Дамытушы фактор



жүктеу 49.27 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі49.27 Kb.

306

 РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ – ҚОҒАМДЫ 



ДАМЫТУШЫ ФАКТОР

Нұрадин Г.Б., Сапарғалиева С.Ж.

Атырау қ., Қазақстан 

«Қажеттілік» - адам баласын алға сүйреп келе жатқан үлкен қозғаушы күш. 

Қажеттілігі артқан әрбір адам үнемідамуға ие. Сонау ерте заманнан бастап қазіргі 

күнге дейінгі адам ақылының жеткен жетістіктерінің басты себебі де қажеттілік. 

Қажеттілік адам бойындағы қызығушылықты туғызады, ал қызығушылық оны 

іс-әрекетке  итермелейді.  Іс-әрекеттің  нәтижесі  адамның  жетілуін  қамтамасыз 

етеді,  осылайша  адамзат  сатыдан-сатыға  өрмелеп  дүниені  тануда  және  оны 

талдап  түсіндірмелеуде  таңқаларлықтай  жаңалықтар  ашуда.  Демек,  белгілі  бір 

мәселенің  шешемін  табу  үшін,  қызығушылықты  арттыру  үшінгі  басты  қадам 

оған деген қажеттілікті туғызу. 

Рухани және материалдық деп екіге бөліп қарастырып жүрген қажеттілік 

шын  мәнінде,  бүтін.  Өйткені  бірінсіз  екіншісінің  бар  болуы  мүмкін  емес. 

Олардың  әрбір  жағдайға  байланысты  бірі  басым  бірі  әлсіздеу  болуы  мүмкін, 

бірақ  бірінің  ішінде  екіншісінің  мүлдем  болмауы  мүмкін  емес.  Онда  біз  неге 

оны  бөліп  қараймыз?  Себебі,  бүтінді  толығымен  қабылдап  қорыту  тым  қиын, 

рухани және материалдық қажіттіліктерде өз ішінде бірнеше түрлерге бөлінеді, 

сондықтанда біз оны бөлшектеп қабылдап өз ішімізде бүтіндей жинаймыз. Дәл 

осы кезде көптеген адамдардың қателіктері жиі орын алады. Олардың бірі іштей 

бүтінді құрай алмаса, екіншісі оның бөлшектерін толық қабылдамайды, үшіншісі 

оның бүтін екендігіне тіпті де мән бермейді. Нәтижесінде адамдардың сан қилы 

пиғылдары мен соған сәйкес іс-әрекеттері орын алады.Атағанымыздай іштей сан 

бөлшекке бөлінген рухани қажеттіліктің бірі, әрі ірісі – дін. Дін - әлемдік деңгейде 

қарастырылып  жүрген  ауқымды  мәселе.  Біздің  елімізде  де  заман  бетбұрысы, 

қоғамымызда орын алған шұғыл өзгерістер арқасында оның маңыздылығы еселеп 

артып тұр.Осы қажеттілік 2000 жылы «Терроризм мен экстремизм көрністерінің 

алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» жарлықты күшіне енгізіп, осыған 

орай 2004 жылдан бастап «Дінтану негіздері» пәні 10 сыныптарда таңдау бойын-

ша арнайы курс, ал 2009-2010 оқу жылынан бастап 9 сыныптарына 34 сағаттық 

факультативтік сабақ ретінде енгізіліп отыр. Негізгі мақсат оқушыларға дін және 

діни нанымдар, әлемдік діндер, қазақстандағы басым ұлттардың діни сенімдері 

туралы жалпы мағлұматтар беру. Арнайы мамандар мен оқулықтардың өте аз бо-

луына байланысты қазіргі таңда бұл сұраныс өз деңгейінде өтеліп отырған жоқ. 

«Религия» деген терминді ертеримдік саясаткер, философ, шешен Марк Ту-

лий  Цицерон  енгізген  болатын.  Қазір  бұл  пәнге  ғылым  ретінде  200-ден  астам 

анықтамалар  берілген.«Дінтану  негіздері»  жалпы  әлемдегі  танымал  діндер 

мен  діни  ұйымдардың  да  тарихын  қамти  отырып,  адам  бойындағы  сенімді 

қалыптастыратын дүниегекөзқарас пен дүниетаным жиынтықтары. Сондықтан ол 

ғылым, академиялық міндетті пән. Ашық, дербес қоғам қатарына енгелі еліміздің 

кез-келген азаматы әлемнің қай түкпіріне баруға да ерікті. Әртүрлі жағдайлармен 

шет ел асып немесе әртүрлі жағдайлармен шет елден біздің елімізге келіп жатқан 

азаматтарымыз  түрлі  діндер  мен  діни  ұйымдар  өкілдері.  Олармен  бірігіп  өмір 

сүру  үшін  біз  олардың  діни  құқықтарына,  сенімдеріне  қол  сұқпауымыз  және 



307

олардың  бізге  қол  сұқпауын  сауатты  түрде  қамтамасыз  ете  алуымыз  қажет.

Қадыр Мырзалиевтің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» формуласын 

дін  мәселесінде  де  ұтымды  пайдалануға  болады.  Басқа  діндердің  тарихы  мен 

жөн-жоралғыларынан жастарды хабардар ете отырып, олардың өз діндеріне де-

ген сенімділіктерін арттыру қажет. Әрбір дін сол халықтың салт-дәстүріне, бол-

мыс бітіміне жанаса өрбиді, сондықтанда әрбір адам үшін өз діні өзгелерден биік 

тұрады. Көбіне білместікпен басқа діндердің діни ритуалдарын келемеждеу үлкен 

жанжалға,  тіпті  мемлекеттік  деңгейдегі  шиеленіс  себептеріне  дейін  асқынып 

отырады. Мұндай жағдайлар сөзсіз адамдық шығынға, адамгершілік нұқсандарға 

алып келеді. Осы тұрғыда «Дінтану негіздері» пәні өзінің маңыздылығын артты-

рып отыр. 

Еліміздегі қазіргі күні шиеленісіп жатқан барлық мәселелерді мектептерге 

енгізген бұл пән толығымен шешіп бере алмайды.Халқымыздың негізгі діні ис-

лам болғандықтан біз оны толық меңгеруіміз қажет. Ал «Дінтану негіздері» тек 

исламды ғана насихаттамайды, ислам діні тақырыбына бірнеше сағаттық уақыт 

бөлінеді, ол біздің қажеттілігімізді толық қамти алмайды. Сондықтанда 20 жылдық 

тәуелсіз тарихымыз бар біз балабақша, мектеп табалдырықтарынан бастап жа-

старды ислам тағлымдарына баулуымыз қажет. Батыс ғалымдары «islamology» 

«Исламология»,Ресей ғалымдары «Исламоведение» деп қарастырып жүрген ис-

лам зерттелімдерін қайталаудың еш қажеттілігі жоқ. Ислам тағылымдарын нағыз 

ғылыми пән ретінде жүйелеп, ұлттық нақыштаөз ғылымызға «ислам негіздері» 

деп  өзіміз  енгізуіміз  қажет.  Менің  пікірмше,  Исламтанушыдан  гөрі  «Ислам 

ғалымы»    жазған  оқу  құралдары  тиімдірек  болады,  себебі  исламтанушы  араб 

салт-дәстүрлерін қоса зерделейді, ал оның ықпалы қазақ дәстүрлерін жанамала-

уы әбден мүмкін. Қазіргі таңда нақты исламтанушы деген кім? Ресей зерттеушісі 

А.К. Аликберовтың пайымдауынша қазіргі таңда исламтанушыға түрлі мамандық 

иелерін жатқызуға болады. Атап айтсақ:

Мұсылмандық оқытулармен жұмыс істеп жүрген «түпнұсқашылар»;

Мұсылмандық құқықты зерттеушілер;

Мұсылман философиясының мамандары

Таяу  және  орта  шығыс,  солтүстік  африка,  орталық  азия  және  кавказ 

елдеріндегі  діни-саяси  қозғалыстарды  зерделеумен  айналысушы  «елтанушы-

лар»; 


Мұсылман  халықтарының  рухани  және  материалдық  мәдениеттерін, 

тұрмыстарын, салт-дәстүрлерін зерттеуші «этнографтар»; 

Ресейдегі және әлемдегі мұсылмандық аймақтардағы заманауи үрдістерді 

қарастырушы «саясаткерлер»; 

Жоғарғы оқу орындарында исламнан дәріс оқып жүрген бұрынғы «ғылыми 

атеизм» кафедрасының оқытушылары;

Исламның 

өркениеттік 

өлшемдеріне 

қарай 


маманданған 

«мәдениеттанушылар»; 

Ислам бойынша және ислам туралы жұмыстар жазып жүрген мұсылман ав-

торлар; 


Мұсылмандық рухани ұйымдардың ресми өкілдері.

А.К.Аликберовтың исламтанушы туралы көзқарасы біздің еліміздеде осы 

аталғандардан алыс емес. Оған қоса қазір ресейде де қазақстанда да дінтанушы 


308

мен  теолог  мамандықтарын  бір  қоспада  қарастырады.  Шын  мәнінде  екеуінің 

зерттеу нысандары екі басқа. Сондықтанда оқу орындарына қазіргі таңда нақты 

енгізіліп  отырған  «дінтану  негіздері»  пәндері  мен  ұсынылып  отырған  «ислам 

негіздері»  пәндерінен  өз  мамандары  дәріс  жүргізіп,  арнайы  маманданған  оқу 

құралдары мен оқулықтарды жазу қажет. Онымен қоса арнайы мамандарды шет 

елдерден шақыртып біздің талапкер мұғалімдер мен оқытушылардықысқа және 

ұзақ мерзімді курстарда оқытып немесе қайта даярлауға болады.  

Әрбір сыныптағы оқушылардың психологиялық түсінік-пайымдарына орай 

ислам  тағылымдары  топталса  орынды  болар  еді.  Балиғат  жасақа  дейін  діннің 

алғышарттарын меңгерту арқылы оқушыларға үлкен дайындық жасар едік. 124 

мың пайғамбарларымыз бен 33 мың сахабалардың өмірлері мен даналықтарын 

үлгілеу арқылы шариғат заңдарын игерген жастар бойына «ислами иммунитет» 

жинап, кез-келген басқа діндерден өзін қорғай алар еді. Ислам тағылымдарын 

оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  талдау  ұлттық  тәрбиеміздің 

нығаюына сеп болады. Атап айтсақ, исламдағы қыз баланың, адал жардың, асыл 

ананың  және  ұл  баланың,  ер  жігіттің,  асқар  әкенің  орны  мен  рөлі,  отбасында 

тәрбиеленудің және отбасын құрудың маңыздылығы мен күрделілігі, отангештік, 

адал еңбек, таза сауда, шексіз білімигерудің жолдары мен сатыларының ұлттық 

тәрбиедегі көрністері арқылы бүтіндей алсақ, біз мектеп қабырғасынан елімізге 

қажет нағыз мұсылман  азаматтарды тәрбиелей аламыз. Әрқашанда елдің бүтіндігі 

мен мемлекеттің тұрақтылығын жанұялардың әл-ақуалдары құрайды. Отбасын-

да  ана  мен  әкенің  дұрыс  тәрбиесін  алып  шыққан  бала  қоғамның  толыққанды 

мүшесі бола алады. Толыққанды мүшелер мен қалыпты жанұялар көбейген сай-

ын мемлекеттің де мәртебесі өсіп, іргесі нығая түседі. Олардың өздеріне деген 

сенімдері нық, көзқарастары түзу, рухтары биік болары анық. «Ислам негіздері» 

ары қарай жоғарғы оқу орындарында «Түркі дүниетанымы», «Қазақ филоосфи-

ясы», «Этнография», «Этнопсихология» және т.б. пәндермен өз жалғасын тапса, 

біз жастардың рухани қажеттіліктерін біршама қанағаттандыра алар едік.

Оған  қоса  кейбір  оқу  орындарында  әлі  күнге  дейін  тіршілік  етіп  жүрген 

француз,  неміс  тілдерінің  орнына  араб,  түрік  тілдерін  енгізсек,  ол  ұсынылып 

отырған «Ислам негіздері» пәнін тереңірек игеруге мүмкіндік берер еді. Жалпы 

қазақ тілі түркі тілдес болғанымен араб тілінен енген сөздер сөздік қорымыздың 

жиырма пайызын құрайды. Олай болса, ол өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге 

де қосымша септік болар еді. Қазір ағылшын тілін бастауыш сыныптардан ба-

стап  меңгеру  қолға  алынғандықтан,  оны  тереңдетіп  оқытатын  арнайы  курстар 

өте көп. Араб, түрік тілдерін мектептер мен ЖОО-на енгізу арқылы дәл осындай 

сұраныстарды туғызуымызға болады. Қазір әлемде араб тілінде 190 миллионға 

жуық, ал түрік тілінде 85 миллиондай адам сөйлейді, оған қоса араб тіліБіріккен 

Ұлттар Ұйымының ресми тілі екендігін ескерсек, бұл ойдың салмағы арта түседі. 

Мектептен ауызекі араб және түрік тілін меңгерген оқушы арнайы жоғарғы білім 

аламаса да еркін сауда саттық жасауға, туристік қызметтер атқаруға, аталмыш 

тілді елдерде жұмыс істеуге және өз еліміздегі сол елдердің жұмыс орындарын-

да қызмет етуге қауқары жетеді.Осы тұста ата-бабамыздың ескі жазуы мен 1924 

жылы Ахмет Байтұрсынов өңдеген «төте жазудың»да араб тілінің тумасы екенін 

ескеруміз қажет. Осы салмақ әлі күнге дейін ілбіп келе жатқан неміс және фран-

цуз тілдерін сөзсіз баса алады.


309

Антикалық  философ  Платон  «идеалды  мемлекетті»  ұсынып,  оның  басты 

мінсіздік шарттары ретінде «әділдікті» көрсеткен еді. Содан бері қанша уақыт 

өтсе  де  бұл  идея  ешқашан  толығымен  жүзеге  асқан  жоқ,  бірақ  көп  елдердің 

қалыптасуы мен өрлеуіне сеп болды. Платон бөлген бес мемлекеттік құрылым 

әр түрлі деңгейде өз беттерінше тіршілік етуде. Бірақ мінсіз мемлекеттің басты 

қағидасына айналған «әділеттілік» - исламдық тәрбиенің ең маңыздысы. Адам 

қоғамда қандай да бір қызмет, дәреже, атақ иеленседе әділет таразысынан ажы-

рамауы шарт. Платон өз идеясының ешқашан мәңгі өмір сүре алмайтынын білді, 

бірақ оның идеология ретінде жақсы қызмет атқаратынын айқындады. Олай бол-

са жастарға ерте бастан неліктен Егеменді Қазақстанның болашағы «мінсіз мем-

лекет» болу деген ұлттық идеологияны ұсынуға болмайды.  

Өзгені  жақсы  тану  үшін  алдымен  өзіңді  тану  қажет.  Таза  исламдық  діни 

ілімді жастар бойында қалыптастыра алсақ оның қоғамға тигізер пайдасы мол 

болатын еді. Біріншіден, таза ислами діни сауат сүзгіш (фильтр) ретінде қызмет 

етіп,  жастар  жиналған  ақпараттардың  қажетін  алып  қажет  емесін  лақтырып 

үйренер  еді,  екіншіден,  ислами  діни  сауатты  жас  сыбайластық,  жемқорлық 

сынды  қоғамдық  кеселдерден  аулақ  болар  еді,  үшіншіден,  ел  санаты  көбейіп, 

тастанды,  жетім,  қараусыз  қарт  мәселелері  анықталар  болса,  төртіншіден,  өз-

өзіне қол жұмсау, қоғамға өзін қажетсіз деп тану сынды кеселдерден де арылар 

едік, бесіншіден, дене тазалығы мен жан тазалығын игеріп, түрлі кеселдер мен 

індеттерден өзімізді  қорғай алар едік, қорыта айтқанда, жастардың білім аясы 

кеңіп, діни және ұлттық қорғаныш қабатын қалыптастырып көптеген кедергілерге 

қарсы тұра алар еді. Мұның барлығы оңай бітетін іс емес екені анық, дегенмен ел 

болашағының жарқын болуы үшінгі қадамдар екендігі анық.

         



  ШЫН ДІНДІ ШАТАҚ ДІННЕН ҚАЙТСЕК АЙЫРАМЫЗ?

Омаров А.

Астана қ., Қазақстан

Қазақстан қоғамының бүгінгі күнгі діни сауаттылық деңгейі көңілді көншіте 

ме?   Шын ақиқат қайнарын таба алмай сенделген жастарымыздың Қазақстан 

үшін дәстүрлі емес діндердің құрған торына топырлап түсуіне қарағанда көңілді 

көншітпейді.  Мәселен,  теологияның  әлдебір  мәселесіне  мешіт  немесе  шіркеу 

өкілдері  тарапынан  жастар  толымды  жауапты  ала  алмай  жатады.  Дәстүрлі  дін 

(ислам,  православие)  өкілдері  көбіне  өздерінің  ұстанымдары  және  канондары 

негізінде ғұрпылық тұрғыдан ұғындырумен шектеледі. Мұның өзі бүгінгі күнгі 

білімді талап ету, ілімді кез келген бұлақтан алу талабына  сәйкес пе? Сірә да, 

жоқ.   


Діни  сауаттылық  таяз,  ақиқат  ілім  орта  жағдайда  төзімділік  пен 

сүйіспеншілікті  қатігездік  пен  қиянаттың  ығыстырары  сөзсіз.  Сондықтан 

мемлекетке көп жағдайда Заң күшіне сүйенуге тура келуде. Бірақ дін саласындағы 

мемлекеттің стратегиялық саясаты, әрине, халыққа діннің гумандық негіздерін 

насихаттап, дұрыс түсіндіруге сүйенетін болады. 

Қазіргі  уақытта  жұртшылықты  террорлық  әрекеттер  алаңдатып  отыр. 

Кейбір  діни  топтардың  мемлекет  заңдарын,  сондай-ақ,  отбасылық,  ұлттық 

құндылықтарды мойындамауы да жақсылыққа апармайды. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал