Да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті



жүктеу 65.21 Kb.

Дата10.03.2017
өлшемі65.21 Kb.

А.М. АЙТЫШЕВА  

 

А.М. АЙТЫШЕВА  

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ 

ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ  

Attitude  toward  the  student  as  a  mature  personality  and  social  psychology  requires  teachers  to  use 

teaching  methods  related  to  the  achievement  of  practical  psychology.  Techniques  of  psychological 

counseling, skillfully used by teachers, help students to defend their views, goals, attitudes in the learning 

process.  

Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі жоғары 

мектептегі  психологияны  оқытудың  әдістемесіне  жаңа,  әрі  тиімді  әдістерді  енгізуді  қажет  етіп 

отыр.  Психологияны  оқытудың  тиімділігі  негізінен  педагогтың  оқу  процесін  психология 

ғылымының  теориясы  мен  тәжірибесінің  мазмұнына  сай  ұйымдастыру  іскерлігіне  байланысты 

болады.  

Психология  пәнінің  оқытушысы  психологияның  теориялық  сұрақтарымен  бірге,  студенттерде 

жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына 

да  жауап  бере  білуі  керек  болатыны  түсінікті.  Себебі,  психологияны  оқыту  әдістемесі 

студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.  

Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктердің сана- сезімдеріне 

қандай  әсер  ететіндігін  түсінуіне  негізделген  кезде  ғана  тиімді  болады.  Оқытушы  шеберлігінің 

бірден  бір  көрінісі  -  өз  пәнінің  мақсаттарын  адамның  қоршаған  ортамен  және  басқа  адамдармен 

қатынастары тұрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның, өнердің, мәдениет пен тұрмыстың 

мазмұнына  үйлестіре  алу  және  студенттердің  құндылық  бағдарларын  нақты  оқу  мақсаттарына 

айналдыра алуында екені анық.  

Психологиялық  кеңес  беру  туралы  ғылыми  зерттеулер  мен  тәжірибелерді  талдай  келе, 

психологиялық  тәжірибенің  бұл  қызметі  арқылы  психикалық  дамуы  қалыпты  жағдайдағы 

адамдардың  өзін-өзі  тану,  бағалау  және  дамыту  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  басқалармен 

қарым-қатынасын,  өзара  әрекетін,  оған  қажетті  тұлғалық  сапаларын  қалыптастыру  сияқты 

адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялық кеңесті 

қабылдай отырып, адам өз бойындағы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. 

Сондықтан  пихологиялық  кеңес  берудің  жастық  кезеңдегі  (нақтырақ:  студенттік)  рөлі  зор.  Дәл 

осы  уақытта  болашақ  жас  маман  жаңа,  жеке-дара  өмір  жолын  бастаудың  көп  сырлы  тоғысында 

тұрады.  

Жалпы  алғанда  студенттер  үшін  психологиялық  кеңес  беруді  ұйымдастырудың  маңыздылығы 

мынада:  

- бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оқу жағдайына бейімделу кезеңінен өтуі керек;  

-  студенттердің  ішінде  бірыңғай  ұлттық  тестілеу  нәтижесіне  қарай  стресстік  жағдайдан  шыға 

қоймағандар кездеседі;  

- мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты емтихан тапсыратын 

пәнді таңдауға көбірек мән береді. Соңында пән мен мамандықтың сәйкес келмеуінен туындайтын 

қиындықтарға тап болады;  

-  жоғары  оқу  орындарындағы  қазіргі  заманғы  кредиттік  жүйеде  оқу  ерекшеліктеріне  төселудің 

қиындықтары жетерлік;  

- тұлғалық ерекшеліктері мен қажет болатын кәсіби сапалары арасында пайда болатын 

сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді; 

жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы 



адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, және т.с.с.  

Міне, осы себептерге байланысты бұл мәселенің өзектілігін келесі жағдайлар анықтай алады:  

- жоғары оқу орындарында психологиялық көмек көрсететін орталықтар жоқ, ал студенттердің 

әлеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады;  

-  психология  пәні  барлық  мамандықтар  бойынша  жүргізіледі  (студенттер  кредиттік  оқу 

жүйесіндегі  таңдау  бойынша  пәндердің  ішінен  психологияны  таңдайтыны  жиі  кездеседі), 

дегенмен бұл пәннің студенттерге пайдалы тәжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мәселесі негізінен 

психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістермен шектеліп отыр;  

-  студенттердің  тұлғалық  дамуы  мен  кәсіби  даярлығына  психологиялық  ықпал  ету 

мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес;  

 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

-  жастарға  психологиялық  көмек  көрсетуді  оқыту  үрдісі  үстінде  ұйымдастыру  тәжірибесі 

зерттелмеген.  

Осы  мәселелерді  шешу  үшін  психологиялық  білім  беруді  ұйымдастыруда  психология 

ғылымының  төл  тәжірибелерінің  бірі  -  психологиялық  кеңес  беруді  қолданудың  қажеттігі  мен 

студенттердің  психологиялық  білімін  жетілдіру,  әрі  тұлғалық  дамуы  мен  кәсіби  даярлығының 

сапасын  арттыру  бағытындағы  психологияны  оқытудың  әдістемесін  жетілдіру  қажеттігі 

анықталды.  

Психология  ғылымының  көмегіне  сүйенудің  әрбір  жеке  тұлға  үшін  маңызы  ерекше.  Себебі, 

адам  белгілі  бір  қоғамның  мүшесі  бола  отырып,  өмірден  өз  орнын  табуға,  тіршілікті  қадірлей 

білуге, оның мән-мағынасын терең тануға ұмтылады. Осы ұмтылыс маңайындағы оны қоршаған 

әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынас  орнатуға, соған  сай  мінез қасиеттерінің  қалыптасуына  ықпал 

етеді.  Сөйтіп,  күрделі  тұрмыстың  түрлі  жағдайларын  басынан  кешіре  бастайды.  Адам  өмір  сүру 

барысында  ақылы  мен  санасының  көмегімен  бірде  дұрыс  мінез  көрсетуге  мүмкіндік  алса,  бірде 

эмоциялық жеке ерекшеліктерінің ықпалынан теріс қылықтар білдіреді.  

Тұлғалық дамуы арқылы адам эмоциялық қылықтарын саналы мінез көріністеріне ауыстыруға 

бейімделеді.  Бұл  ретте,  адамға  психологиялық  көмек  түрлері  пайдалы.  Соңғы  уақыттағы 

ақпараттық танымның кеңеюіне байланысты адамға қажет болатын психологиялық көмек түрлері 

де, оның таралу мүмкіндіктері де көбейе түсуде. Психологиялық көмек көрсетудің негізгі мақсаты 

адамның  өмір  сүруі  барысында  кездесетін  қиындықтардың  алдын  алу  болғандықтан,  халыққа 

мүмкін  болатын  барлық  жолдар  мен  тәсілдер  арқылы  тұлға  және  қарым-қатынас  психологиясы 

жайлы  білімді  тарату  міндеті  шешілуі  тиіс.  Аурудың  алдын  алу  қандай  қажет  болса, 

психологиялық  қиындықтарды  да  болдырмау  жолдарын  алдын-ала  шешуге  болады. 

Психологиялық көмекті қажет  ету  кез-келген  адам  үшін  қатардағы  мәселелерді  шешумен  бірдей 

қарастырылғанда ғана психологиялық тәжірибені өмірге енгізу міндеттері шешімін табады [1].  

Кәсіби  психологиялық  көмек  арнайы  ғылыми  білімге  негізделгендіктен  оған  жүгінудің 

нәтижелілігі анық, әрі тұлғаның дамуы үшін пайдасы аса зор.  

Кеңес  беру  психологиясы  бірнеше  бағытта  қарастырылады:  К.Роджерстің  гуманистік  бағыты, 

А.  Адлер  бағыты,  экзистенциалдық  бағыт  (Р.Мей,  В.Франкл),  К.  Юнг  бағыты,  мінез-құлық 

терапиясы,  рационалды-эмотивтік  терапия  (А.Эллис),  психоаналитикалық  терапия,  Ф.  Перлздің 

гештальттерапиясы.  

Психологиялық  кеңес  беру  психологиялық  қиындықтардың  ішінде  ең  алдымен  жағдаяттық 

(ситуативный)  және  тұлғааралық  мәселелерді  шешуді  қарастырады.  Психолог-кеңес  беруші  адам 

өміріндегі  түрлі  өзгерістерді,  ауыртпалықтарды,  дағдарыстар  мен  стресс  жағдайларын  жеңуге 

көмектеседі, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді.  

Карл  Роджерс  студенттерге  психологиялық  кеңес  беруді  жеке  жұмыс  әдістерінің  біріне 

жатқызуға болатынын айтады. Жоғары мектепке тұлғалық және эмоциялық бейімделу процесінде 

кеңес берудің барлық түрі қолданылады деуге болады. Білім беру мен кәсіптік бағдар саласында 

психотехникалық түрлі әдістер көп қолданылғанымен, оның басым бөлігін психологиялық кеңес 

беру алады [2, 12-13].  

Психологиялық  кеңес  берудің  шарттары  мен  ережелері  жайлы  нақты  бағытты 

қарастырушылардың бірі Н.С.Пряжников кеңес берудің мынадай кезеңдерін бөліп көрсетеді:  

1) кеңес берудің мақсатын айқындау (көмек сұраушыға және психологтың өзіне байланысты);  

2) мақсатқа қатысты теориялық материалдар қарастыру;  

3)  кеңес  беруді  жоспарлау:  неден  бастап,  немен  аяқтау  қажет  [3].

 

Сұхбат  немесе  арнайы  әңгіме 



психологиялық  кеңес  берудің  негізгі  әсер  ету  құралы  деп  қарастырылады.  Әңгіме  барысы 

тұлғааралық  қатынастарға  қатысты  психологиялық  мәселелерді  талдауды  және  шешім 

қабылдауды  қамтиды.  Осының  нәтижесінде  студент  өз  қарым-қатынас  саласын  қайта  құру 

потенциалын  белсенді  ету  мүмкіндігіне  ие  болады.  Сондықтан  да  диалогтық  қарым-қатынас 

консультациялық сұхбаттың негізі болады.  

Қарым-қатынас  психологиялық  кеңестің  пәрменді  құралы  болып  табылады.  Ғылым  мен 

тәжірибеде психологиялық кеңес берудің осы дәстүрлі бөлімі сипаттау үшін де, жалпылау үшін де 

күрделі мәселе. Аталмыш мәселе қазақ тіліндегі психологиялық ғылыми қорда және іс-тәжірибеде 

әлі  күнге  дейін  толық  қарастырылмаған.  Психологиялық  кеңес  беру  теориялары  мен 

тәжірибелерін  талдай  отырып,  психологиялық  кеңес  беруді  студент  жастардың  өзін-өзі  тану 

шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беретін, осының негізінде басқаларға қатысты бағдары мен  


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

қатынасын  өзгертуге  және  қандайда  бір  жағдайларда  мінез-құлықтың,  жүріс-тұрыстың,  қарым- 

қатынас  жасаудың  тиімді  тәсілдерін  қолдануға  қабілеттерін  арттыратын  психологиялық  әсер 

етудің бір формасы деп қарастырған жөн.  

Психологиялық  кеңес  беру  әрекеті  эмпирикалық,  концептуалдық,  клиникалық,  сонымен  бірге, 

психологиялық, әлеуметтік, медициналық, емдік тұрғыдағы әдебиеттердегі зерттеулерге қарағанда 

терапиялық сипаттағы мынадай адамаралық қатынастардан тұрады:  

1) қатынастар – бұл адамның өзгеру базасы. Клиент пен психолог арасындағы теориялық бағыттар 

мен  техникалардың  қандай  екендігіне  қарамастан,  екеуінің  арасындағы  байланысты  орнатуға 

көмектеседі;  

2) қатынастардың белгілі бір мақсаты бар. Оған жету арқылы қатынас та аяқталады;  

3) қатынастағы адамдардың бірінің тәжірибесі көп, әрі ол бар жағдайды бақылап отырады (кеңес 

беруші), ал екіншісі бұған қарамастан ең маңызды адам (кеңес алушы) болып табылады;  

4) қатынастар – екі тұлға арасындағы тұлғааралық ықпал ету процесінің бір бөлігі: кеңес беруші 

өзінің дағдылары, қабілеттері мен күшін пайдаланып, клиентті өзгертуге әсер ете алады;  

5)  қатынастар  мәдени  деңгейде  ұйымдастырылатындықтан,  кеңес  алушының  барлық 

ерекшеліктері,  атап  айтқанда,  ұлты,  әлеуметтік-экономикалық,  діни,  гендерлік,  т.б.  факторлары 

ескеріліп отырады;  

6)  кеңес  беруде  уақыт  бос  әңгімеге  кетпейді,  себебі  уақыттың  әр  секунды  белгілі  бір  мақсатқа 

бағынады;  

7) кеңес беруші клиенттің сезімдері мен ойларын, мінезі мен ұстанымдарын бағалайды;  

8) кеңес беру абстрактылы мәселелерді талдамайды. Нақты клиент пен нақты мәселелерді шешеді;  

9)  кеңес  берудегі  қарым-қатынастың  тиімділігі  кеңес  беруші  мен  кеңес  алушы  арасындығы 

бірлескен  әрекет,  ынтымақтастық  арқылы  арта  түседі.  Ол  үшін  қарастырылатын  мәселенің 

себептері мен этилогиясы, қолданылатын әдіс-тәсілдер екі жақтан да қолдау табуы қажет;  

10)  қатынастар  бірнеше  негізден  құралады.  Соның  ішіндегі  ең  маңыздысы  бір  жағынан 

қалыптасатын  аутентті  өзара  әрекет  пен  екінші  жағынан  шешілмеген  мәселе  туралы 

мазасыздықтың өзіндік бір сипатының пайда болуы;  

11) қатынастарға динамикалық сипат тән, сондықтан олар міндетті түрде өзгеріп отырады. Кеңес 

берудің  бастапқы  кезеңінде  маңызды  болып  табылған  міндеттер  келесі  кезеңінде 

маңыздылығынан айрылуы мүмкін, оның орнына басқа жаңа міндеттер пайда болады, немесе екі 

жақты тең түсіністік қалыптасады.  

Оқытумен  байланыстырудың  мүмкіндіктерін  пайдалану  нәтижесінде  психологиялық  кеңес  беру 

студенттердің психологиялық білімін өмірде еркін қолдана алуына ықпал етеді.  

Оқыту іс-әрекетін психологиялық кеңес беру іс-әрекетіне ұқсастыруға негіз болатын факторлар:  

- психологиялық кеңес беру де, оқыту да құрылымы жағынан іс-әрекеттік мазмұнда сипатталады;  

- екеуі де белгілі бір нәтижелерге жетуді көздейді;  

- екі іс-әрекетте де екіжақты байланыс қамтамасыз етіледі:  

- екеуінде де өзара әрекеттестік қалыптасады, т.с.с.  

Психологиялық  кеңес  беру  іс-әрекетін  зерттеушілердің  ортақ  пікірі  кеңес  беру  адамның 

қоршаған ортасын жақсы жағына қарай өзгертіп, жағымды деңгейге көтере алатындығына ықпал 

ететін демеуші күш екендігін түсіндіреді. Психологиялық кеңес берудің әдіснамалық негізі жеке

 

адам теорияларынан құрылатындықтан, зерттеу бағытымыз студенттің тұлғалық қалыптасуы мен 



дамуы болып табылды.  

Сонымен, психологиялық кеңес берудің оқытумен байланысты белгілеріне тоқталсақ:  

1)  психологиялық  кеңес  беру  ісі  психолог  маманның  іс-әрекеттік  құрылымының  бір  бөлігі 

болып  табылғанымен,  психология  пәнінің  оқытушысы  үшін  кәсіби  тәжірибесін  жетілдіру 

жолдарының біріне жатады;  

2)  психологиялық  кеңес  беру  тұлғалық  өсу,  адамның  жағымды,  жайлы  өмірі,  карьерасы  және 

психикалық өзгерістері туралы мәселелермен айналысатындықтан, оқытудың басты мақсаттарын 

шешуге көмектеседі;  

3)  психологиялық  кеңес  беруді  проблемаға  тап  болған  адаммен  де,  өмірі  жайлы  адаммен  де 

ұйымдастыруға  болатыны  студенттердің  психологиялық  білімді  меңгеруде  қолданылуына  негіз 

бола алады;  

4) психологиялық кеңес беру психологиялық ғылыми теорияларға (когнитивтік, бихевиористік, 

жүйелік, т.с.с.) сүйенеді, ал бұл теорияларды психологияны оқитын студенттер білулері қажет;  


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

5)  психологиялық  кеңес  беру  –  даму  құралы  ретінде  де,  арнаулы  қажетті  тәсіл  ретінде  де 

жүргізілетін процесс;  

6)  психологиялық  кеңес  беру  әртүрлі  бағытты  қамтиды:  психикалық  денсаулық,  оқу-тәрбие 

мәселелері, отбасы жағдайлары, реабилитациялық, тәуелділік-тәуелсіздік, құқық бұзу, карьера, т.б.  

Оқытуға  психологиялық  кеңес  берудің  тәсілдерін  енгізудің  теориялық-әдістемелік  негіздерін 

зерттеу  келесі  тұжырымдарды  қалыптастырды:  1.  Оқу  материалдары  адам  психологиясына  зор 

талап  қояды.  Себебі,  шындықтағы  құбылыстардың  сыр  сипатын,  мән-жайын  ұғыну  өте  күрделі 

әрекет. Білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруде оқушының оқу белсенділігін қалыптастыру, 

жетілдіру мен арттыру тәсілдері де өзіндік сипатына қарай ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап 

етеді.  Осыған  сәйкес  білім  беру  салаларындағы  оқу  орындарында  өтілетін  оқу  процесінің 

мазмұнына, оқыту әдістеріне және сабақтарының түрлеріне талап күшейе түсуде.  

2.  Жоғары  мектеп  оқытушысы  тарапынан  жылылықты  сезіну  студенттің  өзінің  «керектігін», 

өмірдегі  орнын,  орнықтылықты  сезінуіне  мүмкіндік  береді.  Мұны  психологиялық  тілде  «жақсы 

әңгіме» деп атасақ, оның мазмұны студенттің есінде ұзағырақ сақталады, тіпті мәңгі қалып қоюы 

да мүмкін. Оқытушының жылы сөзі студенттің өзіне деген сенімділігін арттырады, оқуға ынтасын 

оятады. Осындай мағынада ұйымдастырылатын сабақтар студенттерде белгілі бір құлшыныстарды 

оятады.  

3.  Студенттерді  оқу  процесіне  тартудың  психологиялық  жолы  –  оқытушының  студенттермен 

байланыс орната білуінде. Байланыстың негізі әлеуметтік психологиядағы аса маңызды да күрделі 

мәселелердің бірі – қарым-қатынаста жатыр.  

4.  Инновациялық  білім  беру  тәжірибесінің  кеңінен  таралып  жатқанына  сәйкес  психологияны 

оқытудың  әдістерін  ғылыми-тәжірибелік  негіздеу  қазіргі  заманғы  маңызды  міндеттердің  бірі. 

Жоғары  оқу  орындарында  жүргізілетін  көптеген  оқу  пәндеріне  қарағанда  психология  пәнінің 

өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, жоғары мектептің психология пәнінің оқытушысы үшін 

инновациялық  мүмкіндіктерді  жасаудың  жолдары  сан  алуан.  Соның  бірі  –  психологиялық  кеңес 

беру тәсілдерін қолдану.  

5.  Психологияны  оқытудың  басты  мақсаты  -  студенттердің  психологиялық  ойлау 

икемділіктерін  қалыптастырып,  алған  психологиялық  білімдерін  түрлі  психикалық  фактілер  мен 

құбылыстарды  ғылыми  негізде  түсіндіре  білуде,  сонымен  қатар  адамның  тұлғалық  дамуына  аса 

қажетті  психикалық  өзгерістерге  ықпал  етуде  қолдана  алуға  үйрету.  Бұл  мақсатқа  жетуде 

студенттерге  білім  беру  барысындағы  психологиялық  кеңес  берудің  тиімді  ықпалын  пайдалану 

қажеттігі анықталып отыр.  

6.  Біздің  пайымдауымызша,  студенттерге  оқыту  процесінде  психологиялық  кеңес  беру 

мынадай міндеттерді шешеді:  

-  психология  курсын  оқытудың  мазмұны  мен  әдістемесін  студенттің  тұлғалық  сипатына 

(тұлғалық жетістіктеріне) негіздеп қайта құру арқылы әр студенттің қайталанбас тұлға екендігіне 

көз жеткізу;  

- студенттің өзіне-өзінің сенімділігін арттыру;  

- болашақ мамандығына қажетті сапаларды меңгерту;  

- басқалармен өзара дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыра білуге, оларды түсінуге, дау- дамайсыз 

ортақтаса білуге, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.



  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

1. 


Абрамова Г.С. Практическая психология. -М., 1997. - 286 с.  

2. 


Роджерс  К.Р.  Консультирование  и  психотерапия.  Новейшие  подходы  области  практической  работы: 

Монография. / Пер. с англ. О.Кондрашовой, Р.Кучкаровой. Редакторы И.Гришпун, С.Бобко, В.Ряшина.  -М.: 

ЭКСМО-Пресс, 2000. –464 с.  

3. 


Пряжников Н.С. Подростковая профконсультация: в поисках новых ориентиров // Журнал практического 

психолога. –1996. -№1.  



Редакцияға 24.08.2010 қабылданды.

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал