Да қатысып, қола жүлдемен оралды



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/8
Дата11.04.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСи гАЗЕТ

www.oraloniri.kz

Сенбі,

23 қаңтар 2016 жыл

№8-9 (20261)

- 6 

0

С

- 9 

0

С

Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Орал өңірі

oral_oniri@inbox.ru



ӘБУ-ДАБиДІ  

ТАңДАНДЫРғАН  

 «МАРия  ХАНЫМ»

"ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛғАН"

5

ДАЛА-ҚАЛА

мозайкасы

Жаңалықтар

Ардагерлерге  

есік  ашық

Қола  жүлдемен 

оралды

Бүгін  таңғы  сағат  тоғыздан 



бастап  кешкі  сағат  алтыға 

дейін  зейнеткерлер  үшін  Орал  

қаласындағы  спорт  нысанда­

рының  есігі  ашық.  Бұл  –  Орал 

қалалық  ардагерлер  ұйымы 

мен қалалық дене шынықтыру­

спорт  бөлімінің  бірлескен  жо­

басы.  «Ардагерлер  салауатты 

өмір  салтын  таңдайды»  атты 

осы  шара  барысында  облыс 

орталығындағы спорт нысанда­

рында зейнеткерлер күні бойы 

қалаған спорт түрімен айналы­

са алады.

Жуырда Ресейдің Вологоград об­

лысына қарасты Котова қаласында 

Рождество  мерекесіне  орай  ұйым­

дастырылған  үстел  теннисінен  ха­ 

лықаралық  жарыс  өтті.  Волгоград,  

Саратов  облыстарына  қоса,  көрші  

елдің  өзге  де  өңірлерінен  таңдау­

лы  теннисшілер  қатысқан  бұл  до­ 

даға  Жәнібек  аудандық  балалар­ 

жасөспірімдер  спорт  мектебінің 

тәрбиеленушісі  Айнұр  Мансұрова 

да қатысып, қола жүлдемен оралды.

Мекемелік  спартакиада 

Батыс  Қазақстан  облысы  тө­

тенше жағдайлар департаментінің 

өрт  сөндіру  және  авариялық­

құтқару  жұмыстары  қызметінде 

жыл  сайын  спорттың  10  түрі 

бойынша  спартакиада  өтеді.  Қа­

лыптасқан  дәстүрге  сәйкес  өрт 

сөндірушілер  әр  айда  әр  түрлі 

спорт  жарыстарына  қатысады. 

Былтырғы  спартакиада  барысын­

да  №5  мамандандырылған  өрт 

сөндіру  бөлімінің  ұжымы  бірне­ 

ше  спорт  түрі  бойынша  бірінші 

орыннан көрінді. 

Биылғы  спартакиада  20  қаңтар 

күні  шаңғы  жарыспен  бастал­

ды.  Бұл  мекемелік  додада  шаң­ 

ғы  спорты  5  шақырымға  жарысу 

мен  эстафеталық  сайысты  қамти­

ды.  Осылайша  Орал  қалалық  өрт 

сөндіру  бөлімдері  және  Бөрлі 

ауданының  №8  өрт  сөндіру  бө­

лімінің  командалары  «Динамо» 

спорт  базасында  шаңғы  жа­

рыспен  биылғы  спартакиаданың 

«томағасын  сыпырды».  Мәреге 

алдымен  Орал  қалалық  №1  ма­

мандандырылған  өрт  сөндіру 

бөлімінің,  екінші  болып  №2  өрт 

сөндіру  бөлімінің  шаңғышылары, 

ал  үшінші  болып  мекеме  әкім­

шілігінің өкілдері келді.

5

мектеп аСханаСы: 

ТАМАҚТАнУ  ЖүйЕсі  өзгЕРЕ  МЕ?

7

АССАМБЛЕя 

БиЫЛғЫ  ШАРАЛАР 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІң  

МЕРЕйТОйЫНА  АРНАЛМАҚ

9

ЖАңА  КӘСІПОРЫН

6


2

oral_oniri@inbox.ru

Сенбі,  23 қаңтар 2016 жыл

ел мен елбаСы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан  Республикасы  Конституция­

сының  44­бабының  2)  тармақшасына,  63­

бабының  1­тармағына,  «Қазақстан  Респуб­

ликасындағы  сайлау  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Конституциялық  заңының 

85­бабына сәйкес қаулы етемін:

1.  Бесінші  шақырылған  Қазақстан  Рес­

публикасы  Парламентінің  Мәжілісі  тара­

тылсын.


2.  Партиялық  тізімдер  бойынша  сайла­

натын  Қазақстан  Республикасы  Парламен­

ті  Мәжілісі  депутаттарының  кезектен  тыс 

сайлауы  2016  жылғы  20  наурызға  тағайын­

далсын.

3.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  сай­



лайтын  Қазақстан  Республикасы  Парла­

менті  Мәжілісі  депутаттарының  кезектен 

тыс  сайлауы  2016  жылғы  21  наурызға 

тағайындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сай­

лау  комиссиясы  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Мәжілісі  депутаттарының  ке­ 

зектен  тыс  сайлауын  дайындауды  және 

өткізуді ұйымдастырсын.

5.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі, 

Астана  және  Алматы  қалаларының,  облыс­

тардың  әкімдері  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Мәжілісі  депутаттарының  ке­

зектен  тыс  сайлауын  ұйымдық,  материал­

дық­техникалық  және  қаржылық  қамтама­ 

 сыз ету жөніндегі барлық қажетті шаралар­ 

 ды кідіріссіз қабылдасын.

6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бас­

тап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 



Президенті 

Н. НАЗАРБАЕВ

Бесінші  шақырылған  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Мәжілісін  

тарату  және  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісі  депутаттарының  кезектен  тыс  сайлауын  тағайындау  туралы

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату туралы 

Жарлыққа қол қоюына, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 

тағайындауға байланысты 

ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ

Мен  Парламент  Мәжілісі  депу­

таттарының өкілеттігін мерзімінен 

бұрын  тоқтату  және  жаңа  сайлау 

тағайындау туралы ұсынысын тал­

дап қарадым.

Бұл  күндері  менің  атыма  бас­

тамаға қолдау көрсеткен көптеген 

хаттар  мен  жеделхаттар  келіп 

түсті.  Кезектен  тыс  сайлау  өткізу 

қажеттігі туралы пікірді саяси пар­

тиялар  мен  кәсіподақтар,  үкімет­ 

тік  емес  ұйымдар,  кәсіпорындар­

дың,  мекемелер  мен  оқу  орында­

рының  еңбек  ұжымдары  құптады. 

Сондай­ақ  оған  ардагерлер  мен 

жастардың  ұйымдары,  бизнестің, 

ғылыми  және  шығармашылық  зия­

лы  қауымның  өкілдері,  көптеген 

жеке  азаматтар  қолдау  білдір­

ді.  Менің  атыма  келіп  түскен  бұл 

үндеулерде  келтірілген  барлық 

дәлел­дәйектемелер  маған  түсінік­

ті.  Оларда  елге  деген  қамқорлық, 

саяси  науқанды  тездетіп  аяқтауға 

және  қойылған  міндеттерді  іс  жү­

зіне асыруға кірісуге деген қажет­

сіну бар.

Бүгінде  біздің  ел  күрделі  жа­

һандық  саяси  және  экономика­

лық  үдерістерге  тартылып  отыр. 

Энергия  қуатын  беретін  өнімдер 

бағасының  құлдырауы  нәтижесін­

де  көптеген  елдерді  жайлаған  эко­

номикалық  дағдарыс  бүкіл  әлем­ 

дік  экономикаға  және  оның  ажы­

рамас бөлігі ретінде біздің еліміз­

ге  де  елеулі  ықпал  етуде.  Осы  бір 

қиын уақыт ел алдына өте күрделі 

міндеттер мен сын­қатерлерді то­

сып отыр.

Халықаралық  ахуал  да  күрде­

лене  түсті.  Жетекші  мемлекеттер 

арасындағы  қайшылықтар  ұлға­ 

 йып,  олардың  санкциялық  текеті­

ресі  күшейе  түсуде.  Сарапшылар­

дың  көпшілігі  әлемдік  держава­

лар  арасындағы  келіспеушілік 

«қырғиқабақ  соғыс»  аяқталғаннан 

бері  дәл  қазіргідей  ушығуға  жет­

пеген  еді  деген  пікірде.  Осындай 

жағдайда  өңірлік  жанжалдардың 

жаңа ошақтары пайда болуда. Тер­

рорлық  қатер  де  ұлғайып  келеді. 

Босқындардың  жаһандық  толқы­

ны  планетаның  жаңа  өңірлерін 

бірінен  соң  бірін  басып  қалуда. 

Әлемдік  сауда  көлемі  төмендеп, 

қор  нарықтары  құлдырауда.  Іс 

жүзінде  әлемнің  барлық  валюта­

лары  девальвацияға  ұшырады. 

Осының бәрі өңірлік және ұлттық 

экономикаларға  теріс  ықпалын 

тигізеді.

Әлемнің 

жаңа 


бет­бейнесі 

қалыптасып  келеді,  ол  жөнінде  

мен  халыққа  таяудағы  Жолда­

уымда  айттым.  Бұл  дегеніміз  ин­

дустрияландыруды,  шағын  және 

орта  бизнесті  дамытуды  белсен­ 

 ді  жалғастыра  отырып,  шикізат 

бағасы  төмен  жағдайда  өмір  сү­

руге  бейімделуді  білдіреді.  Осы 

бір күрделі ахуалда біздің бәріміз 

үшін  ең  маңыздысы  –  ысырап­

сыз өмір сүру, ресурстарды үнем­

деу,  жұмыс  орындарын  сақтау 

екенін  түсіну.  Үкімет  пен  Парла­

ментке  бұл  жағдайда  бірлесіп, 

жинақы  жұмыс  істеп,  жедел  ше­

шім қабылдау қажет. Біздің халқы­ 

мызға  бұрынғыша  бірігіп,  осы 

күрделі  уақытта  кез  келген  ық­

тимал  арандатуларға,  қажет  бол­

са,  заңнамалық  тұрғыдан  тойта­

рыс  беру  керек.  Ол  жағдайдың 

нашарлауына  кінәлілерді  іздеп, 

саясиландырғысы келетіндерге де 

қатысты.  Бұл  –  жаһандық  үдеріс, 

оған  бірде­бір  ел,  соның  ішін­

де  Қазақстан  да  ықпал  ете  алған 

жоқ. Сондықтан бәріміз топтасып, 

бір­бірімізге  көмектесуіміз  керек. 

Қазір  елдің  әрбір  азаматының 

патриоттығы  сынға  түсуде.  Бізде 

тағдырға  мойынсұнып,  әйтеуір 

бір уақыттары бәрі орнына келеті­ 

ніне,  мұнай  бағасы  көтеріліп, 

жағдайдың  жақсаратынына  үміт­

теніп отыруға уақыт жоқ.

Бүгінде  кез  келген  жаһандық 

сын­қатерге  үнемі  жүйелі  әрі  ал­

дын  ала  жауап  беру  және  тиісті 

шаралар қабылдау маңызды. Бізге 

«Қазақстан  ­  2050»  Стратегиясы­

ның бағытын жалғастырып, дағда­

рысқа  қарсы  бағдарламаны  іске 

асыру, Ұлт жоспарын орындау ке­

рек.  Мыңдаған  азаматтарымызға 

жұмыс бере отырып, «Нұрлы жол» 

бағдарламасын  белсенді  жүзеге 

асыру  қажет.  Үкімет,  министрлер 

мен  барлық  деңгейдегі  әкімдер 

бұрынғы дағдарыс тәжірибесі мен 

инфрақұрылымдық  құрылыс  мүм­

кіндіктерін  пайдалана  отырып, 

жұмыс  орындарын  ұсыну  арқылы 

шығындарды қысқарту, аппаратты 

оңтайландыру  үшін  резервтер  із­

дестіруі тиіс.

Халыққа  Жолдауда  мемлекет­

ті,  экономика  мен  қоғамды  терең 

жаңғырту, бюджет саясатын үнем­ 

деу,  ұсынықтылық  және  қайта­

рымдылық  қағидаттары  негізінде 

оңтайландыру  жөнінде  ауқымды 

міндеттер қойылды. Парламенттің 

қазіргі  құрамы  Ұлт  жоспарына 

сәйкес,  өнімді  және  ауқымды  заң 

шығару  жұмысын  атқарды.  Ендігі 

жұмыс  Үкімет  пен  елдің  барлық 

атқарушы  органдарына,  сондай­

ақ  бизнес­қоғамдастыққа  тиесілі. 

Дағдарысқа  қарсы  шаралар  мен 

Ұлт  жоспарын  дер  кезінде  және 

сауатты  жүзеге  асыру  солардың 

тиімді  жұмысына  байланысты  бо­

лады.  Бұл  біздің  елімізді  әлемдік 

қоғамдастық  алдында  тағы  да 

биіктетіп,  инвестиция  тартады, 

елімізге  деген  сенімді  нығайтады. 

Біз мұны жасауға тиіспіз.

Қазір  біздің  қоғамымыз  1991 

жылы  мүлдем  бейтаныс  ахуалға  

тап  болған  кездегідей  абдыраған 

адамдар  тобы  емес.  Біз  Тәуелсіз­

діктің  ширек  ғасырға  жуық  абырой­

лы  жолын  жүріп  өттік.  Біз  жасам­

паз  еңбекте  шыңдалып,  табысты, 

қалыптасқан  және  әлемге  сыйлы 

мемлекет құрған біртұтас халыққа 

айналдық.  Мен  депутаттардың 

бастамасын  Қазақстан  мен  қазақ­

стандықтардың  тағдырына  отан­

шылдық  тұрғыдан  қамқорлық 

танытудың көрінісі деп қабылдай­

мын. Мәжілістің кезектен тыс сай­

лауы  (оның  ішінде  Қазақстан  хал­ 

қы  Ассамблеясының  да  депутат­

тары бар) және өңірлік мәслихат­

тардың  кезекті  сайлауы  бірге  өтуі 

уақытты да, қаржыны да үнемдей­

ді.  Барша  депутаттарға  мемле­

кетшіл  ұстанымы  мен  аса  жоғары 

тарихи  жауапкершілік  танытқаны 

үшін алғысымды айтамын.

Ел  Конституциясының  талапта­

рына  сәйкес,  мен  Парламент  Па­ 

латалары  төрағаларымен,  Пре­

мьер­Министрмен және Конститу­ 

циялық Кеңес төрағасымен кеңес­

тім. Ақылдаса келіп депутаттардың 

бастамасын қолдау туралы шешім 

қабылданды. Билік саласы өкілде­

рі  құрамының  жаңартылуы  еліміз 

бен  халқымыздың  мүддесіне  сай 

келетіндігіне  сенімім  кәміл.  Сая­

си  партиялар  күн  тәртібіндегі 

міндеттерді  түсіне  білетін  сауат­

ты,  іскер  және  ел  мүддесіне  адал 

кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін 

мен Бесінші шақырылымдағы Пар­

ламент  Мәжілісінің  өкілеттігін 

мерзімінен  бұрын  тоқтату  туралы 

Жарлыққа  қол  қойдым.  Мәжіліс­ 

тің  кезектен  тыс  сайлауы  2016 

жылғы 20 наурызға белгіленді.

Бүкіл  қазақстандықтарды,  қо­

ғамның  барлық  әлеуметтік  топ­

тарын  уақыт  талап  еткен  шешімді 

қолдауға  үндеймін.  Баршаңызды 

сайлауға  белсене  қатысуға,  елі­

міздің  болашағы  жолындағы  тұ­

тастығымыз  бен  бірлігімізді  тағы 

да  танытуға  шақырамын.  Консти­

"Егемен Қазақстан"

№12 (28740), 21 қаңтар 2016 жыл

туцияның  кепілі  ретінде  Орталық 

сайлау  комиссиясына  және  бар­

лық  өкілетті  мемлекеттік  орган­

дарға алдағы сайлауда заңдылық­ 

ты,  ашықтықты  және  әділеттілікті 

қамтамасыз  етуді  тапсырамын. 

Дауыс  беру  науқаны  және  сайлау 

күрделі  кезеңде  ұлтты  ұйысты­ 

рып,  біздің  Қазақстанымызды  жа­ 

ңа  белестерге  алып  шығуға  кө­

мектеседі деп сенемін.

Баршамыздың  бір  ғана  мақса­

тымыз бар, ол мақсат – халық пен 

елдің  игілігі!  Бәріміз  Қазақстан­ 

ның  өсіп­өркендеуі  жолында  ең­ 

бек  етіп,  бар  күш­жігерімізді  жұм­ 

саймыз.  Біз  бірлесе  отырып,  бү­

гінгі заман алдымызға тосып отыр­ 

ған  барша  қиындықтар  мен  сын­ 

қатерлерді міндетті түрде еңсере­ 

тін  боламыз.  Мен  барша  қазақ­

стандықтарды,  барлық  саяси  пар­

тияларды  біздің  ортақ  шаңыра­

ғымыздың  тағдырына  жауапты 

қарауға  және  Отаншылдығымыз­

ды  нығайта  түсуге  шақырамын. 

Тәуелсіздіктің  ширек  ғасырлық 

мерейлі  белесін  мызғымас  бірлік­

пен қарсы алайық!



Астана, Ақорда, 

2016 жылғы 20 қаңтар

www.akorda.kz

Сенбі,  23 қаңтар 2016 жыл

3

oral_oniri@inbox.ru



Сайлау – 2016

Ырыс  АБУОВА,

«Нұр Отан» партиясы  Жаңақала аудандық 

филиалының  кеңесшісі:

–  Парламент  Мәжілісінің  мерізімен  бұрын,  

ал    барлық  деңгейдегі  мәслихат  депутаттары­

ның  кезекті  сайлауын  өткізу  жөніндегі  баста­

маны  мен  де  қолдаймын.  Елбасы  ел  мүддесі 

үшін  еңбек  ететін  әр  адамға  зор  мүмкіншілік­

тер жүктеді. Біз жастар да Елбасы пікірін толық 

қуаттаймыз.  Болашақ  үміткерлер  арасында  ел 

үшін  еңбек  ететін,  халық  мүддесін  қорғайтын 

тұлғалар  болуын  қалаймын.  Жастардың  жағдайын  жасап,  олардың 

жұмысқа  орналасуына,  пәтер  алуына  тағы  да  басқа  мүмкіндікте­ 

ріне  көмектеседі  деп  сенемін.  Үміткерлердің  арасында  жастардың 

көп  болуын  қалаймын.  Өйткені  ел  басқару,  заң  шығару  ісіне  олар­ 

дың қазірден араласып, ысыла бергендері дұрыс.



Сая  САҒИҚЫЗЫ,

мұғалім, 

Базаршолан 

 ауылы,

Ақжайық  ауданы:

–  20  наурызға 

белгіленіп  отырған  

сайлау  –  бұл  стра­

тегиялық  шешім,  ке­

лер  күндерге  нұрлы 

үмітпен  қарау  деген 

сөз.  Парламентке  мерзімінен  бұрын  сай­

лау  қазіргі  әбігерлі  әлемде  біз  үшін,  ең 

біріншіден,  уақыттан  ұтылмауға  айтулы 

мүмкіндік береді деп ұғынамын. Ал халық 

қалаулыларының жаңа легі ертең жоғарғы 

заң  шығарушы  органға  жаңа  леп  әкеледі. 

Тың күштің аты – тың күш.

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  өз 

халқын  ертеңгі  сайлауда  нағыз  елдік 

танытуға  шақырып  отыр.  Тарихи  маңызы 

зор  сәтте  біз  мемлекетімізді,  Президен­

тімізді  бір  кісідей  қолдап,  жауапкершілік 

танытсақ,  өркенді  өміріміз  үшін  өршіл 

қадам  деген  сол.  Бұл  сайлау  саяси­қоғам­

дық  өміріміздің  жандана  түсуіне,  түлеуі­ 

не  айрықша  әсер  етері  шүбәсіз.  Демек,  

әлемдік  дағдарысқа  қарсы  алымды 

амалдың бірі осы болмақ.

Уақыт  талабына  икемделген  ұтымды  қадам



Сабыр  СӘМИЕВ, 

Шыңғырлау  аудандық ардагерлер  кеңесінің  төрағасы:

–  Парламент  құрамын  жаңарту,  мәжіліс  депутат­

тары  қатарына  жаңа  тұлғаларды  тарту  бүгінгі  күннің 

басты  мәселесі  болып  отыр.  Жаһанды  алаңдатқан 

дағдарыс  кезеңінен  сәтті  өтуге  жоспарлаған  нақты 

міндеттерді жүзеге асыруда бұл қадам барынша тиімді 

және  табылған  әдіс  деп  ойлаймын.  Еліміздің  бүгінгі 

ахуалын,  таңдаған  жолымызды,  Жолдауда  белгілен­

ген  мақсат­міндеттер  мен  олардың  орындалу  жоспа­

рын  әлем  саясаткерлері  жоғары  бағалап  отыр.  Осы  

орайда  бұл  дағдарыстан  сенімді  түрде  алып  өтетін,  алға  қойылған  мақ­ 

сат­міндеттерді    уақтылы  жүзеге  асыруға  ықпал  ететін,  қабілетті,  мүмкін­ 

дігі бар тұлғаларды тарту қажет. Бесінші шақырылым депутаттары елімізге оң­

тайлы даму мүмкіндігін әкелген нақты жұмыстарды орындап, мол үлесін қосты. 

Енді  осындай  іргелі  істердің  ұйытқысы    болатын  команданы  жаңа  бастама,  

жаңа  қажыр­қайрат  иелерімен,  тың  күшпен  толықтыру  уақыттың  тала­ 

бы  екені  белгілі.  Өйткені  Елбасымыз  алдын  ала  ескерткеніндей,  санкция­

лары  алынып  тасталғаннан  кейінгі  Иран  мұнайының  нарыққа  қайта  келуі 

бүгінгі  әлемдік  бағаның  эталоны  болып  отырған  мұнайдың  құны  20  долларға 

дейін  төмендеу  ықтималдығы  біздің  түрлі  жағдайларға  дайын  болуымыз­ 

ды талап етеді. Елбасымыздың  Парламент Мәжілісі депутаттарының  кезек­

тен  тыс  сайлауын  жергілікті  мәслихаттар  сайлауымен  бірге  өткізу  туралы 

Жарлығы  ­ бүгінгі  дағдарыс жағдайында қаржыны  үнемдеу, уақытты  тиімді 

пайдаланудың  және  тез  арада  алдағы  межелерді  жүзеге  асыруға  икемдел­ 

ген жаңа құрылымды депутаттар корпусын жасақтап алудың оңтайлы тәсілі. 

Жаңа  тұлғалар  еліміздің  дағдарысқа  қарсы  қойған  саясатын  дәл  ұғынып, 

елдің  бірлігі,  жаңа  мүмкіндіктердің  орындалу  тетіктерін  жедел  жүргізу,  заң­

намалық жетілдіру мәселелерін  реттесе,  халықтың күтері де осы. 

Жастарға  жол  берген  жөн

Ғабдырахим  ЖАҢБЫРБАЕВ, 

облыстық  мәслихаттың  депутаты: 

–  Өз  басым  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  кезек­ 

тен  тыс  және  өңірлік  мәслихаттар  депутаттары­ 

ның  кезекті  сайлауының  бір  мезгілде  өтуін 

құптаймын.  Өйткені  мұндай  қадам  Ұлт  көшбас­

шысының  өзі  айтқандай,  уақытты  да,  қаржыны 

да  үнемдеуге  мүмкіндік  береді.  Сөйте  тұра,  «Бұл 

ән  бұрынғы  әннен  өзгерек»  дегендей,  зады,  бұл 

сайлаудың  бұрынғы  сайлаулардан  мән­маңызы 

ерекше.  Себебі  Елбасының  «Бес  институционал­

дық реформа», «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» 

сынды  стратегиялық  мұрат­мақсаттарын  ырға­

лып­жырғалмай,  жүйелі  де  сапалы  жүзеге  асы­ 

руға кірісу үшін Мәжіліс пен мәслихаттардың құ­

рамын  жаңартып­жаңғыртқан  ләзім.  Сондықтан 

өз  басым  депутаттықтан  үміткер  ретінде  алдағы 

сайлауға  түспейтіндігімді  және  білім­білігі  мен 

пайым­парасаты,  қажыр­қайраты  мен  жалын­жі­

гері  мол  жастарға  жол  беру  жөн  деп  есептейтін­

дігімді мәлімдеймін. Жас дегенде, мен бұл жерде 

биліктің  сайланбалы  буындарына  салыстырма­

лы  түрде  ақыл  тоқтатқан  жасқа  еркін  жеткен,  ха­ 

лықтың  тыныс­тіршілігі  мен  арман­тілегін  жақсы 

білетін,  елдің  ішіндегі­сыртындағы  әлеуметтік­

экономикалық,  қоғамдық­саяси  ахуалдан  мол 

хабардар  әрі  сауатты  заң  шығарушылық  қарым­

қабілетке  ие  отандастарымыздың  келгенін  қа­

лаймын. 


Мен  2012  жылдың  қаңтар  айында  Сырым  ау­

данына  қарасты  №14  Жымпиты  сайлау  округі­

нен  «Ақ  жол»  партиясының  ұсынуымен  Батыс 

Қазақстан  облыстық  мәслихатының  депутаты  бо­

лып  сайландым.  Содан  бері  жергілікті  атқарушы 

билік  құрылымдарымен  бірлесе  отырып,  Сырым 

ауданындағы  ауылдарға  сапалы  ауыз  су  мен  газ 

құбырын  тарту,  жол  жөндеу  мен  жол  салу,  елді 

мекендерді  көріктендіру,  кәсіпкерлікті  дамыту  ар­

қылы  жұмыссыздықты  шегеру,  жалпы  жергілікті 

жұрттың  әл­ауқатын  көтеру  секілді  біраз  игілікті 

шаруаға ұйытқы болдым деп ойлаймын. Әр түрлі 

қиын  жағдайларға  тап  болған  сайлаушылары­

ма  жеке  тұлға  ретінде  тікелей  қолұшын  созған 

сәттерім  де  болды.  Енді,  міне,  бізден  кейінгілер­

ге де кезек беретін кез келді. Сол себепті кезінде 

маған  зор  сенім  артқан  Сырым  елінің  халқына, 

яғни  сайлаушыларыма,  менің  депутаттық  мін­

дет­миссиямды  лайықты  атқаруыма  түсіністік 

танытқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Сырым 

ауданының  әкімі  Абат  Шыныбековке,  сала  бас­

шыларына және облыстық мәслихаттағы депутат 

әріптестеріме  ел­жұрттың  мүддесіне  орай  бірге 

атқарған  нәтижелі  жұмыстарымыз  үшін  рақмет 

айтып, ризашылығымды білдіремін. 

Дмитрий  СЕМИЛИДИ,

Бөкей ордасы аудандық 

балалар және жасөспірім-

дер спорт мектебінің 

директоры:

–  Уақыт  өз  дегенін  жасай­

тыны  анық.  Күні  бүгін  дүние  

жүзі  бойынша  қаржы  дағ­ 

дарысын  сезінбеген  мемле­ 

кет кемде­кем. Бұл – әлемді  

алаңдатып  отырған  ауқым­

ды  мәселе.  Қазақстан  әлемдік  қауымдастық­

тың  белсенді  мүшесі  болғандықтан  да,  осы 

қиыншылықтың  бел  ортасында  тұр.  Бөкей  орда­ 

сы  ауданындағы    славян  этномәдени  бірлестігі­

нің  төрағасы  ретінде  айтарым,  талай  нәубатты 

бастан кешкен қазақ халқы өзге ұлт өкілдерімен 

ынтымағы  жарасып  тіршілік    кешуде.  Бұл  жолғы  

әлемдік  дағдарысты  да  өзара  сеніммен    еңсе­

ретініміз анық.

Биыл  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Бес  институ­ 

ционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  бойынша 

100  нақты  қадам»  −  Ұлт  жоспарын  орындаудың 

жаңа кезеңіне жол ашылды.

Осыған  орай  Қазақстан  Республикасы  Пре­

зидентінің  нақты  тапсырмаларын  орындау  мақ­

сатында  Парламент  Мәжілісі  депутаттарының 

мерзімінен бұрын  және жергілікті  мәслихат де­

путаттарының кезекті сайлауын өткізу өте орын­

ды деп есептеймін. 



Бір-бірімізден

үйренеріміз бар екен

4

oral_oniri@inbox.ru



Сенбі,  23 қаңтар 2016 жыл

ақпарат



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал