Д. Қамзабекұлы Астана қ., Қазақстан «диалог еуразия»



жүктеу 97.81 Kb.

Дата25.04.2017
өлшемі97.81 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

Д. Қамзабекұлы  

Астана қ., Қазақстан 

 

«ДИАЛОГ ЕУРАЗИЯ» ЖӘНЕ ЕЛАРАЛЫҚ МЕНТАЛИТЕТ» 

 

Қазақстан – рухани кемелдікке мүдделі және сол үшін аянбай тер төгіп келе жатқан ел. Ата-



бабамыз  ақ  найзаның  ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қорғап  қалған  біздің  жер  –  біраз  дүниенің 

орталығы.  Мысалы,  түрік  дүниесінің  орталығы,  Еуразияның  орталығы,  діни-рухани  парасаттың 

орталығы, береке-бірліктің орталығы. 

«Түрік балалары енші алып тарасқанда, қазаққа қара шаңырақ қалған жоқ па?!» деп айтқан 

ақын Мағжан. «Қазақстан – жаңарған Еуразиялық қауымдастықтың орталығы болады» деп айтқан 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев.  «Қазақ  елінің  тарих  қатпарынан  талай  діннің  жұрнағын  табасыз.  Бүгін 

мұнда 71 пайыз мұсылман тұрады. Сөйте тұра әлемдік діндердің жиынын тұрақты өткізіп тұратын 

бірден-бір  ел  –  Қазақстан»  деп  айтқан  діни  қайраткерлер.  «Біз  біргеміз,  сөгілмесін  іргеміз!»  деп 

айтқан Қазақстан халқы Ассамблеясы. 

Осы  тұрақтылық  пен ынтымаққа  тек  қана  қуануымыз  керек.  Өйткені,  Қазақ  елінің  құшағы 

досқа  –  кең,  дұшпанға  –  сабақ.  Сабақ  деуімізге  себеп,  қазақта  әдемі  сөз  бар:  «Таспен  ұрғанды 

аспен ұр» деген. Мұның мағынасы да – достық пен татулық.  

Жалпы қазақ халқы дос тапқанды жақсы көреді. Сондықтан оның нақыл сөздерінің көбі осы 

мақсатта айтылады. Мәселен, «Жолдасы көптің қолдасы көп», «Пайданың зоры – дос үшін шеккен 

зиян», «Достың ескісі жақсы, киімнің жаңасы жақсы» т.б. 

Бізде тағы да мынандай тағылымды сөз бар: 

 

Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді, 

Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі, 

Білімдімен дос бол – ақыл-кеңес береді. 

 

Біз  халық  нақылын  неге  осыншама  көп  айтып  отырмыз?  Айтып  отырған  себебіміз,  20 



жылдық  тәуелсіздігіміздің  тарихында  елімізге  дос  көңілімен  келіп,  ортақ  мәдени-рухани 

жұмыстарымызды  бірлесе  көтеруге  септесіп  жүрген  «Диалог  Ауразия»  («Диалог  Еуразия», 

«Еуразия сұхбаты») платформасының Қазақстандағы нәтижелі еңбегі арнайы сөз етуге тұрарлық 

дер  едік.  Тіпті  мұны  (арнайы  сөз  етуімізді)  «Дос  көңіл  деген  қандай-ды?»  деп  қазақыландырып 

қойсақ та артық болмас. 

Әлемдік ауқымдағы «Диалог Еуразия» «DА» платформасының Қазақстан бөлімшесі немесе 

комитеті  біздің  елімізде  2000-жылдардың  басынан  бері  жұмыс  істеп  келеді.  Оның  негізгі 

миссиясы – бейбіт қатар өмір сүру мен рухани үйлесімділікті насихаттау, осы бағытта шараларды 

жүзеге асыру, әлемдік құндылықтардың маңызын түсіндіру, байыптау. 

Қазір  Қазақстан  Республикасының  мәдени-рухани  саласында  «Диалог  Еуразия» 

платформасын  білмейтін  адам  кемде-кем.  Өйткені  бұл  халықаралық  ұйым  тәуелсіздіктің  ең 

жауапты  жылдарында  «бірлесе  көтерген  жүк  жеңіл»  дегендей  істерді  атқарды.  «DА»  -ның 

Қазақстандағы  шағын  жұмыс  тобы  еліміздің  орталық  қалаларында  ғана  жұмыс  істемей,  облыс 

орталықтарымен де тығыз байланыс орнатып елдік шаралардың негізгілерінен шет қалмады. 

Бұл шараларды біз үш топқа жіктеп қарастырамыз. Бірінші  – ел зиялыларының еңбектерін 

республика  мен  әлемге  насихаттау.  Екінші  –  заманның  аса  көкейкесті  тақырыптарына  арналған 

форум,  конференция,  дөңгелек  үстел,  семинар  т.б.  шаралар  ұйымдастыру.  Үшінші  –  рухани-

имандылық шараларына зайырлылық сипат беру. 

Қазақ халқында: «Барған жеріңнің биігіне шық, үлкенімен жолық» деген тағылымды сөз бар. 

Әр  ұлттың  биік  тұлғалы  зиялы  азаматтары  –  сол  ұлттың  бет-бейнесі,  парасаты.  Осы  тұрғыдан 

келгенде,  «Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бөлімшесі  2002  жылдан  бастап  Халық 

жазушысы, Еңбек ері Ә.Кекілбайұлының, Халық жазушысы Ш.Мұртазаның, әлемге белгілі ақын, 

қайраткер  О.Сүлейменовтің,  әлемге  белгілі  жазушы  Ш.Айтматов  пен  танымал  ақын 

М.Шахановтың  (бірігіп  жазған  еңбектерін),  Қазақстан  Жазушылар  одағының  төрағасы 

Н.Оразалиннің, академик-сенатор Ғ.Есімнің таңдаулы шығармаларын түрік тіліне аударып, оның 

тұсаукесерін  өткізуге  ұйытқы  болғаны  –  айта  кетерліктей  фактілер.  Тіпті  мұны  «мәдени-рухани 

елшіліктің алтын көпірі» деп атасақ та жарасады. 


WWW.ENU.KZ

 

 



           Сондай-ақ «ДА» бүкіл түркі жұрты ғана емес дүниежүзіне танымал ойшыл, қайраткер 

Фетхуллаһ  Гүленнің  бірнеше  жинағын  қазақ  тіліне  аударуға  себепші  болып,  оның  тұсаукесер 

шарасын  ғылым-біліми,  зайырлы  сипатта  өткізгенін  айта  кеткен  жөн.  Бұл  ретте    2009  жылы 

Алматы  және  Астана  қалаларында  өткен  «Фетхуллаһ  Гүлен  және  бүгінгі  әлем»  атты  танымдық-

шығармашылық кешті ерекше атаймыз. Осындай достық ықылас пен мәдени ынтымақтастықтың 

арқасында  2010  жылы  Ф.Гүлен  тұлғасы  мен  шығармашылығына  арналған  қазақ  зиялыларының 

(ғалым,  ақын-жазушы,  журналист,  дінтанушы  т.б.)  «Сана  сәулеткері»  атты  мақалалар  жинағы 

жарық көрді. 

«Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бөлімшесі  ұйымдастырып  жүрген  ғылыми-

біліми, көпшілік-танымдық шараларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – Қазақстанда өткізген 

шаралары. Екіншісі – Түркия немесе өзге де елдерде өткізілген шараларға атсалысуы. Бұл жерде 

шараның  аты  мен  заты  ғана  емес,  мәдениеттанушылық,  руханияттанушылық  салмағы  айрықша 

болғанын айта кеткен лазым. Енді соның бірнешеуін атап өтейік: «Ұлттық мәдениеттердің тарихи 

сабақтастығы»  (Алматы:  қалалық  әкімдік,  2003),  «ХХІ  ғасырдағы  халықтардың  келісім  мен  бір 

қатар өмір сүру мәдениеті» (Алматы: ҚР Парламенті, 2005), «Еуразия: ұрпақтар мен мәдениеттер 

сұхбаты» (Астана, 2010) атты халықаралық форумдар мен «Ұлттық ақпарат құралдары жаһандану 

жағдайында»  (Алматы:  ҚазҰУ,  2006),  «Мәулана  және  бүгінгі  әлем»  (Алматы:  Жастар  театры, 

2007),  «Өзара  әдеби  ықпалдастық»  (Алматы:  Жазушылар  одағы,  2010),  «Отбасы  және  қоғам: 

дәстүр,  құндылық,  мұрат»  (Астана:  ҚР  Президенті  жанындағы  Әйелдер  істері  және  отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық  комиссия,  2010)  атты  ғылыми-практикалық 

конференциялар. 

  Ал,  Түркия  мен  басқа  да  шетелдерде  өткізілген  шаралардың  ауқымы  мен  маңызын  да 

ерекше атауға болады. Мысалы, ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттарының қатысуымен 

Стамбұл-Анкара-Кония  қалаларында  өткен  «Мәдениет,  білім,  сенім  еркіндігі  және  бейбіт  қатар 

өмір сүру» атты шарасы (2009), ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ-Ж.Тоқаевтың қолдауымен 

Стамбұл-Мардин-Урфа  қалаларында  өткен  Қазақстан  дінтанушылары  мен  діни  жетекшілерінің 

«Рухани  түсіністік  пен  келісім»  шарасы  (2009).  Сонымен  бірге  «DА»  өткізген  мынандай 

халықаралық  форумдарға  Қазақстан  делегациясы  қатысты:  Жастар  форумы  (Анталья,  2009), 

«Орталық Азия – сұхбат пен ынтымақтастық өңірі» (Бішкек, 2010) т.б. 

    «Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бөлімшесі  жыл  сайын  рамазан  айында 

өтетін  «ауызашар»  имандылық  шарасына  да  мәдени-біліми  сипат  беруге  тырысады.  Бұл  ретте 

Астана,  Алматы  қалалары  мен  облыс  орталықтарында  «Сүйіспеншілік  және  бейбіт  өмір  сүру 

мәдениеті»  деген  атпен  ифтар  өткізіледі.  Мұнда  зиялы  қауым  мен  қарапайым  адамдар  рухани 

келісім мен бейбіт қатар өмір сүрудің ислам діні аясындағы құндылықтарын байыптайды. 

  Біздің  байқап  жүргеніміздей,  «DА»  әлемдік  халықтық  мейрамдарды  діни  және  ресми  деп 

бөлмейді.  Бұл  ұйым  мейрам-мерекелердің  елді  біріктіретін  философиясы  мен  парасатына, 

практикалық  мәніне  жиі  назар  аударады.  Осы  орайда  «Диалог  Еуразия»  платформасының 

Қазақстан бөлімшесі жиі қатысып жүрген «Наурыз мейрамы» мен «1 мамыр - Қазақстан халқының 

бірлігі күні» мерекесін атап кеткен орынды. Аталған мерекелерге «DА» үлкен даярлықпен келіп, 

Астана және Алматы қалаларында орайлы мәдени шаралар, кездесулер, рухани сұхбаттар өткізіп 

жүр. 

  «DА»  ның  басым  бағытының  бірі  –  жастардың  рухани  кемелдігі  мәселесі.  Осы  орайда 



ұйым Астана мен Алматы қалаларындағы жетекші университеттердің талапты жастарын зерделік-

зияткерлік  байқауларға,  ғылыми-мәдени  шараларға  тартып  жүргенін  байқаймыз.  Мысалы,  бұған 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Әлемдік бейбітшілік пен ұрпақтар 

сабақтастығын  сақтаудың  жаңа  бағыттары»  атты  дебат-сайысты  (Астана,  2008),  Әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде  өткен  «Жастар  болашағы  және  мәдени  сұхбат»  атты 

кешті (Алматы, 2009) ұйымдастырғаны дәлел болады. 

  Қазақстанда қарапайым халық пен зиялылар тоғысатын елеулі орын  – Жазушылар одағы. 

Себебі, халық өз ой мен сезімін ақын-жазушыларға жеткізгісі келеді, ал қаламгерлер елдің мінбері 

ретінде жұрттың ойын қоғамға жеткізеді. Осы ретте қатарынан бірнеше жыл   «Диалог Еуразия» 

платформасының төрағасы болып ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Пемьер-министрдің 

кеңесшісі  Н.М.Оразалин  сайланғанын  жақсы  білеміз.  «DА»  мен  Жазушылар  одағының 

ықпалдастығы, ынтымақтастығы түрік дүниесі мен әлем үшін олжа болды. 2010 жылы Жазушылар 

одағының 75 жылдық мерейтойын атап өтуге «DА» ұйымдастыруымен Еуразия елдері Жазушылар 

одағы басшыларының келуі мерекенің халықаралық сипатын, маңызын арттырып жіберді. Талай 



WWW.ENU.KZ

 

 



жылдарға азық болатын рухани ой-пікірлер, идеялар ортаға тасталынды. Қонақтар да, қазақ ақын-

жазушылары да сұхбаттастық нәтижесіне риза болды. 

  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  –  еліміздегі  заң  шығарушы  орган.  Оның  екі 

палатасы да мәдениет, руханият, қоғамдық келісім мәселесін орынымен шешуге мүдделі. «Диалог 

Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бөлімшесі,  оның  бұрынғы  координаторы  Әли  Челикбаш, 

қазіргі  координаторы  Салих  Акчай  мырзалар  Қазақстанның  депутаттар  корпусымен  тығыз 

байланыста. Сонымен бірге «DА» платформасының Қазақстандағы жетекшілерінің бірі академик, 

сенатор  Ғарифолла  Есім  болғаны  халықаралық  мәдени-рухани  шаралардың  жандануына, 

мәселелердің  шешімін  табуына  ықпал  етіп  отыр.  Соңғы  жылдары  С.Акчай  Сенат  төрағасы  Қ.-

Ж.К.Тоқаев,  Мәжіліс  төрағасы  О.Б.Мұхамеджанов  мырзалардың  қабылдауында  болып,  талай 

маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді. 

«Диалог  Еуразия»  платформасының  Қазақстан  бөлімшесі  Елбасымыз  негізін  қалаған 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен де тығыз қарым-қатынаста. Әсіресе, екі 

ұйымның да салиқалы еуразиялық миссиясы, мәдени-ғылыми қызметі әлемдік парасатты еңбектің 

мысалы  болып  отыр.  Бұл  ретте  2010  жыл  28-30  сәуірде  Астана  қаласында  өткен    «Еуразия: 

ұрпақтар  мен  мәдениеттер  сұхбаты»  атты  халықаралық  жастар  форумының  елеулі  шаралары 

аталған университетте жүргізілгені де белгілі. 

«DА-Қазақстан» платформасы жаңа форматтағы ізденістерімен де айрықшаланады. Мысалы, 

ол  2010  жылы  «Астана  мінбері»  атты  танымдық-ақпараттық  шараны  бастады.  Оның  алғашқы 

тақырыбы: «Нахчыван Декларациясы: түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі» 

деп  аталды.  Бас  баяндаманы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  көмекшісі,  Төтенше  және 

өкілетті  елші  Қайрат  Шораұлы  Сарыбай  жасады.  Жиынға  мәжіліс  және  сенат  депутаттары, 

ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер қатысты.   

«Диалог  Еуразия»  платформасы  БАҚ  немесе  масс-медиа  бағытында  да  біраз  жүйелі 

жұмыстар  атқарды.  Қазақстанның  ақпарат  кеңістігіне  2005  жылдан  халықаралық  «DА» 

журналының «da Қазақстан» қосымшасы шыға бастады. Мұнда мәдениет, руханият, білім, ғылым, 

сұхбаттастық,  келісім  т.б.  маңызды  бағыттар  бойынша  қазақ  тіліндегі  материалдар  жарияланып 

тұрады.  «da  Қазақстан»  оқырманы  –  елдің  қалың  қауымы,  оның  ішінде  зиялылар  да,  қарапайым 

еңбеккерлер де бар. 

2009  жылы  «DА»  Қазақстан  комитеті  өз  жұмысын  жүйелендіріп,  салаландырып,  Алматы 

және  Астана  ұлттық  комитеттерін  құрды.  Алматы  комитетінің  төрағасы  болып  белгілі 

әдебиеттанушы,  филология  ғылымдарының  докторы,  әл-Фабари  атындағы  ҚазҰУ  филология 

факультетінің  деканы  Қансейіт  Әбдезұлы,  ал  Астана  комитетінің  төрағасы  болып  алаштанушы, 

филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы 

сайланды. 

Ал,  енді  «Диалог  Еуразия»  платформасы  бүгінгі  Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік-

мәдени және саяси жедел жаңғыру жолымен орнықты дамып, әлемдік үйлесімділікке елеулі үлесін 

қосып  келе  жатқанына  қалай  қарайды?»  деген  сұрақ  төңірегінде  бірсырыпа  әңгіме  қозғауға 

болады.  Мәселен,  «DА»  35  жылдық  тарихы  бар  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық 

жөніндегі  ұйымға  посткеңестік  республикалар  ішінен  бірінші  болып  Қазақстанның  төрағалық 

етуін – аса айрықша оқиға балады. Бір айта кетерлік жайт, бұл оқиғадан дәл 11 жыл бұрын ЕҚЫҰ 

төрағалығын Түркия Республикасы атқарған-ды. 

«DА»  айтып-жазып  жүргендей,  Отанымыздың  түрлі  саладағы  табысын  сырттан  келген 

лауазы  жоғары  мәртебелі  қонақтар  өз  көзімен  көріп,  лайықты  бағалап  та  отыр.  Ішкі  өніміміздің 

саны  мен  сапасының  артқаны,  өндірістік-инновациялық  стратегиямыздың  дәйекті  жүзеге  асып 

жатқаны – ертеңіміздің баянды кепілі. Мәселен, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан экономикасына 

қомақты 

инвестиция 

келгені 

мемлекетіміздің 

беделі 

мен 


берекесін 

айқындайды. 

Отандастарымыздың әл-ауқаты артты. Тұрғын-үй мәселесі де орайлы шешіліп келеді. Саяси және 

құқықтық реформалар да өз жемісін бере бастады. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы мен 

республикамыздың  білім  саласындағы  модернизация  шаралары  рухани,  білімдік-біліктік  және 

ғылыми бағдарда өрістеуімізге мол мүмкіндік ашты.  

Қазақстанның  16  миллион  300  мыңнан  астам  халқы  мүддесі  мен  арманы  ортақ  айрандай 

ұйыған бір отбасыдай тіршілік кешіп келеді.  

Еліміздің сыртқы саясаты да байыпты. Бұл саясаттың басым бағытын – ХХІ ғасырдың күллі 

зәруліктеріне жауап беру, ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдденің қажетін қамтамасыз ету, жан-

жақтылық  пен  тепе-теңдікті  қатар  ұстау  құрайды.  Азат  Қазақстан  Шанхай  ынтымақтастығы 


WWW.ENU.KZ

 

 



ұйымын, ТМД аясындағы  реформаларды,  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  пен Бірыңғай 

экономикалық кеңістікті қалыптастыруды дамытатын аймақтық ықпалдасуға көп көңіл бөледі.  

«DА» Қазақстан комитетінің пікірінше, осынау әлем мен ұлтымыздың олжасына айналған іс-

шаралардың  ұйытқысы  әрі  ізашары  –  жалпыұлттық  көшбасшымыз,  Еуразиялық  одақ 

тұжырымдамасының авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  

Былтырғы  еліміздің  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымға 

төрағалық  еткен  лайықты  іскерлігінің  бір  бастауын  осыдан  он  жеті  жыл  бұрын  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың  «Еуразиялық  Одақ»  жобасын  тарихи  жария  етуімен  де  байланыстыруға 

болды. 

 Жалпы  еуразияшылдық  -  тарихнамаға  тағзым  ету  емес,  осы  көзқарастың  негізін  қалаған 



зиялылардың  идеяларын  жай  ғана  ретроспективті  талдау  емес,  сондай-ақ  дана  тарихшы  Лев 

Гумилевтің  мұрасына  деген  сүйіспеншілік  пен  қызығушылық  та  емес.  Бүгінгі  еуразияшылдық  - 

жаңа  кезеңнен  болашаққа  тартылған  өзіндік  тарихы  бар  өзекті  және  жаңашыл  құбылыс. 

Еуразияшылдықтың мән-мағынасын аз сөзге сыйдырсақ: ол – мәдени және еларалық тұтастықты 

сақтау негізіндегі әлеуметтік жаңару, экономикалық даму.  

Қазіргі еуразияшылдықтың айрықша өзекті жайы Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы 

он  жыл»  кітабында  жете  сөз  болады.  Жаһандану  –  аса  күрделі  құбылыс.  Бір  жағынан,  ол 

технологиялық дамуға, экономикалық жаңаруға, динамикалық өсуге жол ашады. Сөйте тұра бұл 

даму тұтастықты жоғалту үдерісі арқылы жүзеге асады, мәдениетке, тарихи өзіндік ерекшелікке, 

конфессиялық және этникалық бірегейлікке кері әсерін тигізеді. Жаһандануға сыни көзбен қарай 

алмаған  қоғам  өзіндік  бет-бейнесін  жоғалтады,  стандартты  және  ұлттық  кескінсіз  қоғамға 

айналады. Жаһандануды қабылдамайтын «жабық қоғамды» қолдайтын елдер де бар. Олар осылай 

өзінің  тұтастығын  сақтауға  тырысады.  Бұл  жартылай  ғана  іске  асады:  тоқырау  басталады, 

әлеуметтік  серпін  жойылады,  жүйе  біртіндеп  ыдырайды.  «Жабық  қоғам»  -  тұйықтан  шығудың 

жолы емес.  

Қазіргі  кезеңдегі  еуразияшылдық  «үшінші  жолды»  -  дәстүр  мен  консерватизмді  ескеретін 

серпінділік пен ашықтықтың үйлесімін ұсынады.  

Бүгінгі  еуразияшылдық  –  тұтас  алғанда  жаңа  құбылыс.  Ол  белгілі  бір  дәрежеге  дейін 

демократиялы,  сауатты,  ашық,  экономикалық  дамуға  айрықша  мән  беретін  прагматикалық 

қоғамды жасақтайды.  

Әр халықтың өзіндік ерекшелігі мен дәстүрі бар. Жер шарының адамдары көршісінің рухани 

ерекшелігіне  ыждаһатпен  қарағанда  ғана  бірін-бірі  түсінісе  алады.  Осылай  ғана  халықтар  мен 

мемлекеттер шын мәнінде өзара жақындаса алады.  

Қазіргі  еуразияшылдық  осыдан  18  жыл  бұрын  Н.Ә.Назарбаевтың  М.Ломоносов  атындағы 

ММУ мінберінен  «Еуразиялық Одақ» туралы айтқан тарихи сөзінен кейін қалыптасты. Қайраткер 

алғаш  рет  еуразияшылдықты  ірі  ауқымда  теориялық  тұрғыдан  ғана  емес,  сонымен  бірге 

практикалық  саясаттың  тармағы  ретінде  де  белгіледі.  Бұл  еуразияшылдық  ойдың  тарихындағы  

маңызды бір белес еді.  

Еуразияшылдық  Қазақстанға  не  берді  немесе  не  беріп  жатыр?  Бұл  жөнінде  де  «DА» 

Қазақстан комитетінің өзіндік байламы бар. 

Біріншіден,  еуразияшылдық  –  қоғамның  тарихи  тұрақтылығын,  жаңаруын,  дәстүрін 

сақтайтын қарқынды даму үйлесімі. Мұның рәмізі ретінде Астана құрылысы мен мәдениетін алсақ 

та жеткілікті.  

Екіншіден,  еуразияшылдық  –  Еуразиялық  Одаққа,  посткеңестік  кеңістіктің  ықпалдасуына 

бағдар  жасау.  Еуразиялық  ықпалдасу  -экономикалық  даму  талаптарын  басшылыққа  ала  отырып, 

егемендік пен демократияны сақтау мен нығайту қағидасы.  

Үшіншіден,  еуразияшылдық  –    Еуроодақ  пен  әлемдік  игілікті  қауымдастыққа  ықпалдасуға 

орайласқан  бағыт.  Бұл  –  ТМД  және  Орталық  Азия  елдерімен,  Қытаймен,  сондай-ақ  Түркиямен, 

араб әлемімен өңірлік серіктестіктің дамуы.  

Еуразияшылдықтың  осы  үш  бағдары  қазіргі  Қазақстан  басшылығының  практикалық 

саясатында  көрініс  тапқан.  Бұл  –  тарихи  жоспардың  жүзеге  аса  бастауы  және  қазақ  тарихының 

нақтылануы.  

Біз  бүгін  жаңа  әлемде  өмір  сүріп  жатырмыз.  Оның  бір  ұстыны  саналатын  еуразия  әлемі  - 

әдемі ой ғана емес, сонымен бірге шынайы, іс-қимыл факторы. Еуразияшылдық – жаңашыл заман 

арқауы.  Бұл  арқау  -  өте  нәзік  құбылыс.  Дүниетаным  тірі  ағзаның  қалыптасуы  сияқты  пайда 

болады:  есейеді,  дамиды  және  нақты  өмірге  енеді.  «Диалог  Еуразия»  платформасы  және  «DА» 

Қазақстан комитеті осы мәселені жиі айтады. 


WWW.ENU.KZ

 

 



Біз  сеніммен  мәлімдейміз:  Қазақстанның  еуразияшылдық  мұраты  –  ел  мұратының  үлкен 

саясаттағы өрісі мен табысы. Бұл – бұратартушылыққа қарсы жұмылған Қазақ елінің мүддесі.  

ТМД-ның  бір  қанаты  ретінде  неғұрлым  тығыз  ықпалдасу  аймағы  және  жаңа  стратегиялық 

еуразиялық  құрылымның  өзегі  болып  саналатын  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастықтың 

(ЕурАзЭҚ)  бүгінгі  беталысы  да  тарихтың  соны  парағын  ашып  жатқандай.  Өзгеше  бағдарды 

ұстаған Грузия, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан және Молдова (ГӨУӘМ) стратегиялық бірлестігі 

де  ЕурАзЭҚ-ті  белгілі  дәрежеде  шыңдады.  Бұдан  да  кең  ықпалдастық  ауқымындағы  бірлестік  – 

Шанхай 


ынтымақтастық 

ұйымы 


(ШЫҰ) 

– 

бірігуге 



лайықталмаған 

кеңістіктерді 

ынтымақтастыруға бағыт алып, өңірлерге жаңа серпін берді.  

Әрине, кей елдерде Еуразия ұғымымен КСРО-ны еске түсіру, байырғы таптаурын сезіммен 

бүгінгі Еуразиялық Одақтың шындығын қорыта алмау үдерісі жүріп жатқанын да жасырмаймыз.  

Бұрын  көп  жұртқа  ықпалын  жүргізіп  дағдыланған  елдер  заман  жаңарған  шақта  саяси 

элитасы бас болып әлі де толқу үстінде: яғни «Ыдырау жалғаса ма? Әлде ұлттық ықшам мемлекет 

құрған дұрыс па?». Алаң ой басым. 

Бір  топ  ТМД  елдерімен  байланыстарды  үзу  бағытын  жандандыра  түседі.  Екінші  топ  ТМД 

елдерін қысқа мерзімде Мәскеу мүддесіне сай етіп құруға мәжбүрлеу үшін экономикалық, саяси 

және әскери қысым  көрсетуге бейім. Үшінші топ еуразиялық ықпалдасуды қолдайды.  

Батыста  мемлекеттік  бірегейліктің  ауысу  үдерісі  шұғыл  жүріп  жатыр.  «Ұлы  жаһандану» 

бағытының  белсенділігі  артып  келеді.  АҚШ  әлемде  жалғыз  жаһандастырушы  болуға  ұмтыла 

отырып,  барлығына  өзінің  қамқорлығын  ұсынады.  Бұл  ұлттық  мемлекеттер  біртіндеп  жоғары 

саяси сатылардың - әлемдік метрополиялардың АҚШ пайдасына қарай өзгереді дегенді білдіреді. 

Американың  қазіргі  стратегиялық  доктринасы  бұл  істі  тұжырымды  және  құжаттамалық  негізде 

бекітіп  отыр.  Бұл  американдық-жаһандану  факторы  ықпал  етудің  тұрақты  және  тұжырымды 

қалыптасқан  ұғымына  айналып,  бұрынғы  кеңестік  елдердің  әрқайсысына  жаһандануға  бірігудің 

айрықша сценарийін енгізе бастады. 

Мұнымен қатарласа жаһанданудың өзгеше нұсқасы Батыс Еуропада толық іске асып жатыр: 

өңірлік  жаһандану,  «үлкен  кеңістіктің»  біртұтас  саяси-экономикалық  қалыптасуы.  Бұл  ұлттық 

мемлекетті  сақтау  үлгісі  де  емес,  сонымен  бірге  әлемдік  империяға  кіру  де  емес.  Бұл  –  өңірлік 

күштерді біріктіру.  

Жаһанданудың  осы  екі  түрінің шарттары  20 жылға  жуықтаған жаңа  достастық  тарихы  бар 

ТМД  елдерінің  күн  тәртібіне  елеулі  ықпал  етіп  отыр.  «DА»  Қазақстан  комитеті  пайымынша, 

бүгінгі  іс-қимылдың  мәнді  сатысы  –  Қазақстан  көшбасшысының  теория  мен  тәжірибені 

ұйыстырған еуразияшылдық идеясы бола алады. Бұл жағдайда үлгі ретінде өңірлік жаһанданудың 

нұсқасы түрінде ешқандай қарама-қарсы емес, соншалықты бірегей де емес «Еуроодақ» алынды. 

Қазақстан  ұсынған  еуразияшылықта  ТМД  елдерінің  ұлттық  мемлекеттілігі  құндылық  ретінде 

қарастырылды. Алайда бұл құндылықты сақтау, оның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету – тарихи, 

мәдени,  өркениеттік  ерекшеліктерімен  жақын  басқа  елдермен  ықпалдасу  әрекеттерін  жасау 

барысында ғана жүзеге аспақ. Елбасымыздың аса байыпты саясатының айрықшылығы мынада: ол 

ТМД  елдері  басшыларының  ішінде  бірінші  болып  өз  мемлекетінің  барлық  тәуекелшілдігін, 

екіұдай  транзиттік  қалпын  жете  түсініп,  бұл  жағдайдан  шығудың  оңтайлы  шешімін  ұсынды, 

өңірлік  яки  еуразиялық  ықпалдасу  –  жаһандануға  сіңіп  кету  қаупі  алдындағы  қазақстандық 

бірегейлікті сақтау әрі нығайту кепілі еді.  

Н.Ә.Назарбаевтың  еуразияшылдығында  КСРО-дан  ТМД  арқылы  көп  полярлы  әлемге 

сындарлы және демократиялық құрылым ретіндегі Еуразиялық одаққа өтудің айқын және баянды 

жолы  байыпталған.  Сөйтіп,  Елбасымыздың  бұл  саладағы  әрі  теориясында,  әрі  практикасында  

ТМД-ның  мәні-мазмұны  нақтыланған:  бұл  құрылым  жаңа  геосаяси  сипат  алады,  ұжымдық 

қорғаныс пен егемендік құндылықтарының жаңа полюсі жасалады. Сөйтіп, өңірдегі мемлекеттер 

өзіндік  бірегейлігін,  тарихи  «менін»,  қоғамдық-парасаттық  жолын  сақтай  отырып,  жаңа  заманға 

ілеседі. Еуразиялық үйлесім мен келісім пайда болады. 

Нұрсұлтан  Назарбаев  тұлғасы  арқылы  біз  бірегей  қайраткердің  философиялық  және  саяси 

әрекеттер  жүйесімен  іргелі  геосаяси  үдерістердің  мазмұнын  өзгерткен  бастамасын  аңғарамыз. 

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан посткеңестік кеңістіктің тарихына жаңа мән-мазмұн ұсынды. Бұл 

абыройлы  бастама  ғалымдар  тарапынан  зерттелініп,  саясаткерлер  тарапынан  практикалық 

істермен  байытылуы  тиіс.  Осы  ретте  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі 

ұйымға  ТМД  елдері  арасынан  бірінші  рет  төрағалық  бұйырып  отырған  еліміз  әйгілі  «Корф 

үдерісін» дамытуға да үлесін қосып отырғанын айта кеткен ләзім. Дәлірек зерделесек, Қазақстан 

еуро-атлантикалық  және  еуразиялық  қауіпсіздік  бойынша  сұхбатқа  толық  жағдай  жасап  келеді. 


WWW.ENU.KZ

 

 



Шетелдік  білікті  сарапшылар  1-2  желтоқсанда  өткен  ЕЫҚҰ  Астана  саммиті  «Хельсинки 

үдерісінің» дамуына жаңаша серпін берді деп санаймыз. 

Осындай  игілік  пен  абыройдың  бәрі  Отанымыздың  береке-бірлігінен  өрбіп  жатыр.  Әрине, 

бұған үлкен сүйеніш – ел бірлігі мен демократия құндылықтары. «Демократияның өзі – адамның 

ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн»  деп жазған еді Н.Ә.Назарбаев. 

Расында,  адам  өзін-өзі  түземей  немесе  жақсы  қоғамға  лайықты  өмір  сүрмей  демократияға  қолы 

жетпейді. Демократия сөзбен орнамайды, үлгілі іспен орнайды.  

Қазақстан  –  өркениетті  дамуға  жанкүйер  мемлекет.  Елбасы  айқындаған  жедел  жаңару, 

әлемдік қауымдастықтан бастамашыл легінде жүру – қоғамымыздың басым бағыты болып қалмақ. 

Осы  орайда,  бейнелеп  айтқанда,  әрбір  ұйым,  мекеме,  кәсіпорын,  шаруашылық,  оқу  орны  жедел 

жаңару  ғимаратының  кірпіші.  Елбасы  негізін  қалаған  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті  де  бұл  жолдағы  жауапкершілігін,  әсіресе  еуразиялық  миссиясын  жақсы  сезінеді. 

Бізге жаңа заманға лайық білім беру, ғылымды салаландыру және Президентіміз көтерген Еуразия 

идеясын  дамыту  міндеті  жүктеліп  отыр.  Мемлекет  басшысының:  «Қазақстан  бүгін  Еуропа  мен 

Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндет – осынау бірегей 

геосаяси  жағдайымызды  өз  еліміз  бен  халықаралық  қоғамдастықтың  мүддесі  үшін  ұтымды 

пайдалану»  деген  пікірі  де  қоғамымызға,  оның  ішіндегі  білім-ғылым  саласына  айрықша  қозғау 

салады деп санаймыз. 

Қазақстанның  ішкі  және  сыртқы  саясаттағы  мүддесі  мен  орны,  басымдықтары  мен 

мүмкіндіктері заман талабын тереңірек ұғынуға, жаңа бағытты парасатпен байыптауға мүмкіндік 

береді.  ЕҚЫҰ  аясында  2010  жыл  Қазақ  елі  ұсынған  сенім,  дәстүр,  ашықтық,  толеранттылық 

(ағылшынша төрт «Т») қағидатымен өткені көп нәрсені аңғартады. 

  Еуропа мен Азияның, кең мағынадағы Еуразия мен шарттылау ТМД-ның  қауіпсіздігі мен 

ынтымақтастығы  сөз  болған  жерде  Қазақстанның  ұстанымы  мен  беделі  айтылатын  дәрежеге 

жеттік.  Бұл  жауапкершілік  ел  абыройын  көздің  қарашығындай  сақтауға  міндеттейді.  Еларалық 

үйлесімді менталитет -  «DА» Қазақстан комитеті жұмысының басты арқауы. Ел мен ел, ұлт пен 

ұлт жарасымдылығы - әлемнің жеңісі. 

  Сонымен,  «Диалог  Еуразия»  платформасы  Қазақстан  комитетінің  іс-шаралар  жоспары 

еліміздің  халықаралық  саясат  пен  ішкі  саясаттағы  тұрақтылықты,  үйлесімділікті  сақтау 

жолындағы басым бағыттарымен үйлеседі. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал