарына өту 

сатысында  іздеп  табу  мақсатында  арнайы  дайындық  сыныптары  ашылды.    Ең 

алғаш  мұндай  дайындық  сыныптары  1985  жылы  Қытай  политехникалык 

университеті  мен  Бейжің  Цзии  Шань  орта  мектебі  арасында  ашылған  еді.  Бүгінгі 

таңда орта мектеп сатысындағы мұндай дайындық сыныптары барлық  жерде бар. 

Сондай-ак,  қаладағы  орта  мектептердің  бірсыпырасында  дарынды  балаларға 

арналған сынып топтары жұмыс істеуде [4]

.

 

Бұл  аталған  түрлі  оқу  топтары  тыңнан  құралғандықтан    басқару  тәртібі  мен 



оқыту әдісі әртүрлі болды. Соған қарамастан көп жылғы оқыту тәжірибесі аркылы 

олар  бір-бірінің  жақсы,  пайдалы  жақтарын  қабылдап,  тиімсіз  жақтарын  керектен 

шығарып, көптеген дарынды балаларды, жеткіншектерді тәрбиелеп шығаруда. Бұл 

Қытай  мемлекетінің  алға  қойған  "Дарындыларды  ертерек  табу,  олардың  игілігін  

ерте көру" бағдарламасының  орындалуына ықпалын тигізіп келеді [1]

.

  



Бейжіңдегі  №8  орта  мектептің  жасөспірімдер  сыныбының  толық  аталуы  –

Бейжің  қалалық  №8  орта  мектеп  дарындылар  тәрбиелеу  сыныбы.  Онда  1985 

жылдан 2010 жылға дейінгі 30 жылда 500 дей оқушы оқу орнын бітіріп, ортақ жасы 

14-тегі  дарынды  балалар  8-орта  мектепті  бітіріп,  жоғары  оқу-орындарына  оқуға 

қабылданды.  Жасөспірімдер  сыныбының  оқу  уақыты  төрт  жыл.  Осы  төрт  жыл 

ішінде оқушылар бастауыш 5-ші, 6-шы жылдықтың, орталаудағы үш жылдықтың, 

орта  мектептің  үш  жылдығының  сабағын  оқып  бітіруі  тиіс.  Оқуға  он  жас 

шамасындағы  бастауыш  4-ші  сыныпты  бітірген,  ақыл-ойы  жақсы  жетілген 



дарынды  балалар  қабылданады.  Жасөспірімдер  сыныбының  он  арнаулы  мұғалімі 

және 1 арнаулы басқарушысы бар [5]

.

 

Дарынды  балалар  сыныбын  ашуының  мақсаты:дүние  жүзінде  бәсекелестік 



қуаты  бар  дарындыларды  тәрбиелеуге  негіз  қалап,  олардың  білімі  терең,  жан-

жақтылы  сапалы  үздік  оқушы  болуына  жол  ашып,  негіздік  оқу-ағарту  кезеңінде 

сапа  тәрбиесіне  мән  беру  бағытында  табанды  болып,  оқушылардың  моральдік, 

ақыл-ойлық, дене-тәрбие жақтарын жан-жақты

 

дамыту. 



Дарынды  балаларды  сараптау:  Қытай  ғалымдарының  дарынды  балалардың 

ақыл-ойы мен даралық ерекшелігі, сондай-ақ тапқырлық пен жасампаздық қабілеті 

сияқты жақтарын зерттеп, «Түрлі жол, алуан тәсіл арқылы жалпы беттік баға беру» 

принципін  қолданды.  Сараптау  –  бастапқы  сынақ,  қосымша  сынақ,  жалпы  сынақ 

болып үш кезеңге бөлінді.  

-  Бастапқы  сынақта  жазбаша  сұрақтарға  жауап  беру  және  математика,  тіл-

әдебиет, ақыл-ойды сынау жатады.  

- Қосымша сынақ жазбаша сұрақтарға жауап беру және математика, тіл-әдебиет, 

ақыл-ойды сынау.  

- Жалпы сынақ – жаздық лагерьде тексеру, зерттеу жүргізеді. Уақыты 7-10 күн, 

аудиториядағы  үйрену,  өздігінен  үйрену,  көркем  өнер,  дене-тәрбие  қимылдары, 

өнер  көрсету  сияқтыларды  қамтиды.  Жалпы  сынақ  -  жасөспірімдер  сыныбының 

өзіндік  ерекшелігі  бар  сараптау  тәсілі.  Осы  тәсіл  бұрынғы  дәстүрлі  жазбаша 

емтихан  тапсыру  барысында  анықтап  білуге  болмайтын  мәселелерді  шешті.  Яғни 

оқушылардың дамуы мен үйрену барысы, оқушылардың мінез құлқы, адамдармен 

болған  қарым-қатынасы,  моральдік  тәрбиесі,  бейімделу  қабілеті  сияқты  ақыл-ой 

жағына жатпайтын факторларды анықтау. 

Сараптаудың мазмұны және сақтануға тиісті 3 түрлі кедергі 

Ғылыми зерттеуге негізделгенде, әдеттегі жас шамасы ұқсас адамдардың ішінде 

шамамен 1-3% адамдардың ақыл-ойы ерекше болады [5]. Осы ұқсас жастағы ақыл-

ойы  асып  туған  1-3%-дай  баланы  қандай  өлшеммен,  нендей  тәсілмен  анықтауға 

болады?  Мұнда  ғылыми  заңдылыққа  бой  ұсынып,  физиология,  психология 

салаларындағы мамандардың жетекшілігіне  негізделіп, бірнеше сынақтар арқылы 

балалардың ақыл-ойының деңгейін анықтап, олардың мәселеге талдау жасау және 

оны шешу қабілетіне мән беріп, анықтау жүргізілді. 

-Тұқым  қуалау  арқылы  болатын  үлкен  ми  фукциясының  парқын  анықтау. 

Мұның басты құралы – «жүйке жүйесі мен әдеттегі қабілеттерін тексеру тесті». Бұл 

мәдениетке  қатыссыз  тест,  бұған  оқушылардың  білім  өрісінің  ешқандай  қатысы 

жоқ. 


-Кейіннен  үйрену  арқылы  алған  білімдерінің  сапасындағы  айырмашылығын  

анықтау. Мұнда басты екі нәрсе тексеріледі. Бірінші – осы жастағы оқушылардың 

алуға тиісті білімдерінің деңгейі, екінші – алған білімдерінің сапасының деңгейі. 

-  Кейінгі  білім  арқылы  қол  жеткізген  үйрену  қабілеті  және  тіршілік  ету 

қабілетіндегі  айрымашылығын  анықтау.  Мұнда  бастысы  оқушылардың  үйрену 

қабілетін қамтыған. Түрлі негіздік жалпылық қабілеті анықталады. 

Тексеріп  анықтаудың  ғылымилығы  мен  дұрыстығына  кепілдік  ету үшін,  түрлі 

тәсілдерді қолданып, кейбір тәртіптерді аттап өтуден басқа, мынадай бірнеше түрлі 

кедергіге ерекше көңіл бөлуі керек: 


а)Алдын-ала үйреніп арнайы жаттығу кедергісі 

Кейбір  оқушылардың  үлкен  ми  функциясының  қабілеті  әдеттегідей 

болғанымен,  тіл-әдебиет,  математика  білімдерін  көп  оқығандықтан,  емтихан 

барысында  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізеді.  Соңғы  жылдары,  қоғамда  дарындылар 

сыныбына  қабылдану  үшін  ұйымдастырылатын  қалыптан  тыс  курстар  барған 

сайын  көбейіп,  оқушыларды  талдау,  анықтау  қызметіне  көптеген  қиындықтар 

тудырды.  Кейде  тіпті  дарынды  балаларды  анықтауға  тіптен  кесірін  де  тигізуде. 

Сондықтан тек тіл-әдебиет, математика сабақтарынан емтихан алып, оқушы талдау 

барысында  оңай  қателесу  жайты  туылуда.  Қате  талданған  бала  оқуға  түскен  соң, 

оның сабақ оқуы барған сайын қиындасып, өз-өзіне сенімі жойылады. Тіл-әдебиет, 

математика  сабақтарының  емтихан  сұрағын  барынша  жаңа  сұрақтарды  алып, 

дайынын  істетпей,  соңғы  қабылдау  кезінде  оқушының  тіл-әдебиет,  математика 

сабақтарынан  алған  бағасына  қарамай,  оның  жалпы

 

қабілеті  мен  сапасына  назар 



аудару тәсілі қолданылуда. 

ә)Объективтілігі нашар ақыл-ой сынақ сұрақтарының кедергісі. 

Ақыл-ой  сынақ  сұрақтары  балалардың  үлкен  ми  функциясының  қабілетін 

тексереді, белгілі мағынадан алғанда бұл сұрақтар құпия болуға тиісті. Алайда, қазір 

бұл сұрақтардың құпиялығы ашылып, адамдар кез-келген жерден оны тауып алып, 

балаларды  осы  сұрақтарымен  дайындайтын  болады.  Сөйтіп  ақыл-ой  сынақ 

сұрақтарының объективтілігі барған сайын әлсіреді. 

б) Психологиялық жақтан ерте жетілу кедергісі. 

Мұндай  балалар  қате  талданып  оқуға  түссе,  олардың  жалғасты  даму  қабілеті 

төмен болып, бір сәт ғана жарқ етіп көрініп, соңынан ғайып болады. 



Ақыл-ойы дамыған дарынды балаларды тәрбиелеу 

Жасөспірімдер  сыныбының  оқыту  объектісі  -  ақыл-ойы  дамыған  және 

адамшылығы қалыптасқан шешуші кезеңдегі балалар, яғни, балалық шақтың орта, 

соңғы кезеңдегі (10-14 жас) ақыл-ойы ерекше балалар болып табылады. Олар төрт 

жылда  әдеттегі  оқушылардың  сегіз  жылда  оқып  тауысатын  үйрену  міндетін 

орындайды.  Ең  бастысы  осы  кезеңдегі  оқу  процесі  оқушылардың  өздігінен 

талпынып,  «Адамның  тұлғалық  қасиеті  толық  әрі  сәйкесті  дамитын»,  ақаусыз 

адамшылықтың  қалыптасуы  мен  қоғамдануын  ілгерлету  барысына  тамаша 

болашаққа  қадам  тастайтын  тұғыр  орнату  барысына  айналады.  Дарынды 

балалардың  дамуына  лайықты  оқу  ортасын  жасап,  олардың  дене  тұлғасындағы, 

психологиясындағы,  адамилығындағы,  ақыл-ойындағы  қабілетін  ашу,  бұл  осы 

дарынды балалар сыныбындағы ерекше оқыту тәсілін қолданудың жалпы тұлғалық 

ой желісі болып табылады. 

Дарынды  балалар  сыныбында  қолданылған  өзіндік  ерекшелігі  бар  оқыту 

тәсілдері [6]: 

1. Ғылыми зерттеу, тәрбие және оқыту осы үш жағын бірлестіру  

Түрлі сауалнама қою, ата-анасымен әңгімелесу, бақылау  және сырласу сияқты 

тәсілдерден оқушының идеясы, моралі, жеке қасиеті, үйренуі және отбасы жағдайы 

сияқты жақтардағы мәліметтерді тез анықтап, моралдық тәрбиесін нысаналы түрде 

жүргізу. 

2. Мектеп, отбасы және қоғам осы үш жағын бірлестіру  


Мектеп  оқушының  өмір  кешетін  шағын  ортасы,  ал  отбасы  және  қоғам  үлкен 

ортасы    болып  табылады.  Мектеп,  отбасы,  қоғам  үш  жағы  үйлесімді  сәйкескенде 

ғана ең тамаша оқыту нәтижесіне қол жеткізуге болады. Мектеп – жалпы бағыттағы 

оқыту процесінде ұйымдастырушы болып саналады. 

Дарынды  балалар  сыныбының  әдісі:  ата-аналар  коммитетін  құрып,  айына  бір 

рет ата-аналар жиналысын өткізу; ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасты сақтап, 

ой-пікір  алмастырып,  танымды  бірлікке  келтіріп,  ынтымақтаса  селбесіп,  бірге 

әрекеттену мақсатына жету; ата-аналардың тәрбиешілік рөлін толық жетілдіріп, ата-

аналар  арасынан  білімді  мамандар  мен  өмір  тәжірибесі  мол  адамдарды  талдап, 

оқушыларға  гуманитарлық  және  ғылым-техникалық  білімдер  жөнінде  лекция 

жүргізіп,  олардың  өмір  тәжірибесімен  танысу;  қоғамдағы  оқу-ағарту  байлығын 

толық  пайдаланып,  оқушыларды  қоғамдық  практикаға  араласуға  үнемі 

ұйымдастырып, қоғамдағы  ықпалды  адамдарды  балаларға  лекция  беруге  шақыру. 

Жоғарыда айтылған үш жақ біріккен ашық формадағы оқыту әдісі (ғылыми зерттеу, 

тәрбие  және  оқыту;  мектеп,  отбасы  және  қоғам  осы  екі  үш  жағын  бірлестіру) 

оқушылардың  өмір  тәжірибесін  тіпті  де  байытып,  бақылау  және  ойлау  қабілетін 

шыңдап,  тек  өзінің  ғана  үйрену  нәтижесі  мен  тұрмысына  ғана  көңіл  бөлетін 

дағдысын  өзгертіп,  басқаларға  қоғамға,  қоршаған  ортаға  назар  аударатын  тамаша 

салт қалыптастырып, олардың қоғамдану барысын ілгерлетеді. 

3. Сапалы да ұтымды оқыту тәсілі 

а)  Дарынды  балалар  сыныбы  негіздік  оқыту  кезеңіндегі  бейіміне  қарай  оқыту 

процесі  болып,  негіздік  оқу-ағартудың  мәндік  ерекшелігіне  ие  болғандықтан, 

өтілетін сабақтар білім министрлігі белгілеген негіздік оқу-ағарту кезеңінде өтілетін 

сабақтардан өзгеше болмауы тиіс. 

ә)  «Жасы  кішкене,  уақыты  қысқа,  талап  жоғары»,  осы  үш  ерекшелік 

болғандықтан  әрбір  пәннің  оқыту  мазмұны  әдеттегі  мектептердің  сегіз  жылдық 

оқыту  мазмұнымен  бүкілдей  ұқсас  болмайды.  Демек,  мұғалімдер  өздерінің 

тәжірибелері  мен  білім қабілетіне  сүйеніп,  сабақ  мазмұнын  ғылыми  түрде  реттеуі 

тиіс.  Сабақты  ғылыми  негізде  ұйымдастырып,  сабақ  уақытын  қатаң  меңгеру; 

оқулыққа  батыл  реформа  жасау;  оқушылардың  үйрену  белсенділігін  жебеп, 

олардың  білімге  құштарлығын  арттыру;  негізгі  қағида  жөніндегі  тәрбиені 

көрнектілендіру;  бейіміне  қарай  оқыту;  қабілетін  жетілдіру;  оқушыларға    болған 

салмақты қатаң тізгіндеу сияқты шараларды қолданып, оқыту міндетін айтарлықтай 

орындау керек. 

4. Табиғат аясындағы дене-тәрбие қимылын ұйымдастыру [6] 

Адамдардың  өзіндік  даму  және  қоғамға  үлес  қосу,  қоспауында  ақаусыз 

денсаулық  ерекше  маңызды  орын  алады.  Жалпы    дарындылар  сыныбында  дене-

тәрбие  сабағына  ерекше  мән  беріледі.  Алғашқы  жылдан  бастап-ақ  аптасына  бес 

сағаттық  дене-тәрбие  сабағын  орналастырды.  Мұның  екі  сағаты  әдеттегі  дене 

тәрбие сабағы, қалған үш сағаты табиғат аясындағы дене тәрбие сабағы болып төрт 

жыл  өзгеріссіз  қалды.  Әр  аптадағы  дене-тәрбие  сабағының  уақыты  әдеттегі 

мектептерден үш  сағат  артық.  Дарындылар  сыныбының  оқу  барысында  тек  дене-

тәрбие  сабағының  жалпы  уақыты  әдеттегі  мектептердің    сегіз  жылдық  оқу 

мерзіміндегі дене-тәрбие сабағының жалпы уақытынан әлдеқайда асып түсті. 



Табиғат  аясындағы  жарты  күндік  дене-тәрбие  сабағында  оқушылар  табиғат 

аясында түрлі қимылдар өткізеді. Әр маусымдағы ауа райына байланысты алысқа 

жаяу жүру, тауға шығу, суда жүзу, суға секіру, коньки тебу, велосипедпен саяхаттау 

сияқты  қимыл-шаралар  ұйымдастырылады.  Табиғат  аясындағы  дене-тәрбие 

сабағында оқушылар дене қуатын шыңдап, денсаулығын күшейтіп, жігерін ұштап, 

ұжымдық  отаншылдық  рухын  күшейтеді.  Оқушылар  табиғат  аясында  табиғатты 

түсініп, адамзат пен қоршаған ортаның қатынасын жете сезінеді. Қоғамға араласып, 

қоғамды түсініп болашақта қоғамдық ортада өз орнын табуға мүмкіндік туғызады. 

Табиғат аясындағы дене-тәрбие сабағы әдеттегі дене шынықтырудан өзгеше болып, 

оқушыларды  рухани,  ақыл-ой  және  дене-тәрбие  жақтарында  бірдей  тәрбиелейтін 

әмбебап сабаққа айналып, дарындылар сыныбының сабағындағы өзіндік ерекшелігі 

бар оқыту тәсіл болды. 

5. Жұмасына төрт жарым күндік сабақ өту тәсілі 

Дарындылар сыныбының нәтижесі адамдарды таң қалдырды. Алайда олардың 

сабақ  уақыты  онша  артық  болмаған.  екі  сағаттық  дене-тәрбие  сабағынан  тыс, 

аптасына жарты күн табиғат аясында дене-тәрбие қимыл өткізді. Аптасына тек төрт 

жарым  күн,  әр  күні  сабақ  кестесі  бойынша  жеті  сабақ  өткізіледі.  Сенбі,  жексенбі 

күндер, қыстық-жаздық каникулдар, мереке-мейрамдардың барлығы оқушылардың 

өздеріне  беріледі.  Дарындылар  сыныбы  осындай  жағдайда  төрт  жылда  сегіз 

жылдық  оқу  міндетін  орындап  шығады.  Осындай  қысқа  уақыт  ішінде 

оқушылардың қол жеткізген табысына таң қалмау мүмкін емес. 

Оқыту өнімділігі 

1. Оқушылар жоғары идеялық моральдік қасиетке ие болуы  

Төрт  жылдық  оқу  арқылы  дарындылар  сыныбының  оқушылары  өмірге  деген 

көзқарасы,  рухани  құндылықтарға  көзқарасы,  арман-мақсат,  мінез-құлық,  әрекет-

дағды  сияқты  жақтардың  барлығында,  тамаша  нәтиже  көрсетті,  әрі  өз-өзіне  сену, 

дербес  жұмыс  жасау,  күш-жігер,  өз-өзін  меңгеру  сияқты  жақтарда  да  едәуір 

дамыды. Үнемі пікір алу және оқушылар оқу бітіргеннен кейінгі жалғасты ғылыми-

тексеру  нәтижесіне  қарағанда  оқушылар  университетте  оқысын,  немесе  қызмет 

істесін,  барлығында  тамаша  психологиялық  қасиетін,  қоғамға  үйлесу  бейімділігін 

әйгілеп,  ерекше  үйрену  қабілеті  мен  тыңғылықты  қызмет  істейтін  қабілетін 

көрсеткен. 

2. Оқу нәтижесі өте жақсы болуы 

Дарындылар сыныбынан 2005 жылға дейін тоғыз рет тәжірибе сыныбы болды. 

Олар төрт жылда сегіз жылдық оқу жоспарын орындап, мемлекеттік емтихандағы 

нәтижесі  өздерінен  төрт  жыл  көп  оқыған  оқушылардыкінен  де  жақсы  болған. 

Дарындылар сыныбынан шыққан оқушыларының барлығы университеттерге түсіп 

оқыған. Мұның ішінде алдыңғы төрт кезекте оқу бітірген оқушылардың 96,8 %-ы 

мықты университеттерге оқуға түсті, бесінші кезектен бастап оқушылардың 100%-

ы  мықты  университеттерге  түсіп  оқыған.  1989-2005  жылға  дейінгі  Бейжіңдегі 

белгілі  жоғары  оқу-орындарына  оқушы  қабылдау  шегі  және  дарындылар 

сыныбының мемлекеттік емтиханға қатынасқандағы нәтижесінің орта салыстырма 

кестесі  төмендегідей    [1-кестеге  қараңыз  ],  2005  жылға  дейін  дарындылар 

сыныбының  оқушылары  мектеп  уақытында  мемлекеттің  ішкі-сыртқы  түрлі  зейін 

сынау жарыстарына қатынасып сыйлық алғандардың саны 323 адам/ретке жетті. 



Кесте  1  –  Дарындылар  сыныбының  мемлекеттік  емтиханға  қатынасқандағы 

нәтижесінің орта салыстырма кестесі 

Жылдар 

19

89 



19

91 


19

93 


19

95 


19

97 


1

999 


2

001 


2

003 


2

005 


Бейжің 

45



49

49



46



46

4



60 

4

80 



4

55 


4

70 


Дарынд

ылар 


сыныбы 

53

4,43 



51

1,23 


55

8,73 


54

9,76 


54

8,45 


5

78,5 


5

94,9 


5

92,5 


5

96 


Мұның ішінде 13 және 14 жастағы екі оқушы АҚШ-та өткен 51-ші халықаралық 

ғылым  және  құрылыс  саласындағы  инновациялық  байқауда  үшінші  орын  алды. 

Олар  сол  жылы  Бейжің  қаласынан  осы  халықаралық  жарысқа  қатынасқандардың 

ішінде жасы ең кіші болса да, ең жоғарғы сыйлық алған жүлдегерлер еді. 

3. Оқушылардың денсаулығының мықты болуы 

Дарындылар  сыныбының  оқушылары  төрт  жылдық  тәрбие  арқылы 

физиологиялық және дене қабілетінің орташа көрсеткішінің жалпы салыстырмасы 

Бейжің  қаласындағы  ұқсас  жастағы  балалардың  орташа  көрсеткішінен  жоғары 

болған.  сегіз  түрлі  көрсеткіштің  ішінде  бойының  биіктігі,  кеудесінің  кеңдігі,  50 

метрге жүгіру және турникке тартылу сияқты төрт түрлі көрсеткіші Жапониядағы 

ұқсас  жастағы  балалардан  жоғары болды. Сегіз  түрлі  көрсеткіш  дегеніміз  бойдың 

биіктігі,  дене  салмағы,  кеудесінің  кеңдігі,  тыныс  алу  қуаты,  50  метрге  және  1000 

метрге  жүгіру,  орнында  тұрып  алысқа  секіру,  турникке  тартылу  сияқтылар. 

Дарындылар  сыныбының  оқушылары  қалыпты  өсіп,  дене  қуатының  күштілігі, 

бейімделу  қуатының  жақсылығы  –  сараптаудың  дәлдігі,  оқу-ағарту  идеясының 

дұрыстығы,  оқыту  тәсілінің  үйлесімділігі,  зейін  қабілеті  басқалардан  артық 

балаларға жеделдетіп үйрену міндетін жүктеу ешқандай ауыр тимейтіндігін, қайта 

олардың  спортпен  шұғылданатын  уақыты  көп  болып,  денесінің  ақаусыз  шымыр 

болып өсетіндігін түсіндірді [6]. 

Қорытып  айтқанда,  зейін  қабілеті  түрлі  дәрежеде  дамыған  дарынды 

оқушыларды  қабілетіне  қарай  тәрбиелеу  қажет.  Сондықтан,  әлемдегі  озық 

тәжірибелерден  пайдалысын  алып,  бастауыш  мектептегі  дарынды  балаларды 

тәрбиелеу,  орта  мектептегі  дарынды  балаларды  тәрбиелеу  және  университеттегі 

дарынды  студенттерді  тәрбиелеудің  кемелді  жүйесін  біртіндеп  қалыптастырып, 

түрлі жастағы дарынды балаларды қабілетіне қарай тәрбиелеп, олардың жан-жақты 

дамуына  шарт-жағдай  жасауымыз  керек.  Қытай  елінің  30  жылға  жуық  уақыттағы 

дарындылар  сыныбының  тәжірибе  етуі  түрлі  жастағы  дарынды  балалардың  бар 

екендігін,  оларды  ғылыми  тәсілмен  талдап  алып,  тәрбиелеуге  болатындығын 

дәлелдеді.  Сонымен,  тәжірибе  арқылы  дарынды  балаларды  бөлек  тәрбиелеп, 

олардың әлеуетін, даму мүмкіндігін шындыққа айналдыруға болатынына көз жетті. 

 

Әдебиеттер: 

 1.Щин  Хоууен,  1991.  Дарындыларды  тәрбиелеу  педагогикасы.  Бейжің  халық 

оқу-ағарту баспасы. -69, -160 беттер. 

   2.  Хоувэн.Университет  қабырғасындағы  дарынды  балалар  педагогикасы 

жайында. –Ляонин, ҚХР., 1988. -90 б. 


   3. Cинь Хоувэн. Дарындылар оқу-ағартуы. – Бейжің, ҚХР., 1991. – Б.180-182. 

   4.  Cинь  Хоувэн,  Цянь  Цао.Университет  дарындылар  тобына  педагогикалық 

теориялар. – Бейжің, ҚХР., 1986. -38 б. 

   5.  Хуан  Вэнь.  Дарынды  тәрбиесін  қолға  алынған  30  жыл:  Үздік  жаңалық 

жаратушы  дарындыларды  тәрбиелеудің  алдыңғы  ілегінде.                      Цзилин  өлкесі 

жоғары оқу-ағарту қоғамы // Қытай оқу-ағарту газеті. -2008, 30 желтоқсан. -2 б. 

   6. Чжао Дахэн, Гун Чжэньсин. Дарынды балалардың өсіп өнген жері. - Бейжің: 

Сюэюань баспаханасы, 2007. - Б.6-73. 



Аннотация 

В 

статье 



«ДАРЫНДЫ 

БАЛАЛАРДЫ 

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ 

КЕЙБІР 


ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»  рассматривается  класс  по  воспитанию  одаренных  детей  в 

школе  №8  в  Китае,  г.  Пекин.  Приведены  научный  анализ,  методы  обучения  и 

достигнутые  результаты  таких  классов.  В  воспитании  одаренных  детей  автор 

предлагает применить наилучшие методы мирового опыта.  



Ключевые слова: одаренные дети, воспитание, обучение. 

 Abstract 

By introducing the experimental class for the gifted children at № 8 school in Beijing, 

China, this paper illustrates the ways of choosing and training the gifted, the  methods of 

teaching  and  the  effectiveness  of  the  experimental  class.  Further  suggestions  concerning 

the use of good experience of teaching the gifted children of other countries for reference 

are provided as well. 



Key words: gifted children, training, teaching 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал