Д. исабеков шығармаларындағы жергілікті тілдік ерекшеліктердің Қолданысы жарылқасынова Г



жүктеу 72.4 Kb.

Дата25.04.2017
өлшемі72.4 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

Д. ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІК 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ 

 

Жарылқасынова Г.   

3-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент С.Ғ. Қанапина 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай қаласы 

 

Ұшса  құстың  қанаты  талатын  ұлан-ғайыр  аймақты  алып  жатқан  қазақ 

жеріне Еуропаның барлық мемлекеттерін сыйғызуға болатыны қазақ жерінің 

кӛлемін танытар мақтанышы еді, мәселе оның кӛлемінде ғана емес, әр түрлі 

байлығында  да  жатыр.  Осынау  кең  байтақ  аймақтың  иесі  қазақ  халқының 

басқа  туыс,  туыс  емес  халықтардан  басты  ерекшелігі  тілінде.  «Береке  басы 

бірлік»  дегенді  ӛмір  тұтқасы,  тіршілік  тірегі  деп  білген  қазақ  халқының  тілі 

ӛзінің  біртұтастығымен  (монолиттілігімен)  бұрын-соңды  зерттеушілерін 

таңдандырды,  әлі  де  таңдандырып  келеді.  Дегенмен,  біртұтастықтың  ішінде 

қазақ  тілінде  де  азды-кӛпті  шығармашылық  кездеседі.  Қай  тілде  болмасын 

мұндай  айырмашылықтардың  болуы  заңды  құбылыс.  Ол  жалпы  ұлттық 

негізді  құрайтын  құбылыс.  Тіл  тарихы  халық  тарихы,  сондықтан  ол  халық 

ӛмірінің есте жоқ ескі заманы мен бүгінгі күнінің арасындағы алтын кӛпірі. 

Қазақ  халқы  бағзы  заманнан  бері  мекен  еткен  әр  аймағында  диалектілік 

ерекшеліктер  бар  екені  ғылымда  ӛткен  ғасырдың  30-жылдарының  аяғынан 

белгілі  бола  бастады.  Алғаш  зерттеу  нысаны  болған  әр  алуан  тарихи 

оқиғалардың  ізі  қалған  оңтүстік  аймағы  еді.  Диалектология  ғылымы 

бойынша  қаралған  алғашқы  диссертация  Ж.  Досқараевтың  «Оңтүстік 

диалектісінің  кейбір  мәселелері»  атты  еңбегі  1944  жылдың  еншісіне  тиіп, 

диалектологияның  ғылым  саласы  ретінде  қалыптасуына  жол  ашты.  Бұдан 

кейінгі 

С. 


Аманжоловтың 

«Қазақ 


диалектологиясының 

негізгі 


проблемалары» 

(1948) 


деп 

аталатын 

докторлық 

диссертациясы 

диалектологияның негізгі теориялық мәселелерін, диалектілердің саны, қазақ 

әдеби  тілінің  негізі  сияқты  ӛзекті  жағдайларды  қозғады.  Бүгінгі  күні  қазақ 

диалектологиясы тӛрт аяғын тең басқан ғылым саласы. Түбегейлі зерттеулер 

нәтижесінде  жергілікті  ерекшеліктер  жиналып,  сипатталып,  фонетикалық, 

грамматикалық  ерекшеліктеріне  қарағанда,  лексикалық  ерекшеліктері  мол 

екендігі  анық  белгілі  болып  отыр.  Лексикалық  ерекшеліктердің  кӛлем 

жағынан  аумақты  келуі  халықтың  этностық  құрамымен,  географиялық 

жағдайымен,  сол  географиялық  жағдайына  бейімделуіне  орай  кәсібі,  күн 

кӛрісі тұрмыс тіршілігімен, әдет-ғұрып, салтымен тікелей байланысты [1; 66-

67].  


«1952  жылы  ақпан  айында  Алматы  қаласында  Қазақ  ССР  Ғылым 

академиясының Тіл және әдебиет институтының ұйымдастыруымен қазақ тіл 

білімінің  кейбір  талас  мәселелері  жӛнінде  ӛткізілген  Бүкілодақтық 

конференциядан  соң  зерттеу  жұмысы  жандана  түсті.  Қазақстанның 



WWW.ENU.KZ

 

 



аудандары 

мен 


облыстарына 

диалектологиялық 

экспедициялар 

ұйымдастырылып,  диалектология  саласы  бойынша  кадрлар  дайындау  қолға 

алынды. Осының нәтижесінде едәуір жұмыстар атқарылды. Жарты ғасырдан 

астам уақыт ішінде қазақ тілінің Оңтүстік диалектісінің кейбір ерекшеліктері 

(Ж.  Досқараев,  1946),  Арал  (Ғ.  Қалиев,  1954),  Маңғыстау  (С.  Омарбеков, 

1960), Шу (О.Нақысбеков, 1965), Қостанай (Ә.Байжалов, 1964), Түркіменстан 

(Ә.  Нұрмағанбетов),  Тамды  (Т.  Айдаров,  1967),  Қызылорда  (Ш.  Бектұров, 

1968),  Қарақалпақ  (Н.  Жүнісов,  1965;  Б.Бекетов,  1969),  Еділ  бойы  (А. 

Тасымов,  1975),  Батыс  Сібір  (Қ.  Құрманалиев,  1983),  сӛздің  диалектілік 

мағынасы  (М.  Атабаева,  1985),  Ауған,  Иран  (Б.  Ӛтебаев,  1998),  Жетісу  (М. 

Есімболова, 2001), Монғол (А. Үдербаев, 2002), Түркістан (Б. Жүнісов, 2003) 

тұрғындары  тілінің  ерекшеліктері  жӛнінде  және  дәнді  дақылдарға 

(А.Шамшатова,  1966),  мақта  (Ә.  Тәжмұратов,  1966),    балық  (Қ.  Айтазин, 

1973),  қолӛнер  (Р.  Шойбеков,  1987),  бау-бақша  (А.  Айғабылов,  1976),  түйе 

атауларына (Ә.Жақыпов), қой шаруашылығына (Б. Тілепин, 2004) – барлығы 

28  кандидаттық  диссертация  қорғалды.  Сонымен  бірге  «Қазақ  тілінің 

диалектологиясы мен тарихы мәселелері» (С. Аманжолов, 1949), қазақ тілінің 

шығыс  (Ж.  Болатов,  1970),  батыс  (Ә.  Нұрмағанбетов),  Оңтүстік  (О. 

Нақысбеков,  1994)  сӛйленістер  тобы,  «Аймақтық  лексикографияның 

мәселелері»  (Ш.  Сарыбаев,  1973),  «Ӛзбекстандағы  қазақ  сӛйленістерінің 

диалектілік  лексикасына  ареальдық  мінездеме»  (Т.  Айдаров,  1980),  «Қазақ 

сӛйленістеріндегі 

дауыссыз 

дыбыстардың 

ареальдық 

белгілерін 

салыстырмалы  тұрғыдан  зерттеу»  (С.  Омарбеков,  1987),  «Қазақ 

сӛйленістеріндегі  сӛз  тудыру»  (Ғ.Қалиев),  «Монғол  қазақтарының  тілі  және 

оның  кейбір  Алтай  тілдеріне  қатысы»  (Базылхан  Бұхатұлы,  1993) 

тақырыптарында  докторлық  диссертациялар  қорғалды»,  -  деп  филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  О.  Нақысбеков  пен  филология 

ғылымдарының  кандидаты,  зерттеуші-ғалым  М.Есімболова  «Орталық 

Қазақстан  қазақтары  тілінің  зерттелу  тарихынан»  атты  мақаласында 

тоқталып кетті [2; 53-55]. 

Жоғарыда аталған ғалымдармен қоса, осы салада соңғы жылдары зерттеу 

жұмыстарымен  айналысқан  А.Ӛ.Әдішева  «Қазақ  тіліндегі  гомогенді 

омонимдердің 

әдеби-диалектілік 

варианттары 

(этнолингвистикалық 

зерттеу)»,    Б.Жүсіпова  «Түркістан  тұрғындары  тілінің  ерекшеліктері»  (2003 

ж.),  Ж.И.Мұхамбетов  «Кӛркем  мәтіндердегі  диалектизмдердің  этномәдени 

мәні»  (2007  ж.),  А.З.Есенбай  «Сыр  ӛңірі  тіліндегі  жергілікті  қолданыстар» 

(2008  ж.),  Қ.Е.Есенова  «Ә.Кекілбаев  шығармаларындағы  жергілікті 

атаулардың  лингвомәдени  сипаты»  (2009  ж.)  атты  кандидаттық 

диссертацияларын атап ӛтуімізге болады. 

Қай  тілдің  болмасын  құрамында  дәстүрлі  норма  болып  қалыптасқан, 

жалпыхалықтық  деңгейде  қолданылатын,  баршаға  ұғынықты  әдеби 

сӛздермен қатар түрлі ӛңірде түрліше айтылып, ӛзгешеленіп тұратын сӛздер 

мен  сӛз  тіркестері  кӛптеп  ұшырасады.  Мұндай  сӛз  қолданыс  жергілікті 

ерекшеліктер, диалектизмдер деп аталады [3; 9]. 


WWW.ENU.KZ

 

 



Адамзат  үшін  ақиқат  дүние  біреу  болса,  оны  түсіну,  тану,  сол  дүниенің 

біртұтас  бейнесін  санада  қалыптастыру  әрекеттері әр  адамзатта,  әр  ұлтта  әр 

деңгейде  сан  алуан  интерпретацияда  беріледі.  Сондықтан  тіл  иесінің  ой-

ӛрісіне, концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бӛлшектері 

тілде  ӛзінше  кӛрініс  табады,  ӛзінше  бейнелеп  суреттейді,  ал  тіл  иесі 

танымдық  ойын  ӛз  тілінде  сақталған  дүние  бейнесіне  сәйкес  танытуға 

тырысады  [4;  14].  Мысалы,  там  диалектісі  еліміздің  әр  ӛңірінде  әр  түрлі 

мағынада  қолданыс  тапқан.  «Қайтарда  тез  жүрсін  деп  тамның  бұғат 

ағашына  байлап  кеткен  қодығына  жалтақ-жалтақ  қарап,  әккі  есек  ауылдан 

әрең  ұзайтын»  [5;  7].  Қазақстанның  оңтүстік  ӛңірі  Жамбыл,  Шымкент, 

Сайрам, Қызылорда облысы және Шығыс ӛңірі Семей, Шұбартау говорында 

қолдан  құйған  балшықтан,  кірпіштен  салынған  үй  мағынасында  қолданыс 

тапса,  солтүстік  ӛңір  Қостанай  облысы  мен  Батыс  Қазақстанда  мола,  зират, 

бейіт мағынасында қолданылады.  

Сонымен  қатар  кепе  сӛзі  де  әр  түрлі  мағынада  қолданыс  тапқан.  «Ол 

асығу  дегенді  әсте  білген  жан  емес.  «Ойбай,  тұр,  қойға  қасқыр  шапты!»  - 

десең  де  орнынан  жайбарақат  кӛтеріліп,  маймаң-маймаң  басып  барып 

жарбиған  жаман  кепеден  ер-тоқымын  алады,  сонан  соң  үйде  қалған 

қамшысына  қайта  келеді»  [5;  31].  Бұл  диалект  сӛздің  диалектологиялық 

сӛздікте үш мағынасы кӛрсетілген: Кепе 1. (Қ.орда., Сырд.) жер үй. 2. (Қост., 

Жанг.;  Шымк.,  Мақт.;  Қ.орда.:  Сырд.,  Жал.)  үсті  жабық  мал  қора.  3.  (Ауғ.; 

Ир.)  күрке  [ҚТДС,  341].  Жазушы  шығармасында  «күрке»  деген  мағынада 

қолданылып тұр. 

Еліміздің  оңтүстік  ӛңірі  Шымкент,  Түркістан  тұрғындары  тілінде  бұғат 

сӛзі  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  кӛрінеді.  Мысалы,  «Қайтарда  тез 

жүрсін  деп  тамның  бұғат  ағашына  байлап  кеткен  қодығына  жалтақ-жалтақ 

қарап,  әккі  есек  ауылдан  әрең  ұзайтын»  [5;  7].  Осыбұғат  сӛзіне 

диалектологиялық  сӛздікте  үй  қабырғасының  жоғарғы  жақ  ернеуі  деп 

анықтама  берілген  [ҚТДС,  184].  Шығармада  да  осы  мағынада  қолданылып 

тұр. 


Жазушы  ӛз  шығармасында  әр  ӛңірдің  тілдік  ерекшеліктерін  ұтымды 

пайдаланып  отырған.  Мысалы  мына  сӛйлемдегі  шартақ  сӛзі  Қостанай, 

Амангелді,  Ақтӛбе,  Ойыл  облысы  қазақтарының  тілінде  қолданылады.  «Түс 

кезінде  мен  барып:  «Үйге  бар,  кӛкем  шақырып  жатыр.  Кісілер  де  жиналып 

қалды. Тез киін, қазір жүресіңдер» дегенімде құлқайыр шартақтың астынан 

басын  кӛтеріп  маған  танымай  тұрғандай  ажырайып  бір  қарады  да:  «Ертең 

емес  пе  еді?»  -  деді»  [5;  36].  Осы  шартақ  сӛзінің  басқа  да  шарбақ  деген 

варианты  кездеседі,  бұл  сӛз  Қызылорда  облысы  қазақтарының  тілінде 

пайдаланылады. 

Жазушы 


шығармасының 

тілінде 



киім-кешек, 

мата 

атауына 

байланысты  диалектизмдер  де  кездеседі.  Мысалы,    «Арнаның  қақ 

ортасындағы  жол  арқылы  арлы-берлі  ӛткен  машиналар  мен  мал  тұяғынан 

кӛтерілген шаң құлқайырлардың үстінде үлдіректей қалықтап, кешкілік бұл 

маңайды  әсем  бір  кӛрініске  бӛлейді»  [5;  36].  Үлдірек  сӛзі  Шымкент,  Арыс 



WWW.ENU.KZ

 

 



тұрғындарының  жергілікті  тілдік  ерекшеліктері  болып  табылады. 

Диалектологиялық  сӛздікте  селдір  мата,  дәке  деген  мағынасы  ашылған 

[ҚТДС, 670]. 

Ал, енді мына сӛйлемге назар аударатын болсақ, « «Әй, қара келін, үйден 

жіңішке  оқтауды  алып  шық»,  -  деп  ол  орнынан  тұрып  келіп  қолындағы  ақ 

шаршысын  маған  ұстатты»  [5;  38]  –  деп  берілген.  Бұл  сӛйлемдегі  шаршы 

диалектизмі  Ӛзбекстан  қазақтарының  тілінде  ақ  матаның  енінен 



дайындалатын кемпірлер орайтын орамал мағынасында қолданылған. 

Ыдыс-аяқ  атауларына  байланысты  сөздер.  Бұл  топты  күнделікті 

тұрмыс  қажетін  ӛтейтін  зат  атаулары  құрайды.  Бұлардың  да  кӛлемі  мол: 

шәйнек,  әкпіш,  қауға,  зерен,  қабақ,  т.б.  Шәйнек  -  (Рес.,  Омбы)  шай 

қайнататын  3-4  литрлік  ыдыс,  шәугім;  шай  шығаратын  ыдыс,  аққұман 

[ҚТДС, 711]. «Осы кезде даладан Зағида кіріп келді де, мені кӛріп қолындағы 

шәйнегі жерге түсіп кетіп, күл-талқаны шықты» [5; 30]. Әкпіш - (Сем.: Абай, 

Шұб.;  Алм.,  Жам.; Шығ.Қаз.,  Тарб.)  иінағаш  [ҚТДС,  111].  Бұл  сӛз  күйенте 

деп  те  аталады.  Күйенте

  - 


(Рес.,  Орын.)  мойынағаш,  иінағаш.  Нән  –  үлкен, 

кӛлемді  [ҚТДС,  533].  «Бірақ  ол:  «Кейін  тірлік  болса  бола  жатар,  апа. 

Жұмыссыз қайтіп отырайын, маған беріңіз», - деп апамның иығынан әкпішін 

алып  сонау  құдықтағы  суға  кетеді,  не  нәкәлай  заманынан  қалған  нән  сары 

самауырды майыса кӛтеріп далаға ап шығады» [5; 42]. Қауға - (Қ.орда., Арал) 

шелек  [ҚТДС,  437].  Бұл  сӛздің  диалектологиялық  сӛздікте  екі  түрлі 

мағынасы  беріледі.  Екінші  мағынасы  бұл  мағынасынан  әлдеқайда  алшақ. 

«Тамақ  ішіп  болған  соң  сыртқа  шықсам,  сонау  ойпаңдағы  құдықтан  Ыбыш 

екеуі  қауға тартып жатыр екен»  [5; 45]. Зерен  1. үлкен сырлы аяқ; 2. сырлы 

ағаш  тостаған;  3.  сырлы  ожау  [ҚТДС,  315].  Бұл  жерде  екінші  мағынасында 

қолданылған. «Ол менің нақ бір кішкене қарындасым секілді қазаннан құйып 

алып  жатқан  сүтін  сол  бойы  қоя  салып,  «қазір  апа»  деп  ӛздерінің  кішкене 

отауларына кіріп кетті де, сәлден соң сырлы зерен тостақты салқын да майлы 

айранға шӛлпілдете толтырып әкеп маған ұсынды» [5; 48]. Қабақ 1. асқабақ; 



2.  жеуге  жарамайтын,  ішін  ыдыс  ретінде  пайдаланатын  асқабақ  тәрізді 

ӛсімдік;  3.  асқабақтың  қабығынан  істелген  су  құятын  ыдыс  [ҚТДС,  389]. 

«Жоқ,  бүгін».  «Е-е,  мен  ертең  деп  жүрсем»,  -  деп  шартақ  астынан  еңкейіп 

шықты да қолымдағы қабақты алып, салқын шалаптан қылқылдата жұтты» 

[5; 36]. Бұл сӛйлемде асқабақтың қабығынан істелген су құятын ыдыс деген 

мағынасында жұмсалып тұр. 

Шығарма  тілінде  тағам  атауларына  байланысты  диалект  сөздер  де 

кездеседі.  Мысалы,  «Сонан  соң  «шӛлдедім,  ашымал  әкел,  айрандарыңнан 

жусан  иісі  шығады  екен»  деді»  [5;  49].  Ашымал  (Алм.,  Шел.;  Рес.,  Волг.) 

тары, бидайдан ашытқан кӛже [ҚТДС, 99]. Бұл сӛз ашымық деп те аталады.  



Құрал-сайман, 

тағы 

басқа 

зат 

атауларына 

байланысты 

диалектизмдер.  Мор  –  1.  от  салып  бықсытқан  кӛң;  2.  пештің  түтін  жолы, 

мұржасы  [ҚТДС,  515].  «Ауызғы  үйдің  бұрышында  мор  ошақтың  үстіндегі 

қазанда  патыр-патыр  етіп  жүгері  қуырылып  жатыр»  [5;  8].  Бұл  сӛйлемде 

екінші  мағынасында  қолданылып  тұр.  Бұл  диалект  сӛз  Жамбыл  облысы 



WWW.ENU.KZ

 

 



қазақтарының тілінде кездеседі. Шығыр су доға (су құйылатын доға) [ҚТДС, 

746].  «-Ал,  мені  ұрарсың,  басымды  жарарсың,  -  дедім  шегіне-шегіне  құдық 



шығырына  тіреліп.  –  Бірақ  есіңде  болсын  әлгінің  бәрін  Ыбышқа  айтып, 

жерге  кіріп  кетсең  де  таптырып  аламын  да  додаға  түскен  серкедей  тоз-

тозыңды шығартамын. Айтпады деме!» [5; 50]. 

Өсімдік атауларына байланысты диалектизмдер. Бұл топты құрайтын 

сӛздер қатары шығарма тілінде мол. Солардың бір-екеуіне тоқталып ӛткенді 

жӛн кӛреміз. Пая 1. бидайдың, тарының, жүгерінің комбайнмен жинағаннан 

кейінгі қалдығы, сабағы; 2. мақтаның негізгі сабағы; 3. мақтаның, бидайдың 

сабағы  [ҚТДС,  552].  «Үйге  келсек,  есік  алдында  үстіне  жүгері  паяны 

қайыстыра  тиеген  арба  тұр  екен»  [5;  17].  Пая  сӛзі  мына  сӛйлемде 

диалектологиялық  сӛздікте  берілген  бірінші  мағынасына  сай  қолданылып 

тұр.  Шағыр-  жусан  тәрізді  сабағы  қаттылау  ӛсімдік  [ҚТДС,  688].  Кеурек  - 

құмды жерде ӛсетін, емдік қасиеті бар шӛп [ҚТДС, 350]. «Құлқайыр, шағыр, 

бетеге, кеурек, сасыр дегендерің ұйыса ӛскен» [5; 36).Бүрген - ұсақ бүршікті, 

тікенді, қурай тектес ӛсімдіктің бір түрі [ҚТДС, 193]. «Мен бүрген арасында 

кітап оқып жатып мызғып кетсем керек» [5; 44]. 



Табиғат  атауларына  байланысты  диалектизмдер.Ұлтан  -  теңіздің 

түбі,  табаны  [ҚТДС,  663].  Қызылорда,  Арал  тұрғындарының  сӛйлеу  тілінде 

кездесетін  жергілікті  тіл  ерекшелігі.  «Оған  осы  арнаның  қатпар-қатпар 

тастары  мен  ұлтанын  кіндік  бойы  қазсаң  шыға  келетін  қиыршық  құмдары 

куә»  [5;  36].Желкем  –  жел  [ҚТДС,  283].  Бұл  сӛз  де  Қызылорда  облысы, 

Қармақшы  ауданы  тұрғындарының  тілінде  кездесетін  диалект  сӛз.  «Бүгін 



желкем жоқ болған соң қойларды есік алдына иіріп тастағанбыз» [5; 42]. 

Қарапайым  сөйлеу  тіліндегі  диалектизмдер.  Бәсіре  -  арнаулы, 

меншікті зат  [ҚТДС, 157].  Бұл оңтүстік ӛңір түрғындарының сӛйлеу тілінде 

ұшырасады.  «Бекет  айтқандай,  «менің  бәсіре  қойларым»  осыған  әбден 

дәніккен  бе,  тар  есіктен  тығылыса  кіріп  барып,  шашылған  шӛпті  күрт-күрт 

шайнап  жатыр»  [5;  20].  Білем-  саусақтың  ұшы  мен  қолдың  бірінші 

буынының  аралығы  [ҚТДС,  196].  Кӛбінесе  мӛлшер  мағынасында 

қолданылады.  Мысалы,  «Шешінгенде  білегіндегі  білем-білем  бұлшық  еттер 

арасында  шортан  жүргендей  бұлт-бұлт  етіп  ойнап  шыға  келеді»  [5;  31]. 



Жалқын  (С.Аман.,  ВДИКЯ)  жалын  [ҚТДС,  257].  Бұл  сӛзді  фонетикалық 

варианттылық  деп  те  атауымызға  болады.  «Қызыл  жалқын  от  жарығымен 

Салтанаттың сұлу тұлғасы, қыр мұрыны мен дӛңгелек жүзі ап-анық кӛрінеді» 

[5;  43].  Боркемік  1.  бос,  борпылдақ;  2.  осал,  жасық,  нашар  [ҚТДС,  176]. 

Кӛріп  тұрғанымыздай  бұл  сӛздің  диалектологиялық  сӛздікте  екі  мағынасы 

берілген.  «Ондай  әйелге  қолың  жетпесе,  боркемік,  жасықтығыңнан  кӛр»  [5; 

50].  Бұл  сӛйлемде  боркемік  сӛзі  осал,  жасық,  нашар  мағынасында 

қолданылған. 

Қорыта  айтқанда,  жазушы  Д.Исабековтің  шығармалары  тілінде 

кездесетін  диалект  сӛздердің  кӛбісі  қазақ  халқының  этнолингвистикасына 

қатысты  сӛздер.  Атап  айтсақ,  киім-кешек,  үй  тұрмысына,  жиһаздарына,  мал 

атауларына  байланысты  диалектизмдер.  Жазушы  шығармасындағы  диалект 



WWW.ENU.KZ

 

 



сӛздердің  басым  кӛпшілігі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Қызылорда, 

Түркістан  ӛңірі  және  Қазақстанның  әр  облысының  қазақтарының  тілінде 

қолданылады.  Шығарманы  оқып,  тілін  талдау  барысында  23  диалект  сөз 

терілді.  Бұл  диалект  сӛздердің  барлығының  да  «Қазақ  тілінің 

диалектологиялық  сӛздігін»  пайдалана  отырып  мағыналары  ашылып, 

талдауға түсті. 

 

Пайдаланылған әдебиет 

1.  Атабаева  М.С.  Диалектілік  лексиканы  этнолингвистикалық  тұрғыда 

зерттеудің  бағыттары.  //  «Академик  С.Аманжолов  және  қазіргі  қазақ 

филологиясының  ӛзекті  мәселелері»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық 

конф. мат. – Алматы: ДайкПресс, 2004. – 476 б. 

2.  Нақысбеков  О.,  Есімболова  М.  Орталық  Қазақстан  қазақтары  тілінің 

зерттелу  тарихынан.  //  «Академик  Ш.Ш.Сарыбаев  және  қазақ  тіл  білімі 

мәселелері»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  конф.  мат.  –  Алматы: 

ДайкПресс, 2005. – 794 б. 

3.  Айтбайұлы  Ӛ.,  Әбдірахманов  С.  Қазақ  тілінің  диалектологиялық 

сӛздігі. – Алматы: Арыс баспасы, 2007. – 800 б. 

4.  Есенбай  А.З.  Сыр  ӛңірі  жазушыларының  тіліндегі  жергілікті 

қолданыстар. КДА. – Алматы, 2008. – 28 б. 

5. Исабеков Д. Гауһар тас. Повестер, әңгімелер. Алматы: Атамұра, 2012. – 



256 б.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал