ҚҰдайды қалай танып, білуге болады? Кеннет Тэйлор



жүктеу 0.5 Mb.

бет1/6
Дата11.09.2017
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6

1

ҚҰДАЙДЫ ҚАЛАЙ ТАНЫП, БІЛУГЕ БОЛАДЫ? 

Кеннет Тэйлор

Құрметті ата-аналар!

Өздеріңізге  ұсынылып  отырған  бұл  кітап  –  Киелі  кітап 

əңгімелерінің жинағы емес. Оны «Мəсіх жолын қуушылар ілімінің 

қысқаша кіріспесі» деп атауға болады. Мұнда күнə, аспан, Иса 

Мəсіх жəне тағы басқа көптеген нəрселер туралы айтылады. 

Киелі  кітап  əңгімелері  жайлы  жазылған  кітаптар  аз  емес, 

бірақ балалар сонымен қатар, біздің іліміздің осы уақытқа дейін 

белгісіздеу болып келген негізімен таныс болуға тиіс. 

Біздің  балаларымыз  Киелі  кітаптың  тамаша  хикаяларын 

біліп қана қоймай, əр оқиғаның мағынасын да түсінуі керек. Олар 

бұл оқиғаның шынайылығы мен оның өздері үшін қаншалықты 

маңызды  екендігіне  көздерін  жеткізуі  тиіс.  Киелі  кітап 

əңгімелері мен Киелі кітапты зерттеудің арасындағы осы өзара 

байланысты  біз  балаларға  қысқа  да  қызықты  етіп  жеткізуге 

тырыстық. 

Кітап 7 жастан асқан балаларға арналған, бірақ, оны оқу 12-

13 жастағы балалар үшін де қызықты болары сөзсіз. 

Мұнымен  қатар,  біз  балаларға  қызғылықты  киелікітап 

əңгімелері  жазылған  «Балалар  Киелі  кітабы»,  «Тəңір  –  менің 

Бағушым» секілді кітаптарды күнделікті оқуды ұсынамыз. Олар 

бір-бірін  толықтырып  отырады,  бірақ,  оның  ешқайсысы  да 

Киелі кітапты алмастыра алмайды. Егер оларға дұрыс бағыт 

берсе, тіпті бірінші сыныптың балаларының өзі Марқа немесе 

Лұқа жазған Ізгі хабарды оқи алады. 

Бірақ,  бала  Киелі  Жазбаны  оқуды  бастамас  бұрын,  оның 

бойында киелікітаптық шындықтардың іргетасы болуы тиіс, ол 

соның негізінде ғана оқығандарының мағынасын түсіне алады.

Мұндай  дайындығы  бар  бала  болашақта  көптеген  қауіпті 

азғырушылықтарға қарсы тұра алады. Киелі кітап шындықтары 

бала  үшін  түсініксіз,  бұлдыр  болса,  онда  ол  оның  мұқтажын 

шеше алмайды, ал егер бала оны жастайынан дұрыс оқи білсе 

– сенімді досына айналады.

Құдай  Сөзі  –  бұл  сенімді  күш,  мықты  қорған.  Бұл  кітап 

балаларға  осыны  ұғындырады.  Бұл  кітапты  отбасында 

күнделікті  оқуды  ұсынамыз.  Оны  балалармен  сабақ  өткізуге 

2

дайындыққа пайдалануға да болады. 

Əр  əңгіменің  соңындағы  мінəжат  жайлы  да  бірер  ауыз  сөз 

айта кетелік. Оларды оқымауға да болады. Кейбір ата-аналар 

бұл мінəжаттарды оқымай, қалдырып кеткенді жөн көреді, ал 

екіншілеріне олардың үлкен көмегін тигізуі мүмкін. Қайткенде де, 

ұсынылып  отырған  мінəжаттар  жеткіліксіз;  жиналғандардың 

əрқайсысының мінəжатты өз сөзімен айтуға мүмкіндігі болуы 

тиіс.

Бұл кітапты балалармен бірге бір неше рет қайталап оқу 

қажет. Спердженнің айтуынша, бұрын бұршақ еккенде шұңқырға 

үш бұршақтан салыпты, бірі – жердегі құрт үшін, екіншісі – құс 

үшін, ал үшіншісі – жеміс беру үшін. 

Құдай  Сөзін  балаларға  біртіндеп,  олар  бойларына  сіңіруге 

тиісті  Киелі  кітап  шындығын  естеріне  сақтағанша  үйрету 

қажет.

 

1.  Бір ғана Құдай бар

Киелі  кітапты  оқымайтын  жəне  Құдай  туралы  өте  аз  білетін 

елдерде  əлемде  əр  түрлі  құдайлар  бар  деп  сенеді.  Олардың 

кейбірі – екі құдай, тағы біреулері – төрт құдай бар дегенге сенеді. 

Тіпті, жүздеген, мыңдаған құдай бар деп сенетін халықтар да бар. 

Ай  мен  күнді  де  құдай  деп  есептеп,  оларға  өз  мұқтаждықтарын 

айтып жалбарынатындар да бар. 

Ай мен күн бізге көмектесе ала ма? Əрине, көмектесе алмайды! 

Олардың өздерін Құдай жаратқан, сондықтан да олар құдай бола 

алмайды. Біз Құдайдың жаратқандарына емес, Оның Өзіне бас 

июге тиіспіз.

Періштелерге мінəжат етуге бола ма? Олар да құдай болып 

санала ма? Жоқ. Періштелер тіршілік иелері болып табылады. Біз 

оларды көре алмағанымызбен, олардың кейбірі біздің арамызда 

жүр.  Бірақ,  оларға  табынуға  болмайды!  Періштелер  –  құдай 

емес,  Құдайдың  қызметшілері.  Оларды  Құдайдың  Өзі  жаратты. 

Олар  Құдайды  сүйеді  жəне  Оған  қызмет  етеді.  Періштелердің 

көптігі  сондай,  біз  олардың  санын  көз  алдымызға  елестете  де 

алмаймыз. 

Аспанда біздің сиынатын Құдайымыздан өзге де құдайлар бар 

ма? Бұл сұраққа төмендегі мысалды оқып шыққан соң өзіңіз де 



3

жауап бере аласыз. 

Бір  қауым  басшысы  Сəуледен  оның  Құдай  туралы  түсінігі 

қандай екенін білгісі келіп: 

– Сəуле, əлемде неше Құдай бар? – деп сұрады. Сəуле:

      –  Біреу, – деп жауап берді.

      – Оны сен қайдан білесің?

      – Себебі, əлемде өзге құдайларға орын жоқ, – деп жауап берді 

кішкентай қыз. – Біздің Құдай бүкіл аспан мен жерді қамтып тұр.

Бұл  өте  жақсы  жауап.  Сондықтан  біз  Құдайды  Оның 

жаратқандарының бəрінен артық сүюіміз керек.

Оқу үшін: Мысырдан шығу 20:1-6

Сұрақтар: 

2.  Əлемде қанша Құдай бар?

3.  Біз күн мен айға табынып жалбарынсақ, олар бізді ести 

ала ма?


4.  Періштелерге табынуға бола ма?

Мінəжат:  Аспандағы  қымбатты  Əкеміз!  Саған  əлемдегі 

жалғыз Құдай 

екендігің  үшін  жəне  Өзің  жаратқанның  бəрінен  күшті  болғаның 

үшін алғыс айтамыз. Сені шын жүрегімізбен сүйіп, тек Өзіңе ғана 

қызмет етуімізге көмектес. Біз мұны, Иса Мəсіхтің атынан өтінеміз. 

Аумин.


 

 

2. Құдай деген кім?

Құдай – Тұлға. Ол аспанда тұрады. Киелі кітапта айтылатын 

бұл  аспан  –  біз  күнде  көріп  жүрген,  көгінде  бұлттар  қалықтап, 

ұшақтар ұшып жүрген кəдуілгі аспан емес. Құдай тұрған аспанды 

біз көре алмаймыз. Біз Құдай аспанда дегенімізбен, ол аспанның 

дəл қайда екенін білмейміз. Бірақ, оның ғажаптығын білеміз жəне 

бəріміздің сонда барғымыз келеді. Егер біз Құдайды танып, Оны 

сүйетін болсақ, онда өлгеннен кейін Құдай мен Оның періштелері 

тұрған жерге барамыз. 

Құдай  –  Рух  екенін  білесіздер  ме?  Бұл  оның  денесіз  Тұлға 

екенін білдіреді. Сенде де, мен де де рух өмір сүретін дене бар. 

Ал Құдайға дене қажет емес. 

Ол жарық дүниедегі ең таңқаларлық тіршілік иесі. Ол ешқашан 



4

қателеспейді.  Құдайдың  ұлылығы  соншалық,  Ол  үшін  мүмкін 

емес нəрсе жоқ. Ол өзі қалағанның бəрін де жасай алады. Құдай 

бүкіл əлемді: аспан мен жерді, шөп пен ағаштарды, күнді, ай мен 

жұлдыздарды жаратты. Ол періштелерді жаратты, сені мен мені де 

жаратқан Сол. Көзге көрінетін жəне көрінбейтін нəрселердің бəрін 

бір Құдай жаратты. Ол күнді күркіретеді, найзағайды ойнатып, қар 

мен жаңбырды жаудырады. 

Сонымен,  Құдай  қайда  тұрады?  Біз  Оның  аспанда  екенін 

білдік. Бірақ, Ол осында, біздің арамызда да жүр жəне бізді естіп 

тұрады.  Құдайдың  бір  мезгілде  барлық  жерде  бола  алатыны 

таңқаларлық нəрсе емес пе? Ол үлкен мұхиттардағы кемелердегі 

жолаушылармен  бірге  болады,  сонымен  бір  мезгілде  алыс 

елдердегі  ізгі  хабар  таратушыларды  да  қорғап  жүреді.  Біз  тек 

бір орында ғана бола аламыз. Құдай болса, бір мезгілде барлық 

жерде бола алады.

Біз үшін ең маңыздысы – Құдай бізді сүйеді жəне сондықтан 

да біздің қамымызды ойлайды. Біздер де Құдайды сүйгендіктен, 

Оны ренжітетін қылықтар жасағымыз келмейді.

Оқу үшін: Ишая 6:1-8

Сұрақтар:

1.  Құдайда дене бола ма?

2.  Қазір  Құдай  тұрған  тым  болмағанда  екі  орынды  атап 

берші.


3.  Құдай қараңғыда, түнде көре ала ма?

Мінəжат:  Біздің  көктегі  ұлы  Құдайымыз!  Ұдайы  біздің 

қамымызды ойлап жүретіндігің үшін Саған алғысымызды айтамыз. 

Аумин.

3. Құдай қайдан пайда болды?

Құдай туралы естіген көп нəрселерімізді түсіну – біз үшін қиын. 

Мысалы: Оның бір мезгілде барлық жерде бола алатынын алып 

қарайық. Мұны біз, тіпті, көз алдымызға да елестете алмаймыз. 

Құдай да оның сырын бізге айтқан жоқ. Бірақ, уақыты келгенде біз 

бəрінің жауабын көктен аламыз. 

Құдай  қайдан  пайда  болды?  Оның  əкесі  мен  шешесі  болды 

ма? Жоқ, Құдайға əкенің де, шешенің де қажеті болған жоқ. Ол 



5

ешқашан туылған емес жəне көкте кішкентай бала болып өскен 

емес,  себебі  Ол  əрдайым  бар  болды.  Ол  əрдайым  ұлы  болды 

жəне Ол қазіргі күні де ешқандай өзгерген жоқ. 

Құдай  сен  туылғанннан  жəне  сенің  əке-шешең  туылғаннан 

бұрын да бар болатын. Таулар да, ағаштар да, аңдар да əлі болмай 

тұрған  кезде  –  Құдай  болды.  Əлемде  мүлде  ештеңе  болмаған 

кезде-ақ Құдай бар болатын жəне Ол мəңгі бола береді.

Біз де мəңгі өмір сүреміз. Құдай бізді сол үшін жаратқан. Бірақ 

біз  ұдайы  жер  бетінде  өмір  сүрмейміз.  Күндердің  күнінде  біздің 

денеміз  қартаяды  да,  жерді  тастап  кетуге  мəжбүр  боламыз.  Ал 

егер жер бетінде жүрген кезімізде Құдайды сүйген болсақ, онда 

біз көкке –  Құдайдың жанына мəңгілік өмір сүруге бара аламыз. 

Құдайды  сүюдің  орнына  тек  өздерін  жақсы  көретін  ақылсыз 

адамдар жер бетінде аз емес. Олар өлген соң Құдай оларды көкке 

қабылдай  алмайды.  Олар  мəңгі  бақи  қараңғы  қапаста  қалып, 

Құдайдан алыс өмір сүреді. 

Біз мəңгілік өмір сүретін болғандықтан, жер бетіндегі өмірімізді 

дұрыс  өткізуіміз  қажет.  Сіздерге  өзінің  мəңгілік  өмір  сүруге  тиіс 

екенін ұмытып кеткен бір бай адамның тарихын айтып берейін.

Оның  егіні  бітік  шығып,  мол  өнім  алады.  Оның  қамбасы 

астыққа толып қалады. Астығын қымбатқа сатып, байыған үстіне 

байи түсуді ойлаған ол бұған қатты қуанады. 

«Бұл тамаша болды! – деді ол өзіне-өзі. – Енді маған жұмыс 

істеудің қажеті жоқ. Астық сатудан түскен ақшама не қаласам да 

сатып алуыма болады!»

Кешке ұйықтауға жатқан кезде оның бар ойы өзінің байлығының 

төңірегінде  болды.  Табысының  бір  бөлігін  мұқтаждықта 

жүргендермен бөлісу туралы ой оның қаперіне де кірмеді. 

Сол  түні  ол  өліп  қалды.  Енді  оның  Құдайдың  алдында  есеп 

беруіне  тура  келді.  Өзінің  Құдайға  қызмет  етуі  керек  болғанын 

жəне кедейлер мен ауруларға қарасып тұруға тиіс болғанын ол 

енді есіне алды. Бірақ, енді тым кеш еді.

Сіздердің ешқайсыларыңыз əлгі адам секілді ақылсыз болмас 

деп үміттенемін!

 

Оқу үшін: Лұқа 12:16-28



Сұрақтар:

1.  Құдайдың туылған күні бар ма? 

2.  Ағаштар мен таулар əлі болмай тұған кезде Құдай болды 


6

ма?


3.  Құдай қай уақыттан бері бар?

4.  Сен өлгеннен кейін қанша өмір сүресің?



Мінəжат:  Көктегі  əкеміз!  Мəңгі  өмір  бергенің  үшін  Саған 

алғысымызды  айтамыз.  Өзіңе  ұнамды  өмір  сүруімізге  көмектес. 

Мұны біз Иса Мəсіх үшін сұраймыз. Аумин.

4.  Егер  Құдайды  көре  алмасақ,  Оның  бар  екенін 

қалай біле аламыз?

Желді кім көре алады? Мен көре алмаймын, əрине, оны сен 

де көре алмайсың. 

Біз  желді  көре  алмағанымызбен,  оның  бар  екенін  білеміз. 

Желдің  соққанын  басымыздағы  шашымыздың  желбірегенінен, 

тербетілген шөп пен сыбдырлаған бұталардан білеміз. Ал желдің 

өзін ешкім, ешқашан көрген емес. 

Сол  сияқты,  Құдайды  да  көре  алмаймыз.  Бірақ,  біз  Оның 

шынымен бар екенін біле аламыз. Мұны біз Оның істеген істері 

арқылы білеміз. 

Құдайдың  бар  екенін  дəлелдейтін,  Ол  атқарған  бірнеше  істі 

айтып бере аласың ба? 

Мысалы,  жұлдыздарды,  айды,  күнді  алайық.  Олар  аспанға 

өз беттерімен орналасты ма? Əрине, жоқ!  Оларды біреу сонда 

орналастырды ғой. Үйді көргенде, сен оны жерден өсіп шықты деп 

ойламайсың  ғой.  Оны  біреулердің  салғанын  білесің.  Аспаннан 

сансыз көп жұлдыздарды көргенде, біз олардың да онда өздігінен 

тұрмағанын білеміз. Оларды сол жерге біреу орналастырды. Сол 

«біреу» деп отырғанымыз – Құдай.

Құдайды неліктен көре алмайтынымызды білесің бе? Құдайдың 

тамашалығы  мен  ғажаптығы  сонша,  біз  Оны  көрген  бетте  өліп 

кетер едік. Егер біз Құдайдың айтқандарын мүлтіксіз орындайтын 

болсақ,  күндердің  күнінде  Ол  бізді  Өзіне,  көкке  əкетеді  де,  сол 

жерде біз Құдайды Өз даңқында көреміз. 

Қазір біз Құдайды көрмесек те, Оның бар екеніне сене аламыз 

жəне Оны сүйе аламыз. Киелі кітап бізге Құдай туралы, Оның бізге, 

адамдарға деген сүйіспеншілігі мен мейірімділігі туралы айтады. 

Құдайды сүю үшін, Оның Өзін көру – міндетті емес. 



7

Бірде  бір  əйел  қызына  оны  Құдайды  жақсы  көруі  керектігін 

айтады. Сонда қызы:

– Анашым, мен Құдайды бірде-бір рет көрмесем, Оны қалай 

жақсы көремін? – деп жауап береді.

Арада бірнеше күн өткенде əлгі қыз өзі өмірі көрмеген туыс 

апайынан пошта 

арқылы жолдама сыйлық алады. Қорапты жайлап ашқан қыз оның 

ішінде жатқан суреттері бар əдемі кітапшаны көреді. Ол кітапты 

қызықтай  парақтап,  əбден  қарап  шыққан  соң  шешесіне  жүгіріп 

келіп:

–  Анашым,  мынау  қандай  керемет  кітап!  Мұны  жіберген 



апайым неткен тамаша адам? – дейді.

– Бірақ, сен оны бір рет те көрген жоқсың ғой!

– Оның рас, – деп жауап берді қыз. – Бірақ, мен оның жақсы 

адам екенін сеземін. Мұндай тамаша кітапты тек жақсы адам ғана 

жібереді!

Біз  де  солай,  Құдайды  ешқашан  көрмесек  те,  Оны  жақсы 

көре аламыз. Ол бізгекөптеген тамаша нəрселерді: үйімізді, ата-

анамызды  жəне  тағы  игіліктерді  сыйға  тартты.  Сондықтан  біз 

Құдайдың Өзін əлі көре алмасақ та, Оны жақсы көруге жəне Оның 

біз үшін істегендеріне риза болуға тиіспіз.



Оқу үшін: Жар. баст. 1:14-28

Сұрақтар:

1.  Сен  желді  көре  аласың  ба?  Оның  бар  екенін  қайдан 

білесің?

2.  Сен  Құдайды  көре  аласың  ба?  Оның  бар  екенін  қайдан 

білесің?  Бірнеше мысал келтір.

3.  Біз Құдайды неліктен қазірше көре алмаймыз?



Мінəжат:  Қымбатты  Тəңір!  Көрсеткен  құдіреттерің  арқылы 

Сенің  бар  екеніңді  білеміз  жəне  Саған  ризшылығымызды 

білдіреміз.  Самсаған  жұлдыздар,  күн  мен  ай  –  бəрі  Сенің 

құдіретіңді  білдіреді.  Күндердің  күнінде  Өзіңнің  қандай  екеніңді 

көретініміз үшін алғысымызды айтамыз. Аумин.

5. Құдай Əке, Құдай Ұл жəне Киелі Рух Құдай

Біз дүниеде тек бір Құдайдың ғана бар екенін білеміз. Келесі 



8

айтатынымызды  түсіндіру  өте  қиын  болғандықтан,  енді  біздің 

аса  мұқият  болуымыз  керек.  Бұл  тақырып  Киелі  Жазбадағы  ең 

маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. 

Біздің Аспандағы Əкеміз – Құдай. Ал енді сіздер Иса Мəсіхтің 

де Құдай екенін білуші ме едіңіздер? Сондай-ақ, Киелі Рух та – 

Құдай. Олардың үшеуі де Құдай. Бірақ, бұл үш Құдай бар дегенді 

білдірмейді. Біздің Жаратушымыз – үшбірліктен тұратын Құдай. 

Бұл үш Тұлға: Əкесі, Ұлы жəне Киелі Рух – қалайша бір Құдай 

саналады?  Мүмкін,  Иса  –  мəңгілік  Құдайдың  басқа  аты  шығар? 

Жоқ! Əкесі, Ұлы жəне Киелі Рух – бір Құдайдың əр түрлі аты ғана 

емес.  Былайша  айтқанда,  Құдайдың  əр  түрлі  міндеттері  бар. 

Аспан мен жерді Əке Құдай мен Ұл Құдай жаратты. Иса былай 

дейді: «Мен жəне Əкем – біртұтас».

Иса  қайта  тірілген  соң,  Əке  Құдайдың  жанынан  орын  алу 

үшін  аспанға  қайтып  оралды.  Ол  бізге  Құдай  болып  саналатын 

Киелі  Рухты  жіберді.  Бұл  Киелі  Рух  Иса  Мəсіхке  сенім  артқан 

адамдардың бойына қонады. 

Осылай  болғанмен  де,  тек  бір  ғана  Құдай  бар.  Енді  осы 

үш  Тұлғаның  қалайша  бір  Құдай  болатынын  көз  алдымызға 

елестетіп көрейік. Жоңышқаның жапырағына қараңыз. Оның үш 

жапырақшасы болса да, бір жапырақ болып есептеледі. Немесе 

суды алайық. Əдетте ол сұйық күйінде болады. Қатты суық болған 

кезде ол қатып, мұзға айналады, ал қатты қызса – буға айналып 

кетеді. Əйтсе де, судың да, мұздың да жəне будың да құрамдары 

бірдей.  Бұл  мысалдар  біздің  Құдайлық  «үшбірлікті»  түсінуімізге 

көмектеседі, дегенмен, оны біз аспанға барғанда ғана толықтай 

түсіне аламыз.

Мұны  білу  біз  үшін  өте  маңызды,  себебі,  көптеген  адамдар 

Исаның – Құдай екеніне сенбейді. Егер Ол Құдай болмаса, онда 

Ол біздің Құтқарушымыз да бола алмас еді. 

Егер де үшбірлік туралы ілімді толық түсіне алмасаңдар, оған 

ренжімеңдер. Сендер оған қарамастан Құдайға сеніп, Оның еркін 

орындай аласыңдар.



Оқу үшін: Марқа 1:9-11; Жохан 16:7-15

Сұрақтар:

1.  Біз бір Құдайға ма, əлде, бірнеше құдайға сиынамыз ба?

2.  Біздің Құдаймыз үш Тұлғадан тұрады. Оларды атап бере 

аласың ба?



9

Мінəжат:  Ұлы  Құдай  –  біздің  көктегі  Əкеміз!  Біз  Сенің 

құдіретіңді  толықтай  түсіне  алмаймыз.  Бірақ  бізді  сүйетіндігің 

үшін  Саған  алғысымызды  айтамыз.  Өзіңді  бұдан  да  əрі  жақсы 

көруімізге құрметтеуімізге көмектес. Біз мұны иса Мəсіхтің атынан 

сұраймыз. Аумин.

6. Құдай адамды не үшін жаратты?

Құдай бізді не үшін жаратты жəне біз не үшін өмір сүреміз? 

Құдай бізді Өзін жақсы көріп, құрметтеуіміз үшін жаратты. Біздің 

Құдайымыз – ұлы жəне шапағаты мол Құдай, сондықтан Ол бізден 

Өзіне риза болып, қуануымызды күтеді. Сонымен қатар, Ол Өзінің 

бізге деген ұлы сүйіспеншілігі туралы ойланғанымызды қалайды. 

Осы  сүйіспеншілігін  Ол  біздің  күнəларымыз  үшін  жаза  тартқан 

Өзінің Ұлы Иса Мəсіхті осы əлемге жіберу арқылы көрсетті. Оның 

балалары  бола  алатындығымыз  үшін  біз  Оған  шын  жүректен 

риза  болуға  тиіспіз.  Бұған  қоса,  Құдай  бізден  маңайымыздағы 

адамдарды да жақсы көргенімізді күтеді. Құдай бізді жақсы көрді, 

бұл біздің өзгелерді жақсы көруімізге күш береді. 

Құдайдың адамды не үшін жаратқанын енді түсіндіңдер ме? Ол 

бізге қажеттінің бəрін берді. Енді біз Құдайды мадақтай аламыз. 

Оны жақсы көріп, Оның еркін орындай аламыз. 

Ал  сен  Оны  жақсы  көресің  бе?  Ол  өмірді  саған  сол  үшін 

берді.

Мен Құдайды өте жақсы көрген бір адам туралы əңгіме естідім. 



Мұның Оған ұнамды екенін білетін əлгі адам Құдай туралы əндер 

айтатын. Кейбіреулер оған: «Сенің дауысың жаман ғой, одан да 

айтпай-ақ  қойсаңшы»,  -  дейді.  Сонда  ол:  «Менің  көктегі  Əкем 

дауысым қарғаның дауысынан жаман болса да риза болады», - 

деп жауап береді.

Егер  біз  Құдайды  сүйсек,  онымыз  естіліп,  əрі  көрініп  тұруға 

тиіс. Құдай оған қуанады.

Оқу үшін: Зəбүр 146

Сұрақтар: 

1.  Құдай бізді не үшін жаратты?

2.  Құдай  бізді  Өзіне  арнап  өмір  сүру  үшін  жаратты.  Біз  тек 


10

өзіміз үшін ғана өмір сүре аламыз ба?          

3.  Сендер  қалай  ойлайсыңдар,  Құдай  біздің  дауысымыз 

жаман болса да, əн айтқанымызды қалай ма?



Мінəжат:  Көктегі  Əкеміз,  біздің  қайырымды  бол  білуімізге 

көмектес. Сенің даңқыңды арттыру үшін жəне даңқың үшін өмір 

сүруімізге  көмектес!  Біз  мұны  Иса  Мəсіхтің  атынан  сұраймыз. 

Аумин.


         

 

7. Ұлы Жаратушымыз туралы көбірек біле түсейік

  Сен  көп  білесін  бе?  Сен  машина,  ұшақтар  туралы  білесің, 

сондай-ақ,  оқи  жəне  жаза  білесің.  Бірақ,  ата-анаң  сенен  де  көп 

біледі.  Адам  өмір  бойы    үйренеді.  Əйтсе  де,  оның  бəрін  білуге 

ғұмыры жетпейді.

 Бірақ бəрін білетін Біреу бар: Ол – Құдай. Ол бəрін Өзі жасады 

жəне бəрін де Өзі біледі.Ол сенін қазір не ойлап отырғаныңды да 

біледі. Ол, тіпті, бұдан мыңдаған жылдар бұрын не болғанын да, 

болашақта не болатынын да біледі. Құдай, сондай-ақ, сенің Оны 

жақсы көретініңді, немесе жақсы көрмейтініңді де біледі. Құдайдан 

бір нəрсені жасыру мүмкін емес, өйткені Ол барлық жерде болып, 

бəрін біліп тұрады жəне ештеңені ұмытпайды.

 Құдайдың құдыреті Өзі қалаған нəрсенің бəрін жасауға жетеді. 

Құдайдың  қолынан  келмейтін  ештеңе  жоқ.  Құдай  науқасты  да 

сауықтыра  алады.  Ол  дауыл  соқтырып  жəне  оны  қайта  тоқтата 

алады.  Ұлы  Құдай  адамдардың  күнəсін  кешіріп,  оларға  мəңгілік 

өмір сыйлай алады.

 Құдайдың біз үшін аса маңызды тағы бір қасиеті: Ол өзгермейді. 

Ол кеше, бүгін жəне мəңгілікке сол күйінде болады. Ол ешқашан 

қартаймайды жəне қуаты да азаймайды. Мүмкін, сенің қартайған 

атаң мен əжең бар шығар. Адам өзгереді. Жас кезінде олардың 

күш-қуаты бар, денсаулығы да мықты, ал қартайғанда – бойдан 

күші  кетеді.  Құдай  əуел  баста  қандай  болса,  ол  ғасырлар  бойы 

сол күйінде қала береді.

  Құдай  бізді  сүйеді,  сондықтан  бізге  болашақты  ойлаудың, 

одан қорқудың қажеті жоқ. Ол бəрін біз үшін ойластырып қойған. 

Біздің Құдайымыз – тамаша жəне құдыреттінің құдыреттісі.



11

Оқу үшін: Зəбур 8

Сұрақтар:

1.  Құдай жаратқан бірнеше нəрсені ата

2.  Бір Құдай ғана білетін бір нəрсені ата.

3.  Құдай қартая ма?



Мінəжат:  Біздің  керемет  жəне  мəңгілік  Құдайымыз, 

Аспандағы  Əкеміз!  Біз  Сенің  қолыңнан  бəрі  келетіндігі  үшін, 

ризашылығымызды  білдіреміз.  Сондай-ақ,  Сенің  ешқашан 

өзгермейтіңдігің үшін, Сенің бізге деген сүйіспеншілігің үшін алғыс 

айтамыз  жəне  Сенен  өтінеріміз:  Сенің  даңқыңды  шығарып  өмір 

сүру үшін бізге көмектес. Аумин.



8. Періштелер

Құдай адамды жаратпай тұрып, алдымен Өзі аспанда тұруға 

белгілеген  тіршілік  иелерін  жаратты.  Оларды  Киелі  кітапта 

–  періштелер  деп  атайды.  Біз  оларды  көре  алмаймыз  жəне 

олармен  сөйлесе  алмаймыз.  Бірақ,  олар  бізді  көреді.  Олардың 

кейбіреулері бізге өте жақын жүреді. Олар бізге көмектеседі жəне 

қорғап жүреді.

Əрине, бұл оларға сеніп, алаңсыз жүре беруге болады дегенді 

білдірмейді. Олай етсек, бізге Құдайсыз да өмір сүре аламыз деген 

ойдың келуі мүмкін. Құдай ешқашан да бізге қауіп-қатерсіз өмірді 

уəде  еткен  жоқ,  бірақ,  Өзінің  періштелеріне  Өз  балаларының 

қамын ойлап жүруді бұйырды. 

Кейбір періштелер айырықша дəрежеге ие. Мысалы, біз Киелі 

Жазбадан  Жəбірейіл  періште  туралы  білеміз.  Ол  –  Құдайдың 

айрықша елшісі. Даниел пайғамбар Құдайға қатарынан бірнеше 

күн мінəжат еткенде, Құдай оған осы періштені жіберді. Кейіннен 

осы періште Жақия шомылдырушының əкесі – Зəкерияға да келді. 

Сондай-ақ,  ол  Мəриямға  келіп,  Құдайдың  оны  Иса  Мəсіхке  ана 

болуға таңдап алғанын айтты. 

Сондай-ақ, біз Киелі кітаптан бас періште Микайл туралы да 

оқимыз.  Ол  Құдай  періштелерінің  ішіндегі  ең  қуаттысы  болып 

табылады. 

Бетлехем  даласына  бір  топ  періште  келді  де,  малшыларға 

Құтқарушының  дүниеге  келгенін  қуана  хабарлап,  Құдайды 



12

мадақтаған əндер айтты. 

Адамдар секілді, періштелерді де Құдай жаратты, сондықтан 

да біздің оларға табынуға қақымыз жоқ. Мүмкін, сенің: «Періште 

болған  қандай  жақсы»,  –  деп  ойлаған  кездерің  болған  шығар. 

Шынтуайттап  келгенде,  сенің  осы  адам  болғаның  əлдеқайда 

жақсы.  Періштелер  –  Құдайдың  қызметшілері.  Ал  біз  болсақ,  – 

Оның балаларымыз. Құдайдың баласы болғаннан артық ешнəрсе 

жоқ! Біз Құдайдың өзімізді мəңгілік өлімнен құтқарып алғаны үшін 

қуануымыз керек. Ол бізді мəңгілікке қасына алуға уəде етті.

Мен  сендерге  бірнеше  періштені  көрген  бір  жас  жігіттің 

оқиғасын  айтып  берейін.  Ол  Еліше  пайғамбардың  қызметшісі 

еді. Пайғамбар Құдайдан халыққа Оның еркі туралы хабарлауға 

бұйрық  алған  болатын.  Бұрынғыдай  күнəһар  болы  жүре  бергісі 

келген  адамдарды  пайғамбардың  уағызы  қатты  ызаландырды. 

Бірақ, пайғамбар уағыз айтуын тоқтатқан жоқ. Сонда олар елішеге 

қастық  жасауды  ойластырды.  Сөйтіп,  патша  Елішені  жазаға 

тартпақ  болды.  Патша  оны  тұтқындап  əкелу  үшін  Еліше  жүрген 

қалаға  қалың  əскер  жіберді.  Бір  күні  таңертең  пайғамбардың 

қызметшісі  қаланы  əскерлердің  қоршап  алғанын  көрді.  Елішені 

ұстау үшін мыңдаған жасақ келіпті! Қызметші пайғамбарға жүгіріп 

келіп:


–  Енді  қайттік?  Бізді  əскерлер  қоршап  алыпты,  олар  сені 

ұстамақшы! – деді.

Сондай пайғамбар былай деді:

–  Қорықпа!  Құдай  біздің  жағымызда.  Бізді  айналамызда 

періштелер қорғап жүр.

Солай  деп,  Еліше  Құдайға  мінəжат  ете  бастады:  «Тəңірім, 

менің қызметшімнің көзін ашшы, бізді қорғау үшін Өзің жіберген 

періштелерді  көрсін».  Құдай  оның  айтқанын  орындап,  қызметші 

өздерін  айнала  қорғап  жүрген  отты  арбаларды  көрді.  Əскерлер 

жақындап келген кезде, өздерін таба алмас үшін Еліше Құдайдан 

олардың  көздерін  уақытша  көрмейтіндей  етіп  қоюды  сұрады. 

Құдай оның бұл тілегін де орындады. Осылайша Еліше пайғамбар 

мен оның қызметшісі ажалдан аман қалды.

 

Оқу үшін: Елшілердің істері 12:5-17



Сұрақтар: 

1.  Біз періштелер жайында не білеміз?

2.  Ең құдіретті екі періштенің аттары кім?


13

3.  Адам періште бола ала ма?

4.  Сенің ойыңша: періште болған жақсы ма, əлде, Құдайдың 

баласы болған

жақсы ма?

       


Мінəжат:  Көктегі  Əкеміз!  Сен  Өзіңе  қызмет  етуі  үшін 

періштелерді  жараттың.  Біз  Саған  Өзіңді  періштелерің  күзетіп 

жүретіні  үшін  алғыс  айтамыз.  Сондай-ақ,  Өзіңнің  балаларың 

болғанымыз үшін де алғысымызды айтамыз. Аумин.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал