Д. С. Ахметжанова



жүктеу 71.82 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі71.82 Kb.

       УДК  78                           КҮЙ –ХАЛЫҚТАН ҚАЛҒАН  АСЫЛ МҰРА

                                                                                  

                                                                                     Д.С.Ахметжанова,  доцент м.а. 

                                                                                   А.Б.Мұқанова,  аға оқытушы

                                                                                  (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 

                                                                                  қыздар педагогикалық  университеті)

                     Аннотация:     Халық   күйлері   біздің жыл санауымызға дейінгі дәуір мен біздің 

заманымыздың ілкі   ғасырлары   аралығын қамтиды. Бұған   Евразияның   ұлы даласындағы 

көшпелілер   арасына   ислам діні   тарағанға дейінгі қиял-ғажайып тақырыптарға   арналған 

күйлер, сарындар, жаугершілік  кезеңдерде ел есінде қалған айтулы батыр, ақылды ару, ерге 

серік   болғандай   қанатты   пырақ,   киелі   жануарлар   туралы   күйлер   жатады.       Қазақтың 

музыкалық мұрасы да, оның ішінде аспапты музыкасы- күйлері де шежіре.

            Түйін   сөздер:  Қазақ  халкының  аспаптық  музыкасы.

Бүгінде   қазақ   халқының   жүздеген   күйі   белгілі   болып   отыр.   Осынау   мол   мұраға 

тарихи-этнографиялық   зердемен   ден   қойсақ,   бір   бөлігі   ғасырға   дейінгі   алыс   кезеңнің 

еншісіне тиесілі екенін, келесі бөлігі орта ғасырларда қалғаны.

ХІХ ғасырлар аясында туғанын, күйлердің ХХ ғасырда дүниеге келгені де мәлім. Біз 

мұндай жіктеп-жіліктеудің жауапкершілігін жақсы сезінеміз. Тарихи- типологиялық, тарихи-

поэтикалық   және   диахронды-этнографиялық   зерттеулердің   нәтижесі   мұндай   қорытынды 

жасауға мүмкіндік береді. Бұл орайда ғалым Ә. Марғұланның көшпелілер мәдениетін, оның 

ішінде эпос қамтыған тарихи кезеңдерді саралаған үлгісін басшылыққа алуға әбден болады. 

Себебі,   бұл   үлгі-жіктеу   бойынша   көшпелілердің   рухани   мұрасы     бес   кезеңге   бөлініп 

қарастырылады.   Әрине   мұндай   үлгі-жіктеу   музыкалық   фольклорымыз   үшін   де   жат   емес. 

Тарихи,   географиялық   және   этникалық   обьект   бір   тұтас   болған   соң,   оның   рухани 

эволюциясы да біртұтастықты қарастырылуы қажет. Халық өзінің эпостарын тудыру үшін 

бір түрлі өмір сүріп, ән-күйлерін тудыру үшін екінші өмірді таңдай алмайды. Оның үстіне, 

қазақтың ауыз әдебиеті өзінің барша бітім-болмысында музыкамен тығыз байланысты. Қиса-

дастандарымыздан бастап, жар-жар, сыңсу, жоқтауларға дейін тыңдаушысына белгілі бір ән-

әуен,   сарын   арқылы   жұптаса   жетіп   отырған.   Абыздар   қобызын   шалып-шалып   алмай, 

жыраулар   домбырасын   бебеулете   қағып   алмай   көкейдегі   көрікті   сөзін   сыртқа   шығара 

бермеген.   Ақын   болсын,   жыршы   болсын,   әнші   болсын   өнерін   ортаға   салмас   бұрын 

қолтығының  астынан  қобызының,   қолының  басынан  домбырасының  табылып  отыратыны 

халқымыздың қашанғы әдеті. Сондықтан да өлең-жырларымыздың, қыса-дастандарымыздың 

өн   бойында   «Қыл   қобызын   құбылтып»,   «Шаңқобызым   шалайын,   шешен   бе   екен», 

«Домбырам екі ішекті қолға алайын», «Әншінің домбырасы қол қанаты», «Домбырам басы 

долана» деп келетін жолдар сөз өнерінің құрғақ қара сөзбен айтылмай, ән мен әуенге, саз бен 

сарынға иек сүйеу арқылы айтылатынын аңғартады. Немесе, алуан жанрлы саз өнеріміздің 

ішінде   жұлдыздай   шашырап   жатқан   музыкалық   аспаптардың   аталуы,   сол   аспаптардың 

дыбыстық   ерекшеліктеріне   орай   небір   сұлу   сурет,   әдемі   теңеулердің   келтірілуі   рухани 

мұраларымыздың   біте   қайнасқан   синкретті   сипатына,   этникалық   мәдениеттің   өмір 

сахнасындағы бір тұтас қуат күшіне жарқын айғақ.

Қазақтың музыкалық мұрасы да, оның ішінде аспапты музыкасы- күйлері де шежіре, 

оқиғалы   әңгімелермен  тікелей  байланысты   орындалады.  Кез-келген  күйдің  шығу  себебін, 

аңыз әңгімесін нәшіне келтіре айтып алмай, әйтеуір күй тарта жөнелу күй тартушы үшін 

тыңдаушы алдында үлкен әбестік болған.

Ел, халық біртұтас тарихи-әлеуметтік феномен болғандықтан оның рухыни әлемі де 

сол   халықтың   барша   тағдыр-талайымен   біртұтастықта   қарастырылуы   қажет,   олай   болса, 

академик   Ә.   Марғұланның   қазақ   эпостарын   тектегенде   қолданған   тарихи   кезеңдері 

музыкалық фольклорымыз үшін де ұрымтал кілт бола алатынына күмән жоқ.

Халық күйлері біздің жыл санауымызға дейінгі дәуір мен біздің заманымыздың ілкі 

ғасырлары   аралығын   қамтиды.   Бұған   Евразияның   ұлы   даласындағы   көшпелілер   арасына 


ислам   діні   трағанға   дейінгі   қиял-ғажайып   тақырыптарға   арналған   күйлер,   сарындар, 

жаугершілік кезеңдерде ел есінде қалған айтулы батыр, ақылды ару, ерге серік болғандай 

қанатты пырақ, киелі жануарлар туралы күйлер жатады. Бұл реттен «Қос мүйізді Ескендір», 

«Көк төбет», «Көк бөрі», «Аққу», «Сарын», «Өгіз өлген», «Тарғыл бұқа» сияқты күйлерді 

атауға   болады.   Бұлардың   қай-қайсысы   да   көне   сөз   сарындарымен   ғана   емес,   қосарлан 

айтылатын   аңыз-әңгімелермен   де   алыс   заманаларды   меңзейді.   Мейілінше   көне   ұғым-

түсініктерді тілге тиек етеді. Қазақта «бақсы Тәңірімен тілдес» деген сөз бар, яғни, қазақ 

ұғымында бақсы Тәңірімен арадағы дәнекер. Тәңірлік дін бойынша микрокосмостан бастап 

микрокосмосқа   дейінгі   дүние-тіршіліктің   бармасының   иесі-Тәңірі.   Сондықтан   да, 

көшпелілер Тәңіріні көбінесе шексіз табиғат, көк аспан ұғымымен астастырады. Өсімдіктен 

бастап   жан-жануарларға   дейін,   табиғат   құбылыстарынан   бастап   аспан   денелеріне   дейін, 

табиғат құбылыстарынан бастап аспан денелеріне дейін баршасы бір ғана Тәңірілік ұғыммен 

идеалдондырған.   Яғни,   дүние-тіршіліктің   баршасы   «Заттанған   ақиқат»   баршасы   бақ   пен 

сордың себепшісі бола алады. Күнге, айға, жұлдызға табыну, жерге, отқа суға сыйыну, аң мен 

құсты пір тұту қазақтардың наным-сенімінде күні бүгінге дейін сақталған. Тәңірілік наным-

сенім көшпелі өмір салттағы қазақтардың арасында негізінен тыйым түрінде көрініс тапқан. 

Мәселен: суға түкірме, көкті баспа, от айналма, жұлдыз санама, күлді баспа, таңдай қақпа, 

басыңды   шайқама   т.б.   Тыйым   түріндегі   тәңірілік   наным-сенім   көбінесе   экосистермен 

жарастықта болуда, моральдық этикалық нормаларды реттеуде елеулі роль атқарады.

Көне   кездегі   наным-сенімнің   ізі   байырғы   күйлеріміз   бен   оның   аңыз-әңгімелерден 

сезіледі.   Әсіресе   жан-жануарларға   арналған   күй   аңыздары   тәңірілік   сенімді   таза   күйінде 

жеткізгенін   аңғару   қиын   емес.   Көне   ұғым-түсінік   бойынша,   ең   ұшқыр   самұрық   құс-

алғырлықтың,   алапат   күштің   иесі,   аш   баланың   алдынан   шығатын   киелі   аққу-мейірімнің, 

сұлулықтың   иесі,   көк   өгіз,   тарғыл   бұқа   болса   тіршіліктің   тірегі   ретінде   бейнеленеді.   Ал 

бөріні пір тұту, оны құпия күш сонау қазақ арасында бертін келгенше сақталған. Әлі күнге 

дейін қазақ малшылары қасқырдың атын атамай «ит-құс», «бөрі», «көкжал» дейді. 

Келесі дәуір- оғыз-қыпшақ кезеңінің күйлері. Оған Қорқыт атаның сарындары «Абыз 

толғауы» сияқты күйлер жатады. Бұл Орта Азия алабындағы жауынгер тайпалардың өмір 

салты,   тарихи   тағдыры   ортақтасқан,   жан-жағынан   анталаған   Тарғаш,   Қызылбас,   Ұрым 

сияқты іргелі елдердің қомағай ниетіне қасқайып қарсы тұра бастаған сыны мол шақ еді. 

Соған орай туған музыкалық мұралардың айрықша сипаты, сарын-сазы аңғарылады. Елдің, 

бірлігі,   ердің   табандылығы,   өмірдң   мәні,   бақыттың   баяндылығы   сияқты   алапат-асқақ 

тақырыптар күйге арқау болып отырады.

Осы   күйлердің   қай-қайсысы   да   өзінің   тарихи   ұғым   түсінігімен,   арқау   болған 

тақырыптарымен «Оғызнама», «Баба қорқыт» кітаптарындағы әңгіме арасымен сабақтасып 

жатады. Әрине, мұны кездейсоқтық деп қабылдауға болмайды. Тарихи деректер бойынша 

ҮІІ-Х   ғасырлардағы   оғыз-қыпшақтардың   мекен-тұрағы   ғана   бір   болып   қоймаған,   тарихи 

әлеуметтік   тіршілік-тыныстары   да   біте   қайнасып   жатқан.   Оғыздар-қазақ   халқының 

этникалық тұтастыққа көрініс табуына ең негізгі ұйытқы болған түркі тектес тайпалар одағы 

еді.


ХІ ғасырда оғыздардың шырқының бұзылуынан этникалық үрдістің бір басы орыс 

даласына барып түсті, салжұқтар билеген бір сынығы Алдыңғы Азия елдерін ығыстырды, 

елді бір сынығы Еділ бойының татарларымен, келесісі Оралдың оңтүстігіндегі башқұрттамен 

сіңісіп кетті. Бытшыты шыққан кәрлен кесенің ең мол сынығы сол түскен жерінде қалды. 

«Ғұздар   мен   қыпшақтар   кезеңіне   қатысты   батырлық   эпостар,   аңыз   әңгімелер   негізінен 

Қазақстан териториясында туған және бұл тайпалардың Орталық Қазақстан мен Сырдария 

арасындағы   байтақ   далада   көшіп   жүрген   кезінде   туған»   Сондықтан   да   «Қорқыт», 

«Алпамыс»,   «Алдар   көсе»   сияқты   айтулы   образдар   өзге   өңірлерге   қарағанда   Қазақстан 

даласында айқын сақталған.-деп жазды. Әлкей Марғұлан.

Оғыз-қыпшақ кезеңінен жеткен күйлер өзінің аңыз-әңгімесінің тарихи сәйкестігімен 

де,   Қорқыт   сияқты   тарихи   тұлғаның   өмір   шежіресімен   де   рухани   мұрамыздың   генезисін 

нақтылай түседі.



Келесі саты - ноғайлы кезеңнің күйлері. Оғыз – қыпшақ заманының аласапыраннан 

кейінгі   қазақ   даласындағы   рулық-тайпалық   тұтастану,   Алтын   Орда   сияқты   айтулы 

мемлекеттің бой көтеруі осы кезеңдерге тұспа-тұс келеді. Тек ол ғана емес ілгері ғасырлар 

талқысында тарихи тағдырын ортақтастырған далалық ру-тайпалардың саяси одақ құрып, 

бір-бірімен біте қайнасып «қазақ» деген кең мағыналы этикалық атаумен тарих сахнасына 

шыға бастаған кезеңі осы түс. Сондықтан да, елдің өзін-өзі тұтастықта тану санасы мейлінше 

шыңдалғанын, бір рудың қырбойлығы тұтас елдің қабырғасын қайыстыратынын, ел шетіне 

найзаның   ұшы   көрінсе   тұтас   ел   болып   ереуілдейтінін,   әсіресе   фольклорымыздан   айқын 

аңғарамыз. Бір сәт зер салып көрелік: «Ер төстік», «Жиренше шешен», «Алдар көсе» сияқты 

ертегі аңыздар.

Ноғайлы   кезеңінде   туған   музыкалық   мұраларымыздың   санатына   «Жошы   ханның 

жортуылы», «Шор батыр», «Әмір ақсақ» халық күйлерімен бірге Кетбұғаның «Ақсақ құлан», 

Асанқайғының   ел   айырылған,   Қазтуғанның   сағыныш   күйлерін   жатқызуға   болады.   Яғни 

жойшы ұлысының шаңырағы шайқал, Асанқайғының ел айырылған, Қазтуғанның сағыныш 

күйлерін   жатқызуға   болады.   Яғни   жойшы   ұлысының   шаңырағы   шайқалған   кездегі   елдің 

шамырқануы, ердің ширығуы, ру-тайпалар арасындағы жарықшақтың салқыны күй тілінде 

айрықша бейнелілікпен көрініс тауып отырған.

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі күйлер ХҮІғасырдың алғашқы жартысынан бастап 

қазақтар мен ойрат феодалдарының арасындағы бәсеке бақастық осы екі халықтың екі ғасыр 

бітпес дауына, бітпес шайқасына ұласты.

Қазақ-жоңғар арасындағы шиеленістің ең ширыққан сәт 1723 жылғы     қырғын еді. 

Бұл қырғын соғыс қазақтар  үшін «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталғанымен, 

жоңғардың босқыншы феодалдарына қарсы жүргізген азаттық күресінің бастауы болатын. 

Міне,   осынау   екі   ғасырға   созылған   аласапыран   халықтың   сан   сала   руханимұрасында 

шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды.

Осы тарихи күйлері өзінің әуен  сазы жөнінен тілі бедерлі, сезімге бай келеді. Бір 

қуаныш, бір қайғы итжығыс түскен заманның мың сан көрінісі өнер тілінде де алуан өрнекен 

алдыңнан   шығады.   Әсіресе,   күйлердің   белгілі   бір   тарихи   оқиғалармен   сабақтастығы, 

нақтылы   тұлғалар   өміріне   арнаулы   деректілігімен   иландырып   отырса,   соған   үндес 

музыкалық тілі де айтқыш, бейнелегіш қасиетімен баурайды.

ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда және ХХ ғасыр басында туған күйлері көркемдік-эстеткалық 

құбылыс.   Бұл  кезеңнің   рухани   мұраларында   саяси-әлеуметтік   сарынның   мейлінше   айқын 

көрініс   тауып   отыратынын   алдымен   атау   қажет.   Әсіресе,   ұлттық-дербестіктен   айрылған 

халықтың   хан   сұлтандарға,   бай-патшаларға   деген   көзқарасы,   көңіл-күйі,   олардың 

арасындағы әлеуметтік айырмашылықтың ұлғаюы жалпы рухани мұрамызда, оның ішінде 

ән-күйлерімізде тойға таңба басқандай сайрап жатыр.

Бұл   кездейсоқ   құбылыс   емес.   Халық   біртұтас   болғандықтан   оның   тарихи 

тағдырындағы   шарықтаулар   мен   құлдырулар   сол   халықтан   рухани   әлемін   тұтас   шарпып 

отырады. ХІХ ғасырда қазақ халқы бейне бір шабыт тұғырына мінгендей рухани мәдениеттің 

барлық   саласында   бірдей   жаңғыра   түлеуді   бастан   кешті.   Және   бұл   түлеудің   ғұмыры 

мейлінше қысқа болды. ХІХ ғасырдың орта тұсындағы екі-үш ұрпақты қамтитын осынау 

рухани   түлеу   өзінің   қысқа   мерзіміне   қарамастан   қазақ   халқының   этникалық   мәдениетін 

біржола қалыптастыра алды. Өткен ғасырдың орта тұсында бас-аяғы 40-50 жылдың ішінде 

дүниеге келген тұлғаларды көктей шолып көрелік: Қорқыттан кейін мың жыл бойы тістеген 

қобызға   дейін   жандырып,   бақсы-балгердің   қолынан   Ықылас   сияқты   күйші-

композиторлардың қолына көшті. Қысқасы, ХІХ ғасырдың 20-70 жылдар аралығында қазақ 

халқының   ұлттық   этникалық   мәдениетін   мейлінше   даралап,   төлтума   қасиетін   бір   жола 

айқындап берді.

Қазақ   даласындағы   көшпелілер   рухының   әбден   жасуы   қазақ-қалмақ   арасындағы 

қанқақсап қақтығысына байланысты болса, оның түркі себебі қос бүйірден тақсырған Россия 

мен Қытай сияқты алпауыт елдер болатын.


Осындай   жағдайда   қазақ   халқының   рухани   түлеуі   ХІХ   ғасырдың   Орта   тұсында 

қалайша   мүмкін   болды   деген   сұрақ   туады.   Мұның   алғы   шарты   1731-1822   жылдар 

аралығындағы протектарат кезеңінде жасалған еді. Себебі, бұған дейінгі сан ғасыр бойы бір 

күн   найзасын     жастанбай   тыныш   ұйықтап   көрмеген   қазақ   халқы   патшалық   Россия 

империясына   бодан   болған   соң,   сыр   дұшпанға   алаңдауын   қойып,   өзінің   көшпелі   өмір 

салттағы рухыни стихиясымен қауышты.

Халқымыздың биік мәдениетіне айғақ бола алатын рухани текті арналаымыздың бірі 

дәстүрлі   музыканым   болса,   мұның   өзі   өкінішке   орай   соңғы   елу   алпыс   жылдың   аясында 

сыртқы өктем күш өнерінің өзімшіл шетқақпайына ұшырап, әбден титықтаған күйі бар.

Ендігі   сөз   осынау   халықтық   дәстүр   шеңберінде   қалыптасқан   күйшілік   үрдісті 

педагогикалық процеске ендірудің маңыздылығы туралы болмақ.

Бұл жұмыста біз күйшілік дәстүрдің тарихи негіздері мен тәрбиелік сипатын ашып-

көрсетуді мақсат тұттық. Күй шығармалары бізде музыкалық тұрғыдан біршама зерттелген. І. 

Аравин,   Ө.   Мұхамбетова,   Е.   Жанұзақова,   У.   Бекенов   секілді   бір   топ   зерттеушілер   күй 

табиғаты туралы азды-көпті пікірлер білдірген. 

Бірақ   күйшілік   өнердің   педагогикалық   сипаты   бізде   әлі   күнге   арнайы   зерттеліп 

қарастырылмаған. Орта мектеп бағдарламаларында күйлердің тәрбиелік мәні емес, көбіне бір 

ғана эстетикалық сипаты қарастырылуда.

Бүгінде   күй   өнеріне   бір   ғана   эстетикалық   құбылыс   ретінде   қарау  жетімсіз.   Себебі 

күйшілік   өнер-   ғасырлар   бойы   ұстаздан   шәкіртке   беріліп   келе   жатқан   өзінше   бір   тәрбие 

мектебі.   Демек,   күйдің   халықтық   педагогикамен   сабақтастығы   да   айқын.   Оны   ғылыми 

негізде   зерттеп,   дәлелдемей   жатып,   орта   мектептегі   музыка   сабағының   бағдарламасына 

енгізу асығыстық болар еді.

Бір   ғана   күй   емес,   жалпы   музыка   өнерінің   тәрбиелік   маңызын   зерттеу  педагогика 

ғылымының  алдына жаңа  міндеттер  жүктейді.  Бұрынғы  қалыптасып қалған  ескі  арнамен 

тарта бермей, оқушыларға эстетикалық, педагогикалық тәрбие берудің жаңа арналарын, тың 

көздерін ашудың да кезегі жетіп отыр. Біздің көздеген мақсатымыз осы.

Орта   мектеп   бағдарламасында   күй   шығармаларының   тәрбиелік   маңызын   қамтып 

көрсету-бүгінгі күннің жаңа талабы. «мынау күй»- деген құрғақ анықтамалық ақпарнамадан 

оның тарихи арналары мен тәрбиелік негіздерін сөз еткен тиімді болуға тиіс. Басқасын былай 

қойғанда,   күйшілік   дәстүрдің   өзі   де   тәрбие   мектебі   екенін   неге   айтпасқа.   Сол   тәрбие 

мектептерінің өнер шеңберіндегі ерекшеліктерін, жалпы халықтық педагогикамен тоғысатын 

тұстарын ашып, ғылыми негізде қарастыру мектеп бағдарламаларына соны серпін, тосын 

тақырып әкелер еді.

Міне, біздің қарастырған   мәселеміздің басты педагогикаылқ сипаты осында. Бұл да 

педагогика ғылымының өзекті мәселелерінен саналады.

Күй халық мұрасы десек, күйшілік дәстүр халық педагогикасының жемісті бір бұтағы. 

Осы негізде барып біз күйшілік өнердің табиғатын, тәрбиелік негіздерін тереңірек игеретін 

боламыз.

Педагогика ғылымының алдында тұрған жаңа міндеттердің бірі осы болуға тиіс.



                                   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР:

1.

А.Жұбанов «Замана  бұлбұлдары»- Алматы,  1947ж .



2.

А.Сейдімбеков «Қазақтың  күй  өнері» - Астана , 2002 ж .

3.

А.Сейдімбеков «Қазақ  күйлерінің  аңыздары» автореферат – Алматы, 1997ж. 



4.

Ә.Қоңыратбаев «Қазақ  фольклорының  тарихы» - Алматы ,1991ж. 



РЕЗЮМЕ

                           Муканова Айсулу Бигазиевна  - старший преподователь,   Ахметжанова Дидар  

Сапаргалиевна - доцент и.о. 

(г.Алматы, Казахский  государственный  женский  педагогический  университет)

В данной  статье  рассматривается  роль  культурного  наследия  казахского  народа в 

художественно-эстетическом  воспитании  молодого  поколения.  И в этой    связи  огромное 

значение имеет, по праву, искусство кюя. 



SUMMARY

     Mukanova  Aisulu  Bigazievna  -  senior  lecturer, Ahmetzhanova  Didar  Sapargalievna  - 

Acting Associate Professor  

(Almaty, Kazakh State Women Pedagogical University)

This article examines the role of the cultural heritage of the Kazakh people in the artistic and 

aesthetic education of the younger generation. And in this regard is of great importance, rightly, art 

kui.


              

  

      Музыкалық  аспаптар  кафедрасының  аға  оқытушысы               

                                     Мұқанова Айсұлу Биғазықызы,   доцент м.а.   Ахметжанова Дидар 

Сапарғалиқызының «Күй –халықтан қалған  асыл мұра» атты мақаласына 

ПІКІР

Бұл  мақала қазақ  халкының  өмірімен  біте  қайнаскан  күй  өнерін  жас  ұрпақтарды 

тәрбиелеудегі   көркемдік- эстетикалық  құрал көздері  ретінде  қарастыруы  бүгінгі  күннің 

өзекті     мәселесі.   Сонымен   бірге     бұл     мақалада     қозғалғандай     күй   шығармаларының 

тәрбиелік  маңызын  қамту –бүгінгі  күннің  жаңа  талабы.

Мақала   дайындау    барысында   авторлар     көптеген  тарихи-типологиялық,  тарихи-

поэтикалық   және   этнографиялық   деректерге   сүйене отырып рухани   байлығымыздың 

құндылығын  сақтап  қалу мәселесіне  жүгінгені байкалады. 

Мақалада     айтылғандай       жалпы     болашақ     ұрпақтарымызды     тәрбиелеуге 

бағыттылған  еңбегі  қазіргі  таңда  жалғасын  табары  анық, сондықтанда мақаланы   баспа 

бетіне  ұсынуға  болады.

 

Педагогика  ғылымдарының  кандидаты, проф м.а.                        М.С.Сұлтанова 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал