Даму стратегиясы



жүктеу 50.9 Kb.

Дата26.03.2017
өлшемі50.9 Kb.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ 

Биржалық кеңесінің шешімімен 

(2011 жылдың 24 ақпанындағы № 3 хаттама) 

Бекітілді 

"Қазақстан қор биржасы" АҚ 2011-2013 жылдарға арналған            

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ 

Осы  құжат  көрсетілген  кезеңге  "Қазақстан  қор  биржасы"  АҚ  (бұдан  ары – Биржа)  дамуының 

негізгі бағыттарын жəне Биржаның шешуді көздеген міндеттерінің тізімін белгілейді. 

2011-2013  жылдарға  арналған  дамудың  негізгі  стратегиялық  бағыттарын  анықтауда  Биржа 

төменде келтірілген қағидаларға негізделеді. 

•  Қазақстан қор нарығын дамыту мемлекеттік деңгейдегі міндет болып табылады жəне негізгі 

мəселелер бойынша позициялардың жəне барлық өкілетті мемлекеттік органдар мен қаржы 

ұйымдарының, соның ішінде Биржа əрекеттерінің келісті болуын талап етеді. 

•  Биржа  қаржылық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  қаржылық  сектордың  тұрақтылығын 

арттыру,  дағдарыстан  кейінгі  кезеңдегі  инвестициялық  белсенділікті  ынталандыру, 

инвесторлар  жəне  қаржылық  қызметтердің  тұтынушылары  тарапынан  елдің  қаржылық 

секторына  деген  сенімділігін  нығайту  бойынша  мемлекеттік  міндеттерді  жүзеге  асыруға 

барынша ықпал етуді көздеп отыр

1



•  Биржа  экономиканың  бəсекеге  қабілеттілігін  арттыру  жəне  əртараптандырылуы  арқылы 

оның  тұрақты  жəне  баланстандырылған  өсуін  қамтамасыз  ету

2

,  қолайлы  инвестициялық 



ахуалдың қалыптасуы, капитал нарығы арқылы экономикаға салынатын инвестициялардың 

өсуі,  қазақстандық  "көгілдір  фишкаларды"  ұлттық  қор  нарығына  сəтті  шығару  бойынша 

мемлекет стратегиясының сəтті жүзеге асырылуына ықпал етпек. 

•  Биржа, 2020 жылға қарай азиялық аймақтағы халықаралық өңірлік қаржы орталықтарының 

жетекші  ондығына  енуді  көздеп  отырған,  Алматы  қаласы  өңірлік  қаржы  орталығының 

арнайы сауда алаңының операторы болып табылады

3



•  Биржа  инвесторлық  базаның  өсуіне,  халықтың  инвестициялық  мəдениеті  мен  қаржылық 



сауаттылығын  арттыруға,  елдің  қор  нарығына  жиналған  ақшаларды  тартуға  ықпал  етуді 

көздеп отыр

4



•  Биржа  өз  мəртебесін  арттыруға  жəне  сауда-саттықтардың  ұлттық  ұйымдастырушысынан 



өңірлік  деңгейдегі  халықаралық  биржаға  дейін  өсуге  жəне 2020 жылға  қарай  азиялық 

өңірдегі жетекші биржалардың тізіміне енуге талпыныс жасауда. 

•  Биржа тарихи жағынан елдегі жалғыз əрі əмбебап қаржылық биржа болып табылады, елдің 

қаржы  нарығының  маңызды  инфрақұрылымдық  институттарына  жатады  жəне  барлық 

мүмкін  болатын  стандартталған  қаржы  құралдарымен  сауда-саттықтарды  ұйымдастыруға 

талпынады. 

•  Биржа  "Орталық  бағалы  қағаздар  депозитарийі"  АҚ  ірі  акционері  болып  табылады  жəне 

қазақстандық  қаржы  нарығында  есептесулердің  тиімді  жəне  интеграцияланған  жүйесін 

жасау мақсатында осы мəртебесін сақтап қалуды көздеп отыр. 

                                                      

1

  

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 01 ақпанындағы № 923 жарғысымен мақұлданған, Қазақстан 



Республикасының дағдарыстан кейінгі қаржылық секторын дамыту концепциясы; Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2006 жылдың 25 желтоқсанындағы № 1284 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы қаржы 

секторының 2007-2011 жылдарға арналған даму концепциясы. 

2

  



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 науырызындағы № 958 Жарғысымен бекітілген, Қазақстан 

Республикасының үдемелі индустриалық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы. 

3

  



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 30 қаңтарындағы № 90 қаулысымен бекітілген, Алматы 

қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспары. 

4

  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 маусымындағы № 536 қаулысымен бекітілген, Қазақстан 



Республикасы халқының инвестициялық мəдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға 

арналған бағдарламасы. 



"Қазақстан қор биржасы" АҚ 2011–2013 жылдарға арналған даму стратегиясы 

 

2



•  Биржа  коммерциялық  ұйым  болып  табылады  жəне  қаржылық  тұрақтылық  пен  бизнестің 

үздіксіздігін сақтай отырып, табысты максимизациялау міндетін алға қояды. 

•  Биржа  қаржылық  секторды  дамыту  күштерінің  тиімділігін  жəне  келісімділігін  арттыру 

мақсатында,  қызметтері  Қазақстанның  қор  нарығын  дамытуға  бағытталған,  мемлекеттік 

органдармен, жеке ұйымдармен жəне қоғамдық бірлестіктермен күш біріктірмек ниетте. 

ПАЙЫМЫ 

Биржа  Қазақстанның  қаржы  нарығы  инфрақұрылымының  басты  элементтерінің  бірі  бола 

отырып,  капитал  нарығы  қатысушыларының  қажеттіліктеріне  жауап  беруге,  қаржы  жүйесінің 

тұрақты дамуына, соның ішінде бұл бағыттағы мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің жүзеге 

асырылуына белсенді атсалыса отырып, ықпал етуге тырысуда. 

МИССИЯСЫ 

Биржа ұсынылатын қызметтердің спектрін кеңейтіп жəне олардың халықаралық стандарттарға 

сəйкестігін  қамтамасыз  етіп,  отандық  жəне  шетелдік  инвесторлар  мен  эмитенттерге,  бағалы 

қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларына тартымды сауда алаңына айналуы тиіс. 



МАҚСАТЫ 

Биржа 2014 жылға  қарай  сауда-саттықтар  ұйымының  халықаралық  стандарттарына  жауап 

беретін,  қаржы  құралдарының  ұлттық  нарығының  заманауи  инфрақұрылымдық  институтына, 

отандық  жəне  шетел  инвесторлар,  эмитенттер,  бағалы  қағаздар  нарығының  кəсіби 

қатысушылары үшін бəсекеге қабілетті жəне тартымды, ұлттық экономиканы қорландыру үшін 

тиімді сауда алаңына айналуы тиіс. 



ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ 

I. 


Биржалық  нарықтың  жəне  Биржа  айналымындағы  бағалы  қағаздар  өтімділігінің 

капитализациясын  арттыру,  Биржа  ұсынатын  қызметтер  мен  сатылатын  қаржы 

құралдарының тізімін кеңейту. 

II. 


Биржа брендін күшейту мақсатында Биржа қызметінің барлық салаларында халықаралық 

стандарттарды енгізу, оның акцияларының құнын арттыру жəне Биржаның халықаралық 

деңгейде мойындалуына қол жеткізу. 

МІНДЕТТЕР 

Биржа  өз  дауымының  аталған  стратегиялық  бағыттарын  жүзеге  асыру  мақсатында  төменде 

келтірілген негізгі міндеттерді өз алдына қояды. 

Листингілік компаниялар тізімін кеңейту 

•  Қазақстандағы IPO-ға "Самрұқ-Қазына" ҰƏҚ" АҚ Тобының компанияларын шығару жөніндегі 

Биржаның жəне "Самрұқ-Қазына" ҰƏҚ" АҚ-ның келісілген бірлескен əрекеттерін белсендіру. 

•  Шетел  эмитенттерінің  бағалы  қағаздарын  Биржаға  шығару  үшін  қолайлы  жағдайларды 

жасау процесіне белсенді қатысу. 

•  Негізгі  активтері  Қазақстанда  орналасқан  компаниялардың  бағалы  қағаздарын  Биржаға 

орналастыруды ынталандыру. 

•  Жаңа  листингілік  компанияларды  тартуға  бағытталған  жəне  ең  үздік  шетелдік  тəжірибеге 

негізделген маркетингілік қызметті күшейту. 

•  Компаниялармен кері байланысты жетілдіру арқылы Биржаның листингілік компаниялармен 

қатынасын нығайту. 

•  Биржалық  аукциондарды  ұйымдастыру  мен  өткізу  жəне  бағалы  қағаздарды  бастапқы 

орналастыруда жазылу процедураларын жетілдіру. 

•  Биржа 

листингісіне 

инфрақұрылымдық 

облигацияларды 

енгізу 


жəне 

оларды 


ұйымдастырылған  қор  нарығында  орналастыру  арқылы  борыштық  бағалы  қағаздардың 

ұлттық нарығын кеңейтуге жағдай жасау.  



"Қазақстан қор биржасы" АҚ 2011–2013 жылдарға арналған даму стратегиясы 

 

3



•  Биржаның  сауда  жүйесі  арқылы  орналастырылған  листингілік  облигациялардың  үлесін 

арттыру үшін жағдай жасау. 



Инвесторлық базаны арттыру 

•  Жаңа дара инвесторларды тарту жəне орныққан инвесторларды қолдау бойынша Биржаның 

жəне "АӨҚО" АҚ-ның күштерін біріктіру. 

•  Дара жəне институционалды инвесторларды оқыту процесінде Биржа ролін арттыру. 

•  Биржа қызметінің өз мүшелеріне қатысты клиентті бағдарлай білуін күшейту. 

•  Биржаның  сауда  алаңына  шетелдік  инвесторлардың  қол  жетімділігі  үшін  қолайлы  жағдай 

жасау  бойынша  Биржаның  "Самрұқ-Қазына"  ҰƏҚ"  АҚ-мен  жəне  "АӨҚО"  АҚ-мен  күштерін 

біріктіру. 

•  Шетелдік  ақпараттық  провайдерлер  жасайтын  индекстер  арқылы  ұлттық  қор  нарығын  алға 

жылжыту. 

•  Инвесторлар жəне сауда-саттық қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған 

Биржаның тарифтік саясатын жетілдіру. 

•  Қазақстандық  бағалы  қағаздар  нарығында  жұмыс  істеу  үшін  жоғары  білікті  мамандарды 

даярлау жəне қайта даярлау процесіндегі Биржа белсенділігін арттыру. 



Сатылатын құралдар тізімін кеңейту жəне олардың өтімділігін арттыру 

•  Биржалық маркет-мейкер институтын одан ары жетілдіру. 

•  Туынды қаржы құралдарының биржалық нарығын дамыту. 

•  Биржада  сатылатын  бағалы  қағаздардың  айналым  (өтімділік)  деңгейін  арттыру  (акциялар 

жəне туынды қаржы құралдары басымдылықта). 

•  Шетелдік валюталар биржалық нарығының одан ары дамуын қамтамасыз ету. 

• ETF (Exchange-Traded Funds) бағалы  қағаздарының  Биржадағы  айналысы  үшін  жағдай 

жасау. 


•  Қазақстанда  ұйымдастырылған  қор  нарығына  шетелдік  беймемлекеттік  бағалы  қағаздарды 

тартуға жəрдемдесу. 



Биржалық нарықтың айқындылығын арттыру 

•  Ұсынылатын ақпараттың толыққандылығы жəне сапалылығы жөніндегі талаптарды күшейту 

бойынша  бағалы  қағаздар  эмитенттері  ақпаратты  ашуының  халықаралық  тəжірибесін 

Биржаға енгізу. 

•  Листингілік 

компаниялармен 

жəне/немесе 

бағалы 


қағаздар 

рұқсаттамасының 

бастамашыларымен электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу. 

•  Ағылшын тілінде ақпаратты ашатын эмитенттер тізімін кеңейту. 

•  Биржаның  интернет-сайтында  бағалы  қағаздар  эмитенттері  құжаттарының  мұрағаттарын 

жасап, осы мұрағаттарға тиімді қол жеткізу мүмкіндігін туғызу. 

•  Аффилиирленген тұлғалар жəне инсайдерлер жайлы ақпаратты ашу жөніндегі талаптарды 

енгізу. 


•  Нақты уақыт тəртіптемесіндегі сауда-саттықтар туралы биржалық ақпаратты коммерциялық 

ұсынудың сапасын жəне сенімділігін арттыру, биржалық ақпаратты сатудың көлемін ұлғайту. 

•  Биржаның  инвесторларға  жəне  бағалы  қағаздар  нарығының  кəсіби  қатысушыларына 

ұсынатын  есептесу  мəліметтерінің  сапасын  арттыру  (нарықтық  бағалау,  индикаторлар, 

кластар, өтімділік). 

•  Биржалық ақпаратты мемлекеттік тілде ұсыну. 



"Қазақстан қор биржасы" АҚ 2011–2013 жылдарға арналған даму стратегиясы 

 

4



Инвесторлар мүдделерін қорғау деңгейін арттыру 

•  Контрагенттер тəуекелін бақылау жəне шектеу мақсатында Биржа мүшелерінің тəуекелдерін 

тұрақты бағалау жəне қаржылық жағдайларын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 

•  Биржаның  ресми  тізіміне  бағалы  қағаздарды  енгізуде  қаржылық  кеңесшілердің  (Биржа 

мүшелерінің) жауапкершілігін арттыру. 

•  Облигация ұстаушылары өкілдерінің рөлін арттыру. 

•  Биржа  мойындаған  аудиторлық  ұйымдардың  тізіміне  ұйымдарды  енгізуді  жəне  аудит 

сапасының жүйесін бақылауды жетілдіру. 



Технологиялық даму 

•  Халықаралық  стандарттарға  сəйкес  бағалы  қағаздардың  ұйымдастырылған  нарығында 

тиімді клирингілік жүйені жəне есептесудің заманауи жүйесін енгізу. 

•  Өндірушіліктің,  сенімділіктің,  функционалдылықтың,  интерфейстың,  масштабтанулықтың 

жəне  мэтчингтің  заманауи  деңгейін  қамтамасыз  етумен,  Биржаның  бағдарламалық-

техникалық кешенін, сауда жүйесін жəне саудадан кейінгі инфрақұрылымын қоса, жаңарту. 

•  Биржа қызметінің үздіксіздігін жəне мəліметтерді қорғау жүйесін қамтамасыз ету. 

Халықаралық ынтымақтастық 

•  Халықаралық қаржы ұйымдарымен жəне шетелдік биржалармен ынтымақтастықты кеңейту 

жəне ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды орнату. 

•  Биржалардың əлемдік федерациясындағы (WFE) толық мүшелікке ие болу. 

•  Қаржылық ақпаратты  таратушылардың  жəне  тұтынушылардың  халықаралық  ассоциациясы 

(FISD) ұсынған стандарттарға сəйкес биржалық ақпаратты тарату. 



Корпоративті құрылымды жəне басқаруды жетілдіру 

•  Биржа  дамуының  негізгі  бағыттарына  жəне  стратегиялық  міндеттеріне  сəйкес  келетін 

биржалық топтың оптималды құрылымын қалыптастыру. 

•  Биржаның  қаржылық  тұрақтылығын,  дамуының  орнықтылығын  қамтамасыз  ету,  оның 

бəсекеге қабілеттілігін арттыру. 

•  Биржалық  топтың  қызметіне  корпоративті  басқарудың  халықаралық  стандарттарын  одан 

ары енгізу. 

•  Биржаның  бизнес-процестерін  ұйымдастыру  жүйесін  жетілдіру,  Биржа  қызметінің  орта 

мерзімдік бизнес-жоспарлау жүйесін енгізу. 

•  Ұлттық жəне халықаралық деңгейде Биржаның тартымды брендін қалыптастыру. 

•  Кадрлық  саясатты  жəне  персоналды  басқару  жүйесін  дамыту,  стратегиялық  міндеттерді 

жүзеге  асыруға  жəне  Биржа  жұмысы  мен  қаржылық  тұрақтылық  көрсеткіштеріне  қол 

жеткізуге байланысты еңбекті бағалаудың адекваттық жүйесін енгізу. 

•  Биржаның ақпараттық, инвестициялық, есептік жəне дивидендтік саясатын жетілдіру 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал