«Дарабоз» бәйгесіне!» Қазақстан – Отаным!



жүктеу 185.75 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі185.75 Kb.

 

  

«Дарабоз» бәйгесіне!» 



Қазақстан – Отаным! 

 

Қазақстан – Отаным, 

Сені жырлап толғаймын. 

Нҧрсҧлтандай атаның, 

Нҧрлы ҥмітін жалғаймын. 

 

Нҧр-атаның арқасы, 



Жарқырап тҧр маңдайым. 

Қабыл болсын батасы

Нҧрлы жолды таңдайын. 

 

Қазақстан мекенім, 



Жаннатымсың жалғанда. 

Қадіріңе жетемін, 

Азаматың болғанда. 

 

Қазақстан – Отаным, 



Бақыт, шаттық ордасы. 

Алыс кетер атағың, 

Аман болса Елбасы! 

 

*** 



       Астана 

 

Асқақтаған Астанам, 

Тәуелсіздік жемісі. 

Әлемдегі жас қала, 

Нҧр-атаның жеңісі. 

 

Сҥйем оның келбетін, 



Самаладай шамдарын. 

Тамсандырған жер бетін, 

Менің асыл арманым. 

 

Бағындырған ғасырды, 



Бас қаламды сҥйемін. 

Бәйтерекке басымды, 

Тағзым етіп иемін. 

 

Табысың кӛп толайым, 



Ӛркендейсің жаңаша. 

Қызығамын, қараймын, 

Кӛркің қандай тамаша! 

*** 


 

Ту, Елтаңба, Гимнім! 

 

Қазағымның ӛр кҥші, 

Егемендік деп білдім. 

Елдігімнің белгісі, 

Желбірейді кӛк Туым! 

 

Ер тҥріктің тегіндей, 



Бедерленген ен таңбам. 

Алашымның мӛріндей, 

Жарқырайды Елтаңбам! 

Тәуелсіздік ҧстаным, 

Тәу етемін, сақтаймын. 

«Менің Қазақстаным!» 



Гимнімді жаттаймын. 

 

Рәміздерім – жаңғырып, 



Бақ дәулетті ҥйді мың. 

Мәртебеміз мәңгілік, 



Ту, Елтаңбам,Гимнім! 

 

 



 

 

 



              Қыс 

 

Қыс келді далаға, 

Қыс келді қалаға. 

Мҥлгиді қысқы бақ, 

Шаңғымен арала. 

 

Ғажайып сыр толған, 



Талдардан нҧр тамған. 

 

 



Осынау керемет, 

Суретті кім салған? 

 

Қысқы бақ ғажайып



Жыр арнап жазайық. 

Табиғи сҧлулық, 

Кетпесін азайып. 

         *** 



                   Аппақ қар 

 

Жауып тҧр аппақ қар, 

Ақ шумақ тақпақтар. 

Тап-таза жҥрекке, 

Ақ қарды сақтап қал. 

 

Ой аппақ, қыр аппақ, 



Тарайды нҧр аппақ. 

Шанамен зырлайды, 

Балалар қыратта. 

 

Қар жауса қаншалық, 



Қыс сҧлу соншалық. 

Шаңғымен зулайды, 

Балалар жол салып. 

 

Ақ қарды уыстап, 



Ауамен тыныстап. 

Бала мен табиғат, 

Бір-бірін ҧғыспақ. 

                *** 

 

     Кӛктем 

 

Кӛктем, кӛктем, 

Сҧлу неткен. 

Қҧстарымен, 

Бізге жеткен. 

 

Қҧстар, қҧстар, 



Қанат қаққан. 

Ән тарады, 

Абат бақтан. 

 

Бақтар, бақтар, 



Гҥлге оранған. 

Тҥрлі-тҥсті, 

Сырға толған. 

 

Кӛк кӛбелек, 



Ақ кӛбелек. 

 

Қалықтап жҥр, 



Бақ керемет. 

 

Кӛкорай шӛп, 



Балғын майса. 

Бҥйірі тоқ, 

Қозы жайса. 

 

Тӛңірегім, 



Тҧнған арман. 

Су ағады, 

Жылғалардан. 

 

Балалар жҥр, 



Бал-бҧл жанып. 

Шуақ шашар, 

Кҥн нҧрланып. 

 

*** 



 

                                

 

 

 

                                       Жаз 

 

«Алақай, жаз келді, 



Қаңқылдап қаз келді!» 

Бал тілді балдырған, 

Қуанып мәз болды. 

 

Жазғы кҥн жайнайды, 



Қҧстар да сайрайды. 

Асыр сап балалар, 

Кҥнҧзақ ойнайды. 

 

Шиырып сақаны, 



Асық та атады. 

Ҧпайын тҥгендеп, 

Қызыққа батады. 

 

Допты да қуалап, 



Қҧмардан шығады-ақ. 

Спорттың жолында,  

Бағын да сынамақ. 

 

Кӛк майса кезеңге, 



Қозы-лақ бағады. 

Тҧнық су ӛзенге, 

Шомылып алады. 

 

Жаз деген керемет, 



Жидегі тәп-тәтті. 

Жемісті не керек, 

Біз ҥшін баптапты 

 

 



                                       Күз 

 

Сап-сары жапырақ, 



Сап-сары атырап. 

Кҥз деген суретші, 

Қарасаң бақылап. 

 

Ақ жаңбыр жауады, 



Тазартып ауаны. 

Қалықтап әуеде,  

Қҧс қанат қағады. 

 

                                            



Кҥз келді қалаға, 

Кҥз келді далаға. 

Керемет іздесең, 

Сен бақты арала. 

 

Кіршіксіз жағамыз, 



Портфелді аламыз. 

Кіл бестік алуға, 

Мектепке барамыз.

                                               Туған жер 

 

Туған жер, бақыт мекенім, 

Мәңгілік менің тҧрағым. 

Ӛзіңді жырлап ӛтемін, 

Жер бетіндегі жҧмағым. 

 

Ӛзіңде ӛсті ата-анам, 



Қуат ап қҧнар кҥшіңнен. 

Туған жер, сенен бата алам, 

Азамат болу ҥшін мен. 

 

Тауыңды сенің сҥйемін, 



Бҧлттардан басын асырған. 

Тасыңды дағы сҥйемін, 

Тарихи сырлар жасырған. 

 

Ӛзен-кӛліңді сҥйемін, 



Куәсі қанша заманның. 

Кӛгорай белді сҥйемін, 

Шежіресіндей бабамның. 

 

Аялы алақаныңды, 



Сезіне тҥсем кҥн сайын. 

Балдырған балапаныңды, 

Қамшыла, кӛкке ҧшайын. 

 

Туған жер, менің кең далам! 



Артық жер сенен бар ма екен. 

Бар ҥмітіңмен сен маған, 

Қорғап жҥруге ант етем! 

 

                                        

 

 

Отан  

 

Отан! 


Сенің ҧлыңмын, 

Саған тартқам. 

Сенімің ақталады маған артқан. 

Сертім сол: 

Жер бетінде ешбір жанға

ОТАН деген атыңды табалатпан. 

 

Отан! 


Сенің ҧлыңмын 

дара туған, 

Алланың бҧйрығымен жаратылған. 

Отанның кҥзетінде тҧрып, сосын, 

Қазақтың қамын жеуге бола туғам. 

 

Расында батырларға еліктеймін, 



Жоқ нәрсеге қҧмартып желікпеймін. 

Сен мен ҥшін ЖАЛҒЫЗСЫҢ, 

Олай болса, 

Бағаңды тірі тҧрсам кемітпеймін. 

 

Отан деген ғаламат адам ҥшін, 



Сен менің шоқтай жанған жанарымсың. 

Менің асқақ мәртебем, о, Отаным, 

Бәрінен, сен бәрінен бағалысың! 

  


          Елбасының Нұрлы Жолы

 

Шын жҥректен шерткенде сырды толғап, 



Қалың елің тыңдады, тҧрды қолдап. 

Тебіренттің, Нҧр-Аға, толғандырдың, 

Жолдау емес, ғажайып Нҧрды жолдап. 

 

Тәуелсіздіктің сыйы – Туы қолда, 



Оңайлықпен келген жоқ, білсек, ол да. 

Мың ӛліп, мың тірілген қазағыңды, 

Аман-есен тҥсірдің Нҧрлы Жолға. 

 

Қайғыны да, азапты, мҧңды кӛрген, 



Байтақ елге әпердің Кҥнді қолмен. 

Жанып сҥйген жҧртыңды болашаққа, 

Ӛзің бастап барасың Нҧрлы Жолмен. 

 

Сақтандырған еліңді тҥрлі тордан, 



Саясатың әлемге ҥлгі болған. 

Ӛзің барда қазақты ешкім енді, 

Адастыра алмайды Нҧрлы Жолдан. 

 

Кӛзін тіккен кӛршілес кҥллі зордың, 



Мысын басар алыптың бірі болдың. 

Білмесе басқа білмес, қазақ білер

Қадірін, қасиетін Нҧрлы Жолдың. 

 

Тауқыметті тағдыры қырық қҧрау, 



Қазағыңның бағына туыпсың-ау. 

Қаны таза халқыңды, қайран Ерім, 

Ең Ҧлы Махаббатпен сҥйіпсің-ау! 

 

Иә, рас, халқың талай сынды кӛрді, 



Бодан болып, сағы сан сынды, кӛнді. 

Жаутаң қаққан жҧртыңды жҧбаттың да, 

Тауып бердің ғаламат Нҧрлы Жолды. 

 

Кӛріп жҥрміз талай ел кері кетуде, 



Намысы нардан ауып, бел кетуде. 

ЕЛІН СҤЙГЕН ЕЛБАСЫ, бізден басқа

Шіркін-ай, бар ма екен жер бетінде! 

  

                           Темір шыбық 

                        (Айдардың әңгімесі) 

 

Тағылымы жадында жаңғырмаса, 



Тәрбиесі жҧлдызын жандырмаса, 

Қандай ел болсын тҥбі опық жейді, 

Ҧрпағын уызына қандырмаса. 

 

Қҧндылықтың кертілді шеті талай, 



Ҧлттың ҧяттан қызарды беті талай, 

Таяз болса тәлімі жасӛркеннің, 

Рухы берік болуы екіталай. 

 

...Ілкімде бір жағдаят болған еді, 



Жанымды жылы баурап алған еді. 

Бір ҧстаздың ӛзгеше ӛнегесі, 

Есімде ҧзақ сақталып қалған еді. 

 

Басшыға мәлімдеді  Айдар ағай: 



– Бҧрын-соңды дәл мҧндай болмаған жай. 

Балалар ҥшінші рет қашып отыр, 

Не істерге шарамыз да қалмағандай. 

 

– Олар неге қашады? Себебі не? 



– Білмеймін, біреулерге ереді ме? 

Қанша ескерттім, болмайды. Кӛңіл кҥпті, 

Сӛз тҥгіл таяққа да кӛнеріне?! 

 

– Екі рет қайдан ҧстап алдыңыздар? 



Енді қалай айрылып қалдыңыздар? 

– Бір жолы автобустың бекетінен 

Ҧстап ап, тҥсіргенбіз алдымызға... 

 

Тәрбиеміз жатыр ма тыста қалып, 



Қателестік тағы осы тҧста неғып?! 

Екінші рет паркте ҧйықтап қапты, 

Полиция әкелген ҧстап алып. 

 

...Ҥш бала ҥшінші рет қашпақ болды, 



Тағы да бір «жаңалық» ашпақ болды. 

Кассирша апайдан кеп билет алып, 

Поездың уақытын тоспақ болды. 

 

Кассирша апай бірнәрсе ҧғынды анық, 



Балаларға деді ол кҥлім қағып: 

«Бҧл жерде жылпос, тентек  кӛп жҥреді, 

Қаларсыңдар бекерге шығынданып. 

 

Одан да алған билет, ақшаларың, 



Менде тҧрсын, жоқ қазір басқа амалың. 

Поезд келіп жеткенше, қайда әлі? 

Тартып алып кетеді масқара ғып». 

 

Бала ғой, бҧл қулықты білер ме енді?! 



Апайға сеніп, бәрін тҥгел берді. 

Жайғасты жайлы орынға жайбарақат

Ал апай «хабарлауға» тҥрегелді... 

 

Білдірмей полицияны шақырды да, 



Деді ол: «Ҥшеуге бар жақынырақ. 

Танысқан боп, біл дағы, тез хабарлас, 

Оқитын мектебінің атын сҧрап. 

 

Бекет полициясы сӛзге келмей, 



Анықтап хабар айтты, тез, бӛгелмей. 

Айдар ағай ести сап, келіп жетті, 

Балалардың «сорына» кез келгендей. 

 

Ғайып болды жоспарлы арман лезде



Қорқыныш бар «ҧсталып» қалған кӛзде. 

Кері қайтты. Директор шықты алдынан, 

Жатақханаға жақындап қалған кезде. 


 

Машина жәйлап келіп аялдады, 

Айдар ағай тҥсті де аяңдады. 

Қынжыла балалардың қашқанына, 

Болған жайды басшыға баяндады: 

 

– Қалай жат қылықтардан тазарамыз? 



Мыналармен қайтіп біз оза аламыз? 

Мен шаршадым, ҥшеуін осы жолы 

Ӛтінемін, ӛзіңіз жазалаңыз. 

 

– Сен шеберханаға барып келгін, 



Маған ҥш темір шыбық алып келгін. 

Дәл қазір сабағым бар. Сабақтан соң, 

Ҥшеуін де алдыма алып келгін. 

 

Осылай деп директор жӛней берді, 



«Қашқындардың» қҧлағы елеңдейді. 

Айдар ағай ол кетті, темір іздеп, 

Басшының бҧйрығы сол, бӛгелмейді. 

 

Айдар аң-таң: «Не ой бар бҧл ағайда? 



Балалардың жасына қарамай ма? 

Сҧмдық болды-ау! Бекер-ақ айттым ба екен... 

Ағашпен-ақ сабаса жарамай ма?! 

 

Бір білгені бар шығар...» іштен тынды, 



Тауып келді сәлден соң ҥш темірді. 

Балалардың жҥрегі ҧшып кетті, 

Із қалмаған манағы тҥстен нҧрлы. 

 

Қалтырайды ҥшеуі кӛжектейін, 



Қалмаған әшейінгі ӛжет кейіп. 

«Апырай, мына шыбық бірінші боп, 

Қайсымызды шықпыртпақ кезек келіп». 

 

Директордың қар жауып қабағынан



«Кіріңдер!» деді от шаша жанарынан. 

Балалар іштей қатты ӛкінуде: 

«Ойбай-ай, қаштық неге сабағынан! 

 

Тіледі-ау арқамызды темір шыбық, 



Аямастан сабайды-ау ӛлімші ғып». 

Тізесі дір-дір еткен ҥшеуінің, 

Кӛз алдында кӛлбейді небір сҧмдық! 

 

...Алайда еш кҥтпеген жағдай болды, 



Директор мҥлде басқа жандай болды: 

«Әй, Айдар, шеш жейдеңді! Мен де шешем, 

Бҧлар бізді ҧрмаса, болмайды енді. 

 

Кәне, қолға ҧстаңдар ҥш темірді, 



Жылытпаңдар бізді аяп тҥстеріңді. 

Арқамызды тосамыз, ал, сабаңдар! 

Кәнеки, кӛрсетіңдер кҥштеріңді! 

 

Сендерге тҥзу тәрбие бере алмаған, 



Қисық мінездеріңді жеңе алмаған, 

Біздер жеуге тиіспіз бҧл таяқты, 

Ісінен еш нәтиже кӛре алмаған. 

 

Бастырар емессіңдер қадамды алға, 



Тҥзелер тҥрлерің жоқ, амал бар ма? 

Біз дҧрыстау тәрбие берген болсақ, 

Сендер тҥспес едіңдер жаман жолға!» 

 

Ҧлдар жылап жіберді сасқанынан, 



Ӛкініп қате қадам басқанына. 

Уәде етті, ҧқсауға тап қазірден, 

Жақсы оқитын ҥлгілі достарына. 

 

Қайта-қайта кешірім ӛтінеді, 



Енді қайталамауға бекінеді. 

Себебі, басшы ағайдың әлгі сӛзі, 

Еттен ӛтіп, сҥйекке жетіп еді. 

 

...Директор бҧған шындап барған еді, 



Басқадай амалы да қалмап еді. 

Балалардың кӛрген соң еңірегенін, 

Райдан қайтып, жҧмсарып қалған еді. 

 

...Сабақтан қашу содан сап тыйылды, 



Бҧзықтар жолға тҥсті, бақ бҧйырды. 

Тҥзу тәрбие беру де оңай емес, 

Жолын таба білуде, гәп тиімді.          

 

Қаласаңыз іс мәнін хош білейін



Кеш емес қой десе егер ес кірейін. 

Ӛшпестей сабақ алған сол балалар, 

Тамаша азамат боп ӛсті кейін. 

 

Кез келген бҧл кәсіпке жолай ма екен? 



Оны тек тӛзімділер қалайды екен. 

Ҧстаздық – ҧлылық қой, біле білсек, 

Адамды адам ету оңай ма екен?!   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

                                           Менің балабақшам 

  

Таудай боп талабым. 



Бақшаға барамын,                                              

Тәлімгер апайдан, 

Тәрбие аламын. 

 

Апайым жаны асыл, 



Балаға жанашыр. 

Ойнайды, кҥледі, 

Бізбенен жарасып. 

 

Ойыншық маған да, 



Жетеді оған да. 

Кел, балабақшаға, 

Береміз саған да. 

 

Тап-таза тӛсегі, 



Таза ауа еседі. 

Балалар ауырмай, 

Аман-сау ӛседі. 

 

Тойдырар баланы, 



Дәмді екен тамағы. 

Аспазшы апай да, 

Арқамнан қағады. 

 

Сипайды басымнан, 



Кетпейді қасымнан. 

Қамқоршым – апайым, 

Ең ізгі асыл жан. 

  

Апайға ереміз, 



Мультфильм кӛреміз. 

Санамақ, тақпақты, 

Жатқа айтып береміз. 

 

Ән салып, билейміз, 



Ермексаз илейміз. 

Ҥлкенді сыйлаймыз, 

Кішіге тимейміз. 

 

Әткеншек тебеміз, 



Апайға сенеміз. 

Бақшада балдай боп, 

Біз ӛсіп келеміз. 

 

Бақшамыз бағымыз, 



Біз оның сәніміз. 

Кӛңілді қайтамыз, 

Келеміз тағы біз. 

 

                                               *** 



 

 

  



 

 

«Дарабоз» бәйгесіне!» 



 

Күртеше 

(әңгіме) 

 

       Кҥн  тҧманданып,  тҥнеріп  тҧр.  Қарашаның  соңғы  кҥндері.Таңертең  әр-әр  жердегі  шалшық 



сулардың бетіне жҧқалтаң мҧз қатыпты. Қыс та алыс емес. Мектеп мҧржасынан шыққан тҥтін тік 

кӛтеріліп, биіктеп барып жайылып, суық ауаға сіңіп кетіп жатыр. 

      Қоңырау соғылды да, бастауыштың балалары ҧзын дәлізде тапырлай жҥгіріп, далаға  шықты. 

Арасында  Дархан  да  бар.  Бҧл  аяқталған  тӛртінші  сабақ    екенін  еске  тҥсірген  ол,  бір  нәрсеге  

алаңдағандай кӛшеге шықты. Осы кӛшенің аяғында тҧратын ҥй жағына кӛз салып еді, тҧманнан 

ештеңе кӛрінбеді. Ары-бері қарады да,  «Жаурап қалмады ма екен, мені кҥтіп жҥр ғой. Апайдан 

бесінші  сабақтан  ертерек  жіберуін  сҧрайын»  деп,  сабақты  да  қимай,  тҥстен  кейінгі  ауысымда 

оқитын інісін де ойлап, мектеп ауласына қайта кірді.  Қоңырау соғыла сап, бірін-бірі итермелей 

далаға атып шығып, алысып ойнап жҥрген достарына аз-кем қарап тҧрды да, асығыс ішке енді. 

Ойы апайынан сабақ басталмай тҧрып сҧранып қою. 

  – Апай, мені сабақтан ертерек жіберіңізші, бҥгін кҥн суық екен…– деді. Апайы келіскен сыңай 

танытты.  Себебі,  неге  сҧранып  тҧрғанын  айтпаса  да  білетін.  Тҥнеу  кҥні  осында  мҧғалім  боп 



істейтін  анасы  екі  баласында  бір  кҥрте  барын,  кҥн  суытқан  сайын  уайымдап  жҥргенде,  қҧдай 

оңдап,  тҥстен  кейінгі  ауысымға  кіші  ҧлының  сыныбы  ауыса  қалғанын,  әлгі  кҥртені  ауыстырып 

кигізе тҧратынын айтып, қуанғаны есінде. 

      Талай  жылғы  тәжірибесі  бар,  кейінгі  жастарға  айтар  ӛнегесі  кӛп  Алтын  Жуасбекқызы  қақ-

соқпен  жҧмысы  жоқ,  сабағына  аса  ынталы  осы  шәкіртін  ерекше    жақсы  кӛреді.  Кез  келген 

сабақта тапсырманы тез орындап болып, сурет салуға кірісетін бҧның  уыз талантына қызығып, 

сабақтан  тыс  әрекетіне  тыйым  салмай,  қайта қҧптап  қоятын.  Ӛзі  де суретті  әдемі  салғандықтан 

ба,  әсемдікке  ӛте  қҧмар  апай  баланың  меселін  қайтармайтын.  Тіпті  кейбір  тақырыптарды 

тҥсіндіргенде жаны асыл ҧстаз дарынды шәкіртінің суреттерін сабаққа  пайдалана қойып, оның 

талабын ҧштап, әрі сыныптағы балалардың бір-біріне деген қҧрмет сезімін оята білетін. Қазір де 

«кіп-кішкентай болып, бауырмалын қарамайсың ба, ойнамай інісін ойлап жҥргенін» деп елжірей 

ойлап қойды. 

      Жаңа  сабақты  тҥсініп  алған  Дархан  берілген  тапсырманы  жылдам  орындап,  басқаларға 

кедергі  жасамайын  дегендей,  оқулық,  дәптерлерін  жиыстырып,  апайына  қарады.  Манадан  бері 

байқап  отырған  апайы  ҥнсіз  ғана  басын  изегені  сол,  бҧл  еппен  басып  шығып  кетті.  Қасында 

отырған  парталасы  мен  бірді-екілі  оқушы  «қайда  барады?»  дегендей  бастарын  кӛтерісіп, 

апайларына  сҧраулы  жҥзбен  қарады  да,  жауап  болмаған  соң,  дәптерлеріне  қайта  шҧқшиды. 

Дәптер  демекші,  дҥкен  сӛрелеріндегі  жоғалған  барлық  зат  сияқты  мҧның  да  тапшы  кезі.Әр 

баланы ӛз баласындай кӛретін Алтын апай сабақтан қолы қалт еткенде, біраз жылдан бері шкафта 

жиналып қалған, бастауышты әлдеқашан бітіріп кеткен оқушыларынан қалған ескі дәптерлердің 

жазылмай қалған парақтарын қырқып алып, тҥптеп тігіп, алдында отырған кӛген кӛздерге қолдан 

дәптер  жасап  беріп  жҥр.  Қазіргідей  бәрі  дайын  кез  емес,  сабаққа  пайдаланатын  кӛрнекіліктің 

бәрін қолдан жасайтын, әріптестерінің де жазу-сызуларына кӛмектесетін апай, қазір де балаларға 

жаттығу  жҧмыстарын  тапсырып,  жағдайы    тӛмен  отбасы  балаларына  бір-екі  дәптер  дайындап 

отырған.Іштей «Бҧл қиындық та артта қалар әлі, ең бастысы ешкімге тәуелді емеспіз ғой. Егемен 

елдің  ҧрпағы  –  мына    балалар  қандай  бақытты,  болашақтары  қандай  зор»  деп,  кезінде  мектеп 

қабырғасында, одан бері қанша жыл шығармаларын оқымақ тҧрмақ, аттарын естімеген, дҧрысы 

естіртпеген Ахметтің, Міржақып пен Мағжанның кітаптарын қолына алып, аялай сипап қойды. 

Бҧл кітаптардан балаларға кҥн сайын бір ӛлең, я бір әңгіме оқып бермесе кӛңілі кӛншімейтіндей. 

Білікті ҧстаздың бҧл ісін тӛңірегіндегі жас ҧстаздар да ҥлгі тҧтып, ҧқсап бағады.  

       Мектептен  шыға  жҥгірген  Дарханды  кішкентай  Мейірхан  шынында  тағатсыздана  кҥтіп  тҧр 

екен.  Жҥгіріп  келе  жатқан  ағасының  сҧлбасын  тҧманнан  әрең  байқаған  ол  «Бол,  бол  тез!»  деп 

айқайлады. 

–  Ҥйде    отыра  бермейсің  бе?  Келетін  едім  ғой...  босқа  жаурап,  –  деді  Дархан  жол-жӛнекей 

ҥстіндегі кҥртенің сыдырмасын ағытып, бір жеңін шеше бере алқынып жеткен бойы. Апыл-ғҧпыл 

інісіне кигізіп жатқанда, ауладан шыққан әкесі кҥртенің сыдырмасын салып, жеңін бір қайтарды 

да, сӛмкесін арқасына асындыра бере: 

–  Бар,  жҥгір,  –  деді  онсыз  да  әзер  ілініп  тҧрған  баласына.  Қҧлдыраңдап  ҧшып  бара  жатқан 

ҧлының артынан қарап тҧрып: 

–  Бір    сағат  бҧрын  киініп  алып,  далаға  он  шығып,  он  кірген  шығар.  Әлі  ерте  ғой  десем, 

тыңдамайды.  «Мен бірінші болып баруым керек» деп, әйтеуір тамағын ішкізіп жібердім, қарны 

ашпайды, – деді. Сосын кішкентай бауыры ҥшін сабақтан сҧранып келген Дарханына мейірлене 

қарап: 

–  Жҥр,  Дәкентай,  ҥйге  кірейік,  жаурап  та  қалдың.  Киіміңді  ауыстыр,  екеуміз  асықпай  отырып 



шәй ішейік. Сонан соң ағаш араламасақ, отын азайып қалыпты,- деді.  

     Біреуі  бірінші,  біреуі  тӛртінші  оқитын  екі  ҧлының  бір  кҥртені  ауыстырып  киіп  жҥргендері 

мҧның да жанына батады-ақ. Алла абырой бергенде, бҧрын бір ауысымда оқитын бастауыштар 

тҥске  дейін  және  тҥстен  кейін  болып  екі  ауысымға  кӛше  қалғаны,  онда  да  тап  осы  екі  ҧлының 

сыныптарының  «іздегенге  сҧраған  болып»  ауыса  қалғанына  қатты  қуанды.  Әйтпесе,  айлық 

келгенше біреуінің немесе екеуінің кезектесіп сабақтан қала тҧруларына тура келетін еді. Ондай 

отбасылар    ауылда аз емес. Бҧл кҥртені де ӛткен айда қарыз-қҧрыздан артылған ақшаға ҥлкеніне 

алып  беріп,  қиғылық  салған  еркелеу  кішісіне  «ауыстырып  кие  тҧрасыңдар  енді,  келесі  айлықта 

саған бҧдан да әдемісін әпереміз» деп кӛндірген. 

     Кім  ойлапты,  жетпіс  жылдық  бодандықтан  қҧтылдық  деп,  жетпіс  машинасы  таң  атпай 

гҥрілдеп,  жетпіс  шопыр  ойнай-қалжыңдасып  алаңсыз  жҧмыс  басында  жҥретін  кездің,  айналасы 

екі-ҥш жылдың ішінде астаң-кестеңі шығатынын. Кім білген, кешегі жыл сайын қыс машинасын 

сайлап, жаз шыға кҥн демей, тҥн демей орылған пішенді маяға, ол аяқтала тӛкпей-шашпай жиып 

алған  бидайды  қырманға  тасып,  кҥзгі  сабантойда  жҥлденің  алдын  бермейтін,  кейінірек  сиыр 



фермасында  сҥт  таситын  машина  айдап,  абырой  биігінен  кӛрініп  жҥрген  ҥйлі-баранды  отыз 

бестегі  жігіттің  «асыраушы»  деген  аттан  алмағайып  айырылып,  кейде  айлап,  кейде  алты  айлап 

кешігіп жететін айлығы бар мҧғалім әйелінің қолына қарап қалатынын. Астаң-кестең емей не, таң 

атпай  «жҧмыс  қайдасың?»  деп  жҧлқынып  тҧратын  әлгі  жетпіс  машинаң  жеті  айға  жетпей 

ҧстағанның қолында, тістегеннің аузында кетсе. Бҧл ӛзі аяғынан енді қаз тҧра бастаған тәуелсіз 

мемлекетіміздің кӛп нәрсені әлі қадағалауға мойын бҧра алмай жатқан кезі еді ғой. Соны мықтап 

пайдаланған  қолында  билігі  бар  бишікештер  қара  халықтың  жағдайына  қарасқансып,  ал 

шындығында ӛздері, қала берді туыстары тегін дҥниені таратып, қылдай бӛліп алып жатты. Ал, 

ерте  кетіп,  кеш  келіп,  отының  басын  асырап,  қадірі  артып  жҥрген  жетпіс  шопыр,  «гараждағы» 

сапта тҧрған солдаттардай кӛліктерінің кҥн сайын қатары сиреп бара жатқанын кӛріп, іштері удай 

ашитын.  Қолдан  келер  қайран  жоқ.  Сатып  ала  қоятын  қаражат  жоқ,  кеңестік  кезеңдегі  жиған-

терген жинақ кітапшадағы ақшаларының қҧнсызданып кеткен уақыты. 

      Еңбектің  қайнаған ортасында  бір  машина  бҧзыла  қалса  бәрі  жабыла  жӛндеп,  жасамысы  бар, 

жасы бар ойнай-қалжыңдасып жҥретін қайран кҥндер!  Қайда  

барарын білмей далада қалған майталман жҥргізушілер кешегі алаңсыз кҥндерін қимай, әрі әбден 

сыртқы  тіршілікке  ҥйренгендіктен  ҥйге  сыймай,  әр  таңда  баяғы  ескі  «жҧртқа»  жиналатын. 

Ананы-мынаны айтып, тҥсті болдырып, сосын ҥйді-ҥйге бастары салбырап тарасады. Кҥн сайын 

осы.  Кӛбінің  осы  бір  «ҧлы»  ӛзгеріске  сенгісі  келмейді.  Әлі  де  болса  байырғы  ӛмірлері  қайта 

қалпына келердей ҥміттері де жоқ емес. «Мҥмкін емес қой, адам сенгісіз нәрсе ғой» деп ойлайды. 

Бостандық  алғанымызға,  бодаудан  қҧтылғанымызға  қуанады  әрине,  бірақ,  орыстарға  мҧнша 

алданғандарына  сенгісі  келмейді.  Қандай  аңқау  халықпыз,  жерімізге  бірде-бір  дені  тҥзу  зауыт 

немесе басқа да ӛндіріс орындарын салмай, бар байлығымызды шикізат кҥйінде сыпырып алып, 

ӛзімізге  дайын  тауарды  қымбатқа  сатып  ақымақ  еткенін-ай,  деп  ойлап  қояды.  Ештеңенің 

байыбына бара алмай, кҥн сайын отбасының жоқ-жітігі кӛбейген соң, пайдасы жоқ әңгімеден де 

маза кетіп, енді мҧнда жиналуды да қойды.  

    Там соғып, тас қалай алатындары қалаға кетті, енді біреулері базар жағалап, арба сҥйреп онда 

кетті. Ӛмірлік демалыс алған жалқаулары бас ауыртып жатпай-ақ, ішіп кетті. Бҧл сияқтылар ҥй 

кҥзетіп, отырып қалды. Қолдағы бес-он тҧяқ малға қарайды, отын-су қамдайды. Тіршілік болған 

соң  тозбай  тҧрмайтын  ҥйдің,  қора-қопсының  жыртығын  жамайды.    Бірыңғай  қағаз-қаламмен 

шҧғылдансын  деп,  мҧғалім  болғандықтан  балаларының  анасын  даланың  тірлігіне  араластыра 

бермейді. Бір жағы осы, бір жағы әне бір жылдары малды ауылдарға су таситын машина айдап, 

қақаған  аяздарда  тҥн  қатып  жҥріп,  денсаулығына  ақау  тҥсіріп  алған  соң,  асқындырып  алудан 

қорқып, сыртқа  «екі  қолға бір кҥрек» іздеп кете алмады.  Іздеп шықса, тепсе темір  ҥзетін жаста 

ғой, бҧған да табылар еді қант-шай етерлік бірдеңе. Оған ҥйсіз-кҥйсіз кісі есігінде жҥріп тапқан 

жҧмысы бар болсын. Ӛзі әу баста ондай жалтақтыққа жаны қас, бала кезінен бетіне ешкім келмей 

ерке  ӛскен,  малды  ауылда  болса  да  анасының  тәлімімен  таза  киім  киіп,  таза  ас  ішіп  ҥйренген 

бҧның шынында да бӛтен қораға ҥйренуі екіталай. Оның ҥстіне «ақша тап» деп миын жеп, ҥйден 

қуып  жатқан  әйелі  жоқ.  Азын-аулақ  айлығын  шашау  шығармай,  мҧның  да,  ҥш  баласының  да 

ҥстіне  шық  жуытпай,  отының  басын  тап-таза,  бҥп-бҥтін  ҧстап  отыр.  Әр  нәрсеге  шыдаммен, 

тӛзіммен қарайды. Қайта жҧмыссыздықтан мезі боп, ашуға бой алдырған бҧның артық-кем сӛзін 

отбасының  шырқы  бҧзылып,  балалар  ҥрпимесін  дегендей  ҥнсіз  қабылдап  алғанда,  жарының 

жақсылығын қапысыз мойындап, артынан кешірім сҧрайды. 

     Әлгі  ойдың  жетегінде  жҥріп,  баласы  екеуінің  қос  қолды  арамен  бірталай  ағаш  аралап 

тастағандарын да аңғармай қалыпты. 

–  Жарайды,  Дәкентай,  осы  да  жетіп  қалар.  Мен  мына  араланған  томарларды  жара  берейін,  сен 

сарайға апарып жинай бер, – деп  ҧлына әлі келетіндей тапсырма беріп, қолына ӛткірлеп қойған 

балтасын алды. 

    Отағасы  даладағы  тірліктің  бәрін  бітіріп,  ішке  кіргенде,  бала-шағасы  сабақтарын  орындап 

болып, кешкі ас ішудің қамына кіріскен екен. Қандай дауыл соқса да мҧқалмайтын  берік ірге бар 

осы  ҥйде.  Шҥйіркелесе  дастархан  басында  бастары  тҥйіскен  осынау  қанағаттан  жаратылған 

отбасының берекетіне ешнәрсе тең келмейтіндей.  

     Қосулы тҧрған теледидардан әлден уақытта кавказ халқының «Аспан балалары» деген киносы 

кӛрсетіле  бастады.  Фильмде  бір  отбасының  мектепте  оқитын  екі  баласының  (ағасы  мен 

қарындасы) бір ғана аяқ киімі бар екен. Ағасы сабақ біте ҥйіне жҥгіреді де, жолда кҥтіп тҧрған 

қарындасына тез шешіп бере қояды. Анау кие сала мектепке қарай ҧша жӛнеледі. Тура осы ҥйдегі 

жағдай.  Кино  біткенде,  балалардың  ҥлкені  Индира  «біздің  Дархан  мен  Мейірхан  сияқты  екен» 

деді.  Бір-біріне  қарап,  қыздарының  сӛзіне  езу  тартқан  ата-ананың  кӛзқарастарынан  «әлі-ақ  бәрі 

жақсы болады, қиындық деген артта қалады, тек аман болыңдар» деген сӛзді оқу қиын емес еді.  



                                                                                                                     

 

Айзере Бердібай 



 

 

 

Әңгімені жазғандағы мақсатым, отбасындағы берекені, бір үйдің балаларының бір-біріне деген 

мейірімін кӛрсету, кейіпкерімнің ӛзі сияқты балаларға үлгі болуын қаладым. Әңгіме 6,7,8 сынып 

балаларына арналған. 

Автор  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз әрқашан біргеміз 

(Сахналық қойылым) 

 


      Қойылымның  мақсаты:  Ҧлтымыздың  ғасырдан-ғасырға  тіні  ҥзілмей  келе 

жатқан қҧндылықтарының бірі – мақал-мәтелдерді балалардың тҥсініп жаттауын, 

жаттап қана қоймай, керек жерде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру. Кӛркем 

сӛйлеуге  және  қажет  кезде  сӛйлеуге  ҥйрету.  Сынып  оқушыларын  сӛйлеу 

мәдениетіне, ынтымаққа, татулыққа, еңбекке баулу. 

Қатысушылар: 4, 5 сынып оқушылары. 

(Сахнада үйдің ішкі кӛрінісі. Дархан кітап оқып отыр. Ол жайлаудағы атасының 

үйінде біраз болып келген. Үйге сыныптастары Анар мен Жазира кіреді) 

Анар:  –  Амансың  ба,  Дархан?  «Алыстан  алты  жасар  бала  келсе,  алпыстағы 

қария сәлем берер» – деген , ӛзіңе сәлемдескелі келдік. Атаңның аулынан қашан 

келдің? 


Дархан: – Кеше  келдім. Ӛздерің қалайсыңдар? 

«Адамдықтың белгісі- 

Иіліп сәлем бергені. 

Шын достықтың белгісі- 

Кӛп  кешікпей  келгені».  Келіңдер,  жоғары  шығыңдар,  тӛрлетіңдер.(Жазира  мен 

Анар тӛрге шығып, әдеппен жайғасады). 

Жазира:  «Жақсы  тай  атқа  ҥйір,  жақсы  бала  қонаққа  ҥйір»  деген  осы  болар, 

рахмет, Дархан.(Сырттан екі қыз, Айдана бен Назгүл кіреді) 

Екеуі қосарлана: - Сәлеметсіңдер ме, қҧрбылар? 

Айдана: – Ат-кӛлік аман-есен келдің бе, Дархан? 

Назгүл:  – «Жақсы келді дегенше, 

                   Жарық келді десейші. 

                   Жақсылықтың уытын, 

                   Алып келді десейші»,  

– Дархан, атаңның ауылында қандай қызықтар бар екен, не жаңалығың бар? 



Дархан: – Келіңдер, қыздар. Сендерге айтар әңгімем аз емес. 

«Биік тӛбеге шықсаң, кӛзің ашылады. 

Жақсымен  сӛйлессең,  кӛңілің  ашылады»  дегендей,  ӛздерің  де  әңгіме      айта 

отырыңдар. 



Қыздар: – Иә, иә. «Жақсыда жаттық жоқ», ниетіңе ризамыз. 

Дархан:  –  Иә,  айтқандай,  «Қу  шӛппен  аузын  сүртіп»  демеңдер,  дастархан 

жаяйын. 


Назгүл мен Айдана: (қосарлана): – Біз кӛмектесейік. 

Анар (қолында Дарханның манағы оқып отырған «Асыл сӛз» кітабы): 

«Кітап оқығандікі, 

Білім тоқығандікі», – кӛркем әдебиетке қҧмарлық қандай жақсы. 

Жазира (құптап):  – «Ақыл азбайды, 

                                       Білім тозбайды». 

Айдана:– «Білім таппай мақтанба, 

                   Ӛнер таппай баптанба» депті Абай атамыз. 

Назгүл:  – Ал, Ыбырай атамыздың айтқаны ше? 

                      «Сауысқанның тамағы, 

                        Шоқуменен табылған. 

                        Ӛнер-білім – бәрі де, 

                        Оқуменен табылған». Дана аталарымыз айтқандай, бос уақытыңда 

кітап оқығанға не жетсін! 



Дархан (дастарханды әзірлеп болып): 

«Ас – адамның арқауы». Дәмнен алып отырыңдар, қыздар. 

Айдана: – О-о, сен бізге апаңның аулынан дәмді-дәмді қҧрт, ірімшік ала келіпсің 

ғой! Дәм татайық, дастарханға жақындаңдар, қыздар. 



Анар: – «Ас – иесімен тәтті», ӛзің де алып отыр, Дархан. (Бәрі шүйіркелесіп, дәм 

алып отырады. Осы кезде даладан тасыр-тұсыр жүгіріп Самат пен Таңат кіріп 

келе жатады) 

Екеуі  (бар  дауыспен  айқайлай):  –  Дархан,  қашан  келдің?  Жҥр,  далаға  шық.  Доп 

ойнаймыз, бол, тез! 



(Іштегі қыздар тосырқай қарап қалады) 

Назгүл: – Ей, достар, амандық-саулық жоқ, бҧларың не? 

«Әдепті бала – арлы бала, 

Әдепсіз бала – сорлы бала», – дегіздіңдер-ау, тіпті. 

Жазира: – «Асық ойнаған азар, 

                    Доп ойнаған тозар. 

                   Бәрінен де қой бағып

                   Құйрық  жеген  озар»,  –  деген  атамыз  қазақ.  Мына  Дархан  қойлы 

ауылдан келді ғой, әңгімесін сҧрасаңдар болмас па? 



Айдана: (қашанғы сабырлы қалпымен

                    «Жаман адам айқай келеді, 

                     Жан-жағын жайпай келеді. 

                     Жақсы адам жай-жай келеді, 

                     Жан-жағын байқай келеді» дегендей болды-ау ӛзі.  

Самат пен Таңат:(қатты ұялып қалады)  – Кешіріңдер, қыздар, сендер де осында 

екенсіңдер ғой. Бізден бір білместік ӛтті. Қалайсың, Дархан? Ыңғайсыз болды-ау! 



Дархан: – Ештеңе етпес, «Кінәсін мойындау да – кісілік»  білген адамға. Қане, 

келіңдер,  тӛрлетіңдер.  «Ертеңгі  асты  тастама,  кешкі  асты  бақпа»  демей  ме 

бҧрынғылар, астан алып отырыңдар. 

Бәрі: – Иә, иә «Досыңның асын дұшпаныңдай іш» дегендей, ішіп-жеп, әрі осы 

ҧлттық  тағамдарды  бағалай  білу  де  керек-ау.  «Ас  тұрған  жерде  дерт    тұрмас» 

деген сӛз бар ғой. 

Анар: – «Бал ұстаған – бармағын жалар» деп бекер айтқан дейсің бе, апалардың 

ҥйі береке ғой, шіркін! 



Дархан:  –  Дҧрыс  айтасың,  Анар.  Менің  апамның  пейілі  кең,  қолы  ашық,  ӛзі 

жомарт адам. «Мың сіз-бізден бір шыж-быж» достарыңа ала бар, ауыз тисін» деп 

апам  салып  берген  ғой.  Кеше  менің  базарлығымнан  анам  да  ауыпдастарға  ауыз 

тигізіп, шәй берген. 



Таңат:  –  Қазақ  қонақжай  ғой,  сондай  кеңпейіл,  жаны  жомарт  халықтың  ҧрпағы 

болғаным  қандай  бақыт  десеңші!  Дархан  дос,  «Ӛле  жегенше,  бӛле  жейік» 

дегенсің-ау (жымиып), рақмет сендей асыл досқа. 

Дархан:  –  Менің  орнымда  болсаң,  сен  де  сӛйтер  едің,Таңат.  Оның  ҥстіне  бҧл 

апамның  сәлемдемесі,  білесің  ғой,  апам  сендерді  аузынан  тастамайды.  Маған 

«балам,  «Адамды  бірге  жүрген  досына  қарап  таны»  деген,  сені  де  достарыңа 

қарап  бағалайды,  сондықтан  ӛзің  де  жақсы  бол,  жақсы  ҧлдармен  дос  бол»  деп 

отырады. 

Жазира:  –  Жӛн  сӛз  екен,  Дархан,  «Жақсы  кӛргенін  айтар,  жаман  бергенін 

айтар»  деген  атамыз  қазақ.  Атаңның  аулынан  не  кӛрдің?  Айта  отыр,  әңгіме 

болсын. 


Дархан: – Айтсам, айтайын. «Мал ӛсірсең, қой ӛсір, ӛнімі оның кӛл-кӛсір» деп, 

атама  мал  бағыстым,  апамның  суын  тасып,  ҥй  шаруасына  кӛмектестім.  Әсіресе, 

бар  шаруаны  тындырып  болып,  кешке  шамның    жарығымен  атам  мен  апамның 

әңгімесін  тыңдау  бір  ғанибет.  Сосын,  апам  киіз  ҥйдің  іргесіне    атам  екеумізге 



тӛсек  салып  береді,  тәтті  қиялдарға  беріліп,  жымыңдаған  жҧлдыздарға  қарап 

жатып ҧйықтап кетесің. Шіркін, «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» 

деген сол екен ғой! 

Таңат: – Еһ, Дархан, бәрін айт та, бірін айт, «Таяқ тайға жеткізер, тай құнанға 

жеткізер.  Құнан  атқа  жеткізер,  ат  мұратқа  жеткізер»  деген  бар  ғой,  атқа 

мінгеніңді айтшы, тыңдап рахаттанып қалайық. 



Дархан: – Таңат, «Ат –ердің қанаты ғой», атам мені демалысқа шықса келеді ғой 

деп,  мектепке  барған  кезімде  «бәсіреге»  берген  жиренқасқа  қҧнанымды  баптап 

жҥр екен. Кҥн сайын ерттеп береді, мініп алып желмен жарысқан қандай, шіркін! 

Ай,  бір  қҧйғытасың  ғой!  Кӛктем  мезгілі,  қозылар  да  әлі  жас,  «Мал  –  баққанға 



бітеді»  деп,  тӛлдерді  ҥйден  ҧзатпай  бағамын.  Ӛздері  тіпті  ҧйқышыл,  қарамасаң 

тастың    арасында  қалып  қояды,  сондықтан  кешке  қораға  қамарда  тӛңіректі  атам 

тағы  бір  сҥзіп  шығады.  (Манадан  бері  әңгімені  үнсіз  тыңдап  отырған  Самат 

сӛзге араласты) 

Самат:  –  Дархан,  нағыз  демалыс  сенде  болыпты  ғой,  біз  мҧнда  доп  қуалап 

жҥрсек.  Таза  ауа,  кӛк  майса,  сылдыраған  бҧлақ!  «Бие  кӛп  болса,  құлын  кӛп» 

деген, мына қымыздың дәмі тіл ҥйіреді. Желіге қҧлын байлаған қандай? 

Дархан:  –  Несін  айтасың,  Самат,  бір  керемет!  Жайлаудың  таңы  қандай  сҧлу 

десеңші!  Қҧлындардың  жарысып  ойнағаны,  қозылардың  қырқаларда  шапқылап 

жҥгіргені, әй, керемет! Айтып жеткізе алмаспын. 

Айдана: – «Жауар күн ыстық болады, болар бала пысық болады»  деп бекер 

айтпаған ғой, ата-апаңа әбден кӛмегің тиіп, риза еткен сияқтысың. 



Анар:  –  Ал,  Дархан,  біз  келгелі  біраз  уақыт  боп  қалды,  «Кел  демек  бар,  кет 

демек жоқ», рҧқсат болса, біз тҧрайық.  

Дархан: – Иә, «Жақсылықты бӛліссең  – кӛбейеді» дейді, келгендеріңе рахмет, 

«Қонағыңның  алтынын  алма,  алғысын  ал»  деген  де  бар  емес  пе,  Самат, 

мҧсылманның  баласымыз,  дастарханға  бата  оқып,  дәм  қайыр.(Бәрі  қол  жаяды, 



бата  да  баланың  айтуына  жеңіл,  лайықты  тілек-ӛлең  болуы  керек.  Үлкендер 

беретін бата балаға ауыр болады, мұны қатты ескеру керек.) 

Самат:  «Құрдасыңа қуаныш бол, 

                 Жылағанға жұбаныш бол, 

                 Ата-анаңа аласа бол,  

                 Татулыққа тамаша бол», әумин. 

(Бұдан  кейін  балалар  орындарынан  тұрып,  есікке  беттейді.  Осы  кезде  аулаға 

Бейбіт кіріп келе жатады. Ӛңі сынық. Сәлемдеседі)  

Бейбіт: – Сәлем, достар! Барлығың осында екенсіңдер ғой. 

Жазира: –Иә, ӛзің қайдан келесің?  

Бейбіт:  –  Ҥйден.  Жолда  Манатты  сыртынан  кӛрдім.  Бақшасында  жер  аударып 

жатыр екен. 



Назгүл:  –  «Доссыз  адам  –  қанатсыз  құс»  демекші,  досыңды  ерте  келмедің  бе, 

енді?  


Бейбіт:  –  Ол  екеуміз  біраздан  бері  сӛйлеспейміз.  Келісе  алмай  қалғанбыз.(Бәрі 

үнсіз, ойланып қалған. Дархан тіл қатады) 

Дархан:  – Манаттың қолы тимей жатыр екен. Барып жәрдем берейік. «Ынтымақ 

– істі бітірер» демеуші ме еді, жҥріңдер кеттік. 

Бейбіт: – Мен бара алмаймын. Ӛздерің бара беріңдер. 

Айдана:  –  Е,  неге?  «Ӛзімдікі  дегенде,  ӛгіз  қара  күшім  бар.  Ӛзгенікі  дегенде, 

анау-мынау ісім бар», – деп тҧрсың ба, Бейбіт? 

Бейбіт:  – Жоқ, олай емес. Ондай қулығым жоқ. Маған ыңғайсыз. 

Дархан:  –  Қой,  ӛкпені  ҧмыт.  Ӛзіңнен  де  болған  шығар,  Манаттай  досыңды 

болмайтын ӛкпеге айырбастамақсың ба? «Жақсы адамның ашуы – шәйі  орамал 



кепкенше. Жаман адамның ашуы – басы  жерге жеткенше»  деп  бҧрынғылар 

осындайда айтқан шығар. 



Жазира: – Дархан дҧрыс айтып тҧр, Бейбіт, одан да «Ашу – дұшпан, ақыл – дос. 

Ақылыңа ақыл қос» деген бар емес пе, бізбен бірге жҥр. 

Бейбіт  (жадырап):  –  Ӛзім  де  осылай  боларын  білгем,  бір  жағы  сендерге  сеніп 

келдім.  Бәрі  артта  қалсын.  Жҥріңдерші.(Дарханды  қаусыра  құшақтай  алға 



ұмтылады. Бәрі жарқылдасып, жол-жӛнекей қалжыңдасып, Манаттың үйіне де 

келеді. Оларды сонадайдан байқаған Манат қолындағы күрегін талға сүйей бере 

жақындайды). 

Манат:  –  О-о,  сәлем,  қыздар!  Сәлем,  Дархан!  Қашан  келдің?  Мен  саған  сәлден 

кейін барып, сәлемдесіп қайтам ғой деп едім. 



Дархан: – Оқасы жоқ. Сенің қолың тимей жатыр ғой деп, ӛзіміз келдік. 

Манат:  –  Е-е,  рахмет.  «Жерді  емгеннің  –  езуі  майлы»  деуші  еді  кӛкем,  жер 

аударып, кӛкӛніс егуге дайындық жасап жатқанбыз. 



Анар:  –  Манат,  «Еңбектің  –  наны  тәтті»  дегенді  дҧрыс  кӛрген  екенсің,  оның 

қҧптарлық.  Біз  бәріміз  бір  жағы  саған  қолғабыс  тигізейік  деп,  бір  жағы  Бейбіт 

екеуіңді келістірейік деп келдік. 

Дархан:  –  Анар  шын  айтады,  «Алдыңа  келсе,  атаңның  құнын  кеш»  деген, 

Бейбіт екеуің қол алысыңдар. Мен білсем, екеуің де қиналып жҥрсіңдер. 



Айдана:  –  Сӛйтіңдер,  ӛкпе  деген  қандай  жаман,  ҥнемі  ісіңе  кедергі  келтіреді. 

«Кішіпейілділік  –  кісінің  кӛркі»,  біз  куә  болайық,  достасыңдар.(Екі  дос  қол 

алысып, құшақтасады. Бәрі қол шапалақтап риза болысады). 

Назгүл:  – Ал, ендеше, не тҧрыс? «Ұрыс – ырысты қашырады, ынтымақ істі 

асырады» демекші, қане, іске кірісейік. 

Дархан:  –  Онда,  Манат,  әкел  кҥрегіңді.  Тырмаңды,  кетпеніңді  бер  бізге. 

«Сыпырғы келсе, шаң қашар», деген бар ғой, қарап тҧрмайық. 

Бейбіт:  –  «Бітер  істің  басына,  жақсы  келер  қасына»  депті  атам  қазақ,  осы 

әрекетке  бастамашы  болған,  Дархан  дос,  сен  барда  бізге  қандай  жамандық 

жоласын. Бірге болайық әрқашан. 

Қыздар (жамырай): – Манат, маған шелегіңді бер. 

                                   – Әкел, кӛшетіңді ҧстап тҧрайын. 

                                   – Жҥріңдер, су әкелейік. 

(Достар жүздері қуанғаннан бал-бұл жанып, жұмыла жұмысқа кіріседі). 

                                            Шымылдық. 

 

Айзере Бердібай 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жеткізем деп біздерді арай шыңға, 



Жан Ана, тҥстің-ау сен талай сынға. 

Дӛңгеленген уақыт жҥрдек қандай, 

50 де келіп қапты абайсызда. 

                      

Анашым, ӛзіңсің ғой ардағымыз, 

Гҥлденсін немеремен жан-жағыңыз. 

Біз ҥшін ең керегі бҧл ӛмірде, 

Әрқашан сау-саламат болғаныңыз. 

 

Елуіңмен бір келді жасыл кӛктем, 



Жасыл кӛктем ғаламды ғашық еткен. 

Осынау мерейтойың қҧтты болсын, 

Жҥрегің, аяулы ана, асыл неткен! 

 

Шыңдады сені ӛмірдің кіл сынағы, 



Біз ҥшін болдың ӛзің кҥн шуағы. 

Жарқырап аман жҥрші ортамызда, 

Арнаймыз шын жҥректен жыр шумағын. 

 

Ізгі тілекпен: ҧл-қыздары, кҥйеу бала, келіндері 



«Есейхан» ауылы 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал